Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі туралы ақпарат


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология Факультеті Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы.

СӨЖ

Тақырыбы: 1. Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері.

2. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі.

Орындаған: Саметкалиева А.

ФИ - 311 тобы, 3-курс.

Тексерген: Карипбаева Ш. Т.

Семей - 2015

1. Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері. Ғылыми таным дегеніміз жүйелік білімдердің негізділігі, ғылымның тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие танымның түрі болып табылады. Ғылыми танымның әдістері мен формалары:

Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғарғы дәлдігімен ерекшеленеді деп айтылады. Бұл рас болғанымен, шешуші роль атқармайды. Дәлді нақтылыққа қатынастық белгілі бір тәсілі ретінде күнделікті өмірге де енеді. Ғылыми таным абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі көрнекілік тұрғыда қарастырады деген пікір қалыптасады. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғанымен, ол да ғылыми таным ерекшелігін көрсете алмайды.

Бір жағынан күрделі ғылыми таным ерекшелігін көрсете алмайды. Екінші жағынан - бұл білім формасы түріндегі және оның өзге формалардан артықшылығы ғылымның теориялық білімдер жүйесі түрінде өмір сүруінде. Ғылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады.

Теория - бұл тәжірибенің, практиканың және бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Кез келген қорытынды жекелеген заттармен, жағдайлармен және үрдістермен бірқатар бақылаулар, эксперименттер мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді.

Бірақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды. Оның себебі ғылыми қорытындылар, бақылаулар мен эксперименттердегі ортақ жалпылықтарды ерекшелеп қана қоймай, бірқатар ерекше логикалық тәсілдерді қолдануда да болып шығады.

Ақыл парасат, сана - сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып - білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым - қатынасын белгілейді. Л. И. Божович ұсынысы бойынша жеке тұлғаның ғылыми танымы - салыстырмалы түрде кеш келетін құбылыс, ол жеткіншек шақта пайда болатын, жалпы тәрбиелік бағыттылық, ғылыми таным мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады. Жеке тұлғаның ғылыми танымының қалыптасуының өз заңдылықтары бар. Оқушылардың ғылыми танымы тұтас педагогикалық процесте қалыптасады. Дәл осы жерде ғылыми білімдерді меңгеру жүйесі мен оларды тәжірибеде пайдалану, бұрынғы кездегі мәдени мұралармен, қазіргі ғылым негіздерімен оқушыларды қаруландыру құралы болса, ғылыми танымдық білімдерді терең сенімге айналдыру оқушылардың іс-әрекет және мінез-құлық принциптеріне айналады, қоғамдық бағыттарын анықтайды, іс-әрекетке дайындығын және өмірлік ұстанымын қалыптастырады. Ғылыми танымды қалыптастыру білімдер жүйесін меңгерудің нұсқауы, оны тәжірибеде қолдана білу іскерлігі болып табылады. Маңызды педагогикалық мәселелердің бірі болып оқушылардың ғылыми танымын қалыптастыруға байланысты оқушылардың сенімдері мен өзіндік көзқарасының заңдылықтарын ашу. Ғалымдардың көзқарасы бойынша табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдерді меңгеру - ғылыми танымды қалыптастыру негізінің маңызды шарты. Бірақ табиғат пен қоғам дамуының заңдылығын білу жеткіліксіз. Саналы көзқарас, сенім ойдың болмауы адамда формальды түрде деректерді меңгеруге және ғылыми танымдық сипатты жалпылауға әкеп соғады. Тек қана білімді «аудару» және өзіндік сезінген тәжірибесін, әр түрлі іс-әрекеттерден қамтылған тұрақты көзқарастарын, негізіне тұлғаның идеялық мақсаты жататын сендіру және идеалынан тұрады. Олардан адам мінез-құлқына бағыттайтын ғылыми таным пайда болады. Білімді аудару тұрақты сендіру, мінез-құлық мотивтері, принциптері болатын, тұлғаның ғылыми танымын қалыптастырудың шарты болып табылады.

Педагогтар мен психологтардың зерттеулері бойынша білім - оқушылардың іс-әрекетiнiң басты нәтижесi, олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы. Оқу іс-әрекетiнiң психологиялық мазмұны - iс-әрекеттiң жалпы тәсiлдерiн, бiлiмдердi меңгеру. И. Я. Лернер танымдық тапсырмалардың рөлін зерттей келе, оқушылдардың өздігінен жетістіктерге жету жолындағы бағдары және білімді пайдалануы сезінуге жол ашады, яғни бiлiмдер сенiмге айналу үшiн, жеке тұлғаның қажеттiлiктерiнен, әлеуметтiк үмiт пен құндылық бағыттарынан биiк болып тұрған көзқарастарының жалпы жүйесiне және оның сезiмiне айналуы қажет дейді. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйi, олардың жеке тәжiрибесiне, әлеуметтiк- психологиялық жағдайына сүйенеді. Бірақта танымдық тапсырмалардың рөлі ғылыми сенімділіктерді қалыптастыру жолында да өз маңызын жоймайды. Танымдық тапсырмаларды бір мезетте қалыптастыру диагностикасы мен сенімнің тәсілі болып қызмет етеді. Психология-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай келе, тұлғаның ғылыми таным ұйытқысын құру, ғылыми сенімді қалыптастыру құбылыстарының мәселесін мынындай етіп бөлуге мәжбүр етеді:

- объективті мазмұны, маңызды қасиеті бар сыртқы дүние туралы ғылыми таным білімі болуы және оны меңгеру;

- олардың мағынасы мен құндылығын түсіну;

- олардың талаптарынан шығатын міндеттерге, шынайылыққа сенімділік;

- индивидтің қажеттілігі мен қызығушылығын есепке ала отырып, меңгерілген білімді негіздеу;

- құбылыстар мен әлеуметтік фактілерді бағалау және ғылыми талдаудың тәсілдерін меңгеру, білім берудің біліктілігін жаңғырту, адамдардың іс-әрекетін, өмір құбылыстарын, әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да құбылыс фактілерін талдау және бағалау;

- өмірде осы білімдер арқылы басшылық жасай білу ұмтылу;

- белсенді іс-әрекетке субъект ретінде дайындық (шешім қабылдау, іс-әрекет жоспарын жасау және негіздеу, бағалау, қабылданған шешімнің дұрыстығын дәлеледеу) .

Білімді сенімге айналдыру және ғылыми танымды қалыптастыру тұлғаның жалпы бағытта қалыптасуымен яғни іс-әрекет қарым-қатынасының жүйесімен тікелей байланысты. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей баланың жеке тұлғасы оның жүйеде алатын орнымен, жеткілікті адами қарым-қатынаспен, соның ішінде өмірде қойылатын талаптардың дәл сол кездегі психологиялық ерекшеліктерімен байланысты болады. Дәл осы сәйкестіктен баланың қажеттілігі мен тілегі, мақсаты, ұмтылысы туындайды және сол арқылы жаңа психологиялық сапаларының қозғалыс күші дамиды. Өмірдің шарты оқушы жеке тұлғасының қалыптасуын тікелей анықтамайды, ал оның тәуелділігі сонда, өзара қатынасымыз бен әрекеттерімізде осы шарттармен оқушының өзі болады. Оқушының ғылыми танымын қалыптастыру мiнез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетiнiң себеп-салдарын анықтайды

Оқушылардың ғылыми танымын қалыптастыру іс-әрекеті жетістігінің маңызды шарты тәжірибелік іс-әрекеттер мен сенімдер, білім бірлігімен қамтамасыз етілген педагогикалық процесс болып табылады. Бұған тек қана педагогикалық процесте «логикалық тізбені» ойластырғанда және іске асырғанда ғана жетуге болады. Ол жүйелер: танымдық көзқарасы бар білім жүйесі, зерттеліп жатқан фактілерге, құбылыстарға тұлғалық қарым-қатынас, тәжірибеде ойластырылған және алынған жеке іс-әрекеттік жоспардағы білім.

Ғылыми танымның қалыптасуы педагогикалық процесс ретiнде, объективтi түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игiлiгiне айналдыруды талап етедi. Ғылыми таным қалыптасуының бiртұтас процесi бiлiм берудегi сабақтастық, оқу пәндерi арасындағы өзара байланыс арқылы жүзеге асады. Оқыту - оқытушы мен оқушының бiрлескен іс-әрекетiмен сипатталады, іс- әрекеттiң мақсаты - оқушыларды дамыту, олардың бойында бiлiм, бiлiк, дағдыларды, яғни нақты бiр іс-әрекеттiң жалпы бағыттық негiзiн қалыптастыру. Кез келген аналитикалық-жүйелiк іс-әрекеттiң нәтижесiнде бiлiм де, іс-әрекет әдiс-тәсiлдерi де бар. Бұл танымның әр түрлi жақтары, бiрақ бұл процесте ең басты орында бiлiм тұрады. Осының барлығы оқушы бойында бiлiм мен бiлiкке қоса ойлау мен әрекет ете алуды дамытуды талап етедi. Ғылыми бiлiм құрылымында екi деңгей бар: эмпирикалық және теориялық. Олар объективтi болмысты көлемiрек, тереңiрек және толығырақ суреттеуi бойынша ажыратылады. Ғылыми таным жекелеген бiлiмдерден емес, заманның талабына сай бiлiмдердiң құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негiзiнде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген бiлiмдер жүйесi әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсiп, оларды пайдалану мiндеттерiне сәйкес жалғасады.

2. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі. Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет.

Акселерация - биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге радио толқындардық және географиялық-климаттық жағдайлардың өзгеруі аталған құбылыстың пайда болуына әсер етті. Әрине акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені бұл әлі де зерттеуді қажет етеді, дегенмен акселерацияға байланысты мектеп жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің үлгілеріне, дене шынықтыру және жаттықтыру кешендеріне қайта қарауға тура келіп отыр. Акселерацияның ақыл-ой дамуына ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы өзара байланысты бірнеше факторлардың ыңпалымен жүретін күрделі педагогикалық, психологиялық процесс болып табылады.

Акселерацияға тән ерекшелік: балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация құбылысы түрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді.

Күні бұрын тез жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келуі анықталуда. Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай тез өсетін ағзада жүрек тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу денгейі артта қалады. (соңдықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің борышын ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне көрмейді. Осы мәселені ата-аналар, мұғалімдер ескеріп отыруы қажет) .

Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы - орталық жүйке жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады. Жеткіншектің онтогенездегі психикалық дамуы - қоғамның әлеуметтік өмір жағдайында көкейкесті мәселелердің бірі болып есептеледі.

Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімінің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұны-ның қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақы-рында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға бағытталады.

Бұл кезеңде жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, бұл көптеген жағдайларға байланысты болады. Мұның өзі бір жағынан, жеткіншекке «балалық пен ересектіктің» қатар болуымен, ал екінші жағынан, сол бір ғана жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтары болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты. Олар:

1) Ересектіктің дамуын тежейтін жағдайлар: балалардың көбінде тұрақты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы, көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы.

2) Ересектендіретін жағдайлар: мазмұны жағынан сан алуан ақпараттардың орасан зор тасқыны, көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы, осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы, дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері, акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі - сараптама туралы ақпарат
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі жайлы ақпарат
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі сараптама
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі – сараптама
6-7 жасар балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі – сараптама жайлы ақпарат
Балалардың психикалық даму белгілері
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz