Тәжірибе ісінің тарихы. тәжірибе стандарттарын орналастыру ерекшеліктері”


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: “ Тәжірибе ісінің тарихы. Тәжірибе стандарттарын орналастыру ерекшеліктері”

Тексерген:Мухаметжанова О. Т.

Орындаған:Қалиева А. Е.

Тобы: АГ - 313

Мамандық: Агрономия

Семей 2015 жыл

Жоспар:

Тәжірибе ісінің тарихы

Зоотехникалық тәжірибе

Тәжірибе стандарттары

Тәжірибе ісінің тарихы

XIX және XX ғасырларда биология ғылымында зерттеу жұмыстарының методикалық әдістері болып бақылау емес, ауыл шаруашылығының және табиғат жағдайларының құбылыстарын ашатын, тәжрибе пайда болды. Осы кезеңнен бастап қазіргі дейін тәжрибені қолдану даму үстінде. Ғылымда тәжрибелік әдістердің орыны үлкен, өйткені ол өмір тіршілігінің, функционалдық және биохимиялық үрдістерін, организмдегі құрылымдық элементтердің қызметін терең білуге жол ашты.

Тәжірибе - адамдардың материалдық, мақсат қоюшы іс-әрекеті; объективті болмысты игеруі және түрлендіруі; адам қоғамы мен танымын дамытудың жалпыға бірдей негізі.

Егер бақылау табиғат үрдістерінің ұзақ уақыт бойы табиғи қалыпта дамуын, зерттеушінің бақылауынсыз түсіндірсе, тәжірибе зерттелетін обьектіге жаңа жағдайлар жасап, сыртқы ортаның басты факторларын бақылауға алып қана қоймай, оны өлшеп, есептейді.

Сондықтан тәжірибе үшін зерттелетін обьекті маңызды екеніне көз жеткізе аламыз. Тәжірибе көп дәрежеде бақылауға қарағанда, теория дамуымен, зерттеу техникасы, өңделген әдістер және қажетті құрал-жабдықтары пайдалануымен байланысты.

Сонымен қатар тәжірибенің жәй бақылаудан басты айырмашылығы, пәнді немесе әртүрлі жағдайдағы бір уақытта болатын құбылысты оқытуға мүмкіндік береді. Кейбір кешендер жағдайын тәжірибе жүргізуге арнайы дайындайды. Ол жабайы табиғатпен шаруашылық жағдайларында кездеспейді. Өйткені ол ортада жүргізген тәжірибе нәтижесін әрі құбылыстың себебін түсіндіруге нақты мүмкіндік береді. Мысалы, климаттық камерада жануарлардың сыртқы орта жағдайын қажет ететін барлық жағдай жасалған (температура, ылғалдылық, жарық, ауа қозғалысы т. б) немесе қазіргі заманғы күрделі факториалды әдісті алу керек. Онда зерттеуші бір уақытта оң нұсқаны үйренеді. әртүрлі азықтандыру күтіп бағу, өсіру және т. б факторлар . Міне, осындай барлық тәжірибе ерекшеліктерінен ғылыми зерттеу үрдісін тездетеді, яғни зерттеуші қаншама алынған мәліметтерден бір күрделі әдіс алады. Тәжірибенің жай бақыладан тағы бір ерекшелігі қанша уақыт өтсе де сол жағдайда зерттеуді қайталауға мүмкіндік жасайды. Мысалы, аймақтың бөліктерге өткізілген әр түрлі зоотехникалық тәжірибелер жыл сайын бір уақытта қайталанады. Ал әр жылы табиғат факторлары әртүрлі болады.

Тәжірибенің қайталануы нақты қорытындыға келуге мүмкіндік жасайды және мал шаруашылығы тәжірибесі үшін тиімді. Тәжірибе жүргізу барысында әсер ететін факторлардың күшін және оны биологиялық оптимальді немесе экономикалық неғұрлым мақсатқа сай өзгертуге болады. Анықталатын обьектіге әртүрлі факторлардың әсер етуін оқыту, анықталатын тұқым малының өнімділігіне әсер ететін азықтандыру және күтіп-бағу факторлары т. б үшін, тәжірибеге бір уақытта әр түрлі обьектілерді ( мысалы, әр түрлі тұқымдар, аталық іздер т. б) пайдалану арқылы тәжірибе әдісін кеңейтеді.

Осылардың барлығы зерттеудің мақсатқа орай бағытталғандығы, яғни обьектіге қолдан жасалған жағдайлар туғызу, жасалған жағдайларды реттеп отыру, тәжірибені қайталау және факторлар мен жасалған жағдайларды нақты өлшеу-тәжірибелік әдістің дәлдігін және күштілігін дәледейді.

Зерттеудің тәжірибелік әдісі биолгияда ең бірінші физиологияны (өмірдің функционалдық құбылыстары ) одан кейін жануарлар морфологиясын оқытуда қолданылады. Зерттеуге тарихи әдісті қодана отырып, морфо-физиологиялық тәжірибе негізінде генетикалық тәжірибе пайда болды. Осыған орай, кейінгі жылдары физика-химиялық тәжірибені де өмірлік үрдістрді ( өмірдің молекулла сатысында пайда болуынан бастап) оқытуда кеңінен қолдануда .

Биологияда зерттеудің тәжірибелік әдісінің дамуы берілген мәліметтерді өңдеу мақсатында математиканы пайдалануға әкелді.

Зоотехникалық тәжірибе

Зоотехникалық тәжірибе. Тәжірибенің биологиялық түрлері және қолданылатын әдістердің барлығы зоотехнияда да пайдаланылады. Бірақ биологиялық факторлар техника-экономикалық факторлар болып есептеліп, зоотехникалық көбінесе тәжірибенің басты сипаттамасын береді. Зоотехникалық тәжірибені көбінесе ғылыми шаруашылықтың әдіс деп те атайды, өйткені ол шаруашылықтың жағдайға жақын формада.

Зоотехникалық тәжірибенің басқалардан негізгі ерекшелігі ондаған жылдарға созылатын селекциялық тәжірибе. Сәтті және жағымды аяқталған тәжірибе жаңа тұқым аталық із, аналық ұя ашып қала қоймай, зоотехния ғылымы ториясына қажет: қайта қалыптасу және даму тұқым шығарудағы қолда бар жаңа әдістерді өңдеу және тиімділігін тексеру немесе әр түрге жататын тұқымдардық шаруашылықтың -пайдалы сапасын жетілдіруде биологиялық заңдылықтардың маңызы зор.

Зоотехнияда тәжірибенің ежелден 3 түрі қолданылады: ғылыми, ғылыми-шаруашылықтық және өндірістік.

Ғылыми тәжірибе көбінесе лабораторияларда қойылады және зоотехник зерттеушіге физиологиялық, биохимиялық немесе генетикалық негіздегі сұрақтарға жауап алады. Оны ауыл шаруашылық немесе лабораториялық малдарға жүргізеді. Бұл тәжірибеге алынатын ауыл шаруашылық малының саны шектеулі. Тәжірибеде зерттелетін малдың жеке қасиетін және биологиялық ерекшеліктерін түсіндіреді. Бұл тәжірибе технологиялық сипаттағы сұрақтарды қарастырмайды, ал ғылыми тәжірибенің мысалы ретінде физиологиялық әдіс азықтың қорытылуы, азот, кальций, фосфорлардың алмасуын оқытады.

Ауыл шаруашылық малдарын зерттеудің әр түрлі тәжірибелеріне физиологиялық, морфологиялық, биохимиялық және биофизикалық және биохимиялық т. б жүргізуге обьекті бола алады. Осындай барлық тәжірибелер зоотехния үшін құнды болып табылады, өйткені ол біздің білімімізді ғылыми фактілермен толықтырады. Бірақ олардың барлығы зоотехния ғылымының өзіндік сипаттамасын анықтайды.

Зоотехния ғылымындағы ең негізгі әдіс- ғылыми-шаруашылық әдісі. Зерттеудің ғылыми-шаруашылық әдісі ғана әртүрлі факторларды мал шаруашылығы өнімдерінің жиналу, пайда болу үрдістерінің заңдылықтарын зерттеуге жол ашады. Алынған мәліметтер мал шаруашылығы өндірісінің үрдістері дұрыс қалыптасуы үшін, жан-жақты биологиялық, экономикалық, техникалық қарастырылады.

Тәжірибе стандарттары

Кәсіби іс-тәжірибенің бағдарламасы

Іс-тәжірибенің әр түрінің мазмұны, мақсаты, мен міндеті іс-тәжірибе түрлері мен білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерімен қоса алғанда, бітіруші кафедралармен жасалған бағдарламалармен анықталады. Іс-тәжірибе бағдарламасының мақсаты - студенттердің тікелей іс-тәжірибе өту орындарында кәсіби-іс-тәжірибелік үрдісімен басқару болып табылады. Іс-тәжірибе бағдарламалары келесідей бөлімдерді құрауы тиіс:

- түсініктеме хат (мәні, іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеті, белгілі нысанға келтірілген құзіреттіліктер) ;

- іс-тәжірибенің нысандары (оның түріне байланысты), мүмкін болатын жұмыс орындарының тізімі;

- жұмыстың тақырыбы мен көлемі бойынша бөлінген мазмұны;

- практикантқа қойылатын талаптар;

- студент-практиканттың құқығы мен міндеттері;

- орындауға ұсынылған жалпы және жеке тапсырмалар (СҒЗЖ мен СОЗЖ бойынша зерттеу тақырыптары) ;

- тәжірибе күнделігінің жүргізудің тәртібі;

- іс-тәжірибе бойынша есепті жазу тәртібі мен оның негізгі бөлімінің мазмұны;

- есептегі қосымшалардың мазмұны;

- іс-тәжірибенің қорытындысын жүргізудің тәртібі;

- студент-практикантқа кәсіпорыннан берілетін мінездеменің рәсімделу тәртібі мен болжамды мазмұны.

- іс-тәжірибе нәтижесі мен есепті қорғауды бағалау критерийлері;

- ұсынылған әдебиеттер.

Кәсіби іс-тәжірибенің базасының құрылымы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақжайлылық индустриясын басқарудың әлеуметтік - психологиялық аспектілері
Бүкіл жағдайды түсіну есебінен бір мәселеге назар аудару
Озық педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымы жетістіктерін практикаға енгізу, педагогикалық инновацияның критерийлері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОНАҚҮЙ ИНДУСТРИЯСЫ
Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері
Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары
Қонақ үйде қызмет көрсету сапасын көтеру
Тәжірбие ісінің қысқаша тарихы. Тәжірбие стандарттарды орналастыру ерекшеліктері
100 орынды люкс мейрамханасының ыстық цехы
Аудит стандарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz