Көлік трансмиссиясының құрылысы мен атқаратын қызметі



Кіріспе
Көлік трансмиссиясының құрылысы мен атқаратын қызметі
1. Трансмиссияның сұлбасы мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Гидромеханикалық трансмиссия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Гидрокөлемді және электрлік трансмиссиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. Ілініс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3. Беріліс қораптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
4. Карданды беріліс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
5. Басты беріліс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
6. Дифференциал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
7. Жарты өстер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Автомобильдің жетекші доңғалақтарына қозғалтқыштың айналу моментін трансмиссия жеткізеді. Ол айналу моменті мен айналыс жылдамдығын өзгертіп, жетекші доңғалақтарға таратады. Трансмиссия беріліс санын өзгертеді. Ол қозғалтқыштың иінді білігі айналу жиілігінің жетекші доңғалақтар айналу жиілігіне қатынасына тең. Доңғалақтарға жеткізілген айналу моментін доңғалақтың радиусына бөлсек тарту күшін аламыз, яғни доңғалақтардың жолмен үйкеліс қатынастары қорытындысымен автомобильдің қозғалысын қамтамасыз ететін күш. Тарту күші қозғалысқа кедергі күштерді - жол бетінің кедергі күшін, ауаның кедергісі, биікке көтерілу кедергісі және екпін алу күшін өзгертіп отырады. Соған сәйкес жетекші доңғалақтарды тарту күш те өзгеріп отыруы тиіс. Тарту күші жетекші доңғалақтардың жолмен үйкелісімен шектеледі. Ең жоғарғы тарту күші автомобильдің барлық доңғалағына жетек барғанда жүзеге асуы мүмкін. Қатты төсеніш жолда жүру үшін автомобильге екі жетекші доңғалақ жеткілікті.
Трансмиссия түрлері:
1. Механикалық;
2. Гидравликалық;
3. Электрлі;
4. Құрамалы.
Автомобиль трансмиссиясына ілініс, беріліс қорабы, үлестіргіш қорап, карданды беріліс, басты беріліс, жетекші белдіктер кіреді.
Автомобильдің трансмиссиямы қозғалтқыштың айналдыру моментін жетекті дөңгелектерге беруге, сондай-ақ айналдыру моментінің көлемін және оның бағытын өзгертуге арналған. Механизмнің негізгі қызметі иінді біліктегі айналдырғыш моментті бірнеше есе көбейтіп, қозғағыш доңғалаққа жеткізу болып табылады. Себебі, көлікті жүргізу үшін оның доңғалағына үлкен күш түседі, ал сол күшті айналдырғыш момент тудырады. Трансмиссия үш түрлі тәсілдер: жетекті (класссикалық) (а); алдыңғы жетекті (б) және толық жетекті (в,г) болып пайдаланылады.
Гидротрансформатор қозғалтқыштың тегерішіне бекітілген, ол үш режимде жұмыс істейді: айналу моментін трансформациялау; гидрожалғастырғыш; бүлендеу. Трансформациялау режимі көлік құралы орнынан қозғалғанда, сондай-ақ, өрге қарай қозғалғанда қолданылады. Бұл жұмыс тәртібінде реактор қозғалмайды, сорғының дөңгелегі өзінің қалақшаларымен майды турбиналық дөңгелектің қалқаншасына бағыттайды да, оны айналдырады, бірақ оның жылдамдығы сорғы дөңгелегінің жылдамдығынан кем болады. Турбиналық дөңгелектің қалқаншасынан май қозғалыссыз турбиналық дөңгелектің қалқаншасына беріледі. Осы ағымның реактивтік күшінен турбиналық дөңгелектің айналдыру моменті артады.
1. П.Жүнісбеков, М. Жетпейісов - Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. Астана: Фолиант, 4. Жүнісбеков П. Ж – Автомобильдің құрлысы және пайдалануы – Астана: Фолиант, 2007
2. Б.Т.Тұрысбеков, Е.Е. Белгібеков, Р.Күнтуған, Н.А.Дүйсенбаев, Н.С.Сабралиев – Автомобильдер құрылысы – Алматы,2013

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: КТ және ЛЖ

Реферат
Пәні: Автокөлік техникасының жіктелуі және құрылысы
Тақырыбы: Көлік трансмиссиясының құрылысы мен атқаратын қызметі



_____________________ Қабылдаған:
(баға) (қолы) Орындаған:

Қарағанды 2016 ж
Мазмұны

Кіріспе
Көлік трансмиссиясының құрылысы мен атқаратын қызметі
1. Трансмиссияның сұлбасы мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Гидромеханикалық трансмиссия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Гидрокөлемді және электрлік трансмиссиялар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .8
2. Ілініс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3. Беріліс қораптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
4. Карданды беріліс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
5. Басты беріліс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
6. Дифференциал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
7. Жарты өстер ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Кіріспе

Автомобильдің жетекші доңғалақтарына қозғалтқыштың айналу моментін трансмиссия жеткізеді. Ол айналу моменті мен айналыс жылдамдығын өзгертіп, жетекші доңғалақтарға таратады. Трансмиссия беріліс санын өзгертеді. Ол қозғалтқыштың иінді білігі айналу жиілігінің жетекші доңғалақтар айналу жиілігіне қатынасына тең. Доңғалақтарға жеткізілген айналу моментін доңғалақтың радиусына бөлсек тарту күшін аламыз, яғни доңғалақтардың жолмен үйкеліс қатынастары қорытындысымен автомобильдің қозғалысын қамтамасыз ететін күш. Тарту күші қозғалысқа кедергі күштерді - жол бетінің кедергі күшін, ауаның кедергісі, биікке көтерілу кедергісі және екпін алу күшін өзгертіп отырады. Соған сәйкес жетекші доңғалақтарды тарту күш те өзгеріп отыруы тиіс. Тарту күші жетекші доңғалақтардың жолмен үйкелісімен шектеледі. Ең жоғарғы тарту күші автомобильдің барлық доңғалағына жетек барғанда жүзеге асуы мүмкін. Қатты төсеніш жолда жүру үшін автомобильге екі жетекші доңғалақ жеткілікті.
Трансмиссия түрлері:
1. Механикалық;
2. Гидравликалық;
3. Электрлі;
4. Құрамалы.
Автомобиль трансмиссиясына ілініс, беріліс қорабы, үлестіргіш қорап, карданды беріліс, басты беріліс, жетекші белдіктер кіреді.

Жетекші дөңгелектер
Басты беріліс және дифференциал
Беріліс қорабы
Қозғалтқыш

1. Трансмиссияның сұлбасы мен қызметі

Автомобильдің трансмиссиямы қозғалтқыштың айналдыру моментін жетекті дөңгелектерге беруге, сондай-ақ айналдыру моментінің көлемін және оның бағытын өзгертуге арналған. Механизмнің негізгі қызметі иінді біліктегі айналдырғыш моментті бірнеше есе көбейтіп, қозғағыш доңғалаққа жеткізу болып табылады. Себебі, көлікті жүргізу үшін оның доңғалағына үлкен күш түседі, ал сол күшті айналдырғыш момент тудырады. Трансмиссия үш түрлі тәсілдер: жетекті (класссикалық) (а); алдыңғы жетекті (б) және толық жетекті (в,г) болып пайдаланылады (1.1-сурет).

1.1-сурет. Трансмиссияның сұлбасы:
1- қозғалтқыш; 2- ілініс; 3- беріліс қорабы; 4- карданды беріліс; 5- басты беріліс;
6- карданды шарнир; 7- таратқыш қорап; 8- алдыңғы белдік; 9- аралық кардан

Одан да басқа түрлеріне қарай трансмиссия: механикалық; гидромеханикалық; гидрокөлемдік; электромеханикалық; сатылы; сатысыз; құрамдастырылған болып бөлінеді (1-сызба).
Тек қана механикалық құрылғылардан тұратын трансмиссияны механикалық деп атайды. Механикалық трансмиссия сатылы және сатысыз болады.
Артқы жетекті автомобильдердің трансмиссияға жататын агрегаттары автомобильдің бүкіл шанағын бойлай орналасып, қозғалтқыштың айналдыру моментін жетекті дөңгелектерге береді.
Артқы жетекті автомобильдердің трансмиссиясы: іліністен, беріліс қорабынан, карданды берілістен (үлестіргіш берілістен кейбір алды-арты жетекті автомобильдерде), басты берілістен, дифференциалдан, жарты өстен тұрады.
1-сызба
Трансмиссия

Айналдыру моменті бойынша
Құрылымы бойынша

Сатылы
Механикалық

Сатысыз
Гидрокөлемдік

Электрлік
Құрамдастырылған

Гидромеханикалық

Электромеханикалық

1.2-сурет. Артқы жетекті автомобильдің трансмиссиясының сұлбасы:
I-қозғалтқыг; II- ілініс; III- беріліс қорабы; IV- карданды беріліс. 1- жұмсақ жалғастырғыш; 2- қосқыш; 3- алдыңғы карданды білік; 4- мойынтірек; 5- карданның алдыңғы торсасы; 6- артқы карданды білік; 7- карданның артқы топсасы; V- артқы белдік басты беріліс және дифференциялымен: 8- жарты өстер; 9- жетекті дөңгелектер

Артқы жетекті автомобильдің трансмссиясы: қозғалтқыш, ілініс, беріліс қорабы, артқы беліктегі басты беріліс пен дифференциал және карданды берлістен тұрады. Артқы жетекті автомобильдердң алдыңғы жетектілерден басты айырмашылығы - карданды берілістің болуында. Алдыңғы жетекті автомобильдің трансмиссиясының орналасуы төменгі суретте көрсетілген.

1.3-сурет. Алдыңғы жетекті автомобиль транмиссиясының сұлбасы:
I-қозғалтқыш; II- ілініс; III- беріліс қорабы; IV- басты беріліс дифференциалымен; V- оң және сол жетекті біліктер; VI- алдыңғы жетекті дөңгелектер

Ілініс қозғалтқышты трансмиссиядан қысқа уақытқа ажыратуға, автомобиль орнынан қозғалған кезде және қозғалыс кезінде берілістерді ауыстырып қосқаннан кейін оларды бірқалыпты жалғастырып тұруға арналған.
Беріліс қорабықозғалтқыштан дөңгелектерге берілетін айналдыру моментін және бағытын өзгертуге арналған.
Карданды беріліс қозғалтқыштың айналу моментін жетекті белдіктерге беруге арналған.
Басты беріліс айналу моментін 90º-қа өзгертіп, жарты өстерге беруге және жетекті дөңгелектердің айналу жиілігін төмендетуге арналған.
Дифференциал оған берілетін айналу моментін шығатын біліктерге бөліп беріп, олардың әртүрлі айналысын қамтамасыз етуге арналған.


1.1. Гидромеханикалық трансмиссия

Көпсатылы цилиндрлік редуктор, мұнда берілістерді қолмен ауыстыру ескерілген.
Гидрожалғастырғыш қозғалтқыштың айналдыру моментін беріліс қорабына беруге арналған және ол сорғының дөңгелегінен, блоктау плитасынан, турбинадан, реактордан, жалғастырғыштан тұрады.
Сорғының дөңгелегі қозғалтқышпен, ал турбина беріліс қорабымен жалғасқан. Сорғы және турбиналық дөңгеліктерге арнаулы қалқаншалар орнатылған (1.4-сурет). Қоғзалтқыш жұмыс істеп тұрганда, сорғы дөңгелегі иінді білікпен жалғасатындықтан, үнемі айналыста болады.
Гидротрансформаторда айналдыру моментін өзгерту үшін, сорғы және турбиналық дөңгелектен басқа реактор қолданылады, ол майдың ағу бағытын өзгертеді.

1
2
3
1.4-сурет. Гидрожалғастырғыштың сұлбасы
1-сорғы дөңгелегі; 2- турбиналық дөңгелек; 3- редактор

Гидротрансформатор қозғалтқыштың тегерішіне бекітілген, ол үш режимде жұмыс істейді: айналу моментін трансформациялау; гидрожалғастырғыш; бүлендеу. Трансформациялау режимі көлік құралы орнынан қозғалғанда, сондай-ақ, өрге қарай қозғалғанда қолданылады. Бұл жұмыс тәртібінде реактор қозғалмайды, сорғының дөңгелегі өзінің қалақшаларымен майды турбиналық дөңгелектің қалқаншасына бағыттайды да, оны айналдырады, бірақ оның жылдамдығы сорғы дөңгелегінің жылдамдығынан кем болады. Турбиналық дөңгелектің қалқаншасынан май қозғалыссыз турбиналық дөңгелектің қалқаншасына беріледі. Осы ағымның реактивтік күшінен турбиналық дөңгелектің айналдыру моменті артады.
Гидромуфта (гидрожалғастырғыш) тәртібінде турбиналық және сорғы дөңгелектерінің айналу жиілігі теңеседі, өйткені турбиналық дөңгелектермен бірге айнала бастайды. Гидротрансформатор гидрожалғастырғыш тәртібінде көлік құралы тегіс жолмен қозғалғанда қолданылады. Жоғарыда келтірілген екі тәртіпте гидротарнсформатор автоматты түрде жұмыс істесе, блокировкалау тәртібі жүргізушінің қосуы арқылы орындалады. Берілісті қосқан жағдайда блокировка автоматты түрде ажыратылады. Гидротрансформаторды қосқанда блокировка жасайтын қуысқа май беріліп, поршеньді жылжытып, турбиналық дөңгелекпен сорғы дөңгелегін жылжымайтындай етіп жалғастырып, содан ол бірбүтін тетік ретінде айналады. Блокировкалау жолдың тегіс жерінде пайдаланылады, ол майдың қызуын болдырмау және жанармайды үнемдеу мақсатында қолданылады.

0.1. Гидрокөлемді және электрлік трансмиссиялар

Гидрокөлемдік өткізгішпен жабдықталған автомобильдің трасмиссиясы гидрокөлемді деп аталады. Гидрокөлемді трансмиссия сатысыз болады.
Гидрокөлемді беріліс сорғыдан және гидромоторлардан тұрады, олар бір-бірімен құбырлармен жалғасқан. Беріліс санының сатысыз өзгеруі сорғының жұмыс көлемінің жайлап өзгеруі арқылы қамтамасыз етіледі, кейде гидромотордың жұмыс көлемінің өзгеруі арқылы реттеледі. Реттелетін сорғының қозғалыссыз тұрқында цилиндрлер бірікпесі (2) айналады, ол білік (6) арқылы қозғалтқышпен жалғасқан. Поршеньдер (3) өзінің ұштарымен тығырыққа (4) тірелген, ол өз осінде (5) айнала алады. Біліктің (6) жарты айналымында поршень (3) толық жүретін жол мөлшеріне жылжмды. Жұмыс сұйығы соратын желіден (7) цилиндрге беріледі. Келесі жарты айналыста сұйық, айдайтын желіге (8) жетекті дөңгелекте орнатылған гидромоторға (11) жіберіледі (1.5-сурет).
Тығырықтың (4) бұрылу бұрышын өзгерту арқылы біліктің (6) айналу жиілігін өзгертпей-ақ сорғының өнімділігін өзгертуге болады. Егер тығырық тігінен орналасса, сорғы майды айдамайды (қозғалтқыш бос жүріс жасайды). Тығырық кері қарай бұрылатын болса, сұйық ағу бағытын өзгертіп, кері қозғалыс жасау мүмкіндігі туады. Оң және сол дөңгелектің гидромоторлардың сорғыға параллель жалғасуы трансмиссияға дифференциалдың атқаратын міндетін береді.

1.5-сурет. Гидрокөлемді беріліс:
1-сорғы; 2- цилиндр; 3- поршень; 4-бұралатын тығырық; 5- тығырықтың өсі; 6- білік; 7- соратын желі; 8- айдайтын желі; 9- сорғы; 10- бак; 11- гидромотор

Электрлік трасмиссияда автомобильдің жетекті дөңгелегі электр қозғалтқышымен қозғалады. Электр қозғалтқышы редуктормен бірге дөңгелектің ішінде орналасады. Мұндай құрылғыны мотор-дөңгелек деп атайды.

1.6-сурет. Мотор-дөңгелек:
1-электроқозғалтқыш; 2- редуктор

1. Ілініс

Ілініс қозғалтқыш трансмиссиядан қысқа уақытқа ажыратуға және автомобиль орнынан қозғалған кезде және қозғалыс кезінде берілістерлі ауыстырып қосқаннан кейін оларды бірқалыпты жалғастыруға арналған.
Энергия түріне қарай механикалық, гидравликалық және электромагнитті ілініс муфталары ажыратылады. Ең көп тараған механикалықілініс муфталары: үйкелу түріне қарай - құрғақ және майда жұмыс істейтін (дымқыл); іске қосылу тәртібіне қарай - тұрақты тұйықталған және тұрақсыз тұйықталған; қысушы серіппелердің типі және орналасуына байланысты - қысушы дискінің перифериясы бойынша орналасқан серіппелі және орталық диафрагмалы серіппемен.
Іліністерді жұмыс істеу принципі бойынша үйкелісті, гидравликалық және электромагниттік деп жіктейді. Үйкелістік іліністе айналдырушы сәтті жетекші бөліктен жүргізілетін бөлікке беру үйкеліс күштерінің есебінен жүргізіледі, гидравликалықта (гидромуфталар) - сұйықтың ағыны есебінен, электромагниттікте магнит өрісінің көмегімен жүргізіледі.
Іліністің басқышын (13) басқанда, жүргізушінің аяғының күші соташық арқылы басты цилиндрдегі (12) сұйықты жұмыс цилиндріне (10) жібереді, ол цилиндрдегі поршеньді жылжытып, күш мойынтірекке (10), мойынтірек иіндіріректер (7) арқылы қысатын дискіге (4) беріліп, оны жылжытады да, жетектегі дискіні (3) босатады (2.1-сурет). Иінді біліктен беріліс қорабы ажырайды, ал іліністің басқышын босатқанда, ілініс қайта қосылады. Оны төменгі сұлбадан көруге болады.

2.1-сурет. Гидромеханикалық жетекті ілініс механизмінің сұлбасы:
1- иінді білік; 2- тегеріш; 3- жетектегі диск; 4- қысатын диск; 5- іліністің қаптамасы; 6- қысқыш серіппе, 7- иінтірек; 8- қысқыш мойынтірек; 9- іліністі қосқыш аша; 10- жұмыс цилиндрі; 11- түтік; 12- басты цилиндр; 13- іліністің басқышы; 14- іліністің картері; 15- тістегеріш; 16- беріліс қорабының картері; 17- беріліс қорабының білігі

Үйкелістік іліністің жұмыс істеу тәртібі және механикалық сұлбасы көрсетілген.

2.2- сурет. Іліністің қосылуы және ажыратылуы
Автомобильдерде үйкелістік іліністер кеңінен таралған, олар ілеспелі дискілерден тұрады және санына байланысты бір немесе екі дискілі, ал басушы күштің жасалу әдісі бойынша - серіппелі, сыртқа тепкіш және т.б. жетектің түріне байланысты механикалық немесе гидравликалық болып бөлінеді.

2.3-сурет. Бір дискілі механикалық тұрақты тұйықтанған фрикционды ілініс:
а - қосулы; б - өшірулі; 1 - қаптама; 2 - қысушы диск; 3 - маховик; 4 - жүргізілетін диск; 5 - тілімше (пластина); 6 - серіппе; 7 - мойынтірек; 8 - педаль; 9 - білік; 10 - тартқыш; 11 - аша; 12 - иінтірек.

2.4-сурет. Екі дискілі ілініс:
1 - іліністің қаптамасы; 2 - иінтіректер; 3 - басушы диск; 4 - артқы жүргізілетін диск; 5 - ортаңғы жетекші диск; 6 - алдыңғы жүргізілетін диск

Іліністің гидравликалық жетегінде күшті басқыштан (13) іліністі өшіру ашасына беру сұйықтықтың көмегімен жүргізіледі. Басқыш (13) басты цилиндрдегі (12) поршеньді жылжытады және сұйықтықты жұмыс цилиндрінде (10) құбыр арқылы қысып шығаратын соташыққа әсер етеді (2.1-сурет). Жұмыс цилиндрінің поршені ашаның көмегімен өшіру жалғастырғышын жылжытады. Ілініс қоыслған кезде серіппе жүйені бастапқы жағдайға қайтарады.
Гидравликалық жетектің, механикалықпен салыстырғанда, пайдалы әсер коэффициенті көбірек.
Іліністі басқаруды жеңілдету үшін, жетекте механикалық, пневматикалық немесе вакуумдық күшейткіштер орнатылады. Гидравликалық ілініс (гидромуфта) жетекші (сорғылық) дөңгелектен (2), жүргізілетін (турбиналық) дөңгелектен (1), қозғалмайтын дөңгелектен (реактордан) (3) тұрады (2.5-сурет).
1
3
2

2.5-сурет.Гидраликалық іліністің сұлбасы:
1-турбина дөңгелег; 2-сорғы дөңгелегі; 3-жетектегі білік

2. Беріліс қораптары

Берілістер қорабы жетекті дөңгелектерге тарту күшін, автомобиль жылдамдығын өзгертуге және де қозғалтқыштың иінді білігін жетекші дөңгелектерден ұзақ уақыт ажыратуға арналған. Тарту күші мен жылдамдықты өзгерту берілістер қорабының берілуші санын көбейтуді немесе азайтуды қамтамасыз етеді.
Беріліс қорабының түрлері қазіргі уақытта кең дамыған. Оның: механмкалық, автоматтық, вариаторлық, және басқа да түрлері қолданылады.

I
III
II
а)
б)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автотрактордың трансмиссия агрегаттарын пайдалану және ағымды жөндеу
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Кардандық беріліс пен жүргізгіш белдеме
Автомобиль құрылысын оқытудың ғылыми теориялық негіздері
АВТОМОБИЛЬДІҢ ЖҮРІС БӨЛІГІ
Автокөлік трансмиссиясы. Ақаулары және оларды жөндеу
Трансмиссияның қызметі және негізгі түрлері
Автомобильдердің жалпы құрылысы. Автомобиль трансмиссиясы
Беріліс қорабына техникалық қызмет және ағымды жөндеу
Автомобильдердің жалпы құрылысы
Пәндер