Биiктiктiк инженерлiк-геодезиялық торлар.Iрi масштабты инженерлiк-топографиялық түсiрулер


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
СӨЖ
Тақырыбы: Биiктiктiк инженерлiк-геодезиялық торлар. Iрi масштабты инженерлiк-топографиялық түсiрулер
Орындаған : Шаяхметов Е. Е.
Тобы: Гк-307
Тексерген: Аубакирова С. М.
Семей 2015 ж.
Мазмұны
- Биiктiктiк инженерлiк-геодезиялық торлар
- Iрi масштабты инженерлiк-топографиялық түсiрулер
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Биiктiктiк инженерлiк-геодезиялық торлар
Геодезиялық тор - Жер бетіндегі координаттары белгілі центрі арнайы белгілермен бекітілген геодезиялық пункттердің (нүктелердің) жиынтығы.
Геодезиялық тор пункттерінің координаттары астрономиялық немесе геодезиялық әдіспен анықталады. Осылай анықталған пункттердің жиынтығын геодезиялық тіректік тор деп атайды. Олар жиілету немесе толықтыру торларының негізі болып табылады.
Мемлекеттік геодезиялық торлар барлық масштабтағы топографиялық түсірістердің геодезиялық негізі болып табылады және олар ғылыми инженер техникалық есептерді шешуде халық шаруашылығының талабын қанағаттандырады. Мемлекеттік геодезиялық торларға кіретіндер: А) 1, 2, 3, 4 класты пландық торлар. Олар бұрыштық және сызықтық өлшемдердің дәлдігіне, тордың қабырғаларының ұзындығына және дамытудың ретіне байланысты бір-бірінен ажыратылады. Пландық торлар триангуляция, трилатерация, полигонометрия әдістерінен және олардың бірікпелерінен құралады: Б) І, ІІ, ІІІ, І V класты биіктік нивелир торлары.
Триангуляция әдісі. Триангуляция әдісінің мәні жер бетінде үшбұрыштар жүйесін салудан тұрады, онда ұшбұрыштардың барлық бұрыштары және кейбір базистық өабырғалардың ұзындықтары қлшенеді. Үшбұрыштың қалған қабырғаларының ұзындықтарының белгілі тригонометриялық формулалармен есептеп табаады. Егер де негізгі пунктің (А) координатасы, дирекциялық бұрышы (a) мен негізгі қабырғаның ұзындығы (d) белгілі болса, онда тура геодезиялық есепті біртіндеп шешу арқылы қалған пункттердің координаталарын есептеп шығаруға болады.
Трилатерация әдісі. 3және4 класты мемлекеттік геодезиялық торларды трилатерация әдісімен де салынады. Тралатерация триангуляцияға ұқсас, үшбұрыштыұ жүйеден тұрады, бұнда тек үшбұрыштардың барлық қабырғалары өлшенеді. Үшбұрыштардың шешімі арқылы барлық горизонтальдық бұрыштарды аныұтайды, дирекциялық бұрыштарды есептептабады. Пункттердің координаталарын триангуляциядағы қолданылған әдістермен есептеп шығарады.
Полигонометрия әдісі. Орманды жазықтарда және күрделі қолайсыз жерллерде триангуляция торларын дамыту қиындыққа түседі және тиімсіз болады, сондықтан ондай жерлерде полигонометрия әдісі қолданылады. Бұл әдіс жер бетінде жүріс және полигондар жүйесінсалудан тұрады, бұнда барлық бұрыштар мен қабырғалар өлшенеді.
Пункттердің абсолюттік биіктіктерін геодезиялық биіктіктерді теңіз деңгейі бетіне қатысты анықтайды. Геодезиялық тор пункттерінің пландық координаттары триангуляция, трилатерация және полигонометрия әдістерімен анықталса, биіктіктік жағдайы - геометриялық, тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен анықталады. Геодезиялық тор топографиялық түсірімдер, карталар жасау, сондай-ақ барлау, құрылыс салу жұмыстарының жергілікті жердегі дәлдік есептеулеріне байланысты пландық және биіктік негіз ретінде қолданылады.
1, 2 разрядты триангуляцияны құрғанда қолданатын негізгі аспаптардың типтері. Техникалық сипаттамасы. Триангуляция әдісі. Триангуляция әдісінің мәні жер бетінде үш бұрыштар жүйесін салудан тұрады, онда үшбұрыштардың барлық бұрыштары және кейбір базистік қабырғалардың ұзындықтары өлшенеді. Үшбұрыштан қалған қабырғалардың ұзындықтарының белгілі есептеп табады. 1 класты триангуляция-тең қабырғалы үшбұрыштың қатарынан тұрады. Олар 200 км-ден тұратын меридиадар мен параллельдердің бойымен орналасады. Осылай салынған үшбұрыштардың қатарлары бір-бірімен қиылысып, периметрі 800-1000 км тұйық полигон құрайды.
2 класты триангуляцияны үшбұрыштың тұтас торлар құрып, 1 класты триангуляция полигонын толтыру үшін салады. Олар толықтыру және барлық топографиялық түсірістердің геодезиялық негіздеу торларын дамыту үшін пайдаланатын тірек торларына жатады. І және ІІ класты нивелир торларыМемлекеттік нивелирлеу жүйесінің пунктерінің биіктіктерін геометриялық нивелирлеу әдісімен анықтайды. І класты. Нивелирлеу жүйесі периметрі 2000 км-ге жуық тұтас полигонды құрайтын жүрістерден тұрады. І класты нивелирлеу мейілінше жоғары дәлдікпен жүргізіледі, оған барынша жетілдірілген аспаптар мен бақылау әдістерін қолдану арқылы жетуге болады. Салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттық кездейсоқ қателігі 1км жүрісте m 0, 5 мм болады. ІІ класты нивелирлеу сызығы І класты нивелирлеу пунктерінің арасында периметрі 500-600 км полигондар түрінде салынады. ІІ класты нивелирлеу жүрісінде салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттық қателігі 1 км жүрісте m 0, 8 мм-ден аспауы керек.
Геодезияда қолданылатын координаталар және биіктік жүйелері. Кеңістік коор-та жүйесі жер беіндегі нүктелерің орнын оның координаталары, яғни, алынған координата жүйесінің бастапқы жазықтарымен сызықтарына қатысты ізделіп отырған нүктелерді сипаттайтын шамалар арқылы анықталады. Геодезияда қолданылатын барлық координата жүйесі кеңістік және жазықтық болып 2бөліеді. Координатаның кеңістік жүйелерінің ішінде көпшілікке танымалысы - геодезиялық кордината жүйесі. Бұл жүйеде нүктенің жер бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік маштабта анықталады. Олады геодезиялық ендік және бойлық дейді. Жазық координата жүйесі ең кеңінен таралған тік бұрышты және полярлық координата. Бір нүктенің екінші бір нүктедегі деңгейлік бетіні айырмашылығын салыстырмалы биіктік һ н/е биіктік өсімшесі д. а. өсім биіктігі нивелирмен өлшенеді.
Планды геодезиялық торды құру. Түсіріс торлары пландық және биіктік торлары болып бөлінеді. Пландық түсіріс жүйелері теодолиттік, тахеометриялық және мензулалық жүрістер немесе триангуляция арқылы құрылады. Торлардың тығыздығы түсіру масштабына, жердің рельефіне тікелей байланысты. Мәселен, 1:500 масштабты түсіруде пункт саны 4-тен кем болмауы тиіс. 1:2000 масштабта 10 нан, ал 1:1000 масштабтағы түсіруде 16-дан кем болмауы керек. Арақашықтықты өлшеу қиынға түсетін жерлерде түсіру пунктері үшбұрыштар тізбегін құру, тура және кері қиылыстыру әдістері не теодолиттік жүрістер арқылы анықталады. Түсірудің масштабы өндіріс жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты алынады. Мәселен, көлемі үлкен, ірі кен орындарын барлау және игеру кезінде жер бетін 1:5000 масштабта, ал шағын кен орындарын планға 1:2000 және 1:1000 масштабтарымен түсіріледі. Күнделікті жұмысқа қажет сызбалар 1:1000 не 1:500 масштабтарға қима биіктіктері 0, 5 м болып жасалады.
2. Iрi масштабты инженерлiк-топографиялық түсiрулер
Инженерлік қызметті атқарған кезде жергілікті жерде арнайы түсірістер орындалады. Түсіріс кезінде жасалатын істің негізгісі өлшеу жұмыстары болып табылады. Егер түсіріс кезінде жер бетінің рельефі көрсетілмеген болса, онда оны контурлық н/е горизонталь түсіріс деп атайды. Ал егер түсіріс нәтижесінде жер бетінің рельефі көрсетілген план н/е карта алынса, онда түсірістер топографиялық н/е биіктік түсірістер болып табылады. Топографиялық түсірістерде биіктік айырмашылығы-өзара биіктік анықталады, бұл жер бетін нивелирлеу жұмысына жатады. Теодолиттік түсіріс -өлшеу аспабы теодолиттің атына байланысты аталған. Егерде өлшеу кезінде тек горизонталь бұрштар мен қашықтықтар өлшееніп, ситуация ғана түсірілсе, онда оны контурлық теодолит түсірісі дейді. Ал, егер теодолиттік түсірісте горизонталь бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеумен қатар, вертикаль бұрыштар өлшеніп, өзара биіктіктер анықталса және ситуациямен қатар рельеф түсірілсе, ондай түсірісті биіктік -теодолит түсірісіне жарқызамыз. Тахеометриялық түсіріс-тахеометр аспаптарымен жасалынады. Ол аспаптармен горизонталь және вертикаль бұрыштар, өзара биіктіктер және горизонталь қашықтықтар өлшенеді. Топографиялық планды алу үшін инжинерлік практикада тахеометрлік түсіріс жиі қолданылады. Бұл түсірістің орындалу технологиясы биік -теодолит түсірісіне ұқсас. Мензулалық түсіріс-мензула мен кипрегель аспаптарымен орындалады. Мензулалық түсірістің құндылыңы-түсіріс кезінде жер бетінің бейнесін сызба түрінде алуға болады және оны түсірілген жердің элементтерімен және контурларымен тікелей салыстыруға болады. Жер үсті фототопографиялық түсіріс-жер бетіндегі фототүсірістің және содан алынған фотосуреттерді арнайы өңдейтін жұмыстардың жиынтығын қарастырады. Жердің бетін фотокамераман н/ефототеодолиттеу арнаулы фотокамерамен н/е фототеодолитпен орындалады. Сондықтан бұл түсірісті кейде фототеодолит түсірісі деп те атайды.
Топографиялық түсіріс- жер беті бөлікшесінің жергілікті заттары мен бедерін шартты белгілермен қағазда белгіленген масштабта бейнелеу мақсатымен жүргізілетін далалық және камералық жұмыстар кешені. Топографиялық түсіріс ортогональді проекцияда 1:100 000 және одан ірірек масштабтарда жасалады. Мемлекеттік геодезиялық пландық және биіктік тораптар пункттері Топографиялық түсірістің пландық және биіктік негізі болады. Топографиялық түсіріске қамтылатын шаралар: түсіру торабын құру; аэрофотосуреттерді далалық дайындау және оларды анықтау ісін жүргізу; геодезиялық пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен жергілікті жердегі заттардың орындарын анықтау және оларды шартты белгілермен планшетке түсіру масштабына сәйкес дәлдікпен және толықтығымен салу; жергілікті жердің бедерін горизонтальдармен бейнелеу; елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, шатқалдардың және т. б. өз атауларын анықтау; картада көрсетілетін жергілікті жердегі кейбір нысандардың сипаттамаларын: өзендердің ағыс жылдамдығын және терендігін, көпірлердің жүккөтергіштігін, ағаш түрін, батпақтан өтпелерді және т. б. тиісті ұйымдардан білу немесе тікелей анықтау. Топографиялық түсіріс аэрофототопографиялық, мензулалық және фототеодолиттік түрлерге бөлінеді. Аэрофототопографиялық түсіріс кезінде аталған жұмыстардың біршамасы фотограмметриялық аспаптарда камералық жағдайда орындалады. Топографиялық түсіріс нәтижелерінің планшеттері түсіріс масштабында шығарылатын топографиялық карталарды жасаудың түпнұсқасы немесе ұсақ масштабтағы картаны жасау үшін негізгі материал болады. Инженерлік құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және теодолиттік түсірістер инженерлік геодезия саласына жатады. [1]
Топографиялық түсіру (Топографическая съемка) - жергілікті жердің жоспары мен топографиялық картасын жасау кезіндегі орындалатын жұмыс кешені. Түсіру желісінің дамуы (тірек нуктелерінің жоспарлы және биіктік қалпын анықтау) ; егжей-тегжейлі түсіру (жергілікті жердің элементтері мен объектілерінің жоспарлы қалпы мен биіктігін анықтау, жергілікті жер объектілерінің өз атауларын, олардың сандық және сапалық. сипаттарын белгілеу, топографиялық шартты белгілермен түсіру немесе кұру түпнұскасын сызу. Топографиялық түсіру түрлері аэрофототопографиялық, мензулалық, тахеөметриялық, жер үсті фотографиялық түсіру. Аэрофототопографиялық түсіру - аспаптар көмегімен жергілікті жерді аэрофотоға түсіру - топографиялық түсірудің негізгі түрі.
Аэрофототопографиялық түсіру стереотопографиялық немесе аралас әдіс бойынша анықталады. Стереотопографиялық өдісті жергілікті жердің барлық элементтері камералы фотограмметриялық аспаптарда құрылады; аралас әдісте картаның контурлы бөлімі аэрофототүсіру арқылы, ал жер бедері мензулалы түсіру төсіддері арқылы құрыладық. Аэрофототопографиялық түсіру 1:10 000 - 1: 100 000 масштабтағы топографиялық карталар жасау кезінде қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қолданбалы геодезия Капасова А. З. Алматы 2007 ж.
2. Прикладная геодезия Хмырова Е. Н. Алматы 2001 ж.
3. Геодезия Нурмагамбетова А. С Алматы 2003 ж.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz