Шығарманың мазмұны мен пішіні туралы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Шығарманың мазмұны мен пішіні

Орындаған: Слямғазы Марал

Тексерген: Секей Жанбота

СЕМЕЙ

2015

Жоспар:

  1. Шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік
  2. Абай өлеңдерінің мазмұны
  3. Қорытынды
  1. Шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік

Мазмұн мен пішін - бірінен-бірі ажыратып қарауға келмейтін ұғымдар. Яғни, мазмұн «шығармада не айтылды?», пішін «қалай айтылды?» деген сұрақтарға жауап іздейді.

Өмірді сан қырымен, әрі мейілінше нақты бейнелеуге ұмтылатын өнердегі мазмұн мен пішін қатынасы айрықша маңызды. Өнер туындыларының идеялық-тақырыптық мәні бәрінен бұрын кейіпкерлердің арақатынасы арқылы танылады. Бұл қатынастар оқиғалар, яғни сюжет арқылы көрінеді. Оқиғаның даму сипатына қарай кейіпкерлер дараланады. Мәселен, қазіргі кезеңнің өзінде «тақырып» деген термин екі түрлі мағынада қолданылады. 1) Шығармада бейнеленген өмірлік материал ұғымында; 2) Шығармада көтерілген негізгі қоғамдық проблема ұғымында. Көркем шығарманың тақырыбы авторлық суреттеудің өзегіне алынып, шығармада көрініс тапқан ақиқат болмыстағы заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы болып табылады. Әрбір көркем туындыда, әдетте, бір ғана тақырып көтерілмей, бірнеше тақырыптың жүйесі (тематика) көрінеді. Егер тақырып - жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея- жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы.

Мазмұн мен пішін бірлігі-көркемдік арты. Мазмұн мен пішін-іргелі философиялық ұғым. Бұл екеуі бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте болады. Көркем шығарманың күллі құны мен қасиеті оның мазмұны мен пішінінің бірлігінде жатыр.

Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретн бір нәрсе-бір мамұнының бірнеше пішіні болатыны. Мысыла, Ұлы Отан соғысының сөз өнерінде әр түрлі пішінде суреттелгенін Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Б. Момышұлының «Москва үшін шайқас», Ә. Әбішевтің «Намыс гвардиясы» атты шығармаларынан аңғаруға болады. (поэзия, проза, драматургия) .

Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне байланысты.

Мазмұнға қарағанда, пішін өзгерімпаз болады. Мысалы, махаббат. Бұл-өмірде тұрақты шындық, өнерге мәңгілік тақырып. Бірақ өмірдің осы шындығының өнердег пішіні әр дәуірде әр алуан. Бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отырады. (Қазіргі махаббаты Қыз Жібек пен Төлегеннің сезімдеріндей суретесе, осы дәуірдегі сай келмес еді) . Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде ескеретін тағы бір ерекшелік-мазмұнын мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек, өз мамұнын ала келеді.

Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз-өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі-оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.

2. АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ

Абайдың өлеңдері көп те емес, жалпы саны екі жүзге жетпейді, бірақ мазмұны өте бай. Өткір әрі күрделі таптық талас-тартыс, шым-шытыр ру аралық алауыздықтар, сан қилы дала қақтығыстары әрі құлай сүйген ғашықтардың трагедиялары мен өмірдің ыстық суықтары, барлығы Абай шығармасынаның тақырыбы болды. Әйгілі жазушы, Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеуші Мұқтар Әуезов былай деген, «Бұл ұлы реалистік ақын, дәстүрлі өлеңнің тар аясын кеңейтіп, қазақ поэзиясына көптеген жаңа тақырыптар енгізді, қазақ реализмінің толық әрі көп қырлы бейнесін қалыптастырып, сол замандағы қазақ қоғамының түрлі тап өмірін көрсете білді. » Абай өлеңдерінде философиялық өлеңдер мен саяси лирикалар көп бөлігін алады, оның ішінде әйгілісі, «жасымда ғылым бар деп ескермедім», «әсемпаз болма әрнеге», «талай сөз бұдан бұрын көп айтылған», «малға достың мұңы жоқ малдан басқа», «сенбе жұртқа тұрса да қаша мақтап», «Күлембайға» қатарлылар. «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» деген өлеңді де осы қатарға қосуға болатындай. Бұл өлеңнің кең таралуы, кезінде қазақ руларының әр табында дүмпу тудырған. Төменде алғашқы бірнеше жолын келтіріп көрейік:

Қалың елім, қазағым қайран жұртым

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың

Жақсы менен жаманды айырмайсың

Бірі қан бірі май боп енді екі ұртың

Бет бергенде шырайың сондай жақсы

Қайдан қана бұзыды сартша сыртың …

Абай өз ұлтын әдейі жаман көрсетейін деген емес, кеудесіндегі ызаны шығарып бір рахаттанайын деген мақсатта да емес. Ол өз ұлтының бір жағынан орта ғасырлық надандықтың құрсауында болып, бір жағынан өзіне өзі табынып масайрап жүргенін көріп шыдай алмайды. Абай тек осылай қатал айтып, шынайы өмірдегі дертті тереңінен көрсете білгенде ғана халықты селт еткізе аламын деп сенеді. Абайдың мақсаты халықын серпілтіп жаңа өмірге аяқ бастыру. Тоқтаусыз кеткен ру аралық алауыздықтан жоғалған ұлттық абырой мен өмір идеалын қайта қалыптастыру. «Күлембайға» деген өлеңінде өткір сатиралық мағына бар. Абай халық мойнына мініп ойына келгенін істейтін ру басын айнытпай суреттеп, оқырмандарға ру басының сиқысыз бейнесі мен жиренішті қылығын елестетеді: Болыс болдым мінеки

Бар малымды шығындап

Түйеде қом атта жал

Қалмады, елге тығындап

Күштілерім сөз айтса

Бас иемін шыбындап

Әлсіздің сөзін салғыртсып

Шала ұғамын қырындап «сыяз бар» десе, жүрегім

Орнықпайды, суылдап,

Сыртқыларға сыр бермей

Құр күлемін жымыңдап …

Егер бұл өлеңді әлі де ақынның ызалы көңілінің табиғи көрінісі деп білсек, онда көп өтпей жазылған «мәз болады болысың» деген өлеңі ақын көкірегіндегі ызалы оттың жарыла шашылған жалыны деп білеміз:

Мәз болады болысың

Арқаға ұлық қаққанда

Шелтірейіп орысың

Шенді шекпен жапқанда

Оқалы тон тола ма

Ар-ұятын сатқанда?

Осы да есеп бола ма

Ар, абүйыр тапқанға?

Сырттай қарағанда бұл өлең ру басыларына деген сын есебінде, шын туайтында бұл сөздердің барлығы патша үкіметіне қаратылған. Абай патша үкіметінің Азия сахарасында емін-еркін өскен қазақ хаылқына деген надандық саясатын аяусыз әшкерелейді. Ол өз халықына шекпен мен бірге кісенді де киіп алмауды ескертеді. Бұл өлеңді ақын ойының шарықтауы шыңы деп айтуымызға болады, әрі бүкіл шығармасының өзегі, Абай асқақ моралі мен оның ұлт жандылығының белгісі. Абай жазған маһаббат лирикасы да көп емес, алайда барлығы да тамаша туынды қатарында. «жігіт сөзі» мен 1889 жылы жазылған «көзімнің қарасы» қатарлы өлеңдер феодал түзімге айтылған жаза үкімі секілді. Бұл өлеңдер феодал заң-жоралардың ауыр қысымындағы қыз, жігіттердің ашу-ызасы мен олардың идеалды қоғамдық түзімге деген арманын білдіреді:

Қайғың болса шермен тең

Қара көңілім жермен тең

Сенсіз маған жат төсек

Болар бейне көрмен тең (Қыз сөзі)

Жүректен қозғайын

Әдептен озбайын

Өзі де білмей ме

Көп сөйлеп, созбайын (Көзімнің қарасы)

Бай қартайса, малына берер шылбыр Мал өмірді жаңғыртпас, құдай ұрғыр Біреудің қызын алып малға сатып Баяғыны іздеген қандай құрғыр (Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында) Бұл өлең жолдары халық жүрегінде тудырған дауыл, ХХ ғасырда қазақ халықы жаңа қоғамдық түзімді қарсы алып, жас жігіттер мен қыздар еркін маһаббатқа, қалауы бойынша табысу құқығына қол жеткізген шақта ғана біртіндеп басылды. Абай кей өлеңдерінде, сахара көркі мен қазақ халықының өмір келбетін суреттей жазған. Мысалы, «көктем», «жаз», «күз», «қараша желтоқсан мен сол бір екі ай» ж. т. б. . Бұл өлеңдерден сахараның қою исі аңқып тұрады, әрі адамға бейне сол сахарада тұрғандай әсер қалдырады. Алайда Абай натуралисттермен ұқсамайтыны ол қашанда өмір шындығына тән нәрсені қағыс қалдырмайды, сахараның бұрқаған қарлы боранын суреттегенде киіз үй ішіндегі аштық пен қиыншылықты, өмірдің ауыр жүгін арқалаған ақ қар көк мұзда алысқан кедей малшыны ойға алады. Төмендегі өлең жолдарынан Абай өлеңінің осындай ерекшелігін көре аламыз:

Кедейдің өзі жүрер малды бағып

Отыруға отын жоқ үзбей жағып

Тоңған иін жібітіп, тонын илеп

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып Жас балаға от та жоқ тұрған маздап

Талтайып қақтана алмай, өле жаздап

Кемпір шалы бар болса, қандай қиын

Бір жағынан қысқанда о да азынап …

Қар жауса да тоңбайды бай баласы

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы

Жалшы үйіне жаны ашып ас бермес бай

Артық қайыр артықша қызметке орай (Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай)

Кедей малшылар Абай өлеңдерінен, күні бойы қарны тоқ, мәртебе мен игілікке бөленіп жүрген паразиттерді жетілдірген өздерінің еңбегі екенін сезеді; жайлым иелері мен байлардың ашшы қанауы мен, ру басылары мен дін басыларының берсе жолынан, бермесе қолынан алатын қылығы, өздерінің кедейлесіп күйреуіне әкеліп соққанын түсінеді. Солайша өздерінің еңбегінің құны мен өз еңбегінің жемісін өзі көру қасиетті құқығын түсінеді. Бұл Абайдың реалистік шығармашылық тәсілі мен оның өлеңдеріде көрініс тапқан халықтық қасиеттің алып құдіреті. Абай «ескендір» қатарлы үш поэма да жазады, незігі ойы зорлық-зомбылық, ашкөздікпен күресіп, ақиқат пен еңбекті жырлау, адал маһаббат пен асқақ рухты мадақтау. Әсерлі әңгімелер, көркем өлең жолдары арқылы баяндалып, оқылғанда ырғаққа толы болып, адамды еліктіріп ала кетеді. Абайдың лирикаларының көбі 1890 жылдан кейін жазылған. Олардың көбі халық арасында кеңінен тарап ел сүйетін тамаша шығарма болды. Мысалы, «ғашықтың тілі тілсіз тіл», «Ғабидоллаға», «ауру жүрек соғады ақырын жай», «жүрегім менің қырық жамау», «жапырағы қуарған ескі үмітпен» ж. т. б. . Тек осы өлеңдердің тақырыбынан-ақ, біз Абай өмірінің соңындағы шығармаларында тіпті де молайған мұң-зарды байқай аламыз. Бұнда ауыр жағдайлардағы күрсінулер, азаптанғандағы қан жылаулар жатыр. Бұндағы күрсіну мен жылаудың барлығы ұлттың бақытсыздығымен, дәуірдің азабымен бірге қатар жатыр: Жүрегім менің қырық жамау Қиянатшыл дүниеден Қайтіп аман қалсын-ау Қайтқаннан соң әрнедеен (Жүрегім менің қырық жамау)

Көзіме жас бер, жылайын

Шыдам бер, сабыр қылайын

Жаралы болған жүрекке

Дауа бер, жамап сылайын (Есіңде бар ма жас күнің)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы мәлімет
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы
Шығарманың мазмұны мен пішіні
Мазмұн және пішін
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін жайлы мәлімет
Әдебиеттегі мазмұны мен пішіні
Көркем шығарманың пішіні
Мазмұн мен пішін
Көркемшығарма-нағыз суреткерлік әрекеттің нәтижесі
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz