ҚР инфляцияға қарсы саясаты турасында


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Орындаған:Бейсеков К
Оқу тобы ОП- 413
Тексерген: Готман Л. А
Семей 2015 жыл
ҚР инфляцияға қарсы саясаты
2007 жылғы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы экономика дамуының қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы-нын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы нақтыланды.
Тұтастай алғанда, 2006 жылға арналған ЖІӨ-нің жалпы көлемі 6 725 млрд. теңге мөлшерінде немесе 8, 3%-ға нақты өсуі болжанып отыр. Орташа жылдық инфляция 5, 7 %-дан 7, 6%-ға дейінгі межеде көзделген. Мұнайға (Вгепі маркалы) әлемдік бағаның түзетілген болжамы бір баррель үшін 55 АҚШ доллары
2006 жылғы республикалық бюджетті нақтылау осы жылғы екінші жарты жылдықтан бастап Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімге арналған тұжырымдамасының қолданысқа енгізілуіне бағытталған, бұған сөйкес елдің барлық мұнай кірістері қорға аударылады. /13/
Бюджеттің кіріс бөлігі мұнай емес сектордың есебінен ғана қалыптасатын болады. Егер мұнай емес сектордан түсетін кірістер қалыптасқан республикалық бюджет шығыстарының денгейін жаппайтын болған жағдайда, онда осы айырмашылықты жабуға кепілдік берілген трансферт түрінде Ұлттық кордан қаражат жіберіледі. Бұл ретте, кепілдік берілген трансферт бюджеттік даму бағдарламалары ғана қаржыландырылады.
Мұнай және мұнай емес кірістерді есепке алудың жаңа тетігін қолданысқа енгізу кезінде және барлық мұнай кірістерін Қорға есепке алудың салдарынан 2006 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің болжамы 39, 6 млрд. тенгеге азаяды.
Бекітілген бюджетте жоспарланған даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыру үшін және бюджетті нақтылау кезінде қабылданған қосымша шығындар үшін 2006 жылдың екінші жартысында ұлттық қордан республикалық бюджетке 124, 6 млрд. теңге келілдік берілген трансферт жіберілетін болады.
Макрокөрсеткіштерді нақтылауды және Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тетігін іске асыруды ескере отырып, 2006 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жалпы көлемі 1 576, 9 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 18, 1%) мөлшерінде немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 85 млрд. теңгеге өсумен қалыптасты, шығыстардың көлемі 1 703, 1 млрд. теңгені (ЖІӨ-ге 19, 5 %) немесе 97, 5 млрд. теңгеге өсумен тапшылық 126, 3 млрд. теңгені құрайды.
ЖІӨ-нің нақтыланған көлеміне пайыздық қатынаста тапшылық өзгеріссіз 1, 4%-да қалды, ал абсолютті мәнде 2005 жылғы республикалық бюджетті атқару қорытындылары бойынша пайдаданылмаған бюджет қаражатының еркін қалдықтарын тарту мақсатында 12, 5 млрд. теңгеге ұлғайды.
Бюджеттің шығыс бөлігінің өзгерістері тұтастай Мемлекет басшысының Жолдауында айқындаған басымдықтардан туындайтын іс-шараларды іске асыруға бағытталған.
2005-2010 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберін делингафондық және мультимедиалық кабинеттерді жасауға - 1, 1 млрд. тенге, физика, химия және биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 2, 5 млрд. теңге қалыптасқан үнемдеудің есебінен қосымша қаражат бөлу көзделген.
2005-2007 жылдарға арналған К, Р «электрондық үкімет» құрудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Бірізділік нөмірлердің ұлттық тізбесін жасауға 3 млрд. теңге көзделіп отыр.
Әлеуетті құрылымдардың зейнеткерлеріне сараланған зейнетақы төлемдерін арттыруға 2, 6 млрд. теңге, азаматтардың жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін ұлғайтуға 777, 9 млрд. теңге бөлінеді.
Қорғаныс министрлігіне қосымша 20 млрд. теңге шығыстар қарастырынды. Осылайша, Қорғаныс министрлігінің 2006 жылға арналған бюджеті 101 млрд. теңгені немесе нақтыланған ЖІӨ-нің (8 725 млрд. теңге) 1. 2%-ын құрайтын болады.
Қазақстанның көлік стратегиясын іске асыру мақсатында автомобиль жолдарын салуға қосымша 5 млрд. теңге бөлінеді.
2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 5 млрд. теңге көзделіп отыр.
Астана қаласын дамытуға 38 млрд. теңге сомасында, онын ішінде қала бюджетіне нысаналы трансферттер түрінде 17, 4 млрд. теңге сомасында қосымша қаражат бөлінеді. Алматы қаласын дамытуға 5, 5 млрд. теңге (тұрғын үй құрылысын қоса есептегенде - 8, 5 млрд. теңге) бөлінетін болды.
2005 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша - кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.
Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген:
- мемлекеттің ақша - кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Ұлттық банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір нақты көрсетеді.
Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі жылдан бастап «базалық инфляция» индексіне қарай бағдарлар белгілейтін болады.,
1 кесте Инфляция деңгейі
2005 ж.
% бойынша
бағалары
2005 ж. маусы -
мынан 2005 жылдың мамырына дейін
ерлер аяқ киімі
балалар киімі
балалар аяқ киімі
әйелдер аяқ киімі
жас қияр
Атырау облысы
2005 жылғы маусымда тұтыну тауарлары мен ақылы қызмет көрсетудің бағалары мен тарифтері 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1, 7%-ға, мамырға 0, 1%-ға өсті, соның ішінде азық-түлік тауарлары 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1, 6 %-ға өсіп, осы жылғы мамырға 0, 1 %-ға азайды; азық-түлік емес тауарлары -1, 9%-ға, 0, 3%-ға өсті; ақылы қызмет тиісінше 1, 8 %-ға, 0, 1 %-ға асты. 2005 жылғы маусымда негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі мөлшерімен есептелген орташа жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы 2002 жылғы желтоқсаннан 5, 1%-ға артты, ал 2003 жылғы мамырмен салыстырғанда 1, 6%-ға кеміп, 6463 теңге болды. Өнөркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2005 жылғы маусымда 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4, 2 %-ға азайды.
2 кесте. Тұтыну тауарлары мен ақылы қызмет көрсетудің бағалары мен тарифтері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz