Лингвистикалық парадигмадағы омонимдердің орны



І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ Негізгі бөлімі
ІІ.2 Метофора, Метонимия, Синикдоха компоненті талдау ... ... ... ... ... .5
ІІ.3 Омоним жасау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ІІ.4 Көп мағыналық пен омонимдердің ұқсастары мен айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ІІ.5 Көп мағыналыққа семантикалық талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ..30
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
Кіріспе
Көп мағыналық проблемасы жалпы тіл білімі көлемінде де, жалпы тур- ологияда да, қазақ тілінің негізінде де жақсы зерттелген
Көп мағыналықтың әлі де зерттей түсетін, шешімін таппаған мәселелері де аз емес.Мысалы,көп мағынылық түбір мағынасының еншісіне тиеме,әлде мәтінде пайда болама? Көп мағыналықтың онтологиялық негізіне? Көп мағыналық жалпы мағынаның бір көрінісі ме? Жалпы мағына дегенде нені түсінеміз? Көп мағыналықтың валенттілікпен байланысы қандай? Көп мағыналық тілдік пе, әлде сөйлеудің бір категориясы ма? деген сияқты сұраулар бүгінгіге дейін бірізді шешімін таппаған. Тіпті кей ғалымдар көп мағыналықты мойындамайды да. Мысалы, А.М.Щерба «әрбір сөзде жеке мағына болады. Егер көп мағыналық пайда болса, онда жаңа сөз пайда болады» деген қағіда ұсынған. Бұдан сәл бұрын А.А.Потебня да осындай пікір білдірген.
Бірақ ғалымдардың бұл пікірін орныққан пікір дей алмаймыз. Қазіргі тіл ғылымында көп мағыналық мәселесі жеткілікті дәрежеде зерттеліп, оның тілдік сипаты танылып отыр. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігін жасауда сөздердің көп мағыналық сипатқа ие болуының айтарлықтай маңызы болғандығын мойындамасқа болдмайды. Сөздікте кей сөздердің көп мағыналы болуы бір не екі-үш мағынаны білдірумен танылса, кей сөздер сөздік ұяда бес не одан да көп мағынаны білдіре алады. Мысалы, түсіндірме сөздікте «арам» сөзінің төрт түрлі мағынасы берілген. Бұл сөздің тура мағынасы «бауыздалмаған,қаны шықпаған» деп көрсетіледі. Ал оның «еңбексіз,табыссыз» деген мағыналарын ауыспалы мағыналары ретінде көрсетеді. Сонымен қатар бұл сөздің ромбикпен берілген тоғыз мағынасы бар. Бұл жердегі мәселе тура мағына мен ауыспалы мағынаның аражігің ашылмауы болып отыр. Үш түрлі сілтемемен берілген «арам» сөзінің мағыналарын тура немесе ауыспалы не ромбиктен кейін алудың мәнісі не? Бұларды ажырыту өлшемі не болады? Кеңесбаевтың сөздігінде арам ас, арам ет, арам қатқыр, арам тамақ, арам тер,арам өлді, арам ниет т.б. сөздерді тұрақты тіркес деп береді.
Сонымен бірге түсіндірме сөздікте «арам» сөзінің антонимі болатын «адал» сөзінің алты мағынасы көрсетіледі, бірақ ауыспалы деген белгі жазылмаған. Сонда «арам» сөзінің берілген мағыналарының бірі тура мағына, қалғандары ауыспалы мағына болады. Ал «адал» сөзінің ауспалы мағыналары жоқпа? Сөздікте не себепті рның мағыналарының барлығы тура мағына деген белгімен берілген? Бұл сөздердің тура мағынасы не ауыспалы мағынасы деп анықтау шарттарының айқын еместігін, не сөздік құрастыру жұмысындағы олқылық болса керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Оқулық – Алматы, «Санат», 2003 ж.
2. Аханов К. Қазақ тілі лексикасының мәселелері. – Алматы, 1955 ж.
3. Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1979 ж.
4. Болғанбаев Ә., Қалиұлы Е. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Оқулық – Алматы, 2006 ж.
5. Бектуров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. – Алматы, «Атамұра», 2006 ж.
6. Белбаев М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. –Алматы, 1976 ж.
7. Исаев С.М. Қазақ тілі. – Алматы, 1996 ж.
8. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. – Алматы, 1982 ж.
9. Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы, 1992 ж.
10. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы, 1991 ж.
11. Оралбаева Н., Мадина Ғ., Әбілқаев А. Қазақ тілі. – Алматы, 1964, 1982 ж.ж.
12. Омар Б.Қ. Қазақ тілі. – Шымкент: «Алтын алқа», 2004 ж.
13. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. – Алматы, 1975 ж.
14. Қалиев Б., Жылқыбаева А. Сөз мағыналарының негіздері. Оқу құралы – Алматы, 2002 ж.
15. Хасанов Ғ. Сөздің лексикалық мағынасының құрылымы. КДА, - Алматы, 1997 ж.
16. Қ.Республикасы, - Алматы, 1993 ж. 18 қантар.
17. Тіл туралы заң. 1989ж. 28 қырқүйек.
18. Байтұрсынов А. Шығармалары, - Алматы, 1989ж.
19. Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы, - Алматы, 1996ж.
20. Барлыбаев Р. Сөз мағынасы – кеңеюі мен таралуы, Алматы, 1968 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Лингвистикалық парадигмадағы омонимдердің орны - 50 бет

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ Негізгі бөлімі
ІІ.2 Метофора, Метонимия, Синикдоха компоненті талдау ... ... ... ... ... .5
ІІ.3 Омоним жасау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ІІ.4 Көп мағыналық пен омонимдердің ұқсастары мен айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ІІ.5 Көп мағыналыққа семантикалық талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ..30
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50

Кіріспе
Көп мағыналық проблемасы жалпы тіл білімі көлемінде де, жалпы тур- ологияда да, қазақ тілінің негізінде де жақсы зерттелген
Көп мағыналықтың әлі де зерттей түсетін, шешімін таппаған мәселелері де аз емес.Мысалы,көп мағынылық түбір мағынасының еншісіне тиеме,әлде мәтінде пайда болама? Көп мағыналықтың онтологиялық негізіне? Көп мағыналық жалпы мағынаның бір көрінісі ме? Жалпы мағына дегенде нені түсінеміз? Көп мағыналықтың валенттілікпен байланысы қандай? Көп мағыналық тілдік пе, әлде сөйлеудің бір категориясы ма? деген сияқты сұраулар бүгінгіге дейін бірізді шешімін таппаған. Тіпті кей ғалымдар көп мағыналықты мойындамайды да. Мысалы, А.М.Щерба әрбір сөзде жеке мағына болады. Егер көп мағыналық пайда болса, онда жаңа сөз пайда болады деген қағіда ұсынған. Бұдан сәл бұрын А.А.Потебня да осындай пікір білдірген.
Бірақ ғалымдардың бұл пікірін орныққан пікір дей алмаймыз. Қазіргі тіл ғылымында көп мағыналық мәселесі жеткілікті дәрежеде зерттеліп, оның тілдік сипаты танылып отыр. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігін жасауда сөздердің көп мағыналық сипатқа ие болуының айтарлықтай маңызы болғандығын мойындамасқа болдмайды. Сөздікте кей сөздердің көп мағыналы болуы бір не екі-үш мағынаны білдірумен танылса, кей сөздер сөздік ұяда бес не одан да көп мағынаны білдіре алады. Мысалы, түсіндірме сөздікте арам сөзінің төрт түрлі мағынасы берілген. Бұл сөздің тура мағынасы бауыздалмаған,қаны шықпаған деп көрсетіледі. Ал оның еңбексіз,табыссыз деген мағыналарын ауыспалы мағыналары ретінде көрсетеді. Сонымен қатар бұл сөздің ромбикпен берілген тоғыз мағынасы бар. Бұл жердегі мәселе тура мағына мен ауыспалы мағынаның аражігің ашылмауы болып отыр. Үш түрлі сілтемемен берілген арам сөзінің мағыналарын тура немесе ауыспалы не ромбиктен кейін алудың мәнісі не? Бұларды ажырыту өлшемі не болады? Кеңесбаевтың сөздігінде арам ас, арам ет, арам қатқыр, арам тамақ, арам тер,арам өлді, арам ниет т.б. сөздерді тұрақты тіркес деп береді.
Сонымен бірге түсіндірме сөздікте арам сөзінің антонимі болатын адал сөзінің алты мағынасы көрсетіледі, бірақ ауыспалы деген белгі жазылмаған. Сонда арам сөзінің берілген мағыналарының бірі тура мағына, қалғандары ауыспалы мағына болады. Ал адал сөзінің ауспалы мағыналары жоқпа? Сөздікте не себепті рның мағыналарының барлығы тура мағына деген белгімен берілген? Бұл сөздердің тура мағынасы не ауыспалы мағынасы деп анықтау шарттарының айқын еместігін, не сөздік құрастыру жұмысындағы олқылық болса керек.
Тілінде көп мағыналық пен бірмағыналық деген түсінік қолыптасқан. Бұл құбылысты дамыган тілдердің жемісі деп түсінеміз. Олардың құрылымы барлық тілдерде бірдей, бірақ олардың арақатнасы сәл басқалау болады.
Зерттеуші Р.А. Будаговтың пікірінше, бір мағыналы сөздердің де, көп мағыналы сөздардің де мағыналары бір схемамен жасалады. Бір мағыналы сөз сөйлем құрамында қолданылып, ойды білдіруге қатысады. Бір мағыналы сөз объективті дүниемен белгілі бір заңдылықпен байланысса, сол сияқты көп мағыналы сөздер де сөйлем құрамында қолданылып, ойды білдіруге белгілі бір заңдықтарға сүйенеді.
Екінші ескертетін нәрсе - көп мағыналықты мәтін жасайды, тек сөйлем ішінде белгілі болады деген пікір кең тараған. Біздіңше, мәтін сөз мағынасын жасамайды, бірақ мағынаны нақтылауда үлкен рөл атқарады. С. Д. Кацнельсон: Контекст дейсвительно во многих отношениях определяет функционирование многозначного слова, но роль контекста заключается при этом не в образовании вариантов общего значения, а в чем - то существенно ином. По отношению к полисемии контекст играет двойную роль: как средство отборо нижнего значение и как средство актуализации отборного значение - деп мәтіннің қызметін көрсетеді.
Етістіктерді де мағына шеңберіне қарай бір мағыналы, көп мағыналы етістіктер деп ажратуға болады. Көпмағыналы етістіктердің көп мағыналы зат есімнен айырмашылығы бар. Бұл мағынаның деректі не абстрактылығымен емес, мағынаның құрылымдық элементтеріне байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, етістік белгілі бір заттың (айтушының, орындаушының) қимылын, қалпын білдіреді. Мысалы, кел, кет сөздерінің мағыналарын тіркестер арқылы түсіндірейік. Асан келді (кетті) , машина келді сияқты тіркестердегі кел, кет сөздерінің құрылымы басқашалау. Демек етістіктерде көп мағыналық сипатқа ие болуы екінші бір сөзбен тіркескенде ғана мүмкін болады.
Көп мағыналық жайлы Л. М. Васильев: ...значение многознчного слова представляет собой цельные семнатического поле (класс семам), компаненты которого связаны друг с другом иерархическими зависимостями привативными (при последовательной деривации) оппазициями , - деп жазды. Әріне сөз жеке өмір сүрмейді, олар сөйлем құрамында қолданылып, басқа сөздермен байланысып, күрделі тілдік бутіннің бір кірпіші ретінде өмір сүреді. Бір мағыналы сөздердің құрамындағы схемалардың сөзге негіз (ядро) болған семамен байланысуы әр қалай болуы мүмкін. Кез келген семантикалық талдаудың қиындық тудыратын жері схемалардың сыбайлас буыны мен айырып тұрған буынын ажыратып көрсеткде екндігі анық. Осы байланысу тәсілдерінің бірдей болмауынан сөздердің құрамында көрініс берген әр схеманың орнын анықтап, байланысу тәсілдерін (сыбайласа немесе сатылай) көрсетуде қиындықтар келтіреді. Біз субъективті мәнді етістіктердің мағынасын талдап, бір мағыналық пен көп мағыналық сипатының қалыптасу жолын көрсетуге және схемалардың орнын анықтауға әрекет еттік.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.2 Метофора, Метонимия, Синикдоха компоненті талдау

Өмірдегі затпен құбылыстың сыртқы не ішкі бір ұқсастық белгілеріне қарай сөздің бірнеше мағынада ауысып қолданылуы метафора дейміз. Метафора тілдегі қолдану сипатына қарай
1. Тілдік (сөздік) метафора
2. Тұрақты метафора
3. Жеке қолданылыстағы (индивидуальное) метафора
Тілдік метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайымүздіксіз дамытып отырады. Тіліміздегі көп мағыналы сөздердің бірқыдыруы осы тәсіларқылы жүзеге асқан. Тілдік метафораның жалпы халықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те жұмсалады. Дәстүрлі метафоралық тәсіл бойынша ұқсату заңына сүеніп, қазақ тілінде мынадай көп мағыналы сөздер шыққан. Мәселен, аяқ деген сөздің ең алғашқы заттық мағынасы деп адам мен жан-жануарлардың жүру-тұру қызметін атқаратын мүшесі деп түсінеміз. Мұнан кейін стол мен орындық тәрізді жансыз заттардың тіреуішін де аяқ деп ұқсатып айтқан. Бас пен аяқтың бірі жоғары, екіншісі төмен келуіне қарай (ауылдың басынан кіріп, аяғыдан бірақ шықтым дегендегі) үшінші мағына пайда болған. Кейінгі кезде жаңа техниканың тұрмысқа кеңінен енуімен байланысты, екі аяқты велосипед, үш аяқты мотоцикл деп те ұқсатып аяқ сөзіне жаңа мағына қосып айтатын болдық. Сөздің мағына жатқан қорланып дамуы осы тәрізді жаңа сапа элементтерінің біртіндеп молаю арқылы іске асады.
Заттар мен құбылыстардың атын, іс-әрекетін, сапа мен белгілерін білдіретін
тіліміздегі сөздер ғана сөзге морфологиялық тәсіл арқылы ауыспалы мағына жасайды. Бұлар сөзге нақтылы мағына қосып, семантикалық аясын үнемі кеңейтумен болады. Мүше деген сөздің ең алғашқы мағынасы жан-жануарлардың анатомиялық денелерінің жеке-жеке атауларын білдіру болған. Дәлет құсын бауыздап, аспазшы қатынның қолына берді де: бір мушесін қалдырмай ас деді (И.Байзақов).Мұнан соң сый ретінде біреуге берілетін белгілі үлес, сыбаға мағынасын білдірген. Батырдан сауға, мергеннен мүше деген (мақал). Революциядан кейінгі кезеңде белгілі ұйымға кірген адамды айтатын болдық. Мысалы: Жақсылық колхозға мүше болып кірді. Әуезқан партияның жеке мүшелігіне өтті. Хамит жергілікті советтің мүшесі болып тұрлаусыз мүше белгіленді. Сонымен бірге қазақ тіл білімінде сөйлем мүшесі, үйірлі мүше, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше деген толып жатқан терміндік пайда болды.
Жұғу деген сөздің лексикалық тура мағынасы бір заттың екінші затқа тиюі арқылы бір-біріне жабысуы деп (үстіме күйе жұқты, киімге шаң жұқты, қолыма май жұқты) түсінсек, онан кейін аурудың біреуден біреуге тарауын, ауысуын (сынықдан басқаның бәрі жұғады) білдірген. Мұнан соң біреудің жақсылы - жаманды мінез-құлқы, өнері, қылығы өзге бір адамнан да ұқсасыптабылуын айтқан. Тұқымнан дуана көп шығып еді, жұқан екен (Ғ.Мұстафин). Бір затқа, құбылысқа, сапаға тән қанша қасеит, неше ерекше белгісі болса, соларды ұқсастырып айтудан бір сөз аркылы бірнеше ұғымды танып білуге болады. Мәселен, қалың деген сапалық ұғымды білдіретін сын есымнен мынадай ерекше белгілер аңғарылады: қалың нәрсе жуан болады, оның үстіне ол тығыз, әрі жиі,көп боп келеді. Бір сөздың бойына сыйған осыншалық ерекшеліктердің әрқайсысы сөйлемде жеке - жеке дербес мағына тудырып, бас - басына сараланып көрінеді. Мысалы: 1. қалың деген сөздың жуан, толық деген мағынаны білдіруі . Қалың денелі әйелды тұрақты сезім сирек кездеседі (М. Әузев ) . 2.Қалың деген сөздың көп, мол деген мағынада жұмсалуы. Қалың жұртың алдында сөйлеп көрген пенде емес едім (М. Иманжанов ) .3. Қалың деген сөздың жиі, тығыз, бітік деген мағынада колданылуы . Екеуі бір таса жерге , қалың шөптің арасына барып жатты (Ы. Алтынсарин ).
Сөзге қосылған үстеме (туынды) мағына заттың, құбылыстың бойында бар сан алуан ерекше белгілердың негізінде ауыстырып қолдану арқылы жасалады.Сондықтан бір сөзден тараған қосымша мағыналар бір сөзді. Мәселен, балапан деген зат есім (құстың баласы деген ұғымда), осы сөздің метафоралық ауспалы мағынасы сындық мағынада жұмсаоады. Тасада өскен балапанқарағайлар мен шоғыр бұталар да анық көрінеді(Т. Ахтанов). Шыны деген сөз зат есімнің (әйнек ұғымында) де метафора тәсілі арқылы жасалған ауыспалы мағынасы сындық ұғымды білдіреді. Мәселен, шыны қар, шыны көз т.б.
Осы тәрізді сын есімге қатысты сөздердің шындық ауспалы мағыналарды да кейде заттық болып келеді. Мәселен, суық, шала, сынық тәрізді сын есімдер белгілі контексте заттық мағынада қолданылады. Мысалы: Құрт езген, я сүзбе қатқан ыстық сорпа кісіні суыққа тоңдырмайды (М.Ермеков). Жанып таусылуға айналған шалалардың басы күлге көмілді(С.Мұқанов). Қайыр қисайған қазан, қираған кесе сынықтарын көрді(С.Адаибеков).Аталған сөздердің метафоралық ауыспалы мағыналары белгілі бір контексте бірде сын есім (балапан, шыны) сындық мағынада, бірде сын есім (суық, шала, сынық) заттық мағынада жұмсалып тұрғанымен, бұларды әр сөз табына жатқызып, омоним ретінде қалуға болмайды. Бұл тәрізді сөздердіңең алғашқы лексикалық тура мағынасы қай сөз табына қатысты болса, содан өріген туынды мағыналарды да сол сөз табына жатқызу жөн болады. Бұл идея олардың (мағыналардың) шығу тегі бір, бір негізден (тұра мағынадан) таралғандығын айқындап көрсетіп тұрады. Метафоралық мағына сөздің туынды мағыналары қатарында қаралады. Мәселен, астар деп әдетте киімнің ішкі жұқа қабатын түсінеміз. Сонымен мағыналарды қатар сөзінің астары бар деп те айтамыз. Бұл тексте астар деген сөз басқаша мән, өзгеше сыр дегенді білдіреді. Соңғы мағына алғашқы тура мағынадан шыққан қосымша туынды мағына деп есептеледі де, сөздікте астар сөзінің тұрақтанған, үйреншікті лексикалық мағыналарының бірі ретінде көрсетіледі.
Тұрақты метафора ойды естен кетпестей түсінікті етіп тыңдаушыға жеткізу үшін қажет. Ой неғұрлым көркем құрылса, сол ғұрылым тыңдаушыға түсінікті әрі әсерлі болады. Ойдың көркемдігі жалпы халыққа таныс суретке құрылумен тығыз байланысты. Адамның күнделікті өмірден көріп, біліп, әбден сыр мінез болған дүниелермен жазушының ойы қабасып, үйлесіп тұрса, шығарманың тілі де соншалықты тартымды болмақ.Тұрақты метафоралар көбіне - көп халық ақындарының творчестволарында жиі ұшрасады. Мысалы: Ақындық пікір тілім, сын есімдерін тауып дәл төбесінен таны түйреп (Айтыс). Баладай екі өркеші - шөл кемесі - Түйем де басқа малдан кем түспейді (Айтыс). Алтын дән аялаған кең алқапта, Жер кемесі - комбайн гүрілдейді (Айтыс).
Ақындар айтыс өнерінде өткір тілді - сын семсерге, комбайнды - жер кемеге баулау арқылы өз ойын тыңдаушыға әрі түсінікті, әрі соншама, әсерліетіп жеткізіп бере алған. Осындай бейнелі теңдеу сөз ауыздан - ауызға таралып, ұмытылмастай бірден - бірге жатталады. Ақырында жалпы халықтық сипат алып, тілге әбден етене болып сіңісіп, халықтық мүліккеайналады. Сөйтіп тілдегі сөздік құрамының бір бұрышында (поэзияда) жоғалмастай болып, мәңгі - бақи сақталады.
Бір кезде мақтаны ақ алтынға, көмірді қара алтынға, асықты сары алтынға балап, жай қолданған болсақ, бүгінгі таңда осы метафоралық теңдеулер әдеби тілімізге әбден сіңісті болы, бір жола орнығып қалды. Жекелік қолданыстан гөрі, қазір жалпыхалықтық қолданысқа актив болып ауысты. Мын, осындай өз шеңберін кеңейтіп, жұртшылықтың қажетіне жараған, метафораларды тұрақты метафора дейміз. Тұрақты метафора барлық жанрда жалпылама кездесе бермейді, көбінесе белгілі бір жанрға телінді болады. Әсіресе поэзияда жиі кездеседі. Сондықтан тұрақты метафораны кейде опэтикалық метафора деп те атайды. Мәселен, халық ақындары қылыш, семсер дегендердің орнына поэзияда алмас, болат дегендерді жиі пайдаланады.
Тұрақты метафора сөздің келтірінді мағынасы ретінде сөздік мақаланың мазмұнына енеді.
Жеке қолданысдағы (индивидуальная) метафора мен тұрақты метафора өзара тығыз байланысты. Алғашқысы соңғысының үлгісімен жасалады да белгілі бір ақынның я жазушының белгілі бір туындысында да өмір сүреді. Бұлар сөздікте сөздік мақаланың мазмұнына ене алмайды. Белгілі контексте ғана ұшырасатын сөздік келтірінді мағынасы қашан да әр автордың өзіндігін көрсетеді. Сондықтан да келтірінді меғына әрдайым құбылмалы болады. Осындағы көңіл құсы, коммунизм вокзалы, ой құрықтап, тіл тауып, арманның дүрбіс деген метафоралық қолданыстар әр ақынның өзіндік қол таңбасын танытады. Сондықтан да бұл тәрізді метафоралар жалпы халықтық емес, жеке қолданысдағы метафора деп аталады.
МетонимияІргелес, шектес екі заттың немесе құбылыстың бір атауға телініп бірінің орнына бірі алмасып қолданылуын метонимия дейміз. Мысалы: бір Абай емес, биылғы жылы отырған бар ағайын, көп ауыл тегіс қаралы (М.Әуезов) дегенде ауыл - ел, халық орнына; Көпей жеңгемнің қолын сағынып жүрмін (Ғ.Мүсірепов) дегенде қол - дәм, ас орнына; Қазан піскенше бәрі машина көруге кетті (Ғ. Мұстафин), дегенде қазан - тамақ, ет орнына; Ділдә шырақ жағып, шымылдықты түріп қойып, қонақтарға көрпе салуы (М.Әуезов) дегенде шырақ - шам орнына ауысып айтылып тұр. Мұндағы алмасып айтылып отырған сөздер мағыналық жақындығына қарай емес, екі заттың орын бірлестігіне қарай емес, екі заттың орын бірлестігіне, іргелесшектестігіне қарай бірінің орнына екіншісі жұмсалып отыр. Метонимия матафора тәрізді полисемия құбылысын тудыратын тілдегі негізгі тәсілдің бірі. Екі немесе одан көп ұғым орын, қызмет бірлігіне қарай әрдайым бір атауға ортақтасыпжүредеі де, көп мағыналық сипаталады. Мәсселен, мектеп деп бастауыш, орталау және орта дәрежелі білім беретін оқу орнын айтсақ, сонымен бірге сол оқу орналасқан үйді де айтамыз. Штаб қыстақ шетіндегі бұзылған мектепке орналасқан еді (Б. Момышұлы).
Құндыз деп суда жүретін тышқан тұқымдас жәндікті ұқсақ,сонымен қатар осы жіндіктің бағалы терісін де айтамыз. Құлан қырда, құндыз суда (мақал). Басында көнетоз құндыз бөрік, үстінде жалаң шекпен (Т.Ахтанов). Жорға деп аяң, бүлкіл, желіс, шабыс тәрізді жүрістің бір түрін түсінеміз. Жолға салсаң - жорға, жанға салсаң - жүйрік (мақал). Сонымен қоса төрт аяғын тең басып, ырғалып, шайқалып жүретін жылқы малын да айтамыз. Кеше бердім, қос жорға,берейін бүгін үш жорға, бесеу болсын мін деді (Қыз Жібек).
Қазақ тіліндегі бояу,егеу, сайлау, жайлау, жабу, ою деген тәрізді сөздер әрі қимыл тауы, әрі зат атаулары болып екі жақты қызмет атқарады. Бұлардың іс - әрекеттің атауы болып қолдануы ең алғаш шыққан да, заттың ұғымы солардың қортындысы ретінде кейін пайда болған. Мысалы: Өз үйінде оюоя алмаған адам кісі үйінде кесте тігеді (мақал) дегендегі ою деген заттық ұғым іс - әрекеттің нәтижесінде туғандығы сөзсіз. Сол сияқты түйеге қыста жабу жабу керек дегендегі алғашқы жабу деген сөз соңғы етістіктен кейін жасалған. Метонимия тәсілі арқылы тілімізде бір сөзден бірнеше ауыспалы мағына тараған. Мәселен, тіл деген сөздің ең алғашқы мағынасы жан - жануарлардың дәм сезіну және адамның сөйлеу мүшесін білдірсе, екіншіде, ойлаған ойды сөйлеп жеткізудің (Басқа пәле тілден) жүесін ұқтырған, үшіншіде бір нәрсенің амал - әдісі, тетігі (Техниканың тілін біл) дегенді көрсеткен. Ең соңында бұл сөз жаудан қолға түскен тұтқын дегенді де білдіреді. Сол сияқты қызыл деген сын есімнің негізгі тура мағынасы қан сияқты түсін білдірсе, екінші мағынасы - шикі ет дегенді, үшінші мағынасы- аяз, суықты, төртінші мағынасы - аурудың атын, бесінші мағынасы - совет тұсындағы революция жағындағы болған адамдарды білдіреді. Бұл сөздер бірінің орнына бірін алмастырып, ауыстырып айтудан көп мағынаға ие болған. Қазақ тілінде кейбір кісі аттары мен жер - су аттары жалпы есімге айналып, белгілі сөздердің контекстік синонимі ретінде жұмсалады. Мәселен, Қарабай, Шығабай, Қарынбайлар сарандықтың бейнесіде айтылады.Асан қайғы - сары уайымға саоунушылықты білдіреді. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлегендер - шынайы сүйіспеншіліктің бейнесінде қолданылады. Белгілі контексте Алдар көсе - айлакер, қу дегеннің, Қожанасыр - аңқау, аңғырт дегеннің синонимі ретінде жұмсалады. Сондай - ақ, Жер ұйық, Жиделі Байсын, Мысыр шаһары тәрізді жер - су атаулары да белгілі контексте жайлы қоныс, құтты мекен ұғымын білдіреді. Жалқы есімдердің жалпы есімге ауысып, келтірінді мағынадағы сөз түріне жатады.
Метанимия. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші зетқа не құбылысқа олардың өз ара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы және осыған орай, сөздің ауспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады. Мысалы: үйі мәз боп, қой сойды, сүйіншіге шапқанға деген сөйлеидегі үйі деген сөз өзінің негізгі мағынасы - баспана дегенді білдіреді. Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң, Әзім барып жығылды шалқасынандеген сөйлемде аяқ сөзі ыдыс дегенді емес, сусын деген мағынаны білдіреді.
Егер таза класс деген мен тәртіпті класс деген сөз тіркестерін бір - бірімен салыстырсақ, соңғы сөз тіркесіндегі класс сөзінің бір класта оқитын оқушылар дегенді білдіретіні бірден аңғарылады. Сондай - ақ, орыс тіліндегі светлая аудитория - способная аудитория деген сөз тіркестерін салыстыру арқылы соңғы тіркестегі аудитория сөзінің бір аудиторияда отырған адамдар дегенді аңғартатынын байқаймыз. Орыс тіліндегі бумага, қазақ тіліндегі қағаз сөздері жазу жазылатын материал дегенмен бірге документ дегенді де білдіреді. Ал дастарқанды мақтан ету дегендегі дастарқан сөзінің беретін мағынасы - столға жабылған шүберек емес, оның үстіндегі тағам, тамағының молдығы. Осы тәріздес, орыс тілінде стол сөзі мебель дегенді ғана емес, тамақ дегенді де білдіреді.
Синекдоха Сөздерді аустырып қолдау арқылы көп мағыналы сөздер тудырудың бір тәсілі - синекдоха. Зат пен құбылыстың іргелес, шектес келіп, бір атауға ортақтасып ауысып қолданылуы жағынан синекдоха метонимияға бір табан жақын тұрады. Мұндағы басты белгі бүтіннің орнына бөлшек, көпшенің орнына жекеше, жалпы оның орнына жалқы немесе керісінше түрде алмасып айтылады. Ауыспалы мағынада қолданған сөздеоде астарлы мән, тартымды образ жатады. Синекдоха тәсіліді сөздердің мағыналық жағынан түрленіп өзгеруіне үлкен ықпал етеді. Мысалы: Сырдың бойынан, қырдың қойнынан өре түрелген өңшең жалбағай тымақтар тұс - тұсынан қалың қолға қосылып кетті (І. Жансүгіров). Топта отырғандардың көбі қатқан тондар,жалба жеңдер, арық пішіндер (Б. Майлин). Әуелі байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық (Мақал). Орамал тартқандар ғана қимылдап, бөрік кигендер үй күшік боп отыпса, құдай да сүймес оны(Жұлдыз).
Осындағы тымақ, тон, жең дегендер өздерінің тура мағыналарынан басқаша айтылып, бүтіннің бөлшегі ретінде адам деген ұғымды бейнелеп тұр. Тымақ арқылы жиналғандар қазақ жұрты екендігін дірден танытады. Ақ жаулық, орамал тартқандар дегеннен әйел қаумының бейнесін елестетеміз.
Бөрік кигендер деген тіркестен ер азаматтарды түсінеміз.Мұнда ақын - жазушылар әр халықты, түрлі жынысты өздерінің киген киімдері арқылы сүреттеп, адамның сыртқы көріністерін образды бейнелеудің ұтымды құралы етіп пайдаланған.Астарлы сөз, бейнелі мағына адам баласының жан сезіміне күшті әсер етеді де оны баурап алады. Сондықтан да синекдоха тәсілімен сөзмағыналарын өзгерту амалдары көбіне - көп көркем шығарма стилінде кездеседі.
Бүтіннің бөлшегі ретінде қолданылатын сөздер де бірнеше контексте жұмсала келіп, ақырында полисемияға айналатындары болады. Мәселен, тұяқ деген сөзден синекдоха тәсілімен ауысып қолдану арқылы мынадай мағыналар пайда болған: 1.Ұсақ мал, қой, ешкі деген мағына. Бір Мырзаханның қолында Бекбосынның отыздан аса тұяғы бар көрінеді. 2. пмалдың жалпы есебі, саны. Қазынаға салмағы керек болса, маған тұяғы да керек (Ғ. Мұстафин). 3. Жалпы мал, түлік. Сыртылдап өрген тұяқ, қаққан шоттай, Өң дейтін кетіп жатыр, адам жоқтай (А. Томағамбетов). 4. ұрпақ, тұқым, бала. Асылымнан қалған жалғыз тұяқ беп, Асылбек беп атыңды қойып ем (Б. Майлин).
Көз деген сөзден де бірнеше мағына туып қалыптысқан: 1. Туған, туысқан, ет жақын. Жыласуға көз жақсы, сыйласуға жат дақсы (Мақал).2. Тұқым, ұрпақ. Сенен қалған жалғыз көз мына жатқан. Бұл да жігіт болды енді (Ғ Сыланов) . 3. Не нәрсеның нақ өзі, өз басы. Сонымен Қазыбек бұл жолыда шапқыншылыққа түскен балалармен қоса малдың көзі барының козын, көзі жоғың толық толеуың алып қайтады (Шешендік сөздер) . 4. жалпы халық, адам. Енді барлық көз Байжанға қадалды (Ғ. Мүсірепов). Үкі деген сөз ең әуелі жапалақ тектес құстың атауын білдірсе, кеінен оның үлпілдек адмі жүнін (қауырсынын) үкі деп атап кеткен. Құлжа деген сөз де бірде арқардын қошқарын білдірсе, бірде оның асығың аты ретінде айтылып жүр.
Тіліміздегі түтін, түңлік шаңрақ деген сөздердің семья, үй деген магынасы, қол сөзінің әскер, жасақ деген ұғымы басында бүтіннің бөлшегі ретінде ауыс мағынада жұмсалады, кейіннен олар тұрақты мағынаға ауысқандығы белгілі. Кімде-кім халық тілінің бейнелеуші, мәнерлеуші амал-тәсілдерін жете біліп, оны орнымен сыналып жұмсай білсе, ол адамның жазгандары да соншалықты тартымды да көркем болмақ. Коркем шығарманің басты кейіпкері әрқашан да адам. Адамның мінез-құлқы, қылығы, қимыл-әрекеті қилы-қилы.
Синекдоха. бүтіннің орнына болшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны) , үлкенін орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады.
Егер бүтіннің орнына бөлшек, жалпың орнына жалқы қолданылатын болса, онда сөз мағынасы кеңиеді. Мысалы: кейде, Семьяңда неше адам бар? - деудің орнына басың нешеу? дейміз. Бұл арада бас сөзі бөлшек ретінде (адамның дене мүшесі) бүтіннің орнына (адам) қолданып тұр. Кейде иал дегеннің орнына тұяқ (бөлшек ретінде) сөзі қолданылады. Мысалы, төрт - бес тұяғымыз бар дегендегі тұяқ сөзі малдың тұяғы деген тіркестегі өзінің негізгі мағынасынан алшақтап, басқа мағынаны - мал дегенді білдіреді.
Квас деген сөз алғашында жалпы ашытылған азық - түлік дегнді білдіріп, кең мағынада қолданылса, қазірде синекдоха тәсілі бойынша мағынасы тарылып, сусынның арнаулыбіртүрін ғана білдіреді. Орыс тіліндегі борода - сақал дегенді ғана білдірмейді, сонымен бірге кейде сақалды адам дегенді мағынада да қолданылады. Мысалы: - Эй, борода! А как проехатьотсюда к Плюшкину. (Н. В. Гоголь, Мертвые души).
Мына бір сөйлемдегі қол, үкі деген сөздердің мағыналары синекдохаға мысал бола алады: Артымыздан келіп қол жетті, Аз жетпеді, мол жетті (махамбет) деген сөйлемдегі қол сөзі әскер деген мағынаны білдірсе (мұнда бүтінің орнына бөлшек қолданған).
Қызмет бірлігі бойынша аталу. Метафора құбылысында заттардың тұлға, түр - түс ұқсастығы негізге алынса, функциональды ауысуда заттар мен құбылыстардың атқаратын қызметінің бірлігі немесе ұқсастығы негізге алынады. Бұл ретте талатын заттар тұлға, түр - түс т.б. жағынан мүлдем басқа - басқа болуы мүмкін; ең басты - олардың қызметіне бірлік немесе ұқсастық болса болған. Мысалы, осы күнгі қаламның қызметін алғашқыда құстың қаурсыны атқарған. Орыс тіліндегі перо - қаурсын бұл күнде темір қаламұштың аты болып ауысты. Қазір темір қаламұштың орыс тілінде перо (қаурсын) деген сөзбен аталуы бұл екеуінің қаламұш пен қаурсынның атқаратын қызметінің бірлігінен. Екеуі де жазу құралы.
Латын тілінде pесus (-мал) сөзінен pecunia (ақша) деген сөз жасалады. Мал өсіруші римляндар алғашында түскен пайданы, кірісті малмен есептейтін болған да, ал ақша ұғымы пайда болған кезде қызметінің ұқсастығына қарай оны да сол сөзбен атаған. Сондай ақ , мал деген сөз бірсыпыра түркі тілдерінде жылқы мен сиыр, қой мен ешкі, түйе тұралы жинақты ұғымның жалпы атауы ғана емес, сонымен бірге мүлік, байлық, товар, пұл деген мағыналарда да қолданылған. Сауда - кіріс малмен есептелген. Орыс тілінде дворник- қораны, ауланы тазалаушы дегенді де, машинаның алдындағы әйнегін тазалайтын құрал дегенді де білдіреді.
Сөз ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуы арқылы мағыналық жақтан түрленіп, өзгеріп отыралы. Ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылған сөздерде астарлы бейне, тартымды образ жатады. Сөздерді келтірінді мағынада, бейнелі түрде қолдана білудің көркем шығарма тілінде өте - мөте маңызы зор. Сөздің ауыспалы мағынада қолданылуға икемділігі оның мәнерлеуші, бейнелеуші қасиетін көрсететін белгі болып саналады.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір - бірінен өзгешелігі формасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі, я одан да көп мағынасы болады. Бірақ бұлар әр сөз табына емес, бір ғана сөз табына қатысты. Сондықтан да көп мағыналы сөздердің бір негізден (тұра мағынадан) шыққандығын мағыналардың өзара жақындығынан, ұқсастығынанбірден танып білуге болады. Мәселен, майда шөп, майда ұн дегендерден ұсақ - уақ дегенді ұқсақ, майда тас, майда сөз дегендердің жұмсақ, биязы дегенді түсінеміз. Ал мінезі майда дегеннен сыпайы, жайдары дегенді аңғарамыз. Бұл мағыналар бір ғана сөз табына қатысты болып, бір негізден тарағандығы ап - айқын білініп тұр. Бір сөздің әлденеше белгілі бір тәсілі (метафора) арқылы жасалғандығын бұлжытпай танимыз.
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы басқа - басқа сөздер табын білдіреді. Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына да, әр сөз табына да дара - дара болып бөлініп - жарылып тұра береді. Мағына жағынан әр ұғымның өзара жақындығы, ұқсастығы мулдем сезілмейді. Қайта бір - біріне соншалықты алшақ, кереғар екндігі аңғарылады. Мысалы: Ара 1. Ағаш кесетін жұқа темірден жасалған құрал. Ара 2. Гүл шырынынан бал жинайтын қатты насеком. Ара 3. Екі орта, аралық (екі ауылдың арасы). Ана 1. Тұған шеше. Ана 2.Сілтеу есімдігі (ана жақ, ана жылы, ана бала). Айт 1. Діни мейрам. Айт 2. Сөзбен ой - пікірін білдіру, сөйлеу,деу. Айт 3. Итті айтақтап қосу үшін айтылытын одағай.
Сонда омоним деп түрлі себептермен, дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа - басқа сөздерді айтады. Көп мағыналы сөздер омонимнің барлық түрімен емес, бір ғана түрімен тығыз байланысты.
Дыбысталуы бiрдей, бiрақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер деп аталады. Омонимдер барлық тiлдерде бар. Омонимдердiң пайда болуының бiрнеше жолдары бар:
1. Кейбiр омонимдер сөз тудырудың лексика-семанти-калық тәсiлi арқылы пайда болған. Көп мағыналы сөздердiң мағыналарының арасындағы байланыс үзiлiп, омоним сөздер жасалған. Мысалы, жабағы- 1. 6 айдан асқан құлын, 2. жабағы - қыстан қалған ескi жүн.
2. Сөздердiң фонетикалық өзгерiстерге ұшырап, дыбыс-талуы жағынан сәйкес келуi нәтижесiнде пайда болған. Мысалы, ер - егер, бiз - бiгiз т.б. Бұлар конвергенция нәтижесiнде пайда болған.
3. Омонимдес аффикс негiзiнде пайда болған:
а) -с, -ыс, -iс есiмдер қосымшасы мен осы формалы ортақ етiс формасы. Мысалы, айтыс, кiрiс.
ә) -қ, -ық, -к аффикстерi: жабық, қырсық, ентiк.
1. Төл сөз бен кiрме сөздердiң бiрдей дыбысталуы нәтижесiнде пайда болған. Мысалы, кiр, кучер, самовар, ящик т.б.
''Омонимдер өзгерiп, түрлену жүйесiне қарай 3 түрге бөлiнедi'' - дейдi К.Аханов:
1. Лексикалық немесе толық омонимдер. Бұл топты құрайтын сөздер бiр сөз табына қатысты болады да, қалай түрленсе де бiр-бiрiмен бiрдей болады. Мысалы, жар, ер, өкпе т.б.
2. Лексика-грамматикалық немесе жартылай омонимдер. Олардың қатарына енетiн сөздер әр сөз табынан болып, түрлену формасы жағынан бiрде сәйкес келсе, бiрде сәйкес келе бермейтiн сөздер жатады: ара- 1. зат есiм, жәндiк атауы; 2. Зат есiм, құрал атауы; 3. үстеу, екi аралық т.б.
3. Аралас омонимдер. Бұл жоғарыда аталған екi топ қатарынан құралады. Мысалы, ат-1. жануар, көлiк. зат.ес. 2. кiсiнiң есiмi, зат ес. 3.қимыл атауы, етiстiк.
Омонимдердiң омофондар және омографтар деп аталатын ерекше түрлерi бар. Мұның бiрi сөздiң айтылуын, екiншiсi жазылуын ескередi.
Бiркелкi айтылып, түрлiше жазылатын сөздердi омофондар деп атаймыз. Омофон - гр.т. homos - бiркелкi, phone - дыбыс деген сөздерiнен алынған. Мысалы, асшы-ащы, плод-плот, гриб-грипп т.б.
Бiркелкi жазылып, екпiннiң алмасып түсуiне байланысты түрлiше айтылатын сөздер омографтар деп аталады. Омограф - гр.т. homos - бiркелкi және qarpho- жазу деген сөзiнен алынған. Мысалы, бөлме (етiстiк)- бөлме (зат есiм).
Омоним сөздер көп мағыналы сөздермен ұқсас келедi. Оларды бiр-бiрiнен ажырату үшiн, сөздiң әр мағынасында туынды сөздердiң жасалуына ұйытқы болу ерекшелiктерi ескерiлуi қажет. Егер мағыналардың арасында байланыс сақталып, аңғарылып тұрса,онда ол мағыналар бiр ғана полисемантизмдi сөздiң әр түрлi мағыналары ретiнде танылады да, мағыналардың арасында семантикалық байланыс үзiлсе, бұл күнде ондай байланыс аңғарылмаса, олар омонимдес сөздер ретiнде танылады. Мысалы, бас- 1. адамның басы; 2. ағаштың басы; 3. таудың басы; 4. ауылдың басы т.б. Жат- 1. адамға жат қылық (сын есiм); 2. жерге жат (қимыл атауы, етiстiк).

ІІ.3 Омонимдердің жасалу жолдары.
Тіл - тілдің лексикасында дыбысталуы бірдей де, мағынасы әр басқа сөздер бар. Мысалы: біз 1. Мен деген жіктеу есімдігінің көпше түрі; біз 2. Бір нәрсені тесіп жіпті немесе тарамысты өткізу үшін жасалған үшкір құрал.
Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа - басқа сөздер омонимдер деп аталады.
Омонимдер әр түрлі тілдерде бар. Мысалы, түрікмен тілінде: бағ 1- бақ, бау - бақша, бағ 2- бірдеменің бауы; йүз 1- сан , мыңнан оннан бірі бөлегі, йүз 2- әлпет, өң, бір жүз, йүз 3- суда малты, жүз. Орыс тілінде мынадай омонимдер бар: лук 1- пияз, лук 2- садақ, жақ; град 1- қала, град 2- бұршақ; брак 1-неке, брак 2- ақау, жарамсыз,бүлінген; коса 1- бұрым, коса 2-шалғы орақ, коса 3- шығанақ, енсіз жарты арал; кулак 1- жұдырық, кулак 2- ұсақ буржуазияның өкілі, құлақ т.б.
Полисемия мен омонимияны бір - бірінен ажырата білу қажет. Бұларды бір - бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте - мөте күрделі мәселе болып саналады. Сөздіктерді жасауда бірде - бір лексикограф полисемиямен омонимияны бір - бірінен ажырату проблемасына соқпайөте алмайды. Алайда, полисемия мен омонимияны бір - бірінен ажырату проблемасы барлық омнимдердің күллісіне бірдей қатысты емес. Мысалы, ауаны ішке тартып, сыртқа шығарып тұратын дене мүшесі деген мағынадағы өкпе сөзі мен наз, реніш деген мағынадағы өкпе сөзінің омонимдес екндігі ешбір күман тудырмайды.
Басы ашық айқын омонимдес сөздер болғандықтан, бұлар полисемиялы сөздерден оңай ажыратылады. Ай 1- зат. Жерді, күнді айналатын, түнде жерге жарық сәуле беретін аспандағы планета. Желсіз түнде жарық Ай, Сәулесі суда дірілдеп (Абай). Қаранғы түн мүлгіген, Қайда кеткен жарық Ай. Қиын қыстау кезеңде, Көрінуші ең жарымдай (Лекерев). Ай 2 - зат. Жылдың он екіден бір бөлшегін көрсететін мезгіл (30 күн). Туған ай тураған етпен бірдей (мақал). Арада өткен айлар саны бұл күнде есеп емес. Әлі де болса бірер айға асықпаса да болар еді (Әуезов).
Мағыналардың арасында семантікалық байланыс бар ма, жоқпа? деген сұраққа жауап беру әрқашан оңай бола бермейді. Мұндайда сөздердің сөз тұдыруға ұйтқы болу мүмкіндігі мен ерекшеліктері ескерілуі қажет. Мысалы, Жерді, Күнді айналатын, түнде жерге жарық сәуле беретін аспандағы планета деген мағынадағы ай сөзінің айшық (өрнек, әшекей деген мағынада), айдай (айдай жарық, айдай анық), айлы (айлы түн) деген сөздер жасалса, жылдың он екіден бір бөлшегін көрсететін мезгіл (30 тәулік) деген мағынаны білдіретін ай сөзінен айлық (бір айлық жол), айлап (айлап жол жүру) деген сөздер жасалып, сөз тудыруда бұл түбір омонимдер бір - бірімен жақындаспай, арқайсысы әр бағытта өзінше қызмет етеді. Демек, поисемия мен омонимияны бір - бірінен ажырату үшін, сөздің әр мағынасында туынды сөздердің жасалуына ұйтқы болу ерекшеліктері ескерілуі керек.
Полисемия мен омонимияны бір - бірінен ажыратуда мағыналардың арасында семантикалық байланыстың жойылуы немесе жоқтығы кейде негізгі критерий бола алмай қалуы мүмкін. Мысалы, түркі тілдерінде той 1 (зат есім) - той 2 (етістік); тоң 1 (зат есім) - тоң 2 (етістік); көш 1 (зат есім) - көш 2 (етістік) және т.б. осылар тәріздес омонимдер бар. Бұл омонимдік қатарлардың әрқайсысының құрамындағы есім сыңар мен етістік сыңар лексикалық мағыналары жағынан бір - бірінен алшақтап кетпейді, бұларда семантикалық бірдік, біртекстілік бар. Бұларды омонимдер деп есептеуде негізгі таяныш - омонимдік қатарға енетін сөздердің әр басқа сөз табына (бірінің есімге, екіншінің етістікке) қатысты болуы. Сөзде лексикалық мағына мен грамматикалық мағына түйісіп бас қосады. Сөз өзінің нақты лексикалық мағынасынан басқа белгілі бір сөз табының мағынасы - категорияльды мағынаға ие болады, өзі қатысты сөз табына ән формулалармен түрленеді. Осыған сәйкес, жоғарыда аталған көш 1 (зат есім) - көш 2 (етістік) типтес омонимдер жайында мынаны айтуға болады: Бұлардың лексикалық айырмашылығынан гөрі грамматикалық айырмашылығы басым, бірі зат есімнің категорияльды мағынасы - заттық мағынаға ие болады, зат есімге тән грамматикалық айырмашылығы басым, бірі зат есімге тән грамматикалық категорияларымен, формаларымен сипатталады, екіншісі етістіктің категорияльды мағынасы процессуальдық мағынаға ие болады, етістікке тән грамматикалық категорияларымен және формалармен сипатталып, бір - біріне грамматикалық қасиеттері мен белгілері жағынан қарама - қарсы қойылады. Осылай болғандықтан, бұлар әр басқа сөздер - омонимдер ретінде танылады.
Қазақ тіліндегі омонимдердің жасалуының әлденеше амал - тәсілдері бар, солардың ішіндегі негізгі жолдары мыналар:
1. Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонимдер. Бұл - тіліміздегі ең өнімді тәсіл. Сөз мағыналарының бір - бірінен алшақтап дамуы нәтижесінде шыққандықтан, омонимнің мұндай түрлерін лексикалық тәсіл арқылы жасалған омонимдер дейміз. Мысалы: Жал 1. Жан - жануарлардың желкесіне шыққан қыл. Жал 2. Ұзыннан ұзақ созылып жатқан белес, қырқа. Көк 1. Көгерген түс. Көк 2. Аспан, әуе. Көк 3. Көгеріп шыққан өсімдік. Жылы 1. Жылы қалыпқа келу, жылыну. Жылы 2. Ыстық пен суықтың аралық қалпы, қан жылым. Ық 1. Жауын - шашынға қарсы бетемеу, соның ағынымен ықтау. Ық 2. Жауын - шашынның өтінен қаға беріс жер, ықтасын. Құндақ 1. Жаңа туған жас балаға арналған төсек. Құндақ 2. мылтықтың ұңғысын орнататын іші қуысталған арнаулы ағаш. Көз көрмей көздегенмен не ғып тиісін? Сөздің осындай мағыналық жақтан дамуы арқылы омонимдердің келіп шығуы тілдегі сөз тудырудың бір тәсіліне жатады.
2. Сөздер сан түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбыстардың құрамы мағына жағынан бірдейлесу арқылы жасалатын омонимдер болады. Тілдегі сөздер мен қазіргі күйі нақ бірдей болған деуге келмейді. Дәл бүгінге дейін олар не қилы даму процестерін бастан кешірген. Сан алуан фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде кейбір сөздер ең әуелде дыбыстық формасын жаңартып, басқадай сөздермен дыбысталу жағынан үйлесіп келген де, омонимге айналған.
Тілдің даму барысында осындай өзгерістерге ұшырыған әрбір омоним сыңарларын айқындай отырып, солардың өзгеруіндегі заңдылықтардың сырын ашу қажет.
Қазақ тіліндегі атқа салт мінгенде тоқымның үстінен салатын жабдық мағынасын білдіретін ер деген сөздің бастапқы дыбысталу қалпы егер болған, онан кейінгі тілдің даму барысында сөз ортасындағы г дыбысының сусып түсіп қалу алдарынан, егер сөзі ер формасына ауысып, бұрыннан сөздік құрамында өмір сүріп келе жатқан еркек, батыл, күйеу ұғымында жұмсалатын ер деген сөзбен бірдей болып айтылғанда да, омоним жасалғандығы белгілі.
Солсияқты бала табу деген мағынадағы ту етістігінің көне формасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзбек және қазақ сыныптарында ана тілі оқулықтарының салыстырмалы сипаты
Қазақ тілінің омоним сөздерінің статистикасы
Толық омонимдер және жартылай омонимдер
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудырудың ерекшеліктері
О.Бөкеев шығармаларындағы бейварбалды амалдар
Парсы тілінен енген сөздер
I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері
Омонимдес морфемаларды оқытудың жолдары
Пәндер