Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.Қан топтарының түрлері және сипатамасы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Орындаған :Турарова Н. К
Тобы:ВС-403
Тексерген: Зейнетдинова Д. Б
2015 жыл
Жоспар
1) Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары
2) Қан топтарының түрлері және сиппатамасы
1) Арнайы емес қорғаныш реакциялары
Бұл табиғи(туа болған, генетикалық) жануцарлардың белгілі бір түріне тән иммунитет. Ол эволюция процесінде қалыптасады және кез келген биологиялық белгі тәрізді келесі ұрпаққа беріледі. Бір түрге жататын жануарлардың басқа түрге жататын жануарлардың жұқпалы ауруларын қабылдамайды, ондай ауруға ұшырамайды. Мысалы, сиырдың оба ауруына, шошқаның тілме және басқа инфекциясына қарсы тұр және табиғи иммунитет бар. Сиыр шошқа тілмесі, сақау. Жылқының індеті, қан аздық аурулармен және т. б ауырмайды. Бұны жоғарыда аталған аурулар қоздырғыштары дамуына жағдай болмайтындығымен түсіндіреміз. Табиғи иммунитетті конституциональдық деп те атайды.
Түр иммунитеті абсолютті және салыстырмалы болады. Абсолютті иммунитетте жануарлардың жеке бір түрі қандай жағдайда да, ауру тудыратын материалдың қандай мөлшерін қолданғанда аруға шалдықпайды. Тері және кілегейлі қабықшаның механикалық тосқауыл функциясы, қанның әртүрлі бактерицидті заттары, қалыпты микрофлораның колонизациялық резистенттілігі, фагоциттер және комплемент жүйесі организмде қоздырғыштың болу болмауына тәуелсіз болады және өзара байланысып организмді инфекциядан сақтайтын спецификалық қорғаныс қызметін атқарады. Бұл қорғаныш күштер организмге әртүрлі жолдар арқылы енген заттарды және инфекция қоздырғыштарын генетикалық бөтендігі бар материал ретінде танымайды. Бірақ көп жағдайда жүре пайда болатын иммунитетпен салыстырғанда нәтижелі әсер етіп, элиминацияны қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, инфекционды процесс генезіндегі спецификалық резистенттілік факторлары және инфекцияға қарсы қорғаныстың иммунды механизмдері бір-бірімен тығыз байланысты.
Тері_жабыны - инфекцияның ену жолдарының сирек түрі болып саналады. Мүйізді қабатының айтарлықтай тығыздығы, эпидермальді қабаттың әркезде жиырылуы, рН мәнін төмендететін сүт, май қышқылдарын тері және май бездері көп болуы, терінің қалыпты мик-рофлорасы антогонистік қасиеті арқылы жұқпалы ауру қоздырғыштарының адгезиямен колонизациясына қолайсыз жағдай тудырады. Дегенмен оба таяқшасы, лептоспира, түйнеме бацилласы сияқты микроорганизмдер тері жабынына тез енеді. Қоздырғыштар организмнің бүтіндігі бүзылғанда, бактерицидті белсінділік төмендегенде организмге енеді. Инфекциялық бастаманың ену жолдарының негізгілеріне - асқазан-ішек жолдарының кілегейлі қабықшасы, жоғарғы тыныс aлy жолдарының және сыртқы несеп-жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықшасы жатады. Статистика барлық инфекциялық патологияның арасында ішек және респираторлы инфекцияның доминантты ролін анық көрсетеді.
Арнайы қорғаныш реакциялары
Ол табиғи түрде жүре пайда болған және жасанды түрде жүре пайда болған деп екіге ажыратылады. Жүре пайда болатын иммунитет организм ауырып сауыққанда қалыптасады. Табиғи түрде жүре пайда болған (инфекциядан кейінгі) иммунитет организм жұқпалыаурудан сауыққанда, ал жасанды түрде дүре пайда болған(вакцина егілгенен кейінгі) иммунитет. Арнайы қорғаныш реакциялары бағытталған организмнің нақты қорғайды. Ол иммундық жүйенің жауап арнайы нысандарын жиынтығын асырылады. Бұл нысандар жатады: antiteloobrazova-жиынтығын, иммундық фагоцитоза, өлтірген лимфоцит функцияны, дереу түрі сезімталдығы (GNT) түрінде және баяу типті сезімталдығы (DTH) иммундық жад және иммунологиялық төзімділік аллергиялық реакциялар.
2) Қан топтарының түрлері және сипаттамасы
Қан Топтары - бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» - сыйлаушы), қабылдайтын адамды - реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады . Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.
Қанды жеке топтарға бөлгенде эритроциттердің құрамындағы ерекше нәруызды антиденелердің мен плазмы құрамындағы ерекше нәруызды антиденелердің болуы қатаң ескеріледі. Егер "А" антингені мен "а" антиндесі мен "В" антингені мен "в" антинденесі кездесетін болса құйылған қандағы эритроцитердің желімденіп қан ұюы болады. қан тобы ешқашан өзгермейді және тұқым қуалайды.
Адамның немесе бір түр дарақтарының иммунологиялық белгілеріне - эритроциттер құрамында агглютиногендердің, плазмада -агглютининдердің болуы болмауына қарай, - ерекшеленетін қан белгілерінің бірлестігін қан топтары дейді. Австрия ғалымы Кландштейнер (1901) мен чех ғалымы Я. Янский (1907) зерттеулері нотижесінде эритроциттерде А және В деген екі түрлі агглютиноген-дер (антигендер), ал плазмада екі түрлі агглютининдер (антиденелер-жабыстырғыш заттар), - ά және β болатыны анықталған. Қан құрамында олар жеке-жеке, қос-қос немесе тіпті болмауы мүмкін. Агглютиноген А(В) мен агглютинин ά (β) аттастар деп аталады. ά агглютинин А агглютиногені бар эритроциттерді, ал β агглютинин - В агглютиногені бар эритроцитгерді жабыстырады. Сондықтан бір адамның қанында өр тектес агглютиноген мен агглютинин ғана болады. Адамда олар төрт түрлі бірлестікте немесе топта кездеседі: 1(0) топ қанының эритроциттерінде агглютиногендер болмайды, ал плазмасында а мен 3 агглютининдері болады. II (А) топта - агглютиноген А мен агглютинин β, /// (В) топта - агглютиноген В мен агглютинин ά болады. IV (АВ) тобында А және В агтлютиногендері болады да, агглютининдер болмайды. Егер қан құйғанда донор (қан беруші) қанының эритроциттері реципиенттің (қан қабылдаушы) аттас агглютининімен кездессе, эритроциттер агглютинациясы (жабысу) жүреді. Мұндай қандар сәйкес емес қандар деп аталады.
Қаны I топқа жататын адамға тек I топтың қанын құюға болады, ал IV топ қанын басқа топтардағы адамдардың барлығына құюға болады. Сондықтан қаны I топқа жататьш адамдарды өмбебап донор. Қаны IV топқа жататыңдарға барлық топ қанын құюға болады, оларды әмбебап реципиенттер дейді. Қазіргі кезде АВО жүйесінен басқа 200-ден астам әр түрлі агглютиногендердің болатыны анықталған. Бұл агглютиногендерге қарсы дайын агглютининдер болмайды және организмде түзілмейді, сондықтан оларды ескермейді. Олардың арасында тек бір агглютиноген - резус-факторға (Rh) ғана көңіл аударады. Дүние жүзіндегі адамдардың 85 пайызының қаныңда резус фактор болатын көрінеді (резус оң қан, Rh+), ал 15 пайызында бұл агглютиноген болмайды (резус теріс қан, Rһ-) . Теріс резус-факторлы адамға оң резус-факторлы қан қүйылса реципиент организмінде қорғағыш денелер - антирезус-фактор түзіледі. Осындай реципиентке екінші рет оң резус-факторлы қан құйылса, дайын антирезус-фактордың әсерімен эритроциттер жабысып, агглютинация процесі жүреді. Теріс резус-факторлы ана оң резус-факторлы бала көтерсе де осындай қүбылыс байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz