Сезікті мен айыпталушының алдын-ала тергеу стадиясындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарының іс жүргізу кепілдіктері



Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс-жүргізудегі конституциялық құқықтарын кепілдендіруге бағытталған. Зерттеу барысында, сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары және оның кепілдіктері, сонымен қатар, оларға қатысты кейбір тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қолданылатын ережелер, сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс жүргізу заңымен бекітілген құқықтары, жедел-іздестіру шараларының іс жүргізудегі маңызы, мәжбүрлеу шаралары тәрізді институттар қарастырылады. Автор арқылы жүргізілген талдаудың нәтижесінде, сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіру бағытында бірқатар ұсыныстар жасалды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» болып табылады.
Ол туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясында: «мемлекеттің басты бағыты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету, сондықтан да адам мен азаматтардың конституцияда көрсетілген құқықтарын өте жоғарғы дәрежеде кепілдендіру қажет, өйткені тұлғаның құқықтары мен бостандықтары әлемдік өркениеттің құндылығы болып саналады» [1, б. 15] деп атап өтеді. Әрбір жыл сайын Қазақстан халқына жасаған жолдауларында, осы бағытқа баса назар аударып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындауда заңның атқарар орны үлкен. Себебі заң қоғамдағы адамдар арасындағы қатынасты реттейтін негізгі ереже болып табылады.
Бірақ заңға қатысты шешімін таппаған мәселелер қазіргі таңда көптеп кездесуде. Оның бірі – қылмыстық іс жүргізу заңы. Аталған заңды қолдану барысында оған қатысушылардың, соның ішінде сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары толық кепілдендірілуі тиіс.
Ол туралы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.А. Мами да өз сөзінде: «Қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларының құқықтарын қорғау – өзекті де, толғақты мәселелрдің бірі болып саналады. Тұлғаның құқықтарының шынайы түрде қамтамасыз ету – қылмыстық сот ісін жүргізу сферасындағы демократияны, ізгілікті бағалаудың өлшемі. Бұл үшін, тек қана қылмыстан зардап шеккен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын ғана қорғау емес, сонымен қатар қылмыстық ізге түсуге тартылған адамдардың да құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажет. Кінәсіздерді соттау, негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тарту мүлдем жойылу қажетдеп атап кетеді [2, б. 15].
1 Қазақстан Республикасы Н.Ә. Назарбаевтың 1997-жылы Қазақстан Республикасы халқына жасаған жолдауы Қазақстан-2030.
2 Мами К.А. Проблемы усиления гарантий прав участников уголовного процесса // Проблемы усиления гарантий прав участников уголовного процесса: Мат-лы междунар.науч.-практ.конф. – Алматы: Фирма Киік, 2003. – 122 с.
3 Анализ соблюдения прав человека и гражданина в ходе предварительного следствия и дознания: Доклад с соблюдении прав человека и гражданина в Республике Казахстан в 2004 году / Под общ.ред. Т.Д. Абишева. – Алматы: ТОО «Издательство Lem», 2005. – 164 с.
4 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқыны жолдауы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында // Егеменді Қазақстан. 2 наурыз. 1998 ж.
5 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені. – № 5. – 2005.
6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 20 сәуір 2006 жылғы № 4 «Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы // Егемен Қазақстан. 19 мамыр. 2006.
7 Ярков В.Доступно ли гражданам наше правосудие ? // Российская юстиция. 1999. №2. С. 25-26
8 Қогамов М.Ч. Актуальные проблемы совершенствования расследования преступлений в Республике Казахстан: Дис. … д-ра юрид.наук. – Алматы, 1997. – 262 с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ . 343.13 (574) Қолжазба
құқығында

ҚАРАТАЕВ ТҰРДАЛЫ ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ

Сезікті мен айыпталушының алдын-ала тергеу стадиясындағы конституциялық
құқықтары мен бостандықтарының іс жүргізу кепілдіктері

12.00.09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика
және сот сараптамасы; жедел- іздестіру қызметі

заң ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты

.

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
Диссертация Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясында орындалды

Ғылыми жетекші заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Ерешев Елтай Ерешұлы

Ресми оппоненттер заң ғылымдарының докторы, доцент
Айтмухамбетов Тамас Қалмұхамбетұлы

заң ғылымдарының кандидаты
Жүрсімбаев Сағындық Кемалиұлы

Жетекші ұйым Е.А. Букетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік универитеті

Диссертация 2007 жылдың 14 қыркүйегінде 10 сағ. 00 мин. Қазақстан
Республикасы ІІМ Академиясы жанындағы К 14.20.10 заң ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесте қорғалады. Мекен-
жайы: 050060, Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 29.
Диссертациямен Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының кітапханасында
танысуға болады.

Автореферат 2007 жылдың 13 тамызында таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы,
заң ғылымдарының кандидаты Құлмұханбетова Б.А.
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс алдын-ала тергеу
стадиясындағы сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс-жүргізудегі
конституциялық құқықтарын кепілдендіруге бағытталған. Зерттеу барысында,
сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары және оның кепілдіктері,
сонымен қатар, оларға қатысты кейбір тергеу әрекеттерін жүргізу барысында
қолданылатын ережелер, сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс жүргізу
заңымен бекітілген құқықтары, жедел-іздестіру шараларының іс жүргізудегі
маңызы, мәжбүрлеу шаралары тәрізді институттар қарастырылады. Автор арқылы
жүргізілген талдаудың нәтижесінде, сезікті мен айыпталушының конституциялық
құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіру бағытында бірқатар ұсыныстар
жасалды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 1-бабына сәйкес: Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары болып табылады.
Ол туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-
2030 стратегиясында: мемлекеттің басты бағыты – адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету, сондықтан да адам мен
азаматтардың конституцияда көрсетілген құқықтарын өте жоғарғы дәрежеде
кепілдендіру қажет, өйткені тұлғаның құқықтары мен бостандықтары әлемдік
өркениеттің құндылығы болып саналады [1, б. 15] деп атап өтеді. Әрбір жыл
сайын Қазақстан халқына жасаған жолдауларында, осы бағытқа баса назар
аударып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындауда заңның
атқарар орны үлкен. Себебі заң қоғамдағы адамдар арасындағы қатынасты
реттейтін негізгі ереже болып табылады.
Бірақ заңға қатысты шешімін таппаған мәселелер қазіргі таңда көптеп
кездесуде. Оның бірі – қылмыстық іс жүргізу заңы. Аталған заңды қолдану
барысында оған қатысушылардың, соның ішінде сезікті мен айыпталушының
конституциялық құқықтары толық кепілдендірілуі тиіс.
Ол туралы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.А. Мами
да өз сөзінде: Қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларының құқықтарын қорғау –
өзекті де, толғақты мәселелрдің бірі болып саналады. Тұлғаның құқықтарының
шынайы түрде қамтамасыз ету – қылмыстық сот ісін жүргізу сферасындағы
демократияны, ізгілікті бағалаудың өлшемі. Бұл үшін, тек қана қылмыстан
зардап шеккен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын ғана қорғау емес,
сонымен қатар қылмыстық ізге түсуге тартылған адамдардың да құқықтары мен
бостандықтарын сақтау қажет. Кінәсіздерді соттау, негізсіз қылмыстық
жауапкершілікке тарту мүлдем жойылу қажетдеп атап кетеді [2, б. 15].
Дегенмен де, қылмыстық іс жүргізу кезіндегі конституция нормаларының
орындалуына қатысты бірқатар шешімін таппаған мәселелер кездесіп отыр, ол
тәжірибедегі қиындықтардың орын алуына және алдын ала тергеу жүргізу
органдарының конституциялық құқықтарын дұрыс сақтамауына себеп болып отыр.
Республикалық қылмыстық іс жүргізу заңында Конституцияда және халықараларық
құқықтық актілерде көрсетілген заң кепілдіктері негізге алынбаған.
Мысалы, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу оқиғасына
байланысты, 2000 жылы алдын-ала тергеу мен анықтау органдары
қызметкерлерінің үстінен 36 қылмыстық іс қозғалды, ал 2002 жылы 644
қызметкері, оның ішінде ІІО-нің 614 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке
тартылды. Оның көпшілігі Жамбыл облысынан – 73, Алматы қаласы бойынша – 64.
Алматы облысы бойынша – 64, Қарағанды облысы – 79 және қалғаны басқа
облыстардан. Осы уақыт аралығында 32 қызметкерге қатысты қылмыстық іс
қозғалды. 2004 жылы ІІО-ның барлығы 253 қызметкері, оның ішінде 75
жетекшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың қылмыстық іс
жүргізу барысында конституциялық құқықтарының бұзылу фактісіне байланысты,
114 құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үстінен 74 қылмыстық іс
қозғалды, оның ішінде 51 қылмыстық іс ізге түсу органдары қызметкерлерінің
азаматтарға қатысты күш қолданғаны үшін қозғалған. Жауап беруге
мәжбүрлегені үшін ІІО қызметкерленің үстінен 6 қылмыстық іс қозғалып, оның
3 сотқа жіберілді. Дәлелдемелерді бұрмалау жасау оқиғасына байланысты ІІО
қызметкерлері үстінен 21 іс қозғалған [3, б. 97-99].
Негізгі құқық бұзушылықтар, жауап алу барысында адвокаттардың
қатыспауы, күш қолдану әдістері арқылы айғақтар алу, аяқталған қылмыстық
істермен адвокаттың, айыпталушының таныстырылмауы, тергеу әрекеттерін
жүргізу барысында тұрғын үйге заңсыз ену, сот сараптамаларының болмауы,
беттестірудің болмауы және мерзімдердің сақталынбауы және т.б.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
2006 жылғы 1-ші наурызда Қазақстан халқына жасаған жолдауында, Қазақстан
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу қажет –
деп көрсетті. Осы жолдауда көрсетілген алты бағыттың бірінде: Азаматтардың
Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз ету – құқық қорғау
органдарының міндеті. Олар үшін қай жерде және кім не айтады? дейтін
сұрақ туындамауға тиіс, есесіне, заңды бұзған екенсің – оның баптарына
сәйкес жауапқа тартыласың. Құқық қорғау органдарының осы ережені
орындамайтын басшысы өз лауазымында қалмауы керек [4] деп көрсетеді.
Сондықтан да, осы жоғарыда көрсетілген мәселелер, автордың осы
тақырыпты таңдауының негізгі себебі болып отыр. Ол, қылмыстық іс жүргізу
барысында оған қатысушылардың конституциялық кепілдіктерін толық
кепілдендіргенде ғана қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін толық және
тыңғылықты орындай аламыз деп көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Автор, зерттеу жұмысын жазу барысында
Қазақстан заңдарына қатысты өзекті мәселелерді есепке ала, оны шет
мемлекеттердің заңдарымен салыстыра отырып талдау жасау қажет деп табады.
Сонымен қатар жұмыста айрықша орынды, КСРО және қазіргі Қазақстан
Республикасындағы оқымысты-заңгерлердің еңбектеріндегі құқықтық
тұжырымдамалар құрайды.
Алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының құқықтарын
кепілдендіруге қатысты сұрақтар төңірегінде КСРО тұсындағы заңгерлерден:
Р.С. Абдрахманов, С.П. Ефимичев, А.С. Кобликов, А.М. Ларин, В.З. Лукашевич,
В.А. Стремовский, М.С. Строгович, М.А. Чельцов, В.С. Шадрин, С.А. Шейфер,
Р.Х. Якупов, ал, қазақстандық заңгерлерден: Т.Қ. Айтмухамбетов,
Е.О. Алауханов, А.А. Ахпанов, К.А. Бегалиев, Л.Ш.Берсугірова,
Б.А. Бишманов, Е.Е. Ерешев, С.Е. Еркінов, С.М. Жалыбин, С.К. Жүрсімбаев,
Д.Қ. Канафин, К.Ж. Капсалямов, М.Ч. Қоғамов, Е.І. Қайыржанов, Қ.М. Кучуков,
Қ.А. Мами, М.С. Нәрікбаев, С.Ж. Оспанов, И.И. Рогов, Г.Р. Рүстемова,
Б.Х. Төлеубекова, И.Н. Юрченко және т.б. өз еңбектерінде тоқталған.
Бірақ, философиялық тұрғыдан алғанда да, әлемдегі даму мен өзгерістер
қайшылықтардың туындауының арқасында болады, яғни осы қайшылықтарды реттеу
арқылы қоғамның дамып жетілетіндігі белгілі. Сол сияқты заң да, ой да уақыт
талабына сай реттеліп, өзгертіліп бір жүйеге келіп отыруы тиіс.
Ал бұл зерттеудің барысында, сезікті мен айыпталушының конституциялық
құқықтарының кепілдендірілуі жаңа қырынан ашылып отыр, сондықтан да,
ұсынылған диссертациялық зерттеу қазақстандық қылмыстық іс жүргізу
ғылымындағы өзгеше еңбек болып табылады, ол жаңа ойларды ережелердің пайда
болуына өз көмегін тигізуі мүмкін.
Зерттеудің объектісі болып алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен
айыпталушы конституциялық құқықтарын кепілдендіруге қатысты өзекті
мәселелер, олардың қылмыстық іс жүргізілу барысындағы сақталуы және ұғымы,
сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтарының қорғалуы
мен заңдар арасында туындаған ара қатынас саналады.
Зерттеудің пәні болып сезікті мен айыпталушының алдын-ала тергеу
стадиясындағы конституциялық құқықтары, осы құқықтарды қамтамасыз ететін
кепілдіктер, мәжбүрлеу және басқа да шаралар, прокурорлық қадағалау және
сот бақылауына қатысты сұрақтар саналады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Алдын ала тергеу стадиясында қылмыстық іс
жүргізу барысындағы сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтарын
кепілдендіруге қатысты сұрақтарды КСРО тұсында да және Қазақстандық заңгер
де өз еңбектерінде қарастырған. Бірақ, бүгінгі таңда ол айтылған ойлардың
тәжірибеде де, теорияда да өз орнын таппай отырғандығы туралы жайттар
кездеседі. Әрине бұл заңдылық, себебі философиялық тұрғыдан алғанда уақыт
өте келе, заңның қолданылуы да ескіреді, сондықтан да заңның даму барысы
өмірге сәйкестендіріліп, өзгертіліп, толықтырылып отыруы тиіс.
Сондықтан диссертациялық зерттеу жұмысы заман талабына сай жаңа
қырынан ашылып көрсетіледі. Осы себептен де, диссертациялық зерттеу
барысында ұсынылған ережелер қазақстандық қылмыстық іс жүргізу ғылымындағы
өзгеше еңбек болып табылады.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Диссертацияда берілген ұсыныстар,
тұжырымдар немесе қортындылар сезікті, айыпталушы тұлғасын зерттеудің
мәселелерін одан әрі өңдеудегі ғылыми зерттеу жұмыстарында; оқу үрдісінде,
қылмыстық іс жүргізу құқығы курсын оқытуда және жоғарғы оқу орындарында
Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру, Прокурорлық қадағалау, Адвокаттық
қызмет арнайы курстары бойынша дәріс немесе семинарлық, тәжірибелік
сабақтар өткізуде, осы мәселелер бойынша оқу құралдарын әзірлеуде, сонымен
қатар алдын ала тергеу мен анықтау органдары қызметкерлерінің біліктілігін
жетілдіруде қолданылуы мүмкін.
Зерттеудің тәжірибелік құндылығы. Диссертацияда берілген ұсыныстар,
тұжырымдар немесе қорытындылар алдын-ала тергеу стадиясында қылмыстық іс
жүргізуді жүзеге асырушы органдардың қылмыстарды тергеу, ашу барысында,
олардың қызметін жетілдіруде қолданылуы мүмкін.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің негізгі
мақсаты, қылмыстық іс жүргізудегі алдын-ала тергеу стадиясында сезікті мен
айыпталушының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіруді
жақсарту.
Бұл мақсат диссертациялық зерттеу тақырыбында келесідей нақты
міндеттерді көрсетіп отыр:
– сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары ұғымы мен оның
жүйесіне сипаттама жасау және анықтамасын беру;
– алдын ала тергеу стадиясындағы тұлғаның құқықтарының процессуалдық
кепілдіктеріне қатысты сұрақтарды қарастыру арқылы Қазақстан Республикасы
Конституциясының дамуындағы оның тәжірибелік және теориялық маңыздылығын
көрсете білу;
– Қазақстан Республикасы қылмыстық істі жүргізудің алдын-ала тергеу
стадиясындағы сезікті мен айыпталушының құқықтары мен бостандықтарын
кепілдендіру мәселелерін саралау арқылы, оған ғылыми теориялық және заң
тәжірибесі тұрғысынан анықтама беру қажет;
– тек қана, бәрін қамтитын әр түрлі процессуалдық кепілдіктер жүйесін
құру арқылы ғана, қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасының дұрыс жүзеге асырылуын
қамтамасыз етуге болатындығын дәлелдеу;
– алдын-ала тергеу стадиясында сезікті мен айыпталушының қатысуымен
жүргізілген кейбір тергеу іс-әрекеттері, жедел іздестіру және мәжбүрлеу
шаралары барысындағы олардың қорғану құқығының жүзеге асырылуына қатысты
сұрақтарды талдау.
– алдын-ала тергеу тергеу стадиясында сезікті мен айыпталушының
конституциялық құқықтарын процессуалдық толық кепілдендіру үшін соттың,
прокурордың және тергеушінің (анықтаушының) өкілеттіктері мен міндеттерін
нақтыландыруға қатысты ұсыныстар жасау;
– алдын ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының
конституциялық құқықтарын кепілдендіруді жетілдіруге қатысты сұрақтарды
қарастыру барысында алынған ұсыныстарды, Конституцияға, Қылмыстық және
Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, Соттар және сот төрелігі туралы,
Прокуратура туралы, Адвокаттық қызмет туралы заңдарға өзгертулер мен
толықтырулар ендірілу барысында пайдалану.
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негізін танымның
диалектикалық әдісі, оның ішінде жалпы ғылыми және арнайы әдіс табылады.
Жұмыс барысында жалпы құқық теориясына және ғылыми таным аумағындағы
мәліметтер, жұмыстық теориялық негізі қылмыстық іс жүргізу, криминалистика,
сот сараптамасы және жедел іздестіру қызметі ережелері қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін КСРО заңгерлер Р.С. Абдрахманов,
С.П. Ефимичев, А.С. Кобликов, А.М. Ларин, В.З. Лукашевич, В.А. Стремовский,
М.С. Строгович, М.А.Чельцов, В.С. Шадриннің, С.А. Шейфер, Р.Х. Якупов, ал,
қазақстандық заңгерлерден: Т.Қ. Айтмухамбетов, Е.О. Алауханов,
А.А. Ахпанов, Б.Ә. Әбдрахманов, К.А. Бегалиев, Л.Ш. Берсугірова,
Б.А. Бишманов, Е.Е. Ерешев, С.Е. Еркінов, С.М. Жалыбин, С.К. Жүрсімбаев,
К. Канафин, К.Ж. Капсалямов, Қ.М. Кучуков, Е.І. Қайыржанов, М.Ч. Қоғамов,
Қ.А. Мами, М.С. Нәрікбаев, С.Ж. Оспанов, И.И. Рогов, Г.Р. Рүстемова,
Б.А. Салаев, Б.Х. Төлеубекова, Қ.Ш. Уканов, И.Н. Юрченко және т.б. ғылыми
зерттеу еңбектері құрайды.
Зерттеудің нормативтік-құқықтық базасын Қазақстан Республикасы
Конституциясы (1995ж.), Соттар және сот төрелігі туралы заң (1995ж.),
Прокуратура туралы заң (1995ж.), Қылмыстық іс жүргізу кодексі (1997ж.),
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі (1997ж.), Қазақстан Республикасы
Адвокаттық қызмет туралы заңы (1993ж.), Қазақстан Республикасы Жедел-
іздестіру қызметі туралы заңы (1994ж.). Сонымен қатар соттың үкімдері мен
қаулылары. Сот, алдын ала тергеу, анықтау органдары, жедел-
криминалистикалық бөлімшелердің жұмысын реттейтін ведомствалық нормативтік
актілер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы
жұмысын реттейтін актілері құрайды.
Қорғауға ұсынылатын диссертацияның негізгі тұжырымдары:
1. Сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары мен
бостандықтары – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан
туындайтын және қылмыстық іс жүргізудегі сезікті мен айыпталушының құқықтық
мәртебесімен анықталатын құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
2. Қылмыстық іс жүргізудің кепілдіктері – іс жүргізуге қатысушы
тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, қылмыстық сот ісін дұрыс жүзеге
асыруға бағытталған барлық құралдар мен тәсілдер жиынтығы.
3. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын қорғау қағидасы орындалғанда ғана сезікті мен
айыпталушының конституциялық құқықтары толық кепілдендіріледі.
4. Сезікті мен айыпталушының қорғану құқығының сақталуы үшін қорғаушы
және адвокаттар қызметін жақсарту аса қажет.
5. Жедел-іздестіру шаралары барысында алынған мәліметтерді қылмыстық
іс жүргізу барысында дәлелдемелер ретінде пайдалану үшін он заңдылығын
толық тексеру керек;
6. Алдын-ала тергеу стадиясында мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында
сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтарын кепілдендіруді жақсарту
үшін, қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі оларды жүргізудің процессуальдық
тәртібіне өзгерістер керек.
7. Прокурорлық қадағалау мен сот бақылауы алдын-ала тергеу
стадиясындағы сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтарының басты
кепілі.
Зерттеудің эмпирикалық базасы. Зерттеу барысында 1998-2006 жылғы
Алматы қалалық және аудандық соттарда қаралған 100-ден астам қылмыстық
істер және Алматы қалалық Ішкі істер департаменті және осы департаментке
қарасты аудандық ішкі істер бөлімдеріндегі алдын-ала тергеу мен анықтау
органдары қызметкерлерінің алдын-ала тергеу стадиясында қараған 150-ден
астам қылмыстық істері, сонымен қатар, Қостанай облыстық, Жамбыл облыстық,
Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің алдын-ала тергеу
және анықтау органдары қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Академиясында дәрежесін жетілдіру курсынан өткен барлық
облыстардан келген алдын-ала тергеу мен анықтау органдары қызметкерлерімен
жүргізген сауалнама құрайды.
Сонымен қатар, диссертацияны жазу барысында автордың алдын-ала тергеу
және анықтау органдарында атқарған жұмыс барысында алынған 4 жылдық
тәжірибесі құрайды.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі теориялық
қағидалары мен тұжырымдары келесі ғылыми конференцияларда ұсынылып,
көпшіліктен тиісті оң бағасын алды: Жастар және ғылым атты жоғарғы оқу
орындары арасындағы жас ғалымдар, адъюнктер (аспиранттар) мен
тыңдаушылардың (студенттердің) ғылыми-теориялық конференциясы (Алматы қ.:
Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2005ж.); Құқыққорғау органдары
қызметінің тиімділігін арттырудағы ғылымның ролі атты халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференциясы (Алматы қ: Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы,
2005ж.); Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы: оның
ережелері, қағидалары және идеяларын жүзеге асыру мәселелері атты
республикалық ғылыми-теориялық конференциясы (Алматы қ.: ҚГЗУ, 2005 ж.);
Ұйымдасқан қылмыспен күресудің өзекті мәселелері атты халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференция (Алматы қ.: Абай атындағы ҚҰПУ, 2005ж.);
Еліміздегі қылмыстылықты болдырмаудың негізгі құралдарының бірі –
мемлекеттің алдын-алу қызметі атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциясы (Алматы қ.: Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2006.).
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласын
қадағалау және аттестациялық комитеті белгілеген басылымдарда жарық көрді:
Д.А. Қонаев атындағы университетің хабаршысы. – № 2(15) – 2005; Заң. – № 3.
– 2006; Тураби. – № 3. – 2006.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы
зерттеудің мақсаты мен міндетерімен байланыса отырып, диссертацияны
орындауға қойылатын Қазақстан Республикасы Қадағалау және аттестаттау
жөніндегі комитетте көзделген талап деңгейіне сәйкес орындалған.
Диссертация кіріспе, үш тараудан, сегіз тармақшадан, тұжырымдамадан,
пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Кіріспеде диссертацияның өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен
міндеттері, зерттеудің нысаны, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар,
зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, оның теориялық және тәжірибелік
құндылығы, зерттеу жұмысының сыннан өтуі, диссертациялық жұмыстың көлемі
мен құрылымы туралы деректер көрсетілген.
Бірінші бөлім Сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс жүргізудегі
конституциялық құқықтары, олардың мәні мен маңызы және процессуалдық
кепілдіктерінің жүйесі деп аталады. Ол екі бөлімшеден тұрады.
Сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары: ұғымы және
азаматтардың конституциялық құқықтарымен ара-қатынасы деп аталатын бірінші
бөлімшеде автор сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары мен оның
жүйесін сипаттай келе, оның адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары
мен бостандықтарымен өзара ар-қатынасына тоқталады. Сонымен қатар бөлімшеде
адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қатысты халықаралық
нормалар, олардың Қазақстан Республикасы Конституциясымен өзара байланысы
жете зерттеледі.
Жалпы заң әдебиеттерінде адам мен азаматтардың конституциялық
құқықтары деген ұғымдар кездеседі, оған Конституцияда көрсетілген құқықтар
жиынтығы жатқызылады, бірақ онда конституциялық құқықтардың ұғымына нақты
анықтама берілмеген. Автор аталған кемшіліктерді саралай, ғылыми зерттеу
жұмысы барысында адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарына тоқтала
келе, осы арқылы сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары ұғымына
нақты анықтама береді және конституциялық құқықтар жүйесін көрсетеді. Автор
өз анықтамасында: Сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары мен
бостандықтары – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан
туындайтын және қылмыстық іс жүргізудегі сезікті мен айыпталушының құқықтық
мәртебесімен анықталатын құқықтары мен бостандықтары болып табылады деп
көрсетеді. Бұл оның ғылымға қосқан үлкен бір үлесі деп есептейміз.
Адам мен азаматтардың Конституциялық құқықтарының процессуалдық
кепілдіктері ұғымы және кепілдіктер жүйесі зерттеу жұмысының бірінші
тарауының екінші бөлімшесінде зерттеледі.
Сезікті мен айыпталушының құқықтары – қылмыстық іс жүргізу барысында
нақты қорғалуы тиіс. Қорғау құралдар арқылы, яғни белгілі бір кепілдіктер
арқылы жүзеге асады. Бірақ, кепілдіктерді жетілдіру бүгінгі күнде біздің
мемлекетімізде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені, қылмыстық іс
жүргізуді жүзеге асыру барысында оған қатысушылардың конституциялық
құқықтарын кепілдендіру жеткіліксіз. Сондықтан да, қылмыстық іс жүргізу
заңының нормаларын Қазақстан Республикасы Конституциясының және қабылданған
халықаралық құқықтық актілердің нормаларымен сәйкестендіру қажет деп
көрсетеді автор өз ұсынысында.
Заң әдебиеттерінде кепілдіктер ұғымына қатысты ғалымдар арасында әр-
түрлі пікірлер қалыптасқан. Олардың бірі – кепілдік деп қылмыстық іс
жүргізудегі қатысушылардың міндеттері мен құқықтары деп түсінсе, ал
екіншілері бұған құқықтық нормаларды жатқызады, кейбірі тіпті қылмыстық іс
жүргізудің қағидаларын, процессуалдық нысандарды, тіпті қылмыстық іс
жүргізу заңын да жатқызады. Ұзақ уақыт бойы осы сұрақтың жауабын табу
мақсатында ғалымдар арасында пікір таластар жалғасып келеді, тіпті талас
жалғаса да бермек. Бірақ бұған тіреліп қалған қажеттілік жоқ. Таластың
болғаны дұрыс. Жазылған әрбір пікірдің ғылымға азда болса, көп те болса
қосар үлесі бар. Әрбір аталған кепілдіктің құқыққа қосар өзіндік үлесі бар.
Сондықтан диссертациялық зерттеу жұмысы барысында автор арқылы да
процессуальдық кепілдіктер ұғымына жаңа анықтама беріледі және заңдардағы
кепілдіктер жүйесіне тоқталады. Оны жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар
жасайды және жаңа кепілдіктерді ұсынады.
Автор, қылмыстық іс жүргізудің кепілдіктері – іс жүргізуге қатысушы
тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, қылмыстық сот ісін дұрыс жүзеге
асыруға бағытталған барлық құралдар мен тәсілдер жиынтығы дей келе, сонымен
қатар, процессуальдық кепілдіктерге бір жақты ғана түсінік беруге болмайды,
оларды жан-жақты қарастыру аса қажет, бұл қылмыстық іс жүргізуде іске
қатысушылардың мүдделерін қамтамасыз ететін құралдарды жетілдіруге өз
көмегін тигізеді деп көрсетеді.
Диссертациялық жұмыстың екінші тарауы Алдын-ала тергеу стадиясындағы
сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының
кепілдіктері деп аталады. Диссертациялық жұмыстың екінші тарауының бірінші
бөлімшесінде қылмыстық іс жүргізу принциптерінің процессуальдық кепілдіктер
ретіндегі маңызы зерттеледі.
Алдын ала тергеу бұл қылмыстық іс жүргізудің дербес стадиясы. Бұл
стадия тергеу және процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізуден тұрады.
Аталған іс әрекеттерді жүргізу барысында сезікті мен айыпталушының
конституциялық құқықтары толық кепілдендірілуі тиіс. Оны кепілдендіруде
қылмыстық іс жүргізу принциптердің алар орны үлкен.
Қылмыстық іс жүргізу принципі – бұл заңда көрсетілген қылмыстық
іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз
етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғаның құқықтарын
кепілдендіретін жалпы басшылыққа алатын ережелер.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-ндегі принциптердің бірі - қылмыстық
істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғау принципі. Аталған принципке сәйкес, қылмыстық процесті жүргізуші
орган қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғауға, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, процеске қатысушылардың
заңды талаптарын қанағаттандыруға уақыты шаралар қолдануға міндетті. Ол
басқа принциптермен тығыз байланыста бола отырып, сезікті мен айыпталушының
конституциялық құқықтарын кепілдендіре алады.
Автордың пікірінше, әсіресе, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында
құқықтарды толық сақтау өте күрделі. Оның себебі, тергеу іс-әрекеттері көп
жағдайда сезіктінің, айыпталушының және басқа да қатысушылардың жеке
өміріне, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және
өзге де хабарлардың құпиялылығына, тұрғын үйге, меншікке қол сұғылумен
жүргізіледі. Бірақ, бұл іс-әрекеттердің жүргізілуі заң шеңберінен аспауы
тиіс. Тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысты заңмен көрсетілген ережелер
құқықтарды кепілдендіруде үлкен орын алады.
Тергеуші тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға заңдарда белгіленген
адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен
міндеттерін, сондай-ақ тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің тәртібін
түсіндіреді. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу
ісін түнгі уақытта жүргізуге жол берілмейді. Тергеу іс-әрекетін жүргізу
кезінде техникалық құралдар қолданылуы және қылмыс іздері мен заттай
дәлелдерді анықтаудың, бекіту мен алудың ғылыми негізделген әдістері
қолданылуы мүмкін. Тергеу іс-әрекетін жүргізу кезінде күш қолдануға,
қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған
қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызуға жол берілмейді.
Тергеуші тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға анықтау органының қызметкерлерін
тартуға құқылы (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 201-бабы).
Мысалы, қылмыстық іс жүргізудің алдын-ала тергеу стадиясында сезікті
мен айыпталушы пайда болған кезде, оларға Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің
213-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жауап алудың алдында тергеуші жауап алатын
алынатын адамның жеке басын анықтауы тиіс. Егер жауап алынатын адамның іс
бойынша іс жүргізіліп отырған тілді білетіндігіне күмән туса, оның қай
тілде жауап бергісі келетіні анықталады, содан кейін оған Қазақстан
Республикасы ҚІЖК-нің 68, 69-баптарына сәйкес, сезікті мен айыпталушының
құқықтары, оның ішінде оның айғақ беруден бас тарту құқығы қоса
түсіндірілуі қажет. Бұл құқықтар мен міндеттерді түсіндіру қылмыстық іс
жүргізу органдарына жүктелеген. Бірақ, айыпталушылардың жеке басын
анықтауда, олардың құқықтарын түсіндіргенде тергеушілер заңның бұл талабын
жиі бұзып отыр. Осының әсерінен сезікті мен айыпталушының конституциялық
құқықтары толық сақталмауда.
Сонымен қатар, автор арқылы бірқатар тергеу іс-әрекеттерінің жүргізілу
тәртібіне өзгерістер ұсынылады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 244-бабының талаптарына сәйкес,
сезіктіге, айыпталушыға сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны
туралы ізге түсу органдарының қаулылары таныстырылып, оларға өздеріне
тиесілі құқықтарының түсіндірілгені туралы тиісті хаттама жасалуы тиіс.
Автордың пікірінше, заңның бұл ережелері сақталынбайды. Тергеу органдары
тараптардың Қазақстан Республикасы ҚК-нің 244-бабымен көзделген құқықтарын
бұзып, сараптама жүргізу туралы қаулымен айыпталушыларды сараптама
жүргізіліп болғаннан кейін таныстырады. Осы себептен, сезікті және
айыпталушы аталған құқықтарын, тек сараптаманың қорытындысы дайын болғанда
ғана пайдалана алады.
Мысалы, Ақтөбе қаласы Қаржы полиция департамантінің тергеушісі
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 222-бабының 1-бөлігімен айыпталушы Қ. ға және
оның қорғаушысына сараптама тағайындау туралы қаулыны тергеу жүргізіліп
болғаннан кейін танысуға берген. Сондықтан, айыпталушы Қ. мен оның
қорғаушысы сараптама қортындысымен келіспей, қайта сараптама жүргізу туралы
өтініш білдірген. Ал, тергеуші осы өтінішті ешқандай себепсіз қабылдамай
тастаған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 179-бабымен, 96-бабының
2-бөлігімен сотталған Б. ның ісі бойынша сот-медициналық сараптамасын
тағайындау туралы қаулы 26.12.2002-жылы шығарылып, сараптама 28.12.2002-
жылы жүргізілген. Ал, сараптама тағайындау туралы қаулымен айыпталушыны
26.03.03-жылы, ал сараптаманың қортындысымен 06.01.03-жылы таныстырған
(Алматы облыстық Талғар АІІБ-нің тергеушісі Б.) [5, б. 11-12].
Автордың пікірінше, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 244-бабында
бекітілген сезікті мен айыпталушының құқықтарының көрсетілген ережелердің
толық орындалуына сезіктінің немесе айыпталушының жеке басының анықталмауы
мүмкіндік бермейді, ол тек сезікті ұсталған кезден бастап қана жүзеге
асырылады. Осындай жағдайларда, сараптаманы тағайындау туралы қаулыны
сезікті немесе айыпталушыға тек сараптаманың қорытындысымен бірге
таныстыруға тура келеді. Сондықтан да, заңға мүмкіндік болмаған
жағдайларды қоспағанда, барлық уақытта сезікті, айыпталушы, жәбірленушіні
сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға
міндетті және онда осы қатысушылардың қолдары қойылуы тиіс деп өзгеріс
ендірген дұрыс.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-де тергеу іс әрекеттерін жүргізу тәртібіне
қатысты да жеткіліксіз тұстары кездеседі.
Мысалы, Қазақстан Республикасы ҚІЖК нің 240-бабында, сараптама, іс
үшін маңызы бар мән-жайларды алынуы мүмкін жағдайда тағайындалады.
Сараптаманы тағайындау қажет деп таныған тергеуші бұл туралы қаулы
шығарады- делінген. Осыған сәйкес, сараптаманы тек тергеуші, қажет болған
жағдайларда, прокурор (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 197-бабы), сот
(Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 354-бабы) тағайындай алады. Кейінге
қалдыруға болмайтын жағдайларда, сараптама, анықтау органы бастығының
бекітуімен, анықтаушымен және анықтау органымен де тағайындалады. Бірақ,
бұл заңсыз болып есептелінеді. Себебі, сараптаманы тағайындау кейінгі
қалдыруға болмайтын тергеу іс әрекеттерінің қатарына жатқызылмайды
(Қазақстан Республикасы ҚІЖК нің 200-бабы). Сондықтан, олар арқылы
тағайындалған сараптамның дәлелдемелік күші болмайды.
Ол туралы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 20.04. 2006 жылғы №4
нормативтік қаулысында: Өкілеттігі жоқ адамның тағайындауымен немесе
қаулысыз, сондай-ақ өзге де заң талаптарының бұзылуымен жүргізілген
(сараптама түрлерінің жүргізілу кезектілігі сақталмай) сараптаманың
нәтижесінде алынған сарапшының қортындысы жарамды дәлелдеме деп таныла
алмайды [6] – деп көрсетілген.
Автордың пікірінше, сезікті мен айыпталушының конституциялық
конституциялық құқықтарын толық кепілдендіру үшін, қылмыстық іс жүргізудегі
қарама қайшылықтарды жою үшін, Қазақстан Республикасы ҚІЖК нің 200
бабындағы кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс әрекеттерінің қатарына
сараптаманы тағайындау ендіру қажет
Сонымен қатар, автордың пікірінше сараптамалық зерттеу үшін үлгілер
алу тек алдын ала тергеу стадиясында ғана жүргізілуі тиіс, және ол кейінге
қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерінің тізіміне кірмейді. Сондықтан,
аталған тергеу іс әрекеттерін түнгі уақыттарда жүргізуге болмайды.
Бірақ тәжірибе барысында, сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу тергеу
іс әрекеті қылмыстық істі қозғау стадиясында да, сонымен қатар тәуліктің
кез келген уақытында жүргізіле береді. Бұл қолданыстағы заңға қарама қайшы
болып есептелінеді.
Сондықтан, сараптамалық зерттеу үлгілер алуды қылмыстық істі
қозғау стадиясында да жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар, кейінге қалдыруға
болмайтын тергеу әрекетіне кіргізу қажет, осы арқылы біз сезікті мен
айыпталушының конституциялық құқықтарының кепілдендіруді жетілдіре аламыз.
Келесі тергеу іс-әрекетінің бірі – куәландыру. Қазақстан Республикасы
ҚІЖК-нің 226-бабына сәйкес, куәландыру адам денесіндегі ерекше белгілерді,
қылмыс іздерін, денсаулығына келтірілген зиянның белгілерін анықтау, мас
болу жағдайын немесе іс үшін маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгілерді
анықтау үшін, егер бұл үшін сараптама жүргізу талап етілмесе, сезіктіге,
айыпталушыға, жәбірленушіге және куәға куәландыру жүргізілуі мүмкін.
Куәландыру жүргізу туралы тергеуші сезікті, айыпталушы үшін міндетті болып
табылатын қаулы шығарады. Жәбірленушінің, куәнің мәжбүрлеп куәландырылуы
прокурордың санкциясы бойынша жүргізіледі.
Автордың пікірінше, қазіргі таңда қылмыстық іс жүргізуге
қатысушылардың, оның ішінде сезікті мен айыпталушының конституциялық
құқықтарын кепілдендіру күрделі мәселелердің бірі болғандықтан, сезікті мен
айыпталушы өз еріктерімен үлгілерді беруден бас тартқан жағдайларда,
үлгілерді мәжбүрлеп алу прокурордың санкциясы арқылы жүзеге асырылуы аса
қажет.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы ҚІЖК нің 226-бабы 2-бөлігінде
көрсетілген жәбірленушінің, куәнің мәжбүрлеп куәландырылуы прокурордың
санкциясы бойынша жүргізіледі – деп көрсетілген тұсқа, жәбірленушінің,
куәнің, айыпталушының мәжбүрлеп куәландырылуы прокурордың санкциясы бойынша
жүргізіледі, ал кезек күттірмейтін жағдайларда айыпталушыны куәландыру
прокурордың санкциясынсыз жүргізілуі мүмкін, бірақ ол туралы 12 сағат
ішінде прокурорға хабарландырылуы тиіс деп толықтыру қажет.
Диссертациялық жұмыстың екінші тарауының екінші бөлімшесінде Сезікті
мен айыпталушының қорғану құқығының кепілдігі мәселелері зерттеледі.
Қазақстан Республикасы Конституцияның 13-бабын сәйкес: әркімнің құқық
субъектісі ретінде танылуға құқығы бар және өзінің құқықтары мен
бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін
барлық тәсілдермен қорғауға хақылы делінген. Ал, қылмыстық іс жүргізу
кодексіне сәйкес бұл құқықты іске тартылған кез-келген қатысушы пайдалана
алады. Соның ішінде, айрықша орынды сезікті мен айыпталушының қорғану
құқығы алады. Себебі, қорғану құқығы – сезікті мен айыпталушыға сезіктен
немесе айыптаудан сақтануға, өзінің қылмысқа қатысты еместігіне,
жауаптылығын жеңілдетуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері
Сезікті мен айыпталушының алдын-ала тергеу стадиясындағы конституциялық құқықтарының іс жүргізу кепілдіктері
Қылмыстық процестегі адамның жеке басына тиіспеушілік принципі
Айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету қағидасы айыпталушының құқықтарымен мүдделерін қамтамасыз етудің кепілі ретінде
Кінәсіздік презумпциясы және алдын ала тергеудегі дәлелдеу міндеті
Алдын ала тергеудегі конституциялық қағида ретіндегі кінәсіздік презумпциясы
Қылмыстық іс жүргізу қағидалары
Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызы
Қылмыстық процесс
Қылмыстық процесс принциптерін жіктеу
Пәндер