Қазақстандағы жеміс шаруашылығы



I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Қазақстандағы жеміс шаруашылығы
2.2. Ұйғыр ауданының табиғат . климат жағдайы
2.3. Өсірілетін жеміс . жидектерге сипаттама
2.4.Бақ құру жобасы
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Жеміс-жидек өсіру — жеміс ағаштарының морфологиялық құрылысы, өсуі, дамуы, өнуі, жемістенуі және агротехникасы туралы ғылым. Жеміс-жидек шаруашылығы — өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі.Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады.
Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы — өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б.з.б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б.з.б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б.з.б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор. Жеміс дақылдарының кейбір тұқымдары (шекілдеуікті,жаңғақты және цитрусты) ұзақ уақыт бойы жасаң күйінде сақталады, әрі қыстыгүні және ерте көктемде витаминдер, биологилық белсенді заттар аз болған жағдайда,адам организміндегі қажетті витаминдер т.б пайдалы заттар орнын толықтырады.
1. Аяпов К.Ж, Укибасов О.А. Жеміс – жидек және жүзім дақылдары сорттарын анықтауға арналған оқу құралы , - Алматы. – 2011. -
2. Аяпов К.Ж, Кампитова Г.А, Мажитова Р.С. Жеміс шаруашылығы,Алматы, Сөздік-Словарь 2005ж
3.Н.Г. Щепетков, М.Ә. Ысқақов Жеміс –көкөніс шаруашылығы, Алматы 2011
4. kazakh-zerno.kz/novosti/agrarnye.../205613-kazakhstan-tsivilizovannyj-format-sela

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

2.1. Қазақстандағы жеміс шаруашылығы
2.2. Ұйғыр ауданының табиғат - климат жағдайы
2.3. Өсірілетін жеміс - жидектерге сипаттама
2.4. Бақ құру жобасы

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жеміс-жидек өсіру -- жеміс ағаштарының морфологиялық құрылысы, өсуі, дамуы, өнуі, жемістенуі және агротехникасы туралы ғылым. Жеміс-жидек шаруашылығы -- өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады.
Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы -- өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б.з.б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б.з.б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б.з.б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор. Жеміс дақылдарының кейбір тұқымдары (шекілдеуікті,жаңғақты және цитрусты) ұзақ уақыт бойы жасаң күйінде сақталады, әрі қыстыгүні және ерте көктемде витаминдер, биологилық белсенді заттар аз болған жағдайда,адам организміндегі қажетті витаминдер т.б пайдалы заттар орнын толықтырады.

Негізгі бөлім
2.1. Қазақстандағы жеміс шаруашылығы
Жеміс - жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30 - жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми - зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс - жидек сорттары еліміздің әр түрлі ау-мақтарында аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық формалары жағынан мынандай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т.б.), жартылай бұталар (таңқурай, т.б.), лиандар (актинидия, жүзім, т.б.). Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т.б.), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.), шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т.б.), субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.), тропиктік (банан, ананас, т.б.) болып бөлінеді. Қазақстандағы жеміс дақы-лының 95 пайызын раушан гүлділер тұқымдасы. Жеміс - құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды, қақырап ашылатыны: бұршақ, бұршақын, т.б. Бір тұқымды, қақырап ашылмайтыны: жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек. Шырынды жемістің көп тұқымды түрі: жидек, асқабақ, алма, т.б., бір тұқымды түрі: сүйекті жеміс. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзо карпий) жылтыры: шие, алма, балауыздысы: жүзім, алхоры, шомыр, түктісі: шабдалы, жұмсағы: өрік, қыртыстысы: тұшала, қалыңы: лимон, апельсин, қаттысы: жаңғақ.Жер бетінде алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты.
Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т.б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т.б.), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б.з.б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б.з.б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б.з.б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор. Жеміс дақылдарының кейбір тұқымдары (шекілдеуікті,жаңғақты және цитрусты) ұзақ уақыт бойы жасаң күйінде сақталады, әрі қыстыгүні және ерте көктемде витаминдер, биологилық белсенді заттар аз болған жағдайда,адам организміндегі қажетті витаминдер т.б пайдалы заттар орнын толықтырады.
Қазақстан Республикасында жеміс-жидек дақылдарынан аса сапалы, мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Мысалы,1991 жылы Республикада осындай шаруашылықтардың саны 0,3 мың га болса, 2001 жыл бір мыңға жетіп отыр.
Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді (А.Н. Кацейко, М.П. Левина, А.Д. Виновец, Н.Ю. Нұртазина, М.Т. Нұртазин, т.б.). Орта Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000-нан астам сортының коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы (К.Г. Карычев, И.П. Савеко), таулы және жазық жерлердегі бақтарда жеміс өсірудің қарқынды технологиясы (А.Жанғалиев, И.С. Голованов, Ю.Л. Кудасов, Е.Г. Раузин, А.С. Куцуков), ағаш өсімдіктерін түзуші тіндері арқылы өсіру (С.Г. Долгих, Н.П. Клоконос), жидек дақылдарын өсіру технологиясы (С.Н. Олейченко) жасалды. Топырақ құнарлығын сақтау жәнебақ агроценозын құру (Г.П. Адрианова, Е.М. Коваленко), өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау (М.М. Исин, Г.Н. Қайырова), егістіктерді суару (В.Х. Арст, А.И. Бондарцев), ауқымды процестерді механикаландыру (Ж.Мағажанов) мәселелері зерттелді. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстанның әр түрлі аумақтарында аудандастырылған. Қазіргі Қазақстандағы жеміс шаруашылығының дамуы алдағы кездегі жеміс шаруашылығының дамуымен салыстырғанда әлдеқайда дамып келеді. Қазақстан Республикасында жеміс - жидек дақылдарынан аса сапалы, мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Олар негізінен еліміздің халқын жеміс - жидек тағамдарымен толық болмаса да жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету. Мысалы, 1991 жылы Республикада шарушылықтардың саны 0,3 мың га болса, 2001 жылы бір мыңға жетіп отыр.
Бірақ, соңғы жылдары жеміс шаруашылығының жалпы көлемі мен өндірілетін өнім мөлшері күрт төмендеп кетті.
Қазақстанда, соңғы деректер бойынша, 1996 жылы жеміс шаруашылығының көлемі 96,5 мың гектар болса, 2000 жылы - 65,1 мың гектар. Сондай - ақ жалпы өндірілген өнімнің мөлшері 1996 жылы. 341 мың т. болса, 2002 жылы 202,0 т болады. Жалпы өндірілген өнім мөлшерінің азаюы, тікелей жан басына шаққанда, дәрілік норма бойынша 95 кг өажет болса, соңғы 1996 - 2000 жылдары 7 - 14 кг аралықта өндіріледі.
Біздің Республикамызда жеміс шаруашылығының дамуына көп еңбек сіңірген ғалымдар қатарына А.Ж.Жанғалиев, А.П.Драгавцев, А.Н.Кацейко, В.П.Вонамаршук, В.И.Васильев, А.П.Андронов, Б.Г.Матаганов, К.Г.Карычев, Е.Г.Раузин, О.А.Үкібасов.

2.2. Ұйғыр ауданының табиғат және климаттық жағдайы

Ұйғыр ауданы - облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1934 жылы құрылған. Жер аумағы 8,73 км2. Халқының саны 63,8 мың адам (2003). Аудан аумағындағы 26 елді мекен 14 аудандық әкімшілік округтерге біріктірілген. Аудан орталығы -- Шонжы аулы.
Ауданның көпшілік бөлігі көтеріңкі жазық. Батысының Еңбекшіқазақ ауданымен шектесетін тұсында аласа келген Бұғыты татары, Сегеті жазығы, оңтүстік-батысы Торайғыр тауларымен шектелген. Көтеріңкі келген оңтүстік бөлігін батыстан шығысқа қарай созылған Кетпен (Ұзынқара) жотасы алып жатыр. Ауданның ең биік жері де осында (Аспантау, 3652 м). Оның солтүстік беткейіңде шырша, қайың, тал өскен орман қалыптасқан. Ауданның климаты тым континенттік, кысы суық, аязды, жазы ыстық. Қаңтар айындағы жылдық орташа температурасы -6-8°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері -- 250- 300 мм, таулы бөлігінде 400-500 мм. Аудан жерімен Іле, Шарын өзендері және Кетпен жотасынан бастау алатын Шошанайсай, Ақсу, т.б. шагын өзеңдер ағады. Олардың кейбірі Ілеге жетсе, кейбірі құмға, жерге сіңіп кетеді. Ағаш, Тұзкөл көлдері Шарын өзенінің сағасында орналасқан. Жерінің басым бөлігінің топырағы сұр, қиыршықты сұр, Іле аңғарында шалғынды сұр, сортаң топырақ дамыған. Тауалды жазығында бозғылт қоңыр, қоңыр, карбонатты қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау баурайында таудың шымды қоңыр топырағы, шалғынды-қошқыл топырақ орын алған. Өсімдік жамылғысында жусан, көкпек, ши, жыңғыл, қамыс, құрақ, сексеуіл, арша, шырша, Шарын өзенінің аңғарында табиғат ескерткіштері саналатын аумағы 5014 га реликті шетен тоғайы өседі. Согдиан ерені, емен, тораңғы, Іле итмурыны, Іле қарақаты, Михельсон кермегі сияқты өсімдіктер Қазақстанның " Қызыл кітабына" енгізілген. Аудандағы ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 546,2 мың га, оның ішінде 24,6 мың га егістік, 492,1 мың га жайылым, 29,5 мың га шабындық.

2.3. Өсірілетін жеміс - жидектерге сипаттама
Алма
Алма (лат. malus) -- раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі.
Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10 -- 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20 -- 100 жыл, биіктігі 4 -- 10 м болады. 3 -- 12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100 -- 300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.
Алманың - жаздық сорттары.
Мельба - Канадалық сорт. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, бөрікбасы ағаштың жас шағында сопақша, ал жеміс берген уақытта аумақты кең болады. Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 75-100 кг. Жемісінің өлшемі орташа 130 кг, түсі көкшіл сары, қызыл, қызыл жайылған шырайлы жұмсағы ақ, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар.

1-сурет. Жаздық алманың мельба сорты

Пеструшка - жергілікті сорт.Алматы,Қызылорда,Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.Ағаштары өте биік өседі,жас ағашының бөрікбасы дөңгелектеніп келеді,өнім бергеннен кейін селеуленіп кетеді.Суыққа және қуаңшылыққа төзімді.Ағаштары отырғызылғаннан кейін 6-8 жылда жеміс бере бастайды, өнімді жыл сайын салмайды,әрбір жеміс ағашы орта есеппен 180 кг өнім береді.Жемісінің өлшемі орташа (100-110г) қабығы сары, жалпақ қызғылт жолақтары мен жеке - жеке орналасқан теңбілдер бар, сырты тегіс.Жұмсағының түсі ақ, тығыздығы орташа, шырынды, жемісі тасымалдауға шыдамды.

222

2-сурет. Жаздық алманың пеструшка сорты

Алманың күздік сорттары. Ренет бурхардта - Никиталық ботаника бағында шығарылған сорт. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының өсуі орташа, бөрікбасы қалың, жас шағында сопақша, ал өнім бере бастағанда шар тәрізденіп кетеді, суыққа төзімді.Жемісі 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді.Өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 140-160 кг. Жемісінің өлшемі орташа (100 г) , домалақтау, түсі - сары, тасымалдауға қолайлы, жұисағы ақ, сарғыштау, тығыз, шырынды, хош иісті, қышқылтым тәтті.

3-сурет. Күздік алманың сорты- Ренет бурхардта

Апорт - ескі, тегі белгісіз сорт.Қазақстанның оңтүстігі және оңтүстік шығыс облыстарында және Шығыс-Қазақстан облысында пайдалануға рұқсат етілген. Бұл таулы, суармалы аудандар үшін ең бағалы сорттардың бірі. Бөрікбасы сирек, дөңгелек, аумақты. Өнімді көбінесе шет жағына орналасқан ұзын бұтақшалары береді. Жазық аймақта және тау етегінде суыққа шыдамсыз, ал тау белдеуінде, таулы аймақта суыққа төзімділігі жақсы. Жемісті отырғызылғаннан кейін 7-8 жылда береді, өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 100-150 кг.

4-сурет. Алманың күздік сорты - Апорт

Қыстық алма сорттары. Заилийское. Сорт Қазақтың жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында белгісіз сорттардың екпе көшеттерінен шығарылған.Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары аласа, бөрікбасы жинақы, суыққа шыдамды.Жемісі ерте, отырғызылғаннан кейін 3-4 жылы салады.Өнімді жыл сайын береді. Әрбір жеміс ағашынан орта есеппен 160-190 кг өнім алынады. Алмасының өлшемі орташа және ортадан жоғары (110-180 г), сарғыштау жасыл, қызыл қоңыр түсті, күігірт сызықтары бар.Жұмсағы жасылдау, нәзік, шырынды, қышқылтым тәтті.

5-сурет. Қыстық алма сорттары - Заилийское және Румянка Алма - Атинская
Румянка Алма - Атинская.Сорт Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында "Зеленка Вуда" сортының екпе көшетінен алынған. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануына рұқсат етілген. Ағаштарының бөрікбасы кең пирамидалы онша тығыз емес. Суыққа төзімділігі орташа. Ағашы отырғызғаннан кейін 5-6 жылда жеміс бере бастайды.

Алмұрт

Алмұрт - раушангүлдер тұқымдасына жататын жемісті өсімдік. Табиғатта 18 түрі, 5000-нан астам сұрпы бар. Сұрпына қарай биіктігі 20-30 метр аралығында болады. Өмір сүру ұзақтығы 50-80 жыл, кейбір түрлері 150-300 жылға дейін өмір сүреді. 8-10 жылдан кейін жеміс береді. Жапырақтары жұмыртқа пішінді немесе домалақ, ұштары үшкірлеу, ұзындығы 3-7 см. Алмұрттың гүлдеуі сәуір, мамыр айларында, жапырақтары шыға бастаған кезде басталады. Гүлдері ақ, хош иісті, жәндіктерді өзіне тартады. Бір алмұрт ағашынан 10 кг-нан 40 кг-ға дейін жеміс алуға болады. Жарық жерде жақсы өседі, көлеңкеге де шыдамды, бірақ көлеңкеде өссе, жемісті аз береді.
Алмұрт ағашының жемісі - өте пайдалы, әрі тәтті. Алмұрт қантқа, органикалық қышқылдарға, ферменттерге, өзектерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В1, Р, РРдәрумендеріне, каротинге, сонымен қатар йод, калий, мырыш, магний, кремний, темір, флавоноидтарға бай. Емдік мақсатта жаңа піскен немесе кептірілген жемісін және жапырақтарын пайдаланады. Алмұрттың құрамындағы арбутин деген антибиотик микробтарды жояды. Пісірілген алмұртты қатты жөтелгенде, деміккенде және өкпе туберкулезіне ем ретінде қолданады. Кептірілген алмұрттан жасалған қайнатпаны қызба ауруы кезінде, несеп жүргізіп бүйректегі тасты шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Алмұрт жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Тамақ, кондитер өнеркәсібінде қолданады.
Алмұрттың сорттары. Краса Семиречья. Талгарская красавица сортының еркін тозаңданған дәнін себу арқылы, ҚазЖжЖШҒЗИ-да алынған сорт. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында өсіруге ұсынылады.
Ағаш бөрікбасы дөңгелек, жеміс салуының басым типі - сақиналы бұтақша. Жеміс салуды 4-5 жылы бастайды. Жемістері ірі (175-126 г) ұзыншақ- алмұрт тәрізді пішінді. Негізгі бояуы жасылдау - сары жемісінің көп бөлігінде қызыл- күрең шыраймен. Жемістерінің жиындық пісуі қыркүйектің екінші онкүндігінде басталады, Желтоқсанға дейін сақталады.Өнімділігі жоғары. Бұл сортты баққа отырғызудың қолайлы жүйесі, жабайы орман алмұртына ұластырылған ағаштары 8х6 м.

6 - сурет. Краса Семиречья - алмұрт сорты

Қазақстанда кең тараған алмұрттың сорттары

7 - сурет. Кәдімгі алмұрт 8 - сурет. Орман алмұрты

9 - сурет. Регель алмұрты

10 - сурет. Кеш пісетін алмұрт

Шие

Шие (лат. Prunus subgen. Cerasus) - раушангүл тұқымдасына жататын ағаш және бұта типтес өсімдік. Гүлі ақ, кейде қызғылт. Гүл шоғыры шатырша. Етжең, шырынды жемісінің сүйегі бар. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған. Шиенің жемісінде 7,3 - 17,5% қант, 0,8 - 2,4% әр түрлі органикалық қышқылдар, 0,15 - 0,88% илік заттар мен витаминдер болады. Жемісінен тосап, компот, шарап жасайды және кондитер тағамдарына қосады. Шие құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі. Бұлардан басқа далалық және орманды далалық шие (Cerasus frutіcosa), құмдық шие (Cerasus pumіla) деген түрлері бар. Қытай түкті шиесі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Шие - раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны - солтүстік Парсы жері менҚара теңіз жағалауы. Шие тұқымдасында 200 жуық түрі бар. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Ағаштың биіктігі 3-7 м аралығында. Жапырақтары жалпақтау келген ұзын, ұштары сүйір, жиектері аратісті. Гүлі сұрыпына қарай ақ және күлгін, хош иісті. Жемістері тегіс-домалақ пішінді, орташа салмағы 35 грамм, түсі күңгірт-қызыл, қанық қызыл және ашық қызыл болады. Жемістері дәміне қарай тәтті және қышқыл болып екіге бөлінеді. Еті тығыз, шырынды. Сүйегінің үлкендігі 15 мм-дей. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді, маусым-шілде айында жемісі піседі. Шие ағашы 30 жылдай өмір сүреді. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. 8-10 жылдары толық жеміс салу кезеңі. Бір ағаш 100 кг-нан астам жеміс береді. 20-25 жылда сему (жеміс салуының бәсеңдеуі, негізгі бұтақтары ұшының қурауы) кезеңі басталады.
Шие сорты. Шпанка крупная - халық селекциясы арқылы шығарылған сорт, Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Ағаштары ірі,бөрікбасы дөңгеленіп келген, аумақты,қалыңдығы орташа,суыққа шыдамды.Жемісті 3-4 жылда салады.Өнімді жыл сайын береді.Әрбір ағаштан орта есеппен 30-40 кг шие алынады.

11 - сурет. Шие сорты - Шпанка крупная

Алхоры

Алхоры -- раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта жемісі. Еуропада, Солтүстік Америкада, Солтүстік Африкада, Шығыс және Орта Азияда өседі. Ағашынан 40-100 кг-ға дейін өнім алынады. Жемісінен тосап, сусын, шырын, шәрбат және т.б. дайындалынады.
Алхоры (орыс тілінде слива) - раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны - КішіАзия, Кавказ және солтүстік Иран. Қазіргі кезде мәдени алхорының 2000-ға жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Ағаштың биіктігі 3-12 м аралығында болады. Кейбір түрлерінің бұтақтары тікенекті болып келеді. Жапырағының жиектері аратісті. Сұрпына қарай гүлі ақ, қызғылт түсті болады. Жемісі ірі. Жемісінде салыстырмалы үлкен сүйегі бар. Түсі алғашында жасыл, кейін піскенде күлгін болып өзгереді. Түсі сары, күңгірттеу сарғылт, жасыл, қоңыр-көк алхорылар да бар. Жемістің пішіні сұрпына қарай сопақша, сопақша-домалақ және домалақ болады. Дәмі де сұрпына қарай тәтті, қышқылтым-тәтті және қышқылдау болып келеді. Еті тығыз, шырынды, сүйегінен оңай ажыратылады.
Алхоры сорты. Виктория - Англиялық сорт.Қазақстанда Атырау облысында, Оңтүстік және Оңтүстік - шығыс облыстарда пайдалануға рұқсат етілген.
Ағаштары биік өседі,бөрікбасы аумақты,қалыңдығы орташа.Суыққа төзімді.Отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда өнім береді.Жемісті жыл сайын салады.Әрбір ағаштан орта есеппен 30 - 35 кг жеміс алынады.Жемісі ірі (50г),пішіні сопақша,түсі күңгірт қызыл,жұмсағы сары,аздап талшықты,шырынды қышқылтым тәттілеу.Сүйегі жұмсағынан жақсы айрылады.Жемісі жас күйінде қолданылады, қайнатпа қайнатылып,тосап дайындауға өте жақсы.

12 - сурет. Алхорының сорты - Виктория

Бүлдірген

Бүлдірген (Fragarіa) - раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл. БүлдіргенніңҚазақстанда 2 түрі: орман Бүлдіргені (F. verca), жасыл Бүлдірген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс шаруашылығының маңызы
Қазақстандағы жеміс - жидек шаруашылығы туралы
Қазақстандағы жекеленген аймақтарындағы жеміс шаруашылғының ерекшелгі
Түлкібас ауданында өсірілетін жеміс – жидектер
Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары туралы
Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарындағы жеміс шаруашылығының ерекшеліктері туралы
Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарындағы жеміс шаруашылығының ерекшеліктері
Алматы облысы, Қарасай ауданына жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру
Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Пәндер