Экзистенциализм және өмір философиясы



1)Абай және адам мәселесі
2)Шәкәрім философиясында жан мәселесі 3)Шокан және географиялык детерминизм 4)Ыбырай және ағарту идеясы
5)Ницше және аса кушті адам 6)Экзистенциализм және өмір философиясы 7)Фейербах және антропологиялык материализм
Адам мәселесі – философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Филсофияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: “Барлық заттың өлшемі-адам” деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы : ”Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан“ депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай : “Атаңның баласы болма, адамның баласы бол” атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.
Абай философиясының бүгінгі күнгі өзектілігін Ел басы Н.Ә.Назарбаевта атап өтеді. Абайды оқи отырып, адам – таза, әділетті, қайырымды болып қалыптасады дейді. Олай болса, Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Әуезов Абайдың: “ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады”;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар – намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы : 1)Абай және адам мәселесі 2)Шәкәрім философиясында жан мәселесі 3)Шокан және географиялык детерминизм 4)Ыбрай және ағарту идеясы 5)Ницше және аса кушті адам 6)Экзистенциализм және өмір философиясы 7)Фейербах және антропологиялык материализм

Орындаған : Турарова Н.Қ
ВС - 403 топ
Тексерген: Кенжебулатова А.М.

Семей, 2016жыл
Абай және адам мәселесі.
Адам мәселесі - философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Филсофияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: "Барлық заттың өлшемі-адам" деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы : "Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам - данышпан" депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай : "Атаңның баласы болма, адамның баласы бол" атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.
Абай философиясының бүгінгі күнгі өзектілігін Ел басы Н.Ә.Назарбаевта атап өтеді. Абайды оқи отырып, адам - таза, әділетті, қайырымды болып қалыптасады дейді. Олай болса, Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Әуезов Абайдың: "ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады";- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар - намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, мені мен менікінің айрылғанын, өлді деп ат қойыпты өнкей білмес.Өйткені, қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің өзегі адам болмысы болып табылады. Бұл жерде "мен" деген не, "менікі" деген не, сауалдарға жауапты Абайдың өзінен табамыз. "Мен" дегеніміз ақыл мен жан. Екеуі де рухани түп негіз. "Менікі" деп сөзді тәнге қатысты айтып отыр. Абай адам баласының жаман-жақсы қасиеттеріне терең мән беріп, философиялық ой - толғауларында атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде Абай: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Адам болам десеңіз Бес нәрсеге асық бол Бес нәрседен қашық бол Талап Еңбек Терең ой Қанағат Рақым Өсек Өтірік Мақатаншақ Еріншек Бекер мал шашпақ Бұл өлеңде Абай адам болу қағидасын үсынады. Бекер даурығып, өтірік айтып, жалқау болудың орнына өнер - білімнің арқасында өзіңнің орныңды тап дейді. Адам өміріне мән беретін, негізгі нәрсе өзінің бойындағы адамшылдықты жоймау. Бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Бұл дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету керек. Қандай жағдай болмасын адамдық қасиетті жоғалтып алмау, адамның басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі. Ол адам тарапынан ерік-жігерді, қайратты қаже етеді. Отыз алтыншы қара сөзінде: Ұяты күшті адамдар ұйқыдан тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін - өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты,- дейді.

Шәкәрім философиясында жан мәселесі
Қазақтың рухани мәдениеті мен зор үлес қосқан ойшылдардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрімнің философиялық көзқарасы - ұлттық философияның қалыптасуына зор ықпалын тигізген құбылыс. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі, Мұсылмандық шарты, Үш анық аталатын еңбектерін, поэзиясын гуманистік және адамгершілік мұраттарды, демократиялық ағартушылық идеяларды уағыздаған мұра деп бағалау керек. Шәкәрімнің философиялық ойларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл - ой ізденістері, талғамды тұжырымдары із қалдырды. Ол қазақ қоғамының рухани өсуіне көмектесуді, жастарды ғылым - білім, өнерге баулуды мұрат тұтты.
Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан - сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар кездескенімен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, барлығын жоққа шығартып пессимист болған емес. Шәкәрім көбінесе рационализмге, деизмге бейім болды. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім - ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын түсінуге болды.
Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты бір ерекшелігі ойшыл, философ болуына байланысты. Оның лирикасында көңіл күйі, ішкі сезім әсерлері, махаббат тақырыбы да елеулі орын алған. Алайда, Шәкәрім лирикасында сыршылдықтан ойшылдық басым, философиялық сарын күшті. Шәкәрімнің ойшылдығының, ақындығына тән фәлсафашылдығының сыры не десек, бұл алдымен, әрине оның ойының керемет логикалық қуаттылығынан туған. Сонымен қатар ол көп ізденіп, өте көп оқыған. Қазақтың белгілі ақын, жыршы - жырауларымен қатар арғы - бергі түрік ақындарының, шайырларының, араб, парсы, орыс және Батыс ақындарының шығармаларын өте жақсы білген. Тарих, философия, дінтану, психология, шығыстану, түріктану, салаларындағы түрік тіліндегі, орыс тіліндегі, араб тіліндегі ғылыми еңбектерді ұзақ жылдар жалықпай оқып, қыруар мағлұмат жиған, жан - жақты энциклопедиялық білімі бар ғұлама оқымысты, дана адам болған.
Шәкәрім қазақ поэзиясында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты. Ойшыл ақын адамның ақыл парасатына айрықша зор мән береді. Ол адамның сезу, сезіну, дүние болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, әсерленгіштік қабілет пен не нәрсенің болсын ішкі сырын көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін нәрселердің қасиет - сипаттарын, оймен, ақылмен, логиканың күшімен танып - білу қабілетінің арасын ажыратып, болмыстың, дүниетану мен моральдың негізгі ақылы деп санайды. Ақыл, парасатты ақыл қандай да нәрсені, құбылысты дұрыс түсініп бағалауға, ақ - қараны айыра білуге мүмкіндік береді. Сондықтан, ақылмен сыналмаған іс болдырмау деп түйіндейді.

Шоқан және географиялық детерминизм
Географиялық детерминизм - халықтардың және қоғамдардың дамуы олардың географиялық орналасуы мен табиғи жағдайларымен түсіндіріледі деп пайымдайтын тарихтағы, әлеуметтанудағы, этнографиядағы және басқа қоғамдық ғылымдардағы бағыт болып саналады. Ал осы бағыт бойынша Шоқан Уалихановтың еңбектері қаншама. Өзінің қысқа өмірінің шеңберінде ол өте көп істер тындырып, тек қана қазақ халқының өткен тарихын, әдет-ғұрпын, жалпы руханиятын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар сол кездегі нақтылы өміршеңді мәселелерге атсалысып, қалың бұқараның мүдделерін аса батылдықпен қорғап, соның жолында аққан жұлдыздай, өкінішке қарай, ерте жанып кетті. Шоқан өз халқының мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге тырысты. Бұған негізгі құрал оның ағартушылық әрекеті болды. Ең бастысы - білім мен ғылымды адамдарды бақытқа жеткізетін күш деп ұғынды.
Енді ойшылдың әлеуметтік болмыс жөніндегі көзқарастарына келер болсақ, ол географиялық детерминизмбағытын ұстағанын байқаймыз. Қоғамның дамуына айнала қоршаған ортаның жазықтығы, я болмаса тау-тастығы ауа райы, жер құнарлығы т.с.с. факторлар жатады, Сондықтан шегі жоқ жазық дала мал баққан көшпендінің енжарлығын, еріншектігін т.с.с. қасиеттерін қалыптастырса, тау мен тасқа толы, сарқырап аққан қаһарлы өзен-сулары бар, неше түрлі қауіпке толы аймақтар, керісінше, адамның жинақтылығын талап етеді. Мұндай көзқарас Батыс Еуропадағы француз ағартушыларының ойларына сай келеді: мұның өзі ойшылдың тек Орыс ғалымдарымен ғана емес, сонымен қатар Батыс философиясымен де таныс болғанын дәлелдей келе, оның өз заманының ой-өрісінен қалмағанын көрсетеді.

Ыбырай және ағарту идеясы.
Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы - ұстаз.
Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырдыЫ.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экзистенциализм философиясы адамның мәні туралы
Адамның болмысын құрайтын оның экзистенциясы
Экзистенциализм
XХ ғ. батыс философиясы, экзистенциализм
Өмірдің мәні адам өмірінің барлық аспектілерін біріктіреді, материалдық жағынан рухани әлемге және адам рухының алып батылдығына дейін
Альбер Камю шығармасындағы өмірдің мәні
Марксизм философиясы. Өмір философиясы
Танымның сезімдік формасы
ХХ ғ Батыс философиясы
Ренессанс философиясының ерекшелігі
Пәндер