Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі жайында



«Әрбір адамзат баласын туғанынан бастап қоршаған орта табиғаты қоршап тұрады,сол табиғаттан,оның сұлулығынан және әуенінен әрбір адамда өзіндік сезімі мен ойлары қалыптасады… Табиғаттың құпия сырларының өзі қанша- ма». Осындай табиғаттың құпия сырларының бірі – егіздер


Психогенетиканың негізгі ғылыми зерттеу әдістері – егіздер әдісі.Геннеология ғылымы егіздердің жасалу жолдарын генетикалық ерекшеліктерін зерттейді.Геннеология негізі геннеограммаережелері мен символдарында тәуелді.Бойында белгілі бір гендік ұқсастық бар адам пробанд деп аталады.
Кез келген тұқымқуалайтын белгілер жатады:қабілеттік, тұқымқуалайтын аурулар.Геннограммадағы жыныстық белгілердің сипаты көрсетіледі.«Табиғат және тәрбие» атты еңбегінде Ф.Гальтон ұқсастық белгілері жөнінде мәселені көтерген.

Егіздер туғандағы ұрық сырттары қатынасуының нұсқасы болуы мүмкін:
 Егіздерде амнион, хорион және плаценталары бөлек;
 Егіздерде амнион мен хорион бөлінген, бірақ ортақ плацентада дамиды;
 Егіздерде амнион бөлінген, бірақ хорион мен плацентасы бір;
 Егіздерге амнион, хорион және плацента бірдей берілген
Пайдаланған әдебиеттер:
1. .В.С.Мухина «Близнецы» М. 1997 жж 50-125б.
2. .В.Фридрих «Близнецы» М. 1984 ж 65-70б.
3. Равич - Щербо «И.В. Исследование психогенетики человека»2007ж 5б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІ

Тақырыбы: Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі.

Орындаған:Аманжолова Ж.Е
Топ:ПХ-415
Тексерген:Тезекбаева М.Ж

Семей 2015 жыл
Әрбір адамзат баласын туғанынан бастап қоршаған орта табиғаты қоршап тұрады,сол табиғаттан,оның сұлулығынан және әуенінен әрбір адамда өзіндік сезімі мен ойлары қалыптасады... Табиғаттың құпия сырларының өзі қанша- ма. Осындай табиғаттың құпия сырларының бірі - егіздер

Психогенетиканың негізгі ғылыми зерттеу әдістері - егіздер әдісі. Геннеология ғылымы егіздердің жасалу жолдарын генетикалық ерекшеліктерін зерттейді.Геннеология негізі геннеограмма ережелері мен символдарында тәуелді.Бойында белгілі бір гендік ұқсастық бар адам пробанд деп аталады.
Кез келген тұқымқуалайтын белгілер жатады:қабілеттік, тұқымқуалайтын аурулар.Геннограммадағы жыныстық белгілердің сипаты көрсетіледі.Табиғат және тәрбие атты еңбегінде Ф.Гальтон ұқсастық белгілері жөнінде мәселені көтерген.

Егіздер туғандағы ұрық сырттары қатынасуының нұсқасы болуы мүмкін:
# Егіздерде амнион, хорион және плаценталары бөлек;
# Егіздерде амнион мен хорион бөлінген, бірақ ортақ плацентада дамиды;
# Егіздерде амнион бөлінген, бірақ хорион мен плацентасы бір;
# Егіздерге амнион, хорион және плацента бірдей берілген
.

Егіздер

Дизиготалы
Монозиготалы

* Бір жұмыртқалы егіздер (монозиготалы) генетикалық жағынан - ұқсас,бірдей,пара-пар,тең (идентичный).
* Екі жұмыртқалы егіздер (дизиготалы) генетикалық жағынан - әр түрлі,бір-біріне ұқсамайды,тең емес (неидентичный)

Дизиготалы егіздерге (ДЗЕ) алғашқы 2 түр тән болса, монозиготалы егіздердің (МЗЕ) өмірге келуі кезінде жоғарыда аталған барлық 4 түрі байқалуы мүмкін екен.
Егіздер тууының жиілігі әр популяцияда түрліше көрінеді, бірақ бұндай алуан түрлілік ДЗЕ-дің туу жиілігі айырмашылығының арқасында пайда болады, ал МЗЕ-дің туу жиілігі барлық популяцияларда шамамен бірдей қайталанады, яғни тұрақты. МЗ немесе ДЗЕ-дің туу жиілігін қарапайым тәсіл арқылы анықтауға болады. МЗЕ әрдайым бір жынысты болса, ДЗЕ-дің бір жынысты не екі жынысты болып туу мүмкіндігі бірегей. Олай болса, ДЗЕ-дің туу жиілігі екі жынысты егіздердің туу жиілігі 2 есеге тең болады. Ал МЗЕ-дің туу жиілігін барлық егіздер санынан ДЗЕ-дің туу санынан шегергенде анықталады.
МЗЕ бір зиготадан дамитындықтан, олар генетикалық тұрғыдан бірдей және фенотиптеріндегі барлық айырмашылықтар тек қана қоршаған ортаға байланысты болады. Белгілі бір қасиет-сапаның генетикалық фактор әсерінен қандай деңгейде өзгеретіндігін анықтау үшін, МЗЕ-дің ұқсастық деңгейін анықтау жеткілікті-ақ деген жалған түсінік кең тараған. Бұл болжам тек туғаннан айырылып, түрлі ортада өскен МЗЕ үшін лайықты. Алайда көп жағдайда МЗЕ бір ортада тәрбиеленгендіктен, қоршаған ортаның әсерін есепке алу үшін ғалымдар ДЗЕ-ді зерттейді. ДЗЕ үшін қоршаған орта МЗЕ-ге де сияқты бірдей әсерін тигізеді, бірақ оларда ортақ гендер саны аз болады. Олай болса, МЗЕ-ге қарағанда ДЗЕ-дің генетикалық шартталған ұқсастық деңгейі төмен болады.
Егіздер әдісін Ф. Гальтон 1865 жылы ойлап тапса, оны ары қарай өңдеген - Г. Сименс (1924 ж). Сименс зиготалықты зерттеудің сенімді тәсілін (полисимптомды салыстыру әдісін) жасап шығарды. Бұл әдіс егіздердің бірқатар параметрлері (психофизиологиялық ерекшеліктер, ақыл-ой көрсеткіштері, темперамент, сезімталдылық деңгейі, реактивтік жылдамдығы т.б.) бойынша ұқсастық не айырмашылық деңгейін бағалауға негізделген. Әрбір бөлек тұрған жағдайда егіздердің зиготалылығы туралы айтуға болмайды, алайда сол параметрлердің кешенін пайдалану кезінде бұл әдіс неғұрлым сенімді диагностика өткізуге мүмкіндік береді. Қала берсе Сименс зерттеу объектісі ретінде тек МЗЕ-ді ғана емес, сонымен қатар ДЗЕ-ді де пайдалануды ұсынған.
Классикалық нұсқадағы егіздер әдісі. Біріншіден, МЗЕ үшін де, ДЗЕ үшін де қоршаған ортаның теңдігі ұйғарылады, бұнсыз бұл әдістің сенімділік пен жарамдылық көрсеткіші төмендейді. Бұл жағдайда егер де қасиет-сапаның өзгергіштігі толығымен ортаға тәуелді болса, онда МЗ және ДЗЕ бұл қасиет-сапа бойынша 1,0-ге жуық ортақ жоғары ішкі корреляцияға ие болады. Ал қасиет-сапаның өгергіштігі толығымен генотипке тәуелді болған жағдайда, корреляция коэффициенті МЗЕ тобында 1,0-ге жуық болып, ДЗЕ тобында 0,5-ке жуық шамамен тең болады (яғни бұл - ДЗЕ-дің туыстық деңгейі, олардың генотиптерінің ұқсастығы).
Екіншіден, егіздер мен жалғыз туғандар арасындағы жүйелі айырмашылықтардың жоқ болуы шартталынады. Керісінше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі жайлы мәлімет
Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі жайлы
Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі
Жас мәселесі және психикалық дамудың заңдылықтары
Тұкым қуалаушылық. Генетика
Психогенетиканың қалыптасып дамуы туралы ақпарат
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы
Психогенетика
Абылай ханның хаттары қытай мұрағатынан табылды
Экогенетикадағы зерттеу әдістері
Пәндер