Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І.1 Когнитивтік лингвистика ғылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І.2 Қоғамдық гуманитарлық ғылым бағытындағы антропоцентризм парадигмасы және когнитизм бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
І.3 Когнитивті лингвистика мәселесіндегі метафора теориясы ... ... ... ... ... 51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Тіл білімінің адамның танымдық парадигмасы тұрғысынан қарас-тырылуы - қазіргі күндегі лингвистиканың ең үлкен жетістіктерінің бірі.
Тіл – ұлттың вербалданған қазынасы, ол ақпараттарды жинақтап, жүйелеп, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырады. Когнитивті лингвистика - әлем туралы, әлеуметтік жағдай туралы,тілдік қарым-қатынас жайлы ғылым. Соңғы жылдары орыс тіл білімінде Н.Д.Арутюнова, А.П.Бабушкин, Н.Н.Болдырев, Г.И.Берестнев, Г.А.Волохин, Е.С.Кубрякова, З.Д.Попов, Ю.С.Степанов, И.А.Стернин, В.Н.Телия және т.б. монографиялары мен ғылыми еңбектері жарияланып келеді.
Қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Ж.Манкеева және т.б. ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысаны – концепт. Концепт – адам әлемінің тілде көрініс табатын ұлттық-мәдени белгілері. Ұсынылып отырған оқу құралында концепт және т.б. басты ұғымдарға түсінік беріл-ген. Тіл білімінде осы күнге дейін пайда болған ғалымдардың теория-ларына, тұжырымдарына, пікірлеріне шолу жасалған. Концептілік талдау-дың үлгілері көрсетілген. Студент бұл оқу құралынан өзіне қажетті мате-риалдарды таба алады.
Адамның ойлау заңдылықтарын зерттеумен логика, философия, психология ғылымдары айналысып келген. Философияның гносеология саласы - таным теориясын зерттейтін сала. Когнитивті лингвистика зерттеу обьектісі жағынан аталған салалармен тығыз байланыста қарастырылады. Ғылымда когнитивтік бағыт пайда болғалы бері шындық болмыс адам танымымен тығыз байланысты қарастырыла бастады. Когнитивтілік – адамның ақыл-ойы мен ментальдық үрдісін өзіне зерттеу обьектісі етіп алған ғылыми бағыт. Бұл - білім, таным, адамның дүниені қабылдау ерекшеліктерін қарастыратын ғылым.
Белгілі американдық ғалым Н.Хомский былай дейді: «Когнитивная революция относится к состояниям разума / мозга и тому, как они обусловливают поведение человека, особенно к когнитивным состояниям: состоя-ниям знания, понимания, интерпретаций, верований и т.п.» /1/.
Білім және ақпараттар жиынтығымен байланысты болған үрдісті біз когниция деп атаймыз. «Интеллектуалдылық», «ментальдылық» дегендеріміз мұның синонимі ретінде қолданылады. Когнитивтік тұрғыдан қарастыратын болсақ, адам ақпараттарды өңдейтін жүйе ретінде қарастырылады.
Қазіргі зерттеулер когнитивтіліктің бірнеше бағыттың басын қосатындығын айқындап отыр. Олар: когнитивтік психология, мәдени антропология, жасанды интеллектіні модельдеу, философия, нейроғылымы, лингвистика және т.б.
1. Хомский Н.2003, - с. 243.
2. Платон. Кратиль.
3. Harman G. Cognitive sciense // The making of cognitive Sciense. – Cambridge, 1988. Р. 43.
4. Кубрякова Е.С. О понятиях дискурса и дискурсивного анализа в современной лингвистике: Обзор// Дискурс, речь, речевая деятельность: функциональныеи структурные аспекты: Сб. образов. –М., 2000.
5. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. –Минск: ТетраСистемс, 2004.
6. Гиздатов Г. Типология и динамика когнитивных моделей в речевой деятельности. Дисс. докт. филол. наук. –А., 1999.
7. Жаманбаева Қ.Ә. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. –А.: Ғылым,1998. -140 б.
8. Манкеева Ж.А. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным, -А., 2004. -28 б.
9. Момынова Б. Қазақ тіліндегі қоғамдық - саяси лексика (әлеуметтік-бағалау-шылық, сөзжасам). –А., 1998.
10. Ислам А. Мифологияда көрініс тапқан дүниетанымдық құндылықтар // Конф. жинағы.56-60 бб.
11. Әзімжанова Г. Көркем проза прагматикасы. –Алматы, 2005.
12. Жапақов С. Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері. КДА.-А., 2003.
13. Ақаев С. Сөздің когнитологиялық сипаттары. –А., 2003.
14. Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі. КДА. –А., 2006.
15. Зайсанбаева Г.Н. Метафоралы аталымдардың когнитивтік аспектісі. КДА. –А., 2004.
16. Петров В. В. Из истории чувашских до христианских имен // Советская тюркология. -1988. №4.
17. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-А., 1999.
18. Жұмабаев М. Педагогика. –А., 1992.
19. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –А., 1992.
20. Мұхаметханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында. –А., 1959.
21. Копыленко М. Основы этнолингвистики. –Алматы: Евразия, 1995. -178 с.
22. Қайдар Ә.Қазақ тілінің өзекті мәселелері: Актуальные вопросы казахского языка. –Алматы.:Ана тілі., 1998. -304 б.
23. Телия В.Н. Коннотативный аспект семантики номинативных единиц. –М., 1986.
24. Степанов Ю.С. Константы. Словарь русской культуры. –М., Академический проект. 2001. -990 с.
25. Солнцев В.М. Язык как системно - структурное образование. –М., 1971. –с. 292.
26. Жуминова А.Б. Тезаурус языковой личности поэта О.Сулейменова. Дисс. канд. фил. наук. 2004, с151.
27. Павиленис Р.И. Проблема смысла: Современный логико-философский анализ языка. –М.: Мысль, 1983. -286 с.
28. Лаккоф Дж.Мышление в зеркале классификаторов // Новое в зарубежной лингвистика.-М.,1988-вып.13-с-308.
29. Минский М., Фреймы для представления знаний.М. 1979., с.160
30. Белявская С. Семантическая структура слова в номинативном и коммуника-тивном аспектах (когнитивные основания формирования и функционирования семантической структуры слова): Дисс. докт. фил.наук. –М., 1992. -401 с.
31. Маслова В.А. Лингвокультурология. -М.,2001.,с.256.
32. Harman G. Cognitive sciense // The making of cognitive Sciense. – Cambridge, 1988. Р. 43.
33. Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. –А., 2008
34. Оразбаева Ф.Тілдік коммуникация негіздері. -А., 1995.
35. Салқынбай А. Тіл. Таным. Тағылым. –А., 2008
36. Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылым-дар. ФҒК... дисс. автореф. –А., 2000. -27 б.
37. Керімбаева С. Е. Ономастическая экспликация мифологической модели мира в казахском языке. Автореферат. дис. канд. фил. наук. –Алматы, 2004. -27 б.
38. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А.: Жазушы., 1984. -278 б.
39. Уәлиханов Ш. Таңдамалы.-Алматы.:Жазушы.,1985,-388 б.
40. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. –Алматы.: Білім., 2000, -336 б.
41. Қайырбекова Ұ. Сөз-символдардың лингвомәдениеттанымдық мәні // «Қазақ халқының рухани мәдениеті: зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері» Халық-аралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. –Шымкент, 2008. 259-263 бб.
42. Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері. –А., 2006.
43. Қондыбай С. Арғы қазақ мифологиясы. Төртінші кітап. –А.: -Дайк Пресс, 2004, -504 б.
44. Уәлиев Н. Жұмбақ жетілер // Жалын. –Алматы. -1988. -№3.105-106 бб.
45. Мелетинский Е.М.Поэтика мифа. –М., Наука,1976. - с.327.
46. Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі. –А.:Арыс. 2006. -168 б.
47. Леонтьев А. Надгробное слово «чистой» лингвистике // Лингвистика на исходе ХХ века: Итоги и перспективы. –М., 1995, Т.2. с.20.
48. Сулейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике. –Алма-ата.: Мектеп., 1989. -160 с.
49. Колшанский В.Г.Обьективная картина мира в познании и языке. –М: Наука, 1990. –с.281-307.
50. Уорф Б. Отношение норм поведения и мышления к языку // Новое в зарубежной лингвистике. –М., 1960. –Вып. 1. –с. 174.
51. Брутян А. Языковая картина мира и ее роль в прзнании // Методологические проблемы анализа языка. –Ереван, 1976. –с.57-76.
52. Телия В.Н. К проблеме связанного значения слова: гипотезы, факты, перспек-тивы // Язык- система, язык-текст, язык-способность. –М., 1995. с.25-36.
53. Ниятова Ш.С. Махамбет ақын тілдік тұлғасының концептосферасы. ФҒК дисс. автореф. –А., 2006.
54. Маккрмак Э. Теория метафора. –М., 1990.
55. Ченки А. Семантика в когнитивной лингвистике // Современная Американская лингвистика: фундаменталь-ные направления. 1997. с. 340-355.
56. Қасым Б. Сөзжасам: семантика.Уәждеме. –А.,2003. -167 б.
57. Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы. -Алматы, 1966.
58. Зайсанбаева Г.Н. Метафоралы аталымдардың когнитивтік аспектісі. КДА. -А., 2004.
59. Телия В.Н. Метафоризация и ее роль в создании языковой картины мира // Роль человеческого фактора в языке. –М.: Наука, 1988, С.172-204.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері -58 бет
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
І. НеГІЗГІ БӨЛІМ
І.1 Когнитивтік лингвистика ғылымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..4
І.2 Қоғамдық гуманитарлық ғылым бағытындағы антропоцентризм парадигмасы және когнитизм бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...27
І.3 Когнитивті лингвистика мәселесіндегі метафора теориясы ... ... ... ... ... 51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
КІРІСПЕ
Тіл білімінің адамның танымдық парадигмасы тұрғысынан қарас-тырылуы - қазіргі күндегі лингвистиканың ең үлкен жетістіктерінің бірі.
Тіл - ұлттың вербалданған қазынасы, ол ақпараттарды жинақтап, жүйелеп, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырады. Когнитивті лингвистика - әлем туралы, әлеуметтік жағдай туралы,тілдік қарым-қатынас жайлы ғылым. Соңғы жылдары орыс тіл білімінде Н.Д.Арутюнова, А.П.Бабушкин, Н.Н.Болдырев, Г.И.Берестнев, Г.А.Волохин, Е.С.Кубрякова, З.Д.Попов, Ю.С.Степанов, И.А.Стернин, В.Н.Телия және т.б. монографиялары мен ғылыми еңбектері жарияланып келеді.
Қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Ж.Манкеева және т.б. ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысаны - концепт. Концепт - адам әлемінің тілде көрініс табатын ұлттық-мәдени белгілері. Ұсынылып отырған оқу құралында концепт және т.б. басты ұғымдарға түсінік беріл-ген. Тіл білімінде осы күнге дейін пайда болған ғалымдардың теория-ларына, тұжырымдарына, пікірлеріне шолу жасалған. Концептілік талдау-дың үлгілері көрсетілген. Студент бұл оқу құралынан өзіне қажетті мате-риалдарды таба алады.
Адамның ойлау заңдылықтарын зерттеумен логика, философия, психология ғылымдары айналысып келген. Философияның гносеология саласы - таным теориясын зерттейтін сала. Когнитивті лингвистика зерттеу обьектісі жағынан аталған салалармен тығыз байланыста қарастырылады. Ғылымда когнитивтік бағыт пайда болғалы бері шындық болмыс адам танымымен тығыз байланысты қарастырыла бастады. Когнитивтілік - адамның ақыл-ойы мен ментальдық үрдісін өзіне зерттеу обьектісі етіп алған ғылыми бағыт. Бұл - білім, таным, адамның дүниені қабылдау ерекшеліктерін қарастыратын ғылым.
Белгілі американдық ғалым Н.Хомский былай дейді: Когнитивная революция относится к состояниям разума мозга и тому, как они обусловливают поведение человека, особенно к когнитивным состояниям: состоя-ниям знания, понимания, интерпретаций, верований и т.п. 1.
Білім және ақпараттар жиынтығымен байланысты болған үрдісті біз когниция деп атаймыз. Интеллектуалдылық, ментальдылық дегендеріміз мұның синонимі ретінде қолданылады. Когнитивтік тұрғыдан қарастыратын болсақ, адам ақпараттарды өңдейтін жүйе ретінде қарастырылады.
Қазіргі зерттеулер когнитивтіліктің бірнеше бағыттың басын қосатындығын айқындап отыр. Олар: когнитивтік психология, мәдени антропология, жасанды интеллектіні модельдеу, философия, нейроғылымы, лингвистика және т.б.
Когнитивті ғылымның негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, бағыттары мен ұғымдарына алғаш рет көңіл бөлген шетелдік ғалымдар болатын. Дж. Миллер когнитивті ғылымды ХХ ғасырдың 50 жылдарында дүниеге келген ақпараттар теориясының симпиозиумы деп бағалаған. 1963 жылы Гарвард университетінде американдық профессор Дж. Брунер, Дж. Миллермен бірге когнитивті зерттеу орталығын ашады. Аталған орталық когнитивті лингвистика ғылымының негізін қалауға айтарлықтай үлес қосады.
ХХ ғасырдың ортасында когнитивтік лингвистика қазіргі антро-поөзектік парадигмадағы базалық білім деңгейінде қарастырылады. Осы бағытта біршама зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осының нәтиже-сінде Еуропада ХХ ғасырдың соңына қарай когнитивті ғылымның тео-риялық бағыттары жетіліп,терең зерттеліп, қанатын кеңге жая түседі. Осы тұста Дж. Лакофф, Р. Лангокер, Т. Ван Дейк, Дж. Хейман, Х. И. Шмидт, М. Джонсон, М. Витгенштейн, Г. Н. Кент сияқты шетелдік ғалымдардың когнитология саласына қатысты зерттеу еңбектері жарық көреді. Зерт-теушілер танымдық ғылымдар аясында тілдің Әлемдік тілдік бейне-сін сипаттаудағы қызметіне айрықша назар аударады.
Мәдениеттің, өркениеттің әр қилы кезеңдері мен дәуірлерінен өткен сайын тілдік ұжым мүшелері белгілі бір ақиқат дүниені тек логикалық - позитивтік түрде ғана емес, эстетикалық түрде де тани біледі және таныта алады. Сол ақиқат дүниенің сәулесін, ол туралы түсінік, ұғымды санада тұрақты таңбаланып қалыптасқан тілдік құралдардан басқа эстетикалық мақсатта қолданып, бейнелі құралдармен де таныту жағдайлары кездеседі. Осындай адам санасындағы ақиқат дүниені, сондай-ақ идеалды дүниені эстетикалық - көркем негізде таныту, әсіресе, өнермен тікелей байланысты шығармашылық таланты бар дарынды тұлғалардың ой жүйесінде туындайды.

І. НеГІЗГІ БӨЛІМ
І.І Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
Когнитивті лингвистика - тіл білімінің қоғамдық әлеуметтік орны мен ролінің күшеюіне орай, адамзаттың ой мен тіл, сана мен сөйлеу, таным мен тілдік қарым-қатынас процестерінің бірлескен әрекеті мен нәтижесінде тілші - ғалымдар алдына жаңа идея, тың ізденісті қажет еткен сала. Бұл - сала жалпы тіл білімі проблемаларымен де, сондай-ақ жеке тіл білімі мәселелерімен де тығыз байланысты сала.
Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып - білудің ғылыми-теориялық негіздерін қарастырады. Сондықтан когнитивті лингвистика тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әртүрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады.
Тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін, оның басты тұжырымдарын, басты қағидаларын меңгерту арқылы студенттердің ой-өрісін кеңейту пәннің мақсаты болып табылады.
Пәннің міндеті төмендегілерді қамтиды:
* тіл білімі мен когнитивті лингвистиканың бір-бірімен байланысын көрсету;
* когнитивті лингвистиканың бағыт-бағдарын айқындай келіп, оның басқа салалармен байланысын зерделеу;
* тіл біліміне қатысты таным теориясының негізгі қағидаларын игеріп, оны қоғамтану мен өміртануда дұрыс қолдана білу;
* когнитивті лингвистикаға байланысты ұғымдарды, терминдерді меңгеру, оларды нақты мысалдар мен деректер арқылы талдап көрсету;
* танымдық лингвистиканы оқыту барысында студенттердің ойлау қабілетін, қоршаған ортаны зерттеп тану қасиетін жетілдіру; олардың дүниетанымын кеңейту;
* ой, сана, тіл тұтастығы арқылы тілдік қатынасты жете меңгеру.
Когнитивтілік бізге не үшін қажет? Когнитивтілік дегеніміз:
* адамның ойлау механизмін зерттейтін бағдарлама;
* адамға әр түрлі каналдар арқылы жеткен ақпараттарды өңдеу жол-дарын зерттеу;
* ғаламның ментальдық моделін құру.
Когнитивті лингвистикада адам когнициясына басты назар аударылады. Мұнда адамның іс-әрекеті ментальдық модельдермен, символдармен байланысты қарастырылады. Когнитивті лингвистиканың өзекті мәселелерінің бірі - білім категориясы. Когниция - когнитивті лингвистикадағы басты ұғым. Ол лингвистикамен тығыз байланысты.
Когнитивті лингвистика антропоөзектік парадигма негізінде пайда бол-ды. ХХ ғ. екінші жартысында тілді адам танымымен байланысты қарастырудың қажеттілігі туды.
Ғалам жайлы түсініктердің қалыптасуы үш деңгейдегі психикалық қалыптың қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады: сезімдік қабылдау, түсініктің қалыптасуы, сөйлеу, ойлау үрдісі.
Когнитивті лингвистиканың мақсаты - қабылдау процесінің, катего-риалдылықтың, ғалам жайлы түсініктің қалай іске асатындығын айқындау.
Когнитивті лингвистика құрылымдық лингвистиканың негізінде дүниеге келді. Көптеген ғылымдардың тоғысуы нәтижесінде психолингвистика, этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика, когнитивті лингвистика, линвомәдениеттану секілді ғылымдар дүниеге келді. Бұл тіл біліміне өз әсерін тигізді.
Адамзат қоғамы дамып, өркендеген сайын оның таным-білімі, ой-өрісі арта түсетіні заңды құбылыс. Осымен байланысты санада қалыптасқан ұғымды таныту деңгейі де кеңейе түсетіні белгілі. Ақиқат дүниенің кез келген үзігінің (объектісінің) денотаты мен ситуациялары тіл арқылы санада таңбаланып сақталады және сол дүниені таныту үшін жұмсалады. Ал суреткер танымында ақиқат дүние үзігінің тілдік қолданыста кездеспейтін, яғни тіл арқылы санада тіркелмеген (фикция-ланбаған) ерекше денотаттары, ситуациялары кездесіп отырады. Сондық-тан қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мәселесі - біріншіден, санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндіру-дің әдіс-тәсілдерін қарастыру, екіншіден, логикалық-позитивті және эстетикалық таным-білімнің реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен ақпараттарын тіл арқылы іздеп айқындау. Бұл мәселе жан жақты зерттеуді қажет етеді. Осыған орай, тіл арқылы көрініс тапқан санадағы дүниелер бейнесін, яғни тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеу әлемдік тіл білімінде үлкен бақытқа айналған. Когнитолог - ғалымдар М.Минский, Е.С.Кубряков, Р.И. Павиленис, В. К. Нишанов, М. Холодная еңбектерінде когнитивтік талдаудың негізгі әдіс тәсілдері ұсынылған. Осы бағыт қазақстандық лингвист ғалымдардың зерттеулерінде де кеңінен қарқын ала бастады. Проф.Э.Д. Сүлей-менова тілдік таңбаның мағыналық, мазмұндық мәні арқылы ақиқат дүниені тану жағын қарастырса, Н. Ж. Жарқынбекова адамзаттың этно-ментальді дүниесінің тіл арқылы берілуін көрсетеді. Сонымен қатар ғалым Қ. Жаманбаева эмоция, гештальт - құрылым түріндегі концептілердің көрінісін талдайды. Ал Г. Г. Гиздатов сөз әрекетіндегі когнитивтік модельдердің типологиясын, С.Сүгірбекова Ұлпан романындағы концептілердің ұлттық - мәдени компонент-терін, С.Жапақов эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік сипатын, Ш. Елемесова байырғы ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуін, Н.Аитова қазақ тіліндегі түр - түс атауларының когнитивтік семантикасын, А. Сыбанбаева концептуалдық метафоралардың табиғатын, Ж.Б.Саткенова көркем шығармадағы кейіпкер тілінің когнитивтік мәнін, тілдік тұлға мәселесін тереңінен зерттеп, айқындап берді.
Дегенмен дүниенің бейнесін танытудағы тұлғалық не ұжымдық санада жинақталған білім, мәдени ақпараттардың құрылымын, оның жүйелену, топтасу механизмін анықтау, бұнымен қоса басты когни-тивтік бірлік - концептіні ұғымнан ажырату, оның санадағы бейнесі мен тілдік көрінісі мәселелерін айқындау, бір тұжырымға келу терең зерттеуді талап етеді.
Танымдық ғылымның бастауы өте ертеден тамыр тартатындығы баршаға мәлім.Оның негізгі нысаны таным мен ақыл, ой мен сана адам баласы дүниеге келгеннен бастап өмір сүріп келеді. Ғылымдардың атасы саналатын философия тарихын зерттеген Аристотель, Платон, әл-Фараби еңбектерінде тілдің таным құралы бола алатындығы жөнінде пікірлер кездеседі. Мәселен, ғұлама ойшыл Платон өзінің Кратиль атты философиялық еңбегінде: Белгілі бір затқа таңылған атаулардың көмегімен қоршаған ортаны тану танымдық құрылымның төменгі сатысын ғана құрайды, ал бұл жүйенің ең жоғарғы сатысы тілдік құрылымдар арқылы көрініс табады 2,56, - деп, тілдің таным құралы екендігіне ерекше көңіл бөлген тілдің танымдық ғылымнан алатын орнының ауқымды екендігіне бүгінде шетелдік, отандық ғалымдар, зерттеушілер баса назар аударып келеді.
Когнитивті лингвистика ғылымының өзекті мәселелері ресейлік ғалымдардың да назарынан тыс қалған емес.Орыс тіл білімінде когнитивті лингвистиканың өзекті мәселелері Ю. А. Сорокин, Е. С. Яковлева, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия, А.Вежбицкая, А.П.Бабушкин, С.А. Аскольдов, А. Н. Баранова, Д. О. Добровольский, Н. Д. Арутюнова, Н. Н. Болдырев, Э. Д. Попова, И. А. Стернин, Ю. Н. Караулова, В. А. Маслова және т.б. зерттеушілердің еңбектерінен көрініс табады. Аталған зерттеу еңбектерінде когнитология ғылымының нысаны, бағыт - бағдары, зерттелуі, негізгі ұғымдары сөз етіледі. Бұл еңбектерден танымдық ғылымдар ішінде тілдің атқаратын функциясының жоғары екендігін аңғаруға болады. Сонымен қатар Ресейде Новое в зарубежной лингвистике журналының ХХІІІ томында тілдің когнитивтік аспектісі туралы мақала жарық көрсе, 1995 жылы Язык и интелект атты когнитивті лингвис-тикаға қатысты жинақ шығады.
Орыс тіл біліміндегі когнитивтік ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосқан ресейлік ғалым Ю.С.Степанов болды. Оның Константы словарь русской культуры атты еңбегінде орыс мәдениетіндегі правда, любовь, закон, слова, душа, грех, наука, интеллигенция, огонь, вода, хлеб, писменность, число, время, родная земля, дом, язык сияқты концептілер қамтылып, когнитологиялық негізде талдау жасалады. Адам іс-әрекеттерінің негізгі ерекшеліктерін түсінуде когнитивистер тілді кілт ретінде қолданады.
Когнитивті лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады. Ол сан ғасырлық тілдік білімді адам миының жемісі ретінде бағалап, күрделі құрылым жүйе ретінде кешенді сипаттауға бағытталған.
Когнитивтік ғылым термині алғашқыда белгілі ақпаратты қабылдау, оны електен өткізу, ми қыртыстарында сақтай отырып, қажетті кезде оны тәжірибеде қолдану үшін енгізілген. Когнитивті лингвистика адамның миында білімнің қалыптасып және толығу жүйелерін зерттейтін ғылыми пәндер есебінде қолданылады. Танымдық үлгі жүйесіндегі тілдің қызметі жөнінде Г.Хармон: Тілдің танымдық ғылымдар-дың ішіндегі маңыздылығы - тілдің ойды жеткізудегі басты құралы болып табылуымен байланысты... Тіл танымға өзінің әсерін беруі де мүмкін - дейді 3,43. Ал В.Гумбольдт Язык - главнейшая деятельность человеческого духа, пронизывающая все сферы человеческого бытья и познания - деген болатын. Бұл жөнінде Е.С.Кубрякованың: Мы знаем о структурах сознания только благодаря языку, который позвляет сообщать об этих структурах и описать их на любом естественном языке деген пікірін келтіруге болады 4,21. Зерттеушілердің пікірінен адам санасында, миында қалыптасқан білім қыртыстарының көрінісі тек тілдің қызметі арқылы жүзеге асатындығын аңғаруға болады. Де-мек, таным негізінде қалыптасқан санадағы білім тек тілдік бірліктер нәтижесінде коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да тілдің когнитивті лингвистикадан алар орны зор.
Қоршаған ортаның адам санасында бейнеленіп, тілде көрініс табуын А.А. Потебня, Н.Хомский, Н.Я. Марр, Г. Гадамерлер де қарастырған. Олардың концепциялары философия, психология, мәдениет пен тілді бірлікте қарауға арналған. Қазіргі кезде бұл мәселенің аясы кеңіп, ғылымның философия, логика, психология, мәдениеттану, жасанды интеллект сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынып, ұғымдары толықтырылып, жаңа концепциялар негізінде зерттеліп келеді. Когнитивті лингвистика алғашқыда нейролингвистика ғылымы (жасанды интелект және компьютерлік ғылымдар) аясында зерттелген. Зерттеу барысында ғалымдар оның адамзат баласының дүниетанымын, парасат - пайымын, ойлау деңгейін, тілдік бейнесін де қарастыратындығына көз жеткізген болатын. Бертін келе адамның танымын, білімін, ойлау құбылыстарының сан қырын ашу бұл ғылымның маңызды аспектілеріне айналды.
Қысқаша когнитивтік терминдер сөздігінде когнитивтік лингвис-тикаға мынадай анықтама берілген: Когнитивная лингвистика - это лингвистическое направление,в центре внимания которого находится язык как общий когнитивный механизм, как когнитивный инструмент - система знаков, играющих роль репрензантации (кодировании) и трансформи-ровании информации".
Орыс тіл біліміндегі когнитивтік ғылымның маңыздылығын В. А. Маслова былайша анықтайды: Когнитивная лингвистика дополняет анализ языка анализом речи, различных контекстов употробление соответствующих лексем, зафиксированных в текстах суждений о концепте, его определениий в разных словарях и спровочниках, анализом фразеологии, пословиц, поговорок, афоризмов, в которых концепт репрезентирован 5,25. Яғни когнитивті лингвистика когнитивтік жүйедегі лингвистикалық бағыт болғандықтан, тілдің танымдық сипа-тын тереңнен қарастыруға мүмкіндік жасайды.Тілдің когнитивтік бейнесін тілдегі кез келген тілдік бірліктердің арасынан көруге болады. Мәселен, қазақ тіліндегі мақал-мәтел, фразеологизм, қанатты сөздер қазақ халқының сан ғасырлық дүниетанымы негізінде туындаған тілдік бірліктер болып табылады.
Қазір көптеген ғалымдар когнитивті лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е. Жанпейісова, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж. Манкеева, Э.Сүлейменова, Г.Смағұлова, Б. Момынова, А. Салқынбай, А. Ислам, Ш.Елемесова, Г.Әзімжанова, К.Күркебаев, Г.Снасапова, Ф. Қожахметова, Н. Аитова, А. Әмірбекова сияқты көптеген қазақ зерттеушілері бұл мәселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеуде. Қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистикаға қатысты зерт-теулер соңғы он жылдықта ғана қолға алына бастады. Академик Ә.Қайдардың этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ тіл біліміндегі когнитивті лингвистиканың қалыптасуына негіз болды.
Нақты когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектері ретінде Г.Гиздатовтың еңбегін атауға болады. Зерттеушінің Сөйлеу қызметіндегі когнитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы атты докторлық дисертациясы осы бағыттағы тың зерттеу болып табылады 6. Докторлық диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған. Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде алынады.
Осы саладағы іргелі еңбектердің бірі ретінде ғалым Қ. Жаманбаеваның Тіл қолданысының когнитивтік негіздері атты монографиясын атауға болады. Бұл еңбекте зерттеуші тілдік сананың құрылымын анықтап, гештальт теориясын түсіндіреді 7. Қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистика ғылымының қалыптасуына негіз болған бұл еңбек тіл қолданысындағы когнитивтік негіздердің зерттелуіне айтарлықтай үлес қосады. Мұнда когнитивтік құрылымның концептуалды көрінісі, күрделі жүйе тудыру ерекшеліктері қарастырылады.
Профессор Ж.Манкеева Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері атты ғылыми мақаласында когнитивтік лингвистикада тілдің бейнелеуіштік қызметінің зор екендігін көрсетеді, ұстанымдарын айқындайды 8.
Ғалым Б. Момынова Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика (әлеуметтік-бағалаушылық, сөзжасам) атты еңбегінде когнитивтік бірліктердің көрініс табу (репрезентациялану) ерекшеліктеріне тоқталып, бағалаушылық сипатын қарастырады 9.
Профессор А.Ислам өз мақалаларында когнитивтік лингвистика-дағы тілдік тұлға мәселелерін көтерсе 10, Г.Әзімжанова көркем мә-тіндегі доминант сөздердің когнитивтік ерекшеліктерін қарастырады 11.
С.И.Жапақовтың диссертациялық жұмысында эпикалық фразео-логизмдердегі ақиқат пен бейақиқат дүние фрагменттерінің тілдік бейнесі мен когнитивті лингвистиканың басқа да мәселелері қарастырылған 12.
С.Ақаев Сөздің когнитологиялық сипаттары атты мақаласында когнитологиялық талдаудың тәсілдеріне тоқталып, ойлау, ой түю, қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды зерттеу әдісі ретінде қарастырады 13.
Зерттеуші А.Әмірбекова көркем мәтінге концептуалдық талдау жасаудың үлгілерін ұсынады 14. Ал А.Сыбанбаева, Б.Қасым, Н.Зайсанбаевалар метафораның танымдық сипаты туралы пікірлерін ортаға салады 15.
Когнитивті лингвистиканың жеке ғылым ретінде танылуы үшін оның негізгі ұғымдары, өзіне тән категориялары болуы шарт. В.В.Петров когнитивтік ғылымның түпкілікті идеясының негізін құрайтын бірліктер турасында мынадай пікірге келеді: Мышление представляет собой манипулирование внутренними (ментальними) репрезентациями типа фреймов, планов, сценариев, моделей и других структур зна-ния16,95.
Зерттеушілер білім, концептуалдық жүйе, когниция, когнитивтік модель, вербальдылық, ментальдылық, концепт, ғалам бейнесі, концептілік өріс, ұлттық мәдени бірліктерді когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары ретінде топтас-тырады. Аталған ұғымдардың адам санасындағы әрекеттері, тілдегі көрінісі, сол арқылы ғаламның тілдік бейнесін тануға мүмкіндік жасау қабілеті туралы орыс тіл білімінде В.А.Маслованың еңбектерінде кең көлемде қарастырылған.
Қазіргі тіл білімінде концептуалдылық таным процесіндегі білімнің нәтиже-сінен көрініс табады. Бұл атауға байланысты Е.С.Кубрякова: Концептуализация интертретируется как некоторый, сквозной для разных форм познания процесс структура знаний из неких минимальных концептуальных единиц - деген пікір айтады 4,93.
Когнитивті лингвистиканың бастау көзі Аристотельдің, Платонның, Гумбольдтің, қазақ тіл білімінде Қ.Жұбановтың және олардың шәкірттерінің тіл концепциясы жайлы еңбектерінде жатыр. Когнитивтік үрдістің ең негізгі белгісі тілдің танымдық үрдіспен байланысынан көрінеді. Яғни, мұны зерттеушілеріміздің тілге танымдық тұрғыдан қарауында деп қабылдауымызға болады. Когнитивті лингвистика тілдік қатынас мәселесімен тығыз байланысты. Тілдік қатынас - тіл мен сананың, тіл мен ойлаудың, тіл мен таңбаның қатынасын қарастыратын болса, когнитивті лингвистика - осы мәселелердің барлығын адам танымымен байланыстырады. Сондықтан екеуін әр уақытта тығыз байланыста қарастырамыз. Екі пәннің сабақтастығы - Қ.Жұбановтың 17, М.Жұмабаевтың 18, А. Байтұрсынов-тың 19 еңбектерінде жан - жақты қарастырылған.
Тілді адам санасындағы ойдың күрделі иірімдері мен әртүрлі психофихиологиялық құбылыстар арқылы қабылданатын ақпараттардың күрделі таңбалық көрінісі ретінде де тануға негіз бар. Тілдің қадір-қасиеті жайлы А.Байтұрсынов былай дейді: Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз - жазу заманы; жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге қай сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек. Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, қатта жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде әр халықтың тұтынып келе жатқан дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады.

Қайым Мұхаметханов қос ақынның кейіпкерлерінің образдық, психологиялық ерекшеліктері, қоғам мен адам туралы пікірлері жайында көптеген құнды пікірлер айтты 20. Когнитивті лингвистика бірнеше қайнар көздердің қарым-қатынасының нәтижесінде пайда болған.
Когнитивтік ғылым ақпарат теориясынан және білім құрылымы, ақпараттарды өңдеу және оны есте сақтау, одан керекті мәліметтерді шығарып алу, адам санасындағы және тілдік формалардағы ақпараттарды репрезенттеу сияқты ұғымдарды ауысып алады. Ол Адамның санасы қалай ұйымдасқан?, Адам әлемді қалай таниды?, Ғалам туралы қандай мәліметтерді білуге болады?, Ментальдық кеңістіктер қалай жасалады? деген сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Когнитивтік ғылым төмендегі фундаментальды идеяға негізделген: ойлау, фрейм, жоспарлар, сценарийлар, модельдер т.б. білімнің басқа құрылымдары сияқты ішкі ментальдық репрезентацияларға манипуляция жасау болып табылады, яғни біз жақсы құрастырылған білімнің глобальды кванттары сияқты концептермен ойлаймыз.
Когнитивті ғылым деген термин 70 жылдардың ортасынан бастап, адамның ақпараттарды меңгеру, жинақтау және пайдалану процестерін зерттейтін саланы белгілеу үшін қолданыла бастады.
Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі таңдағы дамуы лингвистикалық зерттеулердің антропоөзектік тұрғыда бағыт алуымен сипатталады. Тілдің ішкі жүйелік талдаудан антропоөзектік талдауға көшуі XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы тіл білімінің есте қаларлықтай ерекшеліктерінің бірі болып табылады, өйткені тілдік құбы-лыстарды зерттеуде лингвистика сөздік құрам және грамматикалық тәсіл жүйесімен талдаумен ғана шектеліп қоймайды.
В. А. Маслова Адам және тіл мәселесі когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселесіне айналып отыр. Когнитивті лингвистика лингвистикалық зерттеулердің шеңберін кеңейте түсіп, қазір антропоөзектік парадигмалар шегінде қарастырылып отыр деген пікір айтады 5.
Антропоөзектік парадигма өз шеңберінде этнолингвистика, лингво-мәдениеттану, когнитивті лингвистика, лингвопсихология тәрізді жаңа бағыттарға жол ашады. Антропоөзектік бағыттағы зерттеулер ең алдымен қабылдау, ойлау, есте сақтау, әрекет ету тәрізді адамның когнитивтік құ-рылымына ерекше мән беріп, ден қоя бастайды.
Когнитивті лингвистика - адамның танымы мен білімі, дүниені қабылдау және ұғыну механизмі туралы ғылым. Когнитивизм - адамның ойлау әрекетін тереңінен танытатын, оны трансформациялауда маңызды роль атқаратын таңбалар жүйесі ретінде қарастырылатын лингвистикалық бағыт.
Когнитивті лингвистика когнитивтік құрылымдарды қарастырумен қатар адам санасында тілдік және тілдік емес ақпараттарды игеру, өңдеу, қолдану тәрізді әрекеттердің жүзеге асуын қарастырады. Сондай-ақ тілдік таңба арқылы кодқа салынған ақпараттарды ашу немесе ақпараттарды кодқа салу тәрізді әрекеттер когнитивті лингвистиканың құзіретіне жатады.
Когнитивті психологияның көзқарасы бойынша адам миының қабілеттілігі дүниедегі заттар мен құбылыстарды жүйелеу және категорияларға бөлу шеберлігімен байланысты көрінеді.
70 жылдары адамның интеллектуалдық процестері адам ойының универсальды заңдарына жатқызылмайды, көптеген интеллектуальдық мәселелерді адам таза қағаздан емес, өзінде бұрыннан бар білімге сүйене отырып шешеді деген түсінік пайда болады.
Образдарды анықтап тану және мәтінді түсіну сияқты кейбір интеллектуальдық мәселелер бұрыннан бар білім жүйесінсіз еш шешілмейді. Мысалы, М.Цветаеваның Всяк храм мне пусть деген фразасын түсіну үшін, храм орыс мәдениетінде - Алланың үйі екендігін және ол ешқашан бос болмайтынын білу керек.
Сонымен, когнитология адамның когнитивтік процестерін зерттеуде математика, философия, психология, информатика т.б. ғылым салаларымен тоғысатын синтетикалық ғылым болып табылады.
Когнитивті лингвистиканың қайнар көзі когнитивті психологияның (тіл біліміндегі психологизм туралы XIX ғ. жас грамматистер А. А. Потеб-ня, Г. Штейнталь, В. Вундт айтқан) психолингвистика бойынша тәжірибесі бар еді.Когнитивті лингвистика когнитивтік психологиядан концептуалдық және когнитивтік модельдердің ұғымдарын алмасып алады.
Тілдің қызметі шынында да психологиялық механизмге сүйенеді, өйткені тіл адамның затпен немесе біліммен қарым-қатынас жасаудағы категорияланған тәжірибесін жинақтаудың және оны сақтаудың маңызды бөлігі болып табылады. Лингвистиканың психологиямен байланысы XX ғ. ортасында пайда болды. Лингвистика мен психологияның қарым-қаты-насын көрсететін кез келген зерттеу жұмысы ментальдық категорияларға бағытталған психологияның аясында қарастырылады, ал басқа ғылымдармен қарым-қатынас бұл жерде керек емес деген кең таралған көзқарас қосымша қиыншылық тудырды. Сондықтан когнитивті лингвистиканы зерттеушілердің арасында бұрын психолингвистикамен айналысқан психологтар Э.Ром и Д.Слобиттер болды. Кейбір психологиялық идеялар оларды лингвистердің қалыптастырғанына қарамастан когнитивті лингвистикаға күшті әсерін тигізді.
Когнитивті лингвистиканың тағы бір қайнар көзі - лингвистикалық семантика. Когнитивті лингвистиканы кейбір зерттеушілер сверхглубинная семантика деп анықтайды және оны семантикалық идеялардың дамуы деп қарастырады. Олар тілдік семантиканың категорияларынан жалпы ұғымдық категорияларды таниды. Адам танымы арқылы ғаламды танудың нәтижесін көруге болады.
Алайда мұндай констациямен шектелу жеткіліксіз болар еді, ең алдымен когнитивті лингвистикадан алынған кейбір нәтижелер семантикада ғана емес, басқа салаларда да қолданылады.
Когнитивті лингвистикада жете зерттелген прототипі ұғымы фонологияда, морфологияда, дидиктикада және т.б. салаларда да қолданылады. Семантикалық проблематикада когнитивті лингвистиканың шоғырлануы және оның лингвистикалық семантикамен байланысы көптеген авторлардың когнитивтік семантика туралы еңбектеріне арқау болды. Семан-тиканың әйгілі өкілдері - Ю.С.Степанов, Е.С. Кубрякова, В.А.Телия және т.б. когнитивті лингвистиканы зерттеумен айналыса бастады.
Кез келген халық тілі - сол халықтың шынайы этникалық болмы-сының айнасы.Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық танымдық үрдісте зерттеудің қажеттілігі туды. Бұл үрдіс тіл мен адам санасының қызметін тұтастықта қарастыра отырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі құрылым ретінде, рух пен ой бірлестігі ретінде қарастырады.Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыс-тарды сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймады, оған белгілі бір жауап та қайырады.Ақпаратты өзінше жаңғыртып, оны жаңа сапада жасауға саналы түрде, сондай-ақ санасыз түрде әрекет жасайды.Ақпаратты өңдейді, қорытынды шығарады, оған өз тұрғысынан баға береді, тәжірибеде қолданады.Бүкіл тәжірибесінің негізінде ғаламның тілдік бейнесін жасайды.
Когнитивті лингвистика тілді таныммен байланыстырып қарайтын болса, лингвомәдениеттану тілді мәдениетпен байланыстырады. Лингвистика ғылымының көмегінсіз мәдениетті толық зерттеу мүмкін емес. Өйткені әрбір халықтың, әрбір этностың мәдениеті, салт - дәстүрлері, әдет - ғұрыптары тіл арқылы бейнеленеді. Лингвомәдениеттану ғылымының қалыптасу кезеңі жалпы ХХ ғасырдың орта шегінен басталады. Осы кезеңнен бастап, бұл жеке пән ретінде қалыптасып дами бастайды. Мұның негізі Ф.де Соссюрдің, Я. Гримнің, В.Гумбольдтің еңбектерінде қаланды.
Қазақ тілі мен мәдениетінің байланысы Ш.Уәлихановтың, Ә.Марғұланның, Қ.Жұбановтың, М.Әуезовтің т.б. белгілі ғалымдардың көзқарастарынан тыс қалмаған. Қазіргі күнде лингвомәдениеттанымдық бағыттағы зерттеу жұмыстары Ә.Қайдардың, Р. Сыздықтың, Ж.Мәнкееваның және т.б. ғалымдардың басшылығымен жүргізіліп келеді.Лингвомәдениеттану ғылымының басты нысаны - мәдени мұраларды өз бойында сақтайтын халықтың тілі, бір-бірімен қарым-қатынасы және мәдениеті.
Лингвомәдениеттанудың ең негізгі зерттеу объектісі мыналар:
1.Мифтік таным.
2.Этномәдени бірліктер, салт дәстүр, рәміздер.
3.Тілдің фразеологиялық қоры.
4.Сөз - символдар.
5.Метафоралар мен сөз бейнелер.
Лингвомәдениеттану ғылымының мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін зерттей отырып, тіл арқылы материалдық және рухани байлықтарды таныту, мәдениеттің тілдік жүйеге әсерін анықтау, сондай-ақ мәдениет пен адам арасындағы байланысты зерттеу. Лингвомәдениеттану лингвистика және мәдениеттану ғылымдарының тоғысында пайда болған. Лингвистика философия, әлеуметтік және мәдениеттану ғылымдарының базалық негізінде қарастырылады. Ол бір жағынан кез келген ұлттың мәдени ерекшеліктерін бейнелесе, екінші жағынан тілдік концептінің пайда болуына әсерін тигізеді.
Когнитивті лингвистика соңғы кезде зерттеле бастаған этнолингвистика ғылымдарымен де тығыз байланысты. Этнолингвистика ғылымы лингвомәдениеттану ғылымының пайда болуының алғышарттары десек те болады. Этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың айырмашылық-тары мынада: этнолингвистиканың мақсаты - кез келген ұлттың фольк-лорлық дүние суретін қайта өңдеу, белгісіз тұстарының мән - мағынасын зерттеу тұрғысында ашу, мәдениет, салт - дәстүр және ритуал формасын айқындау. Этнолингвистиканың тіл білімінде түрлі бағыттары бар. Сондай бағыттардың бірі - академик Ә. Қайдардың жетекшілігімен жүргізіліп жат-қан фразеологиялық қордың астарын ашуға арналған бағыт. Бұл жөнінде Копыленко былай дейді: Академик Ә.Қайдар және оның шәкірттерінің еңбектерінде тілдің синхрондық мәселесі басты орын алады. Алайда бұл, әсіресе, ономастика мен этногенез мәселесін терең бойлау мақсатында этимологиялық сараптаманы мейлінше қолданып, диахронияға, эпосқа, сондай-ақ басқа да ғылымдарға жасай отырып, фольклор көздерін қарастыруды естен шығармайды 21.
Академик Ә.Қайдар этнолингвистикаға мынадай анықтама береді: Эт-нолингвистика этностың (ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жағдайда сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, атадан-балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің құнарлы саласы 22.
Этнолингвистикалық бағытта жүргізілген еңбектердің ішіндегі Ж.Манкееваның ғылыми еңбектері көп жағынан қазіргі лингвомәдениеттану ғылымымен ұштасып жатады. Бұл еңбектер қазақ тіл білімінің мәдени лексикасын зерттеуде өзінің білім тереңділігімен дараланады. Ғалым қазақ мәдениетінің этнографиямен байланысты-лығы тілдік форманың ішкі мағынасын ашу, объективті дүниенің бейнеленуінің, ұлттық реңкін қайта жаңғыртуды мақсат етеді.
Қазақ этнолингвистикасы белгілі бір материалдық және рухани байлықтарды зерттейді. Этнолингвистика когнитивтік ғылымның қалыптасуына негіз болды деуге де болады. Жалпы айтар болсақ, этнолингвистиканың, лингвомәдениеттанудың, елтанудың пән ретіндегі ортақ мақсат-міндеттеріне ұлт тілі мен оның мәдениетін, адамның ақыл-ойын, танымын т.б. ерекшеліктерін зерттеу жатады.
Нейролингвистика тілді тұтастай адам миының ментальдық әрекетін табудың негізі ретінде зерттейді.
Психолингвистика когнитивті лингвистикамен тілді меңгеру, пай-даланудың жалпыадамдық механизмдерін байланыстырады. Білімнің бұл және басқа салалары тілдік сананың, тілдік тұлғаның, ғалам бейнесін түсінудің әр түрлі деңгейлеріндегі үрдіс қатынасының проблемаларын қарастыруды мақсат етеді.
Мәдениеттану концептердің пайда болуы мен қызметін айқындауда мәдениеттің ролін белгілеуге мүмкіндік береді.
Салыстырмалы - тарихи тіл білімінде жинақталған сөз мағынасының дамуы туралы мәліметтер бойынша Е.Свитцер, Б.Хайне сияқты мамандар тарихи лингвистикамен белсенді түрде айналысты.
Когнитивті лингвистика адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде оның білімі бойынша, ал оның тілдік мінез-құлқы тілдік білімі бойынша анықталады деген ережені басшылыққа алады.Бұл ой аталған ғылымдардың қайнар көздерінде жан-жақты қарастырылады.Бұл бағыт АҚШ-та пайда болған. Мұнда оны когнитивтік грамматика деп атайды. Ресейде когнитивтік семантика деген термин жиі қолданылады. Когнитивтік грамматика термині ең алғаш рет 1975 жылы Дж.Лакофф пен Г.Томпсонның Представляем когнитивную грамматику атты мақаласында қолданылады. 1987 жылы Р.Лангакердің Когнитивті граматиканың негіздері атты еңбегінің І томы жарияланады. Мұнан соң осының жалғасы іспеттес Женщины, огонь и опасные предметы атты Дж.Лакофтың және М.Джонсонның Тело в мышлении атты еңбектері 1991 жылы жарық көреді.
1990 жылдарға дейін шетелдік когнитивті лингвистика жеке зерттеу еңбектерінің жинақтары ретінде қарастырылды. 1990 жылдардың ортасында Ф. Унгер мен Х. И. Шмидтің Когнитивті лингвистикаға кіріспе (1996) атты еңбегі, Б. Хайненің Грамматиканың когнитивтік негіздері (1997) атты еңбегі жарық көрді.
Ресейде өткен ғасырдың 20-шы жылдарының өзінде когнитивтік лингвистика жайлы пікірлер айтыла бастаған. Е.С.Кубрякова, А.АУфимцева, Г.В.Колшанский және т.б. ғалымдар мұны ономастикалық бағытта дамытуға, Б.А.Серебренников, Ю.С.Степанов, Е.С. Кубрякова, В.Н.Телия, Н.Д.Арутюнова, А.А.Уфимцева, Е. С. Яковлева және т.б. ғаламның тілдік суреті бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге ат салысқан. Когнитивті лингвистика ғылымы пайда болғалы бері басқа ғылым салалары секілді оның да өзіндік терминдері қалыптаса бастады. Термин ретінде бұрыннан тіл білімінде қолданылып келе жатқан, басқа ғылымнан ауыстырылып алынған терминдер қолданыла бастады. Когнитивті лингвис-тикада қолданылатын терминдер өте көп. Солардың ішіндегі ең негізгілері деп мыналарды көрсетеміз: ақыл, білім, концептуалдық, когнитивтік база, концептуалдық жүйе, когниция, ғаламның тілдік бейнесі, когнитивтік мо-ель, категориалдық, вербальдық, ментальдылық, концепт, ғалам бейнесі, концептосфера, ұлттық - мәдени кеңістік т.б. Адамдардың күнделікті іс - әрекеттерінің арқасында адам белгілі бір шешімге келеді. Когнитивтік іс - әрекет адам миындағы ақпаратты жүйелейді және өңдейді.
Когнитивті лингвистиканың жеке ғылым ретінде танылуы үшін оның негізгі ұғымдары, өзіне тән категориялары болуы шарт. Зерттеушілер білім, концептуал-дық, концептуалды жүйе, когниция, когнитивтік модель, вербальдылық, ментальды-лық, концепт, ғалам бейнесі, концептілік өріс, ұлттық - мәдени бірліктерді когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері ретінде қарастырады. Когнитивті лингвистикада когниция ұғымына ерекше назар аударылады. Когниция - адам санасындағы білім көрініс табатын ақпараттар жүйесі. Тіл білімінде когниция терминімен интелектуалдылық, ментальдық сияқты атаулар да синоним ретінде қолданылып жүр. Когницияның бұл атаулардан айырмашылығы - когниция адам миындағы аялық білім арқылы жиналған ақпараттардың терең қатпарларындағы біртұтас көрінісі, моделі. Когнитивтік лингвистикада когнитивтік жүйе концептуал-дық құрылымнан тұрады. Концептуалдық құрылым, яғни когнитивтік жүйе бөлшектері мен когнитивтік ойдың формасы төмендегіден: ойбене, прототип, сцена-рий, фрейм, концептуалды метафора, стереотип, гештальттан құралады.
Ақыл - адамдарға тән танымдық қасиеттердің бірі. Бұл білімнің пайда болуына әсер ететін, қоршаған ортамен бірлесіп әрекет жасайтын механизм.
Қоршаған орта дегеніміз - барлық, физикалық әлеуметтік және рухани факторларды қамтитын құбылыс.
Білім қоршаған ортадағы ақпараттарды қабылдап, пайымдап, қорытынды шығарады, сондай - ақ адамдардың алға қойған мақсатын айқындайды. Білім - адамдардың вербальдық және бейвербальдылық іс - әрекетінің өңделген жемісі.
Концептуалдылық - адамның танымдық әрекетінің ең маңызды процесі. Адам ғаламды қабылдай отырып, өзіне қажетті ақпараттық элементтерді өңдеп алады, сондай - ақ оны бөлшектеп саралайды.
Концептуалдық жүйе - адамдар арқылы қабылданатын ұлттық - ментальдық жүйе.
Категориалдық болмыстың когнитивті мүшеленуі болып табылады. Мұнда құбылысқа тән барлық қасиеттер есепке алынады.
Ментальдылық - өзіне ерекше ғалам бейнесін арқау еткен ойлау үрдісінің жиынтығы.
Когниция - ағылшын тілінен аударғанда білім, таным деген ұғымды білдіреді. Когниция білім, сана, ақыл, ойлау, логикалық қорытынды, проблеманы шешу, қиялдау, арман дегенді ғана емес, қабылдау, ойбейне, еске алу, көңіл бөлу, тану дегендерді де білдіреді. Яғни, когниция - бұл ғаламды қабылдау, бақылау, категориалдылық, ойлау, сөйлеу және т.б. психикалық үрдістердің жиынтығы болып табылады.
Когнитивтік база - лингвомәдени қоғам жайлы білімнің құрылымдық жиынтығы болып табылады.
Ұлттық мәдени кеңістік - адам өмір сүретін ортаның ақпараттық-эмоционалдық өрісінің жиынтығы. Мұның құрамына мәдени-ұлттық қоғам мүшесінің мәдениет феномені жайлы түсініктері енеді.
Концепт. Адам санасындағы, ми қатпарларындағы ақпараттар жүйесі когнитивтік құрылымдар арқылы сыртқа шығады.Сондай құрылымдардың бірі - концепт.
Концепт терминінің мағына ауқымдылығы өте кең. Зерттеушілер тарапынан оған берілетін анықтамалар да әр алуан. Концепт термині когнитивтік бағытқа дейін ұғым терминімен ішкі формасы бірдей есептелініп келді. Концепт латын тілінен аударғанда ұғым деген мағынаны білдіреді. Бірақ қазіргі таңда бұл екі терминнің өзіндік ерекшеліктері байқалуда. Егер ұғым танылатын объектінің мәнді, мазмұнды қасиеттерінің жиынтығы болса, тұрпат межесі - тіл бірліктерінің жүйеленген көрінісі. Концептіні белгілі бір мағына бере алатын, ғалам-ды танытатын таңба ретінде қарастыруға болады. Концепт ретінде барлық ұғымды ала алмаймыз, тек белгілі бір мәдениетті тануда қолданылатын және автор үшін маңызы зор деп танылатын күрделі ұғымдарды, ең бастысы жалпы-адамзаттық, жалпыхалықтық, жалпыұлттық құнды-лықты таныта алатын ұғымдарды тани аламыз.
Концепт ұғымын тіл білімінде зерттеушілер әртүрлі мәнде қолданады. Бұл термин, әсіресе, тілді логикалық талдау, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика салалары бойынша жазылған еңбектерде жиі кездеседі. Аталған ғылым салаларындағы терминдердің әртүрлі түсіндірілуі ең алдымен оған негіз болған латын сөзінің көп мағыналы болуымен байланысты. Бұл сөздің жалпы мағынасы көптеген формалардың мазмұнын қамтитын, оның бастауы болатын жинақтаушы деген мағынаны береді. Кең мағынада алғанда концепт ғалам туралы білімдер жүйесінің бір үзіндісі ретінде түсіндіріледі. Осы терминге орай ғалым Ли мынадай анықтама береді:
1. Концепт - рухани мәдениеттің кілт сөзі.
2. Концепт - сөздің туындауына түрткі болатын психоментальді құбылыс ретінде танылатын бастапқы түсінік.
В.Н.Телияның пікірінше, концепт - адам санасының жемісі.
Ғалымдардың пікірінше, концепт дегеніміз:
* санамыздағы психикалық ресрурстар мен ментальдық бірліктерді түсіндіруге және адамның білімі мен тәжірибесі нәтижесінде қалыптасқан ақпараттық құрылымдарды жеткізуге қызмет ететін термин;
* адам психикасында көрініс тапқан ғалам бейнесінің, адам миы мен концептуалдық жүйенің, ментальдық лексикон мен адам жадының мазмұндық жиынтығы;
* білімнің өңделген, жинақталған түрі;
* сөз мағынасынан туындайтын, эмоциональдық, экспрессивтік, бағамдық реңкі бар жиынтық 23.
Концепт фрейм арқылы көрініс табады. Мысалы, Жалмауыз кемпір - тауық аяқты ағаш үйде тұратын, сыпырғымен ұшатын, өткір тісті кейіпкер. Ол балалардың қас жауы.
Демек, концепт дегеніміз ұлттық ерекшеліктерді жинақтаушы танымдық қасиет болып табылады. Концепт терминіне түсінік бермес бұрын концепт, ұғым сөзінің ара қатынасын ажыратуымыз керек.
Ұғым - тіл білімінің семантика саласында қарастырылатын негізгі мәселелердің бірі. Когнитивті лингвистика тұрғысынан бұған мынадай түсініктеме беруімізге болады: Ұғым - заттың ойға түсірілген суреті. Ұғымның мазмұны және көлемі болады. Мазмұны заттың белгілері мен қасиеттеріне байланысты болады. Ал көлемі ұғымның мазмұнын құрайтын барлық белгілердің жиынтығы болып табылады. Вежбидская ұғымды әрі қарай бөлшектеуге келмейтін семантикалық бірлікте болып табылатын ең кіші ұсақ мәндер деп көрсетеді.
Сөз - ең кіші лексикалық бірлік, ұғымнан туындаған атау. Адамның ойы ұғымға қарай концепт арқылы жылжиды. Концепт анағұрлым кең. Ол ұғымның мазмұнын толық қамтиды. Қазіргі тіл білімінде концепт белгілі бір сөздің сөздіктегі мағынасынан бөлек адамдардың эмоциясы мен сезімдеріне негізделген жеке тәжірбиесіне сүйенеді деген анықтама беріледі.
Қазіргі тіл білімінде концептуалды семантиканы зерттеуде концепт ұғымын қарастыратын екі бағыт пайда болған.
1. Семантикалық бағыт.
2. Логикалық бағыт.
Семантикалық бағыт концептіні өз алдына жеке құбылыс ретінде қарастырады.Осы бағытты жинақтаушылардың айтуынша, концепт тікелей сөз мағынасынан пайда болмайды. Сөздің сөздік мағынасы және оның дамуы халықтың жинақталған тәжірбиесімен ұштасады.
Логикалық бағытты жинақтаушылар ұғым және концепт терминін бір - бірімен байланыстырады. Мәселен, Степановтың анықтамасы бойынша, концепт - ұғым сияқты сөзге қатысты түсініктердің барлығын жинақтайтын білімдер бумасы 24.Кубрякова-ның пікірінше, концепт және ұғым терминдері адамның санасы мен ойлау жүйесінің әртүрлі қырларын суреттейді 4. Оның айтуынша ұғым ақиқат болмыстың белгілі бір логикалық формада бейнеленуі. Ал концепт, санада пайда болған түсініктер. Аскольдовтың пікірінше, концепт, белгілі бір түсінік секілді. Өз еңбектерінде мынадай анықтама береді дейді В.М.Солнцев: Көптеген концептілер схемалық түсініктер секілді қандай да бір нақты детальдарсыз, белгілі нышандарсыз қабылднып жүр. Мысалы, көшеде келе жатқан адам дегенде көз алдымызға бойы, түрі, жынысы, жасы белгісіз, әйтеуір бір адам елестейді. Көзбен көруге болатын ұқсас заттардың жиынтығын атайтын концептілерге сызбалық тән болады. Абстрактылы ұғымдарға қа-тысты алғанда, түсінік терминін қолдану орынсыз деуге болады. Бұл жерде концептінің белгілі бір әрекет жасауға қабілеттілік, әлеуметтікке негізделген алмастыру қасиеті туралы айтқан тиімдірек болады 25. Тілші ғалымдардың алдында концептіні сипаттайтын дұрыс және дұрыс емес терминдерді өзара салыстырып, саралап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Сөздер мен сөйлемдер құрылысы – адамның дүниетану жетістігі
ТІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ КОГНИТИВТІК 6 НЕГІЗДЕРІ
Тілдің танымдық қасиеті
Тіл танымдық оқу практикасы
Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым
Қазақ тіліндегі «Туған жер» концептісі
Қазақ тіл білмінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер баршылық
Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Пәндер