Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу жөнінде


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы : «Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу».

Орындаған:Талғатбекова Г. Ж

Тексерген:Мирашева Г. О

Семей 2015.

Жоспар:

Әртүрлі өнімдерден спиртті бөліп алу.

Спирттің ашытқыларын дайындау.

Спирттің жіктелуі

Крахмалы бар шикізаттан спиртті өндіру технологиясы.

Пайдаланған әдебиеттер

Әртүрлі өнімдерден спиртті бөліп алу.

Тазаланбаған спирт өндірістік кезеңдерде пайдаланса да тағамдық спирттерде қолданылмайды. Тазаланбаған спиртте иістер болу мүмкін сондықтан да спиртті фильтрден өткізіп ректификациялау керек.

Ағаш сүрегін лигненнен ажырату барысында алынған сульфит сақары (құрамында 1-5 %қант болады) спирт өндіруге де пайдаланылады. Әдетте сульфит сақарының реакциясы сілтілі болып келеді.

Спирт өндіруде оңай өніп-өсетін беттік ашытқы саңырауқұлақтарды қолданады. Қазір ашу процесі жүретін барлық ендірістерде микроағзалар «таза» күйінде, яғни басқа микроағзалардың қоспасынсыз қолданылады. Бұл өндірістің өнімділігін арттырады.

Спиртті өндіру үшін шикізат ретінде астық тұқымдастардың дәндері, картоп, сірне, сульфат сақары, сүрек қанты тағы басқалар қолданылады. Қолданылатын шикізаттар түрлі болғандықтан спирт өндіру технологиясы да соған сәйкес ұйымдастырылады.

Қазіргі уақытта қант пен крахмалдың құрамындағы спирттің мөлшерін оңай есептеп шығаруға болады. Мәселен, бидайда 60% крахмал болса онда оны төмендегідей есептеуге болады:

1кг бидай => 0, 6кг крахм. => 0, 6х1, 11=0, 67кг қант. => 0, 67х0, 64=0, 426л спирт

Жалпы негізгі деген өнімдердегі қант пен крахмал мөлшері төмендегі 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте. Әртүрлі шикі өнімдерден спиртті ал

Крахмал құрамы
Қант құрамы
Крахмал құрамы: Шикі өнім
Қант құрамы: Спирт, мл/кг
Шикі өнім
Спирт, мл/кг
Крахмал құрамы: Крахмал
Қант құрамы: 710
Қанат
640
Крахмал құрамы: Саго
Қант құрамы: 600
Сірне 50%
320
Крахмал құрамы: Күріш
Қант құрамы: 530
Жүзім
115
Крахмал құрамы: Кукуруз
Қант құрамы: 450
Тошала
110
Крахмал құрамы: бидай
Қант құрамы: 430
Қызылша 16%
102
Крахмал құрамы: Бұршақ
Қант құрамы: 390
Таңқурай
100
Крахмал құрамы: Тары
Қант құрамы: 380
Алма
65
Крахмал құрамы: Қара бидай
Қант құрамы: 360
Бүлдірген
58
Крахмал құрамы: Арпа
Қант құрамы: 350
Шие
57
Крахмал құрамы: Сұлы
Қант құрамы: 280
Өрік
55
Крахмал құрамы: Горох
Қант құрамы: 240
Қарақат қара
54
Крахмал құрамы: Картоп 20%
Қант құрамы: 140
Қайың суы
25

Спирт өндіруде де алдымен крахмалды жай қантқа ажыратып алу керек. Бұл үшін солод, яғни алдын ала жылы жерде өсірілген арпа дәндері алынады. Солодта крахмалды жай қантқа оңай ажырататын амилаза ферменті бар.

Жалпы қолданылатын солод мөлшері қантқа ажыратылатын шикі заттың мөлшеріне шаққанда 5-10% шамасында болғаны жөн. Бұл процесс +60°С температурада жақсы жүреді. Осындай қанты мол (25-30%) сұйықты затор деп атайды.

Ағаш сүрегін лигненнен ажырату барысында алынған сульфит сақары (құрамында 1-5 %қант болады) спирт өндіруге де пайдаланылады. Әдетте сульфит сақарының реакциясы сілтілі болып келеді. Ашытқы саңырауқұлақтарды өсіру үшін оған қышқыл қйып бейтараптайды да, суперфосфат немесе аммоний сульфатын қосады. Спирт өңдеуде оңай өнім өсетін беттік саңырауқұлақтарды қолданады.

Спирт өндіруде оңай өніп-өсетін беттік ашытқы саңырауқұлақтарды қолданады. Қазір ашу процесі жүретін барлық ендірістерде микроағзалар «таза» күйінде, яғни басқа микроағзалардың қоспасынсыз қолданылады. Бұл өндірістің өнімділігін арттырады.

Құрғату дақылдық сұйықтықты қайта өңдеудің қарапайым әдістерінің бірі болып табылады. Құрғату өнімді таза түрінде бөліп алмай-ақ вакуум-буландырушы құрылғыларда жасалынады. Дақылдық сұйықтық паста тәріздес күйге немесе құрғақ затқа дейін концентрленеді. Бұл әдіс мал шаруашылығында лизин - азықтық аминқышқылын және азықтық В2және В12 витаминдер концент-раттарын алуда, өсімдік шаруашылығында биотыңайтқыштар және биопестицидтерді, тері өңдеу өнеркәсібінде ферменттер және т. б. алуда қолданылады

Спирттің ашытқыларын дайындау.

Ашытылу мен тыныс алуы бұл диссимиляциялық екі түрі. Ашыту көмірсутектер біртіндеп спиртпен СО2 айналғанда ашытқы жасушаларының анаэробты зат алмасуы болып табылады, және тыныс алудан ерекшелігі-ол сол субстрат тотығымен СО2 мен Н2О дейін тотығуы.

Амин қышқылдарынан пайда болған амиакпен ашытқы саңырауқұлақтар қоректенеді де ортада сивуш майлары жинала береді. Ашытқы саңырауқұлақтарымен қатар, кейбір мукор тобына жататын зең саңырауқұлақтар мен бактериялар спирттік ашу процесін жүргізеді. Алайда олардың әрекетінен пайда болған спирт мөлшері, ашытқы саңырауқұлақтары қолданғандарға қарағанда, анағұрлым аз болады.

Ашытқыш саңырауқұлақтарын адам баласы қолдан өсіріп, өте ерте кезеден өз мақсатына пайдалана білген. Осымен қатар табиғатта жабайы ашытқыш саңырауқұлақтар да кездеседі. Олар ауыл шаруашылық өнімдерін зақымдап едәуір зиянын тигізеді. Ашытқыш саңыруауқұлақтарының адам баласына пайдакелтіретін түрлерін мәдени ашытқыш саңырауқұлақтар деп атаймыз. Бұлар өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Олар қантты ашытып, көмір қышқыл газы менспирт түзеді. Олардың бұл қасиеті нан және түрлі спирт, түрлі шараптарды, сыраларды, сүт тағамдарын даярлаудақазір кеңінен қолдануда.

Ашытқыш саңырауқұлақтарда белок пен витаминдер (В, Д, Е) мол болады. Сондықтан оларды қазір тамақ және мал азығы мақсатында кеңінен қолданады.

Ашытқыш саңырауқұлақтар көбінесе бүршіктену арқылы көбейеді. Бұлар спора түзу және жәй бөліну арқылы сирек көбейеді. Олардың кейбір тпотары жыныстық жолмен көбейе береді.

Бүршіктеніп көбейгенде, алдымен аналық тошадан төмпешік пайда болады да, кейіннен ол үлкейіп бүршікке айналады. Бұдан кейін жас клетка аналық организмнен мүлдем бөлініп кетеді. Қолайлы жағдайда бүршіктену ек сағатқасозылады. Көмірсу мен азот қоректік заттарына бай ортада ашытқыш саңырауқұлақтардың бүршіктенуін жәй биологиялық микроскоппен де көруге болады. Спорамен көбею оларда жынысты және жыныссыз жолдармен жүреді. Ашытқыш саңырауқұлақтар торшасындағы споралардың саны екіден он екіге дйеін барады.

Спирттік ашу технологиясында ашытқының таза дақылы қолданылады. төменгі және жоғарғы ашыту рассаларын ажыратады. Төменгі ашыту рассасына көптеген шарап және сыра ашытқылары жатады, ал жоғарғы ашыту рассасына -спирттік, наубайханалық және кейбір сыра ашытқылары жатады. Төменгі ашытқылар 6-10°С активті, ал жоғарғылары 14-25°С тем-ператураға бейімделген. Ашытқылар қышқыл ортада (рН 4-6) жақсы дамиды және активтігін 10-15% спирт ерітіндісінде сақтайды. Жоғарғы ашытқылар ашыту процесі кезінде жоғары мөлшерде көбік түзеді, СО2 бөлінеді, ашытқы массасы өзі көпірген сұйықтықтың үстіне шығады. Төменгі ашытқылардың қатысуы арқылы ашыту процесі бірқалыпты жүреді, ашытқы клеткасының массасы ыдыстың төменгі жағында қалады.

Спирттің жіктелуі

Спирттер гомолгтық қатардың алғашқылары - метанол мен этанол - қолданыста кең таралған спирттер. Эколог мамандарының қөқарастары бойынша бұл қосылыстар болашақта энергия көзі болып, көлік отындарын ауыстырады. Себебі, метанол мен этанол көлік двигательдерінде жанғанда, моторлы отындарға қарағанда зиянды заттарды өте аз бөледі.

Метанол. Метанол целлюлозды-қағаз өнеркәсібі (58г/л), фенолформальдегидті смола (25г/л), лак, бояу өндірістері қолданған су құрамынан табуға болады. Алкагольсіз сусындарды көп пайдаланғанда ағзада күніне 250 г метанол түзілуі мүмкін. Өйткені, бұл сусындарды тәттілендіру үшін сахароза орнына аспартам (сластилин) қосады, ол ағзада биотрансформацияланып метанол түзеді .

Метанол су көздеріне түскен жағдайда тотығып, судағы ерігішті оттегінің мөлшерін азайтады. Метанол концентрациясы 4 мг/мл-ден асқанда өзен - күлдердің экологиялық жағдайына әсер етеді, ал 200 мг/л-ден асса биологиялық белсенді микроағзалардың белсенділігін төмендетеді.

Метанол - нерв жүйесіне, көз жүйкелеріне және тор қабығының қантамырына әсер ететін әте күшті у болып табылады. Ағзаға түссе тотығып, формальдегид пен құмырсқа қышқылы түзіледі, соның әсерінен ацидоз пайда болып, қан оттегімен толық қанықпай, көптеген тотығу - тотықсыздану процестері бұзылады. Бұл затпен уланған жағдайда метанол ағзадан 5-8 күн ішінде шығады, оның 50-70% -ы өкпе арқылы өзгеріссіз шығарылады.

Өндірістік масштабта спирттер химиялық, фармацевтикалық және тағамдық өнеркәсіптерде қолданылады, биоотын ретінде энер-гетикалық ресурс тұрғыдан да маңызды.

Тағамдық саласында спирттік ашыту процесі шарап жасау, сыра дайындау, этанол өндіру, нан пісіру негізіне жатады.

Этил. Этил спиртінің жергілікті, рефлекторлы және резорбтивті әсерлері бар. Медициналық практикада негізінен жергілікті әсеріне орай қолданады. Кейбір жағдайларда сырқаттардың реконвалесценция кезінде тәбетін күшейтіп, ас жолдарының жұмысын қалпына келтіру үшін ас шарабы, сыра, қымыз түрінде аз мөлшерде береді. Кризистік жағдайларда этил спиртін парентералды қоректендіру қоспасымен (тәулігіне 50-70г) береді. Ағзада тотығу барысында 100г этанолдан 700ккал энергия бөлінетіні белгілі. Қызыл шарапты аз мөлшерде (50мл абсолютті спирт күніне 2-3 рет есептеу бойынша) тромбоциттердің агрегациясын азайтып, төмен тығыздықты атерогенді липопротеиндер, 2 типті қант диабетінде қант деңгейі азайып, атеросклерозға қарсы тұратын жоғары тығыздықты липопротеиндер көлемін арттырады.

Бензоспирт. Биоэтанол немесе бензоспирт автокөліктер үшін жанармайы ретінде қолданылады. Оның өндірісі үшін көмірсуға бай ауыл шаруашылық өсімдіктер қолданылады. Крахмал және қант кіретін шикізаттар спирт өндіру технологиясында алғашқы болып қолданылды.

Крахмалы бар шикізаттан спиртті өндіру технологиясы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Крахмал мен спиртке картопты құрамалы өңдеу
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу туралы ақпарат
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу туралы мәлімет
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу туралы
Картоптан улану
Рафинадталған қантты өңдіру теориясы
Спирт өндірісі технологиясы
Спирт өндірісі
Спирттік ашу процесін қоздыратын сахаромицет туысына жататын ашытқылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz