Студенттің тұлғасының дамуының өзгешеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Студенттің тұлғасының дамуының өзгешеліктері

"Студент" сөзі латын тілінен аударғанда "ізденуші, бір іспен айналысушы, еңбеккер" мағынасын білдіреді. Студенттік кезең - жас дамуы кезендерінің ішіңде өзіндік орны бар, мазмұны бар, мағынасы бар кезең. Жас кезеңдерін анықтау теорияларына (Э. Эриксон, Ф. Фельдштейн, Б. Г. Ананьев, А. В. Дмитриев, И. С. Кон, В. Т. Лисаковский және т. б. ) сүйенсек, студенттік шақ негізінен адамның бозбала шағы мен жастық кезеңін қамтиды. Ал, бозбалалық шақ пен жастық кезеңде адам өзі туралы, адамдармен қарым-қатынастағы алатын орны туралы мәселелерге ерекше мән беретінін ескерсек, студенттің өзіндік санасының толығып, өзін тәрбиелеу мен дамытуға ден қояр кезеңі де осы уақыт болары сөзсіз.

Бұл жасқа тән адамгершілік дамуының негізгі сипаты мінез-құлығының саналы мотивтерінің күшеюімен байланысты болады. Жоғарғы сыныптарда аса жеткілікті дами қоймаған мақсаттылық, шешімге келу, табандылық, дербестілік, бастамашылдық, өзін ұстай білу тәрізді сапалар бірқатар беки түседі. Моральдық мәселелерге қызығу (мақсаттар, өмір салты, міндет, махаббат, сенім, т. б. ) жоғарылай бастайды.

Осы жас кезеңдеріне қатысты зерттеулер студентті белгілі бір жас кезеңіне қатысты және тұлға ретінде үш жақты сипаттайды.

1) Психологиялық жағынан тұлғаның психологиялық процестері мен жағдайларының және қасиеттерінің бірлігін қарастырады. Мұндағы ең бастысы - тұлғаның психологиялық қасиеттері (бағыттылығы, темпераменті, мінезі, қабілеті) .

Тұлғаның бойындағы барлық психологиялық жағдайлардың пайда болуы, психикалық процестердің жүруі және психикалық белсенділік дәрежесі осы қасиеттерден бастау алады. Әрине, студент тұлғасын зерттеуде, осылармен бірге индивид ретіңдегі ерекшеліктерін де ескеру қажет.

2) Әлеуметтік жағы студенттің белгілі бір әлеуметтік топқа, ұлтқа жататындығына байланысты анықталған қоғамдық қатынастар мен қасиеттерінен көрінеді.

3) Биологиялық жағы жоғары жүйке іс-әрекетінің типін, анализаторлардың құрылымын, шартсыз рефлекстер мен инстинктерді, дене күшін, дене құрылымын, бойы мен бет әлпетін, тері мен көздің түсін т. с. с. биологиялық сапаларды қарастырады. Бұл сапалар туа пайда болатын нышандар мен тұқым қуалау арқылы берілетіні белгілі, дегенмен, өмір жағдайлары да оның өзгеруіне әсер етуі мүмкін.

Осы үш жақты зерттеу студенттің сапалары мен мүмкіндіктерін, оның жас ерекшелігі мен тұлғалық ерекшеліктерін айқындауға көмектеседі. Егер студентті жас шамасы жағынан қарастырсақ, ол қарапайым, аралас және сөз арқылы берілетін сигналдарға деген реакциясының латенттік кезеңінің қысқалығымен, күрделі психомоторлық және басқа да дағдыларының пайда болу икемділігімен сипатталады.

Студенттік кезең жас кезеңдерінің ішіндегі бозбалалық кезеңге сай келетіндіктен оперативтік есте сақтауы мен зейінінің ауысу жылдамдығы, сөз-логикалық есептерді шешу шапшаңдығы жоғары болады. Сөйтіп, студенттік жас кезеңі ең жоғарғы, биік нәтижелерге жетумен сипатталады. Студенттік жылдар тұлғалық қалыптасуға ғана емес, тұлғалық дамудың жоғары дәрежелеріне жетуге мүмкіндік беретін кезең болып саналады.

Студент өзін тәрбиелеу арқылы өзіндік сананың құрамына енетін нормалар, идеялар мен құндылықтарының мазмұнын толықтырады. Өйткені бұлар мәні жағынан қоғамдық болып табылатындықтан, тұлғаның жеке құндылықтары мен идеялары, нормалары дәрежесіне жету арқылы оны қоғамдық сананың бір бөлшегіне айналдырады. Сөйтіп, тұлға өзінің іс-әрекеті мен қарым-қатынасына қажетті жеке стилін калыптастырады. Стиль-индивидтің дене күші мен психикалық жағынан неғұрлым аз мөлшерде энергия жұмсай отырып, көздеген мақсаттарына жетуіне көмектесетін іс-қылық тәсілдерінің жүйесі. Ал, өмірлік стиль деп белгілі бір тұрақтылықпен сипатталатын мінез-құлықтық жүйені айтады. Тұлғаның өзін басқаруы осындай стиль түрінде қалыптаса отырып, саналы бақылаудан "босайды". Әрине, бұл жағдайда ерік күшінің рөлі мен маңыздылығын атап өтуіміз қажет. Ерік күші тұлғада пайда болатын (іс-әрекеттің немесе қарым-қатынастың мазмұнына қарай) түрлі түрткілерге тәуелді болады. Сондықтан да, өзін сақтау және қоғамдық міндетін орындау сияқты түрткілер арасындағы тартыста тез шешім қабылдау тұлға үшін оңай бола бермейді. Өзін өзгерту, өзін қайта тәрбиелеу мәселелері де қалыптасқан әдеттерді күшпен өзгерту қажеттілігіне апарып соқтырады. Тұлға әдеттенген мінез-құлығы үшін энергияны аз жұмсайтыны анық, бірақ онысы мотивациялық дәрежесі жағынан төмен болып шығады. Жоғары дәрежелі мотивацияға жету үшін субъект озінің бұрынғы өміріне қатысты мінез-құлық әрекеттерін түбірімен өзгертуге дайын болуы керек. Өміріндегі түрлі кедергілер, өз жетістіктеріне қанағаттанбаушылық кез-келген саналы адамды өзін өзгертуге, қайта тәрбиелеуге жетелейді. Мұндай жағдай барлық жас кезеңінде кездессе де, студент үшін дәл осы мәселеге міндет ретінде бас тартуға болмайтындай дәрежеде кездеседі. Оның негізгі себептері төмендегідей:

1. Студент жаңа өмірге аяқ басты, сондықтан өзін ересек сезіну, ересектер өміріне ену, өзін көрсету мен өзгелерді де көре білу міндеттері пайда болды;

2. Оқу үлгеріміне, қоғамдық белсенділікке, студенттік ұжым ішінде өзіндік орнын анықтауға байланысты мәселелерді шешу қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін іздейді;

3. Кәсіби білім алуға, кәсіпкер маман болуға талаптанады (талпынуы қажет) .

Егер студентті тұлға жағынан қарастырсақ, 18-20 жас аралығы - адамгершілік пен эстетикалық сезімдердің өте белсенді дамуымен, мінезінің қалыптасуы мен тұрақтануы арқылы ересек адамның азаматтық, кәсіби еңбек сіңіретін кезеңі болып табылады. Бұл уақытта, демографтар атап көрсеткендей, адамның өз бетімен өндірістік іс-әрекетке араласатын, еңбек жолын бастайтын және жеке отау құру мәселелерін қамтитын "экономикалық белсенділік" бастау алады. Біріншіден, студенттің мотивациясының өзгеруі, құндылық бағдарлар жүйесіндегі өзгерістерді, екіншіден, кәсіп алуына байланысты арнайы қабілеттіліктің пайда болуы бұл жас кезеңін адамның мінезі мен интеллектісінің қалыптасуының орталық кезеңі етіп ерекшелейді. Бұл - спорттық рекордтардың, көркемдік, техникалық және ғылыми жетістіктердің басталу уақыты.

Студент тұлғасын зерттеуге арналған еңбектерде ішкі жан дүниесінің қарама-қайшылығы, өзіндік жеке өмір ерекшелігін табу мен айырықша жеке тұлғалығының қалыптасуындағы қиындықтар атап көрсетіледі.

Адамдардың бірдей еместігі қандай аксиомалық түсінік болса, студент жастардың да әркелкі дамуы жағдайлары да сондай түсінікті нәрсе. Біз осыған дайын психикалық дамуы мен адамгершілік қалыптасуы нормаға сай немесе түсінігі жоғары, қабілеті жеткілікті, белсенділігі бар жастар жайында сөз етсек, енді психикалық жағдайы нашар немесе түсінігі мен қабілеттілігі шамалы болған жағдайындағы студенттердің тұлғалық дамуын ұйымдастыру мүмкіндіктеріне тоқталып көрейік.

Тұлғалық дара ерекшеліктеріне (темперамент, мінез, қабілет) және өмір жағдайларына (материалдық, моральдық), өзгермелі өмір сипаттарына (стрес, күйзеліс, көңіл-күй) карай студент жастардың оқу мен қоғамдық істегі белсенділігі төмендеп кетіп жататыны бар. Міне, осындайда психология ғылымының көмегі зор. Әсіресе, психодиагностикалық зерттеу мен психологиялық кеңес түрлерінің маңызы ерекше. Бұл екеуін студенттің тұлғалық дәрежесін көтерудің негізгі факторлары ретінде бағалауға болады. Студенттік жас кезеңіңде интеллектуалдық және дене күштерінің дамуына оңтайлы жағдайлар мол. Бірақ осы мүмкіндіктер мен олардың іске асырылуы арасында сәйкес келмеушіліктер де жиі кездесіп қалады. Осындай сәттер, яғни, шығармашылық мүмкіндіктер мен интеллектуалдық және дене күштерінің дамуы, сонымен бірге сырт келбетінің тартымдылығы жастарда осылайша "өсе беру" өмір бойы бола беретіндей, жақсылықтың бәрі алда әрі оған жету оп-оңай сияқты көріне бастауы ғажап емес.

Студенттердің психология пәнін, әсіресе, түрлі тәжірибелік жұмыстарды ұнататыны жасыратын нәрсе емес. Тек осы ниеттерді психология пәнінің оқытушысы пәнді жетік меңгеруге ұтымды пайдалана білгені жөн. Психология пәнін меңгертудің қазіргі заманғы озық әдістемелері бұл міндетті шешудің бірден-бір құралы болып табылады. Соның ішінде теория мен тәжірибені ұштастыра оқытуды ұйымдастырудың мүмкіндіктері мол. Психология пәні жоғары оку орнындағы барлық мамандық бойынша оқытылып, болашақ мамандардың психологиялық сауаттылығы бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отыр. Көп салалы психология курсының қай-қайсысы болмасын студенттің тұлғалық дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Дегенмен, пәнді оқытудан басқа, жоғарыда айтып өткеніміздей, психодиагностика мен психологиялық кеңесті тиімді ұйымдастырудың да студенттің тұлғалық дамуына тигізер ықпалы мен пайдасы зор екендігіне назар аударсақ, көзіміз мыналарға жетеді:

а) Психодиагностикалық зерттеу студенттің өзі туралы білімін толықтырады;

ә) Зерттеудің нәтижесін талдау арқылы студент өзін түсінуге, тануға мүмкіндік алады;

б) Психологиялық кеңес зерттеу нәтижелерінің мазмұнына байланысты тұлғалық дамуды әрі қарай дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі;

в) Психологиялық кеңес тәсілдері тұлғалық қалыптасуды ұйымдастырумен бірге, дамуды жетілдіруге, тұлғалық жағынан өсуге көмектеседі.

Аталған психологиялық көмек түрлері негізінен психологиялық қызмет көрсету орталықтарының, психолог-практиктердің еншісіндегі мәселе болғанымен, тәжірибелі психолог-оқытушы үшін сапалы оқу әдістемелерінің бірі ретінде қарастырылуына да толық мүмкіндік бар.

Қазіргі біздің қоғамымыздың дамуы мен өзгерістерінің барысында білім беретін жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандарды дайындау, тәрбиелеуде, оларға білім беруді қайта құру жолында жаңа заманымыздың мұрат - мүддесіне орай психологиялық - педагогикалық ғылым алдында аса жауапты да маңызды міндеттер тұр. Мұндай міндеттерді шешу үшін, мектептердегі, жоғарғы оқү орындарындағы тәрбие жұмыстарының сапасын жақсарту мәселелерін түбегейлі зерттеуді қажет етеді. Осыған орай істің мәніне ықпал етуші факторларды жан - жақты ескерудің маңызы айрықша.

Жоғарғы оқу орындарында нағыз маманның қалыптасып, оның тұлғасының дамуындағы күрделі процесте оқытушының атқаратын рөлі ерекше. Бұл мәселені зерттеушілерге (А. А. Бодалев, З. Ф. Есарева, Н. Ф. Кузьмина) жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың кәсіптік іс - әрекетінің көзі тәрбиелік қарым - қатынас болып табылады. Оқытушылардың студенттермен тәрбиелік қарым - қатынасы нәтижесі студенттің тұтас, жан - жақты әлеуметтік - белсенді тұлға ретінде қалыптасуы, жоғарғы оқу орнын жетістікпен аяқтау мақсатының орындалу дәрежесін анықтайды.

Сонымен студент тұлғасының қалыптасуында оқытушымен өзара дұрыс қарым - қатынас үлкен рөл атқарады. Бірақ кейде осы күрделі қарым - қатынаста қарама - қайшылықтар, кедергілер нәтижесіндегі конфликтілер, тұлғааралық түсініспеушіліктер жиі туындайды. Осы мәселені анықтау барысында арнайы жүргізілген психологиялық зерттеулер студенттер мен оқытушылар өзара қатынасында эмоционалды және тұлғааралық түсініспеушілік тұрғысында әрқилы кедергілердің болатындығын анықтады. әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу тәлім - тәрбие ісіндегі маңызды мәселе болып саналады.

Жастық әлеуметтік қажеттілікпен ерекшеленеді. Бұл жас кезінде қарым - қатынаста үлкен белсенділік танытады. Студент кезеңінде тұлға санасыз түрде топ арасында достық қарым - қатынас басқа тұлғамен орнатуға тырысады. Он сегіз - жиырма үш жас аралығында тұлғалық жетілудің ең шыңы болып табылады.

Э. Эриксон бойынша бұл жас кезеңіндегі негізгі мақсат - сәйкестілікке жету. Сәйкестілік ол толығыменен өз принциптері мен приоритет. Әр әрекеті мен түрлі қарым - қатынаста өзіне сенімді болатын, өзіне не қажетті екенін және соған жету үшін, қандай әрекет жасау керек екенің білетін - студент тұлғасы. Жастық - үлкен махаббатпен, тығыз достық және отбасы құруға жар іздеу уақыты. Жастық жар аралығы уақыты тұлғаның бағалы бағдары саналанған және әлеуметтік тәуелсіздікте болады.

Американ психологы Вайленттің зерттеуі бойынша, жас кезеңіндегі ерекшелігі, қарым - қатынаста ашықтық және ұйымдастыру қабілетінің болуы. В. И. Слободчикова мен Е. И. Исаев бойынша жастық кезеңді «өз өмірінің авторы» атап кетеді. Яғни, өз өміріңді ойластыру, өзіңнің қабілетіне байланысты шынайы өмірлік жоспар құру, жасыңның үлкендігін саналы меңгеру, отбасы құру үшін жар таңдау, мұның барлығы қоғамдағы негізгі іс - әрекет. Студенттік жас бұл жастық жас кезенің қамтиды. Бұл жаста мамандық және ғылыми мамандық негізгі жүргізуші іс - әрекет.

Б. Г. Ананьев бойынша, осы жас кезеңі белсенді психика дамуы мен өзін оқыту маманы ретінде ерекше кезеңі.

ЮНЕСКО - ның берілген ақпараты бойынша, дүние жүзінде қазіргі таңда студент саны көбеюде. Мысал үшін 1980 жылы - 46 млн. болса; 2000 жылы 79 млн. ; ал 2015 жылы 97 млн. студент болды. Осы жұмыста қарастырылатын мәселенің болашақтағы ауқымы, қандай көлемді болатыны көрсеткіштер арқылы көруге болады. Студенттік жас - қоғамның ішінде ерекше категория болып табылады, оларды біріктіретін ортақ белгі - жоғарғы білім институттары. Олардың жоғарғы интелектуалдылқ деңгейі мен танымдық мотивацясы мамандыққа бағыттылығы мен ерекшеленеді. Дүние жүзінде студент жастарының қоғам өміріне белсенді араласатыны, бұл жастардың тұлғалақ ерекшеліктерінің айқындылығында. Студент жастар қазіргі заман талабына сай болуына тырысуда. Үлкен мемлекет, университет деңгейіндегі іс - шараларға студенттер араласуда, бұл тұлғалақ ерекшеліктің бірден - бір қасиеті. Бұдан студенттердің ұйымдастыруға, басқаруға және сонымен қатар бағынуға қабілетінің бар екенін аңғаруға болады. Студенттің жоғарғы курста негізгі бағыты - мамндықты игеру, теориялық және практикалық қызығушылығы артады. Осы жас кезінде жастар қаншалықтыортада өз қабілеттерін қолдана алса, соншалықты өзіндік тұлғалықдамуы артады. Ал, бұл адамға интеллектуалды, моральды және рухани дамуына мүмкіндік береді. Студентке маңызды болып келетіні - оқу ордасы. Сонымен қатар сол оқу одасындағы құрдастарымен, ұстаздармен және басқа тұлғалармен достық, кішіпейілділік қарым - қатынас орната алудың маңызы өте зор.

И. Ф. Исаевтың айтуы бойынша «көптеген студенттерге жоғарғы белсенділікпен қоса, кейбіреулеріне инфантильдік, жауапкершіліктің жоқ болуы көрініс табады. Сонымен қатар кейбіреулерінде өзіндік бағалаудың жоғарылап кетуі, ал ол өз алдына тұлғаның жаңа ортаға енуіне, құрдастарымен және оқытушылармен тіл табысуына кері ықпалын тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық сананы қалыптастыру
Қарым-қатынас психологиясы пәнінен дәрістер
Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасты қалыптастырудың психологиялық негізін анықтау
Жоғарғы оқу орнындағы лекция және оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формалары мен әдістері
Қазақстандағы білім беру мәселелері
Психологиялық қарым-қатынас және оның құрамы
Дирижерлық өнер орындаушылықты өнердің бір түрі
Жоғары мектеп педагогикасы (дәрістер жинағы)
Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz