Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер


Жоспар:
I. Кіріспе бөлім
1. 1. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
II. Негізгі бөлім
2. 1. Беде (клевер) өсімдігіне сипаттама
2. 2. Жоңышқа өсімдігі, ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.
2. 3. Жоңышқа сорттары
2. 4. Эспарцет өсімдігі
2. 5. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мал азықтық көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің ішінде беде, жоңышқа, эспарцет және түйежоңышқа кеңінен таралып отыр. Оларды мал азығына көктей, пішен ретінде, сүрлем немесе шөп ұны ретінде пайдаланады, азық өлшемінің құрамы қажетті ақуыздармен толық қамтамасыз етіледі. Жоңышқаның бір азық өлшемінде 187 г ақуыз, бедеде - 212-237, эспарцетте - 155-196, түйежоңышқада - 163-239 г ақуыз болады. Зоотехникалық талап бойынша мал азығының әр өлшеміне 110-120 г ақуыз қажет.
Қолайлы жағдайда өсіргенде көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер әр гектардан 40-55 ц, суармалы жерлерде - 100 ц өнім береді. Бұл дақылдардан топырақта азотқа бай көп органикалық заттар қалатындықтан, көптеген дәнді және техникалық өсімдіктерге теңдесі жоқ алғы дақыл болып саналады. Ал бұршаққа астық тұқымдастарды қоса себу, топырақты судың және желдің зиянды әсерінен жақсы сақтайды. Беткейлерге еккенде оларды су шаюынан сақтап, жоғары қабатының жақсы бекуіне жағдай жасайды.
Мал азықтық маңызы зор астық тұқымдас көпжылдық шөптерге еркекшөп, қылтанақсыз арпабас және т. б. жатады. Бұл дақылдар бір жерде ұзақ өседі және бұршақ тұқымдас шөптермен қоса егілгенде жоғары сапалы көк шөп пен құнарлы пішен алуға мүмкіндік береді.
2. 1. Беде (клевер) өсімдігіне сипаттама
Халық шаруашылықтық маңызы. Беде (клевер) - аса бағалы мал азықтық өсімдік. Оны пішен, көк шөп, сүрлем, пішендеме, шөп және пішен ұнын алу үшін өсіреді. Оның құрамында көктей шабылғанда 16, 8%, пішенінде - 15, 2 % протеин, одан басқа амин қышқылдары, каротин және күл элементтері кездеседі. 100 кг пішенінде - 51, 7, көк шөбінде - 21 азық өлшемі бар. Екі-үш жыл қатарынан өсірілген беде танабында топырақтың жақсы құрамы қалыптасады, сондықтан мұндай егістік күздік және жаздық дәнді дақылдарға, зығырға, картопқа, қант қызылшасына және басқа дақылдарға жақсы алғы дақыл болады.
Шығу тегі, өсетін аудандары, өнімі. Беде Африкадан басқа жердегі барлық мемлекеттерде ерте кезден өсіріледі. Біздің еліміз бедені ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап өсіре бастады. Қазір беде егісі еліміздің барлық аймағында орналасқан.
Беде (Trіfolіum pratense) егіс танабында 2-3 жыл ғана өсетін көпжылдық өсімдік. Тамыры - кіндік тамыр, топырыққа 2 м тереңге кетеді. Сабағы бұқтақтанып, ақ түкпен қапталады, іші қуыс, көптеген бұтақтарды жапырақтар қолтығынан тарайды. Биологиялық ерекшеліктеріне және сабақ буынының санына байланысты кеш пісетін солтүстік және тез пісетін оңтүстік беде түрлеріне бөлінеді.
Оңтүстік беде сабағы - 5-7 буынды, биіктігі 1 м шамасында, жапырақтары көп. Шөбі нәзік, ақуызды. Қысқа төзімсіз, бірақ солтүстік бедеге қарағанда құрғақшылыққа төзімді болады. Жапырақтары күрделі, үш бөліктен тұрады, шеті тегіс, төменгілері ұзын, жоғарылары қысқа сабақшалы. Гүл шоғы дөңгелек немесе ұзынша келген 30-150 дейін гүлі бар, шашақ бас. Жемісі бір тұқымды, сирек екі тұқымды бұршақ. Тұқымы дөңгелектен гөрі сопақшалау немесе үшбұрышты - жұмырлау, түсі сары, күлгін, ескілері сұр түсті. 1000 тұқымының салмағы 1, 4-2, 2 г.
Өсіру ерекшеліктері. Біздің елімізде бедені басқа дақылдардың астына бүркемелеп егеді, арамшөп басып кететіндіктен, таза себу көп тарамаған. Бірінші жылы өте жай өсетіндіктен, оны арамшөптен таза отамалы, дәнді дақылдардан кейін егеді. Бүркеуші дақылдарға жаздық бидай, арпа, сұлы, ылғалды аудандарда - күздіктер жатады. Топырақты өңдеу бүркеуші дақылдардың талғамына сай жүргізіледі. Күзде сыдыра жыртып, 25-27 см сүдігер айдайды. Көктемде сүдігерді тырмалап, қопсытуды тырмалаумен бірге жүргізеді де, мұқият тегістейді.
Тыңайтқыштар. Органикалық және фосфорлы калий тыңайтқыштары беде өнімін молайтады. Сондықтан әр гектарға 20-25 т көңді, 30-35 т қорданы алғы дақылға, болмаса бүркеуші дақыл себудің алдында 45-50 кг Р2О5 және К2О тыңайтқыштарымен қоса береді. Қатарға Р10 мөлшерінде енгізілген суперфосфат әр гектардан 10-12 ц қосымша өнім алуды қамтамасыз етеді.
Беденің танабын екінші және үшінші жылы пайдаланғанда күзде және көктемде әр гектарға 1, 5 ц суперфосфат және 0, 5-0, 7 ц калий тұзын сіңіреді.
Тұқымды әзірлеу және себу. Тұқымды себер алдында 1, 0-1, 5 стакан суға салып, нитрагинмен күннің көзі түспейтін жерге қойып өңдейді. Көктемде, күздік астықтарды тырмаламастан бұрын, үстіне жоңышқаны шөп-дән егетін сеялкалармен себеді. Әр гектарға таза себілгенде 12-16 кг, қоса сепкенде 8-10 кг беде, 4-6 кг атқонақ себіледі. Тұқымды сіңіру тереңдігі 1-2 см, жеңіл топырақта 2, 5-3, 0 см жеткізіледі.
Егістікті күту. Беденің жақсы қыстауы үшін бүркеуші дақылды 14-15 см биіктікке жеткенше орады. Көктемде әр гектарға Р30К30-40 және 200-400 л суға ерітілген 150-300 г молибден қышқылы аммониймен қоректендіріп тырмалайды. Арамшөптерге қарсы әр гектарға 40-50 кг ДНОК препаратын қолданады.
Егінді жинау. Пішенге шабылатын бедені бойында протеині көп мезгілде, гүлденуінің бас кезінде шабады. Одан кешіксе жапырақшаларының түсуіне, протеиннің азаюына байланысты, шөптің мөлшері де, сапасы да төмендейді. Сүрлемге, шөп ұнына және тағы басқа мақсаттарға да осы кезде шабылып, дестеде жатып кепкеннен кейін сақтау орнына тасылады. Ауа райы жаңбырлы болғанда шөпті арнаулы орындарда желдеткіштер арқылы кептіреді.
Тұқымдық бедені өсіру ерекшеліктері. Көпжылдық шөптердің тұқымын маманданған шаруашылықтарда өсіріледі. Қыста суыққа төзімді және өнімі жоғары болу үшін, күзде беде егістігі фосфор калийлі тыңайтқыштармен қоректендіріледі (Р40К40, ол әр гектардан 0, 7-1, 2 ц қосымша тұқым алуды қамтамасыз етеді. Сабақтана бастағанда 400 л суға ерітілген 100-200 г молибден қышқылды аммониймен қоректендіреді. Көктемде әр гектарға 2 кг әсерлі заты бар бор сіңіру, тозаңдануының толық жүруі үшін әр гектарға 4-5 ара омартасын шығару беде тұқымынан мол өнім алудың көзі.
Тұқымдық беде шашақбасы 90-95 % қоңырланғанда астық комбайындарымен тікелей жиналады. Астық тұқымдас өсімідіктермен қоса себілгенде, алдымен астықты дақылдар, 15-20 күн өткеннен кейін беде жиналады. Жиналған беде тұқымын ОВА-1, «Петус-Гигантң К-53 машиналарында немесе СМ-4, КОС-0, 5 тұқым тазалағыштарынан өткізіп, дымқылдылығын 13%-ға жеткенше кептіреді.
2. 2. Жоңышқа өсімдігі, ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.
Жонышқа (Меdicago туысы) бұршақ тұқымдастарына жататын көп жылдық шеп. Мал азығына егістік немесе көк жонышқа (М. falcata L. ), сарбас немесе орақтәрізді жонышқа (М. coerulea L. ) және көгілдір жонышқа (М coerulea L. ) пайдаланылады. Шаруашылықта көп тарағаны көк жонышқа мен сарбас жонышқаның буданды түрлері.
Жоңышқадан пішен, пішендеме, сүрлем, шөпті - витаминді ұнтақтар, азық түйіршіктерін дайындайды және көк азық ретінде пайдаланады. Оның мал азығына жан-жақты пайдаланылуы, құрамында ақзаттың және ауыстырылмайтын аминқышқылдары мен витаминдердің көптеп кездесуімен анықталады.
Жалпы қоректілігі жағынан жонышқа астық тұқымдас шөптерден 2-3 есеге дейін жоғары. Жоңышқа пішенінің 100 кг 50-60 а. ө және 12-15 қорытылатан потеин, ал 100 кг сүрлемінде 15 а. ө. және 2, 6 кг дейін қорытылатын протеин болады (77-сурет)
Жоңышқаның шанақтанып гүлдене бастаған кезеңінде шабылған көк балаусасының абсолютті құрғақ затында протеин мөлшері 18%, май - 3, клетчатка - 24, 9, азотсыз эктсративті зат - 43, 3, кальций - 2, 12, фосфор - 0, 27, калий -1, 1% кездеседі.
Сурет-5. Егістік жоңышқа
Оның көк балаусасы барлық мал түріне және құстарға аса құнды поливитаминді азық болып есепте-леді. 1 кг көк балаусасында С витамині - 210, каротин-48-50, В витамині - 5-6, Е витамині - 150, К витамині 150-200 мг кездеседі.
Жоңышқаның шөп ұнтағының 1кг-да 200-300 мг дейін каротин, Е витамині-26 мг, В2 витамині - 14 мг, В4 витамині (холин) -29 мг және РР витамині (никотин қышқылы) - 31 мг бар. Жоңышқаның 100 кг пішенде-месінде 30-40 а. ө. 7, 5-9 кг қорытылатын протеин және 4 г жоғары каротин болады.
Жоңышқа мал азықтық құндылығымен қатар агротехникалық ерекшелігі жағынан да бағалы өсімдік. Жоңышқаның топырақ құнарлығын қалпына келтіру қасиеті жағынан барлық дақылдар үшін өте жақсы алғы дақыл. Жоңышқа қыртысы топырақты органикалық заттармен байытады да, нәтижесінде 0-30 см қабатында жылжымалы азот, фосфор қышқылы, калий, кальций көбейеді. Топырақта қоректік заттардың қорлануы топырақ түрлеріне, агротехника деңгейіне байланысты. Орта есеппен жақсы дамыған жоңышқа егістігі әр гектарға 120-200 кг дейін азот жинайды.
Топырақтағы органикалық заттардың көбеюі оның құрылымын және ылғалды-физикалық қасиетін жақсартады және де жоңышқаның топырақты ауру қоздыратын бактериялардан, зиянкестерден тазартатын қасиетін де атауға болады
Сортаңды жерлерді және сортаңдауға бейім тұратын топырақтарды жақсартуға жоңышқаның маңызы зор. Жоңышқаның жақсы дамыған тамырлары топырақты су және жел эрозияларынан қорғайды. Осындай тиімді қасиеттеріне байланысты жоңышқа ерте заманнан өсіріле бастаған. Алғаш рет жоңышқа Орта Азияда, Сыртқы Кавказда өсірілді. Қазақстанда жоңышқа барлық жерде өсіріледі. Оңтүстүк аймақтарда жоңышқаны суармалы жерлерде өсіру өте тиімді.
Мәдени шабындықтар мен жайылымдар жасау үшін, жоңышқа негізгі бұршақ шөп қоспасы болып есептеледі. Жоңышқаның әр гектардан өнімі 8-12 мың а. ө. және 20-25 ц пртеинге дейін жетеді.
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Жоңышқа бұршақ тұқымдас көпжылдық шөп. Тамыр жүйесі күшті дамыған. Орталық кіндік тамыры тереңге бойлап өседі, жеңіл топырақты жерлерде 10-12 м дейін жетеді. Тамырының негізгі массасы (55-60%) топырақ бетінің жырту қабатында (0-35 см) орналасады.
Ауадан азот қабылдап топырақты байытатын бактерия түйнектері негізінен жоңышқаның жіңішке бүйір тамырларында байланады.
Жоңышқа сабағының тамырға өтетін жерінде сабақтың жуандау «тамыр тәжі» деген орналасады. Түптену аймағы қалыптасатын осы жерде бүршіктер байланады. Жоңышқаның түріне қарай түптену аймағы топырақтың1, 5-10см терңдігіне орналасады. Жоңышқаның түптену аймағының бүршіктерінен көптеген сабақтар өсіп шығады, олардың биіктігі 70-150см дейін жетеді.
Сабақтары шөптесінді, 10-20 буынаралықтан тұрады, іші қуыс немесе негізгі ұлпамен толған. Гүлдегенге дейін сабағы жұмсақ және шырынды келеді, одан кейін қатайып кетеді. Тіршілігінің екінші және одан кейінгі жылдары 2-3 шабыс, немесе 2-3 генеративтік өркендер ұрпағын береді. Жапырақтары күрделі, үштік, орта жапырақшасы ұзынырақ сағақта орналасады. Жапырақшаларының пішіні әр түрлі - эллипс, керісінше жүмыртқа тәрізді, жіңішке ланцентті немесе дөнгелектенген, жоғары жағы ара тісті келеді. Суармалы жерде әр гектарға жапырақ алақанының ауданы 80-110 мың шаршы м. жетеді, тәлімі жерде 40-60 мың ш. м/га шамасында. Жоңышқаның жапырақ үлесі сортына, өру кезегіне және өсіру агротехникасына қарай 35-тен 70% дейін.
Гүлшоғыры - шашақ гүл, 12-16 гүлден түрады, сабақтар ұшында немесе бүтақтарында орналасқан. Гүлдерінің күлшесі әр түсті: көк, сары, көгілдір, қара-көк, шүбар, ақшыл.
Жемісі - орақ тәрізді немесе 2-4 айналым жасап ширатылған көп тұқымды - бұршаққап. Тұқымның пішіні бүйрек тәрізді, түсі сары немесе қоңыр сары. 1000 тұқымның салмағы 1, 5-2, 7 г.
Жоңышқа жоғары өнім түзеді, сондықтан ол суды көп қажет етеді. Оның транспирациялық коэффициенті 650-850 тең. Тамырының қуаттылығына және теренге өсуіне байланысты құрғақшылыққа біршама жақсы шыдайды.
Жоңышқа ұзақ күннің өсімдігі, жарық сүйгіш. Ол жазда ыстыққа, қыста суыққа жақсы шыдайды. Тұқымы +1-2° С өне бастайды. Өскіні -6-8°С үсікке шыдайды. Көктемде көктеуі +5-8°С жылулықта басталады. Жоңышқа алғашқы өсу кезеңінде фосфор тапшылығына сезімтал, қара, қара-қоңыр сүр топырақтарда жақсы өседі. Ол батпақтанған және қышқылдығы жоғары топырақтарда өсіп оңбайды. Жоңышқа үшін топырақ реакциясының бейтарап немесе сәл сілтілі болғаны қолайлы.
Қазақстанда көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы- аса маңызды мәселелердің бірі. Тиісті агротехниканы қолдана отырып жоңышқаның арнаулы тұқым алқаптары салынбайды, өнімділігі төмен, оның үстіне жиналатын тұқымның 30-80% арамшөптердің тұқымымен ластанған болады.
Жоңышқаны сепкеннен кейін 1, 5-2 ай бойы баяу өседі, жер беті массасы нашар дамиды, әсіресе осы кезеңде егістікті таза ұстаудың және арамшөптерге қарсы күрестің маңызы зор.
Базагран, эрадикан, алирокс, далапан, 2М-4Х т. б. гербицидтерді қолдану жақсы нәтиже береді. Жоңышқаның тұқым алқаптарындағы маңызды жұмыстардың бірі- өсімдік зиянкестеріне қарсы күрес.
Қазақстанда тұқымды жоңышқаның екінші шабысында алуға болады, алайда ол үшін алғашқы шабысты бүрлену кезеңінде 10-12 см биіктікте жүргізеді, басқа жағдайда жекелеген жылдары тұқым пісіп үлгермейді. Жоңышқа егістігін тұқымдық, танаптық, малазықтық ауыспалы егістерде орналастырады, сонымен қатар тұқымдық алқаптарды жалпы көпжылдық шөптер егістігінен қамтамасыз етеді.
2. 3. Жоңышқа сорттары
Жоңышқа сорттары: Карагандинская 1. Сортты Карағандының облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы жергілікті табиғи буданын жаппай іріктеп алу арқылы өсіріп шығарған. Бұтасы көлемді, жартылай тік, жартылай жатаған. Пішен үшін шапқандағы биіктігі 50 см, тұқым үшін шапқандағы биіктігі - 78 см.
Жапырағы көп (43-51%) . Қысқа өте төзімді, қуаңшылыққа төзімділігі орташа. Баяу өседі. Жаз бойы тәлімді жерлерде 1-2 рет, суармалы жерлерде 3-4 рет шабылады. Ауруға, зиянкестердің залалына аз шалдығады. Ең мол өнімді сорттардың бірі. Целиноград, Қарағанды, Павлодар облыстарында аудандастырылған.
Марусинская 425. Сорт Моршанск мелмекеттік селекция станциясында өсіріліп шығарылған. Сары гибридті сорт типіне жатады. Бұтасы жартылай жатаған және көлемді келеді. Өсімдігінің пішен үшін шапқандығы орташа биіктігі 45 см, тұқым үшін шапқандағы биіктігі - 70 см, жапырағы көп (45-55%) .
Қысқа төзімді сорттардың бірі. Аудандастырылған жерінде ауруға зиянды жәндіктердің залалына аз шалдығады. Жаз бойы 1-2 рет шабылады. Жақсы пішен мен тұқымдық өнім береді. Солтүстік облыстардың сорт сынау учаскесінде 1 жыл ішіндегі пішен өнімі гектарына 27-40 ц. Тұқым өнімі - 3, 0-4, 1 ц жетеді. Сорт Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Семиречинская местная. Қазақстанның Алматы және басқа оңтүстік облыстарының жергілікті сорты. Сорт қысқа мерзімдік суыққа шыдамды. Қуаңшылыққа біршама төзімді, дегенмен ылғалы жеткілікті аудандарда өсіруге ыңғайлы. Жапырағы өте көп, көлемінің 43-54 %-ын алады.
Оның тұқым өнімі де мол - гектарынан 4 ц және одан артық та болады. Сорт Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Уральская зеленая. Бұл сорт Орал мемлекеттік селекция станциясының өсіріліп шығарылған. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында аудандастырылған. Қуаңшылыққа өте төзімді және суыққа берік. Пішен және тұқым өнімділігі жағынан Зеленов сорт сынау учаскесінде сыналғанда барлық сорттардан асып түсті.
Шортандинская 2. Сорт Шортанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында өсіріліп шығарылған. Жапырағы көк. Шауып алғаннан кейін тез өсіп жетіледі қуаңшылыққа төзімді, сонымен бірге ылғалды да сүйеді. Қысқа төзімділігі ортадан жоғары. Көк шөбі мен пішенінің өнімділігі жағынан аудандастырылған Марусинская 425 және Полтавская 256 сорттарынан асып түседі.
Жоңышқаның аудандастырылған сорттарынан басқа соңғы жылдарда республикамыздың селекция станциялары көптеген болашағы зор жаңа сорттар өсіріп шығарды. Ондай сорттардың қатарында Гримм Приаральский, Қошчи, Ертістік сорт, Долиналық 2, т. б. бар.
2. 4. Эспарцет өсімдігі
Халық шаруашылығындағы маңызы, өсетін аудандары, өнімі. Эспарцет жоғары өнімді және сапалы көпжылдық өсімдік. Көктей шабылған шөбінде 18, 2 %, пішенінде - 16, 6 % қорытылатын протеин болады. Эспарцет - мал ішін кептірмейтін, жайылымға тиісті өсімдік. Ерте піседі, әр гектарға 100-120 кг азот жинайды. Жақсы бал береді. Эспарцеттің әр гектарынан 90-100 г пішен, 23-25 ц тұқым алынады.
Ботаникалық ерекшеліктері. Эспарцет (Onobrycnіs sаtіva) бұршақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдік. Тамыр жүйесі өте күшті, топыраққа 2 м, кейде одан да терең жайылады. Сабағының биіктігі 70-100 см, бұтақтанбайды. Жапырағы күрделі, дақ бөлікті жапырақтардан тұрады. Гүлі - қызыл немесе ашық қызыл түсті. Гүл шоғыры - шошақ. Араның көмегімен айқас тозаңданады. Жемісі - сопақша келген, дара тұқымды, сырты торға ұқсас бұршақ. 1000 тұқымының салмағы 15-20 г.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz