Ұлттық есепшот жүйесінің мазмұны туралы



Ұлттық есеп шоттар жүйесі - елдегі экономикалық процестерді макродеңгейде сипаттау, талдау үшін қолданылатын нарықтық экономиканың халықаралық статистикалық үлгісі. Бұл жүйенің экономикалық саясатты дамытуда, нарықтық экономиканы реттеуге байланысты шешім қабыл-дағанда, бюджет саясатын анықтағанда, инфляциямен күрес шараларын белгілегенде, қысқа және ұзақ мерзімді болжамдар жасауда атқаратын рөлі зор. Бухгалтерлік және банк есептерінің, статистиканың әдістемелік қағидалары біртұтастыққа негізделгендіктен, ұлттық шоттар жүйесі жалпы есеп жүргізудің нәтижесі болып табылады. Экономикалык даму көрсеткіштерінің әлемдік жүйеге интеграциялануы мен халықаралық салыстыруларды жүргізу қажеттілігі ұлттық шоттар жүйесіне деген қызығушылықты арттырады. Ұлттық шоттар жүйесінің мәліметтерін Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық Валюта қоры, Халықаралық Еңбек Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар, кәсіпкерлер, ғылыми-зерттеу мекемелері де кеңінен қолданады. Сондықтан «Ұлттық есеп шоттар жүйесі» курстық жұмысты таңдап, жазған себебім – экономика саласындағы негізгі орындардың бірі. Ұлттық есеп шоттар жүйесінің зерттеу объектісі ел экономикасы, экономиканың, жеке салалары мен секторлары бойынша саналады. Өз объектісін зерттеу үшін ҰЕШЖ статистикалық әдістерді, соның ішінде халықаралық стандартты жіктемелерді, кестелерді, графиктік, баланстық әдістерді, талдау әдістерін кеңінен қолданады. Бұл курстық жұмыс ұлттық есеп шоттар жүйесінің негізгі категорияларын, ұлттық шоттардың, экономикалық баланстардың маңызын студенттердің дұрыс түсінуіне, әлеуметтік-экономикалық процестерді талдауда, зерттеуде статистикалық әдістерді дұрыс қолдана білуге көмектесу үшін ұсынылып отыр. Курстық жұмыстың мақсаты: Ұлттық есеп шот жүйесінің пайда болуы мен оның қазіргі көрсеткіштерін қарастыру. Курстық жұмыстың міндеті: Ұлттық есеп шот жүйесінің түсініктемесі мен мазмұнын ашу; Ұлттық есеп шоттар жүйесін құрудың жалпы қағидаларына тоқталу; Ішкі экономикадағы Ұлттық есеп шоттар жүйесінің жиынтық шоттарын қарастыру; ҰЕШЖ-сін қолданудың негiзгi кезеңдерi және стратегиясын қарастыру; ХШБ мен ҰЕШЖ-нің көрсеткіштерінің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын анықтау; Бухгалтерлік есепті реформалау және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшу жағдайына тоқталу. Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық есеп шоттар жүйесінің жағдайы. Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Сөож

Тақырыбы: Ұлттық есепшот жүйесінің мазмұны

Орындаған:Солтан Е.М
Топ:ФН-407
Тексерген:Қуантқан Б

Семей 2015
Ұлттық есеп шоттар жүйесі - елдегі экономикалық процестерді макродеңгейде сипаттау, талдау үшін қолданылатын нарықтық экономиканың халықаралық статистикалық үлгісі. Бұл жүйенің экономикалық саясатты дамытуда, нарықтық экономиканы реттеуге байланысты шешім қабыл-дағанда, бюджет саясатын анықтағанда, инфляциямен күрес шараларын белгілегенде, қысқа және ұзақ мерзімді болжамдар жасауда атқаратын рөлі зор. Бухгалтерлік және банк есептерінің, статистиканың әдістемелік қағидалары біртұтастыққа негізделгендіктен, ұлттық шоттар жүйесі жалпы есеп жүргізудің нәтижесі болып табылады. Экономикалык даму көрсеткіштерінің әлемдік жүйеге интеграциялануы мен халықаралық салыстыруларды жүргізу қажеттілігі ұлттық шоттар жүйесіне деген қызығушылықты арттырады. Ұлттық шоттар жүйесінің мәліметтерін Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық Валюта қоры, Халықаралық Еңбек Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар, кәсіпкерлер, ғылыми-зерттеу мекемелері де кеңінен қолданады. Сондықтан Ұлттық есеп шоттар жүйесі курстық жұмысты таңдап, жазған себебім - экономика саласындағы негізгі орындардың бірі. Ұлттық есеп шоттар жүйесінің зерттеу объектісі ел экономикасы, экономиканың, жеке салалары мен секторлары бойынша саналады. Өз объектісін зерттеу үшін ҰЕШЖ статистикалық әдістерді, соның ішінде халықаралық стандартты жіктемелерді, кестелерді, графиктік, баланстық әдістерді, талдау әдістерін кеңінен қолданады. Бұл курстық жұмыс ұлттық есеп шоттар жүйесінің негізгі категорияларын, ұлттық шоттардың, экономикалық баланстардың маңызын студенттердің дұрыс түсінуіне, әлеуметтік-экономикалық процестерді талдауда, зерттеуде статистикалық әдістерді дұрыс қолдана білуге көмектесу үшін ұсынылып отыр. Курстық жұмыстың мақсаты: Ұлттық есеп шот жүйесінің пайда болуы мен оның қазіргі көрсеткіштерін қарастыру. Курстық жұмыстың міндеті: Ұлттық есеп шот жүйесінің түсініктемесі мен мазмұнын ашу; Ұлттық есеп шоттар жүйесін құрудың жалпы қағидаларына тоқталу; Ішкі экономикадағы Ұлттық есеп шоттар жүйесінің жиынтық шоттарын қарастыру; ҰЕШЖ-сін қолданудың негiзгi кезеңдерi және стратегиясын қарастыру; ХШБ мен ҰЕШЖ-нің көрсеткіштерінің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын анықтау; Бухгалтерлік есепті реформалау және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшу жағдайына тоқталу. Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық есеп шоттар жүйесінің жағдайы. Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған. ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ШОТТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРИХЫ Ұлттық есеп шот жүйесінің мазмұны мен құрылымы Ұлттық есеп жүйесi - елдегi экономикалық процестердiң нәтижесiн, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететiн нарықтық экономиканың статискалық үлгiсi. Бұл үлгiде қолданылатын көрсеткiштер белгiлi бiр шоттар мен баланстық кестелер түрiнде берiледi. Ұлттық есеп жүйесi халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелерiне негiзделген. Ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi мақсаты - экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономиаклық саясатты жете зерттеп, белгiленген бағдарлама бойынша шешiм қабылдау үшiн әлеуметтiк - экономикалық статистиканың әр түрлi көрсеткiштерiн үйлесiмдi түрде қолдану. [2] Ұлттық есеп жүйесi - жан жақты жүей, оны әр түрлi салалардың мiндеттерiн шешу үшiн қолдануға болады. Ол елдiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн басқа елдердiң осындай көрсеткiштерiмен салыстыруға мүмкiндiк бередi. Соынмен қатар, әр елдiң ерекшелiгiн ескере отырып, бұл жүейнiң шоттарын, экономика секторларын көрсеткiштерiн нақтылауға, өзгертуге болады. Ұлттық есеп жүйесiн экономиканың әр түрлi саласында қолану арқылы мына мiндеттердi шешуге болады: мемлекеттiк реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесiнде экономиканың салалары, секторлары, әр түрлi экономикалық қатынастар туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған мiндеттi шешуге көмектеседi. ҰЕШЖ - нiң ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттiң, шаруашылық субъектiлерiнiң тұтыну шығындарын тексеруге, қажеттi деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргiзуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсатруға жағдай жасауға, айналымдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргiзуге, т.б. макроэкономикалық саясаттарды реттеуге болады; макрокөрсеткiштердi пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айнымалы көрсеткiштер арасындағы функционалыд байланыс параметрлерiн бағалау негiзiнде және уақыт қатарларын қолданып, экономиканың дамуының үлгiсiн құру; экономикалық даму стратегиясын жетiлдiру және оны iске асыратын шешiмдердi қабылдау; ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi көрсеткiштерi - жалпы iшкi өнiм мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргiзу. Бұл жерде барлық және жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм, қолда бар жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы iшкi өнiмге қатынасы есептеледi; статистиканың өзара байланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды, көрсеткiштердi, анықтамаларды, топтастыруларды жете зерттеу үшiн ҰЕШЖ-нiң тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесiн үйлесiм негiзi ретiнде қолдану. Ұлттық есеп жүйесiнiң тұжырымдамаларына сәйкес көрсеткiштердiң жаңа жүйесiне өту қажеттiгi мынадай жағдайларға негiзделген: Экономиканың макростатистикалық үлгiсi ретiнде қолданылатын ұлттық есеп жүйесi материалдық өндiрiс пен материалдық емес қызметтер өрiсi тең құқылы және дербес шаруашылық субъектiлерi тiкелей мемлекеттiң басқаруынсыз да экономикалық байланыстар жасай алады деген идеологияға сүйенедi. Мемлекет басқаруынсыз экономикалық байланыстар жасалғанда, өзiн-өзi реттеу механизмi болып сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, капиталдың бiр саладан екiншi салаға ауысуы есептелiнедi. Статистиканы өзгертуде макроэкономикалық көрсеткiштердiң атқаратын ролi зор. Халық шаруашылығы балансының макроэкономикалық көрсеткiш-терiнiң, материалдық өндiрiс басымдылығы туралы тұжырымдаманың, әлеуметтiк-экономикалық даму, сыртқы экономикалық байланыстар көрсеткiштерiнiң, төлем балансының, мемлекеттiк бюджеттiң халықаралық стандартқа сәйкес келмеуi халық шаруашылығын экономикалық әдiстермен басқаруға мүмкiндiк бермедi. Экономиканың дамуына байланысты қызметтер ролiнiң артуы экономиканың негiзгi даму заңдылықтарының бiрi болып саналады. Экономика дамыған сайын шаруашылық әрекеттiң нәтижесi ретiнде жалпы iшкi өнiмнiң құрамында көрсетiлетiн қызметтердiң үлесi арта түседi. Бұл заңдылық бiздiң Республикаға да тән, сондықтан қызметтердi жаңа жүйеде халық шаруашылығы балансындағыдан кең түрде қамту қажет. Өндiрiс нәтижесiн көрсеткенде тек материалдық өндiрiс өрiснiң тауарлары мен материалдық қызметтерiн ғана есептемей, сонымен қатар, материалдық емес қызметтердi де қарастыру қажет. Халық шаруашылығы балансында бұл қызметтер есепке алынбаған. 80 жылдары макроэкономиканы терең және жан- жақты талдау қажеттiлiк айқын сезiле бастады. Осы кезде мемлекеттiк статистикалық ұйымдар бұрын халық шаруашылығы балансында қамтылмаған кейбiр әлеуметтiк - экономикалық даму аспектiлерi туралы мәлiметтердi зерттеп, кестелер дайындады. Мысалы, осы жылдары материалдық емес қызметтер балансын құру, тұтынушылардың әр түрлi топтарына көрсетiлген материалдық емес қызметтер, қызмет көрсету шығындары туралы мәлiметтер жинау, оларды жете зерттеу сияқты жұмыстар қолға алынды. Сонымен қатар халықтың тауар мен қызметтi тұтыну көрсеткiшiн есептегенде, тұтынылатын тауармен, материалдық қызметтер құнымен қоса, материалдық емес қызметтер құны да есепке алынады. [3] Жалпы iшкi өнiм көрсеткiшiн (1988) статистикалық практикада қолдану макроэкономикалық статистиканың одан әрi дамуындағы негiзгi қадам болып саналады. Жалпы iшкi өнiмдi есептеу әдiстемесi ұлттық есеп жүйесiнiң принциптерiнде негiзделген. Жалпы iшкi өнiмдi, жалпы ұлттық өнiмдi есептеу экономиканың даму деңгейi мен қарқынын айқындайды, халықаралық салыстыруларды жеңiлдетедi, сонымен қатар экономикалық-статистикалық талдауды тереңдетедi. Толық көрініс үшін, жан-жақты мінездеме бойынша, түрлі сатыларда қоғамдық азық-түлік шығаруда, қалыптастыруда, реттеуде, үлестірілуінде және қорытынды кірістерді қолдануда, негізгі қорлардың өсуі, жер сатып алу, материялдық емес активтерді иелену шарттық субъектілердің кесінлілерінде салаларды, секторларды, барлық ішкі экономикалық және сыртқы экономикалық байланыстардың нәтежиесі экономикалық операцияларды Ұлттық шот жүйесінде арнайы баланстық шот-кесте түрінде ұсынылады. Сонымен қатар әр шот жалпы экономикалық деңгейдегідей құрылады және бұл секторлар мен салалардың деңгейінде де солай, басқа сөзбен айтқанда, жекеше және дәл сондай атпенен шот топтары құрылады, яғни олар қандай да бір шаруашылық субъектінің экономикалық дамуында көрініс табады, бірақ түрлі басқару деңгейлерінде. [4] Шоттар 2 бөліктен құралады: ресурстар және тұтыну ресурстары. Екі бөліктің қорытындылары өз араларында тең болып келеді. Бұл шоттың өз заттарымен қамтылады немесе баланстық мақалалар көмкгімен, яғни көрсеткіші, ол өздігінен экономикалық талдауда маңызды болып табылады, сонымен қатар басқа шоттарға ауысуға қызмет көрсетеді. Шот көрсеткіштерінің ара қатынасы, бір шоттан екінші шотқа ауысу мүмкіндігі, екі жазылым принципі түрінде қамтамасыз етіледі, қабылданған системада, әр операция екі рет бейнеленеді: біріншісінде- бір шот ресурстарында, екінші- басқа шоттардағы тұтыну ресурстарының бөлімінде. Ұлттық Шот Жүйесіне кіретін барлық кестелерді екі топқа бөлуге болады. Бірінші топты ішкі экономикалық шот құрайды, екінші топты- сыртқы экономикалық байланыстар шоты құрайды. Ішкі экономикалық шоттарға мыналар кіреді: Өндіріс шоты; Кіріс тудыратын шот; Табыстарды 1-ретті реттеу шоты; Табыстарды 2-ретті реттеу шоты; Капиталдық жұмсау шоттары; Қаржылық шот; Азық-түлік және қызмет көрсету шотттары. Сыртқы экономикалық операциялар шотына жатады: Ағымдағы шот операциялары; Капиталдық жұмсау шоттары; Қаржылық шот. Салааралық баланс, ұлттық-шаруашылық байланыстардың нақты мінездемесін береді, яғни бұл өндіріс процесімен шарттасқан және қолданыста бар технологиясы. Бұл төрт шаршыдан тұратын кесте көптеген абсолюттік салалар қарқынында құрылады, оның ішінде "Ұлттық шаруашылық салалар классификаторы" номенклатурасы кіреді өз ішінде көптеген жеке позицияларды қамтиды-салаларды (жолы, бағаны) және өзіндік үлкен маңызға ие, бұл экономикалық талдау мен жеке кәсіпорындар арақатынасы және ұлттық-шруашылық салалары үшін. Өз мазмұны бойынша салааралық теңдестік сол экономикалық процестің де, яғни "өндіріс шотын" бейнелейді, бірақ ақырғысы ірілеу номенклатура бойынша құрылады. Қаржы операцияларының анықтамалық кестесі, қандай қаржылық құндылықтың көмегімен жасалатынын, яғни ҰЕШЖ көрінісі; қаржы нарығындағы құрылымының өзгеруі және әр топ шарушылығының теңдестігінің қаржы ресурстарындағы құрылымы. [5] Ұлттық баланс кестесі өз мазмұнында бухгалтерлік баланс кәсібіне жасырынды түрде болады, және бұл өзінің ұлттық шаруашылығында құрылады. Ол өз кезегінде мемлекеттің ұлттық байлығының жыл сайынғы балансын көрсетеді. Ішкі экономикалық шоттар бір-бірімен байланысты болып келеді, бір шоттан екінші шотқа ауысу мүмніндігі болады. Бұл шотттардың бір-бірімен байланысының мазмұнын келесідегідей сызба кесте түрінде көрсетуге болады: Кесте 1 ҰЕШЖ-гі ішкі экономикалық шоттың қысқаша мазмұны Шоттың аты және № Ресурстар Қолданылуы 1.Өндіріс шоты Қызмет көрсету және азық-түлікті жалпы шығару Аралық тұтыну Жалпы қосылған бағасы 2.Табыстардың қалыптасу шоты Жалпы қосқан бағасы Еңбекақы Өндіріске салық салуЖалпы табыс (жалпы аралас табыс) 3.Бірінші реттеу табыс шоты Жалпы табыс (жалпы аралас табыс) Иеленген жекеменшіктен түскен табыс Сонымен қатар, ҰЕШЖ құрамына азық-түлік шоты және қызмет көрсету кіреді, бұл басқа көрсеткіштер негізінде құралады, кейбір жағдайларда бұл шот статистикалық-есептік мәліметтер негізінде құралады, қорытынды шот көрсеткіштері қалған шоттың құрылуына қолданылады. Сонымен қатар ҰШЖ ішінде ашық және жабық баланстық ведомостьтар құрылады, олар актив және пассив топтары көлемі жөніндегі мәліметттерді сақтайды, яғни шаруашылық субъектілер (салалар, секторлар) жыл басына не аяғына қойылады. Актив және пассив арсындағы айырмашылық жеке секторлар немесе экономикалық (институционалдық) бірліктерді қазіргі кездегі көлемін анықтаудағы бірлігі және оның өзіндік капиталы. Баланстық ведомость актив және пассив құнының 3 түрін көрсетеді: Институциялық бірлік арасындағы операциялық нәтежиенің актив және пассив иеленуі; Актив және пассивтің біржақты өзгеруі; Жеке активтің немесе жалпы бағаның өзгеруі нәтежиесінде актив және пассив құнының өзгеруі. Ұлттық есеп шоттар жүйесін құрудың жалпы қағидалары Ұлттық есеп жүргізушілік дегеніміз әдістемелік принциптердің бірлігіне негізделген, ұлттық шот жүйесін макродеңгейде және секторлар деңгейінде салумен аяқталатын, барлық экономикалық қызметтерді камтитын алғашкы, оперативті, бухгалтерлік жөне статистикалық есеп жүргізудің жұйесі. Ұлттық есеп шот жүйесі (ҰЕШЖ) - экономикалық процестер-мен олардың нәтижелерінің бір-бірімен байланысының баланстық өдістемесінің жиынтық мазмұндамасын көрсетеді. Әдістеменің бірлігі барлық шот көрсеткіштерінің жинақталуын, салыстырылуын, ақпарат арқылы бір-бірін толтыруын қамтамасыз етіп, экономикалық әрекеттің жиынтық суретін құрайды.Макроэкономикалық қызметтің нөтижесін сипаттайтын, бір-бірімен байланысты статистикалық көрсеткіштер жүйесін, белгілі шотгар жөне кестелер жинағы арқылы көрсету ұлттық шот жүйесі деп те анықтауға болады.ҰЕШЖ меншіктің барлық түрінде әрекет ететін институционалдық бірліктермен шаруашылық субъектілердің қызметін камтып, шығарылған жөне шығарылмаған, қаржылық және қаржылық емес, материалдық жөне материалдық емес активтердің операцияларын есепке алады. ҰЕШЖ негізінде экономикалық қызметтің өндіріс процесінің әр түрлі сатысындағы қорытынды макроэкономикалық көрсеткіштердің жүйесінде жатыр, мысалы, өнімдер мен кызметтерді өндіру, табыстарды құру, кайта бөлу және соңғы пайдалану, әр түрлі активтерді қолдану, жалпы сақтауды пайдалану (қорлану шоты), сыртқы экономикалық байланыс, т.б.Экономикалык процестер мен олардың нәтижелерінің мінездемесін, процестер арасындағы байланысын қамтуҰЕШЖ-гі көрсеткіштер негізінде жасалады. [6,125б] Сонымен, ҰЕШЖ - мемлекеттің, оның аймақтарымен секторларының экономикалық қызметін, әр түрлі экономикалық операциялар процесіндегі экономикалык агенттердің арасындағы өнімдердің ағымын және оның қаржыльгқ эквивалентінің бір-бірімен байланысын баланс (шот) негізінде көрсетіп, жинақты зерттеуге арналған экономиканың өзара моделі. ҰЕШЖ ағымдағы бағамен өңделген бірқатар негізгі шоттардан тұрады: 1.Ішкі экономиканың шоттары: А.өнімдер мен қызметтерді өндіру шоты; Б.табыстарды құру және бөлу шоты; табыстарды құру шоты; алғашқы табыстарды бөлу шоты; табыстарды екінші рет бөлу шоты; В.табысты пайдалану шоты; жалпы қолдағы бар табысты пайдалану шоты; түзетілген қолдағы бар табысты пайдалану шоты; Г.қорлану шоты; капиталмен жасалган операциялардың шоты; қаржы шоты; Д.тауарлар және қызметтер шоты; 2.Сыртқы экономикалық байланыстардың шоты: ағымдағы операциялардың субшоты; капиталдық шығындардың субшоты. Баланстық статьяны есептеу арнайы ресурстар жене пайдалану көлемінің арасында теңдік пайда болады, яғни жүйеге кірген әрбір шот баланс болып саналады. Экономикалық процестердің нәтижесінің сипаттамасында әрбір шоттың баланстық статьясының өз алдына мағынасы бар және ол өткен шотты келесі шотпен байланыстырады. Экономикалық талдауда өзіндік мағынасы бар жиынтық баланстық шоттар макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесінің нәтижелерін білдіреді. Бір әдістемелік принциппен есептелген шоттар жүйе болып саналады, себебі, біріншіден олар бір-бірімен байланыста, екіншіден, бір әдістемелік принциппен құрылады, үшіншіден, байланыстағы көрсеткіштердің жүйесінен тұрады. Шоттағы көрсеткіштердің әрбір операциясы институционалдық бірліктердің арасындағы құндық ағымды камтып көрсетеді. Операция-лардың жүзеге асырылуы өндірістік циклдің сатыларымен сәйкес болғандықтан, олар өндірістік, бөлу, айырбас, тұтыну, сақтау деп бөлінеді. Сонымен, тауарлар және қызметтердің алмаспайтын құндық қозғалысын өндіріс циклінің сатыларынан -- өндіруден бастап тұтыну және қорлануға дейін ҰЕШЖ қамтып көрсетеді. Ұлттық шотты кұрудың негізгі принциптері: [7, 15б] ::шоттар бухгалтерлік есеп принципі бойынша құрылып, ҰЕШЖ-ң әрбір операциясы екі рет белгіленеді: бір рет алдыңғы шоттың "Пайдалану" бөлімінде, екінші рет келесі шоттың "Ресурстар" бөлімінде; ::жеке шот екі бетті кесте балансы түрінде көрсетіледі; ресурстарды құрайтын көрсеткіштер кестенің оң жағында бейнеленеді, ал оны пайдалану кестенің сол жаганда көрсетіледі; ::ұлттық шоттар белгілі бірізділікпен құрылады, ол ұдайы өндіріс циклінің жүйесіне сәйкес болуы керек; ::шоттар барлық экономикалық ақшалардың баланс түріндегі бейнесі болып табылады; ::жүйеге енгізілген екі рет жазылу принципіне қатысты, ресурстар операциясының нәтижесі мен пайдалану шотттары баланстық статьяның көмегімен балансталады; Баланстық статьяның экономикалық талдаудағы рөлі маңызды, яғни ол келесі шотқа ауысу үшін қызмет етеді. Шоттың оң және сол жақ бөліктерінің балансын қамтамасыз етіп отырған баланстық статьяны есептегенде, ресурстар көрсеткіштерінің сомасынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кассалық операциялардың есебі
Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі
Қазақстандағы қаржы-несие дағдарысы
«Банк ЦентрКредит» АҚ
Қазақстандағы бухгалтерлік күйге келтірулердің сипаттамасы
Бухгалтерлiк есеп және оның ақпаратты аудит мәлiметiнiң көзi
Қазақстан Республикасында қолма – қолсыз есеп айырысулардың жағдайын зерттеп, даму перспективаларын анықтау. әлеуметтік – экономикалық процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету
Халықаралық төлем жүйелері
Депозиттік рыноктың дамуы, банктердің депозиттік саясаты
Қаржы нарығындағы ЕДБ ролін арттыру бағыттары
Пәндер