ХIX ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдар


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Орындаған: Сәрсенов Д.
Топ: ЭЛ-417
Тексерген: Нуржуманова Ж. М.
Семей
2015
Жоспар:
1. ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдарды атаңыздар.
2. Қазіргі заман экологиясының негізгі мәселелерін түйіндеп айтыңыздар.
3. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлігі
1 ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдарды атаңыздар
Экологияның ғылым ретінде даму тарихы
«Тірі ағзаны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортаға қатынасы» жөніндегі білімнің қажеттілігі. Аристотельдің еңбектерінде көрініс алған. Содан бері экологиялық білімнің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Олар:
Бірінші кезең: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейінгі кезең. Экологияның пайда болуы және ғылым ретінде қалыптасуы. Тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жөніндегі мәліметтердің жиналуы мен сипатталады.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда экологиялық мәліметтер биологиялық сипаттамалардың недәуір бөлімін қамтиды. Осы кезде Ламарк және Мальтус адамзатты адамның қоршаған ортаға тигізетін кері әсері туралы ескерткен.
Екініші кезең: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан ХХ ғасырдың 50-ші жылдарына дейінгі аралықты қамтиды. Экологияның жеке ғылым ретінде бөлініп дамуы. Бұл кезеңнің басында орыстың Н. А. Северцев, В. В. Докучаев сияқты атақты ғалымдарының еңбектері жарық көрумен сипатталады. ХХ ғасырдың бас кезінде В. И. Вернадскийдің биосфера туралы фундаментальды ілімінің негізі қаланады.
Үшінші кезең: ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан қазіргі кезге дейін. Экологияның кешенді ғылымға айналу кезеңі. Бұл кешенге география, химия, физика, геология, мәдениеттану теориясы және қоршаған ортаны қорғау сияқты ғылымдар кіреді. Адам басқа тіршілік иелерімен салыстырғанда, сыртқы ортамен өзі жасаған мәдениет арқылы қарым-қатынасқа түседі, яғни адамзат тұтасымен даму барысында мәдени орта қалыптастырады, және ұрпағына еңбек пен рухани тәжірибесін мұра ретінде қалтырып отырады.
Адам баласы үшін экологиялық білім бұрынғы ойшылдар және ата-бабаларымыз аңсаған адамға лайық орта жасау, адамның табиғатпен үйлесімді одағын құру үшін қажет.
2 Қазіргі заман экологиясының негізгі мәселелерін түйіндеп айтыңыздар
Э кология - кең ауқымды, өзіне көптеген шешілмеген мәселелерді қамтитын мағыналы түсінік. Құқықтық мемлекетте БҰҰ-да жарияланған адамдардың негізгі табиғи, конституциялық құқықтары бұзылмауы керек, яғни табиғатпен үйлесімділікте және таза қоршаған ортада өмір сүру құқы.
Қазіргі заманда негізгі ғаламдық экологиялық мәселелерге мыналар жатады:
- климаттың өзгеруі;
- тұщы судың тапшылығы және оның ластануы;
- озон қабатының тозуы;
- жылулық эффект;
- қышқыл жауын-шашындар;
- биологиялық алуантүрліліктің азаюы.
Осы мәселелердің кешені еліміздің және планетамыздың экологиясына өз нұқсанын келтіреді. Қазақстанның экологиялық мәселелері келесі:
- Су ресурстарын тиімсіз пайдалану және ластау;
- Арал мен Каспий теңіздерінің, Балхаш көлінің мәселелері;
- Ауаның ластануы;
- Қазба байлықтарды рационалды емес пайдалану;
- Жер ресурстарының мәселері;
- Семей ядролық сынақ полигоны мен Байқоңыр космодромының әрекеттерінің салдары;
- Флора мен фаунаның тозуы.
Халық аралық тәжірибеге сүйене отырып еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы және қоршаған ортаны қорғауға арналған әрекет етудің Ұлттық жоспары бағытталған. Экологиялық приориттерді сақтамай Қазақстанның алға басуы, және дамуы мүмкін емес.
Экология - ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін биологиялық ғылымның бір бөлімі.
Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған (ойкос - үй, тұрақ, мекен; логос - білім, ғылым; яғни өзімнің тұратын мекенімді, жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді) .
Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процестердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық және тәжірибе жүзінде тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.
Экологияның басты зерттейтіні - экологиялық жүйелер. Экологиялық жүйе - қоректік байланыстар мен энергияны алу тәсілдерінің негізінде бір тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың қауымдастығы. Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э. Тэнсли енгізген.
Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, дэмэкология және синэкология сияқты тараулар бөлінеді. Бұл тараулар жалпы экологияны құрайды.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты корғау жэне оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпы-халықтық міндет болып табылады.
2. Экологиялық құкық - бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты коғамдық катынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. «Экология» - бүл біздің жалпы жэне жалғыз үйіміз - «Жер» туралы ғылым.
Алғашқы рет бүл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель үсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданылды. Ол өзінің әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология - тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады. Табиғат - санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:
1. Жердегі өмірге кажетті биологиялық жағдайды камтамасыз ететін экологиялық қызмет;
2. Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалық қызмет;
З. Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін қызмет түрлері.
3 Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлігі
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік - жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған.
Қазақстанда орман қора 21, 8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3, 35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар - сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.
Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. км² жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері - адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.
Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.
Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.
Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.
Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.
Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т. б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес.
Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі. Солардың бірі - сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастыру.
Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 5 ұлттық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық- геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды т. б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жатқан өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Орман мен өсімдіктерді қорғау ересектермен қатар мектеп оқушыларының да міндеті. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен «Жас орманшылар», «Жасыл патрульшілер», «Жас экологтар», «Жас натуралистер» атты үйірмелер ұйымдастырылған. Олар - еліміздің орман шаруашылығының белді көмекшілері.
Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т. б. өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктер мен қатар сирек кездесетін, сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың саны азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Срндықтан болар Қаратау өсімдіктердің «Меккесі» деп аталады. Табиғаттың әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу салдарынан сирек кездесетін өсімдіктердің азаюынан бүлінуде. Қазір кең-байтақ даламыздан қызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле бөріқарақаты, іле ұшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі, кәдімгі пісте, жіңішке көкнар, меруертгүл, жабайы жүзім, т. б. жойылып барады. Оларды қорғау біздің міндетіміз.
Республикамыздың шөл-шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойынқұм, Тауқұм, Сарыесік Атырау, Жалпаққұм, Қызылқұм сияқты ерекше құм жоталары бар. Олардың бәрі біріншіден, тұнып тұрған өсімдіктерортасы болса, екіншіден, жайылым қоры болып саналады. Бірақ елімізде полигондар мен жел эрозиясына ұшыраған жердің көлемі 25 млн. гектарға жетіп отыр. Осыған орай, біз шұрайлы жайылымдар қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызып, қамқорлыққа алуымыз керек.
Сирек өсімдіктердің қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп отын, құрылыс материалы үшін пайдалануды азайту керек. Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, долана, шырғанақ, емен, т. б. ағаштары қорғауды қажет етіп отыр. Әсіресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты - жасанда жолмен орман қорын көбейту. Жыл сайын орман шаруашылығы мыңдаған түп ағаштар отырғызады. Осылайша ормандарды қалпына келтіру жүзеге асады. Орманды қорғау мен қалпына келтіру шараларына оқушылардың араласуы керек.
Орманда жерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе - өрт. Өрт көбінесе адамдардың жіберген ағаттығынан болады. Олар негізінен отқа деген жауапсыздықтан туады. Яғни, сіріңкені, темекі қалдығын өшірмей тастаудан болатын орман өрті өте қауіпті. Әсіресе қылқын жапырақты ормандар өртін сөндіру қиынға соғады. Кейде орман өртін басуға ұзақ уақыт керек болады. Жыл сайын адамдардың ағаттығынан мыңдаған гектар ормандар, тоғайлар өрт құшағына оранды. Дүние жүзінде болып жататын өрттердің 97% -ы адамдардың табиғатқа селқос қарауынан болады. Кейбір тропикалық ормандардағы өрттер 2-3 айға созылып, үлкен қауіп-қатер туғызады. Сондықтан орман ережелерін сақтау баршаның міндеті.
Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар - орман зиянкестері - кемірушілер, ұсақ жәндіктер, өсімдік аурулары, паразиттер, саңырау-құлақтар мен вирустар. Зиянкестердің кесірінен құрылыс материалдары үшін дайындалатын ағаштардың 45%-ы сапасыз болып шығады. Кейбір жылдары жүздеген гектар ормандардағы зиянкестермен үзбей күресуге тура келеді. Олар химиялық биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте химиялық заттарды қолдану тәртібін қатаң сақтау қоршаған орта мен барлық тірі организмдер үшін ұқыптылықты қажет етеді.
Жануарлар - табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі - олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Жануарлар мен құстардың ішінде алыптары да кездеседі. Дүние жүзінде жан-жануарлардың 1, 5 млн түрі бар деп есептелген. Бірақ жыл сайын ғылымға жаңа түрлер белгілі болып отыр.
Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап-ақ жабайы аң мен құстарды қолға үйреткен. Қолға үйретілген жануарлар мен құстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп келеді. Сондықтан адамдар жануарлар экологиясын оқып-үйрене отырып, оларды қорғай да білуі тиіс. Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойылуына себепші болып отыр. Мысалы, Д. Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері қарай сүтқоректілірдің 36, құстардың 94 түрінің жер бетінен біржола жойылып кетуіне адамдар тікелей әсер еткен. Олардың қатарына - дроит, кезеген кептер, қанатсыз гагарка, лабрадор гагасы, каролин тотысы, көзілдірікті суқұзғын, стеллер сусиыры, жүндес керік, тур, тарпан, көгілдір жылқыкиік, жүндес мүйізтұмсық, т. б. жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz