Басқару ғылымы. Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР
1) Басқару ғылымы
2) Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері
3) Басқаруда қоғам мен табиғат заңдарын пайдалану механизмі
ҚОРТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мемлекетті басқару қоғамдық өмірді реттеуде және тәртіпке келтіруде басты рөл атқарады. Әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани және басқа салаларды қамтиды. Ұйымдастыру және құрылымдық жоспар мен оның шешетін мүдделі және атқаратын қызметі туралы өте күрделі және көп жоспарлы институт. Бұл жағдайды зерттеу кезінде әр адамның, қоғам мен жеке мемлекеттің арасындағы сипатты түсінуге болады. Мемлекеттің басқару функциясы және дәрежесі, әр түрлі формада қоғамдағы жағдайға, оның мүшелеріне, әлеуметтік топтарға, ұйымдарға, бірлестіктерге, қоғамдық саяси қозғалыстарға толық әсер етеді.
Мемлекетті басқарудың адам баласының даму тарихында үлкен маңызы бар екенін атап өту керек. Ұлттық мемлекет болған кезеңге дейін көптеген өзгерістерге ұшырады және белгілі бір жағдайларға байланысты өзгеріп, жетілдіріліп отырады. Адамдардың тіршілік әрекеті бір аяға біріккен кездегі рухани, әлеуметтік, экономикалық саяси жағдайларда мемлекетті басқару көлемі, масштабы, ұйымдастыру сипаты басқаша болды, капиталистік еркін кәсіпкерлік болды. XX ғасырда бұл жағдай басқа сипатқа айналды, адамзат қоғамы мен мемлекет арасындағы шек қою тоқталды, соның негізінде мемлекетті басқару ерекше құқығы бір салада қысқарып, басқа салаларда ұлғайды. Бұл табиғи жағдай, сондықтан басқарушы жүйе қоғам мүшелерінің ұмтылатын қажеттілігіне, мақсатына, мүддесіне сәйкес болу керек. Мемлекеттік басқару тек қана ұйымдық-функционалдық құрылымды ғана емес, қоғамды басқарудың практикалық мәнін, сонымен бірге қоғамдық қатынасқа қатысты сұрақтарды, құндылықтарды, көзқарастар мен саяси, құқықтық байланыстар мен қатынастар жүйесін басқару арқылы өміршеңдік қасиеттерін сақтау мен олардың қызмет ету бейімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл проблемалар, дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекеттік басқару теориясы шеңберінде зерттеледі және дамытылады. Белгілі болғандай мемлекетті басқару теориясының ұйымдастыру және сипаттау мәні өте маңызды рөл атқарады, басқарудың оңтайлы тиімділігін арттыру, елде және әлемде болып жатқан өзгерістерге байланысты одан әрі жақсартылды. Қазіргі мемлекетті басқару теориясының одан әрі дамуы және тығыз байланысты азаматтық қоғаммен, нарықтық экономика және саяси демократияны толық бекіту. «Қазақстанның ғажайып жоспары, яғни біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан XXI ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс. Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс», – деді Жаңа жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл өте маңызды қадам. Барлық саласын алға дамыту қай мемлекет үшін де оңай шаруа емес. Оның көбісі мемлекетті басқаруға байланысты, ол үшін шешім қабылдау кезінде экономикалық заңдардың мәнін теориялық жағынан дұрыс шешіп, қолданыстағы заңдар мен оның байланысын арттыру заң шығарушы органның басты міндеті болып саналады. Қазақстанда мемлекетті басқару теориясын оқып үйрену мен оны жан-жақты зерттеудің алғы шарты жасалуда. 1997 жылы мемлекеттік қызмет туралы заң қабылданды. Заңда көрсетілген негізгі міндеттерді орындау кезінде көп жұмыстар атқарылды. Басқаруды жаңа бағытта дамыту кезеңінде, кеңестік жүйеде қалыптасқан әкімшілік-әміршілдік жүйені толық жеңіп, жаңа мемлекет қалыптастырудың әкімшілік жүйесінің негізі түпкілікті түрде өзгертілді және қоғамдық өмір аясындағы мемлекеттік саясат, мемлекеттік қызметкерді дайындау және қайта дайындау іске асты, мемлекеттік органдардағы істейтін адамдардың барлығы заң, құқық және әдеп нормаларын толық орындауға міндетті.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.
2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы
3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.
4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шліде № 178-///ҚРЗ
5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28 б.
6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы наурыздың 27-сі. № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.
8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР
1) Басқару ғылымы
2) Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері
3) Басқаруда қоғам мен табиғат заңдарын пайдалану механизмі
ҚОРТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Мемлекетті басқару қоғамдық өмірді реттеуде және тәртіпке келтіруде басты рөл атқарады. Әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани және басқа салаларды қамтиды. Ұйымдастыру және құрылымдық жоспар мен оның шешетін мүдделі және атқаратын қызметі туралы өте күрделі және көп жоспарлы институт. Бұл жағдайды зерттеу кезінде әр адамның, қоғам мен жеке мемлекеттің арасындағы сипатты түсінуге болады. Мемлекеттің басқару функциясы және дәрежесі, әр түрлі формада қоғамдағы жағдайға, оның мүшелеріне, әлеуметтік топтарға, ұйымдарға, бірлестіктерге, қоғамдық саяси қозғалыстарға толық әсер етеді.
Мемлекетті басқарудың адам баласының даму тарихында үлкен маңызы бар екенін атап өту керек. Ұлттық мемлекет болған кезеңге дейін көптеген өзгерістерге ұшырады және белгілі бір жағдайларға байланысты өзгеріп, жетілдіріліп отырады. Адамдардың тіршілік әрекеті бір аяға біріккен кездегі рухани, әлеуметтік, экономикалық саяси жағдайларда мемлекетті басқару көлемі, масштабы, ұйымдастыру сипаты басқаша болды, капиталистік еркін кәсіпкерлік болды. XX ғасырда бұл жағдай басқа сипатқа айналды, адамзат қоғамы мен мемлекет арасындағы шек қою тоқталды, соның негізінде мемлекетті басқару ерекше құқығы бір салада қысқарып, басқа салаларда ұлғайды. Бұл табиғи жағдай, сондықтан басқарушы жүйе қоғам мүшелерінің ұмтылатын қажеттілігіне, мақсатына, мүддесіне сәйкес болу керек. Мемлекеттік басқару тек қана ұйымдық-функционалдық құрылымды ғана емес, қоғамды басқарудың практикалық мәнін, сонымен бірге қоғамдық қатынасқа қатысты сұрақтарды, құндылықтарды, көзқарастар мен саяси, құқықтық байланыстар мен қатынастар жүйесін басқару арқылы өміршеңдік қасиеттерін сақтау мен олардың қызмет ету бейімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл проблемалар, дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекеттік басқару теориясы шеңберінде зерттеледі және дамытылады. Белгілі болғандай мемлекетті басқару теориясының ұйымдастыру және сипаттау мәні өте маңызды рөл атқарады, басқарудың оңтайлы тиімділігін арттыру, елде және әлемде болып жатқан өзгерістерге байланысты одан әрі жақсартылды. Қазіргі мемлекетті басқару теориясының одан әрі дамуы және тығыз байланысты азаматтық қоғаммен, нарықтық экономика және саяси демократияны толық бекіту. Қазақстанның ғажайып жоспары, яғни біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан XXI ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс. Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс, - деді Жаңа жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл өте маңызды қадам. Барлық саласын алға дамыту қай мемлекет үшін де оңай шаруа емес. Оның көбісі мемлекетті басқаруға байланысты, ол үшін шешім қабылдау кезінде экономикалық заңдардың мәнін теориялық жағынан дұрыс шешіп, қолданыстағы заңдар мен оның байланысын арттыру заң шығарушы органның басты міндеті болып саналады. Қазақстанда мемлекетті басқару теориясын оқып үйрену мен оны жан-жақты зерттеудің алғы шарты жасалуда. 1997 жылы мемлекеттік қызмет туралы заң қабылданды. Заңда көрсетілген негізгі міндеттерді орындау кезінде көп жұмыстар атқарылды. Басқаруды жаңа бағытта дамыту кезеңінде, кеңестік жүйеде қалыптасқан әкімшілік-әміршілдік жүйені толық жеңіп, жаңа мемлекет қалыптастырудың әкімшілік жүйесінің негізі түпкілікті түрде өзгертілді және қоғамдық өмір аясындағы мемлекеттік саясат, мемлекеттік қызметкерді дайындау және қайта дайындау іске асты, мемлекеттік органдардағы істейтін адамдардың барлығы заң, құқық және әдеп нормаларын толық орындауға міндетті.
Басқару ғылымы
Мемлекет - тарихи процесс. Қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты пайда болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі кезінде біреудің үстем жағдайға, екіншісінің бағынышты жағдайға түсетінін өмір дәлелдейді. Мәселен, бір отбасының өзінде табысты көп табатын үй иесіне әйелі және балалары тәуелді, олай болу себебі, ол, үй ішін асыраушы, тамақ тауып беруші, киіндіретін де соның өзі. Ал қоғам жеке отбасынан құралады. Олардың табыстары да әр түрлі мөлшерде, қоғамдағы орындары да әр түрлі. Әлеуметтік мәртебесі олардың байлығына, меншігінің көлеміне тікелей байланысты. Ф. Энгельс: Мемлекет дегеніміз бір топтың екінші топты бөліп жаншитын машинасынан басқа ештеңе емес, - дейді. Міне, осы жерде мемлекеттің елді басқарудағы рөлі қажет болады. Тек мемлекет қана қолында бар мүмкіншілікті пайдалана отырып, басқару рөлін және құқығын толық пайдалана алады. Мемлекет өз дәрежесінде болу үшін күш көрсетумен бірге өзіне қарсылық білдірушілердің талабына да құлақ асуы тиіс, шегінуге, келісімге, ымыраға баруға да тура келеді. Кейде бір жақты жазалау шараларына жүгіну биліктің беделіне көп зиян келтіреді, сондықтан демократиялық принциптерге де арқа сүйеуге тура келеді. Ата Заңымызда жазылғандай, еліміз демократиялық зайырлы құқықтық әлеуметтік мемлекет құруға берік бағыт ұстап отыр. Мемлекет үшін ең басты құндылық адам және оның өмір құқықтары мен бостандығы. Мемлекет тартымдылығы, пәрменділігі, әлеуметтік ұнамдылығы, халықаралық форумға қатысып, мәдени күндер өткізумен ғана өлшенбейді, бұл тек елді таныстыру, оның орнын айқындау ғана. Сонымен бірге, бұл басты өлшем болып жіктелмейді. Басты өлшем - мемлекеттік Заңдылықты сақтау, еңбек етуге қолайлы жағдай жасау, адам құқығы мен бостандығын қорғау, тынығуға, білім алуға, шеберлігін шыңдауға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ осы айтылғандар ең маңызды міндеттер болып есептеледі. Мемлекеттің мағыналық ұғымы мен сипатын зерделеуден шығатын қорытынды: мемлекетті басқару теориясының өзінің табиғатына сай методикалық әдістемесі бар. Ғылыми және оқулық әдебиетерде методикалық әдістің: жалпы, арнаулы, жеке үш кезеңі анықталады. Жалпы әдіс тек бір ғылымда ғана емес, ғылымның барлық саласында қолданылады. Негізгі теориялық қолдану жолдары: салыстыру, талдау және синтездеу, дерексіздендіру, құрылымдық, ықтималдық т.б. әдістер. Зерделеу арқылы нақты қорытынды жасалады, сынақ негізінде алға қойған мақсатқа жетеді. Арнаулы ғылым салаларын зерттеу. Зерттеу кезінде математикалық, статистикалық, технологиялық т.б. әдістер қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі: басқа әдістерді қолдана отырып, зерттейтін объектінің ерекшелігін, оның атқаратын қызметін, оны орындау кезіндегі ерекшеліктері мен мүдделі орындау жолдарын ғылыми негізде анықтайды. Жеке әдістің басты ерекшелігі: мемлекеттік басқару теориясының өзінен туындайды, және одан әрі дамытылады. Басқа ғылымдарды пайдалану арқылы оның шеңберінен жеке шықпау керек. Шешімдер қабылдау кезінде салыстыруды, дұрыс құқықтық шешімдер қабылдауды, нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып дамытуды осы топқа жатқызуға болады.
Басқару субъектісі бойынша, басқаруды алты түрге бөлуге болады:
1) Мемлекеттік басқару, оның субъектісі, мемлекет, яғни үш тоған: аумағы, халқы, билік. Басқарудың негізі тұтастық, егемендік, қауіпсіздік, тәртіптілік, сондай-ақ тарихи уақыт ауқымына байланысты ҚР-ның барлық секциясының дамуы;
2) ҚР жергілікті өзін-өзі бақарудың қалыптасуы бұл мемлекет институттарының, қоғамның дамуы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартумен байланысты негізгі басқару объектісі.
3) Менеджмент - (ағыл. - management (басқару, меңгеру, ұйымдастыру)) меншікті басқару, жеке кәсіпорынды, өндірісті басқару (басқару атқарылымдарының, қағидатының жеке әдістерінің, құрамдары мен нысандарының жиынтығы), бағдарламалық нысаналы басқару, ғылыми-техникалық талдамаларды, ағымдағы жеке, келешекті жоспарлау, шаруашылықты жүргізудің тиімділігін арттыру т.б.
4) Институционалдық (заңды түрде дайындау (заң және жарғы арқылы)) қоғамдық бірлестік қоғамдық басқарудың субъектісі болып есептеледі. Еркін және плюралистік азаматтық қоғамда субъектілері өте көп және олар ішкі және сыртқы жеке құрылымын өздері басқарады.
5) Топтық (ұжымдық) өзін-өзі реттеушілік, адам топтары субъекті болып есептеледі және қоғамның әрбір даму кезеңінде еркін болып саналады (өзінің көзқарасына байланысты) және сонымен бірге басқалардың мүддесін және мәди нормалар мен әлеуметтік тұрмыстық мүддені басқару кезінде біріккен тәртіп пен қызметті пайдаланады.
Кейбір адамдар мақсатқа лайықты тәртібі мен әрекетін өз өмірінің жасампаз және адамгершілік мақсаты етіп қояды, сол мақсатқа жету үшін білімін, күшін, уақытын жұмсайды. Бұл барлық басқарудың іргетасы болып есептеледі, оның адамдардың тәртібі мен сипатының әсеріне байланысты мазмұны, көлемі және механизмі анықталады.
Басқарудың барлық түрі әр кезеңде:
- Конституциялық және өзге құқықтар мен реттеуге жатады, мемлекеттік басқару басқа да басқарулармен тығыз байланыста болады;
- өзара байланыс бір-бірін толықтырады, ауыстырады, нығайтады, немесе бірін-бірі әлсіретеді;
-әрбір тарихи даму кезеңінде өзінің даму деңгейіне ие болады, басқару объектісіне басқару процесінің талабы сай келуі қажет.
Конфуций мемлекетті басқаруда ізгіліктің, саналықтың, тәртіптің және ережелердің басым болуын қалайды. Ол үшін өсек пен зорлық жүйесі зиянды болып есептеледі. Конфуций Қайырымдылыққа иек артқан Билеуші Темірқазық жұлдызындай, өз орнынан міз бақпайды. Басқа жұлдыздар оған қарап сап түзейді - дейді. Ол ой Әл-Фарабиде түрленіп, Абай мен Шәкәрім де қайырымды қаланың басшылары туралы айтады. Басқару - өзара белгілі көп элементтердің қатынастарын реттеу, яки адамдардың өзінің, қоғамның, табиғаттың құрамдас бөлігі. Басқару адамдардың өзара әрекеті шеңберінде өмір сүреді, субъективтік болып көрінеді. Адамдар арасындағы басқарудың пайда болуы материалдық заттарды, техникалық құралдарды, технологиялық процестерді, әлеуметтік құндылықтарды, рухани шығармашылық өнімдерді т.с.с. адамның басқаруымен байланысты. Басқарудың барлығы адамдар арқылы басталады және адамдарға бағытталады.
Қоғамдық басқару иерархиялық құрылым арқылы анықталады және билікті туғызады. Үкімет кең мағынада жағдай (ахуал) болып көрінеді, бір адамдар әртүрлі жағдайға байланысты өзінің назарын, жағдайын, факторын мүддеге не басқа адамның еркіне бағындырады не адамдар жасаған қоғамдық институттар - әдет-ғұрып, дәстүр, дін, мораль, құқық т.с.с. үкімет, басқару сияқты типтік қоғамдық категория болып саналады. Мемлекеттік басқару жүйесі ғылыми пән ретінде лайықты заңдылыққа сүйенеді және басқару әдісіне, ережесіне және себебіне сүйенеді, бұлар мемлекеттік басқарудың әдістемесін құрайды. Қоғам дамуының объективті заңы адамның ойына не санасына бағынышты емес, ғылым арқылы анықталды ма, әлде жоқ па стихиялық түрде немесе саналы ұйымдасқан түрде әсер етуі мүмкін. Егер заң анықталмаса, бұлыңғыр болса, онда адамдар сезгіштік, қармалау, байқау және қателесу арқылы білуі мүмкін. Заңды танып білу қоғамның келешегі үшін пайдалы. Қызмет тек заңдылықтармен ғана емес, субъективтік факторлармен - адамның санасымен анықталады және ол арқылы мемлекетті басқару жүйесіне байланысты кісінің тәртібіне әсер етеді. Басқа бір жеке адамға қарағанда, мемлекеттің оған құқығы бар, оның институттарының мүмкіндігі бар заңның механизмін толық ашуға конституция негізінде әсер етеді. Егер мемлекеттік басқару жүйесі заң қызметін дұрыс көрсетсе, онда қоғам алға басады. Егер басқару практикасында мемлекеттің қызметі барабар дұрыс анықталмаса, онда экономикада қарама-қайшылық, кикілжің пайда болады. Басқарудың таза мәнін ашып көрсеткен белгілі Паркинсон заңы (Британдық адмиралтейс кораблінің жұмысшы және қызметкерлерінің 50 жылдық динамикалық дамуын талдау арқылы шығарылған), басқару құрылымы, өзара даму уақыты өз-өзінен топталатынын, басқару объектісіне байланысты емес жағдайлар көбейетінін дәлелдейді. Көбею үрдісіне қарсы әсер ету арқылы, басқару аппаратын тұрақты жағдайда бақылап отыру керек екенін негіздейді.
Заңның объективтігі, мемлекеттік басқару жүйесі әдістемесінің негізін құрайды, ол практикалық қызмет жағдайында іске асады, басқару тиімділігінің принциптері:
- экономика мен саясаттың бірлігі, саясаттың басымдығы, экономиканың қорланғанын, қалыптасқанын білдіреді;
- орталықтанған және жеке аудандарды және жергілікті басқа да пайда болған аумақтарды байланыстыруды, жалпы және жергілікті мүддені және мүдденің басымдығын жоғары деңгейге шығаруды білдіреді.
Барша халыққа және әр уақытта қажетті, қолайлы ұстанымда болу, басқарушының адалдығы. Адалдық тек жақсы саясат қана емес, мемлекетті басқарудың бірден бір жақсы қасиеті деп көрсетті АҚШ-тың үшінші президенті Т.Джефферсон.
Адал басқару дегеніміз - биліктің ашық және мөлдір болуы. Биліктің адал болуы халықтың бақылауы арқылы нығаяды, сонымен бірге басқаруға халықтың өзі араласады.
Басқару процесінде қабылдаған заңдармен басқа да нормативтік актілер іске асады. Ол үшін органдар мен мекемелер сәйкес әдістер қолданады. Басқаруда билікті орындаушы буындар, парламент палаталарының комиссиялары, сот органдары, мемлекеттік корпорациялар құрылады.
Басқару жүйесі әртүрлі элементтердің бірігуі арқылы қалыптасады, тұтас бірлік жасалынады. Әрбір даму сатысында тепе-теңдіктің болуы және иерархия оның дұрыс жұмыс істеуі болып саналады.


Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері.
МБТ тарихи қалыптасқан бірнеше мектептерге бөлінеді және оның ағылшындық, француздық және немістік даму бағыттарын анықтайды. Америкалық мектеп эмпирикалық бағытты сипаттайды: яғни басқару теориясының қажеттілігі мемлекеттік басқару практикасын ұтымды ұйымдастырады. Осы негіздегі америкалық мектеп өзінің алғашқы даму сатысында мемлекеттік әкімшілік теорияға негізделді, сонымен бірге көрнекті қайраткерлер тек теоретиктер ғана емес, практиктер де болды.
Мемлекетті басқарудағы Американың басқару мектебі өзінің даму кезеңінің бірнеше сатысынан өтті.
Американың классикалық мектебі, американың менеджмет мектебіне сүйенді. Оның негізі: басқаруды оңтайландыру, оған жетудің жолы, басқарудың экономикалық тиімділігін іздестіру, алға қойған мақсатқа аз шығын жұмсап, барынша жоғары тиімділікке жету болып саналады. Мемлекеттік әкімшіліктің негізгі ұстанымы: мамандану, бағыныштылықтың санын азайту, жауапкершілікті орталықтандыру, корпоративтік қызметкерлердің үндестігі. Басқарудың белгілі теоретигі және практигі Л.Уайт өзінің еңбегінде, негізінен, мемлекеттік әкімшіліктің ұтымды құрамына иерархиялық ұйым ретінде назар аударды.
Мемлекет әкімшілік басқару - бұл жанжақты процесс, бірнеше өзара байланысты функцияны құрайды, олардың ішіндегі негізгісі - жоспарлау және ұйымдастыру болып саналады.
Алайда, классикалық мектеп адам факторының әсеріне назар аудармады. Басқару процесінің ХІХ ғасырдың 20-30 жылдардағы даму кезеңінде әлеуметтік психология социологикалық басқарудың жан-жақтылық классикалық ұстанымына күдік келтіре бастады. Адамгершілік қарым-қатынас мектебі әкімшілік қызметінің нақты жұмыс істеуіне талдау жүргізгенде жұмыс істейтін индивидтер мен топтардың тәртібіне сүйенді. Мери Паркер Фоллет, Элтон Мэйо, Абрахам Маслоу 20-50 жылдардағы АҚШ-тағы осы бағыттағы белгілі ғалымдар болып саналады. Атап айтқанда, мисс Фоллет МБТ негізін салушылардың алғашқыларының бірі болды, ол басқаруды ғылыми тұрғыдан анықтады Жұмыспен қамтамасыз ету басқа адамның көмегі арқылы іске асатынына назар аударды. Жасалған әкімшілік құрылым және жақсы еңбек ақы әр уақытта еңбек өнімділігінің дамуына әсер етпейді дейді оның классикалық жақтаушылары. Жұмыс істеу кезіндегі қызметкерлердің арасындағы қалыптасқан күш, басқарушының өзіне қажетті басқару жағдайына ауыстыру әрекетіне арналған күшке қарсы әсер етуі мүмкін.
А.Маслоудың жүргізген зерттеуі көп жағдайда құбылыстың себебін түсінуге жағдай жасады. Ол тұтыну иерархиясын жетілдірді, бұл басқарудың негізгі ғылыми оқулықтарына енгізілді.
Оның тұжырымдамасының себептеріне байланысты адамдардың амалы тұтынуға байланысты негізден экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджменттің басқару мектептері
Ғылымды басқару мектебі
Менеджменттің басқару стильдері мен негізгі мектептері
Ғылыми менеджмент мектебі
Ғылыми басқару тәсілі
Менеджменттің атқару қызметтері
Хэйан кезеңі жапон тарихындағы өте маңызды кезең
Менеджмент басқару ғылымы ретінде
Менеджменттің бастапқы теориялары
Ғылыми басқару
Пәндер