Каспий теңізіне жалпы сипаттама



Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

І Каспий теңізіне жалпы сипаттама .
1.1. Каспий теңізінің рельефі.
1.2. Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалары.
1.3. Гидрологиялық режимі.

ІІ Деңгейінің ауытқуы.
2.1. Флорасы мен фаунасы.
2.2. Шаруашылық маңызы.
2.3. Зерттелу тарихы.

ІІІ Каспий маңы артезиан алабы.
3.1. Каспий маңы ойпаты.
3.2. Каспий маңы синеклизасы.
3.3. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Каспий теңізі суы бұдан 13 мың жыл бұрын қазіргі деңгейінен 75 метр биік болған.
Ерте заманнан бері Каспий теңізінің аты бірнеше рет өзгерген, тарихи деректерге сүйенсек жетпіс түрлі аты болған. Қазіргі Каспий аты біздің эрамызға дейін 1 ғасырда теңіз жағалауында өмір сүрген «Каспий» тайпасының атына байланысты аталған.
Ертедегі араб ғалымдары Каспий теңізін Гиркан, Обескун, Журджан, Дайлем, Колзум, Хазар деп атаған.
Орыстар Хвалын (Х-ХІІІ ғ.) Мазандаран, Табаристан, Орыс, Астархань, Ширван, Албан және тағы басқа көптеген аттары болған.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында теңіз суы тартылып, деңгейі төмендей бастады. Мұндай құбылыс 1929 жылы, 1933 жылы, 1941 жылдары байқалған.
1977 жылы Каспий суының көлемі 424 мың текше метрден 360 мың текше метрге азайған.
1978 жылдан бастап теңіздің деңгейі қайта көтеріле бастады.
1991 жылдан бастап теңіздеңгейі 2,06 метрге көтеріліп жағалауындағы көптеген жер су астында қалды.
Каспий теңізі - түркі тілдес елдеріне дүние жүзіне ортақ орналасқан ең үлкен тұзды көл. Жалпы көлемі 400 мың м3- ке жуық , айдыны өте үлкен болғандықтан , теңіз деп аталады. Каспий теңізі 13 мың жыл бұрын Қара теңіз бен Жерорта теңізі арқылы дүние жүзілік мұхитпен жалғасқан. Ол кездегі теңіз суының деңгейі қазірден 75 м жоғары болған. Каспий аты ерте заманда теңіз жағасын қоныстанған «Каспий » тайпаларына байланысты айтылған, Олар туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымы Геродот еңбектерінде жазылған. Каспийдің табиғаты туралы жан-жақты зерттеу ХVІІІ ғасырда І Петрдің жарлығына сәйкес жүргізілді. Орыс патшалығы Каспий теңізі арқылы Азия елдерімен сауда – саттық жасауды көздеп жасауды көздеп әрі оның байлығын игеру мақсатында теңізге жан- жақты зерттеу жүргізді. Теңіздің су деңгейі дүниежүзілік мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі бөлігі онша терең емес (200-300м) , ең терең жері Оңтүстік бөлігіде (1025м). Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км созылып жатыр. Орташа ені 320км.
Климаты. Қысы суық, жазы құрғақ континетті. Қыста Азия максимумы, ал жазда Азор максимумы мен Оңтүстік Азия минимумы тармақтары әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын аз , теңіз айдынында 200 мм шамасында жауады. Жазда орташа температурасы +26ºС, шығыс жағалауында кейде +44ºС жетеді. Теңіз бетінің жылдық булану мөлшері жоғары 1000 мм-ге, ал шығыс жағалауында 1400 мм-ге жетеді. Теңіз әр түрлі климаттық белдеуде орналасқандықтан (солтүстігінде қоңыржай, батысында ылғалды субтропиктік, оңтүстік шығысында құрғақ субтропиктік), су бетінде ірі толқын туғызатын жел тұрады.
Апшерон шоңғалында толқынның биіктігі 11м – ге жетеді. Жазда судың беткі қабаты солтүстігінде +26ºС – қа дейін, ал оңтүстүгінде +32ºС – қа дейін жылынады. Теңіз суының тұздылығыда әркелкі, әр түрлі өзендер келіп құятын солтүстік бөлігінде 13%, ал оңтүстігінде тым жоғары 28-30%. Қыс айларында судың температурасы 0-5ºС – қа, ал оңтүстік бөлігінде -10ºС шамасында. Мұз тек солтүстігінде қарашадан наурызға дейін қатып жатады. Соңғы жылдары Каспий суының деңгейі 1 м-ге көтеріліп, жағалауында орналасқан елді мекендерге көптеген қиындықтар туғызып отыр.
Теңіздің табиғи байлықтары. Каспий теңізі аймағындағы алғашқы мұнай 1870 жылы табылған. Қазір Каспий теңізі аумағы 4 мұнайлы- газды аймаққа бөлінеді.
1. Оңтүстік Каспий мұнайлы – газды алабы (бассейн)
2. Терек-Каспий, Индол – Кубан алабы
3. Үстірт – Арал және Маңғыстау алабы
4. Солтүстік Каспий алабы
Ғалымдардың есептеуі бойынша, солтүстік Каспий мұнайлы – газды алабының геологиялық ең көп (12 млрд. тонна) орналасқан жері.
Каспий теңізінің солтүстігінде, Қазақстанға қарасты жерінде мұнай мен газ кен орнын іздеу мақсатында көмірсутекті пайдалы қазбаларды барлау және өндіру ісіне маманданған бірнеше халықаралық ірі Арджип (Италия), Бритиш Газ интэрнэшнэл, БП Мобил, Инпекс бірлескен кәсіпорыны, Шелл, Тотал және Филипс мұнай – газ компанияларының консорциумы құрылды.
Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақ Совет энциклопедиясы

2. Қазақстан , Москва -1969ж

3. Очерки по физической географии Казахстана
Алматы -1952 г.

4. Қазақстанның физикалық географиясы – 1993 жыл

5. Қазақстанның физикалық географиясы –
К.Карпеков, Ә. Бейсенова, Н.Молдағулов, М.Қалиев
56-74 беттер
6. «Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық гографиясы» В.И. Власова І
том 73 – 74 бет
7. «Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық гографиясы» В.И. Власова
ІІ том 63 – 69 бет

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

І Каспий теңізіне жалпы сипаттама .
1.1. Каспий теңізінің рельефі.
1.2. Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалары.
1.3. Гидрологиялық режимі.
ІІ Деңгейінің ауытқуы.
2.1. Флорасы мен фаунасы.
2.2. Шаруашылық маңызы.
2.3. Зерттелу тарихы.
ІІІ Каспий маңы артезиан алабы.
3.1. Каспий маңы ойпаты.
3.2. Каспий маңы синеклизасы.
3.3. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Каспий теңізі суы бұдан 13 мың жыл бұрын қазіргі деңгейінен 75 метр
биік болған.
Ерте заманнан бері Каспий теңізінің аты бірнеше рет өзгерген, тарихи
деректерге сүйенсек жетпіс түрлі аты болған. Қазіргі Каспий аты біздің
эрамызға дейін 1 ғасырда теңіз жағалауында өмір сүрген Каспий тайпасының
атына байланысты аталған.
Ертедегі араб ғалымдары Каспий теңізін Гиркан, Обескун, Журджан,
Дайлем, Колзум, Хазар деп атаған.
Орыстар Хвалын (Х-ХІІІ ғ.) Мазандаран, Табаристан, Орыс, Астархань,
Ширван, Албан және тағы басқа көптеген аттары болған.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында теңіз суы тартылып, деңгейі төмендей
бастады. Мұндай құбылыс 1929 жылы, 1933 жылы, 1941 жылдары байқалған.

1977 жылы Каспий суының көлемі 424 мың текше метрден 360 мың текше
метрге азайған.
1978 жылдан бастап теңіздің деңгейі қайта көтеріле бастады.
1991 жылдан бастап теңіздеңгейі 2,06 метрге көтеріліп жағалауындағы
көптеген жер су астында қалды.
Каспий теңізі - түркі тілдес елдеріне дүние жүзіне
ортақ орналасқан ең үлкен тұзды көл. Жалпы көлемі 400 мың м3-
ке жуық , айдыны өте үлкен болғандықтан , теңіз деп аталады.
Каспий теңізі 13 мың жыл бұрын Қара теңіз бен Жерорта теңізі арқылы
дүние жүзілік мұхитпен жалғасқан. Ол кездегі теңіз суының
деңгейі қазірден 75 м жоғары болған. Каспий аты ерте заманда теңіз
жағасын қоныстанған Каспий тайпаларына байланысты айтылған, Олар
туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымы Геродот еңбектерінде
жазылған. Каспийдің табиғаты туралы жан-жақты зерттеу ХVІІІ ғасырда
І Петрдің жарлығына сәйкес жүргізілді. Орыс патшалығы Каспий
теңізі арқылы Азия елдерімен сауда – саттық жасауды көздеп жасауды
көздеп әрі оның байлығын игеру мақсатында теңізге жан- жақты
зерттеу жүргізді. Теңіздің су деңгейі дүниежүзілік мұхит деңгейінен
28 м төмен жатыр. Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі бөлігі онша
терең емес (200-300м) , ең терең жері Оңтүстік бөлігіде (1025м).
Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км созылып жатыр. Орташа
ені 320км.
Климаты. Қысы суық, жазы құрғақ континетті. Қыста Азия
максимумы, ал жазда Азор максимумы мен Оңтүстік Азия минимумы
тармақтары әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын аз , теңіз айдынында
200 мм шамасында жауады. Жазда орташа температурасы +26ºС,
шығыс жағалауында кейде +44ºС жетеді. Теңіз бетінің жылдық булану
мөлшері жоғары 1000 мм-ге, ал шығыс жағалауында 1400 мм-ге жетеді. Теңіз
әр түрлі климаттық белдеуде орналасқандықтан (солтүстігінде
қоңыржай, батысында ылғалды субтропиктік, оңтүстік шығысында құрғақ
субтропиктік), су бетінде ірі толқын туғызатын жел тұрады.
Апшерон шоңғалында толқынның биіктігі 11м – ге жетеді. Жазда
судың беткі қабаты солтүстігінде +26ºС – қа дейін, ал оңтүстүгінде
+32ºС – қа дейін жылынады. Теңіз суының тұздылығыда әркелкі, әр
түрлі өзендер келіп құятын солтүстік бөлігінде 13%, ал оңтүстігінде
тым жоғары 28-30%. Қыс айларында судың температурасы 0-5ºС – қа, ал
оңтүстік бөлігінде -10ºС шамасында. Мұз тек солтүстігінде қарашадан
наурызға дейін қатып жатады. Соңғы жылдары Каспий суының деңгейі 1 м-
ге көтеріліп, жағалауында орналасқан елді мекендерге көптеген
қиындықтар туғызып отыр.
Теңіздің табиғи байлықтары. Каспий теңізі аймағындағы алғашқы
мұнай 1870 жылы табылған. Қазір Каспий теңізі аумағы 4 мұнайлы-
газды аймаққа бөлінеді.
1. Оңтүстік Каспий мұнайлы – газды алабы (бассейн)
2. Терек-Каспий, Индол – Кубан алабы
3. Үстірт – Арал және Маңғыстау алабы
4. Солтүстік Каспий алабы
Ғалымдардың есептеуі бойынша, солтүстік Каспий мұнайлы – газды алабының
геологиялық ең көп (12 млрд. тонна) орналасқан жері.
Каспий теңізінің солтүстігінде, Қазақстанға қарасты жерінде
мұнай мен газ кен орнын іздеу мақсатында көмірсутекті пайдалы
қазбаларды барлау және өндіру ісіне маманданған бірнеше халықаралық
ірі Арджип (Италия), Бритиш Газ интэрнэшнэл, БП Мобил, Инпекс бірлескен
кәсіпорыны, Шелл, Тотал және Филипс мұнай – газ компанияларының
консорциумы құрылды.

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ РЕЛЬЕФІ - түптік рельефімен гидралогиялық
ерекшеліктеріне қарай солттустік каспий, орталық каспий және оңтүстік
каспийге бөлінеді Солттүстік бөлігінің ауданы 80 мың км2 , тереңдігі 4-8
м. Теңіз түбінің рельефі белесті келген аккумуляциялық жазық қайырлар және
аралдар тізбегінен қалыптасқан. Солттүстік орталығы бөлігінен Маңғыстау
шоңғалы арқылы бөлінген орталық Каспийдің ауданы 138 мың км2 ; мұнда
теңіздің түптік шұңғымасы (дербент шұңғымасының ең терең жері 788 м ),
шельфі және құрлықтық беткейі айқын байқалады. Құрлықтық беткейінде су
астылық жылжымалар , коньондар және ежелгі аңғарлар көп. Оңтүстік каспий
орталығы бөлігінен Апшерон шоңғалы арқылы бөлінген. Оңтүстік Каспий табаны
абиссальды жазық (ені 30 км.) болып келетін шұңғыма (тереңдігі 1025 м.) мен
шельфтен тұрады.

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ – Каспий теңізінің
солтүстік бөлігі Шығыс- Европа платформасының құрамына кіретін Каспий маңы
синеклизасының оңтүстік шетін қамтиды, ал Маңғыстау шоңғалы теңіздің
батысындағы су астына шөккен Карпинск бұйраты мен шығысындағы Маңғыстау
сілемдерінің жалғасы болып табылады. Орталық бөлігінің түбі гетерогенді
құрылымнан тұрады. Оның шығысы - эпиргерциндік Тұран платформасының су
түбіне шөккен аймағы, ал Дербент шұңғымасы мен батысындағы теңіз түптік
шельфі мен материктік беткейі – Үлкен Кавказ геосинклиникалық шеткі
иілісі. Апшерон шоңғалы теңіз түбіне шөккен Үлкен Кавказбек Копетдаг
тауларын қосатын жақпарлы құрылымның бір тармағы. Оңтүстік Каспий ең
байырғы теңіз шұңғымасы.
Каспий теңізінде мұнай мен газдың мол қоры бар. Мұнайлы-газды
Маңғыстау және Апшерон шоңғалдары, теңіздің Дағыстан және Түркіменстан
жағалаулары жатады. Қара –Бұаз көл шығынағында мирабилиттің (химиялық шикі
зат ) мол қоры бар.

КЛИМАТЫ - ауаның қысқы азия максимумы мен жазғы азор максимумының
және оңтүстік азия минимумының тармақтары басып өтеді .Осыған байланысты
ауа райы антициклонды болып қысы суық , жазы құрғақ, жауын-шашыны аз
континенттік климат қалыптасқан. Климатында циклонды ауа-райының тигізетін
әсері шамалы. Солттустік орталық бөліктерінде жел қазан -сәуір айларында
шығыстан , мамыр- қыркүйекте солтүстік батыстан соғады. Оңтүстігінде
муссондық желдер байқалады. Жылы айларының орташа температурасы 24-
260С, абсалюттік максимумы (440) шығысында байқалады.
Қысқы айлары -10-120С. Каспий теңізінің айдынында жылына орта
есепппен 200мм, ал батыс жағалауында 1700 мм жауын-шашын түседі. Буланудың
орташа жылдық көрсеткіші 1000 мм, ал Апшерон түбегінде 1400 мм-ге
жетеді.

ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ РЕЖИМІ - өзен аңғарлары мен желге байланысты судың
циклондық араласуы байқалады. Су массасы батыс жағамен солтүстіктен,
оңтүстікке қарай қозғалады да, Апшерон түбегіне жеткен кезде екі тармаққа
бөлінеді. Оның біріншісі бағытын жалғастыра береді, ал екіншісі шығысқа
бұрылып шығыс жағасындағы солтүстікке бағыт талғап ағысқа қосылады. Судың
осындай циклонды циркуляциясын каспий теңізінің оңтүстік бөлігінен де
байқауға болады. Солтүстік каспийде желдердің әсіріне байланысты пайда
болатын бірнеше тұрақсыз ағыстар бар. Жел теңіз толқынын туғызады. Олардың
биіктігі Апшерон шоңғалында 11м-ге жетеді. Жаз айларында судың беткі
қабатының орташа температурасы 24-260С, оңтүстігінде 290С, Красноводск
шығанағында 320 С, Шығыс жағалауында июль-август айларының кейбір
күндерінде судың беткі қабатын күшті жел ығыстырып кетеді де астыңғы
қабаттан көтерілген суық су температураны 10-120С-қа дейін төмендетеді.

ДЕҢГЕЙІНІҢ АУЫТҚУЫ- Каспий теңізі деңгейінің маусымдық және қысқа
мерзімді ауытқуы теңіз суының шалқып шегінуіне байланысты болады. Теңіз
деңгейі солтүстік бөлігінде 2-2,5м-ге көтеріліп, 2м-ге төмендейді. Су
балансының өзгеруіне байланысты Каспий теңіз деңгейінің көпжылдық және
ғасырлық ауытқулар болады. Геологиялық, геоморфологиялық, археологиялық
және тарихи деректерге қарағанда Каспий теңізінің ең жоңғары деңгейі
б.з. алғашқы ширегінде және 19 ғасырдың басында байқалған.

ФЛОРАСЫ МЕН ФАУНАСЫ – Каспий теңізі флора мен фаунаға кедей.
Өсімдіктердің 500 , балық пен жануарлардың 854 түрлері бар Өсімдіктер
арасында көк жасыл және диатомды балдырлардың түрлері көп. Соңғы кезде
қызыл және қоңыр балдырлардың түрлері көп. Соңғы кезде қызыл және қоңыр
балдырларда өсе бастады.
Өсімдіктерінің 600 түрі, балдырлардың жасыл, қызыл және қоныр
түрлері өседі. Балық пен теңіз жануарларының 854 түрі кездеседі.
Каспий теңізінен дүние жүзінде ауланатын бағалы бекіре тұқымдас
балықтарының ( бекіре , шоқыр, көксерке ) 82 проценті ауланады.
Каспийде өсетін ит балығының маңызы зор.
ШАРУАШЫЛЫҚ МАҢЫЗЫ – Каспий теңізі ежелден құнды балық түрлеріне
бай. Бекіре тұқымдас балықтар (Дүние жүзі өнімінің 82% -і осында
ауланады.), майшабақтар, тұщы су балықтары, итбалық ауланады. Соңғы
кезде Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне Еділ бойының гидротехникалық
құрылыстардың салынуына, теңізге өндірістен шыққан лас суларының
құйылуына, теңізден мұнай өндіруіне байланысты ауланатын балықтардың
мөлшері азаюда. Егер 1936 жылғы 500 мың тонна балық ауланса, 1956 жылы
491 мың тоннадан аспады. Әсіресе бекіре тұқымдас балықтар мен
майшабақтардың өнімі кеміп кетті. Қазір оларды өсіру жұмыстары
жүргізілуде. Каспий теңізінде теңіз-жол транспорты да дамыған. Мұнай,
ағаш, астық, мақта, күріш, сульфат сиақты жүктер тасымалданады.
Каспий теңізі мұнай өндіретін ірі аудан қатарына жатады.
Теңізден натрий сульфаты, миробилит және псолит тұздары
өндіріледі. Ақтау қаласында теңіз суын тұшытатын атом қондырғысы
жұмыс істейді. Теңіз транспорты жақсы дамыған. Тіркі тілдес елдердің
шаруашылығына қажетті жүктер теңіз жағалауына орналасқан Баку,
Түркменбасшы , Атырау, Актау , Баутутино, Ералиев порттары арқылы
тасымалданады.

ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ – Каспий теңізін зерттеу 9-10шы ғасырдан басталған
алайда жүйелі ғылыми зерттеуді Петр І ұсынысы бойынша 1714-1715
жылдарында А.Бекович- Черкасский бастады. Ол Кааспий теңізінің шығыс
жағалауын зерттеді. 18 ғасырдың 20-шы жылдарындағы И.Ф. Соймоновтың
гидрографиялық зерттеулерін 18-ғасырдың 2-жартысында, 19- ғасырдың
басында Колодкин алғаш рет Каспий теңізінің жағалауын компастың
қағаз бетіне түсірді.1904-1915ж Н.М Книповичтің басқарылуымен
гидрологиялық және гидробиологиялық экпедициялар ұйымдастырды. Каспий
теңізінің зерттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал теңізінің зерттелу тарихы
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер
Теңіз жаға бойы рельефі
Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Жайық өзенінің орналасуы
ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА
Каспий теңізінің экологиясы туралы
Каналды бетонмен каптап, жылына
Азияның өзендеріне жалпы сипаттама
Пәндер