Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер



1.Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.
2.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.
3.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы.
Түркітану ғылымының қалыптасу тарихы. Көптеген ғасырлар бойы түркі халықтары көшпенділікпен айналысқан. Соның нәтижесінде болар, түркілердің нақты лингвистикалық шекарасын дөп басып анықтау өте қиын. Осындай себептерден түркі тілдерінің ішкі жіктелуін толығымен өңделіп, жетілді деп айта алмаймыз. Түркілердің алғашқы Отаны – ғалымдардың болжауынша, Оңтүстік Сібір мен Солтүстік Моңғолияның далаларына (Алтайдан Амур өзенінің бастауларына дейін) дейінгі алқап. Б.з.д. 206 жылы түркі тайпалары (хундар немесе гундер) алғаш рет қытайлармен шайқаста жеңіске жетеді. Б.з.д. І ғ. хун бірлестігі екіге ыдырайды: бір жартысы Моңғол алқаптарында қалса, екіншісі қазіргі Қазақстанның шығысына қарай ығысады. Түркілердің шығысты жеңіп алу жорықтары осы кезден басталады. Б.з. IV ғ. түркілер біртіндеп аландарды (скифтерді), остготтарды, дактарды жеңіп (әрі өз құрамына кіргізіп), Дунайға дейін келеді. Ғұндар Галлиге дейін келіп, Қара теңіз жағалауларындағы алқаптарды түгел басып алады. ІІ-VІ ғ. Еуропаға аяқ басқан түркілер ешқандай жазба ескерткіштер қалдырмаған. Сондықтан да сол жердегі түркі диалектілері бірігіп, шамамен бұлғарлар деп аталса керек. Бұлғар деп аталатын түркілер VII ғ. соңында Балқандағы славяндарды жаулап бағындырған. Кавказдың солтүстігі мен Дон бойында хазарлар (Х ғ.) билік жүргізді. Бұлғар тобына қазіргі түркі тіддерінен чуваш тілі жатады. Олар Волга өзенінің орта тұсында мекендейді. Чуваштардың негізгі көпшілігі Чувашияда мекендейді. Чуваш тілі – қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда оқшау тұрған тілдердің бірі. Олардың тілін чуваштармен көршілес өмір сүретін татарлар да түсіне қоймайды. Мұндай оқшаулықтың себебі чуваш тілі едеуір көне формаларды сақтаған, сонымен қатар фин субстратының нәтижесіндегі жаңа ерекшеліктері де бар. Б.д. V ғ. шығыс түркілер қайтадан күшті одаққа бірігеді. Қытай жылнамаларында оларды Тюкю (turk деген этноним болуы да мүмкін) деп атайды. Сырдария мен Орталық Моңғолияның ұлан-байтақ территориясын алып жатқан тайпалардың аттары өзгеріп отырады (VI-VII ғғ. – тюкю VІІІ-ІХ ғғ. – ұйғырлар, IX ғ.-қырғыздар). Бұл дәуірде көптеген жазба ескерткіштер сақталған, олар ерекше руникалық Орхон-Енисей жазуымен жазылған, негізінен тасқа қашалып жазылған қабір үстіндегі (эпитафиялык) ескерткіштер. Мұндай ескерткіштер – Қырғызстанның шығысындағы Талас бойынан табылған, сонымен қатар Енисей бойынан (Тува, Хакасия) табылған ескерткіш тастар мен Алтай өңірінен табылған күміс тостағандағы, бұйымдардағы жазулар. Осылардың ішіндегі негізгісі Орхон өзенінің бойында табылған (Орталық Моңғолия) жазылу мерзімі белгілі, түркі және қытай тілдерінде жазылған ескерткіш (VIII ғ.). Моңғолия мен Енисей өзенінің жоғары жағында өмір сүрген, мал шаруашылығымен айналысқан түркі тайпалары, түркі тілдерінің солтүстік-шығыс тобына кіретін тілдердің қалыптасуына негіз болды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы:
1.Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.
2.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.
3.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы.

Орындаған: Берікболова.А.Б
Тексерген: Шаяхметұлы Қ

2015 жыл
1. Түркітану ғылымының қалыптасу тарихы. Көптеген ғасырлар бойы түркі халықтары көшпенділікпен айналысқан. Соның нәтижесінде болар, түркілердің нақты лингвистикалық шекарасын дөп басып анықтау өте қиын. Осындай себептерден түркі тілдерінің ішкі жіктелуін толығымен өңделіп, жетілді деп айта алмаймыз. Түркілердің алғашқы Отаны - ғалымдардың болжауынша, Оңтүстік Сібір мен Солтүстік Моңғолияның далаларына (Алтайдан Амур өзенінің бастауларына дейін) дейінгі алқап. Б.з.д. 206 жылы түркі тайпалары (хундар немесе гундер) алғаш рет қытайлармен шайқаста жеңіске жетеді. Б.з.д. І ғ. хун бірлестігі екіге ыдырайды: бір жартысы Моңғол алқаптарында қалса, екіншісі қазіргі Қазақстанның шығысына қарай ығысады. Түркілердің шығысты жеңіп алу жорықтары осы кезден басталады. Б.з. IV ғ. түркілер біртіндеп аландарды (скифтерді), остготтарды, дактарды жеңіп (әрі өз құрамына кіргізіп), Дунайға дейін келеді. Ғұндар Галлиге дейін келіп, Қара теңіз жағалауларындағы алқаптарды түгел басып алады. ІІ-VІ ғ. Еуропаға аяқ басқан түркілер ешқандай жазба ескерткіштер қалдырмаған. Сондықтан да сол жердегі түркі диалектілері бірігіп, шамамен бұлғарлар деп аталса керек. Бұлғар деп аталатын түркілер VII ғ. соңында Балқандағы славяндарды жаулап бағындырған. Кавказдың солтүстігі мен Дон бойында хазарлар (Х ғ.) билік жүргізді. Бұлғар тобына қазіргі түркі тіддерінен чуваш тілі жатады. Олар Волга өзенінің орта тұсында мекендейді. Чуваштардың негізгі көпшілігі Чувашияда мекендейді. Чуваш тілі - қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда оқшау тұрған тілдердің бірі. Олардың тілін чуваштармен көршілес өмір сүретін татарлар да түсіне қоймайды. Мұндай оқшаулықтың себебі чуваш тілі едеуір көне формаларды сақтаған, сонымен қатар фин субстратының нәтижесіндегі жаңа ерекшеліктері де бар. Б.д. V ғ. шығыс түркілер қайтадан күшті одаққа бірігеді. Қытай жылнамаларында оларды Тюкю (turk деген этноним болуы да мүмкін) деп атайды. Сырдария мен Орталық Моңғолияның ұлан-байтақ территориясын алып жатқан тайпалардың аттары өзгеріп отырады (VI-VII ғғ. - тюкю VІІІ-ІХ ғғ. - ұйғырлар, IX ғ.-қырғыздар). Бұл дәуірде көптеген жазба ескерткіштер сақталған, олар ерекше руникалық Орхон-Енисей жазуымен жазылған, негізінен тасқа қашалып жазылған қабір үстіндегі (эпитафиялык) ескерткіштер. Мұндай ескерткіштер - Қырғызстанның шығысындағы Талас бойынан табылған, сонымен қатар Енисей бойынан (Тува, Хакасия) табылған ескерткіш тастар мен Алтай өңірінен табылған күміс тостағандағы, бұйымдардағы жазулар. Осылардың ішіндегі негізгісі Орхон өзенінің бойында табылған (Орталық Моңғолия) жазылу мерзімі белгілі, түркі және қытай тілдерінде жазылған ескерткіш (VIII ғ.). Моңғолия мен Енисей өзенінің жоғары жағында өмір сүрген, мал шаруашылығымен айналысқан түркі тайпалары, түркі тілдерінің солтүстік-шығыс тобына кіретін тілдердің қалыптасуына негіз болды. Бұл топқа тува тілі жатады. Тува тіліне моңғол тілінің әсері мол болған. Тува халқының көпшілігі Тува автономиялы республикасында, сонымен қатар, Моңғолияда тұрады. Туваларға жақын тілдердің бірі - тофа (немесе қарағас тілі деп те атайды) тілі. Олар Саян тауларының солтүстік баурайларында (Иркутск облысы) өмір сүреді. Туваның солтүстік-батысындағы түркі тайпаларының (қызыл, қашын, сағай, қойбал, белтір) негізінде кеңес дәуірінде хакас тілі қалыптасты. Қазіргі таңда олар - Хакас автоном республикасының жергілікті тұрғыны. Бірақ, бұл топқа Алтай, Кузнецк Алатауының солтүстік қапталдары мен Том өзенін мекендейтін сан жағынан өте аз халық шорларды, Томскінің шығысында орналасқан чұлымдар, Саян тауының шығысындағы камасиндерді және т.б. Таулы Алтайдың диалектілерін жатқыза алмаймыз. Түркі тілдерінің солтүстік-шығыс тобынан якут тілі ертеректе бөлінді. Якуттардың (сахалардың) ата-бабалары Байкал маңында, кейінірек Лена бассейнінде, сонымен қатар Яна, Колыма бассейнінде тұрады. Якут тілінің диалектісінің негізінде Таймырдағы долған тілі қалыптасты. VI-VII ғасырларда шығыс Түркістан мен Жетісуда отырықшылықпен айналысқан тоқарлар мен иран халықтары өмір сүреді. Осы жерде VIII ғасырда ұйғыр алфавиті дүниеге келді. Түркі әлеміндегі ғажайып ескерткіштер осы алфавитпен жазылды. Жетісу мен Синьцзянның отырықшы халықтарының диалектісінен оңтүстік шығыс (қарлұқ) тобының негізі салынды. X ғасырда мұсылмандық Қараханид мемлекетінің шаңырағы осында құрылды. Бұл мемлекеттің орталығы алғашында Баласағұн (Қырғызстанның Тоқмақ қаласының маңы) болады, кейінірек астана Қашқар қаласына көшірілді. Заман ағымына қарай әліппе кейінірек араб жазуына ауыстырылды. Ұйғыр тілі қазіргі кезде Синьцзянда, Қазақстанда, Қырғыстан мен Өзбекстанда, Түрікменстан мен Тәжікстанда қолданылады. Ұйғыр тілі бірнеше диалектіден тұрады: солтүстік-батыс немесе орталық; оңтүстік немесе хотан диалектісі; шығыс немесе лобнор диалектісі. Ұйғыр әдеби тілі солтүстік батыс диалектісінің негізінде, яғни Турфан, Іле және Қашқар говорларының негізінде қалыптасқан. Негізгі билік Шығыс Түркістандағы ұйғырлардың қолына өткенде көптеген тайпалар Арал теңізінің бойына қарай жылжи бастайды. Осының нәтижесінде Оғыз тайпалар бірлестігі құрылады. Кейінірек аталған тайпалар бірлестігі түркі тілдерінің оңтүстік-батыс (оғыз) тобының негізін салады. 1036 жылы оғыз-селжүк (селжүк X ғасырда өмір сүрген оғыз тайпаларының қолбасшысының аты) армиясы Орталық Түркмениядан мұсылмандар жеріне шабуыл жасай бастайды, соның нәтижесінде 20 жылдан кейін Иран мен Ирак, кейінірек 1090 ж. шамасында Әзірбайжан, Сирия, Кіші Азия толығымен дерлік оғыз-селжүктердің қол астында болды. Осы кезде Қараханид мемлекеттері де оларды мойындайды. Селжүктер мемлекеті ұзақ өмір сүрмейді, бірнеше топқа бөлшектенеді, бірақ оғыздардың едәуір тобы жеңіп алған мемлекеттерде қалып, сол халықтың дінін (ислам) қабылдап, араб жазуына көшеді. Бағдад қаласында жазылған М. Қашқаридың Диуани лұғат-ит түрк сөздігі - осы дәуірдің жемісі. Солтүстік Батыс Ирандағы селжүктер бірте-бірте жергілікті парсы және татарйен ассимиляциялануының нәтижесінде әзірбайжан тілі қалыптасты. Қазіргі кезде әзірбайжандардың көпшілігі Әзірбайжан Республикасы мен Иранда тұрады. Әзірбайжан тілі шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстік деп аталатын диалектілерден тұрады. Қазіргі әдеби тілі шығыс диалектілер тобына жататын шемаха және баку говорларының негізінде жасалған. Иранның оңтүстігінде түркілердің қашқай және айшар диалектілері қазіргі әзірбайжан тіліне өте ұқсас. ХІІ ғ. Кіші Азиядағы селжүктер өздерінің мемлекетін құрады. ХІІІғ. оларға моңғолдардан қашқан оғыздардың бір бөлігі қосылады. Осман сұлтанның тұсында (ХVІ ғ.) византиялықтардың жерін жаулап алу кең етек алады. 1356 жылы осман-түріктері Дарданельдің еуропалық бөлігін мекендейді, ал ХІV ғ. соңында Болгарияны, 1453 жылы Константинопольді (түрікше Истанбул), ХV ғ. соңында османдықтар Грецияны, Албанияны, Сербия мен Боснияны тізе бүктіреді. Дунай және Қырым князьдығы османдықтардың қол астында болады. XVI ғасырда барлық араб мемлекеттері мен Венгрия толығымен түріктердің билігіне көшеді. Бірақ бірте-бірте османдықтардың билігі әлсірей бастайды, Мемлекеттің ішіндегі мұсылман және христиан діндерінің шиеленісі, төменгі халықтардың жағдайының нашарлауы, билікке таласу, Австрия мен Ресей тарапынан шабуылдар және т.б. XIX ғасыр басында осман мемлекетінің күйзеліске ұшырауының негізгі себебі болды. Осындай қиыншылықтардың, еуропалық мемлекеттердің бір-бірімен бақталастығының нәтижесінде османдықтар тағы да бір ғасыр өмір сүріп, 1923 жылы қазіргі Түркия мемлекетінің шекарасы айқындалды. Түрік тілі XIV ғасырдан бастап әдеби тіл деп қабылданды. Тілдік құрамында араб және парсы сөздері (негізінде көне осман тілі) өте көп болды. 1920 жылы сұлтанның құлауы, ұлттық-патриоттық сезімнің оянуының нәтижесінде Кемал Ататүріктің қолдауымен түрік тіліне реформа жасалынды. Өкіметтің негізгі ұлттық саясатының мақсаты - тілді араб және парсы элементтерінен тазартып, таза түркілік терминологиямен қамтамасыз ету болды. 1928 жылы түріктер латын графикасын қабылдады. Қазір түрік тілі екі диалектіге бөлінген: батыс немесе түрік-дунай тобы, шығыс немесе анатолия тобы. Қазіргі түрік әдеби тілінің негізі болып саналатын анкара және кипр диалектілері шығыс анатолия тобына жатады. Түрік әдеби тілінің нормасы 1930-1950 жылдары қалыптасты. Орталық Азияда қалған оғыздар түрікмен тілінің негізін салды. Қазіргі түрікмендер негізінен Түрікмен Республикасында, аздап Өзбекстанда, Қазақстан мен Иранда, Сирияда өмір сүреді. Түрікмен тілінің көптеген диалектілері мен говорлары бар, оларды ортақ қасиеттеріне қарай біріктірсек, екі топқа бөліп қарауға болады: теке, салыр, гоеклі, жаумыт т.б. диалектілер бірінші топқа енеді, түрікмен әдеби тілі осылардың негізінде қалыптасқан, екінші топқа нохур, анау, ескі, сурхы, арабачы, қырач диалектілері кіреді. Түркі тілдерінің солтүстік-батыс тобына жататын тағы бірі - гагауыз тілі. Молдова Республикасы мен Одесса облысында, сонымен қатар Болгария мен Түркияда тұратын халықтар сөйлейді. Молдова мен Украина жеріндегі гагауыздардың тілі екі диалектіден тұрады: орталық немесе чадырлун-комарт диалектісі, гагауыз әдеби тілі осы диалектінің негізінде жасалған және оңтүстік диалект. Түркі тілдерінің солтүстік-батысындағы қыпшақ тобы халықтарының көпшілігі көшпенділер болғандықтан, оларды жіктеу де қиындық туғызады. XI ғасырда қыпшақ тайпалары қазіргі Қазақстан территориясы арқылы батысқа жылжи отырып, Поволжья мен Қара теңіз жағалауының алқаптарына келіп тіреледі. Орыс халқы оларды половецтер деп атаған. 1223 жылы половецтер мен орыстар бірігіп Калка өзенінің бойында моңғолдарға қарсы күрескен. Моңғолдардың жеңісі Шығыс Еуропа далаларының лингвистикалық жағдайын өзгерте қойған жоқ. Половец (құман) тілі негізгі тіл болып қала берді. XIII ғасырда Египетте жазылған қыпшақша-арабша сөздік пен Қырымда жазылған латынша-парсыша-қыпшақша сөздік (Соdex-Сumanicus) осы дәуірдің жемісі. Половец тілінің бүгінгі күндегі жалғасы құмықтар, қарачай-балқарлар, қырым-татарлары мен қарайымдар. Қазіргі құмық тілі Дағыстанның солтүстігінде, Шешен-Ингуш Республикасы мен Солтүстік Осетияда тұратын құмық халқының ұлттық тілі. Қарачай-балқар тілі - қарашай және балқар деп аталатын екі ұлттың ортақ тілі. Қарашайлар Қарашай-Шеркес автоном республикасында, ал балқарлар Қабардин-Балқар автоном республикасында тұрады. Қарашай-балқар тілі екі диалект топқа бөлінеді: бірінші топқа ч-мен сөйлеушілер (қарашай-баскам-шегем), ц-мен сөйлеушілер (малкар) диалектілері жатса, екінші хоам-бызынғы (аралас) говоры жатады. Қарашай-балқар әдеби тілі қарашай-баскам-шегем диалектісінің негізінде қалыптасқан. Қырым-татар тілі Қырым жарты аралында орналасқан халықтың ұлттық тілі. Тілі жағынан қырым-татарларына өте жақын халық-қырымшақтар. Қырымшақ тілі қырым-татар тілінің бір диалектісі ретінде қаралады. Сан жағынан аз халықтардың бірі - қарайымдар. Олардың ата тегі Қырым жарты аралын мекендеп, кейіннен (ХІV-ХV ғғ.) Украина мен Литваға көшкен. Қарайым тілінің үш диалектісі бар: қырым диалектісі; галиция диалектісі; тарақай диалектісі. Қырым диалектісінде сөйлейтін қарайымдар бүгінгі таңда жоқ, олар қырым-татарлар тілінде сөйлейтін дәрежеге жеткен, ал галиция және тарақай диалектілерінің арасында айтарлықтай ерекшеліктер бар, кейде бір-бірін түсіне қоймайды. Сондықтан да, қарайымдардың біртұтас әдеби тілі қалыптаспаған. Олар діні жағынан еврей (яхуд) дініне сыйынушылардың бірі болып табылады. Қыпшақтар моңғол шапқыншылығы кезіндегі жорықтарының нәтижесінде Поволжьенің солтүстігіндегі орманды алқаптар мен Оралға, Сібірдің батысына қарай жылжуға мәжбүр болды. Бұл жерді қыпшақтар жергілікті тұрғындармен ассимиляцияланып, қыпшақ тілі бұлғар субстратының ықпалына түседі. Орыс халқы түркілерді жалпы атаумен татарлар деп атады. Кейіннен татар этнонимі түркі этнонимінің синонимі іспеттес қолданылды. Поволжьедегі татарлар отырықшылықпен ертеден-ақ айналысты, сондықтан да олардың көпшілігі қалада тұрды (Қазан, Астрахан). Алтын Орда құлағаннан кейін XV ғасыр соңында Қазан және Астрахан хандықтары өмір сүрді, бірақ Иван Грозный кезінде ол хандықтар Ресейге біріктірілді. XIII ғасырдан бастап Қазан қаласы мұсылмандық мәдениеттің орталығына айналады, түркілердің кітап басуы мәдениеті осы заманда басталады. XIX ғасырдың екінші жартысында татар тілінің әдеби нормасы қалыптасады. Татар тілі - Татарстанда, Ресей өлкелерінде, Өзбекстан мен Қазақстанда және Кавказ Республикалары мен шет елдерде тұратын татар халқының ұлттық әдеби және мемлекеттік тілі. Татар тілінде екі диалект бар: шығыс диалект, оңтүстік диалект. Бұл екі диалектінің арасында айтарлыктай ерекшелік жоқ. Алтын Орданың ыдырауы шығыс қыпшақтардың - ноғайлар мен қазақтардың пайда болуына себебін тигізді. Осы диалектілердің негізінде қазіргі қарақалпақ, қазақ, ноғай тілдері қалыптасты. Қазақ тілі Қазақстандағы қазақ халқының әдеби және мемлекеттік тілі. Қазақ тілін Өзбекстанда, Түрікменстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Моңғолияда, Қытайда, Түркияда және т.б. шетелдерде тұратын қазақтар қолданады. Қазақ тілінің: оңтүстік, батыс және солтүстік-шығыс диалектілері бар. Бұл диалектілердің арасында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Қазақтардың басқа түркі тілдес халықтардан негізгі бір ерекшелігі - оларда рулар сақталған (үш жүз бар). Ұлы жүз (албан, суан, дулат, қаңлы, сіргелі, шанышқылы т.б.), Орта жүз (арғын, найман, қыпшақ, қоңырат т.б.), Кіші жүз (12 ата бай ұлы, жеті ру, алты ата әлім т.б.). Қазақтардың жүзге бөлінуі географиялық жағдайларға байланысты. Қарақалпақ тілі - Қарақалпақстанның негізгі халқының сөйлеу, жазу және мемлекеттік тілі. Қазіргі таңда қарақалпақ тілі бір-бірінен сонша алшақтығы жоқ, солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс диалектілерінің негізінде қалыптасқан. Ноғай тілі - қазіргі ноғайлардың сөйлеу, әдеби және жазба тілі. Олар Кавказ тауының бауырында, Дағыстанның Ноғай ауданында, Ставрополь өлкесінде тұрады. Н.А. Баскаков ноғайларды ақ ноғайлар және қара ноғайлар деп екіге бөледі. Ноғайлардың құрамында әр түрлі рулар кездеседі (қаңлы, бұғатай, шөмішті, үйсін, абаған, нөкіс, қоңырат, арғын т.б.). Шығыстағы қыпшақ түркі тілдерінің солтүстік-шығыс тобы тоғысуының нәтижесінде аралас типтес екі тіл қалыптасты. Кеңес дәуірінде Таулы Алтай өңірінде бірнеше түркі диалектілері топтастырылып алтай тілдері деп аталды. Алтайлықтарды кейде ойраттар деп те атайды. Ойраттардың түркі тектес тілдерге жатпайтыны белгілі, кезінде (шамамен XVII ғ.) ойраттар күшейіп, Жоңғар мемлекетін құрған кезде алтайлықтар сол хандықтың құрамына енген, ойрат деген атау содан қалған болуы керек. Алтай тілінде екі диалект бар: оңтүстік (алтай, төлеңгіт, төлеуіт) диалектілері және солтүстік (туба, құманды, челкен) диалектілері. Алтай тілі оңтүстік диалекті негізінде қалыптасқан. Қырғызстанның, жергілікті тұрғынының мемлекеттік жазба, әдеби тілі - қырғыз тілінің даму тарихында едәуір қиыншылықтар болды. Ежелгі кезде қырғыздар Енисейде өмір сүрген, IX ғасырда Моңғолиядағы түркі тайпаларының ішінде ең күштілерінің бірі болды. Таулы аудандарды айнала қырғыздар біртіндеп оңтүстікке қарай жылжи бастайды. XVII ғасырда ресейліктер қырғыздарды Енисейде кездестіреді, бірақ, XVIII ғасырдың бас кезінен бастап-ақ, қырғыз аты бұл аудандардан мүлдем жоғалады. Ал XVI ғасырдың басында парсы деректерінде Тянь-Шань тауларындағы қырғыздар туралы мәліметтер берілген. Ғалымдардың пікірінше, X ғасыр мен XV ғасыр арасында қырғыздар Алтай өңірінен бірте-бірте Тянь-Шань тауларына қарай ығыса бастайды. Осындай миграцияның нәтижесінде қырғыз тілі қыпшақ тілдерінің (қазақ) әсеріне ұшыраған, сондықтан да қырғыз тілі қыпшақ тілдеріне жақындау. Ислам діні қырғыздарға тек XVI ғасырда ғана кіре бастаған, сондықтан да болар мұсылман діні қырғыз халқының рухани өміріне айтарлықтай әсер ете қоймаған. Керісінше, қырғыздардың көрнекті эпостық шығармасы Манас халық арасында дәстүрліктің жалғасы іспетті сақталынған. Көлемі жағынан Манас эпосы - дүние жүзіндегі эпостардың ең көлемдісі. Қырғыз тілінде үш диалект бар: солтүстік диалект (Талас, Шу, Тянь-Шань және Ыстықкөл өңіріндегі говорлар) оңтүстік диалект (Ош пен Жалалабадтың шығысындағы говорлар), оңтүстік-батыс диалект (иякилик говоры). Барлық түркі тілдерінен едәуір оқшаулау тұрған түркі тілдерінің бірі - өзбек тілі. Ол өзбек халқының сөйлеу, әдеби және мемлекеттік тілі. Олар Өзбекстанда, Қазақстанда, Түрікменстан мен Ресейдің бірнеше облысында тұратын халықтардың тілі. Біз жоғарыда Қараханид мемлекетіндегі отырықшы-түркілер туралы айтқан болатынбыз. Ақырындап түркі тайпалар біртіндеп отырықшылыкқа үйреніп, яғни Сырдария алқаптарында, Арыс пен Шыршық бойында олардың саны көбейе бастайды. Лингвистикалық тұрғыдан олардың диалектілері түркі тілдерінің оңтүстік-шығыс тобына жатады. Моңғол шабуылынан кейін Орта Азияның түркі халықтары екі ұлыстың құрамына кіреді: Шағатай ұлысы (Бұхара мен Балқаштан шығысқа қарай) және Жошы ұлысы (Алтын Орда). Бұл ұлыстар Шыңғысхан балаларының атымен аталған. Екі ұлыстың екеуінде де бірдей түркі тілі негізгі тіл болды. Кейіннен ол тіл әртүрлі атқа ие болды: шағатай тілі, көне өзбек тілі, көне татар тілі. Жүз жылдан кейін шағатай ұлысы ыдырайды. 1370 жылы билік Темірдің басып алу шабуылдары қара халықты жоқшылық пен күйзеліске ұшыратса да, Самарқанттың экономикасы мен мәдениетін нығайтып, гүлдендіре түсті. Самарқант Темірдің астана қаласы болды. Сонымен қатар, Герат қаласы да өркендеді. Осы қалада Әлішер Науаи - көне өзбек классикалық поэзиясының атасы - өзінің классикалық үлгідегі өлеңдерін және көне өзбек тілінде Бабырхан мемуарын жазды. Бабырхан соңғы тимурид, атақты Моңғолдардың Үндістандағы династиясының негізін салушы. 1505 жылы өзбектердің (Өзбек этнонимі XIV ғасырда өмір сүрген алтынордалық хан Өзбектің атының негізінде құрылған) көшпенді қыпшақ тайпасының қолбасшысы Шейбани Хорезмді, кейінірек Зервашан шатқалдарын жаулап алады. Көп ұзамай Шейбани мемлекеті хандықтарға ыдырайды: Бұхара хандығы, Хиуа, Қоқанд және Ташкент хандықтары. Қоқанды және Ташкент хандықтарын XIX ғасырдың 70 жылы патшалық Ресей өз қол астына кіргізеді, Бұхара және Хиуа хандықтары 1924 жылы Өзбекстанның құрамына кіреді. Сонымен, қазіргі өзбек тілі - түркі тілдерінің оңтүстік-шығыс диалектілернің негізінде қалыптасқан тіл. Сондықтан да болар, өзбек тілінің диалектілері (қарлұқ, кыпшақ, оғыз диалектілері) бір-бірінен қатты ерекшелінеді. Өзбек тілінің қыпшақ диалектісі көне диалектілердің қатарына қосылады. Бұл диалектілерде сингармонизм заңы берік сақталған, дауыстылар саны сегіз. Керісінше, қарлұқ диалектісінде ирандық субстрат әсері бар, сөз тұлғасы қатты өзгеріске ұшыраған дауыстылар саны алтыға дейін қысқарған т.б. ТМД-дағы барлық түркі тілдерінің жазуы XX ғасырдың 30-жылдардың соңы мен 40-жылдың басынан бастап орыс графикасына негізделген. 80 жылдардың орта тұсынан бастап латын графикасына өту туралы айтыстар жүріп, әртүрлі пікірлер ұсынылуда. Қазіргі таңда Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан толығымен латын әліпбиіне көшу үрдісін аяқтады. Орта Азиядағы Қазақстан мен Қырғызстан дәстүрлі түрде кирилицаны, ал Түркияда латын, Қытайдағы түркі халықтары араб графикасы қолданылуда. Түркология - бүкіл әлемге тараған әйгілі ғылым. Ол - жалпы Шығыстанушы ғылымының бір саласы. Шығыстану ғылымы құрамына араб, иран, монғол, қытайтану ғылымдары енеді. Түркология - түркі халықтары туралы ілім. Ол түркі халықтарының тілін, әдебиетін, тарихын, этнографиясын зерттейтін ғылымдар қосындысы ретінде біздің елімізде ХVШ ғасырдаң екінші жартысынан бастап қалыптасқан. Түркология - өте күрделі ғылым. Онымен тарих, философия, этнография, археология, лингвиетика, әдебиеттану сияқты көптеген ғылымдар айналысады. Аталған ғылымдар өкілдері жазған еңбектер де мол. Қазірде түркология бұрынғыдай өте кең мағынада емес, негізінде, түркі халықтарының тілдері мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін зерттейтін ғылым мәнінде қолданылады. Түркология ғылым атауы ретінде түрік, түркін деген сөздер негізінде пайда болған. Түрік, түркін атаулары түркі халықтарының көне жазбаларында өте ертеден бар, ал еуропалық жазбаларда біздің заманның X ғасырынан басталады. Түрік сөзінің этимологиясы белгісіз. Ғылымдардаң айтуына қарағанда, ол батыр, күшті деген мағынаны білдірген. Түркін ертеде этникалық атау ретінде қолданылмаған, әрқайсысының өздеріне тән этникалық атаулар бар тайпалардың саяси бірлестігінің аты болған. Ертедегі әскери шонжарлар түркін деп аталған. Келе-келе түркіндер басшылығымен біріктірілген тайпалар түріктер деп аталған да, түрік этникалық атауға айналған. Түрік сөзін өзінің этникалық, ұлттық атауы ретінде иемденген және күні бүгінге дейін сол мағынада қолданатын түрік республикасында тұратын, Осман түрігі деп аталатын бір ғана халық. Ал түркі деген сөз - түрік атауы сияқты бір ғана халыққа, ұлтқа тән атау емес, ол - әрқайсысының өздеріне меншікті ұлттық атаулары бар 40-қа жуық түркі халықтарының бәрін қамтитын жалпы атауы. Түркі - бір ғана халықтың атауы мәнінде қалыптасқан түрік атауымен шатастырмау, барлық түркі халқы Осман түрігінен тараған екен деген теріс ұғым тумау үшін түркологияда үстіміздегі ғасырдан бастап қолданылып жүрген, әбден орныққан ғылыми термин. Сондықтан біздер кімбіз, түрікпіз бе түркіміз бе деп дағдару орынсыз. Ертеде түркі халқын гректер скиф, қытайлар гүнн, ирандар саақ деп атаған. Түркология дербес ғылым ретінде Ресейде қалыптасты. Біздің еліміздің түркологияның туған Отаны болуының географиялық та, саяси да себептері бар. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алған уақыттан бастап түркітану жаңа дамуларға ие болып, өзекті ғылыми мәселелерді көтеруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев елімізде халықаралық түркітану орталықтарды құру бойынша бастамасы - маңызды тарихи мағынаға ие. Өйткені ол түркі халықтарының одан әрі дамуына, әлеуметтік-экономикалық байланысын және ынтымақтастығын нығайтуға, жаһандану үдерісі заманында түркі этностарының материалдық және рухани мәдениетін дамытуға, ұғынуға оларды жан-жақты тереңдетуге мүмкіндік туғызады. 2010 жылдың көктемінде Астанада Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев пен Түркия президенті Абдуллах Гюл жаңа халықаралық түркітану орталығының ашылуын салтанатты түрде жариялады. Халықаралық Түркітану Академиясының мақсаты - Түркі әлемінің тарихи, мәдени және рухани мұрасын кешенді зерттеудің ғылыми орталығын ұйымдастыру, әлемдік кеңістікте түркі мәдениетінің орнын, туыстық түркі халқының жалпы құндылығын анықтайтын нақты зерттеулер жүргізу болып табылады. Түркі Академиясы міндеті түркі тілдес халықтардың тарихын, тілін, әдебиетін, этнографиясын, мәдениетін, діни танымын, педагогикасын, психологиясын кешенді зерттеу болып табылады. Аталған мәселелерді ғылыми тұрғыдан тұжырымдау түркі мемлекеттерінің өзіндік мәртебесін сақтауға және әлемдік мәдениетке салмақты үлес қосуына мүмкіндік туғызады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей: Тұңғыш рет әлемге өнеге болған ортақ шаңырақ - киіз үйді, темірді, шалбарды, жебені, етікті және өкшені, зияткерлік ойындарды ойлап тауып, болашақ ұрпағын ержүректілік, отансүйгіштік сияқты қасиеттермен бірге зиялылыққа, шебер ойлау мен шыдамдылыққа тәрбиелеп баулып отырды. Географиялық жақтан алғанда, түркі халықтары Ресеймен көне заманнан бері көршілес ел, олардың басым көпшілігі қазіргі ТМД жерінде тұрады. Саяси жағынан алғанда Ресейдегі бүкіл түркі халықтары соңғы уақытқа дейін Шығыс славяндармен бірге біртұтас мемлекет құрамында болды. Біздің елде түркология ғылымының дамуына басшылық ететін түркологияның Кеңестік Комитеті, оның Советская тюркология деп аталатын журналы бар. Ол 1970 жылдан бастап жылына алты саны жарық көріп тұратын, қазіргі кезде Баку қаласында екі айда бір рет шығарылады. Түркі, түркілер деген - жалпы атауға, оның құрамына түркі тілдес 40-қа жуық ұлттар мен этникалық топтар енеді. Солардың бірі - қазақтар. Түркілер дамудың талай қиянкесті өткелдерінен еткен көне халық, қазақтар да солай. Арғы атам ер түрік деп С. Торайғыров айтқандай, қазақ халқының арға тегі, түпкі төркіні - түркілер. Түркілердің бір бөлігі, бір тармағы болғандықтан, олар өткен тарихтық өткелдерден қазақтар өтті. Осы себептен де қазақ халқының азаматтық, тілдік, рухани тарихы, белгілі шамада болса да, жалпы түркілік тарихпен сабақтасып жатады. Сондықтан түркілер тарихынан түркология қағидаларынан хабарлар болмайынша, туған халқымыздың, тіліміздің тарихын жете білу мүмкін емес. Қазақ тілі туыстық белгілері жағынан да, типологиялық белгілері жағынан да түркі тілдерімен бірлікте. Оның қалыптасу, даму тарихы жалпы түркі тілдерінің тарихымен тығыз байланысты. Осы себептен де қазақ тілі білімі Отандық түркологияның бір саласы болып есептеледі. Отандық түркологияның табыстарына, жетістіктеріне қазақ тілі білімі де ортақ. Ол сол табыстарға сүйенеді, соны басшылыққа алады. Сондықтан түркология тарихын білмейінше қазақ тілі білімінің тарихын жете білу мүмкін емес. Осы себептен де түркі халықтарының ертедегі тарихын білу деген сөз - өз туған халқымыздың, тарыхын білу деген сөз, сол сияқты, жалпы түркі халықтары тілдерінің, яғни түркі тілінің ертедегі тарихын білу деген сөз - өз ана тіліміздің тарихын білу деген сөз. Түркологияны білудің қажеттігі, міне, осында. Түркі тілдес халықтар, этникалық топтар түркі халықтары деген ортақ атаумен аталады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, түркі тілдес халықтар саны 30-дан аса. Олардың жалпы саны жүз жетпіс миллионан астам. Тараған аймақтары жағынан алғанда, ТМД-да, қалғандары біздің елімізден тысқары елдерде, Түркияда, Қытайда, Монғолияда, Батыс Еуропада, Африкада, Америкада, Австралияда тұрады. Одақ көлемінде түркі халықтары сан жағынан алғанда славяндардан кейінгі екінші орынға ие. Қоныс ыңғайы жақтан алғанда түркі тілдері төмендегідей аймақтарға бөлінеді: 1. Орта Азия мен Қазақстанда - қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, қарақалпақ, ұйғыр тілдері; 2. Кавказда - әзірбайжан, құмық, қарашай, черкес, трухмен (Ставрополь өлкесінде), ноғай тілдері; 3. Поволжьеда, Оралда - татар, башқұрт, чуваш тілдері. 4. Сібірде - тува, якут, алтай, хакас, шор, чұлым (Обқа құятын өзен атымен аталған тілдері); 5. Литва мен Украинада, Молдавияда, Қырымда - гагауыз, қырым татарлары, қарайым, қырымшақ, урум тілдері тараған. Түркі тілдерінің бір негізден тараған өзара туыстас тілдер екендігі олардың морфологиялық формалары мен синтаксистік тәсілдеріндегі бірліктен, жақындықтан да дыбыстық жүйелері мен негізгі сөздік қорындағы бірлік пен жақындықтан да байқалады. Туыстық жақтан бір топқа жатқызылғанымен түркі тілдерінің бір-бірімен жақындық дәрежелері бірдей емес: олардың ішінде бір-бірінен шамалы ғана өзгешелігі бар, сөйлеушілері бір-бірін тілмашсыз-ақ түсінісе алатындары да тілмашсыз сөйлесе, түсінісе алмайтын алыстары да бар. Мысалы, Қарақалпақтар мен қазақтар, немесе бұл екі халық пен қырғыздар татарлар өзара сөйлесе, түсінесе алады, бірақ бұл халықтар чуваштармен, болмаса якуттармен ондай қатынас жасай алмайды. Осы тұрғыдан алғанда, белгілі шығыс зерттеушісі Н.А. Аристовтың ертеректе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.20ғ басындағы түркітану тарихы
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Түркітаным тарихы туралы қысқаша мәлімет
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы туралы ақпарат
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Түркітануға кіріспе
Көне түркі жазба ескерткіштері жайлы
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу. салыстырмалы-тарихи зерттеу (xyiii-xix ғғ.) Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Түркі сөзінің тамыршысы
Еуразия кеңістігіндегі түркі тілдері
Пәндер