Капитал жайлы мәліметтер


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
  1. Капиталдың мәні.
  2. Капиталдың алғашқы қорлануы.
  3. Капиталдың қорлану процесі.
  4. Негізгі капиталдың тозуының түрлері.
  5. Қорлардын пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер.

«Капитал» ұғымы (латын сөзі capitalis - басты) үш мағынада қаралады. Біріншіден, Маркстің пікірінше, капитал ерекше, «өздігінен өсетін құн» немесе жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде қосымша құн әкелетін құн. Бұнда таптық, идеологиялық мағына басым: капитал - жұмысшы табын қанау құралы.

Екіншіден, капитал - бұл иесіне табыс әкелетін кез-келген мүлік (ақша, акция, облигация, станоктар, қозғалмайтын мүлік) .

Үшіншіден, капитал - бұл адамдар жасаған өндіріс-құрал жабдықтары.

Негізгі капитал
Айнымалы капитал
: Құрамына не кіреді
Негізгі капитал: Еңбек құралдары

(станоктар, машиналар, өндірістік ғимараттар)

Айнымалы капитал: Еңбек заты

(шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар)

: Өндіріс процесіне қалай қатысады
Негізгі капитал: Бірнеше рет
Айнымалы капитал: Бір рет
: Қалай жұмсалады
Негізгі капитал: Бірте-бірте тозады
Айнымалы капитал: Толығымен тұтынылады
: Өндірілген өнім құнына қалай енеді
Негізгі капитал: Бірте-бірте, бөлшектеп, тозуына байланысты
Айнымалы капитал: Бірден

Капиталдың ауыспалы айналымы - бұл тауар өндіру процесі мен айналысын қамтитын және капиталдың бастапқы ақша формасына қайтып оралуымен аяқталатын капитал қозғалысының бір циклі.

Капиталдың жалпылама формуласы:

ӨҚЖ

А Т …. . Ө …. . Т ' А '

ЖК

Капитал үш кезеңнен өтеді және үш функционалды форманың алмасуын көрсетеді.

ӨҚЖ

Бірінші кезең А Т айналыс сферасында жүзеге асады.

ЖК

Бұл кезеңде ақша капиталы өндірістік капиталға айналады. Кәсіпкер авансталған ақшаға өндіріс процесін жүзеге асыру үшін қажетті өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін сатып алады.

ӨҚЖ

Екінші кезең Т …. . Ө …. . Т ' өндіріс сферасында жүзеге асады.

ЖК

Бұл қозғалысында өндірістік капитал тауарлы формаға айналады. Өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін біріктіре отырып, өндіріс процесі жүзеге асады. Оның нәтижесінде жаңа құны бар тауар жасалады.

Үшінші кезең Т ' А ' айналыс сферасында жүзеге асады. Тауар капиталы пайда көлеміне ұлғайған ақша капиталына айналады.

Капиталдың ауыспалы айналымының үздіксіз жүзеге асуы оның айналымын көрсетеді. Капитал толығымен айналым жасау үшін айналым уақыты қажет. Ол авансталған капитал қозғалысынан бастап, оның пайда көлеміне ұлғайған ақша формасына толық қайта оралуына дейін қамтиды. Әр кәсіпорынынң капиталының айналым уақыты әртүрлі, ол өндіріс пен айналыс жағдайларына байланысты. Айналым уақыты өндіріс және айналыс уақытынан тұрады. Өндіріс уақытына жұмыс уақыты (мысалы, ағашты өңдеу), технологиялық үзілістер, яғни адамның қатысуынсыз жүзеге асатын өндірістік процестер (мысалы, ағаштың кебуі), ұйымдастыру кезеңі (демалыс күндер, түскі үзіліс, жабдықтарды жөңдеу), өндіріс құралдарының өндірістік қор түрінде сақталу уақыты кіреді. Айналыс уақытына өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға кеткен уақыт пен дайын өнімді өткізу уақыты кіреді.

Өнімге тозған құнның бір бөлігін бірте-бірте ауыстыру процессі амортизация деп аталады. Амортизациялық аударымдар өнім өндірісіне кеткен шығындарға кіреді және оны өткізгеннен кейін кәсіпорын шотында ақшалай қор түрінде жиналып, амортизациялық қорды құрайды. Амортизациялық қор негізгі капиталды толық қалпына келтіруге, немесе оны жөңдеу процесінде жартылай қалпына келтіруге қолданылады.

Тозудың екі түрі бар: моральдық және физикалық. Физикалық тозу тек өндіріс процесінің әсерінен ғана емес, табиғат күштері әсерінен де пайда болады: станоктарды тот басады, ғимараттар бірте-бірте құлайды.

Моральдық тозу екі жағдайда пайда болады:

1. конструкциясы дәл сондай, бірақ арзанырақ машинаның пайда болуы;

2. конструкциясы дәл сондай, бірақ өнімділігі жоғары және үнемді машинаның пайда болуы.

Күрделі қаржы (инвестициялар) - бұл жаңа құрылысқа, қызмет ететін кәсіпорынды қайта құруға, кеңейтуге және техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени-тұрмыстық объектілерді салуға жұмсалатын шығындар. “Инвестиция” сөзі немістің «investiton» сөзінен аударғанда пайда табу мақсатында қандай-да бір кәсіпорынға (фирмаға) ұзақ мерзімді капитал салуды білдіреді.

Негізгі капитал - бұл негізгі қорды ұзақ уақыт атқарылатын материалдық құндылық бар ретінде бағалау.

Негізгі қордың құрамын жіктегенде екі бөлікке бөлінеді:

  • өндірістік;
  • өндірістік емес.

Өндірістік негізгі қорға.

  • өнеркәсіп;
  • құрылыс;
  • ауыл шаруашылығы;
  • көлік құралдары;
  • байланыс, сауда;
  • басқа да материалдық салалар жатады.

Өндірістік емес негізгі қорға:

  • тұрмыстық - коммуналдік шаруашылық;
  • денсаулық сақтау;
  • білім беру;
  • мәдениет және т. б.

Негізгі қор натуралды заттық белгілеріне қарай:

  • ғимарат;
  • құрылыс;
  • құрал - жабдықтар;
  • аспап;
  • өндіріс;
  • шаруашылық мүлкі;
  • көп жылдық көшеттер деп бөлінеді.

Кез-келген негізгі қордың обьектілері табиғи және сапалық жағынан тозады.

Негізгі қордың табиғи тозуы - олардың өндірістік тұтыну барысында және табиғат көшінін әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрынғы қалпына келтіруге болады.

Негізгі қордың сапалық тозуы - қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін қалуы. Демек, экономикасы дамыған елдерде негізгі қорды ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.

Негізгі қорды құндық бағалаудың мынадай түрлері бар:

1. Қолда бар құрал - жабдықтарды бастапқы толық құны бойынша бағалау, оларды тасымалдаудағы көлік шығындары және пайдалану кезіндегі құрастыру жұмыстарының құны. Негізгі қор бастапқы құны бойынша кәсіпорынның балансында есепке алынады, сондықтан оны “баланстық құн” деп атайды.

2. Қорды толық қалпына келтіру құны және оны дамыған жағдайға келтіру құны бойынша бағалау. Бұл ұқсас материалдарды дамыған жағдайға сәйкес, пайдаланудың тиісті параметрлерін сақтауды көздейді.

3. Қордың тозуын есепке ала отырып бастапқы және қалпына келтіру құны бойынша бағалау (қалдық құн) . Бұл процестің нәтижесінде техника тетіктері мен құрал - жабдықтардың жоғары үнімділігін және оларды үнемді пайдалану жолдарын қарастыру көзделеді.

Негізгі қордың көрсеткіштері екі түрге бөлінеді:

1. Негізгі қорды пайдалану дәрежесі жөніндегі көрсеткіштер:

а) Қайтарым қорының көрсеткіштері - негізгі өндірістік қордың мың теңге құнына қанша өнім келетінін сипаттайды. Ол мына формула бойынша анықталады:

Ққ = Т ө Қ о \frac{Тө}{Қо}

Мұндағы:

Ққ - қайтарым қоры;

Тө - таза өнімнің тауарлы немесе нормативтік құны;

Қо - негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.

ә) Қайтарым қорының кері шамасынан өнімнің қор сиымдылық көрсеткіштерін есептеп шығаруға болады. Ол негізгі қордың бір өнім өлшеміне шаққандағы құнымен сипатталады (теңге есебімен) .

Қс = Қ о Т ө \frac{Қо}{Тө}

Мұндағы:

Қс - қор сиымдылығы.

б) негізгі қордың топтық немесе тозу коеффиценті:

Тқ = Т қ Қ а \frac{Тқ}{Қа}

Мұндағы:

Тқ - тозу коеффицентің есептеу арқылы негізгі қордың тозу құны;

Қа - негізгі қор тобының барлық және жеке түрінің бастапқы түрі.

2. Негізгі қордың құрамы мен құрылымын бағалайтын көрсеткіштер:

а) Негізгі қорды жаңарту коеффиценті:

К жаңарту = Қ қ . е . Қ с . қ \frac{Ққ. е. }{Қс. қ}

Мұндағы:

Ққ. е. - белгілі бір кезеңдегі негізгі қордың қайта енгізілген құны;

Қс. қ - сол кездегі негізгі қордың соңғы құны.

ә) Негізгі қордың қирату коеффиценті:

Қ қирату = Қ қ и р а т у Қ б а с т а п қ ы \frac{Ққирату}{Қбастапқы}

Ққирату - белгілі бір кезеңдегі негізгі қордың қираған құны;

Қ бастапқы - сол уақыттағы негізгі қордың бастапқы құны.

б) Негізгі қордың арту коеффиценті:

Қарту= Қ е н г і з у Қ қ и р а т у Қ б а с т а п қ ы \frac{Қенгізу - Ққирату}{Қбастапқы}

в) Табиғи тозу коэффиценті:

Кт= Т н а қ т ы Т а т а у л ы \frac{Тнақты}{Татаулы}

Тнақты-нақтылы қызмет мерзімі жылмен есептеледі;

Татаулы-атаулы қызмет мерзімі жылмен есептеледі.

г) Сапалық тозу коэффиценті:

Тм1= ( Қ б а л Қ қ . қ . ) х 100 Қ б \frac{(Қбал - Ққ. қ. ) х100}{Қб}

К1е-К1жх-ескі және жаңа құрал-жабдықтардың сапалық жағынан толық бастапқы құны (теңге) .

Wе - ескі және жаңа жылдағы құрал- Wж

жабдықтардың сапалық жағынан жылдық өнімділігі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспарды құру негізі
Теориялық негіздер және қарыз алушының несие алуы туралы түсінік
Коммерциялық банктің рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесі
Бухгалтерлік есептің принциптері және мәні
Бухгалтерлік баланс туралы
Есеп регистрлерінің түрлері
Бухгалтерлік есептің мәні және түрлері
Банктік қадағалау әдістері
Бухгалтерлік баланстың кәсіпорында қолдану ерекшеліктері
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың экономикалық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz