Мемлекеттік геодезиялық тораптар туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ .

СӨЖ

Тақырыбы: Мемлекеттік геодезиялық тораптар.

Орындаған: Хуантай А. Ж

Тексерген:Аубакирова С. М

Семей 2015 жыл

Жоспар

Кіріспе

Геодезиялық тор

Мемлекеттік геодезиялық тораптар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. .

Геодезиялық тор - Жер бетіндегі координаттары белгілі центрі арнайы белгілермен бекітілген геодезиялық пункттердің (нүктелердің) жиынтығы.

Геодезиялық тор пункттерінің координаттары астрономиялық немесе геодезиялық әдіспен анықталады. Осылай анықталған пункттердің жиынтығын геодезиялық тіректік тор деп атайды. Олар жиілету немесе толықтыру торларының негізі болып табылады. Пункттердің абсолюттік биіктіктерін геодезиялық биіктіктерді теңіз деңгейі бетіне қатысты анықтайды. Геодезиялық тор пункттерінің пландық координаттары триангуляция, трилатерация және полигонометрия әдістерімен анықталса, биіктіктік жағдайы - геометриялық, тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен анықталады. Геодезиялық тор топографиялық түсірімдер, карталар жасау, сондай-ақ барлау, құрылыс салу жұмыстарының жергілікті жердегі дәлдік есептеулеріне байланысты пландық және биіктік негіз ретінде қолданылады.

Мемлекеттік геодезиялық тораптар жиілету және түсіріс торларын одан әрі дамытудың, сонымен қатар ізденіс, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, жерге орналастыру, т. б., көптеген инженерліқ есептерді шешудің негізі болып табылады. Сондықтан, геодезиялык тораптарды құрудың дәлдігің қамтамасыз ету үшін оның бұрыштық және ұзындық өлшеулері тиісті аспаптар мен тәсілдер арқылы жүргізілуге тиісті Мемлекеттік геодезиялык тораптарга мыналар жатады: а) 1, 2, 3, 4 кластың пландық жүйелер, олар өзара бұрыштық және ұзындық өлшеулер дәлдігімен, жүйе қабырғаларының ұзындықтарымен ерекшеленеді. Пландық жүйелер триангуляция, триатерация, полигонометрия әдістерімен кұрылады. ө) I, II, III және IV класты биіктік нивелирлік тораптар. Олар геометриялық нивелирлеу әдісімен кұрылады. Геодезиялык жүйелер жалпыдан жекеге қарай көшу принципімен: жоғары жүйеден, яғни 1-кластан төменге карай неғұрлым дәл құрылғаннан, соғұрлым ұсақтау және дәлдігі кемдеу класқа карай кұрылады. 1-класты жүйе мейлінше жоғары дәлдікке ие болады және ол төменгі кластарға геодезиялык жүйелердің дамуы мен орлардың пункттерінің координаталарын біртұтас жүйеде есептеу үшін, негіз кызметін атқарады.

Триангуляция әдісі

Триангуляция әдісі . Триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбұрышты жүйесін құрудан тұрады, оларда барлық бұрыштар мен кейбір базис кабырғаларының ұзындығы өлшенеді . Үшбұрыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгілі формулалары бойынша есептеледі. 1 класс триангуляциясының тұгас жүйесін орасан зор территорияда құру едәуір уақыт пен материалдық қаражатты жұмсауды керек етеді. Сондықтан I класты геодезиялык жүйені, мүмкіндігінше меридиан және параллель бағытында бірінен-бірі 200 км-ге дейінгі алые кашықтықтарда орналасқан үшбұрыштар катары түрінде құрады. I кластық триангуляция қатарының параметрі 800 км-ге дейінгі тұйық полигонды құрастырады. 2 класты триангуляция бірінші класты полигонның бүкіл ауданын толтыратын және 1 класты пункттерімен сенімді байланыстағы үшбұрыштардың жаппай жүйелі түрінде дамиды. 3 және 4 класты триангуляциялар мемлекеттік геодезиялык жүйелердің одан арғы жиілендіруі болып табылады. I және II, III класты мемлекеттік геодезиялык жүйе 50-60 км²-қа бір пункт тығыздықпен жасалынады. Пункптердің осындай тығыздығы 1:25000 және 1:1 масштабтағы қамтамасыз етеді.

Трилатерация әдістер

Трилатерация әдістер і. III және IV класты мемлекеттік геодезиялык жүйелер, трилатерация әдісімен де қүрылуы мүмкін. Трилатерация триангуляция тәрізді, барлык қабырғапар узындықтары өлшенген үшбұрыштар жүйесі болып саналады. Үшбұрыштарды шешу аркылы горизонталь бұрыштарын, ал одан кабырғаларыныц дирекциондық бұрыштарын анықтайды. Содан кейін пункттердің координаталарын есептеуді триангуляциядагыдай жүргізеді. Трилатерация жүйесінде қабырғаларының үзындыгы әдеттегідей радио және жарық қашықтық өлшеуіштерімен өлшенеді. Бұл жағдайда қабырғаларды өлшеудің салыстырмалы қателігі мынадан аспауы керек: III класс үшін-1:1, IV класс үшін- 1:4.

Полигонометрия әдісі 1111.jpg

Полигонометрия әдісі . Орманды жазық жерде триангуляция жүйесінің дамуы қиындау немесе жергілікті жағдайдың күрделілігінен экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдісі қолданылады. Осы әдіс жергілікті жерде жүрістер және полигондар жүйесін салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен қабырғалары өлшенеді . Егер бір пункттің координаталары және бір қабырғасының дирекциондык бұрышы белгілі болса, онда полигонометриялық жүрістің барлық пункттерінің координаталарын есептеп шығаруға болады. Полигонометриялық жүрістің бұрыштары тиісті дәлдіктегі теодолиттермен өлшенеді. Полигонометриялык жүрістердің қабыргаларының ұзындығын өлшеу үшін жарық және радио қашықтық өлшеуіштер, оптикалық-механикалық қашықтық өлшеуіштер, болат және инварлық сымдар, ленталар мен рулеткалар колданылады. Қабырғаларының ұзындығы, сонымен қатар өлшенген базистен, қосалқы бұрыштары өлшенген геометриялық фигуралар арқылы анықталуы мүмкін. Сондықтан қабырғаларын өлшеу әдісіне байланысты полигонометрия; а) траверстік немесе магистральдық , яғни қабырғаларын тікелей өлшеу арқылы; э) параллактикалық полигонометрия , яғни қабырғаларды қысқа базис және параллактикалық сүйір бұрыш арқылы жанама тәсілмен анықтауға негізделген .

Егер ab базисі полигонометриялық жүрістің АВ қабырғасына перпендикуляр болса және онымен екіге бөлінсе, онда АВ қабырғасының ұзындығын анықтау үшін ab -базисін және φ 1 мен φ 2 параллактикалық бұрыштарын өлшеу жеткілікті.

I класты полигонометрия меридиан және параллель бағытында созылған жүріс түрінде кұрылады, олар бірінші класты периметрі 700-800 км полигонный буындарын құрады, 2 класты полигонометрия I класты триангуляция мен полигонометрияның ішінде периметрі 150-180 км-лік тұйық полигон жүйесі ретінде дам иды. 3 және 4 класты полигонометриясы торапты пункттері бар жүрістер жүйесі немесе жоғарғы класты мемлекеттік геодезиялык жүйенің пункттеріне сүйенетін жекелеген жүрістер түрінде кұрылады. Полигонометрияның негізгі сипаттамалары 9-кестеде келтірілген.

Мемлекеттік нивелирлеу жүйесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
Мемлекеттік геодезиялық тораптар
Полигонометриялық торлар
Геодезиялық және картографиялық қызметті мемекеттік геодезиялық қадағалау, лицензиялау
Карталардың жіктемесі. Географиялық картадағы жазулар
Геодезиялық тор
Геодезиялық жұмыстар
Биіктік торлардың дәлдігін есептеу әдістері. Биіктік инженерлік-геодезиялық торларды құру кезінде нивелирлеу
Құрылыс алаңына ірі масштабты түсіруді негіздеу. Түсірудің фототопографиялық әдісі
Мемлекеттік геодезиялық торлар туралы кең ауқымда мәліметтер жинақтап, танысу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz