Әлеуметтану ғылымының тарихы мен әлеуметтану пәнінің зерттеу объектілері



Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның объектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлеументтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет ауысына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарының бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек.Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.
«Әлеуметтік» деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үдірістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі – «қоғамдық» , екіншісі – «әлеуметтік», Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде «қоғамдық», «қоғадық қатынастар» ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде «әлеуметтік» ұғымын кең қолданып, осыған, сәйкес «Әлеуметтік қатынастар» ұғымы туралы айтқан.
Маркс пен Энгельс еңбектерінде кейде «әлеуметтік» ұғымы «азаматтық» ұғымымен алмастырылған. «Азаматтық » деген ұғымды олар қоғамдағы адамдардың белгілі бір байланыс пен қатынастарын зерттеуде қолданып отырған.
Батыс елдерінде Маркс пен Энгельстің жолын ұстаушылар «қоғамдық», «әлеуметтік», «азаматтық» ұғымдарын одан әрі шатыстырды. Бұл жерде біз «әлеуметтік» ұғымының мазмұнын терең түсінуіміз керек.
«Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады.
Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі (мысалы, экономикалық, саяси, т.б.) әр уақытта адамдардың өзара қарым – қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады.
Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті

СРО

Тақырыбы: Әлеуметтану ғылымының тарихы мен әлеуметтану пәнінің зерттеу объектілері

Орындаған:Сәдетұлы Ықылас
Тобы: ФИ-503
Тексерген:Мамырбеков Арафат Мажитович

Семей қаласы 2015 ж.

Тақырыбы: Әлеуметтану ғылымының тарихы мен әлеуметтану пәнінің зерттеу объектілері.

Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның объектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. Әлеуметтану ұғымы латын тілінің Societas қоғам және гректің logos - ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлеументтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет ауысына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарының бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек.Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.
Әлеуметтік деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үдірістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі - қоғамдық , екіншісі - әлеуметтік, Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде қоғамдық, қоғадық қатынастар ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде әлеуметтік ұғымын кең қолданып, осыған, сәйкес Әлеуметтік қатынастар ұғымы туралы айтқан.
Маркс пен Энгельс еңбектерінде кейде әлеуметтік ұғымы азаматтық ұғымымен алмастырылған. Азаматтық деген ұғымды олар қоғамдағы адамдардың белгілі бір байланыс пен қатынастарын зерттеуде қолданып отырған.
Батыс елдерінде Маркс пен Энгельстің жолын ұстаушылар қоғамдық, әлеуметтік, азаматтық ұғымдарын одан әрі шатыстырды. Бұл жерде біз әлеуметтік ұғымының мазмұнын терең түсінуіміз керек.
Әлеуметтік дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады.
Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі (мысалы, экономикалық, саяси, т.б.) әр уақытта адамдардың өзара қарым - қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады.
Объект дегеніміз - бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғамдағы құбылыс. Процесс немесе көкейкесті мәселесінің артықшылығын, қасиеттерін, сапасын, логикалық тұрғыдан жан-жақты талдау негізінде адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, ұйымдасып еңбек етуін, қызмет атқаруын, жұмыс істеуін, жалпы материалдық, рухани іс-әрекеттердің, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір-біріне әрекетін, түрлерін жан-жақты терең танып, білуді әлеуметтанудың пәні деп айтады. Бұл зерттеулердің басты мақсаты - объект, құбылыс, процесс және мәселелер арасындағы басты, қажетті, тұрақты, қайталанатын, мәнді, маңызды байланыс, қатынастарды логикалық тұрғыдан зерттеу. Бұл байланыс-қатынастардың сапалық жағынан өзгешелігін көрсету. Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы әлеуметтік қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние - танымында қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес,өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекарасын белгілейді. Сондықтан әлеумттану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау - А.И.), әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу - бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтік - әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.
Ең біріншіден бұл компоненттердің логикалық қаралуын мынадай дәйектермен белгілейміз: субъекттер өздерінің маңыздылығына қарамай, олар белгілі бір шамада объекттерден туындайды. Шынымен де, әлеуметтік жұмыс объектілері белгілі бір қоғамда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әсерінен объективті түрде туныдайды және қалыптасады: субъектілер объективті жағдайлар әсерінен туындағанымен де, олар саяси және басқа да әлеуметтік институттармен қалыптасады, яғни қондырма болып табылады.
Әлеуметтік жұмыста объект пен субъектті түсіну үшін маңызды үш кезеңді белгілейміз: олардың айырмашылығы; органикалық өзара әрекеті, байланысы; олардың орын ауыстыруына мүмкінділігі.
Объектіні субъектіге, оның тәжірибелік және танымдылық қызметіне қарсы тұрады деп түсіндіруге болады. Ол жай ғана объективті шындықтарға ұқсас болып қана қоймайды - сонымен қатар субъектпен өзара әрекет ететін бөлігі болып табылады.
Кең мағынада әлеуметтік жұмыс объектісі болып барлық адамдар табылады. Бұл барлық халық топтары мен қабаттарының өміртіршілігінің белгілі бір шамада қоғам дамуының деңгейінің әлеуметтік сала жағдайының, әлеуметтік саясат мазмұны және оның жүзеге асу мүмкіндігінің алдын ала анықталу бағыныштылығымен түсіндіріледі.
Сонымен қатар кез келген Адам, кез келген уақытта, өзінің өмір сүру кезеңінде өзінің қажеттіліктері мен мүдделерінің толықтай қанағаттануын қажет ететіндігін ескеру керек.
Сонымен қоса әрбір тіршілік саласында олар теңдей қанағаттанбауы мүмкін: бай адам стрестік жағдайымен байланыссыз тыныш ахуалда, денсаулығын сақтауды және нығайтуды қажет етеді; ал дені сау Адам өзінің түрлі идеяларын іске асыруға мүмкіндігі жоқ кедей болуы мүмкін; кез келген жанұяда ата-аналар арасында немесе бала мен ата-ана арасында келіспеушіліктер болады (бұндай әрекет әсіресе қоғамның кризистік жағдайында байқалады),- яғни, әрбір Адам қандай жағдай болмасын қолдауды, көмекті, қорғауды қажет етеді.
Халық әртүрлі негізде құрылған және одан, өздерінің әлеуметтік және басқада мәселелерінің кейбіреулерін ғана шеше алатын немесе мүлдем шеше алмайтын қиын өмір жағдайындағы адамдар, топтар бөлінеді. Сондықтан, әлеуметтік жұмысты тар мағынада қарастыра отырып біз объект дегенде, дәл осы топтар, халық қабаттары, олардың жеке уәкілдері, индивидтер екенін түсінеміз.

Қорытынды:
Менің ойымша, Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін,басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан басталады. Әлеуметтану ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің қазіргі кездегі пікірталасына және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне назар аудара отырып қарастыру керек.
"Әлеуметтану" термині екі сөзден құралған: латынның societas-қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар байланыс құрылымы, әлеуметтік ұйымдар , институттар, әлеуметтік іс-әрекетпен адамдардың мінез-құлықтары , мүдделері мен мұқтаждықтары құндылықтары, бұлардың өмірде байқалуы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандайда бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі менпәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.
Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынның бәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Біріншіден , нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап зерттеледі.Екіншіден ,объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шартты ретінде қарастырылады. Және
құбылыс пен барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады.
Қорыта айтқанда, әлеуметтілік - әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір-бірімен байланыс- қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір - бірінен өзгеше қоғамдық үдірістерге қатынасынан көрінеді.

Әлеуметтану әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Социология деген сөз латын-грек сөздерінен құралған. Societas -латын тілінде қоғам, logos - грекше ілім, ғылым деген сөз. Сонда әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым деген сөз. Оны өз алдына ғылым етіп негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857).Әлеуметтану термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Әлеуметтану қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады. Сөйтіп кейінннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп жеке ғылым болып дамыса да, әлі күнге дейін өзінің философиялық мазмұнын жоғалтпаған ғылым. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді.Әлеуметтану - қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым. Атап айтқанда, әлеуметтану адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі - социум деп аталатын әлеуметтік шындық (соц действительность). Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда екі түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік шындық - қоғамның өзі немесе қоғамдық өмір. Әлеу социум, қоғам деген ұғымдар синонимдер ретінде қолданылады. Тар мағынада алғандағы әлеуметтік шындық дегеніміз - адамдардың әртүрлі деңгейдегі өзара іс-әрекетінен пайда болған құбылыстармен, процестермен тығыз байланысқан қоғамдық болмыстың қасиеті, бір қыры.
Қорытынды: Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар қоғамды нақтылы зерттеу объектісі тұрғысынан алып қарайды. Олардың әрқайысы қоғамды объект ретінде зерттейді. Алайда олардың өзара айырмашылықтарын зерттейтін пәні арқылы анықтауға болады. Мысалы, саяси эканомика қоғамның бір саласын эканомикалық жүйесін, саясаттану қоғамның саяси қатынастарын, психология психологиялық құбылыстарды, құқықтану заңынын қоғамдағы орнын, рөлін зерттесе, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік қырларын, оның әртүрлі салаларының қызметтерін ашып береді.
Қоғамды біртұтас жүйе ретінде алып қарайтын жалпы ғылымдар деп аталады, оған тарих пен әлеуметтану жатады, ал қалғандары жеке қоғамдық ғылымдарға жатады, себебі олар жеке қоғамдық құбылыстар мен үдерістердің зерттеуін жүргізеді.
Әлеуметтану адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, гумманистік яғни адамгершілік функцияны да атқарады.

Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуы

Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуын француз философы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен байланыстырады, ол ғылыми айналысқа алғаш рет әлеуметтану деген терминді енгізді. Конт нақты ғылым мен білімді үгіттеуші болды және әлеуметтанушыларды қоғамды қатаң ғылыми негізінде зерттеуге шақырады. Алайда, бәрі бірдей оған бір ауыздан үн қата алмады. Сондықтан да кейінірек қоғамтануда екі бәсекелестік бағыт қалыптасты, ол: позитивизм және антипозитивизм.
Конттың 1830 жылдары Позитивті философияның негізгі курстары атты еңбегі жарық көрді. Міне, осы еңбегінде негізгі ойлары айтылады. Конт негізін қалаған позитивзмнің (Латын тілінде positivus-жағымды) негізгі мәні мынада, әлеуметтану субъективті пікір мен абстрактілі дәлелсіз философиялыққа салынбауы керек. Ол қоғамды зерттейді, қоғам тірі табиғат сияқты организм. Табиғат заңдары сияқты, оның дамуын объективті заңдар басқарады. Сондықтан да ол әлеуметтану, биология, анатомия және т.б. жаратылыстану ғылымдары үлгісіндегі нақты ғылымдар жүйесіне кіреді, ол нәтижесін тексеріп білуге болатын дәлелді ғылым. Мұндай түсіндіруші әлеуметтану, олардың ойынша, қандай да болсын идеология мен жеке адамдардың пікіріне тәуелді болмауы керек.
Антипозитивизм мен ұғындырушы әлеуметтану қоғам туралы ғылымда басқаша көзқарас қалыптастырады. Бұл бағыттың негізгі өкілі әлеуметтанушы, философ, және тарихшы М. Вебер (1864-1920) болды. Ол және оның ізбасарлары әлеуметтік өмірді зерттеудің негізі ретінде оны ұғынуды алды және оған субъективті баға берудің мүмкіндігін айтты.
Олар ғылымды унификациялауға қарсы шықты, яғни жаратылыстану ғылымы мен қоғам туралы ғылымды ортақ жүйеге келтіруге болмайды деді. Әлеуметтану ерекше таным теориясын жасап, қолдануы керек. Табиғат құбылыстары объективті, ол адамның санасы мен еркінен тыс өмір сүреді. Оларды ғылыми тәсілдер арқылы дәл өлшеп, оны тәжірибе жүзінде қайталауға болады. Қоғам-адам әрекетінің нәтижесінде мәдениет желісі бойынша оны өзгертіп, және жетілдіріп отырады. Қоғам қайталанбас тұлғалардан тұрады, сондықтан индивидуализациялық тәсілмен шын ықыласпен ұғынуды талап етеді. Сонымен бірге, осы ұғыну арқылы алынған нәтижелерді тәжірибе жүзінде тексеруге болады.

XX ғасыр әлеуметтануы.
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі, олар негізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни әлеуметтік тапсырыспен жүзеге асады және адамдардың өмір тіршілігі үрдісінде пайда болған әлеуметтік проблемаларды шешуді ойластырады. Іргелі әлеуметтанулық зерттеулермен әдетте, университет ғалымдары шұғылданады, ал бірқатар елдерде ғылыми зерттеу институттары айналысады. Әлеуметтанушылардың мұндай еңбектерінің мамандануы зерттеулерді жүргізуге әлеуметтік тапсырыстардың пайда болуы мен кеңінен тарауына байланысты АҚШ-та XX ғасырдың 30-жылдарында пайда болған.
Қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулер көптеген елдердегі әлеуметтанушылардың кызметінің басым түрі болды. Алайда 80-жылдары Батыс Еуропада, әсіресе АКШ - та әлеуметтанушыларды бір-бірінен әлеуметтанудың объектісі мен пәнін талдау тұрғысынан, ғылым ретінде әлеуметтанудың әдістерін түсіндірумен ерекшеленген әлеуметтанудың бағыттарын ықпалдасу үрдісімен байланысты әлеуметтану теорияларын дамыту проблемаларын дайындау қызықтырды.
Өздері жасаған зерттеу дәстүрінің шеңберінде жұмыс істеуші әлеуметтанушылардың тобын әлеуметтанудағы кең мағынадағы қайсыбір мектеп ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтанудағы тар мағынадағы мектеп дегеніміз ортақ дәстүрі бар және сәйкес институттың формасы бар зерттеу тобын айтамыз. Эмпириялық (эмпирия -- тәжірибе деген мағынаны береді) әлеуметтанудың Чикаго мектебінде ертеректе қалыптасқан зерттеу кызметінің дәстүрі орныққан және сол елдің, кейін бүкіл дүниежүзі әлеуметтанушыларының кызметіне үлкен ықпал еткен XX ғасырдың бірінші жартысында әмір сүрген университеттің ерекшелікті бөлімі іспетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Теориялық әлеуметтану түсінігі
Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық жүйесінде. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
Социология ғылым ретінде
Әлеуметтік немесе қоғамдық психология
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Әлеуметтану ғылымының объектісі, оның пәні және әдістері
Социология ғылымының деңгейлер
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Пәндер