Қазақ мәдениетінің рухани байлығы



Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім
2.1. Ежелгі қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс және V.X ғасырлардағы әдеби жазба ескерткіштер
2.2. XV.XIX ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті
2.3. Қазақ демократ.ағартушылары (Шоқан, Ыбырай, Абай)
2.4. Қазақ мәдениеті рухани байлығының болашағы

3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адамның өсуі, аяқтануы, сәбилік шақтан басталады. Қазақ «Баланы бастан», - дейді. Яғни, баланың көргенді, әдепті, мәдениетті, адал, ақжарқын адам болуы жас күнгі тәрбиесіне байланысты.
Халық даналығының мерей-мақтанышы – мәдениеттің мыңдаған жылдық тарихы, бел-белестері, қалыптасу кезеңдері бар. Оларды талдап, түсіну үшін алдымен, мәдениет дегеніміз не, соны анықтап алуымыз керек. Мәдениет – халқымыздың ар-иманының айнасы, ұзақ жылдар ішінде сұрыпталып жинақталған асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі, сал-дәстүрі, әдет-ғұрпы, таным-сенімі, саналылық танытатын көзқарастар жүйесі, әлеуметтік топтың, ұлттың, халықтың өмірдегі бет-бейнесі, зиялылығы, біліктілігі, басқа бір ұлттан, халықтан, нәсілден ерекшелеп көрсететін, айырып ажырататын тыныс-тіршілігінің, ғұмыр нәрінің бұлағы. Ол әдебиетті, өнерді, адамның шығармашылық, көркемдік эстетикалық талғамдарын қалыптастырып дамытатын рухани өмірдің барлық салаларын қамтиды.
Қазақ халқының мәдениеті – оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды бір саласы болып табылады. Сондықтан оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі.
Қазақтың рухани мәдениетінің туу, өмірге келуі, дамуы, сонымен бірге жалпы халықтық сипат алып, бүкіл бір этносты қарым-қатнасты қамтып кеңінен тарауы оың біртұтас бөлінбейтін құбылысы болып табылады. Осы құбылыстың қайнар бастауына көз жіберсек қазақ халқының ертеде қалыптасқан үлгі-өнегесі, өрнегі мол, өркениетті ежелгі мәдениетті болғанын айқындайтын мағлұмат, деректердің, сонымен қатар, қазақ мәдениетінің, адамгершілігінің, ақыл-санасының биік болуына аянбай ат салысқан ата-бабаларымыздан қалған халқымыздың мәдениетіне байланысты айтылған сөздер өте көп.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Т. Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, А. Құлсариева «Мәдениеттану» Алматы, 2004 ж.
2. А. Ғабитов «Мәдениеттану және философия» Алматы, 2002 ж.
3. Х.Маданов «Қзақ мәдениетінің тарихы» Алматы, 1998 ж.
4. К.Ахметжанова «Дәстүрлі мәдениет қазақ этносын индентификациялау тәсілі ретінд» Алматы, 2005 ж.
5. Ә.Хасенов «Қахақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы» Алматы, 1988 ж.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ мәдениетінің рухани байлығы

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Ежелгі қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс және V-X
ғасырлардағы әдеби жазба ескерткіштер
2. XV-XIX ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті
3. Қазақ демократ-ағартушылары (Шоқан, Ыбырай, Абай)
4. Қазақ мәдениеті рухани байлығының болашағы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адамның өсуі, аяқтануы, сәбилік шақтан басталады. Қазақ Баланы
бастан, - дейді. Яғни, баланың көргенді, әдепті, мәдениетті, адал,
ақжарқын адам болуы жас күнгі тәрбиесіне байланысты.
Халық даналығының мерей-мақтанышы – мәдениеттің мыңдаған жылдық
тарихы, бел-белестері, қалыптасу кезеңдері бар. Оларды талдап, түсіну үшін
алдымен, мәдениет дегеніміз не, соны анықтап алуымыз керек. Мәдениет –
халқымыздың ар-иманының айнасы, ұзақ жылдар ішінде сұрыпталып жинақталған
асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі, сал-дәстүрі, әдет-ғұрпы,
таным-сенімі, саналылық танытатын көзқарастар жүйесі, әлеуметтік топтың,
ұлттың, халықтың өмірдегі бет-бейнесі, зиялылығы, біліктілігі, басқа бір
ұлттан, халықтан, нәсілден ерекшелеп көрсететін, айырып ажырататын тыныс-
тіршілігінің, ғұмыр нәрінің бұлағы. Ол әдебиетті, өнерді, адамның
шығармашылық, көркемдік эстетикалық талғамдарын қалыптастырып дамытатын
рухани өмірдің барлық салаларын қамтиды.
Қазақ халқының мәдениеті – оның ұлттық тарихының өнімді өзегі,
құрамдас бөлігі, маңызды бір саласы болып табылады. Сондықтан оны игеру, өз
алдына ғылым ретінде танып, қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы,
қасиетті борышы, тұрмыс тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі.
Қазақтың рухани мәдениетінің туу, өмірге келуі, дамуы, сонымен бірге
жалпы халықтық сипат алып, бүкіл бір этносты қарым-қатнасты қамтып кеңінен
тарауы оың біртұтас бөлінбейтін құбылысы болып табылады. Осы құбылыстың
қайнар бастауына көз жіберсек қазақ халқының ертеде қалыптасқан үлгі-
өнегесі, өрнегі мол, өркениетті ежелгі мәдениетті болғанын айқындайтын
мағлұмат, деректердің, сонымен қатар, қазақ мәдениетінің, адамгершілігінің,
ақыл-санасының биік болуына аянбай ат салысқан ата-бабаларымыздан қалған
халқымыздың мәдениетіне байланысты айтылған сөздер өте көп.
2.1. Ежелгі қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс және V-X
ғасырлардағы әдеби жазба ескерткіштер
Қазақтың қазақ болып қалыптасуы, тұтасып біріңғай халық болып
даралануы оның өзіне дейінгі әлеуметтік-тарихи тәжірибені санасына
орнықтырып, тұрмыс-тіршілігіне пайдалана білу арқасында іске асты. Ал бұл
тәжірибенің негізгі болашақ қазақ қоғамының, рның материалдық және рухани
мәдениетінің ірге тасы тым ерте, адам адам болып, олар қоғам болып
қалыптасқан кездерде қаланды.
Адамзат тарихының тас дәуірі, мыс және темір дәуірі болып үш кезеңге
бөлінген. Соның алғашқы кезеңінде өмір сүрген адамдардың тастан құрал
жасап, ол құралдарының археологиялық қазба жұмыстарының барысында бізге
жетуі тас дәуірі деп аталатын атаудың шығуына себеп болды. Бұл дәуірдің
өзі үш кезеңге бөлінеді: палеолит, мезолит, неолит. Осы кезеңдерде адам
баласының садақ пен жебені ойлап табуы, тастарды тегістеу, тесіп бұрғылау,
ағашты арамен кесу сияқты технологиялық әдістердің игерілуі, тұрмыста тас
балта, кетпен, дәнүккіш, келі, келісаптардың пайдаланылуы үлкен жетістіктер
болып саналады.
Қола дәуіріндегі, Еуразияның ұлы даласын мекендегген тегі мен тағдыры
ортақ туыс тайпалар бір үлгідегі, біріңғай мәдениетті қалыптастырды. Оның
мұралары Ачинск маңындағы Андрово селосының қасынан табылғандықтан, ол
мұралар Андрон мәдениеті деген атпен жұртқа белгілі болды.Андрон
мәдениетінде кісі жерлеу рәсімі жетілдірілген. Яғни, осы кездерде өлген
кісіге өте үлкен құрмет көрсетіліп, оларға тастан қоршалып зираттар
тұрғызған.
Қазақ халқының негізін құраған, халық болып қалыптасуына, мәдени-
рухани жаңғыруына жол салған тайпа, ұлыстардың арасында сақтардың орны
бөлек. Сақтардың ұзақ жылдар дамып қалыптасқан биік мәдениеті болған. Жазуы
қазіргі ғылым тілінде айтылып жүрген рун жазуы немесе түркі жазуы деп
есептелінеді. Сақтар жалпы адамзаттық мәдениеттің асыл нұсқасы деп
бағаланып жүрген даналық өрнектерінен бүгінге дейін жеткен мұра көп. Жалпы
сақтар өздері тұтынған қару-жарақ, ыдыс-ақтағы басқа нәрселеріне әртүрлі
аңдардың, текенің, аттың, арыстанның, аюдың, текенің суреттерін салып
әшекейлеуді ұнатқан. Көшпелі сақтардың тұрмыс тіршілігін бейнелері
суреттері бар күмістен, темірден жасалған ыдыстарды, қаруларды археологтар
сақтардың жерленген жерінен тапқан. Осыдан сақтардың бейнелеу өнеріне өте
құштар болғанын, біле аламыз.
Ал енді V-X ғасырлардағы қазақ халқының мәдениетіне келетін болсақ,
ашатын, оқыған білген адамына нәр дарытатын VII-VIII ғасырларда Сырдария
бойын мекендеген оғыз қыпшақтар арасында пайда болып, сан ғасырлар бойы аса
бағалы тарихи мәнін, көркемдік қасиет, сапасын жоймай, ауыз әдебиетінің
асыл мұрасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа тарап келе жатқан шығармалардың бірі –
Қорқыт ата кітабы
Жұрттың жадында, халықтың аузында аңыз-әңгіме ретінде сақталып келген
бұл кітаптың, қазір әлемде екі ғана қолжазбасы бар. Қорқыт атақты батыр,
ақын, асқан күйші. Оның анасы оғыз, әкесі қыпшақ болған. Қазақтардың
бүгінгі қонысына иелік еткен бұл ұлыстар халқымыздың этникалық арқауы,
алыстағы арғы ата тегін құрайтын негізі болды.
Ал V-X ғасырлардағы ежелгі қазақ жеріндегі түркі тілдес тайпалардың
материалдық мәдениеті сөз еткенде бұл аймақтарды жайлаған халықтардың кен
қазуы, кен қорыту, оны өңдеу, метал, алтын, күміс, темір түрлерінен еңбек
құралдарын жасап, тұрмыста пайдаланған.
Ежелгі қазақ жеріндегі тайпаларға жібек, мақпал сияқты қымбат маталар
Қытай, Ферғана, Самарқандан әкелініп әр түрлі түсте киім тігу де орын алды.
Сонымен қатар, қысқы сыртқы киім мал терісінен тігілсе, қой, ешкі, қасқыр,
түлкі терісінен жейде, шалбарлар тіккен. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалардың
биік материалдық мәдениеті олардың қоныс мекендеген құрылыстарынан да
байқауға болады. Олар сол кезден ақ үй салуға тас, күйдірілген кірпіш
пайдаланған.

2.2. XV-XIX ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті
Қазақ сөз қадірін білген халық. Шешендікті жоғары бағалап өз ойын, өз
пікірін шебер түйіндеп, ұтқыр, әсерлі етіп айта алатын, естігені, көргені
көп, соның бәрін халық мүлдесіне, парасаттылық пен әділдікке пайдалана
білген адамдарды қатты қадірлеген, жастарға үлгі еткен. Әсіресе, XV-XVII
ғасырларда Тәуке хан тұсында халықтың шешендік өнеріне қатты мән берілген.
Хан Тәуке қазақтың жырауларының, шешендер мен шежірешілерінің басын қосып
халықтың мақал-мәтел, аңыз, жырларын жинатқан. Қазақ хандығы құрылып,
халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі біз ізге түсіп келе жатқан кезде
қазақтардың бірін-бірі көргенде үш мәрте құшақ айқастырып, төс түйістіріп,
мал-жанның амандығын, денсаулықтың жайын сұрасу, хал-жайды білісу
адамгершілік дәстүрдің ажырамас салты болып қалыптасқан. Кіші адамның жасы
үлкен кісіге сәлем беріп, ізет көрсетуі, егде адамның аманбысың айтып,
кішіге қамқоршы болуы қасиеттері рәсім болған.
Жасы үлкен ақсақал адамдар үйге келгенде қазақтар оларды төрге
шығарып, жасына қарай жайғастырып сыйлаған. Мал сойып, ет асып, табақ
тартатын болған. Қонақтарға қоғамдағы орнына, жасына қарай пісіп келген
табақтағы малдың мүшелерін үйлестіріп, әдетте, бас – ағанікі, құлақ
баланікі, жақ әйел адамдыкі, жамбас батырдікі, төс күйеудікі деп табақтағы
мал сүйегін қонақтарға ретіне қарай ұсынған. Ал бұл, қазақ халқының тәлім-
тәрбиесінің бір көрінісі.
Қазақ ақылды қария – ағынды дария деп қарияларын жоғары адамгершілік
үлгісі санаған. Отырыстарда, жиындарда, табақ тартылып қонақасы берілген
жерде қариялардан бата, жігіті ағасы болған егде адамдардан игі тілек айту
сұралған. Асын ішіп отырған үй иелерінің арман-аңсарына, мақсат-мүдделеріне
орайлас, елдің бірлігін, халықтың тірлігін, заманның тыныштық берекесін өз
сөзіне өзек етіп, қариялар бата беріп, тілек айтатын болған.
Әдетте, қариялар, үш байлығынды: еліңді, жеріңді, тіліңді құрметте:
еліңді сыйламасаң көмусіз қаласың, жеріңді сыйламасаң кебінсіз қаласың,
тіліңді сыйламасаң қадірсіз боласың. Атаның ұлы болғанша халқыңның құлы
бол. Тегіңді біл, бірақ руға бөлінбе, рушылдық індет, еліңді сүй – ол саған
міндет деп жастарға тілек айтып, отбасының бақыт берекесі мло болсын деп
бата беріп отырған.
Қазақтың қауымдасып, көп болып жиналып, аяғынан тік тұрып істейтін
қызметінің бірі - өлім-жітімді атқару, өлген кісіні жерлеу. Кісі өлімі
отбасы ғана үшін емес, ауыл-аймаққа, бүкіл төңірекке үлкен қасірет, ортақ
қайғы болған.
Ал қазақ халқының музыкалық мәдениетінің дамуына келетін болсақ, қазақ
халқының музыканы сүйетіні, аса сазгер халық екені ертеден музыка өнерінің
тарихын зерттеген, бұл өнер туралы өте бағалы, шын жүректік сөздерін айта
білген көптеген шығармаларда кездеседі. Жалпы қазақ күйшілерінің арасында
халқымыздың рухани бітім-болмысына қайталанбас қасиет, сындарлы сипат, нәр
беріп, оны нұрландырып тұрған, оның ажарын айқындап ашып келе жатқан тұлға
– Құрманғазы туралы айтпасқа болмайды. Құрманғазы атамыз халқымыздың
ертеден келе жатқан күй өнерінің құдіретін бүкіл әлемге танытып, шырқау
шегіне жеткізген.
Сонымен қатар, XIX ғасырда қазақтың музыкалық мәдениетін дамытуға
елеулі үлес қосып, халықтың музыкалық қазынасын тамаша күй туындыларымен
байытқан Тарақ ұлы Абыл, Қазанғап, Нұрпейісова Дина, Дүкен ұлы Ықылас,
Қалмамбет ұлы Өскембай сияқты аты шыққан дарынды композитор-күйшілер
болған. Яғни, осы кездерде қазақ халқының музыка мәдениеті мен оның
өкілдерін сөз еткенде бұл кезеңде қазақ жеріндегі музыка өнерінің дамылсыз
дамығанын, оның өсіп өркендеуінің алтын діңгегі қазақ халқының рухани өрісі
болғанын байқаймыз.

2.3. Қазақтың демократ-ағартушылары (Шоқан, Ыбырай, Абай)
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ
мәдениетінің қасиетті тұлғаларын сөз еткенде олардың ішіндегі ең ірісі, ең
өнімдісі де, өзекті деп Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты есімдерді, ел білген,
орасан зор ойшылдығымен танылған тамаша тұлғаларды айтуымызға болады. Шоқан
Қазақстанның жағрапия, тарих, этнография, экономика, социология салалары
бойынша ғажайып ғылыми еңбектер жазды. Ол қазақ фольклорын жинастырып,
ғылым үшін қырғыздың аса көрнекті Манас эпосын ашты. Шоқанның қырғыз
жеріне сапарына байланысты жазылған Қырғыздар туралы жазбалар атты
туындысы тамаша монографиялық еңбегі және Қазақ шежіресі, Қазақ халқының
поэзиясының түрлері сыныды елеулі еңбектері бар.
Шоқан өз артынан өшпес із қалдырды. Оның қазақ халқының біліміне,
ғылымына, ғылымына, мәдениет-өнеріне қосқан үлесі зор. Тек қана қазақ
халқын емес, бүкіл Орта Азияны Еуропаға танытқан ғалым. Шоқан өзінің
азғантай ғұмырының ішінде қоғамтану ғылымын талай-талай жаңа белестерге
көтерді.
Шоқан Уәлихановтан кейінгі қазақ мәдениетінің тарихында жарқырап ағып
өткен жарық жұлдыздай тамаша із қалдырған ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин.
Қазақ балаларын сауаттандырып, оқудың жаңа бұқаралық жүйесін орнықтырып,
білім негіздерін насихаттаудың жаңа тәсілін қолға алған ағартушы Ыбырай
болды. Сонымен бірге ол қазақ жазба әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан
ірі ғалым, ұстаз, ақын, прозшы, жазбагер. Қазақтың қараңғылықтан білім
жарығына жарып шығуы үшін бар күшін жұмсаған дарын мен даналық иесі, адал
да абзал азамат. Ол қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тіл -- мәдениеттің іргетасы
Компьютерлік қысқарған әрі ұятсыздау естілетін сөздер
Мәдениет тілі туралы
Қазақ тілі сабағында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Айқас кестесі техникасында бойжеткен қыздарға арналған камзол үлгілерінің ерекшеліктері
Сөз мәдениеті
Тіл - тіршіліктің бастауы
Тіл саясаты
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру туралы
Пәндер