Қазақстан Республикасында ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасу кезеңі, тарихы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

БОӨЖ

Тақырып: Қазақстан Республикасында ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасу кезеңі, тарихы.

Орындаған: Турарова Н. Қ

ВС - 403 тобы.

Тексерген: Қойгельдинова А.

Семей, 2016 жыл

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 ) Қазақстанда ветеринариялық санитария ғылымының дамуы .

2 ) Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде ветеринариялық санитария ғылымының дамуы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Қазақстанда ветеринариялық санитария ғылымының дамуы.

Қазақстанда ветеринариялық - санитариялық сараптау ілімі тарихының бастапқы кезеңі Ресей империясымен тығыз байланысты. Ветеринариялық - санитариялық тексеру жайлы алғашқы деректер 1649-1682 жылдары пайда болды. 1683 жылы ашық жерлерде ет, балық сатпау туралы бұйрық шықты. 1691 жылы сатудан қалған еттің қалдықтарын лақтырмай арнайы ыдыстарда тұздау жайлы бұйрық шығарылды. Малды сояр алдында тексеру және етті ветеринариялық - санитариялық сараптау Петр 1 патшалық ету кезеңінде басталды. 713 жылы ауру малдың етін, арық еттерді сатпау туралы, ал 1718 жылы жануарлар арнайы орында сойылып, ауруы жоқ жөнінде анықтама қағаз болуы керектігі жөнінде бұйрық шығарылды. 1722 жылы ет сапасын қадағалайтын инспекциялар ашуға, 1728 жылы мал сою орындарын қаланың сыртында орналастыруға шешім қабылданды. 1879 жылы бірінші Петербургте, соңынан Москвада, Минскіде, Киевте қалалық қоғамдық мал сою орындары ашылды. 1855 жылы алғашқы рет «Сойыс малдары мен ет өнімдерін ветеринариялық - санитариялық бақылау ережелері» бекітілді. 1921 жылы малды тек қана мемлекеттік қасапханада ғана мал союға рұқсат етілді. 1923 жылы алғашқы Ветеринариялық Жарғы қабылданды. 1928 жылы шартты түрдегі жарамды еттерді залалсыздандыру жайлы бұйрық шығарылды, бұндай еттер осыған дейін жойылып отырған. 1930 жылы ветеринариялық - санитариялық сараптау кафедрасы ашылды. 1931 жылы ет өнеркәсібін дамыту туралы шешім қабылданып, 1933 жылы Бакин, 1935-1940 жылдары Москва, Ленинград, Семей ет комбинаттары салынды. Ветеринариялық - санитариялық сараптау ғылымының алдына қойылған көптеген жауапты істерді шешуде ғылымының негізін салушылармен қатар, Х. С. Горегляд, И. В. Шур, Г. В. Колоболотский, Б. Н. Федотов, В. П. Коряжнов т. б болды. Қазақстанда ветеринариялық - санитариялық - бактериологиялық лабораторияларды ұйымдастыру мәселесін бірінші рет Орал облыстық ветеринария инспекторы А. П Петровскийдің ұсынысы бойынша Орал ветеринариялық қоғам көтерді. Оған негізгі себеп болған сол жылдарда Оралда төрт далалық бөлімшесі және бс сапарға дайын лабораториясы бар ветеринариялық - санитариялық - бактериологиялық лабораториялар құрылды. Бұл лабораторияларда індетті, тоғышарлар тудыратын және басқа да ауруларды анықтау; бактериялық улар мен вакциналарды дайындау, белгісіз түйе ауруларын зерттеу туралы қомақты жұмыстар жүргізілді. Лаборатория мамандары қазіргі Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғышлақ, Атырау облыстарына қызмет көрсетті.

Қазақстанда ветеринариялық ұжымдар Қазақ орталық атқару комитеті мен ҚР-ның советтік халық комиссариаты құрылғаннан бастап заңды ұжым ретінде жұмыс атқара бастады. 1920 жылы 18 қыркүйекте ҚР-ның халықтық жер комитетінде Орталық ветеринариялық бөлім ұйымдастырылды. Оның бірінші ұйымдастырушысы және бастығы болып 1904 жылы Қазанның малдәрігерлік институтын бітірген А. П Сейдалин тағайындалды.

1924 жылы ветеринариялық ұжымдар мен ветеринариялық мамандардың саны едәуір артты. Қазақстанда малдәрігерлік лабораториялардың қызметін ұйымдастыруда ғалымдар: У. Б Базанов, Т. И. Исенгулов, С. А. Аманжолов, А. Р. Абишев, Н. Ж. Жанузақов, академик З. К. Көжебеков.

Ветеринариялық - санитариялық сараптаудың лабораториялық зерттеу әдістемеліктерін шығаруда Н. Ф. Шуклин, Т. М. Тілеуғали, С. Қ. Қырықбаев, Ж. Б. Мырзабеков. Елімізде ет өнеркәсібінің дамып өсуіне байланысты, құрамында ветеринариялық - санитариялық зертханасы бар Бүкіл Одақтық Ет өнеркәсібі Ғылыми - зерттеу институты (БОЕӨҒЗИ) ұйымдастырылды.

Ветеринариялық санитария бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы 2007 жылы 15 мамырдағы ҚР Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылы қаражат бөліну және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы номер 406 қаулысына сәйкес: Ветеринариялық санитария бойынша қызметтегі кәсіби стандарт бекітілген.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде ветеринариялық санитария ғылымының дамуы.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Аграрлық факультетінде 1994 жылдың қыркүйек айынан бастап Ветеринариялық санитария мамандығы оқытыла бастады. Бұл мамандық патологиялық анатомиялық физиология, зоогигиена, микробиология вирусология пәндерінің негізінде қалыптасты. Кафедра меңгерушісі болып Дюсембаев Серғазы Тұрлыбекович тағайындалды. Ветеринариялық санитария кафедрасы ресертификациялау комиссиясының қорытындысы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бірінші проректоры А. А. Молдажанованың басшылығымен факультетті басқару тәсілі мен формасы халықаралық ISO 9001-2001 стандартына сәйкес деп танылып, факультет қызметі оң деп бағаланды, ал «Ветеринариялық санитария» кафедрасы үздік деп танылды. Ветеринариялық санитария кафедрасында еңбек еткен ғалымдар: С. М Сәдуақасов, С. Х. Жұмабеков, О. Е. Омарбеков.

Қорытынды

Қорытындылай келе, балық, құс, малдардың барлық түрлері, ауруды балау, емдеу және алдын алу құрал саймандары, медикаменттер, биопрепараттар, химиялық реактивтер, биоактивті заттар, диагностикумдар, макро - және микро препараттар, мал шаруашылық өнімдері, сабақ жүргізу үшін оқытудың техникалық заттары, ғылыми мақсатта маманның кәсіби қызмет пәні болып табылатнын көре аламыз. Жәнеде осы ветеринариялық санитария 1935-1940 жылдары Москва, Ленинград, Семей ет комбинаттары салынғанын айта кеткен жөн. Осы Ветеринариялық - санитариялық сараптау ғылымының алдына қойылған көптеген жауапты істерді шешуде ғылымының негізін салушылармен қатар, Х. С. Горегляд, И. В. Шур, Г. В. Колоболотский, Б. Н. Федотов, В. П. Коряжнов т. б . үлес қосқан ғалымдардың арқасында осындай нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Аграрлық факультетінің «Ветеринариялық санитария» кафедрасы үздік деп танылғанын ескерип кеткен жөн. Ветеринариялық санитария кафедрасында еңбек еткен ғалымдар: С. М Сәдуақасов, С. Х. Жұмабеков, О. Е. Омарбеков.

Пайдаланылған әдебиет:

  1. Дюсембаев С. Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013 жыл. 6, 6-9.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

БОӨЖ

Тақырып: Берілген тақырыптарға реферат жазу тәртібі.

Орындаған: Турарова Н. Қ

ВС - 403 тобы.

Тексерген: Қойгельдинова А.

Семей, 2016 жыл

Жоспары:

1 ) Ғылыми жобаны жазу стандарты.

2 ) Дипломдық жұмысты орындау тәртібі және қойылатын негізгі талаптар.

3 ) Курстық жұмыс пен эссе құрылымы және жазу реті мен курстық жұмысты бағалау.

1. Ғылыми жобаны жазу стандарты.

1. Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау. Тақырып - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада

2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.

3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.

Зерттеу жұмысының жоспарын құру. Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді.

Зерттеу жұмысын жүргізу кезеңдері: зерттеу күнделігін жүргізу. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.

Күнделіктің бет парағы толтырылады.

Ғылыми жобаны рәсімдеу:

Ғылыми жобада:

- бет парақ;

- мазмұны;

- кіріспе;

-теориялық бөлімі;

- зерттеу бөлімі;

- қорытынды;

-пайдаланған әдебиеттер тізімі;

-қосымша (егер қажет болса) болу керек.

Кез-келген дипломдық жұмыстар келесі алгоритм бойынша жазылады:

  • Жұмыстың тақырыбының таңдалуы және оның не үшін таңдалғанына түсініктеме;
  • Іздеу және әдебиетті оқу, сол тақырыпты ашу бойынша;
  • Алдын-ала жобаны дайындау және бекіту;
  • Жұмыстың негізгі бөлігін жазу;
  • Қорытындыны жазу, мазмұнды құру;
  • Қолданылған әдебиеттердің тізімін, қосымшаларды толтыру;
  • Әдістемелік нұсқау бойынша жұмысты даярлау;
  • Жұмыс жетекшісіне жұмыстық таза беттерін тексерту;
  • Қорғалатын дипломдық жұмыстың рецензиясын тапсыру.

Дипломдық жұмысты жазбастан бұрын оның алдымен жобасын құру керек. Көп жағдайда дипломдық жұмыс 3 тараудан тұрады. Жұмыстың құрылымы шамамен былай жазылады:

Мазмұны: Тарау 1. Дипломдық жұмыстың пәнің, жобасын, теориялық тақырыбын қарау

1. 1. Тақырып

1. 2. Жоба

1. 3. Пән

Тарау 2. Пәнді тәжірибелік зерттеу, теориялық көрсеткіштен ажырату (ереже бойынша, мекеме мысалында қарастырылады)

2. 1. Тәжірибелік бөлімнің жалпы сипаттамасы

2. 2. Зерттеу жобасының ерекшелігі, көрсеткіштің есептелуі

Тарау 3. Жетілдіру үрдісін және даму жобасын зерттеу

3. 1. Қателіктерді анықтау және олардың шешімін табу

3. 2. Даму жолдары және қаралып жатқан жобаның функционалын жетілдіру

Қорытынды

Дипломның беттері келесідей болып біріктіріледі:

  1. Титулдық парақ
  2. Ғылыми жетекшінің пікірі
  3. Рецензия
  4. Дипломның аннотациясы (реферат)
  5. Дипломның мазмұны.
  6. Қорытынды
  7. Қолданылған әдебиеттер
  8. Қосымшалар

Дипломдық жобаны дайындау әр ЖОО-ның өзіндік әдістемелік нұсқауы болады, сондықтанда жұмысты орындау барысында сол берген ЖОО-ның әдістемелік нұсқаулығымен жазған дұрыс. Дипломдық жұмысты жазу шамамен 60-100 бет аралығында болу керек.

3. Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат. т. exagium - құрау ) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты - авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты - белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану-жоспарлау -жазу-тексеру

Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар :
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер) ;
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пункт., орфогр. ) ;
• Юмор, сарказм;
• Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

Жиі кездесетін қателіктер :
1. Проблема ашылмайды;
2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;
7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. Логиканың болмауы.

Эссенің жазылу құрылымы :
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т. б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация) .
Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

2. Курстық жұмыстың құрылымы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасуы
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу
Жануарларды тасымалдау шарттары
Дәрістерді өткізу әдістемесі
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы жайлы мәлімет
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы туралы мәлімет
Мал қораларындағы ауа газдарының құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz