Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Халық шаруашылығындағы орман саласының рөліТексерген: Тойкин С. Х
Дайындаған: Бағдатова А. Б
Семей
Жоспар Кіріспе 1. Халық шаруашылығындағы орман ресурстарының маңызы2014 жылы
2. Орманды халық шаруашылығында шикізат ретінде пайдалану
3. Орман ресурстарын пайдалану мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Орман шаруашылығын құру халық шаруашылығымен және салалық жоспарлаумен тығыз байланысты екенін көруге болады. Орман шаруашылығын құру жоспарлаумен екі жақты болып келеді. Бір жағынан, орман шаруашылығын құру жобалау мен жоспарлауға барлық керекті материалдарды береді, перспективтік және жылдық жоспарлауда нақты есеп алуды қамтамасыз етеді. Осы жағынан халық шаруашылығындағы жоспарлау жұмысының сапасын арттырады. Басқа жағынан алсақ, орман шаруашылығын құру орманшылықтардағы орман шаруашылығын ұйымдастырудың жобалық жоспарын жасайды. Осы функцияны орындауда орман құрудың кәсіпорындарда жетекші жоспарлық рөлі зор. Орман туралы сипаттамалық ақпараттар орманда дұрыс шаруашылық ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Орман фондын инвентеризациялағанда ағаш тұқымдарының шикізат қоры, ассортименттер және облыс және аудандар бойынша орналастыру мемлекет территориясындағы ағаш дайындау, қағаз-целлюлоза және ағаш өңдеу кәсіпорындарының негізі болып табылады. Ол орманды эксплуатациялауда орманы қалың және орманы сирек жерлерде жоспарлаудың сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді.
Орман шаруашылығын құру маңызды мақсаттарының бірі - орман шаруашылық бірліктерінде пайдаланудың көлемін бекіту. Осыған байланысты орман шаруашылығын және орман эксплуатациясын жоспарлағанда қажетті техникалық есептеулерді орындайды. Пайдаланудың жақын мерзімге және келешекке жобасын жасағанда орман шаруашылығын құру орманды пайдаланудың сұрақтарын нақты шешуге көмектеседі.
Жоспарлау жоспар жасау периодының санағына және шаруашылықтың анализіне тікелей тәуелді болады. Халық шаруашылығында және оның салаларындағы перспективалық жоспарлар орман шаруашылығын құрудағы маңызды нұсқаулар береді: а) орман шаруашылығының халық шаруашылығының басқа да жетекші салаларымен байланысын; б) орман шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыттары және мемлекеттің жеке үлкен аудандарындағы негізгі жұмытардың ауқымын; в) орман құру жұмыстарының көлемі мен географиялық орналасуын айқындайды.
1. Халық шаруашылығындағы орман ресурстарының маңызы.Орманның халық шаруашылығы және адам өмірі үшін маңызы зор. Халық шаруашылығында орман өнімдерін пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз - осылардың бәрі табиғаттың сыйы. Табиғатқа қамқорлық жасау - әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парызы.
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі - таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20, 9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика - көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3, 8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5, 1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар - Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі. Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568, 4 мың гектар болды. Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12, 1 гектары өртеніп кеткен.
Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз - тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті. Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.
1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды. Жалпы орман шаруашылығында ормандардың тиімділігін арттыру мақсатында есептеу жұмысы жүргізіледі.
Ормандардың экономикалық тұрғыда бағасын есептеу.
M a , M b - кесу жасының күтілетін қоры м 3 ,
r a , r b - кесу жасының дифференциалдық қоры; с 1 м 3
T a , T b - кесу жасы, эталондық және нақтылы;
t - бағалау кезіндегі отырғызу жасы;
i - қосымша пайдаланудағы ресурстың түр индексі;
n - ресурс түрлерінің саны;
Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа
жататын ормандар 18, 7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор. Қазақстан ормандарының басым көпшілігі - Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.
Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.
Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында - 1, 5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2, 1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.
Сурет 1. Халық шаруашылығы саласындағы орман ағаштарының пайдалану көрсеткіштері (%) .
Халық шаруащылығында орман ресурстарын пайдалану кезінде, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер - Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz