Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайында


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:« Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс »

Тексерген: Абдуллина Г. К.

Орындаған: Назынбекова М.

Пх-315т.

Семей - 2015ж.

Әдетте бала мектепке дейінгі және оқу кезеңдеріндегі өсу және даму эволюциясынан өтеді. Сол кездерде отбасындағы тәрбиеде кеткен кемшіліктер мен оқу тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып баланың қалыпты жағдайынан ауытқуына себепші болады. Әсіресе отбасында қалыптасқан микроклимат отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, үй тіршілігін әрқайсысының шамасына қарай бөлісіп атқаруы, адамгершілік қадыр-қасиеті, қоршаған ортаға көзқарасы, олардың алатын әсерлері мен күнделікті дағдылары баланың мінезінің жақсы не жаман болуына көп ықпал етеді. Өкінішке орай отбасы біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес. Біраз отбасыларында мораль принциптеріне сай келмейтін жағымсыз қылықтар орын алады. Ендеше қиын баланың пайда болуындағы объективті және субъективті факторлар ретінде мынандай себептерді айтқан орынды. Біріншіден, білім және мәдени өрісі төмен ата-аналар баланың ішкі жан дүниесіне үңілмей, педагогикалық заңдылыққа сыймайтын талап қояды, әрі оның сөзсіз орындалуын талап етеді. Бұл жердегі қателік баланың қабілетіне, іскерлігіне көңіл бөлінбеуінде. Соның салдарынан баланың отбасы ортасындағы адамгершілік, эстетикалық сезімдер дұрыс өріс ала алмайды.

Педагогикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша ұрыс, жанжал, төбелес, бір-бірін жәбірлеу кездесіп тұратын отбасында өскен балалар, ішімдік орын алған ортада өскен балалар, жезөкшелік пен моралға қайшы әрекеттермен айналысатын отбасында өскен балалар «қиын бала» деп аталады. Оларға тән қасиеттер: дөрекілік, қатыгездік, жалқаулық, ұрлық.

Баланың жас ерекшелігіне мән берудің зор ерекшелігі бар. Олардың 13-14 жасқа аяқ басқандағы бір ерекшелігі, жора-жолдастарымен оңаша сөйлесуге, әсіресе кешке қарай қыдыруға әуестігі болады. Сондай сәтте жолдастары кім, қай жерде болады, немен айналысады, түнге қарай мектеп тәртібінен уақыт асқаннан кейін баласын бақыламаған ата-ана баласын уысынан шығарып алуы қиын емес. Бұл мәселе бірден бір ата-анаға байланысты, солардан талап етілетін нәрсе. Мұғалімге қатысты жағына келетін болсақ, әр оқушының өзіне тән табиғи физиологиялық, психологиялық ерекшелігін ескермеуден туады.

Отбасының сәтсіздігі ата-анасының моралға қайшы өмір кешуі, бала тәрбиесі мен болашағына деген жауапкершіліктің жоқ болуы бала тәртібінің нормадан ауытқуына әкеледі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, көбіне отбасындағы тәрбие бала мінез-құлқына қатты әсер етеді. Сондай-ақ отбасы жағдайында баланың күн тәртібінің дұрыс ұйымдастырылмауы, сабаққа әзірленуге мүмкіндік жасамауы да себепші болады. Тағы бір айта кететін нәрсе ата-аналардың ажырасуы. Бала психикасына, әсіресе ұл балаға үлкен әсерін тигізеді. Алдында үлкен өнеге алатын, сырласатын, үлкен адамға тән қасиет, жүріс-тұрыс мәнері мен әдеттерін үйрететін әкенің рөлі ер балаға ауадай қажет. Осының барлығының жоқтығы ер баланың ұжымнан оқшаулануына, тұйыққа әкеп соғады. Сөйтіп барып мектеп тәртібін бұзып қана қоймай теріс жолға түседі.

Ата-аналар көңіл аударатын мәселенің бірі отбасындағы бір немесе көп баланың болуының тәрбие ісіндегі орны. Белгілі кеңес педагогы А. С. Макаренко отбасында жалғыз баланы тәрбиелеуден бірнеше баланы тәрбиелеу әлдеқайда жеңіл деп көрсеткен. Өйткені көп балалы үйде ұжымдық, бір-бірімен санасу сияқты отбасы дәстүрі ұсталып, тәрбие жүйесі жинақталады. Балалар бір-біріне көмектесіп, сүйеніш болу арқылы бауырмалдылық сезімде өседі. Ал жалғыз бала отбасында өссе, ол өзімшіл, менменшіл, өркөкірек болып өседі. Мұндай балалар алдауға тез түседі, қажет нәрсені үйінен әкеліп беріп жүреді, сөйтіп жүріп, қиын баланың ықпалына түседі.

«Баланы жастан» демекші, әуел бастан балаға дұрыс ықпал, түзу бағдар беруді, тәрбие жұмысын бір минут та ұмыт қалдырмау баршамыздың ата аналық және педагогикалық борышымыз екенін ұмытпаған абзал.

Қазіргі уақытта отбасы мәселесі, соның ішінде девиантты мінез-құлқы бар әкемен, шешемен немесе баламен педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізу, оларды девиантты мінез-құлықты болдырмаудың алдын-алу шараларын жүргізу үлкен жауапкершілікті талап етуде. Ендеше аз жылда кең етек алып кеткен нашақорлық пен маскүнемдік, шылымқорлық, жезөкшелік, кісі өлтіру, қарақшылық және т. б ата-аналар мен тәрбие ісімен айналысушы көпшілік қауымды алаңдатуы заңды құбылыс. Өйткені мұның бәрі тәрбиенің «нәтижесі» әрі жіберген кемшілігі екені түсінікті.

Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп - жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде «Адам баласы туа сала, есті болмайды. Естіп көріп ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады» - деп ақыл естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді.

Қазіргі уақыттағы көптеген зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, қылмысқа көп баратын жастар ішінде 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны артып отыр. Бұл әрине, қоғамдағы жағдайға, баланың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына, отбасындағы ата-анасымен қарым-қатынасы жағдайына тікелей тәуелді болып келеді. Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жан-жақты жұмыс жүргізіп, педагогикалық-психологиялық міндеттерді алға қоюымыз қажет.

Адамдардың барлығы бірден девиантты мінез-құлықты болып туылмағанына зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Ол өмірде әке-шеше мейірімі, қамқорлығы дегеннің не екенін білмей өсуі, я болмаса оған жаны ашыр нағыз достың да болмауы.

Осы орайда нақты деректерге сүйенер болсақ, қалада жайсыз отбасының, яғни «қиын» ата-ананың көбейюі девиантты мінез-құлықты отбасының арта түсуіне әкеліп отырғаны анық.

Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына отбасындағы түрлі жағдайлар әсер етеді. Олар: әке-шешенің теріс үлгісі, үй ішіндегі еңсені босататын жағдай -отбасында өне бойы болып тұратын ұрыс, жанжал, ата-ананың біреуінің болмауы, ажырасулардың көбейюі. Өкінішке орай отбасындағы теріс қылықтарды түзету қиын.

Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объективті және субъективті вакторларға назар аударарлық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына әлеуметтік орта мен күнделікті жағдай себеп болады деп дәлелдеуде. Нақтылай айтқанда жасөспірімдердің бойында девиантты мінез-құлықтың пайда болуына бірден-бір себеп болатын және жағымсыз жағдай туғызатын отбасы тәрбиесі. Оның бастыларының бірі, баланың күнделікті жүріс-тұрыстарының қадағаламау, оның көзінше арақ-шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу.

Екіншіден, тәрбиенің көзі - баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтажын қамтамассыз ету деп санау. Үшіншіден, жастайынан баланың еңбектену дағдыларын қалыптастырмау, балаға көңіл бөлмеу, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасына мүше болып енуі де түрткі болады. Төртіншіден, ата-аналардың бір топтары адамгершілік талаптардың мән-мағынасын түсінгенімен, олардың күнделікті өмірде нық ұстамай, екі жүзділік көрсетіп, сөз бен істердің арасында алшақтық туындайды. Бесінші себеп - кейбір ата-аналар өмірлік бағдарламасында ала беру жинау, мансапқорлық, менмендік пиғылдар орын алып, адамдарды ақыл-парасатына қарай емес, «байлығына» , «қажеттілігіне» қарай сый құрмет көрсету баршылық. Осындай ортадан шыққан балалардың ұрлық, тонау, жәбірлік, зорлық-зомбылық жасауға бейім екенін байқауға болады. Алтыншы себеп - балаларын шектен тыс еркелету, балаларын шектен тыс мәпелеу, еркелету, ерекше жақсы көру, тұрмыстық еңбекке қатыстырмай «ақ саусақтыққа» дағдыландыру, алдындағы қиындықтарды жеңуге баулымау, еңбек, әдет дағдыларын қалыптастырмау. Өмірге икемсіз балалар қоғамға жат қылықтарға, темекі ішімдікке, нашаға ұрлыққа икемделе бастайды.

Жастардағы девиантты мінез-құлық әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларына қайшы келетін әр түрлі әрекеттердің салдары. Оған жасөспірімдердің мектептегі сабағын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе біреудің меншігін тонау, не болмаса оны қасақана бүлдіруі жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы мәлімет
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жасау
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы ақпарат
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы ақпарат
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Жеткіншек жаста әлеуметтену процесін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz