Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Өлкедегі азамат соғысы (1917-1920 жж.)



1917 ж. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
1917 жылы қазан айында Петроградта Уақытша өкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүние жүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға бүкіл елде, оның шет аймақтарында Кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.
Төңкеріс бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру аркылы халықтың әртүрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мұқтаждық зардаптарын шегіп әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің кол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бүғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік - бүкіл халыққа берілсін - деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі.
Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.
Қазан тенкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы табы болған жок. Екіншіден, шет аймақтарда билікті

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Өлкедегі азамат соғысы
(1917-1920 жж.)

Орындаған:
Тексерген:

1917 ж. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

1917 жылы қазан айында Петроградта Уақытша өкімет құлатылып, мемлекет
билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүние жүзін,
бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға бүкіл елде, оның шет аймақтарында
Кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық
аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.
Төңкеріс бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің
қолына беру аркылы халықтың әртүрлі топтары мен түрлі ұлттардың,
халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол
ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып,
халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық
пен мұқтаждық зардаптарын шегіп әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын
жол ашылады деп есептеді. Ресейдің кол астында болып келген орыс емес
халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-
әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бүғауынан босанып,
тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер
зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік - бүкіл халыққа
берілсін - деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар
жөнінде өз бағыттарын белгіледі.
Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен
бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан
кетпеуге шақырды.
Қазан тенкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен
шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қазақстанда Кеңес өкіметі
орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек
жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол
жұмысшы табы болған жок. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны
жөнінде жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде автономия
жарияланып, олардың Ресей құрамында болатыны-болмайтыны жөніндегі мәселе
ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқүрт, Түркістан, "Оңтүстік шығыс
одағы" деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын
ұлттық өз иелігін құруға кұлшындырды. Сейтіп, 1917 жылы желтоқсанда
Алашорда үкіметі пайда болды. Оның Батыс Казақстандағы бөлігін Халел, Жанша
Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,
т.б. басқарды.
Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте
жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін
Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.
Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанға көмек көрсету үпііи Ә.
Жапкелдин, В. Чекмарев, П. Кобезев және т. б. төтенше комиссарлардың келуі
қазақ халқының арасынан Әділбек Майкотов, Бекен Серікбаев, Сәкен Сейфуллин,
Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Амангелді Иманов, Әбдірахман Әйтиев сияқты
көптеген күрескерлерді шығарды. Еңбекші халықтың жаңа өмір жолындағы
күресіне басқа ұлт өкілдері К.Шугаев, П.Салов, П. Виноградов, С. Журавлев,
Л. Емелев, Я. Ушанов, А.Розыбакиев, В. Зинченко, П. Басов, И. Дубынин, тағы
басқа да ондаған азаматтардың ат салысуы төңкерістің Қазақстанда да жеңуіне
жол салды.
Төңкерісті қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер
большевиктер жағына түгелдей шықты. Ал қызыл әскер жасақтары бар аудандарда
өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына болыпевиктердің Кеңесте
көпшілік орынға ие болуы арқылы жүзеге асты.
Мұндай жағдай Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген
аудандарында, Сырдария және Бекей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс
қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу
облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық
көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен құрбандықтар
арқасында ғана тиді.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917
жылғы 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери
гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын.
Сырдария облысында Кеңес өкіметінің орнауы, оның саяси-экономикалық
және әкімшілік орталығы Ташкент қаласында 1917 жылы 30 қазанда Кеңес
өкіметі құрылғаннан кейін іске асты. 1917 жылы қараша айының орта кезінде
Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында
Кеңес өкіметі Әулиеатада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және
облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.
Петропавлда жұмысшы және шаруа депутаттары Кеңесінің темір жол
жұмысшыларымен бірлескен қимылының арқасында 1917 жылы 12 қарашада
төңкерістік уақытша комитет құрылды, оның құрамына Ғ.Ыдырысов,
Я.Побелянский, К.Сүтішев, П.Рыжов және т. б. кірді. Бұл комитет кейіннен
Кеңесті басқаруды оз қолына алды. Дегенмен Көкшетау, Павлодар, Атбасар,
Семей, Өскемен уездерінде қазақ-орыс ж:әне офицер-старшина билеуші
топтардың ықпалы басым болғандықтан, Кеңес өкіметі үшін күрес біраз
қиындыққа кездесті. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918
жылы ақпанның 16-нан 17-не қараған түнде кешті.
1917 жылғы желтоқсан - 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес өкіметі
Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе калалары мен басқа да ірі
елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес өкіметінің орнауына
А.Иманов, К.Қойдасов, В.Чекмарев, В.Зинченко және т. б. күрескерлер елеулі
үлес қосты.
Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес, төңкеріс карсыластары
күштерінің басым болуына байланысты, 1918 жылдың көктеміне дейін созылды.
Мұнда төнкеріс толқынының екпінді күш алуына 1917 жылдың күзінен бастап
майданнан қайтқандармен және елдің басқа аудандарынан келген төңкеріс
идеясын қолдаушылардың косқан үлесі елеулі болды. Олардың арасында Т.
Бокин, Т. Әтепов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халықтың
өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары кызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды,
әскери-төңкеріс комитетін кұрды. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған
түні Верныйда Әскери-төңкеріс Комитеті басқарған жұмысшылардың Қызыл ұлан
жасақтары мен екінші казак-орыс полкінің жауынгерлерінен ұйымдасқан күштер
қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп, "әскери өкіметтің" тірегі болған
қамалды, қару-жарақ қоймасын, почта-телеграфты, т.б. маңызды мекемелерді
басып алды да, Верный қаласында Кеңес өкіметін орнатты.
Кеңес өкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопльда Аягөз,
Талдықорганда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Сөйтіп, 1917 жылдың
қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі
Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және
экономика саласындағы алғашқы өзгерістер

Кеңес өкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның
ішінде, Уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік әкімшілік
қоныстандыру басқармасы, бұрынгы сот жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмысшы,
солдат депуттары кеңестерінің қолына өте бастады. Мұндай өзгерістердің іске
асуында Қазақстан калаларында құрылған төнкерістік комитеттердің рөлі зор
болды. Олар қызыл ұландар бөлімдерін, жұмысшы жасақтарын құрды, кедейлерге
арқа сүйеп, канаушы таптардың қарсылығына тойтарыс берді, өкімет билігінің
кеңестердің қолына өткенін жариялап, олардың нығаюы үшін ат салысты.
Кеңестер билікті ойдағыдай жүргізу қабілетіне ие болған жерлерде төңкеріс
комитеттері өз міндеттерін кеңестерге беріп, тарап кетті.
Өкімет билігінің ескі құрылымы Қазақстанда бірден жойылған жоқ. Олар
әуелі кеңестердің қарамағына өтіп, сосын аттарын өзгертіп, бірте-бірте
Кеңес қарауына алынды. Мәселен, 1918 жылы ақпанда жұмысшы, шаруа, солдат,
мұсылман депутаттары Ақтөбе Кеңесі қалалық басқарманы Кеңес басқару орны
етіп қайта құрып, калалық думаны таратты. Семей облыстық Кеңесі 1918 жылы 9
наурызда дума мен басқармаларды таратып, уақытша үкіметтің уездік
комиссарларының міндетін жаңа кұрылған кеңестерге жүктеді. Сол жылы 12
сәуірде Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлар Кеңесі азық-түлік
басқармаларын тиісті Кеңестердің азық-түлік бөлімі етіп қайта құру жөнінде
жарлық шығарды. Қостанай уезіндегі шаруашылық иелігі (хозяйственная управа)
Кенестің қарамағына алынды. Кенес өкіметінің кайта құру шараларыи іске
асыруға өршелене қарсы шыққан Петропавл, Акмола, Түркістаи, Өскемен,
Верный, Әулиеата, Жаркент, Қапал, Лепсі сияқты жерлердегі земстволык,
калалық басқармалар таратылды. Кейбір жерлерде Қостанай, Перовск,
Қарқаралы, Зайсан олар Кеңестердің қарамағына көшті.
Ескі мемлекеттік апнаратты қирату отарлау саясатына берілген алғашқы
соққы сді. Ол еңбекшілердің Кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай
туғызды. Олардың көмегімен үстем таптардың артықшылықтары шектеліп,
қазақтардың ұлттық теңдігі қамтамасыз етілді. Олар Ресей Кенес Федеративтік
Республикасының тең құқықты азаматы болды.
Шіркеудің мемлекеттен, мектептің щіркеуден ажыратылуы, ерлер мен
әйелдер теңдігі іске асырылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1917
жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен адамдардыц сословиге бөлінуі, олардың
құқықтық артықшылығы мен шектеушілігі, сондай-ақ сословиялық мекемелер,
ұйымдар жалпы сословие атауы жойылды.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде басқарудың бірыңғай құрылымы болған
жоқ. Кейбір жерлерде Орталықтағы сияқты Халық Комиссарлар Кеңесі, екінші
бір жерлерде облыстық мекемелер мен басқармалардыц Комиссариаттары құрылды.
1918 жылдың күзінен бастап, басқарудағы ала-құлалық жойылып, Кеңес атқару
комитеттері билікті өз қолына топтастыра бастады. Маңызды мәселелер салалық
басқармалардың коллегия мәжілісінде қаралып отырды.
Ауыл-селоларда әлі кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің
нұскау, жарлықтарын іске асыруға карсылық күшті болды. Халық азық-түлік
тапшылығынан қорлық көрді. Бай, кулактар белгіленген нарык, бойынша
мемлекетке астық тапсырудан бас тартты. Кеңес өкіметіне карсы күштер бас
көтерді. Осының бәрі уездік кеңестерден шұғыл және шешуші шараларды іске
асыруды талап етті. Кеңеске қарсы күштердің карсылығын басу, жергілікті
жерлерде өкімет билігін иығайту қажет болды. Бұл міндеттерді іске асыру
басқарудың коллегиялық әдісін нығайтуды керек етті. Осыған орай көптеген
маңызды мәселелер коллегия мәжілістерінде қаралып шешілді.
Облыстық, уездік, болыстық кеңестердің жер, азық-түлік, шаруашылық,
сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар
іске асырылды. Төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссия,
милиция құрылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б.
бөлімдер ашылды. Заңдар, жарлықтар тек кана орыс тілінде ғана емес, казақ
тілінде де жирияланатын болды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар
жұмыс істей бастады. Осындай курс Семей уезінде ұйымдасты. Облыстық
Кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынасты реттейтін комиссиялар құрылды. Олар
Қытайға көшіп кеткен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азамат соғысы
1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Қаз.АКСР-ның одақтас республикаға айналуы
Бөкей ордасының тарихи сипаттамалары
1917 жылғы ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ. ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ. ӨЛКЕДЕГІ АЗАМАТ СОҒЫСЫ
1917 – 1939 жылдардағы қазақ халқы
1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер