Пайдалы ресурстар


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КАФЕДРАСЫ»

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

ОӨЖ

Тақырыбы: № 2 Өздік жұмыс

Орындаған: Елжас Серікқазы

Топ: Эл - 217

Тексерген: Мурзалимова А. К

Семей 2015

Адам күрделі «табиғат-қоғам» жүйесінің бір бқлігіне жатады. Қоғамның материалдық, мәдени, тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады. Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы, т. б. жатады.

Табиғ ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды), пайда болуына (табиғи, антропогендік), химиялық табиғатына (органикалық, миниралдық), көздері мен орналасуы (жер, су, кен, өсімдіктер, орман), қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми, эстетикалық, рекреациалық), пайдалану өрісіне (энергетикалық, шикізат, тамақ) байланысты. Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді.

2. Ресурстардың жіктелуі.

Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т. б. болып бөлінеді. Ең жиі жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы - ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.

Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар - металл (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоктивті металдар) рудалары, бейметалды қосылыстар(өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар) жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор, құм, гранит және т. б. ), энергиясақтағыш көздері (мұнай, газ, көмір, жанғыш-сланец, жертезек) жатады. Бұл ресурстардың өайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәірде бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген. Мысалы, тас көмір мезозой дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінің өнімі. Қазіргі кезеңде кен байлықтар түзетін процестердің жүруіне бұрынғыдай жағдай жоқ, сондықтан олардың орнының тез арада толуы мүмкін емес.

Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ, жер және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады. Топырақ - барлық материалдық игілік негізі, әр адамның жақсы тұрмыс халі осы байлық көзінің жағдайына байланысты. Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлығы, яғни өсімдіктер өнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Топырақтың түзілуі өте күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін процестердің бірі. Оның алуан түрлі қосылыстардан басқа ұара шіріктің негізіг мөлшерін жинақтайтын 1 смқалыңдықтағы беткі қабатының түзілуіне 100 жылдай, 20 см қабат қалыңдығының түзілуіне табиғатқа кемінде 5-7 мың жылға дейін уақыт қажет. Ал осы қабатты жоюға түзілу мерзімімен салыстырғанда көп уақыттың қажеті де жоқ, бірнеше сағат ішінде (нөсер жаңбырмен шайылуы немесе бір жолғы шаңды дауылмен ұшырылуы) ең әрі кеткенде бірнеше жылда (20-30 жылда жедел эрозия нәтижесінде) құнарлығынан айыруға болады. Топырақты өңдеуге дұрыс технология қолданылмаса, ауыл шаруашылығы экстенсивті түрде жүргізілсе, ормандар алқабы қысқартылып отырылса, бұл жағадайлар су және жел эрозия процестерінің күшеюіне әкеп соғады. Бұдан басқа да табиғатты пайдалану жолдарының нәтижесінде қолданылатын жерлер, соның ішінде өте бағалы жыртынды жерлер, жойылып кетуі мүмкін. Сонымен, топырақ қалпына келетін ресурс болғанымен, оны тек қатағ қолдану тәртібін ұстап күту арқылы ғана қалпына келтіріп немесе бұзбай отыруға болады. Дүние жүзінде өнделетін топырақ мөлшері 0, 28 га/адамға, Реаейде әр адамға шеккенде келетін егістік жердің көлемі 0, 94 га, АҚШ-та -0, 63 га, Қытайда- 0, 16 га, Германияда -0, 15 га, Ұлыбританияда -0, 13 га, Жапонияда -0, 04 га, Қазаұстанда -2, 25 га. . Жылдан-жылға барлық елдерде жарамды жер көлемі азаюда.

Салыстырмалы түрде қалпына келетін ресурсқа табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі орман ресурстарын да, әсіресе ағашты жатқызуға болады.

Сарқылмайтын ресурстарға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар, соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар - жылжымалы ауаның энергиясы, су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы, космостық шаң, климаттық ресурстар - атмосфералық ауа, жауын- шашын, жел, сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.

Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды, ал табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын, табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтын ресурстар сарқылатындарға жатады.

Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық сандық жағына сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит, құрлық атмосфера) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында таралуы әртүрлі.

Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді. Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.

Б. Скиннердің мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1, 7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріш келеді, бірақ, оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.

Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударады. Себебі, олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т. б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасған болжамдарының біреуіне сүйенсек, жанғыш отандарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30-40 жылға, газ - 40-50 жылға, көмір - 70-80 жылға жетеді.

Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий) Б. Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында (алюминейден кейін) . Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді қорыту күкіртті ангидрид көміртегінің қостотығымен ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесте кокстың пайдаланылуымен байланысты.

3 Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.

Адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналым циклына қатыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы- қордың айналымы немесе антропогенді айналым деп аталады.

Табиғаттағы зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Ал қор айналымын немесе антропогенді тұйықталған тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су қайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір, қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды.

Табиғи қорларды тиімді пайдалануда ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланады.

Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады:

1. Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау.

Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет.

Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады.

2. Биосфераны оптимизациялау.

3. Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.

Су объектiлерiнде суды ортақ пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Жеке және заңды тұлғалар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген суды ортақ пайдалану ережелерiн сақтауға мiндеттi.

Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын қорғаудың, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерiн сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарлар ескерiле отырып жүргiзiледi.

Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, реконструкциялау, пайдалану, консервациялау, жою, қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады.

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi:
- шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйiмен өзгеруiн қадағалау;

- су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.
Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.

Уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегiбасты мiндеттерi:

1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын барлық министрлiктермен, агенттiктермен, ведомстволармен өзара iс-қимыл жасауды және қызметiн үйлестiрудi;

2) шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен судың жай-күйiн және өзгеруiн қадағалауды, сондай-ақ су қорғау iс-шараларының орындалуын тексерудi;

3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгiленген тәртiбiн;

4) суларды қорғау жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын;

5) су объектiлерiне зиянды әсер етудiң алдын алуды және жоюды;

6) барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

Орман ресурстары Бiздiң елiмiздегi ормандар жүйесi негiзiнен, солтүстiк және шығыс аймақтарында шоғырланған орманның бiрнеше типтерi бар. Олар - сексеуiл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша жылдан жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. текше километр жерiн өсiмдiктер мен орман алып жатыр. Республикада ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негiзгi себептерi - адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруi мен айнала қоршаған ортаның ластануы. Орманды қорғау бiздiң мiндетiмiз.

Орманның адам мен биосфера үшiн маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсiмдiк жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуiне ықпал етедi. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдердi қоректендiредi. Орман аң мен құстың мекенi, дәрi дәрмектiң өсiмдiктер мен жемiс-жидектердiң панасы әр қолайлы тiршiлiк ортасы болып табылады.

Ормандардың егiстiк алқаптарын қорғаудағы да рөлi зор. Орманды жерде топырақтың, су және жел эрозиясы болмайды. Ал, ормансыз жердiң топырағы кеуiп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшiн де отырғызады. Орманның ауаны тазартатын да қасиетi бар. Мысалы: бiр гектар орман бiр күнде 220-280 кг. көмiр қышқыл газын сiңiрiп, 180-200 кг оттек бөлiп шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.

Орман сонымен қатар денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендерi, т. б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес. Сирек өсiмдiктердiң қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесiп, отап, құрылыс материалы үшiн пайдалануды азайту керек. Қазiрдiң өзiнде Iле шыршасы, самырсын, шетен, ырғау, торанғыл, долана, шырғанақ, емен, т. б. ағаштары қорғауды қажет етiп отыр. Әсiресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты - жасанды жолмен орман қорын көбейту.

Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауiптi нәрсе - өрт. Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар - орман зиянкестерi, кемiрушiлер, ұсақ жәндiктер, өсiмдiк аурулар паразиттер, санырауқұлақтар мен вирустар. Зиянкестердiң кесiрiнен құрылыс материалдары үшiн дайындалатын ағаштардың 45 пайызы сапасыз болып шығады. Кей жылдары жүздеген гектар ормандағы зиянкестермен үзбей күресуге тура келедi. Олар химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте қоршаған орта мен барлық тiрi ағзалар үшiн ұқыптылықты қажет етедi.

Қазақстандағы ормандардың экологиялық ахуалы

Қазақстан бойынша орман қоры республика жерiнiң 9, 7 пайызын құрайды. 1989-2000 жылдардағы цифрларға жүгiнсек, бұл аралықта жылына орта есеппен кем дегенде, 647 орман өртi болып, әрбiр өрттiң зардап шектiрген жерiнiң ауқымы 18, 9 гектар болып келедi. Осы екi жыл iшiнде болған орман өртiнен кем дегенде үш жүз мың гектар орман алқаптары бүлiнген. Бүгiнгi күнге Қазақстан бойынша сексеуiл орман қорының көлемi 5, 4 млн гектар болып отыр. Кейiнгi он жылда сексеуiл өспе ағаштарының жалпы ауданы 591, 2 мың гектарға көбейдi. Бұл негiзiнен сексеуiл ормандары аумағында ағашы кесiлген жерлерде, сексеуiлдiң табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен табиғи өздiгiнен жетiлу барысында тұрақты тексеру, бақылау. Ормандану дәрежесiнiң төмендеуiне жол бермеу мақсатында, орман қоры жерлерiне сексеуiл тұқымдарын себу арқылы оның көлемiн арттыру iске асады. Сексеуiл ормандарының молаюына Қазақстан Үкiметiнiң 1999 жылғы 29-шы сәуiрдегi «сексеуiл ормандарын сақтау» туралы қаулысы да әсер етуде, қаулы бойынша 1999-2000 жылдары сексеуiл ормандарын кесуге тыйым салынған. Және осы қаулыға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында орман орналастыру жұмыстары жүргiзiлген.

1997-1999 жылдардағы Семей өңiрi мен Павлодардағы, Ертiс жағасындағы болған орман өрттерi салдарынан Ертiс жағасындағы қарағайлы ормандардың 230 мыңнан астам гектары құрып кеттi.

Ғарыштық және жер бетi зерттеулерiнiң нәтижесiнде, бұл ормандардың 40-50 пайызы өрттен, орман зиянкестерiмен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шеккен.

Ендi осы аймақтарда ағаштарды ерекше бағалы ормандар қатарына жатқызуға Үкiмет қаулысы дайындалып жатыр, ол жағдайда орман күзету ерекше режим бойынша жүргiзiледi.

Оған қоса 2001-2005 жылдары Семей өңiрi мен Павлодар облыстарында толық түрде орналастыру жұмыстары жүргiзiлдi. Жоғарыда атап өткендей орман өрттерiнің көбеюiне байланысты ағашты рұқсатсыз кесу де белең алды.

Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар, біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі.

Екіншіден, бұл жоғары өнімділікпен сипатталатын ағаш, детрит, гумус түрінде зат шоғырланған ең қуатты жүйе.

Үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор.

Төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы.

Бесіншіден, орман - шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық-гигеналық тынығу, стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі маңызы зор.

Орманды ел арасында тоғай деп те атайды. Орман биологиялық тұрғыдан қарағанда өте күрделі организм. Онда өздерінің өсу заңдылықтары мен ерекшеліктері бар - ағаштар, бұталар, шөптер, аңдар мен құстар, жәндіктер мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Орманның негізі - ағаштар мен бұталардан құралады. Бірақ кез келген ағаштар мен бұталар орман бола бермейді. Тек бір-біріне жақын орналасқан, бір-біріне әсер етіп, өсіп тұрған ортасына ықпал жасайтын, соның арқасында өздері де өзгеріп тұратын ағаштар мен бұталар тобы орман болып есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат қорларының экономикалық бағалануы
Минералдық шикізаттар
Теңіз түбінің ресурстарын игерудің құқықтық режимі
Табиғат ресурстарын пайдалану принциптері
Қазіргі заман экономикасындағы минералдық шикізаттардың ролі
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Ресурстарды сақтау саясаты
Кәсіпорынның экономикалық ресурстары
Өнеркәсіптің шикізаттық ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz