Қазақ тілінің семантикасы: лексикалық, грамматикалық мағыналар


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

“Қазақ тілінің семантикасы: лексикалық, грамматикалық мағыналар” - 64 бет

Кіріспе . . . 2

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ІІ. 1 Тіліміздегі лексикалық бірлік . . . 7

ІІ. 2 Лексикалық мағына және оның плеоназмы . . . 18

ІІ. 3 Грамматикалық мағына . . . 42

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 64

КІРІСПЕ

Дыбыстық тілдің қыр-сыры мол. Ол адамдардың қатынас құралы ретінде қолданылғанда сол қасиеттерінің кейбіреулерін ғана жарыққа шығаратыны, сөйлеуші не жазушы адамның мақсатына, сөз қолдану шеберлігіне байланысты олардың құбылып, түрленіп отыратыны мәлім. Тілдің бұл қасиетін ғалымдар ерте кезден-ақ біліп, тілдің осы тәрізді қолданылу жағын көбірек зерттеген. Де-генмен сонау көне үнді, грек тіл білімі өкілдерінен бастап, күні бүгінге дейін тілдің кеп мәселелері талданып, өз шешімдерін тапқандай болса да, тіл білімінде әлі де талдануы, анықталуы қажетті мәселелер толып жатыр. Заттарға, құбылыстарға ең қарапайым көрінетін ат берудің өзі тек кене грек тіл білімі өкілдері (аналогистер мен аномалистер) арасында ғана емес, қазіргі дәуір тілшілері арасындағы пікір алалығына да себепші болып жүргені анық. Басқа пәндер сияқты, тіл білімі де дамып жаңа сатыға көтерілген сайын оның алдына зерттелуі қажет болған жаңа мәселелер қойылуда.

XIX ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысында қазақ тіл білімі (жалпы түркологияда да) өкілдері, негізінен, грамматикалық категориялардың табиғатын анықтаумен ғана шектелді. Тілдің фонема, лексика салалары болса, оқулықтың талабынан әрі аспай, программа шеңберінен шыға алмады. Тек алпысыншы жылдардан кейін ғана тілдік элементтерді жан-жақты зерттеп, бірінің екіншісімен байланысын анықтау, басқа пәндермен байланыстырып, солардың жетістігін пайдалану сөз бола бастады. Осы бағыттағы жаңа саланың бірі - семантика.

Семантика гректің Semantikos (белгілеуші) деген сезінен алынған, қазір сөз мағынасы деген түсінікпен тең дәрежеде қолданылып жүр. Сондықтан да оқулықтарда семантикаға сөз мағынасын зерттейтін лексиканың бір саласы деген анықтама беріледі. Тіл білімінің басқа салаларына қарағанда семасиологияның пән ретінде зерттеле бастау тарихы онша ұзаққа бармайды, ал түркологияда ол өте кенже пән болып саналады. Сол үшін де семасиологияның негізгі мәселелерінің көпшілігі зерттелмеген. Зерттелгендерінің өздері де әрі қарай талдай түсуді қажет етеді. Семасиологиялық зерттеулердің қиындық туғызатын екінші бір жағы да бар. Ол - түркі тілдерінде семантика терминдерінің әлі де анықтала қоймағандығында. Мысалы, семасиология сөз мағынасын зерттейді дедік. Бірақ сөз мағынасының да күрделі түсінік беретіні, оньң лексикалық және грамматикалық мағыналарының бар екені анық. Шындығында да, лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның арақатынасын окулықтарда салыстырып, айырмашылықтарын санап көрсетумен ғана шектеліп жүрміз. Негізінде олардың айырмашылықтары болғанымен, бастарын біріктіріп, тілдік категория ретінде қолданылуына себепші болатын белгілері де аз емес. Ең басты ортақ белгісі - олардың екеуі де объектив дүниедегі заттар мен қүбылыстарға қатысты, оларды өздерінде белгілі дәрежеде сәулелендіріп, адам ойын абстракциялау қызметімен байланысты болады. Сонымен бірге олардың айырмашылықтары да бар. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның ең басты айырмашылығы - олардың абстракциялану дәрежесі мен берілу формаларында.

Сөз мағынасы объективті өмір сүреді деген пікір бар. Шындығында сөз мағынасының жеке адамға тәуелді болмайтыны анық. Бірақ бұл - сөз мағынасы адамзат қоғамына байланысы жоқ, айналамыздағы заттар (тау, тас, ағаш, өзен, т. б. ) сияқты адамдарға мүлде тәуелсіз болады деген сөз емес. Егер сөз мағынасы адамдарға мүлде тәуелсіз болады дейтін болсақ, онда оның адам ойымен (психологиялық қүбылыс ретінде), коллективтің әлеуметтік санасымен байланысын жоққа шығарған болар едік. Сондай-ақ, сөз мағынасы тек субъективтік, индивидуалдық сипатқа ие дейтін болсақ, онда сөз мағынасы жеке адамға тәуелді деген қағиданы қолданған боламыз. Шындығында сөз мағынасының құрамында әрі объективтік, әрі субъективтік сипатқа ие болатын мағыналық элементтер бар. Сондықтан да сөз мағынасын көп қатпарлы категория деп атаймыз. Сонымен бірге, сөз мағынасында әрі жалпы универсалдық қасиеттермен бірге жеке адамдарға, индивидке байланысты болған мағыналық элементтердің де бар екенін мойындаған жөн. Соңғы тезисті былай түсінуге болады. Сөз мағынасындағы жалпы универсалды қасиет олардың объективтік сипатынан туады да, жеке тілге, адамға тәуелді болмайды. Нәтижесінде ол мағыналы элемент дыбыстық қабыққа ие болғанда, сол тілде сөйлеуші адамдардың бәріне түсінікті болады; түрлі тілдерде сөйлеуші адамдардың өзара түсінісуі, бір мағьшаны аудару жолы арқылы екінші бір тілге жеткізу мүмкіндігі туады. Ал жеке-даралық қасиет белгілі бір тілде ғана бар мағынаның болуын, тіпті сол мағынаны қолданғанда сөйлеуші не жазушы адамға тән индивидуалдық сипаттың бар екенін мойындаудан туады. Демек сөз мағынасын 1) түрлі тілдерге тән универсалды, 2) жеке бір тілдің өкілдеріне (не туыстас тілдер екілдеріне) тән, 3) жеке адамдарға тән мағына деп бөлуге болады. Әрине жеке адамдарға тән болған мағына сөздерді қолдану кезінде ғана, белгілі бір контекстерде ғана байқалады.

Егер сөз мағынасын әлем тілдеріндегі мағыналармен байланыстыра қарайтын болсақ, онда мағынаның үш түрлі типі бар екеніне көз жеткізуге болады. Біріншісі - дүниедегі тілдердің бәріне де тән, ортақ болып келетін мағыналар. Мысалы, конкретті зат атаулары, кейбір сан есімдер, сын есімдер, т. б. Кей тілдерде бұл сөздердің де мағыналық шеңбері аз болуы, кең не тар мағынада болуы мүмкін, бірақ түрлі тілдерде сөйлеуші адамдардың өзара түсінісуіне осы мағына негіз болады да, бір тілден екінші тілге аударылатыны да осы мағына болады. Салыстырыңыз: қаз. адам, өзб. инсон, орыс. человек, нем. dеr Мапп,

т. б. Сөздердің барлығында да осы типтес мағына бола бермейді. Екінші бір топ сөздер сол тілде сөйлеуші халықтардың әлеуметтік жағдайы, ұлттық ерекшелігіне байланысты мағынаға ие болады. Бұл түрлі құрылымдағы тілдер арасында ғана емес, туыстас тілдер арасында да байқалатын, сол тілде сөйлеуші адамдар ғана түсіне алатын мағына болып саналады. Сол үшін де ондай сөздерді басқа тілге аударғанда сөзбе-сөз беру мүмкіндігі болмайды, тек түсіндіру, суреттеу жолы арқылы ғана беруге мүмкіндік туады. Салыстыры-ңыз: қазақ тілінде арқан сөзі қолданылады. Орыс тілінде осы с-зге мағынасы жақын веревка сөзі қолданылады, бірақ екі сөздің мағынасы тең болмағандықтан, арқан с-зінің мағынасын бере алмайды. Сондай-ақ, сыбаға, құда табақ, жая, қазы-қарта, құрт сияқты сөздер - тек түркі тілдерінде ғана сөйлейтін халықтарда қолданылатын тағам атаулары. Оны басқа тілге аударғанда түсіндіру жолымен ғана береміз. Домбыра музыкалық аспап ретінде қазақтарға тән болса, қомуз қырғыздарға тән, шертер өзбектерге тән музыкалық аспап. Бұл музыкалық аспаптың атаулары басқа түркі халықтарында да қолданылуы мүмкін, бірақ мағыналарында не қолданылуында ерекшелік бар. Тілдерде кездесетін үшінші бір мағына сөздерді қолдануға байланысты туады да, ол жеке ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың еңбектерінде, тілінде кездеседі. Үшінші мағынаны көпшілік ғалымдар жеке мағына ретінде санамайды.

Сөз мағынасының басқа бір қиын жағы да бар. Совет тіл білімінде сөз мағынасы туралы әңгіме болғанда оның объектив дүниедегі заттар мен құбылыстарға байланысы барлығы негіз етіп алынады. Егер сөз мағынасын құрылымдық элементтерімен байланыстыра сөз ететін болсақ, онда, ең алдымен, тілдік мағына мен экстролингвистикалық мағынаны ажырату қажет болады. Экстролингвистикалық мағына элементі ретінде денотаттық (ре-ференттік), сигнификаттық, эмоциялық-экспрессивтік мағыналар түсініледі. Бірақ экстролингвистикалық элементтерге тілдерде кездесетін халықтың әлеуметтік, мәдени даму дәрежесімен, ұлттық психологиясымен байланысты болған мағыналық элементтер енсе де, оларға арнайы талдау жасалынбады. Тілдік мағыналық элемент тілдің ішкі құрылымымен қатысты болады да, ол парадигмамен, синтагмамен байланысып жатады.

Жоғарыда санамаланған мәселелер ұсынылып отырылған кітапта қолымыздағы бар материалдардың негізінде сөз болады. Тіл біліміне тиісті еңбектерде бұл мәселелер бұрын да азын-аулақ сөз болғаны анық. Біз ол еңбектерге арнайы талдау жасауды жен көрмедік. Себебі, біріншіден, сөз және сөз мағынасы туралы жазылған еңбектер тізімінің өзі кішігірім кітаптың көлемін алған болар еді. Екіншіден, семасиология мәселелеріне байланысты жазылған еқбектер методологиялық жағынан да ала-құла, бір-біріне қарама-қарсы көзқарастарға негізделген қайшы пікірлерге толы. Сондықтан да оларға философиялық тұрғыдан қайта қарап, тиісті баға беру керек. Бірақ мұның өзі басқа жоспардағы күрделі зерттеуді талап етеді. Үшіншіден, түркологиялық зерттеулерде семасиология толық арнаулы зерттеу объектісі болған жоқ. Осы жағдайларды ескере отырып, қажетті деген жерлерде ғана ғалымдардың пікірлеріне өз көзқарасымызды білдіріп, тиісті жерлерде сынымызды да айттық. Оқулық соңында әдебиеттердің тізімін толық беруге тырыстық. Ондағы мақсатымыз, біріншіден, оқырман қауымның өз бетімен әрі қарай жұмыс істеуіне жағдай жасау болса, екіншіден, автордың пікірін басқалардың пікірлерімен салыстыруға мүмкіндік туғызу еді.

Тіл білімінің сөз мағыналарына байланысты болатын біраз мәселелерін сөз етпедік. Мысалы, сөз бен ойдың арақатынасы, тілдің таңбалық сипаты мен мағынасының арақатынасы, т. б. Бұған себеп болған жағдайлар бар. Біріншіден, сөздің оймен не ой әлементтерімен байланысы бар екенін тілші, философ ғалымдардың көпшілігі мойындағанымен, арасында айырмашылық бар деп ескерту жасайды. Дегенмен де бұл даусыз мәселе емес. Б. А. Серебренников сөзсіз ой, ойсыз сөз жоқ деген тезисті мойындамайды (Серебренников 83; Серебренников 88) *. Демек бұл екі көзқарастың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін, гнесиологиялық, психологиялық мәселелерді анықтау керек. Тілдің таңбалық сипаты да нақ осындай даулы. Оларды анықтау басқа жоспардағы зерттеу жұмысын талап етіп, бізді тақырыптан ауытқуға мәжбүр етеді. Екіншіден, тілдік ой, ой элементтеріне байланысты мәселелерді тіл материалы негізінде де, философиялық категория негізінде де зерттеуге болады. Мұндай жұмыстар істелініп те жүр. Бірақ оны методологиялық астар беріп зерттеу бар да, үстіртін сөз ету бар. Мұның алғашқысын жүзеге асыру үшін жұмыстың көлемін кеңейту керек те, жалпы тіл біліміне байланысты мәселелерді талқылау қажет. Екінші жолы да ғылымға пәлендей жаңалық әкелмейді. Сондай-ақ, лексико-семантикалық топ мүшелерінің арақатынасы, сөздердің жүйелілік байланыстары (парадигмалық, синтагмалық) автордың басқа еңбектерінде сөз болғандықтан, оған біз тек үлгі ретінде ғана талдау жасадық.

Еңбекті оқығанда ескеретін тағы бір жайт - мұнда талданған мысалдар, негізінен түсіндірме сездіктерден алынды. Автордың қолында қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, ноғай тілдерінен жиналған қыруар материалдар болса да, сөздіктермен шектелуді жөн кәрді, тек қажетті деп есептеген жағдайда ғана көркем әдебиеттерден мысалдар келтірді. Мұндай шешімге келуімізге себеп, біріншіден, сөз мағынасын талдаудағы мағыналық ауытқулардан, екіұштылықтан құтылу көзделді. Екіншіден, көркем әдебиеттерден жиналған мысалдар арқылы мағынаға талдау жасалса, мағыналық реңктердің саны көбейіп, жұмыстың көлемін ұлғайтып жіберетін болды. Үшіншіден, сөздіктерде берілген сөздердің мағынасы басқа бір лексикограф ғалымдардың (маман ретінде) ой елегінен өткендігін де ескердік.

Сөз мағынасы тіл білімінің барлық саласының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Қазіргі тіл білімінің қол жеткен табыстарына сүйене отырып, кітапта сөз мағынасын лексикалық, грамматикалық деп екіге белдік. Лексикалық мағына құрамындағы элементтер ретінде денотаттық, сигнификаттық, эмоциялық және тіл жүйесі негізінде пайда болатын парадигмалық, синтаг-малық мағына элементтеріне талдау жасадық.

Кітап институттар мен университеттердің филология, философия факультеттерінің студенттеріне, аспиранттар мен семантика, семиотика мәселелерімен шұғылданатын ғылыми қызметкерлерге, сөздік жасаушыларға (лексикограф) және тіл біліміне қызыққан көпшілік оқырман қауымға арналған.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ІІ. 1 Тіліміздегі лексикалық бірлік

Сөз - тіл білімінің барлық саласының негізгі зерттеу объектісінің бірі болып саналады. Бірақ тіл білімінің әр саласы сөздің бір қырын ғана өз объектісі етіп алады да, өз заңдылықтары негізінде сөз етеді. Бұл сөздің универсалды қасиетін емес, олардың күрделі құбылыс екендігін білдіретін бір белгісі ғана. Сон-дықтан да сөздерді фонетикалық жақтан ғана талдап, барлық қасиеттерін анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ сөздерге грамматикалық жақтан талдау жасау мүмкін, бірақ сөздердің барлық қасиеттерін грамматикалық белгілері арқылы ашу мүмкін еместігін жасыруға болмайды. Фонетиканың ең кіші элементі болып саналатын фонема болсын, грамматиканың ең кіші элементі болып саналатын морфема болсын - барлығы да сөз бойынан табылатын нәрселер. Сөз мағынасы, сөз мағынасының даму заңдылықтары, синоним, антоним сияқты құбылыстар да сөздерге тән заңдылықтар. Дегенмен осы аты аталынған қасиеттердің жеке-жеке өмір сүретіндігі анық, бірақ олар бірігіп қана сөз жасай алады. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыссыз сөз болмайтындығы сияқты, грамматикалық жақтан тұлғаланбаған сөз де болмайды. Сөз болу үшін дыбыстың, грамматикалық формалардың болуы жеткіліксіз. Жоғарыдағы аты аталынған белгілер сөз элементтері деп аталы-нуы ұшін, сол белгілермен бірге, лексикалық мағынаның да болуы шарт. Жалаң лексикалық мағынаның болмайтындығын, кез-келген лексикалық мағынаның грамматикалық мағынамен байланысып, астасып жататындығын, олардың өмір сүру формасы тек дыбыстық тіл болатындығын ескеріп талдау жасайтын болса онда сөз мәселесінің қаншалықты қиын, күрделі екендігін дәлел деп жатпай-ақ көз жеткізуге болады.

Сөздің күрделі екендігін кепшілік ғалымдар мойындаса да, оның қандай элементтерден құралатындығын анықтап, ол элементтерді белгілеп, жан-жақты сипаттап бере қоярлықтай пікір қазірше айтыла қойған жоқ. Тіпті сөздерге көпшілік ғалымдар мойындаған ғылыми анықтаманың да берілмегендігін айтудың өзі бұл мәселенің қаншалықты қиын екендігін көрсетеді. Бұдан, әрине, жалпы тіл білімінде сөз дербес зерттеу объектісі болмаған екен деген пікір тумауы керек. Керісінше, сөз - жүздеген ғалымдардың пікір айтуына, зерттеулеріне арқау болған категория. Сөз теориясына көз салған, оған үңіле қараған ғалымдардың көпшілігі не бірі екіншісін қайталайды, не өзінше азын-аулақ жаңалық қосуға әрекет етеді, тіпті, ең болмағанда, өзіне дейінгі айтылған пікірлерге шолу жасаумен қанағаттанады. Әр ғалымның өзіндік дәлелдері, өздеріне тән пікірлері де барлығын жасыруға болмайды. Өйткені әркім өз пікіріне, өз дәлеліне сүйене отырып пікір айтады, пікірін дәлелдеуге әрекет етеді, анықтама береді. Олар берген кей анықтама басқаларынан қарапайым болып келсе, екіншілері күрделілігімен ерекшеленеді. Бүгінгі күнге дейінгі сөздерге берілген анықтамаларға талдау жасау біздің міндетіміз емес. Оларды тек салыстырып, сұрыптап бірнеше топқа бөліп көрсетуге мүмкіндігіміз бар.

Сөз - мағына мен дыбыстардың бірлігі. Бұл анықтама оқулықтарда көп кездеседі. Байыптап қарайтын болсақ, шындығында сөздің құрамында мағына мен дыбыстың болатындығы анық. Дыбысталусыз сез болмайтыны сияқты, мағынасыз да сөз болмайды. Бірақ бұл анықтама сөздердің барлық қасиеттерін анықтап бере алмайды. Мысалы, бір сөздің мағынасы тіл-тілдерде әр түрлі сөз арқылы беріледі. Салыстырыңыз, қазақша нан, орысша хлеб, азербайжанша чөрек, немісше das Wrot. Тіпті мұндай бір мағынаны басқа-басқа сөздер арқылы беру туыстас тілдер арасында да байқалады. Мысалы, қазақша қара, әзірбайжанша бах; қазақша жалаңаш, әзірбайжанша лүт, чылпаг; қазақша аяныш, әзірбайжанша языг, ейф, құмықша язығ, ажиз, татар тілінде кызганыч, т. б. Сондай-ақ бұл анықтама сөздердің кеп мағыналық қасиеті мен синоним, антоним сияқты тілдік құбылыстардың басын ашып бере алмайды. Сол үшін де кей ғалымдар бұл анықтаманы сәл күрделендіріп: «Сөз - дыбыстар мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жиынтық бейнесі», -- деп жүр (Кеңесбаев 75, 10) *. Соңғы анықтамада сөздің мағынасын ғана сәл күр-делендірген. Жоғары оқу орындарына арналған осы оқулықта (лексика тарауын жазған Ғ. Мұсабаев) сөздің дыбысталу формасына да көңіл аударылады. Бірақ талдауға қиын соғатын, басқа тарауларда айтылған ойға қайшы келетін пікірлері де жоқ емес. Мысалы, үшін, сайын, гөрі сияқты шылаулар туралы айта отырып: «үшін, сайын, гөрі дегендер сөз емес, бірақ мұнда жүйелі дыбысталу бар», - деп қорытынды жасайды (Кеңесбаев 75, 14) . Ең алдымен айтарымыз - шылаулар да сөз болып саналады. Автордың қандай негізге сүйеніп оларды сөз болмайды дегенін түсіну қиын. Соңғы кездерде жарық көрген оқулықтарда да бұл сұрауға жауап жоқ. Мысалы, 1979 жылы жарық көрген Ә. Болғанбаевтың оқулығында: «Сөз дыбысталу мен мағына бірлігінен тұрады. Әрбір сөз - белгілі бір құбылыстың аты», - деп ашық. жазылған (Болғанбаев 79, 8) *.

Адамзаттың қатынас құралы болатын тілдің (Ленин В. И. ) дыбыстық тіл болатындығы даусыз. Ым тілі (мимика, түрлі дене мүшелерінің әрекеті), жазба тіл осы дыбыстық тілдің кемшілігін толықтырып тұратын қосымша тіл екендігі хақ. Сондықтан да тіл дегенде біз дыбыстық тілді түсінеміз. Бір айта кетерлік белгілі жағдай - дыбыс немесе сөздердің дыбысталынуы сөздердің материалдық жағы болып саналатындығы. Бұл қағида, әрине, тілдер тек дыбыстар тізбегінен ғана жасалынады деген пікірге алып келмеуі керек. Жас балаға тіл үйреткенде дайын сөздерді (мағына мен дыбыстар бірлігін) үйретеміз де, оған біртіндеп мағынаны ажыратуды көрсетеміз. Екінші сөзбен айтқанда, тіл үйренгенде әр адам жаңа тіл не жаңа сөз жасамайды, ертеден келе жатқан, ата-бабадан мұра болып берілетін даяр форманы қабылдайды, біртіндеп оны үйренеді. Тіл үйренгенде тіл үйренуші адам сөздің жеке фонемалық элементтеріне, сөздердің грамматикалық формаларына назар аудармайды. Сөйлем құрап, оның ең жоғарғы формасына көтерілгенде ғана сөздердің тұлғасына, байланысу тәсіліне, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне, т. б. көңіл аударады.

Сөз бір дыбыстан да, дыбыстар тіркесінен де жасалынады. Сөз құрамындағы дыбыстардың орналасуында да белгілі бір заңдылықтардың бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Сондай-ақ сөздердің түрленуінің де, тұлғаларының өзгеруінің де тілдік заңдылықтарға бағынатындығы анық. Салыстырыңыз: қазақ тілінің заңдылығы бойынша ң мен й дыбыстары сөз басында, б, ғ, г, д дыбыстары сөз соңында, ерін дауысты дыбыстары сөздің екінші буындарында кездеспейді. Ал а, е, ы, қ, т, м, ж, н, с сияқты дыбыстар буын талғамайды, сөздің барлық деңгейінде қолданыла береді. Демек еж не ақы сияқты дыбыстар тізбегінің қолданылуы қазақ тілінің дыбыс заңдылығынан тыс жатқан құбылыс емес, бірақ олар сөз емес. Ал же, іш, ақ, ат, ас, арық сияқты дыбыстардың тізбегінде де, жоғарыдағыдай, қазақ тілінің дыбыс заңдылығына сәйкес келушілік бар. Айырмашылығы сол - бірінші мысалымыздағы дыбыстар тізбегі сөз емес, екінші мысалымыздағылар болса сөз. Бірінші мысалымызда келтірілген дыбыстар тізбегі - жүйелі дыбысталу емес, тек дыбыстардың тіркесі. Екінші мысалымыздағы дыбыстар тізбегі мағынамен байланысып жатқандығы үшін жүйелі дыбысталу болып тұр. Тек соңғы жағдайда ғана жүйелі дыбысталу сөз бола алады. Осындай заңдылықтар басқа тілдерде де бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматикалық категория жүйесіндегі мазмұны жұп сыңардан тұратын грамматикалық мағыналар
Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық тұлғалар
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тұрмыстық етістіктердің лексика - семантикалық ерекшеліктерінің теориялық аспектісі
Етістік форманттарының қазақ тіліндегі құрылымдық жүйесі
Қазақ тілінің грамматикасы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
Тіл тағылымы
Сөз мағынасы
«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ»
Зат есімнің кейбір реңк мәнді жұрнақтарының функциясы жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz