Аңшылық шаруашылығындағы табиғатты және жан-жануарларды қорғау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы:Аңшылық шаруашылығындағы табиғатты және жан-жануарларды қорғау
Орындаған: Женисбек. А
Тексерген: Жилкыбаева. С. Д
2015ж
Жануарлар дүниесін қорғау
Жоспары
Кіріспе
- Жануарлар дүниесін құқықты қорғау
- Жануарлар дүниесін қорғау заңдылығы
- Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жануарлар дүниесін, әсіресе балық пен теңіз жануарларын қорғау мемлекет Заңдарына, халықаралық шарттар мен конвенцияларға сәйкес жүргізіледі.
Халықаралық шарттарда аулау тәртібі, теңіздерді ластаудан сақтау жолдары, балықты және теңіз жануарларын аулау мөлшері (квотасы), уақыты, ау торының кеңдігі, тағы басқа да шаралар көрсетіледі.
Мемлекетаралық 150-ден астам шарттар мен конвенцияларға қол қойылды. 1946 жылы келісілген халықаралық конвенция кит аулау жөнінде арнаулы комиссия құрылып, ауланатын киттердің түрі, аулауға рұқсат етілген теңіз алқаптары, аулау уақыты мен мөлшері (квотасы) бекітілді.
1974 жылы Балтық теңізі жағасындағы 7 мемлекет жануарларды қорғау жөніндегі конвенцияға қол қойылды.
Жапония мен Ресей - корольдік шаянды, АҚШ, Канада. Жапония мен Ресей - Тынық мұхиттың Солтүстік жағасындағы котиктерді қорғау туралы шарт жасасты.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылы қазан айында Қазақстан республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңын» қабылдады.
Онда Қазақстанның жануарлар дүниесі мемлекеттік меншік деп жарияланып, республика халқының игілігінде болатыны көрсетілген.
Заң жабайы жануарларды пайдалану және қорғау жөніндегі қоғамдық арақатынасты реттеуді көздеп, олардың ұстауға, қамауға, табиғи бірлестігін бұзуға жол бермей, ұтымды пайдаланып, заңдылықты қатаң сақтауды талап етеді.
Кәсіпорындар, ұжымдар, мекемелер, жеке азаматтар жануарлар дүниесі мен олардың өмір сүретін ортасына зияндарын тигізбес үшін мыналарды қамтамасыз етулері керек:
- жануарлардың бралық түрлерін табиғи бостандығынан (ұстамай, камамай) айырмау ;
- жануарлардың өмір сүретін ортасын, өсіп-өну жағдайын, жүретін жолдарын қалыптасқан қалпында сақтау;
- жануарлардың табиғи топтастығын бұзбай сақтау;
- жануарлардың өсіп-өнуі, оларды ұтымды пайдалану мәселелерін ғылыми негізде жүргізу;
- адамдардың денсаулығына, халық шаруашылығы мүддесіне зиян келмеуін көздеп жануарлардың санын реттеу.
Заңда жануарларды мынадай қажетке пайдалану көзделген:
- аң аулау;
- балық ұстау;
- ауланбайтын аңдар мен балықтарды ұстау;
- жануарлар дүниесін ғылыми зерттеулерге, мәдениет пен тәрбие, оқыту - үйрету қажеттеріне пайдалану;
- жануарларды олардан өнім алу үшін пайдалану;
- жануарлардың пайдалы қасиеттерін (топырақты қопыстыру, табиғи ортаны тазарту, өсімдіктерді тозаңдату үшін т. б) пайдалану.
Жануарлар дүниесін қорғау үшін мынадай шаралар алынады:
- жануарларды қорғау, ұтымды пайдалану, өсіру, өндіру ережелері мен нормаларын бекіту;
- жануарлар дүниесін пайдалануға тыйым салу немесе кештеулерді белгілеу;
- өндірістік жұмыстар жүргізгенде жануарлардың өсуіне, қырылуына жол бермеу;
- қорықтар, баска да ерекше қозғалатын территориялар ашу;
- сирек кездесетін, жойылу қаупі төнген жануарларды қолдан өсіріп көбейту;
- жануарларды зоологиялық парктерде, бұрыштарда, музейлерде көрсету үшін ұстауды азайту;
- адамдарды жануарлар дүниесіне аяныш, адамгершілік көз қарасқа тәрбиелеу;
- жануарлар дүниесін қорғау мәселелерін үнемі ақпарат құралдары арқылы насихаттап отыру.
Жаңа елді - мекен, кәсіпорын, басқа да құрылыстар салғанда жануарлар өмір сүруіне қажетті жерлеріне қол тигізбей, сол қалпында сақтау қажет.
Темір, тас жолдар, құбырлар салғанда, электр тоғы жүретін сымдар тартқанда, канал, су қоймаларын қазып, бөгеттер жасағанда жануарлардың дағдалы жүретін жолдарын бұзбай, сол қалпында қалдыру қажет.
Жаңа салынатын кәсіпорындар мен құрылыстар жануарлардың өмір сүру ортасына, өсіп - өнуіне, жүретін жолына зиянды болса ондай құрылыстарды жүргізуге тыйым салынады. Ондай құрылыстарды салу, уытты химикаттар мен минералды тыңайтқыштар қолдану үшін жануарлар дүниесін қорғайтын келісімін алу керек.
Заңда төмендегі жат әрекет қылмыстар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік белгіленген:
- пайдалануға берілген жануарларды рұқсатсыз басқаға беріп мемлекеттік меншік құқығын бұзғаны үшін;
- жануарлар өмір сүретін орта және жүретін жолдары туралы ережені бұзғаны үшун;
- аң аулау және балық ұстау ережелерін бұзғаны үшін;
жануарларды рұқсатсыз көшіргені, басқа климатқа үйреткені және будандастырғаны үшін;
- уытты химикаттар мен минералды тыңайтқыштарды қолдану ережесін бұзып, жануарлар дүниесіне зиян тигізгені үшін;
- зоология парктеріндегі, бұрыштарындағы, музейлеріндегі немесе жабайы жануарларды ұстап шетелдерге алып кету немесе беріп жіберу ережелерін бұзғаны үшін.
Кәсіпорындар, мекемелер, жеке азаматтар ережелерді бұзып, жануарлар дүниесіне тигізген зиянының орнын толтыруға, ол үшін жұмсалған шығынды қайтаруға міндетті,
Жануарлар дүниесіне келтірілген шыған, зиян - залалдарды өтеуде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 26 наурыздағы № 281 қаулысының ролі зор.
Онда біде аз кездесетін, қырылып-жойылып кету қауіпі төнген жабайы аңдар, құстар, балықтар, тағы басқа да жануарлар дүниесінің өкілдері - түрлерінің тізбесі мен оларға келтірілген залалдарды өтеу мол жерлері нақтылы түрде берілген. Сондықтан да аталған өкімет қаулысының жануарлар дүниесін қорғай, көбейтуге тиетін, келтіретін ықпалы мол. Алдағы міндет - сол қаулыны барлық жерде біркелкі, бұлжытпай қолдану керек.
Сирек кездесетін немесе жойылу қаупі төнген жануарлар, құстар мен балықтар түрлері халықаралық табиғат қорғау Одағының (МСОП) «қызыл кітабына» жазылған.
Қазақстанда осындай «Қызыл кітап» 1978 жылы жарық көрді. Онда жойылу қаупі төнген омыртқалы жануарлардың 18 түрі енген, олардың 7 - сүтқоректілер, 8 - құстар, 3 - балық.
Олар: Жұпар тышқан, құндыз, қарақал, барыс, гепард, құлан, қарақұйрық, қызыл жемсау қарашакөз, алтай улары, ақтырна, жорға дуадақ, орақтұмсық, жұқатұмсық жылқышы, реликт шағала, сақалта, сырдария тасбекіресі, арал албырты, шортан тәріздіақ марқа.
Мұнан басқа «Қызыл кітапта» Сирек кездесетін жануарлардың 69 түрі бар.
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін қорғау, пайдалану және өніп - өсу туралы Заңның орындалуын Республиканың экология және биоресурстар министрлігі бақылайды. Оның құрамында реттеу жөнінде, аң аулау мен қорықтар жөнінде бас басқармалар құрылған. Олар жануарларды қорғау мәселесімен қатар, аң аулау, балық ұстау мөлшерін, мерзімдерін белгілейді, заңды бұзушыларды ұстап, қылмыстары жөнінде тиісті құжаттар жасап құқық қорғау орындарына тапсырады.
Жануарлар дүниесін қорғау заңдылығы
Жануарлардың белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан конституциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады - бүкіл халықтың игілігі.
Жануарларды қорғау және тиімді пайдалану жөнінде заңдылықтары бірқатар қаулы қарарлармен анықталады. Солардың ішіндегі ең негізгілері: «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы», 1981 ж Қазақстан республикасының заңы, республикалардың табиғатты қорғау туралы заңдары, аң аулау және аңшылық шаруашылық туралы республикалық ережелері, балық қорғау және еліміздің суларындағы балық шаруашылығын реттеу туралы ережелері, аң аулаудың және балық аулаудың жергілікті ережелері.
«Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы» заңның бірнеше бөлімдері бар. Олар: жануарлар дүниесін пайдалану; жануарлар дүниесін қорғау; жануарлардың мемлекеттік есебі және жануарлар дүннесінің мемлекеттік қоры; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалануға бақылау; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік; халықаралық шарттар.
Табиғатты қорғау туралы заңдар объектілерді және оларды қорғаудың негізгі жолдарын анықтайды. Мысалы, Қазақстанның «Табиғатты қорғау туралы заңы» аңшылық шаруашылықтың қоры - жануарлардың санын реттеп отыруды және оларды қорғауды, балық шаруашылығын басқа да кәсіпшілік маңызы бар аңдар мен құстарды қолға үйрету және клеткада аңдарды өсіру мақсатында үй жануарларының жаңа тұқымдарын шығаруда тұз жануарларының түрлерінің қажет екендігін тағайындайды (белгіленеді) .
Сирек және құрып бара жатқан жануарлардың түрлері атып жоюдан сақтау үшін қорғауға жатады. Егер жануарлар ауыл шаруашылығына зиянын тигізбесе немесе халықтың денсаулығына әсерін тигізбесе, онда олардың кәсіптік маңызы болмаса да қорғауға алынған. Осы заңда қорғау жолдары да көрсетілген: кәсіптік маңызы бар жануарларды аулау ережелерін сақтау, кәсіптік маңызы бар жануарлардың қорын пайдалану
үшін олардың тіршілік ортасы мен санын көбейту жағдайын жақсарту, санын реттеу көрсетілген. Жергілікті жерге аңдардың жаңа түрін әкеліп жібергенде, сол жерден жануарға зияны тимейтіндей жағдайлар көрсетілген. Заңының ережелері негізінен кәсіптік маңызы бар балықтарға, аңдарға және құстарға қатысы бар. 1991 жылғы 18 маусымда «Қазақстанда айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заң қабылданды. Онда да жануарлар дүниесін қорғау жайында бөлімдер бар.
Аңдардың барлығын дерлік аулауды арнайы рұқсат (лицензия) қағазының негізінде ұйымдасқан аңшылық шаруашылықтары жүргізеді. Әуесқойлық және кәсіптік жолмен қандай жануарлардың қай мезгілде және қалай ауланатындығы көрсетілген. Сонымен қатар кай аңды қанша мөлшерде аулауға болатындығы жөнінде де шек койылады.
Көрсетілген заң ережелеріне сәйкес түз жануарлары мемлекеттік меншікке жатады, соған сәйкес оларға деген көзқарас үнемді, тиімді пайдаланылуы қажет. Саны сиреп бара жатқан аңдар мен құстарды, сол сияқты кәсіптік маңызы жоқ пайдалы жануарларды аулауға тыйым салынған.
Кімде-кім аулау ережесін бұзатын болса, ондай адамды браконьерлер деп, оларға қарсы күрес жүргізеді, тіпті оларды саптап, дүние мүлкін мемлекет есебіне алады.
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастары мен мониторингін жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 05 қаңтардағы N 1 Қаулысы
“Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттік органдары жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу үшін жауапты болып белгіленсін:
1) аң аулау обьектілеріне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар бойынша, жәндіктер - орман зиянкестестері және орман үшін пайдалы жәндіктер бойынша, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар бойынша - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті;
2) балықтар және балық аулау обьектілеріне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарлары бойынша - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
3) жәндіктер - өсімдік зиянкестері (орманның зиянкес жәндіктерінен басқа) және ауыл шаруашылығы дақылдары үшін пайдалы жәндіктер бойынша - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
3. “Қазақстан Республикасының аумағында жануарларға мемлекеттік санақ және жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 тамыздағы № 1153 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 28, 345 -құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін
мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже ) “ Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингі ( бұдан әрі - есепке алу, кадастр мен мониторинг) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды мемлекеттік басқару, сондай-ақ жануарлардың биологиялық әртүрлілігі мен мекендейтін ортасын сақтау мақсаттарында жүргізіледі. Есепке алу, кадастр мен мониторинг жануарлар дүниесінің жай-күйі мен географиялық жағынан таралуы, мекендейтін ортасы, саны, жүйелі түрде байқаулардың нәтижелері туралы мәліметтердің жиынтығын, оларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы ақпаратты және басқа да деректерді қамтиды.
3. Жануарлар дүниесін есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ( бұдан әрі - тиісті уәкілетті органдар) жүргізеді.
Есепке алу, кадастр мен мониторинг жүргізу үшін мәліметтер жинауды тиісті уәкілетті органдар мен олардың аумақтық органдары жүзеге асырады.
Жануарлар дүниесін пайдаланушылар арнайы пайдалану кезінде жануарлар дүниесі обьектілерінің санын есепке алады және тиісті уәкілетті органның аумақтық органына есеп береді.
4. Жануарлар дүниесін есепке алу, оның кадастры мен мониторингі жануарлардың топтары : сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, омыртқасыздар, соның ішінде жәндіктер бойынша республика үшін бірыңғай жүйе, әдістемелер және көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
5. Жануарлар дүниесін есепке алу, оның кадастар мен мониторингін жүргізу:
аң аулау обьектілеріне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жабайы жануарлар бойынша;
балықтар және балық аулау обьектіліеріне жатқызыған және өзге де шарашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа да су жануарлары бойынша;
жәндіктер - өсімдік зиянкестері ( орманның зиянкес жәндіктерінен басқа ) және ауыл шаруашылығы дақылдары үшін пайдалы жәндіктер бойынша;
жәндіктер - орман зиянкестері және орман үшін пайдалы жәндіктер бойынша;
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар бойынша жүзеге асырылады.
6. Есепке алу, кадастр мен мониторинг жүргізілетін жануарлар түрлерінің тізбесін ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып тиісті уәкілетті орган айқындайды.
2. Жануарлар дүниесін есепке алуды жүргізу
7. Жануарлар дүниесін есепке алу мемлекеттік экологиялық сараптамамен келісілген және тиісті уікілетті орган бекіткен бірыңғай әдістемелер бойынша жүзеге асырылады.
8. Жануарлар дүниесін есепке алу деректері Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесінің кадастры мен мониторингін жүргізу үшін негіз болып табылады.
3. Жануарлар дүниесінің кадастрын жүргізу
9. Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесінің кадастры табиғи еркіндік жағдайларында, еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда республика аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтін жабайы жануарлар түрлерінің ( түрлер топтарының ) таралуы, биологиялық жай-күйі, саны, шаруашылық мақсатта пайдаланылу сипаты мен қарқындылығы туралы қажетті мәліметтер мен құжаттар жүйесін, сондай-ақ осы жануарлардың тіршілік ету жағдайлары (мекендейтін ортасы), жүргізілетін биотехникалық, қорғау, қалпына келтіру және өзге де іс-шаралар туралы негізгі деректерді қамтиды.
... жалғасы10. Қазақстан Републикасы жануарлар дүниесінің кадастрын құрайтындар мыналар болып табылады:
1) жануарлар дүниесінің гендік қор кітабы - ғылы және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді. Ол жануарлар дүниесін есепке алудың және оның кадастрының бірыңғай зоологиялық негізін қамтамасыз етеді және мынадай:
республика фаунасының құрамы;
жануарлар түрлерінің ( түрлер топтарының ) жүйелік жағдайы, олардың ғылыми атаулары туралы мәліметтерді;
жануарлардың таралуы және олардың саны;
экологиялық жүйелері мен популяцияларының таралуы жай-күйінің өзгері үрдістері;
жануарларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы мәліметтерді қамтиды,
2) аң аулау обьектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің және өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерінің кадастр кітаптары - өздерінің ауақтық органдары, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін деректер бойынша балық ресурстарын және басқа су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласндағы уәкілетті орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді;
3) балықтардың және балық аулау обьектілеріне жатқызылған басқа су жануарларының және балықтар мен өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарларынының кадастр кітаптары - өзінің аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін деректер бойынша балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді;
4) омыртқасыз жануарлардың ауыл шаруашылық кадастры кітабы - өсімдіктердің зиянкес жәндіктері мен ауыл шаруашылығы үшін пайдалы жәндіктер туралы өзінің аумақтық органдары беретін деректер бойынша өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді;
5) омыртқасыз жануарлардың орман кадастры кітабы - өзінің аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін жәндіктер - орман зиянкестері мен орман шаруашылығы үшін пайдалы жәндіктер туралы мәліметтерді қамтитын деректер бойынша орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді;
6) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің кадастры кітабы - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар түрлері туралы өздерінің аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін деректернегізінде уәкілетті органдар және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді;
7) жануарлар дүнисін пайдаланушылардың жылдық есептері;
8) жануарлар санын есепке алу материалдары.
11. Жануарлар дүниесінің кадастры цифрлық геоақпараттық жүйелер негізінде жүргізіледі және Қазақстан Республикасы табиғи обьектілерінің мемлекеттік кадастрлары бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Кадастр кітаптарын жүргізудің нысандары мен тәртібін тиісті уәкілетті орган айқындайды.
12. Кадастрлар шеңберінде алынған жануарлар дүниесі обьектілерін есепке алу мен тіркеу нәтижелері Қазақстан Республикасы табиғи обьектілері мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесіне тегін беріледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz