Коммерциялық банктің сенімгерлік операциясы



Сенімгерлікпен қызмет көрсету –меншікті, клиентке тиесілі басқа активтерді басқару жөніндегі операция. Бүгінгі таңда сенімгерлік операциясының маңызы жоғары болғандықтан банк нарық пен клиенттің арасында өкілетті делдал ретінде алға шығады және оларды орындаудан өзіне көптеген пайда түсіреді.
Әлемдік банк іс-тәжірибиеде коммерциялық банктердің өз клиенттеріне көрсететін әр алуан комиссиялық делдалдық қызметтердің бір түрі ретінде сенімгерлік операцияның пайда болуын және олардың шапшаң дамуын мынандай бірнеше обьективті себептермен байланыстырып түсіндіруге болады:
-банк өтімділігінің проблемасы, дәстүрлі ссудалық банк операция түрлеріне тәне құбылыстың кемуі, сондай-ақ шешуші міндеттердің бірі болып табылатын өтімділіктің қолайлы деңгейін сақтап отырып, операция табыстылығын арттыруға банктердің ұмытылысы;
-банк клиентурасының, әсіресе, өнеркәсіп кәсіпорындарының банктен қызмет көрсетудің кең ауқымды жиынын пайдалануға өсе түскен ынтасы;
-ссудалық капитал нарығындағы бәсекелестіктің клиент үшін банктердің арасында жүріп жатқан күрестің күшеюі, жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да көрсететін жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы мен дамуы;
Банктер үшін қызмет көрсетудің басқа түрлерімен салыстырғанда сенімгерлік операцияның артықшылықтары.
Сонымен бірге спенімгерлік операциясын жүргізу персоналдан көптеген салаларда жоғары біліктілікті талап етеді: заңды білу, инвеститциялық қызметке машықтану, меншікті басқару.
Сенімгерлік тараптардың бір-біріне сенімді болғанын, өзара қарым-қатынасын сенім негізінде құруын ұйғарады.Тараптардың бірі меншікке (мүлікке, ақшалай қаражатқа, құнды қағаздарға, мүліктік және басқадацй құқықтарға) қалай өкімгерлік ететініне жауап беретін болса, екіншісі әлдекімнің пайдасына жауапты болады.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық банктің сенімгерлік операциясы.

Сенімгерлікпен қызмет көрсету –меншікті, клиентке тиесілі басқа
активтерді басқару жөніндегі операция. Бүгінгі таңда сенімгерлік
операциясының маңызы жоғары болғандықтан банк нарық пен клиенттің арасында
өкілетті делдал ретінде алға шығады және оларды орындаудан өзіне көптеген
пайда түсіреді.
Әлемдік банк іс-тәжірибиеде коммерциялық банктердің өз
клиенттеріне көрсететін әр алуан комиссиялық делдалдық қызметтердің бір
түрі ретінде сенімгерлік операцияның пайда болуын және олардың шапшаң
дамуын мынандай бірнеше обьективті себептермен байланыстырып түсіндіруге
болады:
-банк өтімділігінің проблемасы, дәстүрлі ссудалық банк операция
түрлеріне тәне құбылыстың кемуі, сондай-ақ шешуші міндеттердің бірі болып
табылатын өтімділіктің қолайлы деңгейін сақтап отырып, операция
табыстылығын арттыруға банктердің ұмытылысы;
-банк клиентурасының, әсіресе, өнеркәсіп кәсіпорындарының банктен
қызмет көрсетудің кең ауқымды жиынын пайдалануға өсе түскен ынтасы;
-ссудалық капитал нарығындағы бәсекелестіктің клиент үшін банктердің
арасында жүріп жатқан күрестің күшеюі, жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға
да көрсететін жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы мен дамуы;
Банктер үшін қызмет көрсетудің басқа түрлерімен салыстырғанда
сенімгерлік операцияның артықшылықтары.
Сонымен бірге спенімгерлік операциясын жүргізу персоналдан
көптеген салаларда жоғары біліктілікті талап етеді: заңды білу,
инвеститциялық қызметке машықтану, меншікті басқару.
Сенімгерлік тараптардың бір-біріне сенімді болғанын, өзара қарым-
қатынасын сенім негізінде құруын ұйғарады.Тараптардың бірі меншікке
(мүлікке, ақшалай қаражатқа, құнды қағаздарға, мүліктік және басқадацй
құқықтарға) қалай өкімгерлік ететініне жауап беретін болса, екіншісі
әлдекімнің пайдасына жауапты болады.
Сенімгерлік обьектісіне заңды түрде танылған, оның ішінде ,
кепілге салынған кез келген мүлік түрі жатуы мүмкін.Басқаша айтқанда,
кәсіпорынмен оның активтері, өнім, жер учаскісі, жылжымайтын мүлік, ақшалай
қаражат, құнды қағаздар, валюталық құндылықтар, мүліктік құқық
сенімгерліктің обьектісі бола алады.Сенімгерлікке қатысы қатынас оның
құрылтайшысы мен сенімгерлік меншік иесінің арасында бекітілген
келісімшарттың салдарынан пайда болады. Сенімгерлік операцияны басқару
активтерге иелік ету бойынша төменде кетірілген операциялардың барлығын
немес жекелеген түрлерін қамтуы мүмкін:
-сақтау;
-сенімгер мүддесінің өкілдігі(акционердің жиналысында, сотта);
-табысқа және инвеститциялауға иелік ету;
-активтерді сату-сатып алу;
-қарыздарды тарту және өтеу, құнды қағаздарды шығару және алғашқы
орналастыру;
-заңды тұлғаны құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
-мүлікті меншікке беру(сыйлау, мұраға қалдыру және т.б.);
-клиенттің жеке банк шотын , кассалық және қаржылық шарушылықты жүргізу,
міндеттеме бойынша есеп айрысуды жүзеге асыру;
Қайта құрылған немесе банкротқа ұшыраған жағдайда кәсіпорынның
ісін уақытша басқару.
Әдетте сенімгерлік операциясы үш категорияға бөлу әдетке айналған:
1.Жеке тұлғаларға көрсетілетін сенімгерлік қызметтер.
2. Коммерциялық кәсіпорындарда көрсетілетін сенімгерлік қызметтер.
3. Коммерциялық емес әсіпорындарға көрсетілетін сенімгерлік қызметтер.
Қазақстанда және Рессейде әзірге коммерциялық банктердің
сенімгерлік операцияларды орындауына қажеттіорнықты заңдық база жасалағн
жоқ, алайда, жоғарыда аталғандардың арасынан жекелеген операциялар
қолданылып жүр.
Жеке тұлғаларға көрсетілетін сенімгерлік қызметтер, оның ішінде,
сенімгерлік бойынша меншікті басқару, делдалдық қызмет, қамқорлық және т.б.
шетелдік барнктерде кеңінен таралған.
Өсиетнама бойынша құрылған сенімгерлік өсиетнамалық деп аталады.
Мұндай сенімгерлік өсиетхат қалдырушы қайтыс болғаннан кейін күшіне
енеді.Жеке тұлғалар өмірлік сенімгерлікті жасауына болады. Ол оның иесінің
өмір сүрген кезінде әрекет етеді.Өсиетнамалық сенімгерлікті, әдетте,
құрылтайшысы активтерді бенефицияларға сенімгерлік формасында бөлгісі
келгенде құра алады.Өмірлік сенімгерлік біреуге активтің меншік құқығын
беруге оның иесі салықты төлемес үшін немесе мүлікті басқаруға байланысты
инвеститция бойынша күн сайын шешім қабылдауы үшін жасалады.
Сенімгерліктің осы екі тұрпатын банк сенімгерлік келісімшарттың
шартарына сәйкес басқарады, сенімгерлікті жасаушы инвеститция үшін қатаң
директив белгілей алады немесе банкке шешім қабылдауында ең икпемді
саясатты жүргізуіне мүмкіндік береді.Мұның негізгі мақсаты-ьабыстардың
баланстылығын сақтау, негізгі капиталды сақтау және қатердің деңгеййін бір
қалыпты ұстау.
Банк қамқоршылық функциясын орындауы мүмкін.Банк қамқоршы ретінде
активтерді жинауға және оның сақталуына , борышқордың төленуіне ,
қаражаттың тиісті бенефициарларға өсиетхат бойынша бөлінуіне жауапты.
Дербес сенімгерлікпен қызмет көрсетудің бір түріне жекеше агенттік
шотты жүргізу жатады.Принципиал (жеке тұлға) банкпен негізгі активтерді ,
қаржылық істерді басқару, күн сайынғы шығыстарды жүзеге асыру бойынша
келісімшарт бекіте алады. Принципиал банкке
агент ретінде жалақы , процент , дивидент , жалгерлік төлем алуға, берешек
бойынша төлем төлеуге,жекеше шығыстарды олардың пайда болуына қарай
өкілеттілік береді.Кейбір жағдайларда банк жұмыскері дискрециялық құқыққа ,
яғни өзқалауы бойынша әрекет ету құқығына ие болады.Мұндай қатынас басқару
құқығы бар сенімгерлік шотпен белгіленеді.Егер мұндай құқық банкке
берілмейтін болса, онда сенімгерлік бөлімнің қызметкерлері әрбір мәмілені
істеуге рұқсат алады. Алайда барлық жағдайда банк принциплға барлық
істелген мәмілелер жөнінде ұдайы хабаолап отырады.
Коммерциялық кәсіпорындарға көрсетілетін сенімгерлік қызметтердің
алуан түрін екіге бөлуге болады: агенттік және қамқоршылық.
Банктердің сенімгерлік бөлімшелері көбінесе іскер фирманың агенті
ретінде әрекет етеді. Бұл қызмет әдетте клиенттің коммерциялық мүддесі үшін
құнды қағаздарды шығару бойынша жұмыстарды , дивиденттердің төлемін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесі және банк жүйесінің сенімділігі
Банктік қызметтер нарығының теориялық негіздері туралы ақпарат
Коммерциялық банктердің қаржылық қызметі
Банктің активті және пассивті операциялары
ҚР Банктік құрылымы мен дамуы
Қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және басқару
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында екінші денгейлі банктердің табыстары мен шығыстарын талдау ( Цесна-Банк АҚ мысалында)
Бағалы қағаздарды жіктеу және бағалы қағаздар түрлерін жіктеу
Бaнктiк жүйенiң теориялық сұрaқтaры мен дaму тенденциялaры
Пәндер