Лексикалық мағынаның құрылымы


«Лексикалық мағынаның құрылымы» -62бет
І. КІРІСПЕ . . . 2
ІІ. НЕГЗГІ БӨЛІМ
ІІ. 1 Семантикалық үш бұрыш . . . 6
ІІ. 2 Денотаттық мағына . . . 9
ІІ. 3 Сигнификаттық мағына . . . 19
ІІ. 4 Эмоциялық мағына…… . . . 42
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 62
І. КІРІСПЕ
Сөздің мағына құрылымы семантикалық негізгі мәселесінің бірі болып табылса да әлі толық зерттелінбеген. Бұған оның өте күрделі құбылыс болуы себепші. Рас семасиология бойынша жазылған еңбектерде сөздің мағынасы күрделі екендігі, оның бірнеше кішкентай элементтерден кұралатындығы, сол элементтердің сөз мағынасының қалыптасуында үлкен ролі бар екендігі айтылса да, олар әлі бір шешімге келе алмаған (Новиков 82; Плотников 84; Уфимцева 86) *. Тіпті 1927 жылы С. К. Огден мен И. А. Ричардс ұсынған, кейінгі ғалымдардың көпшілігі қабылдаған семантикалық үш бұрыштың элементтерінің арақатынасын анықтауда да, түсіндіруде де күні бүгінге дейін бір ізділік жоқ. 1963 жылы МГУ-де болып еткен тілшілер мен философтардың сөз мағынасы туралы симпозиумінде В. М. Мальцев баяндама жасап, сөз мағынасына байланысты мына мәселелердің басын ашып алу керек деген болатын. «Тіл материялық құбылыс па, идеялық па? Жоқ әлде екеуінің қосындысы ма? Ұғым тілдің құрамына ене ме, жоқ әлде осымен байланысты, объектив дүниені бейнелейді ме? Сол заттармен тікелей байланысқа түседі ме?
Біздіңше, мәселені сөздің лексикалық мағынасын қалай түсінуге болады деген сұрауды талқылаудан бастаған жөн. Егер біз сөз дегенде мағына мен дыбысталудың бірлігін түсінетін болсақ, онда мағына сөздің ішінде, соның құранды бөлшегі ретінде өмір сүреді. Ал сөз, өз жолымен, адамзаттың қатынас кұралы болатын тілдің элементі ретінде бір информацияны екінші біреуге жеткізу үшін қолданылады. Сондықтан да кез келген сөйлемде абзацта айтылған ой сол сейлемнің, абзацтың құрамындағы жеке сөздердің мағынасынан мүлде алшақ жатпайды, ұзап кете алмайды. Сол үшін Г. В. Колшанский «Коммуникация өзара байланысқан пікір айту болғандықтан да сөздердің қатынасуын талап етеді және сөздерден сөйлем құрайды», - деген болатын (Колшанский 75, 87) *. Бірақ сөйлемнің мағынасын тек сөздердің мағынасының арифметикалық қосындысынан шығаруға да бола бермейтін сияқты. Пікір алысу кезінде адамдар арасында түрлі жағдайлар, психологиялық қалыптарға байланысты эмоциялық мән қосылса, сөздердің өзара байланысынан туатын мағыналық ауытқулар сөйлемде бой көрсететіні анық. Қоммуникация, негізінен, екі не бірнеше адамдар аралығында болатындықтан олар (бір-бірімен түсінісулері керек. Сондықтан да бірі екіншісіне айтып жатқан хабардың негізінде жеке адамдарға бағынбайтын, белгілі бірқоғам мүшелеріне, сол тілде сөйлейтін адамдарға түсінікті мағына болады. Ол мағына объектив дүниедегі заттарды, заттардың қарым-қатынасын, табиғат құбылыстарын т. б. бейнелейді де, белгілі бір дыбыс не дыбыстар комплексімен байланысады. Міне осы дыбысталумен байланысқа түскен, объектив дүниенің бір ұшпағы болып саналатын, қоғам мүшелері тән алған сәулелену лексикалық мағынаның негізін жасайды.
Сөздердің лексикалық мағынасы бір ғана объектив дүниенің. және ондағы заттардың қарым-қатынасынан, олардың белгілі дәрежедегі көшірмесінен ғана жасалынбайды. Сондықтан да «Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз заттың, түстің, қимылдың т. б. атауы» деген анықтаманы толық ғылыми анықтама деуден аулақпыз. Тілде заттардың не түрлі құбылыстардың атауы болмайтын, заттардың арасында түрлі қатынастарды білдірмейтін абстракты зат есімдердің бар екендігін де естен шығармау керек. Сондай-ақ сөздің лексикалық мағынасы біздің сезім мүшелеріміз арқылы кабылданған объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгісі мен қасиеттеріне де тең түсіп жатпайды; кейде асып, кейде кем түсіп жатады. Мысалы, химияны оқыған, оныншы класты бітірген кез келген совет адамы су дегенде оның мөлдір, сұйық зат екендігін көз алдына келтірумен бірге, судың Н 2 0 (оттегі мен сутегінің қосындысы) екендігін де ойына келтіреді. Бірақ оттегі мен сутегі суды көргенде біздің сезім мүшелерімізге түйсік туғызбайды. Өмір тәжірибесімен байланысқанда ғана түйсік элементтері сөз мағынасының құрамына енеді. Салыстырыңыз: жанып тұрған отқа су құйсақ сөнетіндігін су құймай-ақ білеміз. Себебі ондай тәжірибе өмірде бірнеше рет қайталанған, дәлелдеп жатуды қажет етпейді. Дегенмен су дегенде біз оның қайнайтындығын, . буға айналатындығын, шөлді қандыратындығын, жерге сіцетін сияқты толып жатқан қасиеттерін бірден көз алдымызға келтіре қоймаймыз, оларды сөйлем ішінде белгілі бір ситуациямен байланысты ғана көз алдымызға келтіре аламыз.
Сөз мағынасын, сонымен бірге, ұғыммен де теңестіруге болмайды, бірақ мағынаның құрамында ұғым элементтері болатындығы анық. Сондықтан да сөз мағынасын өте кең келемде түсіндіруге негіз бар. Бұндай пікірлермен барлық тілші келісе бермейді. Сөз мағынасын алыс, жақын мағына деп (Потебня) ; номинативті (негізгі), келтірінді, фразалық байлаулы мағына деп (Виноградов) түрліше бөледі. Мұндай пікірлер осы кең түсінікті шектеу, саралау ниетінде туған. Әрине А. А. Потебня мен В. В. Виноградов және оның жолын қуушылар сөздің лексикалық мағынасының ішкі құрылымдық элементтеріне талдауды мақсат етпеген, тек сөздің мағына түрлерін ажыратуды ғана мақсат еткен.
Сөздің лексикалық мағынасы ішкі құрылым жағынан да бір монолит, бөлінбейтін түсінік емес. Мағынаның бұл қасиетін, ең алдымен, қолданушы адам мен сол адам мүше болған әлеуметтік ортадан іздеу керек. Әрине кез келген сөйлеуші адам белгілі бір информацияны екінші біреуге жеткізгенде жалаң информацияны ғана хабарламастан оған өзінің жеке басының көзқарасын да жеткізеді. Сөйлемнің грамматикалық белгісінің бірі болып сана-латын модалділік осыған негізделінген. Айтушы өз көзқарасын тектен-тек білдіріп қана қоймастан оны беру жолын да, айлатәсілдерді де ойлайды. Соңғы мақсат айтушы не жазушының сөздің кеп мағыналық қасиетімен, антонимдік, синонимдік қатарларынан пайдалануына итермелейді. Мысалы, Мен көрдім ұзын қайың құлағанын, Бас ұрып қара жерге сұлағанын. Жапырағы сарғайып, өлімсіреп, Байғұстың кім тыңдайды жылағанын (Абай) . Ұлы Абай бұл өлеңінде қайыңға жан бітіріп, адамша жылатып тұр. Жылаудың адамзатқа тән екендігі, ішкі қайғы-ызаның шектен асып, көзден жас болып ағу екендігі анық. Бірақ қайың ағаштан ондай қайғызар сезіндіріп, адамша жылатып тұрған Абай, Абайдың ойы. Жайшылықта ағаш жылады, тау жылады десек қисынсыз болар еді, ал бұл тіркесте ондай жаттық жоқ. Сөз мағынасының құрылымдық элементтерін анықтауда мағынаның барлық қырын қамтуға әрекет ету керек.
Сөз мағынасының құрылымын анықтауда, оның элементтерін белгілеуде ғалымдар арасында бір ізділіктің болмауы, қазіргі күнде бірнеше көзқарастың қалыптасуына алып келген. Сайып келгенде сөздердің мағынасының құрылымдық элементтерін анықтау, көпшілік жағдайда, ғалымдардың сөз мағынасын қалай түсінуімен тікелей байланысты. Мысалы, бір топ ғалымдар сөздің мағынасы сөз бен объектив дүниенің адам санасындағы бейнесінің дыбысталумен қатынасы деп түсінеді (Мальцев 63, 5) *. Тіпті В. М. Мальцев сөз мағынасы оның құрамына енбейді, сөзден тыс жатады деп есептейді.
« . . . Мағына сөздің ішіне бір элемент ретінде енбейді, оның негізін жасамайды, бірақ онымен байланысты, онсыз мән болмайды», - деп жазады (Мальцев 63, 6) . Ал Э. Бенве-нист болса, «Тіл элементтерінің мағынасы тілдің жоғарғы саты-сының элементі болу мүмкіндігімен анықталады», - дейді (Бенвенист 74, 137) *. Басқа совет тілшілері арасында да бұл типтес пікірлердің барлығы алдыңғы тарауларда айтылған, пікірлеріне талдау жасалынған болатын. Егер мағына тілден тыс жататын болса, олар тіл элементтерінің қатынасы негізінде жасалынатын болса, онда сөз мағынасының құрылымы туралы сөз етудің өзі артық болған болар еді.
Екінші бір топ ғалымдар сөз мағынасын ұғыммен байланыстырып анықтауды ұсынады. Мысалы, Л. О. Резниқов «Біздің ойымызша, сөз шындығында ұғымды білдіреді, яғни объектив дүниенің бейнесін білдіреді» (Резников 58, 30) *. . Ал И. С. Топорцев болса, «Лексикалық бірліктің идеялық жағы сезіну, қабылдау, түсінік және ұғым сияқты психологиялық ұғымның біреуімен байланысты», - дейді (Топорцев 75, 17) *. Әрине сөз мағынасы мен ұғым арасында байланыс бар дегенде аз да болса шындық бар. Бірақ сөз мағынасы мен ұғымды тең деп, барабар қоюға болмайды. Тіл білімінде ол екі категорияны барабар санап, тең қоюшылар кездеседі. «Ешқашан да ұғымның көлемі мен мазмұны, бір жағынан, сөздің мағынасы мен көлемінің, екінші жағынан, арасында айырмашылық болмауы керек . . . Сөз мағынасы - ұғым», - деп көрсетеді П. С. Попов (Попов 56) *.
Сөз мағынасын талдауда оның компоненттерінің ішінде ең негізгісі, мағынаның ядросы болып саналатын объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардың адам санасындағы бейнесімен байланысып жататын белшегі. Бірақ бұл тіл элементтерінің өзара түрлі қатынастары арқылы анықталмайды, керісінше сөздің лексикалық мағынасының негізі болу керек. Совет тіл білімінде сөздің мағынасын осындай қатынастар арқылы яғни заттар мен объек-тив дүниенің адам санасындағы бейнесінің арасындағы байланыстан шығаруға әрекет етушілер болған. Алдыңғы тарауларда көрсетілгендей түрлі қатынас арқылы мағынаны анықтау нақтылы бір қорытындыға алып келе алмайды, сөз мағынасының құрылымы туралы пікірімізді тереңдете алмайды. Бұл мәселе туралы тіл философиясымен айналысқан ғалымдарымыз да өз пікірлерін білдірген.
ІІ. НЕГЗГІ БӨЛІМ
ІІ. 1 Семантикалық үш бұрыш
Сөз мағынасының құрылымдық элементтерін анықтауды К. Огден мен И. Ричардстың семантикалық үш бұрышының бұрыштарын түсіндіруден бастаған дұрыс. Бұл үш бұрышты ғылыми еңбектерде семантикалық үш бұрыш деп атау да бар. Үш бұрыштың А бұрышы сөздердің дыбысталуын керсетсе, В бұрышы ұғымды, мағынаны, ал Д бұрышы объектив дүниедегі затты, денотатты (референтті) керсетеді. АВ қабырғасы дыбысталу мен үғымды, мағынаны байланыстырса (таңбалық қасиетке негізделініп), ВД қабырғасы зат пен ой арасындағы (бейнелік таным процесімен байланысты) байланысты керсетеді. Бірақ қазіргі жарық көрген еңбектерде семантикалық үш бұрыштың бұрыштарының ара қатынасын анықтауда бір ізділік жоқ. Мысалы, швед ғалымы Г. Стерн А бұрышы сөз (Огден мен Ричардста символ) деп аталын- са, В бұрышы мағына (Огден мен Ричардста ой) деп, Д бұрышын референт (Огден мен Ричардста да референт) деп белгілеген. Бірақ АВ қабырғасы мағынаны білдіреді (Огден мен Ричардста символды білдіреді) десе, ВД қабырғасы референттің субъектив түсінігін білдіреді деген. Екі еңбекте де АД қабырғасы үзік сызықпен сызылған, себебі сөз бен референт арасында тікелей байланыс жоқ деп есептейді. Совет тілшілері арасында да бұл семантикалық үш бұрышқа байланысты айтылған пікірлер бар. Мысалы, К. А. Аллендорф семантикалық үш бұрыш туралы өзіне дейінгі айтылған пікірлерді салыстыра отырып, «Ұғымның үздіксіз дамуы объектив дүниенің күннен күнге толық танылуынан хабар береді. Семантикалық үш бұрыштың барлық бұрыштары өзара тығыз байланысты болады. Сондықтан да үш бұрыштың барлық жағы жабық», - деп семантикалық үш бұрыштың астыңғы қабырғасын да (АД қабырғасын) бітеу сызықпен сызады (Аллендорф 65, 44-45) *. Жалпы, автор, өз пікірін басқа авторлардың талқылауларымен салыстыра отырып айтқан. Бұл үш бұрышты талдап көрсету арқылы традициялық семантикалық талдаулар мен функционалды семантикалық талдаудың жалпы бағытын анықтауға болады. Салыстырыңыз:
1. Шет ел традициялық семантикалық үш бұрышы. 2. Шет ел функционалды семантикалық үш бұрышы. 3. К. А. Аллендорфтың сызған семантикалық үш бұрышы.
Бұл семантикалық үш бұрыштың А бұрыштары сөзге тең, бірақ әр ағымның өкілдері оны өздерінше ата. йды. Шет ел традициялық семантика өкілдері А бұрышын символ не сөздің дыбыстық жағы деп атаса, функционалды семантика өкілдері сөз (символ) деп атайды. Совет тіл білімінде ол бұрыш тек сөз деп аталынады. Бұлар арасындағы айырмашылық тек атауларында ғана емес, олардың ұғыммен (кейде мағынамен) байланысын анықтауда. Ұғым бұл үш бұрыштың В бұрышында орналасқан. Тек традициялық семантика өкілдері ғана бұны мағына деп атайды, ал басқалары семантиканы анықтағанда оны ұғым деп көрсетеді. Семантикалық үш бұрышты талдағанда традициялық семантика әкілдері де, шет ел функционал семантика екілдері де В бұрышынан бастайды да (яғни мағынадан), оны басқа бұрыштармен байланыстырады. Екінші сөзбен айтқанда, традициялық семантика өкілдері ұғым дыбыспен және денотатпен байланысады деп түсіндіреді, бірақ сөз бен зат (денотат) ешқандай байланысқа түспейді деген қағиданы қолдайды. АВ қабырғасында екі жақтан да стрелка қою да бар. Бұның мағынасы сол - мағына дыбысталумен байланысады, сөз де мағынамен байланысады. Ал зат (денотат) мағынамен байланыспайды, керісінше, мағына затпен байланысады. Демек олар заттан мағынаға өтетін байланыс жоқ, мағынадан затқа өтетін байланыс бар деп есептеген.
Функционалды семантика өкілдері де сөз мағынасындағы денотаттық мағына элементтерінің барлығын мойындамайды, сөздердің мағынасын сөйлем құрамындағы сөздердің ара қатынасынан не лексико-семантикалық топтағы сөздердің орнына қарай анықтауды ұсынады. Сондықтан да олар ұсынған семантикалық үш бұрышта (біздің схемамыздағы екінші үш бұрыш) стрелка мағынадан (В бұрышынан) басталып (олардың термині бойынша ұғым) сөзге, одан ұғымға қайта келеді. Сөз мағынасының құрамында тілдің ішкі заңдылығымен байланысты туатын мағыналык элементтердің барлығын мойындасақ (ол туралы кейінгі тарауларда сөз болады) та, сөз мағынасының денотатпен байланысы жоқ деген тезисті қабылдау мүмкін емес. К. А. Аллендорфтың ұсынған үш бұрышында стрелка Д бұрышынан (денотаттан) басталады да ол ұғымға, ұғымнан сөзге, сөз болса денотатпен байланысады (Аллендорф 65, 45-46) . К. А. Аллендорфтың семантикалық үш бұрышының басқа үш бұрыштардан айырмашылығы сол - соңғыда АД қабырғасы да бүтін сызықпен сызылған, демек сөз бен заттың (денотаттың) арасында тікелей байланыс бар делінген. Әрине таным теориясы бойынша дүниені танып-білу объектив дүниедегі заттар туғызған түйсіктерден басталады. Осы түйсік арқылы қабылданған сигналдар мидың қызметі арқылы анализ, синтез жасалып жалпыланады. Осы жалпыланған бейне сөздің мағынасы ретінде қабылданып, дыбыстық комплекспен байланысады, сөз деген түсінікке негіз жасайды. Сондай-ақ сөз объектив дүниедегі заттармен, болып жатқан құбылыстармен де байланысады, бірақ бұл байланыс А. К. Аллендорф көрсеткендей тікелей байланыс болып шықпайды. Сөз бен затты (денотатты) байланыстырып тұратын ұғым бар. Басқа сөзбен айтқанда, дыбыстық комплекс пен мағына ұғымда жалпыланған бейне арқылы объектив дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысьш жатады. Мәселенің екінші жағы да бар. Адамдар өзара қатынас жасағанда сөзсіз түйсік туғызатын затты алдарына алып келіп, соны көрсеткен соң пікір алыспайды. Екінші сигнал системасының көмегімен (оның құдіретінің өзі де осында) затты тікелей көрсетпей-ақ қатынас жасауға мүмкіндік болады. Дыбыс материалдық дүние болғандықтан да түйсік туғызып, миды әрекетке түсіреді, өзіне сай келетін бейнені қайта оятады. Сол үшін де қатынас ироцесінде атау кезінде сөз бен зат (денотат) байланысқа түседі. Сондықтан да семантикалық үш бұрыштың астыңғы қабырғасын үзік сызықпен сызып, табиғи байланысының жоқтығын, шартты байланысы барлығын көрсеткен дұрыс (5-схеманы қараңыз) . Әрине сөйлескен кезде адамдар затқа сүйенбей-ақ ұғымға, мағынаға сүйенбейді ме деген сұраудың туатындығы анық. Осыған байланысты совет тілшілерінің біразы сөз мағынасын семантикалық үш бұрыш арқылы түсіндіруге
қарсы шықса, ал кейбіреулері оларды басқа геометриялық фигуралар арқылы түсіндіруді ұсынады. В, А. Звегинцев сөз мағынасын объективтік дүниедегі заттар мен қүбылыстарға, тілдік система және ұғымға байланысты элементтерден тұрады дейді де семантикалық үш бұрышты басқаша құрастырады (Звегинцев 57, 146) *. Автордың пікірінше осы үш элемент сөз мағынасын жасайды. Тіл системасының мағынаны нақтылауда, қолданылу процестерінде тигізер пайдасы мол, бірақ ол өте аз зерттелінген. Ал ұғым мен объектив дүниедегі заттардың сөз мағынасын қалыптастыруда пайдасы барлығында дау жоқ. Бірақ автор кейінгі еңбектерінде, сол еңбегінің басқа беттерінде бүл пікіріне қарсы да шығады (6-схеманы қараңыз) .
Соңғы кездерде жарық көрген еңбектерде де сөз мағынасын басқаша геометриялық схемалар негізінде анықтауға әрекет ету бар. Мысалы, А. А. Новиков екі түрлі геометриялық фигураларды ұсынады. А. А. Новиков ұсынған 7-схемадағы қосымша бұрыш мағына деп көрсетілген, оған себеп мағына мен ұғымның тең түспейтіндігін көрсету. Ал 8-схема осы жетінші схема негізінде туған. Трапецияның әр бұрышы өз алдына дербес деп есептелінеді. Мағынаның ұғымнан басқаша қасиетке ие екендігін, екеуінің тең түспейтіндігін қазіргі кезде көпшілік ғалымдарымыз мойындап жүр. Бірақ сөз мағынасының негізінде ұғым жатады ма? Сондықтан мағынаны ұғымнан бөліп алу қаншалықты дұрыс болады деген сұрау да туады. Әрине, семантикалық үш бұрышты талдау жасаған көпшілік ғалымдар В бұрышына мағына мен ұғымды қатар сыйғызған. Демек, бір бұрышта орналасқан екі түсінікті ажыратып, жеке-жеке бөліп беру теориялық жаңсақтық та, қателік те емес. Сондықтан да Г. П. Мельников, Г. Фреге, К. Огден мен И. Ричардс, А. Черч, С. Ульман, В. А. Звегинцев, Ю. С. Степанова, т. б. қолданған традициялық «үш бұрыштың» орнына біз қарапайым таңбалық қасиеті бар сөзді сипаттауда төрт бұрышты: таңба, денотат, таңбалық бейне және онымен байланысты денотаттық бейнені ұсынамыз. Басқаша айтқанда, біздің схемамызда таңба да, денотат та сақталынады. Бірақ әр түрлі түсіндіріп бірінде мағына, бірінде мән (смысл), бірде ұғым делініп жүрген үшінші бұрыштың орнына бір-бірімен байланысты екі, бірақ конкретті объект пайда болды: таңбаның бейнесі мен денотаттың бейнесі, оларды ішкі таңба, ішкі денотат деп атауға да болады», - деген болатын (Мельников 78, 223) *.
ІІ. 1 Денотаттық мағына
Сөздің мағынасының қалыптасуында объектив дүниедегі заттар мен құбылыстармен байланысып жатқан мағыналық элементтің қызметі үлкен. Тіл білімінде бұл мағыналық элемент кейде денотат, кейде референт деп аталынып жүр. Жалпы бұл терминдердің екеуі де екі түрлі түсінікті білдіреді де, объектив дүниедегі заттарға екі түрлі категорияның негізінде барып байланысады. Д. Э. Розенталь мен М. А. Теленковалар бұл екі терминді былай түсіндіреді: «Денотат (латынның dеnоtаге белгілеу, білдіру сөзінен) . Белгілі бір сөз білдіретін объектив дүниедегі зат не құбылыстар» (Розенталь 85, 66) *. «Референт (латынның referens, referentis хабарлайтын деген сөзінен) . Белгілі бір тілдік элемент қатынаста болып, ойдың элементтерін де тән алатын, ойда бейнеленген объектив дүниедегі заттар мен құбылыстар» (Розенталь 85, 266) . Демек денотат сөздің мағынасы арқылы білдірілетін объектив дүниедегі заттар мен құбылыстар болса, референт ұғымның негізінде жататын объектив дүниедегі заттар мен құбылыстар. Бірақ бұл жерде басын ашып алуды қажет ететін бір жағдай бар. Сөз мағынасы ұғымға (ой элементі ретінде) байланыспай-ақ объектив дүниедегі заттар, құбылыстармен тікелей байланыса алады ма? Егер байланыспаса (біз солай ойлаймыз) онда ой негізіндегі объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардан (референттерден) денотаттың қандай айырмашылығы бар?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz