Айқышгүлді егістік, жемдік,көкөніс дақылдарының зиянкестері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Айқышгүлді егістік, жемдік, көкөніс дақылдарының зиянкестері

Орындаған: Төрехан Ырыскелді

Тобы: АГ­-413

Тексерген: Мухаметжанова О. Т.

Семей, 2015ж

Жоспары:

I. Кіріспе

Айқышгүлді егістік, жемдік, көкөніс дақылдарының зиянкестері

II. Негізгі бөлім

2. 1. Капуста ақ көбелегі

2. 2. Шомырдың ақ көбелегі

2. 3. Капуста күйесі және т. б зиянкес түрлері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Айқышгүлді дақылдарда - рапста, қышада, қырыққабат түрлерінде, мал азықтық шалқанда, шомырда, шалғамда фитофагтардын көптеген түрлері байқалады. Бұл дақылдар зақымдануға осалдау болады. Фитофагтардың келтіретін шығындарынан қорғамаса, белсенді шаралар қолданбаса, олардан түсім алу мүмкін емес.

Капуста ақ көбелегі

http://delta-intkey.com/britin/images/hubner16.jpg https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/f/ff/Large_white_spread_wings.jpg http://thumbs.dreamstime.com/z/infested-cabbage-pieris-brassicae-caterpillars-eating-34357962.jpg http://www.agroatlas.ru/content/pests/Pieris_brassicae/Pieris_brassicae.jpg

Капуста ақ көбелегі( Pіerіs brassіcae ) - капустаның және капуста тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ақ көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы 55 - 60 мм, қанатының үстіңгі жағы ақ, астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш, алдыңғы қанаттарының жоғарғы бұрышында орақ тәріздес қара жолақ және екі қара нүктесі бар. Жылына 2 - 4 ұрпақ беріп көбейеді. Қуыршақтары қыстайды, сәуір - мамырда көбелек шығады. Жұмыртқаларын топтап (15 - 200) капуста жапырағының астыңғы бетіне салады. Капуста ақ көбелегі 1-ұрпақтың жұмыртқаларын арамшөптердің жапырағына салады, ал келесі ұрпақтарын егістіктегі екпе айқыш гүлдер тұқымдасы өсімдіктерінің жапырақтарына салады. Жұмыртқадан жаңа шыққан жұлдызқұрттар (ұзындығы 40 - 45 мм) бастапқы кезде шоғырланып капуста жапырағымен, кейінірек өсімдік бойымен өрмелеп жан-жаққа таралып, дараланып қоректенеді. Қырыққабат ақкөбелегінің жұлдызқұрты өскен кезде, ағашқа, дуалға немесе үйдің қабырғасына өрмелеп шығады. Осы жерде оның сыртқы жамылғысы түсіп, қуыршаққа айналады. Қуыршақтан шыққан көбелектің кішкене жұмсақ қанаттары болады. Ол қанаттары қатайып, жазылғанша бірнеше сағат бір жерде отырады. Зақымданған өсімдіктің өсуі төмендеп, алатын өнім азаяды.

Күресу шаралары :

  • егіс даласын өсімдік қалдықтарынан тазарту;
  • арамшөптерді құрту;
  • биологиялық және химиялық күрес шараларын қолдану;

Шомырдың ақ көбелегі

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/6/6f/Pieris_rapae_(1).jpg http://r.a.r.e.free.fr/interactif/photos%20pieridae/rapae.jpg

Шомырдың ақ көбелегі-(Pieris rapae) крестүлді дақылдарды, әсіресе қырыққабатты қатты зақымдайды. Көбелегі капустаның көбелегіне ұқсас, бірақ одан кішірек- қанатын жайғанда 40-50 мм жетеді. Көбелектердің қанаттары сарғыш, аналық көбелектің алдыңғы қанаттарының үстіңгі жағында екі қара дақ бар, ал аталық көбелекте - бір ғана дақ болады. Артқы қанаттарының алдыңғы жағында қара дақ орын алады. Шомырдың ақ көбелегінің ересек жұлдызқұртының ұзындығы 20-28 мм. Ол барұыт- жасыл арқасын бойлай сары жолағы бар, денесін қалың қысқа түк басқан. Шомырдың ақ көбелегі қуыршақ кезінде өсімдік қалдықтарында, арамшөптерде, ағаш діңгектерінде, шарбақтарда, үй қабырғаларында қыстайды. Көбелектер қырыққабат көбелектеріне қарағанда ерте пайда болады. Аналықтары ақшыл-сары бөтелке тәрізді жұмыртқаларын крестгүлді өсімдіктердің жапырақтарына бір-бірден салады. Бірінші ұрпақ армшөптерде дамиды, ал зиянкестің кейінгі ұрпағы - крестгүлді дақылдарда дамиды. Ұрықтық даму 7-11 күнге созылады. Жұлдызқұрттар жапырақтарды жеп, қырыққабат қауданының ініше кішігірім тесікшелер жаса, оларды шірітіп жібереді. Жұлдызқұрттар үш апта шамасында дамиды, одан кейін қуыршақтанады. 8-15 күннен соң жаңа ұрпақ көбелектері пайда болады. Бір жыл ішінде 3-4 ұрпаққа дейін дамиды.

Күресу шаралары.

  • ЭЗШ саны 3-5 жұлдызқұрт/өсімдік немесе жапырақтың зақымдану дәрежесі 25%-ды құрайды;
  • Капуста ақ көбелегіне қарсы қолданылатын шаралар ұсынылады;

Капуста күйесі

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/2/29/Plutella.maculipennis.mounted.jpg http://www.lepiforum.de/lepidopterenforum/forum/pics3/pic23182.jpg http://www.bladmineerders.nl/minersf/lepidopteramin/plutella/xylostella/_258.jpg

Капуста күйесі- (Plutella maculipennis) жұлдызқұрттар крестгүлді дақылдарды: қауданды және гүлді капустаны, мал азықтық шалқанды, шомырды, рапсты, қышаны зақымдайды. Көбелек қанатын жайғанда 14-17 мм жетеді. Алдыңғы кіші сұрғылт-қоңыр немесе қара-қоңыр қанаттарының ішкі жағында ақ толқынды жолағы бар; артқы қанаттары сұр ұзын шашақты. Ересек жұлдызқұрттар жасыл түсті, ұзындығы 9-12 мм, олардың денесі аяқ жағына қарай кішірейіп келген және сирек ұзынша қылшықтар басқан. Капуста күйесі қуыршақ кезінде ақ ұзынша жқмысақ піләдә түрлі арамшөптер мен өсімдік қалдықтарында қыстайды. Көбелектер сәуірдің аяғында - мамырдың басында ұшып шығады. Көбелектер сопақша ақшыл- сары жұмыртқаларын жапырақтың төменгі бетіндегі тарамыстарды бойлай бір- бірден немесе 4 данадан салады. 3-7 күннен кейін жұлдызқұрттар пада болады, олар әуелі жапырақ жұмсағымен қоректенеді, 2-3 күннен кейін жапырақ бетіне шығып, «кішкене терезе»қылып жеп қояды. Жоғары жастағы жұлдызқұрттар жапырақтарда тесіктер жасайды. Қатты зақымданған өсімдіктерде қаудандар дамымай қалады. Жұлдызқұрттар 12-15 күнде дамып, қуыршақтанады. 1-2 аптадан соң жаңа ұрпақ көбелектері ұшып шығады. Жаз бойы қаракүйе 3-8 ұрпаққа дейін бере алады.

Күресу шаралары.

  • Қыстау сатысын жою топырақты күзде терең қопсыту;
  • Арамшөптермен күресу;
  • Шірне беретін өсімдіктермен көкөніс дақылдарын жақын отырғызу;

http://www7.inra.fr/hyppz/IMAGES/7030953.jpg http://aphid.aphidnet.org/images/Brevicoryne_brassicae/life3_big.jpg http://aphid.aphidnet.org/images/Brevicoryne_brassicae/life2_big.jpg

Капуста бітесі

Капуста бітесі- (Brevicoryne brassicae) капуста бітесі капустаны, тарнаны, рапс және басқа да айқышгүлді өсімдіктерді зақымдайды. Сұрғылт- ақ балауызды өңезбен қапталған жәндіктің ұзындығы 1, 5-2, 0 мм құрайды. Бітелер колониялармен өмір сүреді. Жұмыртқалар өсімдік қалдықтарында (мысалы, қабықшада) немесе айқышгүлді арамшөптерде қыстайды. Көктемде, 10-12 С температурада, жұмыртқалардан құрттар шығады, олар 4 жастан өтіп, ұрықтанбай- ақ 40 дернәсілге дейін туа алатын қанатсыз негіз салушы ұрғашыға айналады. Жаздың ортасында, қанатты негіз салушы ұрғашылар пайда болғанда, біте азық- түліктік дақылдарға ауысады. Капуста жапырақтарының зақымданған жерлері ауырып, қауашақтанады. Өсімдіктерді биттер шамадан тыс басып кеткенде, нашар қаудан түзіледі немесе ол мүлдем қалыптаспай қояды. Тұқымдықтардағы зақымданған жапырақтар ширатылып, кеуіп, түсіп қалады, түйіндер дамымайды. Сонымен қатар, біте өзінің кілегей нәжістерімен қаудандардың бетін ластайды. Бір жыл ішінде біте 15 ұрпаққа дейін береді. 3 немесе 4 ұрпақта басқа айқышгүлді өсімдіктерге ұшып кететін қанатты негіз салушы ұрғашылар пайда болады. Осы жерде олар бірнеше ұрпақ беріп, едәуір жиынтық- колониялар құрады. Қыркүйек айында жынысты аналықтар пайда болады. Олардан аталық бітелерге айналып, ұрықтанған аналықтары дернәсілдер туады. Ұрықтанған аналықтары арамшөптерге, қабықшаларға және қырыққабаттың ширатылмай қалған жапырақтарына бар болғаны 2-4 жұмыртқа салады.

Күресу шаралары.

  • Айқышгүлді арамшөптерді, қабықшалар мен басқа жинаудан қалған қалдықтарды жою.
  • Топырақты тере сүдігер әдісімен өңдеу.
  • Энтомофагтарды тарту үшін крестгүлді дақылдардың тұқымдарының айналасына шатыртәрізді дақылдарды отырғызу қажет.

Капуста қоңыр көбелегі

http://www7.inra.fr/hyppz/IMAGES/7032162.jpg http://www.agroatlas.ru/content/pests/Mamestra_brassicae/Mamestra_brassicae.jpg http://ogorodik-sad.ru/sites/default/files/01_231.jpg

Капуста қоңыр көбелегі- (Barathra brassicae) ұлдызқұрттар көп қоректі, олар қызылшаны, асбұршаұты, салатты, пиязды, темекіні зақымдай алады, бірақ көбінесе капустаны артық көреді.

Көбелек қанатын жайғанда 40-50мм, көбелектің алдыңғы қанаттары қара- қоңыр, ішкі жағына қарай екі толқынды көлденең жолақтары бар; қанатының ортасында екі қара жиектелген дақтар орын алған, олардың сыртқы жағындағы ақшыл бүршік тәрізді, ал ішкісі- қара дөңгеленген болып келеді. Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы 35-45мм, екі жағында сұрғылт- жасыл, сарғыш- қоңыр, кейде қара түсті жуан кіршең- сары жолақтары және арқасында үш ақшыл көлденең жолақтары болады.

Қуыршақ топырақта 5-10см тереңдікте қыстайды. Көбелектердің ұшып шығуы сәуір- мамыр айларынан бастап тамыздың соңына дейін байқалады; көбелектер ымырт түскенде, әсіресе кешкі 10-нан түнгі 12-ге дейінгі кезеңдерде белсенді түрде ұшады. Аталықтары жапырақтың төменгі жағында бір қяда 10-40 данаға дейін сұр жартылай шар тәрізді жұмыртқа салады. Құрттар 5-12 күннен кейн пада болады. Жұлдызқұрттар бастапқыда бірге өмір сүріп, үшінші жастан бастап жапырақтың астыңғы жағындағы жұмсақпен қоректенеді, олар өсімдікке өрмелеп шығып, жапырақтарғы қисық формадағы тесіктер жасайды. Ересек жұлдызқұрттар капуста қауданында өз нәжістерін қалдыратын терең жолдар тесіп шығады. Жұлдызқұрттар 25-50 күнде дамиды да, топыраққа еніп, сонда қуыршанақтанады. Қуыршақтану кезеңі 12-30 күнге созылады және шілденің аяғында - тамыздың басында екінші ұрпақ көбелектерін кездестіруге болады. 1-2 ұрпақ дамиды.

Күресу шаралары:

  • Қыстап жатқан қуыршақтарды жою үшін терең сүдігер жырту қажет.
  • ЭЗШ саны 1-3 жұлдызқұрт/өсімдікте 5% егіс танабында табылса немесе 5-8 жұлдызқұрт/м².
  • Мөлшерден көп болған жағдайда зиянкеске қарсы жою шаралары қажет.

Көктемгі капуста шыбыны

http://kreditagro.com.ua/_pu/12/57900414.jpg http://www.agroatlas.ru/content/pests/Delia_brassicae/Delia_brassicae.jpg http://agrohimija.ru/uploads/posts/2014-07/1404809344_r192-193.jpeg

Көктемгі капуста шыбыны- Delia brassicae Bouche. Капуста, тырна, шомыр, шалғам мен басқа екпелер мен тұқымдарды зақымдайды. Көктемгі капуста шыбынының ұзындығы 6-6, 5мм. Денесі сұр түсті, арқасында үш жіңішке жолағы бар, құрсағының жоғарғы жағында қара жолақ өтеді. Қанаттары түссіз, қара тарамысты. Құрты ақ түсті, ұзындығы 6-8мм. Артқы жағында 14 төмпешіктері бар, олардың төменгі төртеуі өте ірі және барлық денесінде екі- екіден орналасқан.

Қуыршақ кезінде топырақта 10-20см тереңдіте жалған пілләларда қыстайды. Шыбындардың ұшып шығуы қайың мен беде, қышаның гүлдеу кезеңімен сәйкес келеді және бұл сәуір айында болатын құбылыс. 7-10 күннен кейін аналықтары ақ ұзынша жұмыртқаларын топыраққа, әсіресе топырақ пен өімдік сабағының арасындағы тесікке, кейде топырақ бетіне, сирек жағдайда крестгүлді дақылдардың төменгі жапырақтарының ішіне салады.

Жұмыртқадан шыққан құрттар көшеттердің тамырларын, сабақтарының негізі мен тамыржемістерін жеп қояды, бұдан кейін бұралаң жолдар жасайды. Құрттар 20-30 күн қоректенеді, бұдан кейін қуыршақтанады да, 1520 күннен соң жаңа ұрпақтың ересек шыбындары пайда болады. Құрттар шырышты бактериозға ұшыратады, осының салдарынан кейде капуста тұқымдары түгелдей жерге түсіп қалады. Капуста шыбынының крестгүлді дақылдарда қоректенуі нәтижесінде өсімдіктің өсуі баяулайды, жапырақтары солып, көкшіл- қызғылт түске боялады, қатты зақымданған өсімдіктер қурап қалады. Екінші ұрпақ шыбынының ұшып шығуын мамырдың үшінші онкүндігінде - маусымның басында байқауға болады. Екінші ұрпақ құрттары шілде мен тамыз айларында зиян келтіреді, одан кейін топырақта қуыршақтанып, сонда қыстап шығады. 2-3 ұрпақ береді.

Күресу шаралары:

  • Капуста шыбынының жұмыртқаларын жою үшін жерді өсімдіктің тамыр мойнынан 15см алысырақ қазып тастайды да, оның орнына қатар аралықтарындағы жаңа топырақтан салады.
  • Түптеу қосымша тамырдың пайда болуына және өсімдіктің төзімділігінің артуына негіз болады.
  • Төзімді және сау көшеттерді отырғызу.
  • Капуста мен басқа айқышгүлді дақылдарды жинап алғаннан кейін учаскеден қабықшаларды алып тастау және топырақты қайта қазу.
  • Көшеттерді отырғызып болған соң 4-5күні сабақтың тамырлы бөлігі мен өсімдік айналасындағы топырақты тексереді. 10% өсімдікте 1 өсімдікке шаққанда 5-10 жұмыртқа немесе 5-6 құрт табылса, зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жүргізеді.

Жазғы капуста шыбыны

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTN5iwTXzM-_MsHd8UpBFjURo5llgEBMmpOEBDLfGRozsxYLC22 Жазғы капуста шыбыны-(Delia floralis Fall. ) Капустаны, шалғамды, шомырды, тарнаны, мал азықтық шалқанды, ақжелкекті зақымдайды.

Жазғы капуста шыбынының ұзындығы 7-8мм. Денесі сарғыш- сұр. Қанаттары қоңыр немесе сарғыш, сары тарамыстары бар. Құрттары ақ аяқсыз, ұзындығы 7-9мм. Соңғы анальдық буынтығында бір-бірінен тең қашықтықта орналасқан алты төмпешіктер байқалады.

Қуыршақтар топырақта жалған пілләларда қыстайды. Шыбындардың ұшып шығуы ерте пісетін капустаны жинаудың бастапқы кезімен (маусымның аяғы) сәйкес келеді. Аналықтары ұшып шыққаннан кейін бірнеше күннен соң тамыр мойнына, сабақтың төменгі бөлігіне, өсімдіктің айналасындағы топыраққа ұсақ ақ жұмартқалар салады. Ұрықтық даму 5-14 күнге созылады. Жұмыртқадан шыққан құрттар опыраққа еніп, өсімдіктің жер асты бөлігіне тесіп кіреді де, сонда өздеріне жолдар жасап алады. Құртар 24-32 күн ішінде дамып шығып, топырақта 10-30см тереңдікте қуыршанақтанады. Жазғы капуста шыбыны жылына бір ұрпқ беріп дамиды.

Күресу шаралары:

  • Көктемгі капуста шыбынына қарсы күресу шараларымен бірдей.

Рапс егеуіші

http://www3.syngenta.com/country/ru/SiteCollectionImages/crops/oilseed-rape/pests/athalia-rosae.jpg http://coleop123.narod.ru/hymenoptera/Athalia_rosae_big.jpg 7030842

Рапс егеуіші- (Athalia colibri Christ. ) Айқышгүлді тұқымдасына жататын өсімдіктерді, әсіресе қыша мен рапсты зақымдайды.

Ересек дарақтар қызыл- сары түсті, арқасында төрт дақ және екі жұп түссіз қанаттарының басында сары дақтар бар. Оларлдың басы қара түсті. Аналықтардың құрсаққа қарай созылған ара тәрізді жұмыртқа қоймасы бар. Денесінің ұзындығы 7-8мм. Құртты - жалған жұлдызқұрт, кіршен- жасыл түсті, басы қара. Қатпарлы денесінде ұзына бойына қара- қоңыр жолақтар мен ұсақ сүйелдер бар. Жоғарғы жастағы жалған жұлдызқұрттардың ұзындығы - 18-25мм.

Соңғы жастағы жұлдызқұрттар топырақта пілләларда қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады да, мамырдың аяғында - маусымның басында әртрлі айқышгүлді және шатыр тәрізді өсімдіктердің тозаңы мен балауызы мен қоректенетін жәндіктер пайда болады. Жәндіктер жұптасып, жұмыртқа салады.

Аналықтары жапырақтардың төменгі жағына тарамыстарды бойлай жұмыртқа салады. Мұндайда ересек аналықтары жапырақ қабығын теседі де, әрбір тесікке жұмыртқа салып, оларды жылдам қататын сұйықтықпен жауып тастайды. Жұмыртқа салған жерлерде төмпешіктер түзіледі. Ұрықтық даму 5-12 күнге созылады. Жұмыртқадан шыққан жалған жұлдызқұрттар жапырақтармен қоректенеді, олардың шеті мен ортасын қалай болса солай жейді, бірақ жуан тарамыстарға тиіспейді (өрескел қоектену) . 2-3 аптадан соң жұлдызқұрттар өз дамуын аяқтап, топыраққа енеді де, онда 7-15см тереңдікте өте тығыз піллә жасап, сонда қуыршақтанады. 10-14 күннен кейін қуыршақтарда ІІ ұрпақтағы ересек зиянкестер шығады, олардың жұлдызқұрттары көбінесе тамыз айында зиян келтіреді.

Күресу шаралары:

  • Армшөптерді жою және зиянкес көп дамыған алқапты сүдігер өңдеу.
  • Өңдуелерді «Тізімге . . . » сәйкес инсектицидтермен жүргізеді.
  • ЭЗШ саны 12% егіс танабында 2-5 құрт/ өсімдікті құрайды.

Айқышгүлді қандалалар:

untitled http://www.daviddarling.info/images/Hemiptera_1.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы мәлімет
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері
Айқышгүлді егістік, жемдік, көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы ақпарат
Картоп және көкөніс зиянкестері
Картоп және көкөніс зиянкестері туралы мәлімет
Бақша, көкеніс дақылдары зиянкестері
Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы – энтомофагтар; гербифагтар
Қызанақ көшеттерін өсіру
Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидектерге сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz