Абай мұрасындағы әйел бейнесі



ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.1 Абайдың әйел мұрасын жырлаудағы жаңашылдығы ... ... ... ... ... ...6
ІІ. 2 Абай мұрасындағы әйел образының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ...15
ІІ.3 Әйел образын сипаттаудағы Абай мен Сұлтанмахмұт үндестігі ... ...37
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
Пайдаланылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла...»
Абай

І. КІРІСПЕ

Орыс әдебиетінде Тургеневтің әйелдері деген тіркес барлығын әдебиетке жаны құмар жандар жақсы біледі. Қазақ халқында болса әлі мұндай жазылмаған заңдылықтар пайда бола қойған жоқ. Өйткені әдебиеттегі әйелер бейнесі толықтай зерттеліп бітпеді.
Әйел жаны терең. Оны түсіну мүмкін бе? Әйел философиясы да тұңғиық. Әсіресе, ананың. Қыз рөлінің қоғадағы орны тым бөлек. «Қыз өссе елдің көркі» деген тіркестің өзі ғана үлкен мағынадан сыр шертеді. Шын мәнінде де халықтың елдігі, ұлттың сипаты «әйелдердің сол қоғамдағы рөлі» арқылы танылады.
Әйел бейнесі әдебиетте көбіне «ана», «аяулы жар» ретінде қарастырылады. Аналар тақырыбына келгенде әлем әдебиетінен ең алдымен тілге оралары ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі француз әдебиетіндегі реалист жазушылардың бірі Анри Рене Альбер Ги де Мопассан есімі. Оның аты неге аталады, себеп оның тегі мен есімінде емес және аты «А-дан» басталуы да мұнда рөл ойнамайды, гәп оның өлшеусіз туындысы - «Өмірінде». «Өміріндегі» Аналар бейнесі нағыз ширыққан образдар. Жанна мен Розалидың тағдыр тауқыметтеріне шыдам беруі «ананың» қайраткерлік қасиетін талассыз танытады. Жазушы Мопассан бұл еңбегін сондай көркемдікпен, шыншыл әрі қарапайымдылықпен жазды тіпті жылап та аласың. Мопассан өз кейіпкерлеріне ғұмырдың дерлік барша сынын көрсетеді. Себебін, бұл Өмір деп түсіндіреді. Мұнан түйетініміз болса өмірдің қиындығына дес бермеген әйел Ана болмайды. Бұл шығарма қазақ тіліне де аударылып, оқырманға жол тартқалы қашан. Енді қазақ әдебиетіндегі прозаға келейік. Қазақ жазушылары ХХ ғасыр басындағы өзекті әлеуметтік мәселені осы әйелдер тақырыбына шығарма жазу арқылы көрсеткісі келген. «Қамар сұлу», «Қалың мал», «Қыз көрелік», «Кім жазықты?»... әлеуметтік теңсіздікті қазақ қызы тағдыры арқылы бейнелейді. Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы, Б.Майлин, М.Әуезовтың қатал реалистік шығармалары тағы бар. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Тайыр Жомартбаев, Спандияр Көбеев қазақ қызының тағдыры деген мәселені көркем әдебиетте сентиментальды сезімге құрған. Ғабит Мүсіреповтің орны бұл орайда айырықша. «Ана» тақырыбына ең көп қалам тартқан жазушы Ғабит Мүсіреповті осы жазушылар қатарына қуана-қуана қосамын. Әйелді «ана» деген шыңға шығарған қазақтың Мопассаны! Ғ.Мүсіреповтің Горькийден аударған «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ана кесімі айнымайды», өзінің «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасысы», «Ер ана», «Ақлима», «Әмина», «Екі әйел – екі дүние», «Ана жыры», «Ұлпан» атты шығармалары жазушының қозғап отырған тақырыбымызға ерен еңбек еткендігін дәлелдейді. Мопассаннан артық жазбаса, кем жазбады. Бұлар прозада әйел бейнесін танытып берді. Поэзияға келер болсақ...
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қожа Амет Яссауи «Диуани хикмет»- Алматы: Өнер.-2007-312 бет
2. Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық жинағы.-Алматы: Жазушы.-Т.1: Өлеңдер мен аудармалар.-2002-296 бет
3. Абай Құнанбаева «Өлең – сөздің патшасы» шығармаларының бір томдық жинағы.-Алматы:Дәуір. -2006-560 бет
4. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Екі томдық шығармалар жинағы.-Алматы: Жзаушы. -1986-304 бет
5. АБАЙ. Энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, 1995.-720 бет
6. Пушкин – Абай және қазақ әдебиеті: Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары. – Алматы: Unique Service, 2006 - 591 бет.
7. М.Әуезов. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 31-т. 2008.-402 б.
8. «Қазақ әдебиеті» .Қ.Әбездіұлы, Г.Д.Рыскелдиева, С.Ч.Тұрсынғалиева. Астана: «Арман-ПВ», 2012. - 368 бет.
9. http://kk.m.wikipedia.org
11.Тарихилық және тарихы тұлға. Әдебиет пен өнер мәселелері 4-ші шығарылымы Алматы- 2002.

12. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы: // Мектеп, 1973.

13. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. А., Білік, 1999, - 750
14.Әдебиеттану терминдер сөздігі. /құраст. З.Ахметов, Т.Шаңбаев. А., Ана тілі, 1998, -384
15. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., Ғылым, 2001, -448

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Абай мұрасындағы әйел бейнесі
Дипломдық жұмыс - 50 бет

Абай мұрасындағы әйел бейнесі
ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.1 Абайдың әйел мұрасын жырлаудағы жаңашылдығы ... ... ... ... ... ...6
ІІ. 2 Абай мұрасындағы әйел образының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ..15
ІІ.3 Әйел образын сипаттаудағы Абай мен Сұлтанмахмұт үндестігі ... ...37
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
Пайдаланылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла...
Абай

І. КІРІСПЕ

Орыс әдебиетінде Тургеневтің әйелдері деген тіркес барлығын әдебиетке жаны құмар жандар жақсы біледі. Қазақ халқында болса әлі мұндай жазылмаған заңдылықтар пайда бола қойған жоқ. Өйткені әдебиеттегі әйелер бейнесі толықтай зерттеліп бітпеді.
Әйел жаны терең. Оны түсіну мүмкін бе? Әйел философиясы да тұңғиық. Әсіресе, ананың. Қыз рөлінің қоғадағы орны тым бөлек. Қыз өссе елдің көркі деген тіркестің өзі ғана үлкен мағынадан сыр шертеді. Шын мәнінде де халықтың елдігі, ұлттың сипаты әйелдердің сол қоғамдағы рөлі арқылы танылады.
Әйел бейнесі әдебиетте көбіне ана, аяулы жар ретінде қарастырылады. Аналар тақырыбына келгенде әлем әдебиетінен ең алдымен тілге оралары ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі француз әдебиетіндегі реалист жазушылардың бірі Анри Рене Альбер Ги де Мопассан есімі. Оның аты неге аталады, себеп оның тегі мен есімінде емес және аты А-дан басталуы да мұнда рөл ойнамайды, гәп оның өлшеусіз туындысы - Өмірінде. Өміріндегі Аналар бейнесі нағыз ширыққан образдар. Жанна мен Розалидың тағдыр тауқыметтеріне шыдам беруі ананың қайраткерлік қасиетін талассыз танытады. Жазушы Мопассан бұл еңбегін сондай көркемдікпен, шыншыл әрі қарапайымдылықпен жазды тіпті жылап та аласың. Мопассан өз кейіпкерлеріне ғұмырдың дерлік барша сынын көрсетеді. Себебін, бұл Өмір деп түсіндіреді. Мұнан түйетініміз болса өмірдің қиындығына дес бермеген әйел Ана болмайды. Бұл шығарма қазақ тіліне де аударылып, оқырманға жол тартқалы қашан. Енді қазақ әдебиетіндегі прозаға келейік. Қазақ жазушылары ХХ ғасыр басындағы өзекті әлеуметтік мәселені осы әйелдер тақырыбына шығарма жазу арқылы көрсеткісі келген. Қамар сұлу, Қалың мал, Қыз көрелік, Кім жазықты?... әлеуметтік теңсіздікті қазақ қызы тағдыры арқылы бейнелейді. Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы, Б.Майлин, М.Әуезовтың қатал реалистік шығармалары тағы бар. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Тайыр Жомартбаев, Спандияр Көбеев қазақ қызының тағдыры деген мәселені көркем әдебиетте сентиментальды сезімге құрған. Ғабит Мүсіреповтің орны бұл орайда айырықша. Ана тақырыбына ең көп қалам тартқан жазушы Ғабит Мүсіреповті осы жазушылар қатарына қуана-қуана қосамын. Әйелді ана деген шыңға шығарған қазақтың Мопассаны! Ғ.Мүсіреповтің Горькийден аударған Адамның анасы, Өлімді жеңген ана, Ана кесімі айнымайды, өзінің Ананың анасы, Ашынған ана, Ананың арашасысы, Ер ана, Ақлима, Әмина, Екі әйел - екі дүние, Ана жыры, Ұлпан атты шығармалары жазушының қозғап отырған тақырыбымызға ерен еңбек еткендігін дәлелдейді. Мопассаннан артық жазбаса, кем жазбады. Бұлар прозада әйел бейнесін танытып берді. Поэзияға келер болсақ...

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.1 Абайдың әйел мұрасын жырлаудағы жаңашылдығы
Біз халқымыздың халықтық болмысы мен ардақты ұлтымыздың ұлттық сипатымыздың сақталып қалуына негізгі себепкер болған деп білетін ұлы әдебиет сахнасының еліміз тарихы мен қоғам өміріндегі орны айырықша екендігін мойындаймыз! Қазақ халқы қаншама уақыттардан бертін қарай, толқындарды-толқын қуалап зымыраған уақыт еншісінде әлемдік әдебиетке өзінің талай-талай үздік, әрі қайталанбас асыл мұраларын қосқаны ақиқат! Сол ақиқаттардың бірі: Абай Құнанбайұлының адамзат руханиятында ізі қалған шығармашылығы! Профессор Ш. Елеукеновтың Адамзаттың рухани қазынасына қазақ не қосты деген сауал туа қалса, жауабын біз іркіліссіз Абайдай сарқылмас бай кенішімізден іздейміз(6. 49 б) деген пікірін де осы арада ескере кеткен жөн. Қайта тумас ақын Абай жүрегінің түбіне терең бойлағандай поэзиясына да үңілер болсақ әлі де ізденіс танытып жазар дүние көп екендігін байқаймыз. Абай поэзиясындағы әйелдер бейнесі аз зерттелген тың тақырыптардың бірі. Осы тақырып көлеңкесінде көптеген ғылыми жаңалықтарға негіз болатын мәліметтерге тап бола отыра, қазіргі туындап жатқан тарихи мәселелердің де шешімі табылады. Осы күнге дейінгі қазақ ақындары арасындағы ең үлкен талант иесі болған ұлы ойшыл, заман тудырған тұлға Абай Құнанбайұлының поэзиясы қай дәуір болмасын биік тұрады. Осы күнге дейін Абайдың әдеби мұрасын зерттеу барысы әлі де жүруде, солай болмағы да қажет.
Абай поэзиясын оқи отыра біз қазақ қыздарына қайран қаламыз. Неге десеңіздер, жанары жаны жаздай жайраңдаған. Қазақ халқында мынадай даналық сөз бар: қыз өссе елдің көркі. Дәл осы сөздің мән-мағынасы, қазақ қызы мен жалпы әйел образы Абай шығармашылығында нақты көрініс тапқан.
Абай поэзиясында қыздардың кейіптелген тұстары оқырманға лирикалық реакция беріп қана қоймай оны сол қыздың тұлғалық қасиеті оқырманды қайраң қалдырады. Абайдай айтсақ иузи - рәушан, көзі - гәуһар.
Абай әйелдер образын жасау барысында өз поэзиясында олардың тағдырын ғана емес сонымен бірге әйел бейнесі қандай болмақ керектігін де сөз етеді. Бұл ақын поэзиясының ерекшелігі. Мәдениеттің шырқау шыңы ең алдымен, әйелге деген қарым-қатынастан көрінетіндігін (М.Горький) ескерер болсақ әйелдер бейнесі проза мен поэзияда ең жоғары деген дәрежеде болып, негізгі тақырыпқа айналуы тиіс!
Бас Абайтанушы Мұхтар Әуезов сөзі бойынша : ...Семьяға, ата-анаға, жас ұрпақты тәрбиелеуге, әсіресе, әйелге жаңа көзқарас қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет соншама айқындықпен, соншама моральдық тереңдікпен айтылады. Шығыс әйелдерінің халық поэмалары мен тұрмыс-салт жырларында суреттелетін қайғылы, бақытсыз халі Абай творчествосында жаңа мағынаға ие болады.Өз поэзиясында Абай әйелдің жан-жүйесін көрсетеді, ал, бұл жөнінде бұрынғы поэмалар мен жырларда аз айтатын да, әйелдің қасіретті тағдырының сырт жағына баса көңіл бөлінетін. Абай сүйген адамын өзі қалаған әйелдің махаббаты қаншалықты жан тебірентерлік, кіршіксіз таза, терең болатынын,оның қиыншылықпен қолы жеткен, бақыты үшін күресте қажырлы, берік екенін көрсетеді.Абай қазақ әйелін, ананы семьяның тірегі ретінде жырлайды, оның жанқиярлығын, даналығын, шын көңілмен берілген достыққа беріктігін, оның адал, тамаша жанының тұтастығын мадақтайды. Қалыңмалға, көп қатын алушылыққа, әйелді күңдікте ұстаушылыққа жан-тәнімен қарсы шыға отырып, ақын өлеңдерінде әйелдің қоғамда тең праволы болуы үшін күреседі(7. 106 б.)
М.Әуезовтің бұлай баға беруі тегіннен емес еді. Ол мұндай критерийді Абай дәуірі мен Абайға дейінгі және өзінің заманындағы поэзияны жетік меңгере отырып берген.
Қазақ әдебиетіндегі әйелдер бейнесінің көріністері алғаш рет көне жырлар мен эпостарда айтылады. Орхон ескерткіштеріндегі Күлтегін жырларындағы Ұмай ана, Оғыз Қаған дастанындағы Айқаған ана бейнесінің сомдалуы, нақты атап өтілмесе де әйел орнының, ана рөлінің айтылып өтуі қазақ әдебиетіндегі, анығырағы бүкіл Түркі әдебиетіндегі бастама болғандай. Онан соң Ислам дәуіріндегі әдебиетті басып өтеміз де, Алтын орда дәуіріндегі әдебиеттен әйелдер бейнесін іздегенде С.Сарайдың төл туындысы Сүһәйл мен Гүлдерсін дастанына айырықша тоқтап өтеміз. Әдебиетіміздегі әйелдер бейнесінің сомдауы бастау алған шығарма Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пен қыздың оқиғасына арналған. Сол арқылы өз дәуірінің өзекті мәселесін көтергендей. Зынданда азап шегіп, шынжырлы халде жатқан Суһайлдың түсіне бір перизат кіруімен өрбитін шығарма тұғын бұл. Шах қызы Гүлдерсін Сухайлды құтқарып бірге қашып кетеді. Сондағы бейнеленген қыз рөліне тоқталар болсақ , онда әйелдің адалдығын байқаймыз, сүйгенімен бірге атақ-абырой бәрінен бас кешіп кетуі, пәк махаббатты бейнелеп ғана қоймай қыз тұлғасының ең жақсы, ең жоғары қасиеттерін бейнелейді. Бұл оқиға өлең түрінде жырланған, мен баяндадым. Осынан үзінді берсек:

Әйелің адал жарың, оны сүй әзиз ер,
Әрбір ауыр жағдайда, дәйім сені демер.
Оған дос бол, оны сүйіп көңіл бер,
Оның сөз теңізінен гауһарларын тер.
Онан әрмен Сәйф Сарай әйел образын анық суреттейді
Жаңа туған айдай қасың, уа көріктім,
Сені ораза тұтқан кісі көрсе оразасын ұмытып,
тойлап кетер еді.
Су ішкенде ерніңнен су тамса,
Ол жерде қант пен шекер пайда болар.
Сенің жамалың ғаламның тұтқасы,
Сенің қиялың қиялымды өсіреді ... (8. 85 б.)

Поэзиядағы әйелдер бейнесінің жырлануы қазақ әдебиетінде осылай басталды. Бұл ізді 2000 жылдық тарихы ЮНЕСКО-да тойланған қазақтың ТҰРАН батыры Алпамыс жайлы Алпамыс батыр дастанындағы Гүлбаршынның Алпамысқа адалдығы мен сенімі, Алпамыстың анасы Аналықтың балаға зар болып жүргендегі балалы болуға, ана атануға сағынышы,талпынысы, Қобыланды батырдағы Қыз Құртқа Тайбурылдың қырық үш күндік кемдігі бар екенін біліп, жауға аттанғалы отырған бас кейіпкерді біраз тоқтатып, Қобыландының өзін де баптап, бабына келтіріп, жауға аттандырып салуы мен кейіннен Құртқаны тұтқындап, әйелдікке алмақ болған Алшағырға дес бермеуі-берілмеуі сөйленген эпостар жалғаса кейіннен жыраулар поэзиясында өзіне лайықты орнын таппастан қазақ ауыз әдебиетіндегі ең мол жанрдың бірі айтыста осы тақырып жалғас табады, небір өткір мәселелер көтеріледі. Қазақ әдебиетінде қыздардың алғашқы қадамы да осы айтыс жолынан басталғандай көрінеді. Бұл қадамды алғаш аттағандар: Ұлбике, Күңбала, Сара, Ырысжан, Тоғжан т.б. Олардың қарқындары да жаман емес-ті. Оған бір ғана мысал атақты Сүйімбай ақын (1822-1895) Күңбала қызбен айтысындағы ақын қыздың жеңісі. Аталмыш жанрда қыз тағдыры қатты сынға алынып, айтыс сапалық жағынан да, қоғам өміріндегі алар практикалық маңызынан да жоғарылай, арта түседі. Алайда айтыс туралы өте-мөте көлемді еңбек қалдырған жазушы Мұхтар Әузов пікіріне қарар болсақ: Анығында, қазақ фольклорындағы ең бай жанр -- айтыс десек, нелер жүздеген, хатқа түскен айтыстарды қарасақ, солардың көптен-көбі еркек ақын мен қыз ақын, әйел ақындар арасында болған айтыстар екенін көреміз. Айтыс үлгісінде туған барлық өлең қазынасының қақжарымына жақынын атақты ақын қыздар: Ақбала, Күңбала, Тоғжан, Сара, Жантелі, Ырысжан, Тәбия, Мақта сияқты нелер жүйрік, өнерпаз ақын қыздар, келіншектер туғызған. Ойын-сауық, той-мерекелерде ән-өлеңге үнемі араласып жүретін қыз-келіншектердің айтыста аз ғана еркіндік алатыны байқалады(www.massaget.kz әдебиет порталынан) айтыстың өзінде де қыздар жайы толыққанды жырланды, образдары айқындалды дей алмаймыз. Зар заман ақындарының өлеңдерінен де қыз тағдыры көрініс тапқан, бірақ онда елдік мүдде, халықтық мақсат негізгі идея тұғын. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана өмір дариясына қосылған тұнық тамшы Абай Құнанбайұлының арқасында ғана кейіннен бұл олқылық жөнделеді.
Әлем әдебиетіне қазақ әдебиетінің қосылуына айырықша үлес қосқан терең ойшыл философ Абай өлеңдерінде әйелдерге деген құрмет арта түседі. Олардың тәні мен қоса жан сырында, ішкі әлемін де көркем шеберлікпен суреттеуі ақынның өзіндік стильін танытады.
Абай сөйлеген әйелдер қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы ғана емес, ақылына сөзі сай оған құрбан мал мен бас. Аты аңызға айналған әйгілі қоғам қайраткері, зерделі жан Абайдың Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Жігіт сөзі, Қыз сөзі, Білектей арқасында өрген бұрым, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Мағышқа шығарып берген жоқтауларда, баласы өлген анаға шығарған өлеңдерінде, танымал әні халықтың көз қарашығындай сақталып келе жатқан Көзімнің қарасы, Профессор Ш.Р.Елеукеновше сөз өрбітсек Онегин-Татьяна эпистолярлық романында әйел бейнесі ерекше өзіндік менмен жырланады.
Абай Құнанбайұлының поэзиясындағы бір ерекшелік, өзіндік стильінің ізі қалған жері әйелдер бейнесін ерекше суреттеуінде.Айырықша қолтаңбасы мен шынында да мені бар деп Абайды айтуымыздың да себебі осында жатыр. Ақын қолданған теңеулер болса әдебиет мұхиты түбіндегі асыл маржан тастардай көк мұхитты қалай безендірсе, қазақ әдебиетінің көркемдігін де дәл солай арттыра түскендей.
Дара да дана Абайдың өлеңдерінде әйел бейнесінің қандай екендігі ғана емес, сондай-ақ әйел бейнесі қандай болмақ керектігі, оның бойынан нендей қасиеттер табылуы қажеттігі мен әйел көркі неде екендігі айқын сипатталады. Ақын өз өлеңдері арқылы қазақ қызының болмысын жасауға ұмтылады. Шын мәнінде де, қазақ қызы қандай болмақ керек деген сұрақ туындаса біз Абайды оқимыз. Абай қазақ қыздарының тұлғасын жасауға құлшынған тұңғыштардың бірі еді. Абайдың Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат деп аталып кеткен өлеңіне назар аударалық:

Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей көңіл берме!
одан әрмен қарай
Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр,
Бұлқ еткізбес қалайша соқса тамыр.
Жар көңліне бір жанын пида қылып,
Білместігің бар болса, қылар сабыр.
және
Ақыл керек, ес керек, мінез керек,
Ер ұялар іс қылмас қатын зерек

Абай ақын өсек, өтірік, мақтаншақтық тақырыбында біраз қалам тербеген. Осы өлеңінде ақын әйелдердің жат өсегі, жаман мінезі болмаса оны толықсыған гүл бейнесіне теңеп, жар төсегін алтын таққа балайды. Қай уақыт болмасын қазақ қыздарының бойындағы мұндай асыл қасиеттердің барлығын Абайдан бөлек қазақ лиро-эпостық жырларынан табамыз. Қыз Жібек, Алпамыс батыр, Қобыланды батыр т.с.с жырларда суреттелетін әйелдер образы мен Абай бейнелеген образдар бірдей, тең дәрежеде рухани үндеседі.
Әйел жаны өте нәзік екендігі хақ. Сондықтан да Абайға әйелдер бейнесін, олардың бойындағы сұлулық сырларын сөзбен сымбаттау, я кескіндеу, болмаса соның үлгісін көрсету, адамгершілік, эстетикалық, әсемдік әуенін талдау, әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашу оңайға соқпады.Абайдың осы жәйтке келгенде ұтқан тағы бір жері, ол өзінің тума суреткерлік қасиеті және ақындық талантының өлеңдерде бірдей үйлесім табуы.


ІІ. 2 Абай мұрасындағы әйел образының ерекшелігі
А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышы, ең алдымен, сөз өнерінің негізгі жүйесін танытып берген деп есептейміз. Сонда автор суреткерге тән сегіз ерекшеліктерді көрсетіп те берді, олар:
1. Сезім. Нәзік сезімталдық
2. Бақылау. Жіті бақылағыштық
3. Қиял. Творчестволық фантазия
4. Интуиция.
5. Өмірбаян.
6. Парасат.
7. Шеберлік.
8. Шабыт.
А.Байтұрсынұлының осы сегіз ерекшелігі әйелдер бейнесін жырлауда Абай бойынан табылды ма деген сауал туындайды. Осыған жауап беріп көрелік.
1. СЕЗІМ. Абай сезімта болды ма? Ақын өмірі туралы М.Әуезовтің күллі жаһанға аян, қазақтың тұңғыш эпопеясы, Ең талғампаз суреткерлер баға берген Абай жолын оқыған қай адам болмасын, алдымен сондағы бас кейіпкердің сезімі жайлы айтса керек. Мұнан бөлек, ақын өлеңдеріндегі махаббат жанрын оқи отыра сөзбен түсіндіруге келмес әсерлерден сезім Абайдан басталғандай күй кешесің. Мәселен төмендегі өлеңге қаралық,

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да.
Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ-
Саған жар менен артық табылса да.

Абайдың сезімге адалдығы, бойын билеген күш сезімнің Абайды бағындырғаны көрініп-ақ тұр! Бұл өлеңге Абай энциклопедиясында мынадай баға берілген: Өз сезімі қыз жүрегінен үндестік тапсын-таппасын, ол алған бетінен қайтпайды, жалындаған ыстық махаббатының құрбандығына көніп, жүрек қалауының барлық азабын тартуға әзір(5. 245 б.) Сөздің тоқ етері Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан сезім талабына жауап береді.

2. БАҚЫЛАУ.Абай айналадағы бақылағыштық қасиетінен де кенде емес. Мұны тағы да ақынның өмір жолы Абай жолынан білеміз. Онда атақты Шөже ақынмен алғашқы кездесу, оның өлеңдерін бақылауы, сондай-ақ шығыс ақындарының еңбектерін де жіті назарда ұстауы бұл талапқа Абай сай екендігін білдіреді. Қарапайым ғана, А.Құнанбайұлының бір өлеңін мысал келтірелік:

Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,
Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын.
Ақылдылар арланып ұялған соң-
Ойланып түзеле ме деп айтқанмын ,- дей келе қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын екендігін айтып, осы күнге дейін мұны айтқандығын, айтқанда да біліп, егжей-тегжей бақылап сөйлегенін күйініп жырлайды.
Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан бақылау талабына жауап береді.

3. ҚИЯЛ. Ақын қиялынан туған дүние оның талантын айғақтайды. Қиял дегеніміз жаңа идея, жаңа ой, жаңа мазмұн. Олай болса, Абай атамыз қиялды пайдалана алған ба?...сөзсіз, иә. Сұраққа жауап әлі күнге аударма ма, төлтума ма деп шешілмей келе жатқан Онегинь-Татьянада. Ақын қиялы Пушкиннен басқаша сарындағы бағалы дүниені тудырды. Махаббат тақырыбындағы шағын лирикалық поэма Абайдың төлтумасы екендігі зерттеушілер айтып-ақ келеді. Өйткені, дәлел бар. Пушкинмен салыстырғанда Абай қиялынан туған көптеген өзгерістер болды. Бұл туралы кейіннен сөз қозғаймыз.
Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан қиял талабына жауап береді.

4. ИНТУИЦИЯ. Сезімталдық қасиеті адам баласының бәрінде де болатындығы рас. Ал, Абайға берілген осы қасиет айырықша, оның сезімі бір бөлек әңгіме, сезімталдығы тағы бір ұзан-сонар баяндайтын мәтіндей. Абай сондай сезімтал болған-ки, тіпті жесір қалған әйел, баласынан айырылған ана атынан жырлаған. Әбдірахманның әйелі Мағышқа шығарып берген жоқтаудың өзі қандай әсерлі еді. Мағыштың зарын Абай өз мұңында көріп аса дәлдікпен, нағыз детальдармен береді. Жоқтаудан үзінді келтірсек:

Қызықты күнім қалмады,
Жылаған айтып зарымнан.
Көре алмай зар боп айырылдым,
Құдай қосқан жарымнан.
Кейіннен ...
Ашпадың , Алла, қабақты,
Қылмадың қабыл тілекті.
Өле алмай шыдап отырмын-
Зор құдайым салған соң.

Әдебиеттегі деталь жиі ұшырай бермейтін сәтті де табысты жеміс. Қысқа сөз айқын суретке айналады да, үлкен мағынаға ие болады. Детальдың негізі -дәлдігінде. Дәлдік - ақиқатқа үйлесім, жақындық. Жоғарыдағы Абай келдірген бір деталь бар: өле алмай шыдап отырмын деуінің өзі көл-көсір сезімді білдіруде.Атап айтар болсақ: сағынышты, махаббатты, адал жарға деген сезімді, қайғы мен мұңнан әлсіздікті.
Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан интуиция талабына жауап береді.

5. ӨМІРБАЯН. Тәжірибе ақын Абайда мол, ұшан теңіз. ...жас Абай оқудан қолын үзбейді, бос уақытында қазақтың, шығыстың мәдениетін үйренеді. Кейін орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Салтыков-Щедрин, Некрасов т.б шығармаларымен танысады. Сонымен бірге, ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымы кеңейіп, білімін шыңдай береді.(8. 114-115 б.б)
Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан тәжірибе талабына жауап береді.

6. ПАРАСАТ. Сананың саралығы болмай бір пікір беру, бір тақырыпта өлең жазу мүмкін емес. Солай болған күннің өзінде ол жалғандыққа айналады. Абай парасатты болды ма деудің өзі үлк-ө-н қателік. Абай парас деңгейінің сондай биік шатқалына көтерілді, Абайдың қара сөздері, ғақлиялары, бүгінде қазаққа үлгі өнеге боларлықтай. Қазақтың Конфузциі Абай дер едік. Абай жақын тартқан Татьянаны ақын қандай парасаттылықпен бейнелегендігін біз жақсы білеміз. Пушкиндегі Татьяна қазақ поэзисында антоним . Ақын парасаты Абай әйел абыройын төменге түсіргісі келмегендігі.
Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан парасат талабына жауап береді.

7.ШЕБЕРЛІК. Еңбек ақынның басты құралы. Абай бұл құралды қалауынша пайдаланды. Ол еңбектенді, ізденді, соңында құнды мұралар жазды. Ғасырлардан да ұзаққа татитын асыл мұраларды.

Білектей арқасында өрген бұрым ,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік,ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.

Мұнджай шеберлікпен жазылған өлеңді оқыған кім-кім болмасын қазақ қызының болмысымен ғана емес, ұлттық дүниемізден де хабардар болады емес пе? Бұл шеберлік емей немене?...
Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан шеберлік талабына жауап береді.

8. ШАБЫТ. Алланың беретін тартуы. Абай поэзиясындағы шабытқа, әйелдер тақырыбындағы поэзиясындағы шабытқа мен баға бере алмаймын!
Біз сегіз ерекшелікті талдау арқылы Абай әйелдер бейнесін жырлауға лайықтылығын анықтадық.

Эволюция женских образов в лирике Абая шла от внешнего орнаментального описания и подражания восточным образцам классической поэзии ко все более проникновенным и глубоким женским характерам, воплощая лучшие национальные черты женщины - казашки, выражая в этом образе свои гуманистические идеалы (6. 268 б)
Абай поэзиясындағы әйелдерге арналған тақырып пен идея ерекше айтылуы тиіс бөлімдей. Абайдың поэзиясындағы әйелдер тақырыбы жалпы қыздарға арналады да идеясы сан салаға бөлініп кетеді. Жалпы ақын поэзиясында отыздан аса өлеңдерде әйелдер жайлы қызға деген сезім туралы айтылады.
Абайдың басты идеясы қазақ қызының, жалпы әйелдің болмысын қалыптастыру. Яғни, қыздың жан дүниесі, сырлары қандай болмақ керектігі туралы. Екінші, қыз бейнесі. Үшінші, әйел және махаббат. 1-кесте

1-кесте

Идея мазмұны
Өлеңдері
1.
Әйелдің жан дүниесі
"Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат", "Әбдірахманның әйелі Мағышқа шығарып берген жоқтауы", "Әбдірахманның әйелі Мағышқа жұбату", "Баласы өлген анаға шығарып берген жоқтау", "Қандай қызда ләззат бар жан татпаған"
2.
Әйел бейнесі
"Білектей арқасында өрген бұрым", "Иузи рәушан, көзі гаухар", "Көзімнің қарасы","Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы"
3.
әйел және махаббат
"Жігіт сөзі", "Қыз сөзі","Жарқ етпес қара көңілім не қылса да", "Онегин мен Татьяна", "Қызарып сұрланып", "Сен мені не етесің", "Сүйсіне алмадым, сүймедім"

Тақырып - өмір құбылысы делік, идея - автордың өмір құбылысына бағасындай. Шығарманың тақырыбы - сұрақ, идеясы-жауап. Сонда бір сауалдың бірнеше жауабы болатыны секілді, бір тақырыптан бірнеше идея тууы мүмкін. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлы әйелдер бейнесін жырлауда иронияны да пайдаланған. Келемеж түріндегі ақын өлеңдерінің қатары мынадай: Баймағамбетке қатынының атынан шығарылған, Қыздарға, Қатыны мен Масақбай, Әйелің Медет қызы, аты Өрім, Қара қатынға т.б
Абай кей заманның ащы шындығын осылай танытқысы келеді. Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында өлеңінде айта кетеді. Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз дей келе ол екі жұптың қалай ғана қосылатындығын сөз арасына қоса өлеңін аяқтайды. Тағы да, бұқа - буға, азбан - дуға деген сөзді де арасында қолданып өлеңнің философиялық мағынасын тереңдете түседі.
Үш идеядағы бір-бір өлеңге түсінік бере кеткенді жөн санадық. Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат деген өлең 1886 жылы жазылған. Әрине, мазмұны жігіттерге кеңес беру ниетінде жазылған. Алайда мазмұнының ішінде бүркенген ақиқаттар бар. Өлеңнің 9 шумағындағы 3-4 қатарларда әйелдердің жан дүниесі ұлттық, халықтың деңгейде емес жалпы адамзат руханияты дәрежесінде шырқалады. Ол былай еді:

Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне, көз жетпей көңіл берме!

Мұнан әрмен 11 шумақтың да 3-4 қатарларында ақылға қонымды ерекше түйін жасайды.

Жар көңіліне бір жанын пида қылып,
Білместігің бар болса, қылар сабыр.
... кейін араға бір шумақ салып тағы да пішімді ой айтады:
Ақыл керек, ес керек, мінез керек,
Ер ұялар іс қылмас қатын зерек.

Осы өлеңінде ақын қыз теңдігін, қоғамдағы теңдікті жырына ту етіп қадайды. Әділдікке құлшынысын ашық білдіреді. Таптық мүдде жойылып бейбіт, тең дәреже орнауын аңсайтынын жасырмайды. Мұын поэзияда былайынан өрнектеген:

Жасаулы деп, малды деп ббайдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма!

Ал біз, осы әйел жан сырын ақтаратын өлеңге Қандай қызда ләззат бар жан татпағанды неге қостық. Мәселені Абай энциклопедиясынан қарастырып көрсетелік: ...Абайдың 1884 ж. Жазған өлеңі...Өлеңнің негізгі тақырыбы жастық шақтың бітім-болмысы, Ақын қыз бен жігіттің сүйіспеншілік сезіміне қатысыт мінез-құлық өзгерістерін шыншылдықпен кескіндеген. ..Он сегіз, он тоғызға толып, алмасы қол батпайтын өкпеге айналған ару бәрібір жайдақ, жеңілтек емес, жұрт мақтаған жігітті жақтайтын ару ... жалпы өлең түйіні 19 ғ-дың 80 жылдарындағы қазақ тұрмысына ғана емес, біздің бүгінгі өмірімізге де етене жақын, тәлімдік маңызы зор(5. 320 б.) Б.Сарбалаевтың осы пікірін ескере отырып біз бұл туындыны әйелдің жан сырлары қатарына қостық. Өйткені, ел мақтаған жігітті, қашан да қыз жақтаған Бұл қыздың сенімі, ішкі түйсігіндей...
Әйел бейнесін қамтыған жоғарыда көрсеткен өлеңдерге критерийлер берудің өзі артықтық ететіндей. Себебі, ақын әйел образын сондай көркемдікпен жаратты , тіпті оның үлбіреген тамағын күн шалмайды, ал аласа аз қара көзі нұр жайнайды және де сөйлесе сөзі әдепті,һәм мағыналы. Мұндай қолаң қара шашы бар жібек талға сүйсінбеген адам жоқ шығар, сірә.
Осы араға біз Көзімнің қарасын қостық. Әрине, Көзімнің қарасы ерекше ыстық сезіммен жазылған, махабббат тақырыбындағы ғашықтың ішкі сезімі, іңкәр ниетті өлең. Тіпті, Ақын өзі бой тасалап, кейіпкерін алға ұстап сөйлетеді. ..бұл өлеңде тәңір, ие ікөп кездеседі... пайғамбар сүннеті сияқты мұсылманшылық жолдары қызға діни сезім арқылы ықпал етуді көздегенімен, мұнда философиялық ой тербету де бар. Сөзсіз, мұнда Абай махаббаттың психологиясын, реакцияларын аса суреткерлікпен берген болар, бірақ айтар дүние тағы бар, өлеңнің ішіне терең бойлайықшы. Өлең басындағы сегіз шумақты аттап өтіп, 9,10,11,13,15-ші шумақтарда қыз бейнесі жарқын көрініс табады.

Кең маңдай, қолаң шаш,
Я бір кез, я құлаш.
Ақ тамақ, қызыл жүз,
Қарағым, бетіңді аш.

Қара көз, имек қас,
Қараса жан тоймас.
Аузың бал, қызыл гүл,
Ақ тісің кір шалмас.

Мұнан басқа өлеңдегі қыр мұрын, қыпша бел, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері
Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуының теориялық негіздері
МӘШҺҮР - ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
Ғұламаның Оян, казақ
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ШЕШЕНДІК ОРАЛЫМДАР
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанындағы халықтық педагогика негіздері
КИІМ ТАРИХЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Абай оқыған шығыс шайырлары
Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары
Пәндер