Ауыстырмалы шабындықтарды ұйымдастырудың теоретикалық негіздері



1. Кіріспе
2. Шабындықтарды ұйымдастыруды жақсарту.
3. Шабындықтарды тиімді ұйымдастыруда қолданылатын машиналар
4. Шабындықты тиімді пайдалану
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер
Шабындық — жаз бойы өсуге бейімделген шөптесін өсімдіктер биогеоценозы. Табиғи Шабындық орташа ылғалдылық жағдайында дамитын көп жылдық мезофиттік шөптесін өсімдіктердің өсуіне қолайлы жерлерде болады. Жайылма су қаптаған, тау бөктерлері, далалы және шөлейт аймақтарда көлдетіп суарылатын жерлерде табиғи шабындық өседі. Шабындыққа мал жайылады, пішен шабылады және Шабындық өсімдік түріне, табиғат жағдайына, түсіміне, жер отына қарай алуан түрлі болады. Шабындық жерлерде 4000-нан астам шөптесін өсімдік түрлері өседі. Оларға емдік сиырсілекей, бұршақ тұқымдастарының бірнеше түрі, қарандыз, горечавка, сарғалдақ, чихотник, дәнді-қияқты өсімдіктер, тағы басқа жатады. Шабындық тың құрлық Шабындығы, суармалы жер шабындығы, тау шабындығы деген түрлері болады. Құрлық шабындығы — жазық далада, сай-салалы жерде қар, жаңбырдан нәр алып, ыза сулары жақын жерде өседі. Орманды, орманды-далалы және далалы аймақтың ойпаң жерлеріндегі шабындықтың шөбі қалың өседі. Суармалы шабындық — өзен алқаптарында су тасыған кезде су жайылатын жерлерде өседі. Тау шабындығыылғалды, ауа райы жылы таулы аудандарда, субальпілік, альпілік белдеуде өседі. Бұлардың шөбі аласа, көбінесе мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстанның ылғалы жеткілікті өңірлерінде әр гектардан 12 — 15 ц, су жайылатын ойпаң жерлерден 15 — 20 ц, орманды-далалы аймақтарда 6 — 10 ц, шөбі шүйгін, шымды, ойпаң жерлерден 20 — 30 ц пішен жиналады. Жыл сайын дайындалатын пішеннің 99-ы табиғи шабындықтан алынады. Қазақстанда пішен шабуға жарамды 7,3 миллионга шабындық бар. Бұл аймақтарға Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстік жатады. Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында шабындық өзен-көл алқабы, сай-сала, ойпаң жерлерден жиналады. Шөбі шүйгін құнарлы шабындық Ертіс, Жайық өзендері алқабының көктемдегі тасыған су жайылатын жерлерінде көп өседі. Мұндай шабындықтың әр гектарынан 8 — 10 ц пішен алынады. Сортаңдау шалшықты жерлерде биік бидайық, қияқ өседі, олардан 8 — 20 ц пішен жиналады. Қазақстанның шөлейт аймағында өсетін шабындықта масақты шөптер мен бидайық кездеседі, оның әр гектарынан 5 — 7 ц пішен жиналады. Шөлді аймақта шабындық көбінесе Сырдария, Шу, Іле сияқты ірі өзендердің алқабында ғана болады. Бұл жерлердің шөбі — ірі сабақты құрақ, қамыс, әр түрлі масақты өсімдіктер, әр гектарынан 10 — 15 ц-ден 20 — 25 ц-ге дейін пішен жиналады. Республикада шабындық жерлерді жақсарту үшін өсімдігі сирек жерлер жыртылып, өнімі мол шөп тұқымы егіледі.
1. Қ.Әубәкіров, Т.Атақұлов, А.Ахмет «Мал азығын өндіру»
2. С.Ә.Оразбаев, А.Ә.Төреханов, И.И. Алимаев, Б.А. Ысқақ «Шалғындық және жайылымдық мал азығы өндірісі»

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Ауыстырмалы шабындықтарды ұйымдастырудың теоретикалық негіздері.

Орындаған: Мусина А.Б.
Тексерген: Сагандыков С.Н
Тобы: АГ-213

Семей 2015

Жоспар:
* Кіріспе
* Шабындықтарды ұйымдастыруды жақсарту.
* Шабындықтарды тиімді ұйымдастыруда қолданылатын машиналар
* Шабындықты тиімді пайдалану
* Қорытынды
* Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Шабындық -- жаз бойы өсуге бейімделген шөптесін өсімдіктер биогеоценозы. Табиғи Шабындық орташа ылғалдылық жағдайында дамитын көп жылдық мезофиттік шөптесін өсімдіктердің өсуіне қолайлы жерлерде болады. Жайылма су қаптаған, тау бөктерлері, далалы және шөлейт аймақтарда көлдетіп суарылатын жерлерде табиғи шабындық өседі. Шабындыққа мал жайылады, пішен шабылады және Шабындық өсімдік түріне, табиғат жағдайына, түсіміне, жер отына қарай алуан түрлі болады. Шабындық жерлерде 4000-нан астам шөптесін өсімдік түрлері өседі. Оларға емдік сиырсілекей, бұршақ тұқымдастарының бірнеше түрі, қарандыз, горечавка, сарғалдақ, чихотник, дәнді-қияқты өсімдіктер, тағы басқа жатады. Шабындық тың құрлық Шабындығы, суармалы жер шабындығы, тау шабындығы деген түрлері болады. Құрлық шабындығы -- жазық далада, сай-салалы жерде қар, жаңбырдан нәр алып, ыза сулары жақын жерде өседі. Орманды, орманды-далалы және далалы аймақтың ойпаң жерлеріндегі шабындықтың шөбі қалың өседі. Суармалы шабындық -- өзен алқаптарында су тасыған кезде су жайылатын жерлерде өседі. Тау шабындығыылғалды, ауа райы жылы таулы аудандарда, субальпілік, альпілік белдеуде өседі. Бұлардың шөбі аласа, көбінесе мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстанның ылғалы жеткілікті өңірлерінде әр гектардан 12 -- 15 ц, су жайылатын ойпаң жерлерден 15 -- 20 ц, орманды-далалы аймақтарда 6 -- 10 ц, шөбі шүйгін, шымды, ойпаң жерлерден 20 -- 30 ц пішен жиналады. Жыл сайын дайындалатын пішеннің 99-ы табиғи шабындықтан алынады. Қазақстанда пішен шабуға жарамды 7,3 миллионга шабындық бар. Бұл аймақтарға Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстік жатады. Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында шабындық өзен-көл алқабы, сай-сала, ойпаң жерлерден жиналады. Шөбі шүйгін құнарлы шабындық Ертіс, Жайық өзендері алқабының көктемдегі тасыған су жайылатын жерлерінде көп өседі. Мұндай шабындықтың әр гектарынан 8 -- 10 ц пішен алынады. Сортаңдау шалшықты жерлерде биік бидайық, қияқ өседі, олардан 8 -- 20 ц пішен жиналады. Қазақстанның шөлейт аймағында өсетін шабындықта масақты шөптер мен бидайық кездеседі, оның әр гектарынан 5 -- 7 ц пішен жиналады. Шөлді аймақта шабындық көбінесе Сырдария, Шу, Іле сияқты ірі өзендердің алқабында ғана болады. Бұл жерлердің шөбі -- ірі сабақты құрақ, қамыс, әр түрлі масақты өсімдіктер, әр гектарынан 10 -- 15 ц-ден 20 -- 25 ц-ге дейін пішен жиналады. Республикада шабындық жерлерді жақсарту үшін өсімдігі сирек жерлер жыртылып, өнімі мол шөп тұқымы егіледі.

Ауыстырмалы шабындықтарды ұйымдастырудың теоретикалық негіздері.
Мал азықтық өсімдік қауымын жақсарту шаралары оның өнімі мен
алынатын мал азығының сапасын көтеруден тұрады.
Жақсартудың екі жүйесі қалыптасқан: жеңіл-желпі жəне түбегейлі
жақсарту. Жеңіл-желпі жақсарту табиғи өсімдік қауымын сақтай отырып
немесе механикалық тəсілмен шабындықтар мен жайылымдардың беткі
табиғи шымын аз мөлшерде жою арқылы жүргізіледі.
Түбегейлі жақсарту табиғи өсімдік қауымын механикалық немесе
химиялық жолмен түгелдей жойып, орнына шөп тұқым қоспаларын сеуіп,
мəдени шабындықтар мен жайылымдар жасау арқылы іске асады.
Жеңіл-желпі жəне түбегейлі жақсарту кезінде өсімдік қауымын
жақсартуға бағытталған мынадай шаралар жүргізілуі мүмкін:

- мəдени-техникалық шаралар;
- топырақтың ауа-су режимін жақсарту;
- топырақтың қоректілігін көтеру;
- өсімдік қауымының ботаникалық құрамын жақсарту.

Мəдени-техникалық шараларына шалғындықты басып кеткен ағаштар
мен бұталарды, түбірлерді жою, төмпешіктерді тегістеу, тастарды жинау, жер
бетін тегістеп өңдеу жұмыстары жатады. Бұталар мен бұташықтарды кесіп
немесе қопарып, содан кейін шымын жақсылап өңдейді (жыртып немесе
терең қопсытып). Ағаштар мен бұталарды химиялық жолмен - арборицидтер
қолдану арқылы да жоюға болады. Шалғындықта пайда болған құмырсқа
жəне көртышқан топырақ үйінділерін тісті тырмалармен тегістейді, жаңа
шымдалған аласа төмпешіктерді дискілі тырмамен, қалың шымдалған ескі
төмпешіктерді терең қопсытқыштармен жəне рельсті сүйретпелермен өңдеп
жояды. Тастарды қолмен қопарғыш-жинағыш машиналармен жинайды.
Шалғындықтың үстін тегістегіш машиналармен, рельсті
сүйретпелермен тегістеп түзейді. Алғашқы жер өңдеуді былай жүргізуге
болады:
1) 1-3 қайталап жерді терең қопсытады (фрезамен);
2) 2-5 рет қайталап шымын түгел жойып қопсытады (дискімен);
3) шымын аударып жыртып жер қыртысын дискімен немесе фрезамен
кескілеп ұсақтап өңдейді. 83
Қыртысы қалың шалғындықты аудара жырту алдында 2 рет
көлденеңінен дискімен қопсытады. Өңдеу тəсілін таңдау шалғындық
шымының, қарашірік қабатының қалыңдығына, жер бедерінің
ерекшеліктігіне, тамырсабақты жəне көгентамырлы арамшөптермен
ластануына байланысты.
Су-ауа режимін жақсарту жұмыстары шалғындықты құрғатумен,
суғарумен, топырақты тышқаншылап қазу жəне қуыстау арқылы жүргізіледі.
Құрғату жұмыстары өсімдік қауымында қияқ (өлең, майман)
тұқымдастары көбейіп кеткен жерлерде жүргізіледі. Мұндай жерлерде ыза
суы жер бетіне 0,5 м тереңдікке дейін көтеріледі. Түбегейлі жақсарту кезінде
құрғату жұмыстары ашық каналдар немесе жабық кəріздер арқылы
жүргізіледі. Жеңіл-желпі жақсартуда құрғату жұмыстары топырақты
тышқаншылап қазу жəне қуыстау арқылы іске асырылады. Шалғындықты
азын-аулақ қопсытып, өсімдік қауымын жасарту жұмысы жүргізіледі. Бұл
жұмыстар шалғындықта тамырсабақты өсімдіктер көп болған жағдайда атқарылады.
Табиғи жерлерге органикалық жəне минерал тыңайтқыштарын, əк
шашу арқылы топырақтың қоректік режимін жақсартады. Түбегейлі
жақсартқан кезде қарашірігі 1,5% аспайтын жерлерге қатты органикалық
тыңайтқыштарды əр гектарға 20-40 тоннадан шашу ұсынады. Жеңіл-желпі
жақсартқан кезде сұйық органикалық тыңайтқыштар қолданған тиімді.
Шалғындыққа шашатын минералдық - азот, фосфор жəне калий
тыңайтқыштарының мөлшерін сол жерден алынған мал азығы өнімімен
топырақтан алынған NРК мөлшерімен сəйкестіріледі. Топырақтың
қышқылдығы рН-5,5 төмен болған жағдайда əктейді (известкования).
Өсімдік қауымының ботаникалық құрамын жақсарту ондағы мал
азықтық құндылығы төмен өсімдіктерді жойып, үстеп шөп тұқымын себу
арқылы жүргізіледі. Сирек өскен жерлерге жəне өсімдік қауымында бұршақ
тұқымдасы өте аз болған жағдайда үстеп шөп тұқымын себуге болады. Шөбі
қалың өскен жерлердің өнімін жəне сапасын көтеру үшін үстеп шөп тұқымын себу тырмалап қопсытып сиреткеннен кейін жүргізіледі.
Шалғындықтағы арам шөптерді жою жиілетіп шабу қолмен жұлу жəне
гербицидтер қолдану арқылы жүргізіледі. Зиянды, улы жəне сапасыз ірі
шөптерді де химиялық əдістермен жоюға болады.
Табиғи өсімдік қауымын жақсарту əдістері сол жердің геоботаникалық
жəне мəдени-техникалық жағдайларымен танысып, талдағаннан кейін
анықталады. Өсімдік қауымында мал азығына бағалы өсімдік топтарының
үлесі 30-32% жоғары жəне ол жерлер бұталардан, төмпешіктерден таза
болған жағдайда жеңіл-желпі жақсарту əдісі қолданылады. Түбегейлі
жақсарту əдісі өсімдік қауымында сапасы төмен шөптер көп болса, бұталар мен төмпешіктер басып кеткен жерлерде жүргізіледі (бағалы өсімдіктер 30-
32% төмен).
Шабындықтарды жақсартуға қолданылатын машиналар.

Жүргізілетін шаралар
Қолданылатын машиналар

1
2
Ағаш-бұта өсімдіктерді кесіп тазартатын
Бұта кескіштер ДП-24; Д-514А; МП-9; бульдозерлер ДЗ-110-А; ағаш таситын машиналар МТП-13.
Ағаш-бұталарды қопарғыштар
Түп қопарғыштар ДП-8А; МП-12; қопарғыш жинағыштар - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың теоретикалық аспектілері
Егіншілікте мал азығын өндіру
Ұялы байланыс желілерінің құрылу негіздері
Туризмнің экстремалды түрінің дамуының алғышарттары
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесін реформалудың теориялық негіздері
Қаскелең өзені ресурстарының су сапасын жақсартудың экологиялық – экономикалық тиімділігі
Арнайы мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станцияларын жобалау
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары
Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің жағдайы,көлемі,өнімділігі.
Тұтас құймалы құрылымды ғимарат тұрғызу
Пәндер