Балалар ойынының жіктелуі



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Балалар ойынына жалпы сипаттама.
2.2.Балалар ойынының жіктелуі.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ойын баласын оқытудың басты жолы – «ойын әдісі». Баланы оқытудың барысында оның берілген ақпаратты қабылдауда ыждағаты, төзімі 20 минуттан аспайды. Сондықтан ойын баласына еркіндік берілуі тиіс. Баланың ойын әрекетін белгілі бір жүйемен оқу әрекетіне айналдырудың сан қилы жолдары қарастырылуы жөн. Оған балаларда белгілі бір жағдайда қалыптасқан ойын жүйесін, таңдалынып алынған ұлттық ойындарды, тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген дидактикалық ойындарды қай жерде, қалай таңдап, қалай пайдалану мұғалімдерден үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді. Сабақты ойын баласы тез шаршап жалықпайтындай, оның денсаулығына, жүйке жүйесіне нұқсан келмейтіндей етіп ұйымдастыру да мұғалімнің білім деңгейіне, тәсіліне, шеберлігіне байланысты. Ойын әдісін сабақтың кез келген кезеңінде тиімді пайдалануға болады. Ойын оқытудың әдісі, тәсілі, құралы әрі сабақты ұйымдастырудың формасына айналғанда ғана 6 жасар бала үшін мектеп «қуаныш мектебіне» айналмақ. Ойын технологиясы – оқу–тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз — педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Ойынның мазмұны логикалық ойға құрылып, адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал тигізеді.
В. В. Николина жүргізген зерттеу нәтижелері негізінде ойынның бірнеше компоненттерін бөліп көрсетті, мәселен:

— мотивациялық;

— бағдарлаушылық;

— мақсаттылық;

— мазмұндық-тәсілдік;

— құндылық-еріктік;

— бағалаушылық.
1. Арнаутова Е. Самоанализ опыта общения с родителями. // Дошкольное воспитание. 2002. №4. С.47-56.
2. Әлімбекова А.С. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру тәжірибесінен //Білім- Образование.// №2(8), 2002
3. Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ. - М., 2006
4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
5. Бұзаубақова К.Ж.. Жаңа педагогикалық технология. (Оқулық) Тараз. ТарМУ,2003ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті

Реферат
Тақырыбы: Балалар ойынының жіктелуі

Орындаған:Ерланқызы М.
Тексерген:Карипбаева Б.Ш.

Семей 2015

Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Балалар ойынына жалпы сипаттама.
2.2.Балалар ойынының жіктелуі.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Ойын баласын оқытудың басты жолы - ойын әдісі. Баланы оқытудың барысында оның берілген ақпаратты қабылдауда ыждағаты, төзімі 20 минуттан аспайды. Сондықтан ойын баласына еркіндік берілуі тиіс. Баланың ойын әрекетін белгілі бір жүйемен оқу әрекетіне айналдырудың сан қилы жолдары қарастырылуы жөн. Оған балаларда белгілі бір жағдайда қалыптасқан ойын жүйесін, таңдалынып алынған ұлттық ойындарды, тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген дидактикалық ойындарды қай жерде, қалай таңдап, қалай пайдалану мұғалімдерден үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді. Сабақты ойын баласы тез шаршап жалықпайтындай, оның денсаулығына, жүйке жүйесіне нұқсан келмейтіндей етіп ұйымдастыру да мұғалімнің білім деңгейіне, тәсіліне, шеберлігіне байланысты. Ойын әдісін сабақтың кез келген кезеңінде тиімді пайдалануға болады. Ойын оқытудың әдісі, тәсілі, құралы әрі сабақты ұйымдастырудың формасына айналғанда ғана 6 жасар бала үшін мектеп қуаныш мектебіне айналмақ. Ойын технологиясы - оқу - тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз -- педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Ойынның мазмұны логикалық ойға құрылып, адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал тигізеді.
В. В. Николина жүргізген зерттеу нәтижелері негізінде ойынның бірнеше компоненттерін бөліп көрсетті, мәселен:

-- мотивациялық;

-- бағдарлаушылық;

-- мақсаттылық;

-- мазмұндық-тәсілдік;

-- құндылық-еріктік;

-- бағалаушылық.

Мотивациялық компонент балалардың іс-әрекеттің мазмүнына, үрдіске деген қатынасымен байланысты олардың ойынға қатысу мотивін, қызығушылығы мен қажеттілігін көрсетеді. Бағалаушылық компонент балалардың оқу-танымдық іс-әрекеттің, адамгершіліктің, құндылықтың мақсатын түсініп, қабылдауымен байланысты болып келеді. Әрине, балалардың адамгершілік, құндылық түсініктерінің мән-мағынасын түсінуі күнделікті балабақшадағы ұйымдастырылатын барлық оқу-тәрбие жұмысының барысында жүзеге асырылады.

Мазмұндық-тәсілдік компонент балалардың күнделікті балабақшадағы оқытылатын оқу материалының мазмұнын меңгеруін, сонымен қатар, олардың өздерінде бұрыннан бар білімді және іс-әрекет тәсілдерін тірек ете білу қабілетін көрсетеді. Бұл ойын әрекетінің нақты мақсатқа бағыттылығын меңзейді. Сондай-ақ, әрекет тек мақсатпен ғана емес, ол тиісті шарттармен де, яғни бағдарлау жүйелерімен де анықталады (әрекеттің бағдарлаушылық негізі). П. Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің қалыптасу кезеңдері теориясы бойынша адам кез келген ой әрекетін орындау барысында белгілі бір бағдарлау жүйесін тірек етеді.
Әрекеттің бағдарлаушылық негізі дәлелді болу үшін мынадай мысал келтіруге болады. Мысалы, ойын барысында балаларға ханның, патшаның және т. б. әрекет етудің жоспарын дұрыс берсе, оны олар жеңіл меңгереді және ойында тиімді пайдаланады.
Құндылық-еріктік компонент танымдық белсенділіктің нақты мақсатқа бағытталуын қамтамасыз ете отырып, зейінді шоғырландырады және ойынға эмоциялық өң береді. Демек, ойынның бұл компоненті әлеуметік-мәдени тәжірибенің ерекше түрі ретінде жеке бағдарлауды дамытуға бағытталады.
Бағалаушылық компонент ойын нәтижесінің ойынның мақсатымен үйлесіп келуін қамтамасыз етеді. Яғни, баланың танымдық іс-әрекет барысында тиісті ақпараттарды (білім, іскерлік, дағды) жүйелі меңгеруі жатады. Сонымен қатар, бүл компонент ойын үрдісін басқаруды және өз іс-әрекетін реттеуді қамтамасыз етпек. Қарастырылып отырған ойын компоненттерінің барлығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөлуге болмайды, өйткені бұл компоненттер ойынның құрылымын анықтайды. Көптеген зерттеушілер осы компоненттердің бірқатар құрылымдық элементтерін бөліп көрсеткен, мәселен: ойынның ережесі, міндеттері, ойын жағдаяты, сюжеті,ойын әрекеті, нәтижесі. Кез келген ойынның басталуы педагог-тәрбиешінің жетекшілігімен ойынға эмоциялық өң беру арқылы жүзеге асырылады. Бұл балалардың ойынның міндеттерін түсініп, қабылдауын қамтамасыз етуші, танымдық мотивациясын қалыптастырушы, ойлау іс-әрекетін, қиялын белсендіруші -- өзіндік ерекшелігі бар ойын алдындағы жағдаяттар, ойын алдындағы даярлық болып табылады. Балалардың ойынға белсенді кірісуін әр педагог әр түрлі қызықты тәсілдерді қолдана отырып қамтамасыз ете алады. Мүмкін, ол әр түрлі суреттер, тіпті педагогтың шағын әңгімесі арқылы басталуы мүмкін, мысалы: Біздің жорығымыз ну орманда басталды деп ойлайық. Балаларды ойынға тартуда ойынды өткізу үшін алдын-ала ойластырылған орман, мұхит, көлдің жағасы және т. б. айтарлықтай маңызы бар екенін әсте ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, ойын мазмұны, ойын әрекеттеріне сәйкес қатысатын балалар саны да алдын-ала анықталады. Ойын нәтижелі болу үшін педагог-тәрбиеші балалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасының ережесі тәрбиелеуші рөлді атқарады, сонымен қатар оны дұрыс бағыттайды. Ойын ережесіне бірнеше мысал келтіруге болады, мәселен: өз жұмысыңды аяқтадың, бала досыңа көмектес: қайырымды бол, құрбы-достарыңның айтқанын мұқият тыңдай біл және т. б. Жарыс-ойындарында тәртіпті реттеу үшін айып төлеу енгізуге болады. Бұл балаларды жалпыға ортақ ережені орындаудың қажеттігін түсінуге үйретеді.
Ойынның негізгі ерекшелігі -- ол балалардың қоршаған өмірді: адамдардың қимылын, іс - әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме, теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын іс - әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді. Балалар ойынының ерекшелігі сондай - ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс - әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық -- ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.

Балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен шешесі үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т. б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады. Ойын үдерісінде сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:
ойынның түпкі ниеті,

сюжеті немесе мазмұны,

ойын әрекеттері,

рөлдер,

ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс - әрекеті ретінде көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: дүкен, аурухана, әскер және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды - көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:

-- тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар (отбасы, мектеп, балабақша болып ойнау);

-- жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (үйлер, стадиондар тұрғызу, кеме салу);

-- қоғамдық оқиғаларды салу, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелік демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар).
Ойындарды бұлай бөлу, әрине шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін. Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайды, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым - қатынастарының дамуын, көпжақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні -- бала атқаратын рөл. Ойын үдерісінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді - сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс - әрекеттерге, қарым - қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды. Ойын үдерісінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда - ересектер) ойнаушылардың мінез - құлқы мен өзара қарым - қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым - қатынастың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:

-- ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;

-- оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;

-- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;

-- оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;

-- ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады;

Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру қажет:

-- тәрбиелік мақсаты;

-- қолданылатын көрнекіліктер;

-- уақытты үнемдеу;

-- ойын қызықты бола ма?;

-- оқушылардың белсенділігін бақылау.

Сабақ барысында оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Ойынға қойылатын талаптар қандай болмақ деген сұраққа төмендегі сызба негізінде жауап беруге болады. Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі - бұл ойын. Ойын - бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез-құлқын өзі басқаруы жетіліп қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К. Ушинский, П. Блонский, С. Рубинштейн, Д. Эльконин, шетелде З. Фрейд, Ж. Пиаже және т. б. жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде - адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп негізделген.

С. А. Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:

-- тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);

-- елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты (шығармашылық аясы);

-- әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс (эмоционалдық қуат);

-- ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.

Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен қамтамасыз етіледі.

Үрдіс ретінде ойын құрылымына:

-- ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері;

-- сол рөлдерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар ойынын жіктеудің тарихы туралы
Балалар ойынының жіктелуі. Шығармашылық және ережелі ойындар. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік-рольдік ойындары
Биология сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдану
Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік - рольдік ойындары. Балалар ойынының жіктелуі. Шығармашылық және ережелі ойындар
Шығармашылық және ережелі ойындар. Балалар ойынының жіктелуі
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындардың жіктелуі
Дидактикалық ойындар
Ойын бала
Ойында баланың рухани даму теориясы
Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері пәнінің дәрістік материалдары
Пәндер