Қазақ фольклортану ғылымының тарихы, даму кезеңдері фольклор табиғаты мен тарихы туралы әр кезеңдердегі пікір-тұжырымдар
Кіріспе
I. Қазақ фольклористикасының зерттелуі
II. Қазақ фольклортану ғылымының даму жолдары
III. Фольклор табиғаты жайлы ой.пікірлер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Фольклортану ғылымын толық біліп, әрі қарай дамыту ушін алдымен фольклордың жиналу мен жариялану және зерттелу процесін біртұтас күйде қарастыру керектігі күмәнсіз. Мұндай ойды кептеген алыс және жақын шетел ғалымдары, сондай-ақ қазақ фольклорын зерттеушілер құптайды. Қай халықтың болса да ежелден сақтап, құрмет тұтатын бай мәдени мұрасының бірі – фольклор. Оған деген бұқара халықтың құрметі ешқашан толастаған емес. Ал, ресми мемлекеттік жүйенің фольклорға арнайы түрде көңіл бөлуі әр түрлі мақсатта болды. Әр қоғам, мемлекет өзінің даму барысының белгілі бір кезеңінде фольклорға ерекше көңіл бөледі. Айталық, Еуропаның елдерінде романтизм күшейген тұста, романтиктер халық мұрасын, әсіресе фольклорды жинау ісін қолға алды. Ресейде де фольклорға көңіл бөліп, оны арнайы жинау романтизм дәуірінде етек алды. Бізде жағдай басқаша болды. Күллі отарланған елдердікі сияқты, біздің фольклордың жиналуы, жариялануы мен зерттелуі ең алдымен қазақ елін, жерін отарға айналдыру мақсатында жүргізілді. Әлбетте, бұл жұмыс бір қалыпта болған жоқ. Отарлау тереңдеген сайын қазақ фольклорын жинау мен зерттеу ici де біршама жетілдіріліп отырды, әрі әр кезеңнің саясатына сәйкес оның мақсаты да өзгеріп тұрды. Патша өкіметі тұсындағы отарлау кеңес өкіметі кезінде жаңа сипат алды да, патшалық Ресей уакытындағы жинау ici кеңес заманында мүлде өзгеше масштабта, жаңа мақсатта, басқа түрде жүзеге асырылды.
Қазақ фольклоры мақсатты түрде XIX ғасырда-ақ жиналып, зерттеле бастады. Әсіресе, Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, И.Ильминский, А.Васильевтің жинаушылық пен жариялаушылық еңбектері, олардың азды-көпті жазған зерттеулері қазақ фольклортану ғылымының бастауы болды. XIX ғасырдағы Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов және тағы басқа да фольклор шығармаларын жинаушылар еңбегінің маңыздылығы, олар – көп жылдық тәжірибеге сүйеніп, халықтық үлгілерді жазып алу әдісін қалыптастырды.
«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы – әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.

1 Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясы, 1948.- 439 б.
2 Қазақ әдебиетінің тарихы. I том. Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясы, I960.- 40 б.
3 Ғабдуллин. М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1958. – 51 б.
4 Қоңыратбаев. Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Оқулық. Алматы, 1991.- 12 б.
5 Әуезов М. Әдебиет тарихы.-Алматы: Ана тілі. 1991 .-240 б.

Қазақ фольклортану ғылымының тарихы, даму кезеңдері
Фольклор табиғаты мен тарихы туралы әр кезеңдердегі
пікір-тұжырымдар
Жоспар
Кіріспе
I. Қазақ фольклористикасының зерттелуі
II. Қазақ фольклортану ғылымының даму жолдары
III. Фольклор табиғаты жайлы ой-пікірлер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Фольклортану ғылымын толық біліп, әрі қарай дамыту ушін алдымен фольклордың жиналу мен жариялану және зерттелу процесін біртұтас күйде қарастыру керектігі күмәнсіз. Мұндай ойды кептеген алыс және жақын шетел ғалымдары, сондай-ақ қазақ фольклорын зерттеушілер құптайды. Қай халықтың болса да ежелден сақтап, құрмет тұтатын бай мәдени мұрасының бірі - фольклор. Оған деген бұқара халықтың құрметі ешқашан толастаған емес. Ал, ресми мемлекеттік жүйенің фольклорға арнайы түрде көңіл бөлуі әр түрлі мақсатта болды. Әр қоғам, мемлекет өзінің даму барысының белгілі бір кезеңінде фольклорға ерекше көңіл бөледі. Айталық, Еуропаның елдерінде романтизм күшейген тұста, романтиктер халық мұрасын, әсіресе фольклорды жинау ісін қолға алды. Ресейде де фольклорға көңіл бөліп, оны арнайы жинау романтизм дәуірінде етек алды. Бізде жағдай басқаша болды. Күллі отарланған елдердікі сияқты, біздің фольклордың жиналуы, жариялануы мен зерттелуі ең алдымен қазақ елін, жерін отарға айналдыру мақсатында жүргізілді. Әлбетте, бұл жұмыс бір қалыпта болған жоқ. Отарлау тереңдеген сайын қазақ фольклорын жинау мен зерттеу ici де біршама жетілдіріліп отырды, әрі әр кезеңнің саясатына сәйкес оның мақсаты да өзгеріп тұрды. Патша өкіметі тұсындағы отарлау кеңес өкіметі кезінде жаңа сипат алды да, патшалық Ресей уакытындағы жинау ici кеңес заманында мүлде өзгеше масштабта, жаңа мақсатта, басқа түрде жүзеге асырылды.
Қазақ фольклоры мақсатты түрде XIX ғасырда-ақ жиналып, зерттеле бастады. Әсіресе, Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, И.Ильминский, А.Васильевтің жинаушылық пен жариялаушылық еңбектері, олардың азды-көпті жазған зерттеулері қазақ фольклортану ғылымының бастауы болды. XIX ғасырдағы Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов және тағы басқа да фольклор шығармаларын жинаушылар еңбегінің маңыздылығы, олар - көп жылдық тәжірибеге сүйеніп, халықтық үлгілерді жазып алу әдісін қалыптастырды.
Қазақ фольклористикасының зерттелуі
Қазақ фольклорының тарихы деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.
Қазақ ғалымдары да қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен еңбекті 1948 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбек те (қолжазба күйінде-ақ) кезінде сынға ұшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта болды да, аталмыш кітап зиянды деп танылып, ғылыми айналымнан алынып тасталды. Ал, шындығына келгенде, бұл еңбек үлкен жұмыстың игілікті бастамасы еді, өйткені, сол тұстың өзінде-ақ қазақ әдебиетінің тарихын бірнеше том етіп жазу көзделген-ді. Сөз жоқ, бұл кітап - өз дәуіріне тән ғылыми тұжырымдарға сүйенді, сондықтан оның теориялық сапасынан гөрі идеологиялық, саяси ұстанымы басым болды. Дей тұрғанмен, бұл еңбекте фольклордың тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс болғанын айтпасқа болмайды. Мәселен, тоғыз бөлімнен тұратын томның бірінші бөлімі қазақ фольклорының зерттелуіне арналса, содан кейінгі екінші бөлімді пайда болу мерзімі жағынан ең көне деп есептелетін ғұрыптық фольклор мен ескі діни нанымдарға, сондай-ақ шаруашылыққа байланысты туған жанрлар құрайды: салт өлеңдері; мал, шаруашылық туралы өлеңдер; дін салт өлеңдері; наурыз; бақсы сарыны; бәдік, арбау, жалбарыну; жарамазан және жарамазанның батасы; үйлену салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң, шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту; жоқтау.
Осыдан әрі қарайғы бөлімдер: ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық жырлары; айтыс өлеңдері; шешендік сөздер; тарихи өлеңдер; қазақ совет фольклоры деп берілген. Аталған бөлімдер, негізінен, фольклордың ХХ ғасырға жеткен күйіндегі көркем жанрларды қамтыған, алайда, мұнда ол жанрлардың қай дәуірде қандай күйде болғаны сөз болмайды, неден, қайдан пайда болғаны, қалыптасу барысында нелерге сүйенгені айтылмайды. Сондай-ақ Қазақ совет фольклоры деген жеке бөлімнің болуы - зерттеушілердің сол тұстағы одақтық фольклортану мен әдебиеттануға тән ұстанымды басшылыққа алғанын айқын аңғартады. Мәселен, осы бөлімнің тараушалары мынадай: революциялық күрес кезеңіндегі өлең-жырлар; ауылды советтендіру жөніндегі өлең-жырлар; колхоз, өнеркәсіп өміріне байланысты халық әдебиеті; терме, мақалдар; қазақтың халық әдебиетіндегі Ленин, Сталин образы; ерлік туралы жырлар; халық әдебиетіндегі Аманкелді образы; Отан соғысы кезінің жырлары. Көріп тұрғанымыздай, тараушалардағы проблемалар азаматтық тарихтың ізімен, таза әдебиеттану шарттарымен қарастырылған және талданған шығармалардың дені - авторлық өлеңдер мен жырлар. Олар түгелдей таптық, советтік идеология тұрғысынан бағаланып, фольклорға ғана емес, бүкіл әдебиетке тән көркемдік-эстетикалық құндылығы жағынан қарастырылмаған. Сонымен қатар бұл бөлімде сол кездегі концепцияға сәйкес халық ақындары шығармашылығы мен фольклордың ара жігі ашылмай, біртұтас халық әдебиеті деп ұғыну орын алған. Сондықтан Ақмолда, Күдері, Жамбыл, Сәттіғұл, Иса, Нұрлыбек сияқты ақындардың өлеңдері совет фольклоры үлгісінде қаралған. Соның салдарынан бар деп есептелген совет фольклорының өзін дәуірлеу түгелдей дерлік ХХ ғасырдағы тарихи-қоғамдық кезеңдерге сәйкестендіріліп, фольклор өмір ағымына сай жедел өзгеріп отыратын рухани дүние емес екені ескерілмеген.
Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау жұмысы 18-ғасырдан басталады. Ресейден Қазақ даласына шыққан түрлі эскпедициялардың мақсаты фольклорлық және этнографиялық деректерді де жинау болатын. Алайда, фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19-ғасырда жүзеге асты. В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Е. Алекторов, А.В. Васильев сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстологиясына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды. Ал 20-ғасырда фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемлекет тарапынан қолдау тапты. 20 ғасырдың басындағы Ә.Диваев бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-создық күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Қазақ фольклортану ғылымының даму жолдары
Қазақ фольклористикасын сөз еткенде бұл ғылымның да қалыптасу, даму, өсу жолы, басынан кешірген кездері бар деп қараймыз. Біз оларды шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастырамыз:
Бірінші кезең - 20-30 жылдар арасы;
Екінші кезең - соғыс жылдары;
Үшінші кезең - Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар.
20-жылдардың бас кезінде-ақ қазақ халқының ауыз әдебиеті жайында мәселелер көтеріліп, фольклор туралы газет-журналдарға үлкенді-кішілі мақалалар жариялана бастайды. Бұл мақалаларда қазақ фольклорын жинау, зерттеу, бағалау хақында көптеген пікірлер айтылады. Мұның өзі қазақ совет фольклористикасының, яғни ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымның тууына негіз салады.
Алғашқы қадамы қазақ ауыз әдебиеті туралы жазылған кішігірім мақала-заметкалардан басталған қазақ совет фольклористикасы идеология майдандарында шиеленіскен таптық күрес жағдайында, фольклордың тарихы және қоғамдық рөлі жайында көтерілген мәселелерге белсене араласу негізінде туып қалыптаса бастаған совет фольклористикасы 20-жылдардың бас кезінде-ақ ауыз әдебиеті жөнінде бірнеше мәселелер көтереді. Солардың ішінде оның айрықша көңіл бөлгені: ескі мәдени мұраны игеру және ауыз әдебиетінің тарихын зерттеу мәселесі болады.
Ескі мәдени мұраны игеру туралы мәселе Қазақстанда 20-жылдардың бас кезінде көтеріледі. Және бұл мәселеде бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт туады. Оның біріншісін алашордашылар, ұлтшыл-байшылдар, ал екіншісін советтік құрылыс үшін күресушілер қолдайды.
Октябрь революциясының нәтижесінде Қазақстанда орнаған советтік құрылысқа қарсы күрес жүргізген ұлтшыл-байшылдар, алашордашылар мәдени мұраны өздерінің таптық мақсатына пайдалануды көздейді. Олар ертеден келе жатқан мәдени мұраның ішінен ескі өмірді, ескілікті дәріптейтін және қанаушылық құрылысты қорғаған адамдарды мадақтайтын шығармаларды көкке көтереді. Мұндай шығармаларды жаңа советтік құрылысқа қарсы күрестің құралы етіп пайдалануға тырысады.
Осы жағдайды еске ала келіп, Қазақ совет әдебиетінің негізін салған Сәкен Сейфуллин алашорданың басшылары Бөкейханов, Байтұрсынов, Досмұхамбетов, Дулатов, Жұмабаевтардың совет өкіметіне қарсылығын, олардың ескі өмірді қайта орнатпақ болып күрес жүргізгенін әшкерелей отырып, былай дейді: Олар қазақтың бұрынғы батырлары туралы байлар құлқымен бұрынғы айтылған өлеңдерді жинап, оған тағы да елдегі өлеңшілерге жаңадан өлеңдер қостырып кітаптар шығарды. Мәселен Аламан, Кенесары-Наурызбай және де олар байлардың санасын сарындаған көркем әдебиетті сүйгіштеді.
Алашордашылардың ескі мәдени мұраны ұлтшыл-байшылдық, кертартпалық мақсатта және советтік құрылысқа қарсы күресу үшін пайдаланбақ болғанын Сәкен осылай әшкерелейді. Ол ұлтшылдардың жаулық әрекетін әшкерелеп қана қоймайды, оларға қарсы күрес ұйымдастырады. Ұлтшыл-байшыл алашордашылрға қарсы Сәкен бастаған бұл күресті Сәбит Мұқанов, Аманғали Сегізбаев, Бейсенбай Кенжебаев сияқты жас әдебиетші, коммунистер қатты қолдайды. Бұлар ескі әдеби мұраның иесі үстем тап емес, еңбекші халық екенін дәлелдейді. Осы ретте олар сол кезде Еңбекші қазақ, Қызыл Қазақстан, Лениншіл жас сияқты газет-журналдарға мақалалар жазып, өздерінің көзқарастарын білдіреді. Мәселен, Сәбит Мұқанов Қазақ әдебиеті һәм Ыбырай деген тақырыпта мақала жазып, оны Қызыл Қазақстан журналының 1924 жылы шыққан 7-9 сандарына жариялайды. Сәбит осы мақаласында Ауыз әдебиеті бізде бай, әдемі әдебиет дей отырып, бұл әдебиетті шығарушы ұлтшыл-байшылдар айтқандай, үстем тап емес, еңбекші халық, халық мүддесін жырлаған жыршы-ақындар екенін дәлелдейді, және де ауыз әдебиетін, ән мен күйді халық арасынан шыққан, еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігін, оның өмірін жақсы білетін адамдар тудырады дейді. Осы ретте Сәбит халық әдебиетінің ең көрнекті өкілдері деп Орынбай, Шөже, Арыстанбай, Шал, Тоғжан, Біржан, Нүркей, Ақан, Ыбырай сияқты ақын-жыршы, әншілерді атайды, олардың шығармаларын жинау, жарыққа шығару жайлы мәселе көтереді.
Ал Аманғали Сегізбаев Халық пен әдебиет дейтін мақаласында, Бейсенбай Кенжебаев Абай өлеңдерінің 1923 жылғы басылуы туралы дейтін мақаласында ауыз әдебиетінің негізгі иесі еңбекші халық екенін айтады.
Бұл келтірілген мысалдардан ескі мәдени мұраны халық мүддесіне сәйкес бағалап, пайдалану туралы актуальды мәселе сол 20-жылдардың өзінде-ақ көтеріле бастағанын, мұның өзі Қазақстанда фольклористикасының алғашқы іргетасы қалануына себепкер болғанын аңғартады.
Ауыз әдебиетін таптық тұрғыдан, еңбекші халықтың арман-мүддесі тұрғысынан зерттеп бағалау ісіне Сәкеннен кейін 20-жылдардағы көптеген әдебиетші фольклористер көңіл аударды. Олар өздерінің мақалаларында, жазған еңбектерінде ауыз әдебиеті таптық қоғамда туып, белгілі таптың идеясын білдірген шығармалар екендігін дәлелдеп көрсетті. Сөйтіп, олар 20-жылдарда қалыптаса бастаған фольклористиканың алға қарай дами беруі ісіне көп үлес қосты.
20-жылдардағы фольклористикамыздың екінші бір көтерген мәселесі - ауыз әдебиетінің тарихын зерттеу туралы деуге болады. Бұл мәселеге айрықша көңіл бөлген адам - бүкіл совет әдебиетінің аса көрнекті қайраткері, академик-жазушы Мұхтар Әуезов еді.
Қазақ оқу орындарында оқулықтардың жетіспеуін ескеріп, сол олқылық орнын толықтыру мақсатында 1927 жылы Қызылорда қаласында ғалым М.Әуезовтің Әдебиет тарихы атты монографиясы басылды. М.Әуезов фольклорды төртке бөледі: сыршылдық салт өлеңдері; әңгімел өлеңдер; айтыс-тақпақ, ертегі, мақал, мәтел, жұмбақ деп. Ғалым тұрмыс-салт жырларын Сыршылдық салт өлеңдері деп түсінген. Оларды іштей үшке жіктеген: 1) Ел салтындағы шер өлеңдер (бұған жоқтау, естірту, қоштасу, көңіл айту түрлері енгізілген); 2) Дінмен байланысты өлеңдер (бұған наурызды, бақсылардың сарынын, жарапазанды жатқызады); 3) Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңі (бұған жар-жар, қоштасу-танысу, беташар түрлері алынған). Бұлай тұрмыс-салт жырларын үшке бөлу үлгісі М.Әуезовке дейін А.Байтұрсыновта кездеседі. Тек А.Байтұрсыновта тұрмыс-салт жыры орнына сарындама ұғымы қолданылады да, оны іштей салт сөзі, ғұрып сөзі, қалып сөзі болып өзгеше бөлген. Мәселен, А.Байтұрсынов салт сөзіне мақал-мәтелмен қатар, әдебиет жанрына жататын мысал түрін де жатқызған. Бұл арада фольклор мен әдебиет жанрларының ара-жігі ажыратылмағаны көрінеді. Ал, баска зерттеу еңбектерде кездеспейтін фольклордың естірту түрі осы кітапта алғаш сөз болуы, сөз жоқ, Мұхтар Әуезов еңбегінің маңызын арттырады. Осы монографиялық еңбек аркылы ғалым М.Әуезов қазақ фольклорын, оның жанрлық түрлерін алғашқылардың бірі болып жан-жақты талдайды. Батырлар әңгімесі деп ғалым ол кезде эпостық жырларды атаған. Эпостың ішінде батырлар жыры, ғашықтық пен тарихи жыр карастырылған. Мұнда алдымен Едіге, Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Ер Сайын, Нәрікүлы Шора батыр, Қамбар батыр, Алпамыс батыр тәрізді жырлардың кысқаша қарасөзбен мазмұны берілген. Одан әрі ғалым олардың әрқайсысының мән-маңызына жеке-жеке тоқталады.
М.Әуезовтің Әдебиет тарихы атты монографиясы XX ғасырдың бірінші жартысында жаңа ғана қалыптасып келе жатқан қазақ фольклортану ғылымында қазақ фольклорын зерттеудің бастау кезі болғаны анық. Бұл кітап ғалымның қазақ фольклоры тарихын жасау жолындағы тұңғыш талпынысы, әрі осы салада жазылған күрделі еңбек екені сөзсіз.
Сонымен, 20-жылдардағы дүниеге келген қазақ совет фольклористикасы аз уақыт ішінде көп жұмыстар жүргізді. Ауыз әдебиетін дұрыс пайдалану, ескі мұраны марксизм-ленинизм ілімі негізінде бағалау, қазақ фольклорының туу және даму тарихын зерттеу жайында аса маңызды мәселелер көтерді. Оларды көтере отырып, қазақ совет фольклористикасы ауыз әдебиетін зерттеуге арналған азды-көпті еңбектер берді. Бұл еңбектер алдағы күнде қазақ фольклорын кеңінен алып қарастырудың бастамасы болған еді.
Ал 30-жылдары қазақ совет фольклористикасы өзінің өскелең дәрежеге жеткенін көрсетті. Бұл жылдардағы қазақ фольклористикасы тақырып жағынан болсын, зерттеулердің ғылымдық сапасы жағынан болсын ілгерілеп дами түсті. Ауыз әдебиетін баяндауға арналған маңызды да көлемді зерттеулер көріне бастады.
Аталған кездегі фольклористикамыз тақырып жағынан алғанда бірнеше күрделі мәселелерді көтерді. Солардың ішінен бастылары мыналар:
1. Оқулықтар жасау мәселесі.
2. Ауыз әдебиетінен үйрену мәселесі.
3. Ауыз әдебиетінің халық өміріне байланысы және халық ақындарының шығармашылығы туралы
Қазақ әдебиетінің тарихын оқулық көлемінде баяндап шығуды саяси, мәдени мәні мол аса зор міндеттің бірі деп түсінген Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиеті тарихын екі кітап етіп жазбақ болады. Бұл кітаптың біріншісі 1931 жылы жазылып, 1932 жылы Билер дәуірінің әдебиеті деген атпен жарық көреді. Жалпы С. Сейфуллин бұл кітабында ел басқарған хандар, сұлтандар, билер, байлар, батырларды сол дәуірде көсемдік қылған үстем таптың өкілдері ретінде қарастырды. Сондай-ақ бұл дәуір тудырған деген нұсқаларды билер дәуірінің әдебиеті деп те атайды. Еңбекте С.Сейфуллиннің фольклордын ауызекі даму ерекшелігін дұрыс айқындаған. С. Сейфуллин фольклорды: эпос, ертегі, түрмыс-салт жырлары т.б. деп жүйелеген. Егер қазақтың түрмыс-салт жырларын М.Әуезов сыршылдық салт өлеңдері деп қарастырса, С.Сейфуллин салт өлең-жырлар үғымында алған. Мұндағы қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдеріне М.Әуезов жар-жар, қоштасу-танысу, беташар үлгілерін жатқызса, С.Сейфуллин зерттеуінде бұлардың катары, сондай-ақ тойбастар, сынсыма, жұбату-үгіт, айт келін түрлерімен толықтырылғаны көрініп тұр. Ал, дінмен байланысты өлеңдер деп М.Әуезов бақсы сарынын, жарапазанды атаса, ал С.Сейфуллин бұларды ескілікті дін салтынан туған дей отырып, олардың қатарына, сондай-ак шақыру, арбау, байлау, күн жайлату, бұлт пен жауын шақыру, бәдік тағы сол сияқты өлең түрлерін жатқызған. Ал, мұндағы фольклордың шакыру, арбау, бәдік түрлері Х.Досмұхамедұлы еңбегінде ғана кездесуі т.б, - бәрі де осы монографиялық еңбекті жазу барысында С.Сейфуллин жоғарыда аты аталған М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы еңбектерін бірін-бірі толықтыру үшін алғанға ұқсайды. Дегенмен С.Сейфуллин еңбегінде фольклордың алғаш рет күн жайлату, бұлт пен жауын шақыру түрлерінің ажыратылуы, сөз жок, фольклортану ғылымының жетістігі болып табылады. Сондай-ақ С.Сейфуллин ажыратқан Шопан атаға, Жылкышы атаға, Ойсыл қараға, Зеңгі бабаға, Сексек атаға арналған жануарлар турасындағы жыр үлгілері де алғаш зерттеушілер назарына үсынылғаны, сөз жоқ, XX ғасырдың 30-шы жылдарындағы қазақ фольклортану ғылымы жеткен жетістігі болды. С.Сейфуллиннің жан-жақты қарастырған фольклор жанры - ол эпос. Мүндағы С. Сейфуллиннің жырлы әңгімелер дегені қазақтың лиро-эпостык жырларын, яғни ғашықтық эпосты сөз етіп отырғаны. Ал, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz