Психологияда тұлға мәселесі



I. Жеке тұлга туралы тусінік

ІІ. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторлар

ІІІ. Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы

Пайдаланылған әдебиеттер
Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)
Адам — өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі — оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға — бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды, олар оны «Мен -жүйе» немесе жай ғана «Мен» деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері — оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
1. Қ.Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы-2002 жыл.
2.Жарықбаев Қ. Б. Психология. Алматы «Білім» 1993ж
3. Алдамұратов Ә. Рақымбеков Қ, Іргебаева Н, Бапаева М. Нығыметова Г,Түрікпенов Ж. Жалпы психология. А, Білім. 1996ж.
4. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека "Актуальные проблемы педагогики и психологии". - М.: Знание, 1970. Вып.2.
5. Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Психологияда тұлға мәселесі

Жоспар

I. Жеке тұлга туралы тусінік

ІІ. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторлар

ІІІ. Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы

Пайдаланылған әдебиеттер

Жеке тұлга туралы тусінік
Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)
Адам -- өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. Әлеуметтік мұрагерлік адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Психологияда жеке тұлға деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі -- оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға -- бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың өзегі бар деп мойындайды, олар оны Мен -жүйе немесе жай ғана Мен деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері -- оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда адам, жеке тұлға деген ұғымдардың қатары даралық деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым -- индивид. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -жекелік. Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. Жеке тұлға ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз -- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы -- оның
бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлкын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипатгайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсінген дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім беру жетекші рөл атқарады.
Педагогика мен психологңяда жеке тұлғаның қалыптасуы термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оньщ пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты касиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз -- бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір тұр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор -- баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктін тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда -- адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер).
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі суреттегідей болып бөлінеді (сурет 1). Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикшіық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орта бұл -- баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол -- адамды әрдайым коршайтьщ және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторлар
Тұлғаның дамуы дегеніміз - адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жеке жүйесі мен психикалық дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі оның дүние танымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланыстық процес.
Сонымен адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыты - биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Жеке тұлғаның дамуына әсер етуші факторлар мыналар:
1. Тұқым қуалаушылық.
2. Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік).
3. Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие.
4. Тұлғаның іс-әрекеті
Американдық психолог және педагог Э. Торндайктың пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқым қуашылық ғана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға көздері, тістері және саусақтарының сияқты дүниеге келгеннен-ақ беріледі.
Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттілігі нышанының берілуін айтамыз. Ата-аналарынан балаларына тұқым қуашылық арқылы:
-- дене бітімінің ерекшеліктері;
-- шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;
-- қан тобы, резурс-фактор;
--бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері, психикалық процестердің өту ерекшеліктері;
-- қан аурулары, қат диабеті, кейбір эндокриндік бұзушылықтар;
-- кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.
Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер ететін, өз өміріндегі жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырылады.
Орта деп бізді айнала қоршаған бүкіл дүниені айтады.
Биологиялық және географиялық орта адамның дене бітіміне, денсаулығына, бет пішіміне, тері қабатының түсуіне айналысатын еңбек түрлерінің пайда болуы мен қалыптасуына, салт-дәстүрлердің пайда болуына ықпал етеді.
Әлеуметтік орта сол орта үшін құңды болып табылатын бүкіл адами қасиеттер мен қабілеттермен, табиғатпен, адамдармен, қоғаммен қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.
Тұқым қуалаушылық пен ортаның адамға ықпалы мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие арқылы түзетіледі. Тәрбиенің тиімділігі оның мақөсаты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.
Джон Локк бойынша, бала жаны табиғатынан - ақ тақта сияқты таптаза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде ол тәрбиенің маңызын көрсетті.
В.Г. Белинский тұжырымдауынша, өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен жазы құралына және сол тақтаның өз саласынан байланысты деп жазды. Мұнда ол тәрбиенің ролін аса дәріптеді.
Тәрбиенің тиімділігі оның мақсатты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес, тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.
Іс-әрекет деп адамның бүкіл айналысатын, шұғылданатын істерінің барлығын айтады. Адамның өз қолымен жасап көрмеген іс-әрекетті оның санасында із қалдырмайтын. Іс-әрекет бағыттарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- танымдық іс-әрекет;
- қоғамдық іс-әрекет;
- спорттық іс-әрекет;
- көркем өнерлік іс-әрекет;
- техникалық іс-әрекет;
- қолөнерлік іс-әрекет;
- гедоникалық іс-әрекет.
Тұлғаның кеңестік концепциялары егер вариациялары болса онда келесі жалпы теориялық пункттерде қосылады:
1. Тұлғада биологиялық айналдырылған формада әлеуметтік ретінде өмір сүреді. Табиғи (органикалық) сипаттамалар тұлға құрылымында оның әлеуметтік шарттанған элементтері сапасында болады.
2. Тұлғаның белсенділігі ситуацияға алғашқы берілген шектеулерді түсіруге әкеледі. Мақсатқа жету жолындағы кедергілер мен шектеулер оларды жеңуге бағытталған ерекше іс-әрекетті оятады.
3. Тұлға деген ол индивидтің социумда алған жүйелік сапасы. Өзіндік ұйымдасудың осы арнайы формасы туа берілген индивидтік қасиеттердің үстінде орналасады.
4. Тұлға орнықты тұлғааралық байланыстар жүйесінде ғана түсінікті болады. Кеңестік психологияның базалық жағдайларының негізінде (А.Н.Леонтьев) бұл байланыстар бірлескен іс-әрекеттің мағынасымен, мазмұнымен, құндылықтарымен жанамаланады.
5. Максимализация постулаты: тұлға индивидтің максималды персонализацияға ұмтылуынан туады (А.В.Петровский) Осы постулаттан теориялық гипотезалар туындайды:
а) индивидуалдылығын белгілеу жоспарында құндылықтары бар индивид қабылдаған кез келген бастан кешірулер қажеттілікті персонализацияға маңыздандырады және басқаның мәнділігін іздеумен анықталады онда индивид идеалды түсініктерді алуы мүмкін;
b) индивид қарым-қатынастың кез келген ситуациясында өзінің индивидуалдылығын таратуға және анықтауға ұмтылады, осы нақты жағдайда персонализация мүмкін болады. Оны жүзеге асырудың мүмкін болмауы өзінде жаңа мүмкіндіктерді іздеуге апарады немесе заттық іс-әрекетте өзін табуға апарады;
с) қарым-қатынастың екі немесе оданда көп серіктестерінен субъект максималды адекватты персонализацияны қамтамасыз ететін адамды дұрыс көреді. Соған ұқсас ұзақ персонализацияны қамтамасыз ететін адамды артық көру табылады.
6. Тұлға дамуының индивид аралық қатынастар жүйесінде туындаған қайнар көздері қажеттілік пен персонализацияның арасындағы қайшылық ретінде өмір сүреді.
7. Тұлға онтогенездің сатыларында иерархиялық орналасқан топтарда қалыптасады. Тұлға дамуының сипаты ол қосылған топтың даму деңгейімен сипатталады.
Көптеген әртүрлі тұлға теориялары бар оларда тұлға мәселесі әртүрлі қарастырылады. Мысалы психоаналитикалық теория дамуды қоғамдағы өмірге адамның биологиялық табиғатының адаптациясы ретінде, қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері мен қорғаныс механизмдерін жасау деп түсінеді.
Қырлар теориясы тұлғаның барлық қырлары өмірде қалыптасады, ал олардың туындау процесі, өзгеруі мен тұрақтануы биологиялық емес заңдарға бағынады деген тұлғаның дамуы туралы түсініктерге сүйенеді.
Әлеуметтік үйрену теориясы тұлғаның дамуы адамдардың тұлғааралық өзара әрекет тәсілін қалыптастыру ретінде түсінеді. Гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны Меннің қалыптасуы процесі ретінде талдайды.
Алайда тұлғаның даму мәселесін қарастырған позициялар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық психология категориялаы мен зерттеу әдістері
Әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері
Жоғары психикалық функциялар
Іс -әрекет психологиясын қалыптастыруға қажетті негіз
Рефлексия - тұлғаның өзіндік тануының жолы мен формасы
Ұжым психологиясы мәселесі
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Тұлға және топ
Педагогикалық психология категориялары мен зерттеу әдістері
Дифференциалды психология
Пәндер