Парадигмалық және синтагмалық мағына


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

«Парадигмалық және синтагмалық мағына»-42 бет

КІРІСПЕ . . . 2

ІІ. НЕГЗГІ БӨЛІМ

ІІ. 1Парадигмалық мағына . . . 6

ІІ. 2 Синтагмалық мағына . . . 25

ІІ. 3 Лексика элементтері арасындағы парадигмалық және синтагмалық қатынастар . . . 28

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 42

КІРІСПЕ

Тілдің системалы құбылыс екендігіне ешкім де дау айтпайды, бірақ система өзінен-өзі мағына жасайды деу де дұрыс емес. Тіл - адамдардың аса маңызды қатынас құралы болғандықтан да (В. И. Ленин) белгілі бір информацияны екінші біреуге жеткізуі керек. Ол үшін айтылған информацияның объектив сипатқа ие болатындығын, сыртқы дүниедегі заттармен сәйкес келетін элементтерінің барлығын мойындау керек. Демек сөз мағынасының құрамындағы экстролингвистикалық және интерлингвистнкалық элементтердің барлығын мойындау шарт. Сөз мағынасының күрделі екендігін, олардың бірнеше элементтерден кұралатындығын, мағына кұрамында грамматикалық мағынамеи бірге сыртқы дүниемен байланысып жататын мағыналық элементтердің барлығы туралы ерте кезден бері айтылып келе жатса да, олардың элементтері саналып көрсетілген емес. Бұл типтегі жұмыстар соңғы кездерде ғана жасалып жатыр. Мысалы, Н. А. Слюсарева сөз мағынасының екі элементтен, лингвистикалық мағына мен бейнелік мағынадан құралатындығын ашып айтып, мақала жариялайды (Слюсарева 73, 15) *. Бұдан сәл бұрын Л. М. Васильев сөз мағынасындағы реляцион (структуралық) мағынаның барлығын көрсеткен болатын. Сондықтан да ол сөз мағынасын: 1) құрылымдық, 2) сигнификаттық, 3) денотаттық үш элементтен құралады деп есептейді (Васильев 66, 20) *. Слюсарева мақаласында Францияда жарық көрген Ж. Мунэн мен Италияда жарық көрген Т. де Маураның еңбектеріне талдау жасай отырып, «Сөзсіз (бұны екі кітап та, соңғы кездерде жарық көрген басқа еңбектер де) лингвистикалық семантика мен философияның, логика мен психологияның, т. б. пәндердің объектісі болатын бейнелік (отражательное) семантиканы ажырататын күн келді», - деп жазады (Слюсарева 66, 20) . Автордың мұндай қорытындыға келуіне бірнеше себептер де бар. Біріншіден, белгілі бір зат туралы адам санасында жиналған түсініктің барлығы бірдей сөз арқылы беріле де бермейді. Сондықтан да сөз мағынасы сол зат не құбылыс туралы бар түсінігіміздің белгілі бір бөлшегі ғана болып есептелінеді. Бұны өз кезінде А. А. Потебня байқап, сөз мағынасын алыс және жанын мағына деп екіге бөлген болатын. А. А. Потебня көрсеткен адамдардың өзара түсінісулері үшін қажетті болған мағына сөздің семантикасына сәйкес келеді. Екіншіден, адамдардың объектив дүниені үздіксіз танып-білуі арқылы оның белгілі бір зат не құбылыс туралы түсінігінің өзгеріп отыратындығы анык, сондай-ақ сөз мағынасы да өзгеріп отыратындығы да шындық. Бірақ сөз мағынасының өзгеруі ұғымға қарағанда баяу, шабан болады. Мысалы, Абай дәуірінде (М. Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша) отырықшылықты (жатақтарды), егін салуды ар көрген болсақ, қазір көшпенділікті баскаша бағалаймыз. Бірақ бұл дәуірдің ішінде (бір ғасыр ішінде) отырықшылық, көшу, егін салу сөздерінің мағынасы өзгерген жоқ, тек номинативтік мағынаға қосалқы мағына ретінде (коннотативтік) өмір сүретін эмоциялық-экспрессивтік мағыналық реңк қана өзгерді. Сондықтан да сөз мағынасы мен адамдардың түсінігі, ұғымы арасындағы теңдіктің жоқ екендігі анықталып, екі категорияның арасы ашыла бастады. Соңғы жағдайды негіздей отырып Н. А. Слюсарева: « . . . біздің пікірімізше, мағына қай дәрежеде мазмұнның (содержание) құрамына енеді деген мәселе тек жарым-жартылай ғана лингвистикалық мәселе болады, тіл қалай адамзаттың білімін жинақтап, сақтап, басқа біреулерге жеткізеді деген мәселе толығымен бейнелік семантиканың мәселесі болады да, лингвистиканың аясына енбейді», - деген қорытынды шығарған (Слюсарева 73, 15) *.

Н. А. Слюсареваның сөз мағынасын бұлай екіге бөлу практикасын барлық тілшілер бірдей қабылдай қойған жоқ. Мысалы, . Р. А. Будагов сөз мағыналарын арнайы талдауға арналған мақаласында Н. А. Слюсареваның пікіріне тоқталады. Бірінші ескертетін нәрсе сол - Р. А. Будагов сөз мағынасын түсінікпен тең деп есептейді. Оның ойынша ұғым - тіл категориясы ретінде танылғанда тілдік мақсатта ғана бағаланады. «Ең алдымен ескертерім, бұдан кейін сөз мағынасын түсіндіргенде мен оны белгілі тілдік система арқылы, оның призмасы арқылы өзгертілген ұғым деп түсіндіремін . . . Ұғым әр халықтың ойлау дәрежесіне байланысты болса да жалпы адамдарға бірдей категория. Сөз мағынасы болса, керісінше, белгілі бір тілге ғана тән категория, бәрінен бұрын сол тілдік система шеңберінде ғана өмір сүреді», - деп ескерту жасайды (Будагов 76, 95) *. Осы позицияда тұрып ол басқа көзқарастарға талдау жасайды. Н. А. Слюсареваның мақаласына келгенде, тілдік семантика мен бейнелік семантиканың жеке-жеке категория ретінде танылуына қарсы шығады. «Тілдік семантика бейнелік семантикаға сүйенбесе, өлі болады», - деп қорытынды жасайды (Будагов 76, 107) .

Р. А. Будагов тілдік семантика мен бейнелік семантиканы бөліп алушыларға үш пункттен тұратын дау айтады. Біріншіден, неліктен тілдік семантика тек сөздерде ғана болу керек. Мағына категориясы тек сөздерде ғана болмастан, ол синтаксисте де, морфологияда да, фразеология мен стилистикада да бар. Екіншіден, тілдік семантика мен бейнелік семантиканы ажырату дұрыс-ақ, егер осы екі мағынаның өзара байланысын, айырмашылығын, байланысу жолдарын тапса ғана. Егер олар табылмаса, онда тілдік семантика тұйықталған, өз ішінде ғана қалатын нәрсе болады. Тілдік семантика қалайша, ненің көмегімен адамның ойын, сезімін басқа біреуге жеткізе алады, объектив дүниемен қалай байланысады? Үшіншіден, ұғым қаншалықты жалпы, дерексізденген болса, онымен байланысты болған нақтылы заттардың сезімдік бейнесі соншалықты аз болады. Ұғымның жалпылаушы қасиеті өскен сайын ұғым мен сөз мағынасының арасындағы байланыс өте тығыз, жақын бола бастайды. Үшінші пункттен автор сөз мағынасы дерексізденген, жалпыланған, сондықтан ол ұғыммен тең түседі дейді. Әрине,, Р. А. Будаговтың көрсеткен үш пунктінің үшеуі де тіл білімінде ертеден сөз болып келе жатқан мәселелер.

Н. А. Слюсареваның пікірін қолдап, лингвистикалық семантика мен бейнелік семантиканы бөлу қажеттігін көрсеткен ғалымның бірі - С. Г. Бережан. Бірақ ол лингвистикалық семантика мен бейнелік семантиканың зерттеу объектісін сәл басқашалау түсінеді. «Лингвистикалық семантика, бейнелік семантика дегенде біз психологиялық категорияны түсінеміз. Яғни тіл білімін және басқа пәндердің (философия, логика сияқты) салаларын түсінеміз. Көрсетілген пәндердің тараулары, сөзсіз, өздерінің зерттеу объектісіне ие: біріншісі (лингвистикалық семантика) тілдік семантикамен (басқаша айтқанда тілдік мағынамен) яғни тіл элементтерінің мағынасын ерекше назарға алса, екіншісі (бейнелік семантика) тілдік элементтерден тыс жатқан семантикамен (яғни тілдік болмаған мағыналармен) немесе айналадағы объектив дүниедегі заттардың адам ойында бейнеленген жалпы мазмұнымен байланысты болады» (Бережан 79, 5) *. Берілген үзіндінің көрсетуінше, С. Г. Бережан тіл элементтері (сөз, морфема, синтагма т. б. ) берілген мағынаның барлығы лингвистикалык семантика, адам ойындағы заттардың, табиғаттағы кұбылыстардың бейнесі (біздің терминіміз бойынша гнесиологиялық бейне) бейнелік семантика деп түсіндіріледі. Н. А. Слюсаревада болса бұл терминдер басқаша түсіндірілген. Біздіңше, лингвистикалық семантика да бейнелік семантика да тіл элементтершнің мағына құрамына енеді.

Тіл элементтерінен тыс жатқан мағына туралы сөз болудың өзі артық. Бірақ тіл ойдың тек жарыққа шығу формасы ғана болып саналмастан, ойдың өмір сүру формасы да екендігін ойдан шығармау керек. Сондықтан да Н. А. Слюсарева бейнелік мағына адамдардың білімі, емір тәжірибесі негізінде жинағаңдарын ойда сақтау, жинақтау деп түсіндіргенде осы тілдің екінші функциясын ойға алған. Ой элементтері бейнелік мағына болып саналмайды. Тілдің коммуникативтік, когнитативтік, эмоционалдық-экспрессивтік қызметі де осы мағыналар негізінде іске асады (Слюсарева 81, 16-17) *.

Лингвистикалық және бейнелік мағыналардың бар екендігін ашып көрсетпесе де, сөз мағынасының құрамында таза объектив дүниемен байланысып жататын элементтердің және тілдік системалардың негізінде туатын мағыналық элементтердің барлығын көрсеткен пікірлер Ю. Д. Апресян, О. Н. Турбачев пен 0. Н. Селиверстовалардың еңбектерінде де бар. Мысалы, Ю. Д. Апресян сөз мағынасына: «Тілдік таңбаның семантикасында заттар, құбылыстар және оның қасиеті мен амал-әрекеті туралы әлсіз, қарапайым (наивный) ұғымын ғана бейнеледі», - деп анықтама бере отырып (Апресян 74, 56) *, сөз мағынасын анықтауда тіркестің (сочетаемость) де қызметі мол екендігін ескертеді. «Сөздердің семантикалық ерекшелігі не сөздердің мағыналық ерекшелігі ретінде, не тіркесу ерекшелігі ретінде талданылады», - деп жазғанда және орыс тіліндегі воля, качество, темперамент сөздерін талдағанда осы тіркес негізінде анықталатын (автор оны пайда болған деген) мағынаның берілу заңдылығын көрсету, қолданылу ерекшелігін көрсетуге әрекет еткен (Апресян 74, 56-65) . Ю. Д. Апресян Ф. де Соссюр мен Ч. Морристердің теорияларын салыстыра отырып, сөздер таңбаланушы мен таңбаланушыдан басқа синтактика мен прогматикалық қасиеттердің де ықпалы болатындығын көрсетеді. Синтагматика деп сөздің (автордың терминінше таңбаның) басқа сөздермен байланысу қағидасы, нормалары туралы ннформация түсінілсе, прогматика деп айтушының не информация Сағытталған адамның айтылған информацияға көзқарасын түсінеді (Апресян 74, 56) . Демек Ю. Д. Апресян тіл элементтерінің мағынасында минимум заттық бейне, синтагматикалық және парадигматикалық элементтер болады деп есептейді.

Парадигмалық мағына

Лингвистикалық еңбектерде парадигма, синтагма терминдері бұрыннан қолданылып келе жатқандығы, оның лексиканы системалы құбылыс деп түсінумен байланысты қолданылатындығы анық. Сондықтан да тіл білімінде парадигма, синтагмалық мағына терминдерімен бірге парадигмалық байланыс, синтагмалық байланыс терминдері де қолданылады. Бұлардың арасында бай-ланыс болса да, екі түрлі түсінікпен байланысты ғылыми термин екендігін естен шығаруға болмайды. Сол үшін де парадигмалық, синтагмалық және иерархиялық байланыс тілдік системаға байланысты сөз болады да (Солнцев 77; Оразов 83) *, бұл тарауда біз парадигмалық, синтагмалық мағыналық элементтер туралы өз пікірімізді білдіреміз.

Сөздік құрамдағы сөздер сөздердің қалай болса солай жинақталына салынған жиынтығы емес. Объектив дүниедегі заттар өзара байланысып, сұрыпталынса, сөздік құрамдары сөздер де солай сараланып жатады. Әрине заттар арасындағы байланыс пен сөздер арасындағы байланыс тең түсетін байланыс деуге негіз жоқ. Мысалы, су ағып жататын жерде көп шеп есетіндігі, салқын болатындығы күнделікті өмірден анықталынған нәрсе. Бұлардың арасында табиғи байланыс бар, ал су сезінің мағынасы мен көк, шөп, салқын сөздерінің мағынасының арасында ондай байланыс жоқ. Қерісінше су сөзі лимонад, квас, сыра сияқты сөздермен мағына жағынан байланысты. Олардың басын біріктіріп, өзара байланыстырып тұратын мағыналық элемент - сұйықтық. Сұйықтық семасы тек су, квас, лимонад сөздерінде ғана емес басқа сөздерде де кездеседі. Мысалы, айран, сорпа, шай, сүт, қымыз, шалап, қымыран, көже, сок т. б. Бұлардың бәрін тіл білімінде бір тематикалық топқа біріктіріп, мағыналық байланысы бар сөздер деп көрсету бар. Сөздерді ортақ мағыналық элементтер (бұдан кейін семалар) арқылы өзара байланыстырып, белгілі бір топ ету тек зат есімдерде ғана емес, басқа сөз таптарынан да байқауға болады. Мысалы, кел, кет, жүр, жүгір, шап, зыт, жорғала, еңбекте, сырғы, зымыра т. б. етістіктерді қозғалу етістіктері; отыр, түр, жатыр, жүр, жанбаста, қисай, жүреле, етпетте, шынтақта, шалқала, тізеле, шөкеле сияқты етістіктерді қалып етістіктері; ал, бер, ат, лақтыр, шымшыла, сипа, түрт, теп, ұр, нұқы, істе, жаз, сыз сияқты етістіктерді амал-әрекет етістіктері; сөйле, айт, жеткіз, сыбырла, сыпсыңда, айқайла, күңкілде, мыңқылда, отта, былжыра сияқты етістіктер тобын сөйлеу етістіктері деп алғанда мағыналарына, олардың байланысқан семаларына негізделгенбіз (Оразов 83) *. Сын есімдерді де, үстеулерді де осындай топтарға бөлуге болады. Бұлар өзара топ жасағанымен оларды тек лингвистикалық мағыналарына қарай топтастырылған деуге болады ма?

Д. Н. Шмелев орыс тіліндегі дене мүше атаулары, аяқ киім атауларын мысал ретінде келтіре отырып, олар сөздердің семантикалық белгілеріне қарай топтастырылған дейді (Шмелев 73, 104) *. Егер тілдердегі сөздерді мағынасына қарай топтастыратын болсақ, қандай болар еді деген сұрау қойсақ, жауабы қалай болар еді? Біз бұл жерде бұрын ескертіп кеткен бір терминді қайталап айтып кеткіміз келеді. Н. А. Слюсарева ұсынған лингвистикалық мағына өздігінен өмір сүрмейді, бейнелік мағына негізінде, солармен байланысып қана өмір сүреді, қатынас құралы болатын тілдің бір элементі ретіаде бой көрсетеді. Тіл элементтері белгілі бір система құрамына еніп, өзара қатынасып екінші не үшінші мағына жасайды деу шындыққа жанаспайды. Бұл жерде К. Маркстің «Заттар арасындағы қатынас затты жасамайды, сол қатынастар арқылы заттың қасиеті анықталады» деген қағидасын (Маркс 23, 67) * ескерген жөн. Бірақ тіл білімінде ондай пікір айтушылардың бар екендігін жасыруға болмайды. Мысал ретінде А. А. Реформатскийдің сөз мағынасы туралы айтқан пікірін ескертсек те жетіп жатыр.

Парадигма деп тілдік бірліктің тілдік система элементі ретінде бір-біріне сыбайлас не қарсы келетін қасиеттерімен адам санасында жинақтаған, яғни тіл элементтерінің сол тілді пайдаланушы адамның санасында жинақталуын айтамыз (Ахманова 66, 310) *. Демек парадигма тек сөздер аралығында ғана болмай, тілдің барлық элементтері арасында болады. Сондықтан да дыбыстардың парадигмасы, морфемалардың парадигмасы, сөздердің парадигмасы, сөйлемнің парадигмасы деген түсініктер бар. Олардың әр қайсысының өз қызметі, өз қасиеттері бар. Лексикалық мағынамен байланысты парадигма семантикалық парадигма деп аталынады да сөздер аралығында болады.

Семантикалық парадигма дегенде біз белгілі бір топтағы сөздердің өзара мағыналық жақындығымен, сыбайластығымен (синонимдік, антонимдік, ұштас мәндес болуымен) байланысты топтастырылып, араларындағы семантикалық байланысты белгілеуді айтамыз. Мұны парадигмалық, синтагмалық оське салатын болсақ, семантикалық парадигмаға енетін сөздер осьтің тік сызығы бойына орналасады (ОД) . Олар тең дәрежелі тіл элементтерінің іштей өзара байланысына негізделеді. Алғаш рет тіл элементтері аралығында бұндай байланыстардың бар екендігін көрсеткен Ф. де Соссюр болатын.

Ф. де Соссюр тілдің барлық элементтерін системалы құбылыс деп есептейді де, тіл элементтері аралығында екі түрлі байланыстың (синтагмалық, ассоциациялық) барлығын көрсетеді. Бірақ автор бұл екі байланыстың біреуі (ассоциациялық байланыс) тіл элементтеріне тиісті болса, синтагма сөйлеу (речь) элементтеріне тиісті деп есептейді (Соссюр 77, 155) *. Совет тіл білімінде Ф. де Соссюрдың ассоциациялық байланыс деген терминінің орнына парадигмалық байланыс термині қолданылып жүр де, синтагма де Соссюр қолданылған мағынада өзгертілмей қолданылып жүр. Автордың көрсетуінше адам ойында өзара белгілі бір байланысы бар сөздер топ-топ болып сақталынады. Сөйлеу кезінде адамдар осы мағына жағынан байланысты сездердің ішінен біреуін таңдап алып (айтушының мақсатына байланысты) қолданады. Осы әр адамның ойында сақталған, өзара ұштасып жатқан мағыналары бойынша топ-топ болып жатқан сөздердің өзара байланысын ассоциациялық байланыс (біздіңше парадигмалық байланыс) деп атайды. Ал осы байланыс негізінде анықталатын мағыналық элементті біз парадигмалық мағына (не мағыналық элемент) деп атаймыз. Ф. де Соссюр парадигмалық мағына терминін қолданбаған, мән (мұны кей авторларымыз значимость, кей біреулері ценность деп аударып жүр) терминін қолданған. Ол мәнді сөздердің қатынасынан шығарады. «Синтагма мүшелері не өздерінің алдындағы, не соңындағы, не екі жағындағы сөздермен қатынасы негізінде мәнге ие болады», - деп жазады (Соссюр 77, 155) .

Парадигмалық байланысты тең дәрежелі тіл элементтерінің арасындағы байланыс дедік. Бірақ тіл элементтерінің барлығы бірдей мағына білдіре бермейді. Сондықтан парадигмалық байланыс бар жердің барлығынан мән (значимость) іздей беру де дұрыс болмайды. Мысалы, тілдердегі дауысты дыбыстар өзара парадигмалық байланыс жасайды. Әрине дауысты дыбыстар түрлі белгілеріне қарай (ерін мен езудің қалпына қарай, ауыздың ашылу қалпына қарай, тілдің қалпына қарай) парадигмалық белгісін анықтауы мүмкін, бірақ олар тікелей мағына білдірмейді. Сондықтан олардың арасынан семантикалық парадигма іздеу бос әурешілік болар еді. Рас, семантикалық парадигма морфемалар, сөйлемдер аралығында бар. Бір ескертетін нәрсе сол - морфемалар арасындағы семантикалық парадигма, негізінен, грамматикалық мағыналармен не лексико-грамматикалық мағыналар арасында болса, сөйлемдер арасындағы парадигмалық байланыс күрделі оймен, пайымдаумен байланысты болады. Лексика элементтері арасындағы семантикалық парадигма сөздердің лексикалық мағынасымен байланысты болады, соған сүйенеді.

Сөздердің объектив дүниедегі заттардың, құбылыстардың не түрлі ұғымдардың атауы болатындығы, объектив дүниенің бір ұшпағын сәулелендіретіндігі туралы жоғарыда айттық. Бірақ олар тек объектив дүниемен не ұғыммен шектелініп қоймайды, оны тілдік ойлау (языковое мышление) негізінде қайта сұрыптау процесі де болады. Мысалы, бізден 10-15 шақырым жердегі заттарды тек алыстағы зат деп қана атаймыз, ұзақтағы, ит өлген жердегі, жырақтағы, т. б. деп атай аламыз. Бұлардың беретін ұғымы бір, бірақ мағыналары басқа-басқа. Әрине түрлі түсіндірме, аударма сөздіктерде бұл сөздерге берілген анықтамалар бір-біріне ете жақын болуы мүмкін. Салыстырыңыз: қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде алыс сөзіне шалғай, жақын емес деп анықтама берген (КТТС 1, 243) *. Қашық сөзіне алыс, жырақ, шалғай деп анықтама берсе (КТТС 6, 183) *, жырақ сөзіне шалғай, алыс, қашық деп (КТТС 4, 319) *, шалғай сезіне алыс, қашық, қиыр шет деп (ҚТТС 10, 109) * деп анықтама берген. Егер осы анықтамаларға сүйенетін болсақ, онда бұл сөздердің мағыналарында айырмашылық жоқ, бірінің орнына бірі үздіксіз қолданыла беретіндей көрінуі сөзсіз. Біздіңше ондай айырмашылық бар. Салыстырыңыз: егер бұл сөздерді ұзындық өлшеміне байланысты қолданатын болсақ, араларындағы айырмашылық онша анық байқалмайды. Ал, мезгілмен, уақыт өлшемі ретінде қолданылса, онда алшақтық анық байқалынады. Мысалы, Қітап оқып ұзақ отырып қалдым деудің орнына кітап оқып шалғай (немесе алыс, қашық т. б. ) отырып қалдым деп айтпаймыз. Бұл жердегі мағына тіркеспен байланысты болып тұр.

Сөздердің арасындағы мағыналық байланыстарды анықтауда тематикалық топтар мен лексико-семаитикалық топтарға бөлу үлкен қызмет атқарады. Сөздерді тематикалық топқа бөлу мен лексико-семантикалық топқа бөлу арасында айырмашылық бар. Мысалы, жоғарыда біз тематикалық топқа семантикалық байланысы жоқ, тек объектив дүниедегі заттардың өзара қатынасы негізінде топтастырылған сөздер енеді деген болатынбыз. Мысалы, қол мен көз, құлақ пен аяқ, бас пен қабырға дегендер бір тематикалық топқа енеді де бір система жасайды. Әрине бұл жерде парадигмалық мағынаны табу қиындау, себебі олар экстролингвистикалық мағынаға негізделген. Осы экстролингвистикалық мағына негізінде ұштас мағына (коррелятив) анықталады да парадигмалық байланыс осы мағынаға негізделеді. Семантикалық системаның құрамына еніп, сөздер парадигмалық байланыстар арқылы өзара байланысқанда, оның өзіндік (экстролингвистикалық) бейнелік мағынасын осы байланыстан шығармаймыз. Бұл жерде тілдік системамен байланысып жатқан екінші мәселе - сөздердің дербестігі мәселесі бар.

Парадигмалық мағына лексикалық мағынадан басқа мағына ретінде жеке өмір сүрмейді. Олар, сонымен бірге, тілдің ішкі элементі ретінде қабылданады, себебі парадигмалық мағына белгілі бір топқа енген сөздердің лексикалық мағынасының барлығына бірдей ортақ мағына элементіне негізделінеді. Д. Н. Шмелев мұндай ортақ мағыналық элементті семантикалық тема деп атайды (Шмелев 73, 107) *. Осы семантикалық тема парадигмалық мағынаның қалыптасуына, өмір сүруіне жағдай жасайды. Лексико-семантикалық топтың құрамына енген сөздер өздерінің дербестігін жоғалтпайды десек, олар бірі екіншісімен тек жалпы жақтарымен ғана байланысып жатпастан, жеке ерекшеліктерімен өзара ажырасып та жатады. Сондықтан да Ф. де Соссюр тілде тек өзгешеліктер, айырмашылықтар ғана бар дегенде соңғы жағдайды есепке алған. Ал сөз мағыналарының жалпы, ортақ жақтары барлығын есепке алмаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл біліміндегі жүйе және құрылым терминдерінің түсіндірілуі
ТІЛДЕГІ ПАРАДИГМАТИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
ТІЛДЕГІ ПАРАДИГМАТИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТУРАЛЫ
Есімшелердің тіл жүйесіндегі жұмсалу парадигмасы
Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Есімшелердің күрделі құрылым жасауға қатысуы
Көп мағыналы сөздерді ғылыми тұрғыдан талдау
Есімше тұлғаларының грамматикалық қызметі
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Сөзжасамдық ұяның лингвистикалық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz