Күріш дақылын өсіру технологиясының негізгі бағыттары және тарихи қалыптасуы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. 1 Күріш дақылын өсіру технологиясының негізгі бағыттары және тарихи қалыптасуы
2. 2 Күріш дақылының өсіру технологиясы
2. 3 Ирригациялық жүйелері мен суды үнемдеу жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ең басты және маңызды саласы. Негізгі міндеті - өсімдік шаруашылығындағы өнімді шығару үшін мәдени өсімдіктерді өңдеу. Өсімдік шаруашылығынсыз адамзаттың толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. Өсімдік өсірудің өзі тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығынсыз мал шаруашылығы да жүзеге аспайды, себебі өсімдіктерсіз малға азық болмайды. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы өндірістің көптеген салаларын өсімдік шикізатымен қамтамасыз етеді, мысалы, тағамдық, аралас құрамды, фармацевтикалық, тоқымалық, парфюмерлік және тағы басқалары.
Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, орман шаруашылығы, шалғындық, гүл өсіру және жеміс өсіру сияқты кіші салаларды енгізеді.
Ұғымдарды шатастырып алмас үшін, әрбір салаға түсінік беру керек. Терминдерінің түсініктемелері Үлкен Энциклопедиялық Сөздіктің тұжырымдамасы бойынша берілген.
Егіншілік - өсімдік шаруашылығының бір саласы, ол егістіктік бір жылдық жаздық және күздік дақылдарды өндіреді (дәндік, технологиялық-қант қызылшасы, зығыр, мақта және т. б. азықтық, картоп) .Күріш - тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері - Қытай. Бидай сияқты басқа жерлерге "қоныс аударған". Муссондық климат сипаты тән субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулерде қосымша қолдан суару арқылы өсіріледі. Егістік аумағы бидаймен салыстырғанда екі есе аз болғанына қарамастан, өнім мөлшері бірдей. Оның басты себебі климаттық жағдайға байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндістан, Жапония, Индонезия, Египет және т. б. ) күріштен жылына екі рет өнім жиналады. Күріш - жылу мен ылғалды, күтімді көп қажет ететін дақыл. Сондықтан халық өте тығыз орналасқан аймақтарда басым өсіріледі. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік жалпы өнімінің 9/10-ы Азияның күріш өсіруші елдеріне келеді. Дүниежүзіндегі суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр.
Күріш өсіруң технологиясының негізгі бағыттары және тарихи қалыптасуы
Әлемдік практика бойынша әрбір елдерде күріш өсіру технологиясының өзіндік ерекшеліктері бар және ол ғасырлар бойы тарихи қалыптасып, жетілдіріліп келеді. Тропикалық Азия және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде күріш өсіру ғасырлар бойы негізінен қол күшімен атқаылды.
Сол көне замандарда (б. з. б. 5000-4000 ж. ж. ) суда жұмыс істеуге бейімделген буйволдарды үйрету күріш егіншілігін дамытуда елеулі роль атқарды. Буйволдардың тұяғы жалпақтау әрі мықты, сондықтан олардың олай-бұлай жүргізу арқылы ылғалды топырақ жақсы өңделеді. Ал, темір соқаларды жасап, егіншілікте қолдану топырақты сапалы әрі жылдам өңдеуге мүмкіндік туғызды.
Қазіргі кезеңде Азия елдерінде халық санының күрт өсуіне байланысты және өз елдерін күрішпен қамтамасыз ету үшін бұл бағалы дақылдың өсіру агротехникасы интенсивтендіріліп, ең жоғарғы жоғары өнімді алуға бағытталған озық технология өндіріске енгізіліп, өте мол өнім алынып отыр.
Әлем елдеріндегі күріш егіншілігінің ерекшеліктеріне, айырмашылықтарына қарамастан бұл дақылды өсіру үш түрлі принципті бағытта дамыды және қазіргі кезеңде де қолданылуда.
1. Күрішті көшеттеп егіп өсіру. Бұл технология Оңтүстік Шығыс Азия және Қиыр Шығыс елдерінде мыңдаған жылдар бұрынғы кезеңнен бастап қолданылып келеді. Мысалы, күрішті көшеттеп өсіру Қытайда соңғы Хань дәуірінде пайда болған. Қазіргі кезеңде көшеттеп өсіру егіншілігі жетілдірілген және де әр елде әр түрлі көлемде қолданылуда. Мысалы, Индонезияда күріш 90%, Бирмада 80%, Үндістанда 75-80%, ал Қытай мен Жапонияда барлық күріш егісі көшеттеп егіп өсіріледі.
Қазақстанда, соның ішінде Қызылорда облысында күрішті көшеттеп егіп өсіру 1998-2000 жылдары Арал өңірі агроэкологиясы және ауыл шаруашылығы Ғ3 институтының тәжірибе шаруашылығында зерттелінді және 2001-2003 жылдары өндіріске енгізіле бастады. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, осы тәсілмен өсірілген жағдайда күріш өте мол өнім береді. ТМД елдері территориясында күрішті көшеттеп өсіру технологиясы Өзбекстанда, Әзірбайжанда зерттеліп өндіріске енгізілуде. Мұндағы негізгі мақсат-жоғары әрі жылына екі өнім алуды іс жүзіне асыру.
2. Күріш тұқымын суға бөрттіріп себу. Қазіргі кезеңде бұл тәсіл көптеген елдерде қолданылады. Қазақстанда, соның ішінде Сыр өңірінде 1940-1955 жылдары Ы. Жақаев және оның шәкірттері күріш тұқымын негізінен осы әдіспен сепкен.
3. Жиырмасыншы ғасырда өндіріске ғылым мен техника жетістіктерін енгізу нәтижесінде жаңа күріш егіншілігі-интенсивті, өнеркәсіптік технология пайда болды. Бұл әр түрлі формада ТМД елдерінде, АҚШ-та, Австралияда, Европаның кейбір елдерінде таралған. Осы технологияның негізгі элементтері төмендегідей:
А) инженерлік типтегі күріш жүйесін салу (инженерлік типтегі суару және қашыртқылау жүйесі, инженерлі дайындалған суармалы жерлерді игері) ;
Б) ғылыми негізде зерттеліп тұжырымдалған ауыспалы егісті игеріп, топырақты өңдеу жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізу;
В) негізгі технологиялық операцияларды (топырақты өңдеу, себу, егісті орып жинау, өнімді тасымалдау және тазалау т. б. ) толық механикаландыру;
Г) күріш егіншілігін химизациялау (минералды тыңайтқыштар мөлшерін, енгізу мерзімін және тәсілдерін оңтайландыру, гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер, өсу реттегіші заттарын қолдану) ;
Д) жасалынған қолайлы жағдайларға қайтарымы мол, жоғары өнімді, жаңа типтегі сорттар шығару;
Е) күріш өсірутің сорттық технологиясын тұжырымдап, өндіріске енгізу.
Тағы бір принципті айырмашылығы-тұқым құрғақ топыфраққа 0, 8-1, 5 см тереңдікте сіңіріледі немесе топырақ бетіне шашылып, сосын атыз суға бастырылады.
Арал өңірінде күріш 1895-1896 жылдардан бастап өсірілді, ал 1940-1965 жылдары товарлы күріш егіншілігі қалыптаса бастады. Ол кездегі күріш егіншілігінің технологиялық базасы-атыздары кішкене, инженерлік дайындалмаған, жабайы күріш жүйесі болатын.
Сыр өңірінде күріш егіншілігінің интенсивті, өндірістік технологиясы 1966-1990 жылдары қалыптасты. Бұл кезеңде Краснодарлық типтегі инженерлік күріш жүйесі салынып, ауыспалы егіс игерілді. Егіске көп мөлшерде тыңайтқыш беріліп, арамшөптермен, ауру және зиянкестермен күресу үшін гербицидтер мен улы химикаттар жеткілікті мөлшерде қолданылады. Топырақты өңдеу, себу, күтіп-баптау, орын жинау жұмыстары толық механикаландырылып, күріш егіншілігі интенсивтендірілді.
Күрішті көшеттеп өсіру 1998-2000 жылдары зертеліп, 2001-2003 жылдары өндіріске енгізіле бастады.
Күріш дақылын өсіру технологиясы
Алғы дақыл . Күрішті бір орынға екі, әрі кетсе үш жылдан артық орналастыруға болмайды, өйткені топырақ батпақтанып және сортаңданып кетеді. Сондықтан күрішті суда өспейтін жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырудың үлкен маңызы бар. Сонымен қатар, топырақтың ауа режимі бұзылады, анаэробты процесс жүріп, алюминий, темір металдарының шала тотықтары пайда болады, сөйтіп, күріштің өсуіне зиян келтіріледі. Ғылыми-зерттеу мекемелері мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі күріштің ең жақсы алғы дақылы жоңышқа екенін дәлелдеді. Одан кейінгі алғы дақыл жоңышқа қыртысының аударылған алқабы. Күріш ауыспалы егісіне екпе немесе таза сүрі жер (мелиоративті танап) енгізген дұрыс, одан кейін күрішті бір-екі жыл себуге болады.
Тыңайтқыш қолдану . Суармалы жерлерде өсірілетін астық дақылдарының ішінде күріш қоректік заттарға ерекше талап қояды. Тыңайтқыш колдану басқа дакылдардан гөрі күріштің өнімінің артуына
көбірек әсерін тигізеді. Бір тонна астығы мен сәйкес мөлшерде сабан өнімін түзу үшін күріш 22-25 кг азот, 10-15 кг фосфор және 30-35 кг калий пайдаланады. Күріш қоректену үшін минералды элементтер топырақта жетіспесе оның өнімі азаяды, әсіресе азоттың жетіспеуі күрішке көп әсер етеді: фотосинтез процесінің өнімділігі төмендейді, өсімдік сарғыштанып, түптенуі нашарлайды. Азот күрішке вегетациялық кезеңінің барлық сатысында қажет. Басқа қоректік элементтерге карағанда күріш топырақтан калийді көбірек алады, әсіресе түтікке шығу кезеңі басталарда калийді көп керек етеді. Сондықтан күрішті осы мерзімде калиймен камтамасыз етсе, солғұрлым тез жетіледі. Барлық тыңайткыштардың ішінде күріш өніміне неғұрлым көбірек әсер ететін азот тыңайтқышы. Азот тыңайтқышының мөлшері көбейтілген сайын күріштің өнімі де арта түседі. Азот тыңайтқышының мөлшері алғы дақылға да байланысты өзгереді. Күрішке баяу сіңірілетін азот тыңайтқыштарын (мочевинді-формальдегидті) қолданудың маңызы зор. Бұл тыңайтқыштар кұрамындағы азотты өсімдік 2-3 жыл пайдаланады. Күрішке органикалық және жасыл тыңайтқыштарды қолдану оның өнімін едәуір арттырады. Жасыл тыңайтқыш ретінде асбұршақ, сиыр жоңышқа, май бұршақ сыяқты дақылдарды пайдаланады. Қазақстан жағдайында күріш өсімдігінің азот пен күл элементтерін ең көп пайдаланатын мерзімі үш-төрт жапырақ салғаннан бастап түтіктенуге дейін, аз пайдаланатын кезі гүлдену, әсіресе дамуының соңғы кезеңі болып саналады. Осыған байланысты көң мен фосфор, калий тыңайтқыштарының жылдық мөлшерін түгелдей сүдігер жыртар алдында немесе күрішті себер алдында, ал азот тыңайтқышын үш бөліп беру керек (30%-ын себер алдында, 30%-ын 3-4 жапырақ пайда болғанда, 40%-ын түптену кезінде) . Минералды тыңайтқыштарды (азот 50-70 кг/га, фосфор 100 кг/га) негізгі тыңайтқыш ретінде енгізу үшін тұқым себер алдындағы культивациялау кезінде РТТ-4, 2, 1-РМС-4 машиналарымен шашып ЛПЛ-10-25, БДТ-7 құралдарымен топырақтың 10-12 см тереңдігіне сіңіреді.
Топырақ өңдеу. Күріш өсіруді механикаландыру үшін инженерлік суару жүйесін жасау керек. Суару жүйесінің басты элементі - атыз. Оның көлемі 2-3 гектар. Суды танапта ұстап тұру үшін танапты айнала топырақ үйіндісімен қоршайды. Танаптың негізгі бөгеттері биіктеу болып бірнеше жылға жасалады, көлденең бөгеттері аласалау, биіктігі 30-40 см, бұлар әр күз сайын жаңартылып отырады. Жал аралығындағы жерді «атыз» деп атайды. Атыздың ені 20 м, ұзындығы 700-1500 м болғаны дұрыс. Су бас арықтың екі жағынан бірдей жіберіледі. Әр атыздың ұзын бойына, бас арыққа қарама қарсы тереңдігі ең кем дегенде 0, 7 м арық қазылады. Ол негізінен егістік бетіндегі артық суды ағызып жіберуге арналады. Су бас арықтан атызға және одан қашыртқы арыққа ашып-жабатын қақпағы бар құбырлы тоспалар арқылы ағып барады. Күріш танаптарының топырағын өңдеу көбінесе алғы дақылдарға байланысты. Ал батпақты жерде өсетін арам шөптерге қарсы топырақты 12-14 см терендікте жыртқан дұрыс. Қайта игерілген тың мен тыңайған жерлерде (ең кемі 23 см), сонымен қатар қамыс басқан учаскелерде (25-27 см) сүдігер ерте жыртылады. Екпе сүрі жерді өңдеу оған себілген дақылды жинап алысымен, жерді суарудан (гектарына 1000-1500 м³) басталады. Су топыраққа толық сіңіп, арамшөптер жаппай көктеп шыққаннан кейін, танапты сыдыра жыртқыш соқалармен (ППР-10-25, ППП-5-25) 20-22 см тереңдікке жыртады. Жыртылған қабат толық кепкеннен соң егістік жердің жөндеу-тегістеу жұмыстарына кіріседі. Топырақты тұқым себу алдында өңдеу жұмыстарына көктемде топырақтың физикалық пісуі жетсімен кіріседі. Арамшөптер басып кеткен жерлерді тұқым себерден 2-3 күн бұрын 16-18 см тереңдікке қайта жыртып, пайда болған тоң кесектерді соңынан «Зигзаг» тырмасы тіркелген ауыр дискілі БДТ-2, 2 немесе БФД-2, 5, БДГ-3, 0, БДНТ-3, 5 тырмаларымен ұнтақтайды. Әр түрлі ауруларға қарсы (фузариоз, бактериоз жэне басқалар) тұқымды дәрілейді. Күрішті, топырақ, тұқым сіңірілетін тереңдігінде +12-14°С-қа қызған кезде немесе мамыр айының 1-20 жұлдызы аралығында себу ең қолайлы деп саналады. Себу мөлшері топырақтың құнарлылығына, тұқымның сіңіру тереңдігіне, себу мерзіміне, сорттың биологиялык ерекшеліктеріне, танаптың арамшөптерден тазалығына, тұқым сапасына, алғы дақылға тікелей байланысты. Күріш вегетация кезеңінде суда тұрып өсетін дақыл, сондықтан суарудың бірнеше тәсілдері қолданылады:
1) Үзбей-тұрақты суару, тұқым себілген егістікке үздіксіз жіберілетін су деңгейі күріш піскенше бірқалыпты тұрады. Бұл ең кең тараған тәсіл.
2) Тарта суару, су деңгейі күріш көктеп шығысымен 3-5 см-ге дейін, түптенгесін 10-15 см-ге көтеріледі де, қамырланып піскенше сол қалыпта ұсталады.
3) Узбелі суару, тұқым себілгеннен кейін атыздарды 6-10 күн бойы 10-12 см су қабатында ұстайды, содан кейін 5-6 күн су жіберілмейді, осылайша кезектеп суару әдісін дәннің сүттеніп пісуіне дейін қайталайды.
4) Қезеңді суару, күріш егістігін жаңбырлату әдісімен немесе қатараралықтағы су жолдарымен күрішті көктеу, түптену, сабақтану және дән салу кезеңдерінде ғана суарады. Күріш егістігін суару негізінен егістіктің арамшөптермен (күрмек) ластануына және топырақтың сортаңдануына тікелей байланысты.
Күтіп-баптау жұмыстары. Күтіп-баптау жұмысына күрішті үстеп қоректендіру де жатады. Балдырларды жою үшін суға, гектарына 0, 5-1, 0 кг мөлшерінде тотыяйын қосып суарады. Ол үшін су жіберетін арықтың басына тотыяйынды мәрліге орап байлап қояды, сонда тотыяйын суда біркелкі ериді. Балдырлар тым көбейіп кетсе егістіктің суын 7-8 күнге ағызып жіберіп топырақ беті кептіріледі. Көктеу кезеңінде жағалау шыбыны және күріш масасына қарсы 25% э. к. ровикурт (0, 3-0, 6 л/га) немесе актеллик 500 э. к. (0, 5 л/га) инсектицидтері қолданылады.
Күрішті жинау - ең жауапты кезең. Оны ору қыркүйек - қазан айларында жүргізіледі. Дестеге түсіру кезінде жер толық құрғақ болуы үшін күріштің дәні қамырлана бастағанда су беру тоқтатылады. Күріш толық піскен кезде атыздардағы су тартылап, жер құрғайды. Күріш негізінен екі кезеңді бөлектеп жинау тәсілімен іске асырылады: ең алдымен ЖНУ-4, ЖРК-5 дестелегіштерімен шашақ бастағы дәннің 85-90% толық піскенде күрішдестеге шабылады, содан 3-5 күннен кейін СҚД-5Р, СКПР-6, СКГД-б комбайндарымен жинап, бастырылады.
Ирригациялық жүйелері мен суды үнемдеу жолдары
Қазақстан экономикасы ХХІ ғасырға өте қиын жағдайда өтіп отыр, бірақ сәтсіз деп айтуға болмайды. Экономикалық өсудің өтімділігі мен тұрақтанудың бірінші белгілері бірқатар аймақтар мен салаларды толығымен алғанда өзінің көріністерін тапты, ол экономика «ауруының» жазылуын және сауықтандыру кезеңінің басталғанын куәландырады.
Фермерлер үшін суландыру жүйелерін басқаруға қатысуда олардың қызығушылығын арттыратын қандай ынталандырулар бар? Орталық ұйымдар үшін де, бұл ұйымдарға фермерлердің қатысу деңгейін арттыратын ынталандырулар болуы тиіс. Фермерлер бұрын мемелекет басқарған активтерді басқару жауапкершілігін өздеріне алуы, белгілі бір пайда әкелетінін нақты сезінуі тиіс. Өйткені, фермерлер үшін су пайдаланушылар қауымдастығының қызмет көлемін ұлғайтумен байланысты айтарлықтай ақшалай және ақшасыз шығындар бар, егер бұл пайдалар елеулі түрде болмаса, фермерлер жүйелерді басқаруға қатыспайтын нұсқаны таңдап алады.
Фермерлердің бастан өткізген қажетті өтпелі (уақытша) немесе қиындық сипатында болатын пайдаларға негіздей отырып, басқаруға қатысуға шақыруға болады. Бұл айырмалар жүйені басқаруда және дамудың табыстылығына арналған фермерлік қатысуды ұлғайту үшін маңызды мәнге ие болады.
Екінші жағынан кейбір қатысудан болатын пайдаларды іске асыру кезінде уақытша ынталандырулар, мұндай қауымдастықтарға фермерлердің қатысуына, сондай-ақ, фермерлердің қатысушылығын қамтамасыз ететін, әсіресе егер маңызды проблемалар бойынша дереу ілгерлеушілік болмайтын ирригациялық жобаларға теңгермелі әдістерге әсер етуі мүмкін. Қолда бар жүйеде қандай да бір нәрсе жекелеген фермерлердің қанағаттанбауын тудырмайынша ештеңе де жасалмайды, пайда болған жағдайды түзету су пайдаланушылар қауымдастығын құру арқылы ғана мүмкін болады. Жүйені басқару жөніндегі бақылау, бақылауды қабылдау үшін жіберілген уақытпен, материалдармен және материалдық емес (ақшалай) инвестициялармен көрінетін фермерлердің елеулі күш-жігері салынған инвестициялардың құнынан асып түсетін көзге көрінетін және көрінбейтін, уақыт бойынша дереу және кейін пайдаланатын сыйақы түрінде «пайда» әкелуі тиіс. Бұл сыйақыны фермерлер олардың еккен дақылдарына, тұрғылықты жерлеріне, басқа да демографиялық сипаттамаларға қарай әртүрлі бағалайды. Төменде фермерлердің су пайдалануы басқаруға қатысуды қамтамасыз етудің кейбір ынталандыру тізімі берілген.
Ирригациялық жүйелерді тұрпаттық жетілдіру . Ұйымның кейбір жағдайларда тұрпаттық қуаттарды жүйеге бергенге дейін қалпына келтіруді жеткілікті түрде жүргізетіне кепілдік, фермерлердің өздеріне пайдалану және операциялық шығындарды әрі жөндеудің жүргізілуіне толық жауапкершілік алуына келісуіне мәжбүрлейді.
Қажетсіз тұрпаттық құрылысқа арналған шығындарды үнемдеу. Фермерлер ирригациялық жобаларды әзірлеуге қатысатын тұста нашар әзірленген жобалардың іске асырылуына жол бермеу нысанында шығындарға кететін қаражатты әлеуметті түрде үнемдеу болады. Өздерінің жергілікті қажеттіліктерін білетін фермерлер барынша сапалы ирригациялық құрылыстарды әзірлеуге көмектесе алады. Жүйелерді әзірлеуге фермерлердің күшті ықпал ететін жағдайларында, олар жүйелерді пайдалану (техникалық жай - күйін ұстау) операцияларына кететін шығыстарды көтеруге дайын болады.
Суды барынша тиімді және сенімді жеткізу . Жүйенің ұсталуына және суды бөлуге фермерлер(қожалықтар) жауапкершілік алатын жағдайларда су беруді жетілдіру фермерлердің шоғырланған шаруашылықтарға қатысуы үшін ұзақ мерзімді ынталандыруды қамтамасыз етеді. Фермерлер қашан да тек ең арзан су мен қуат көзін іздейді. Олар қызмет көрсетудің сенімділігі мен ыңғайлығына барынша жоғары төлемді дайындықтарын білдіруі мүмкін және бұл баға шығындарды, жергілікті деңгейде қатысу құнын қамтуы мүмкін.
Судың жұмсалуын басқару. Суландырудың су ресурстарын берудің (ұйымдар не су пайдаланушылар қауымдастығы қамтамасыз етуі мүмкін) сенімді және барабар жүйесінен басқа суды басқару пайдаланушылар қауымдастығының шешімдері мен әрекеті су беруді айқындайтынын болжайды.
Шаруашылықтардың өнімділігін ұлғайту және шаруашылықтардың кірістерін арттыру. Суды беру жөніндегі қызметтердің жақсаруы салдарынан және пайдаланудың жетілдірілген тәжірибесі салдарынан өндіріс өсімінің ұлғаюы фермерлер үшін жүйелерді басқару жөніндегі, атап айтқанда шаруашылықта өсірілетін дақылдар қалаулы және пайда болатын жағдайларда өздеріне ауқымды жауапкершілік алуға барынша елеулі ынталандыруды білдіреді. Бұл ұлғаюдың құндылығы арқылы қабылдайтын қосымша шығындардан артық болуының маңызы зор.
Фермерлерге өкілеттіліктер беру . Су пайдаланушылар қауымдастығы өз ортасында пайда болатын мәселелерді, сондай - ақ ұйымдармен және басқа да сыртқы топтармен қатынас мәселелерін шешу мүмкіндігін арттырады. Өздеріне барынша ауқымда рөл алған фермерлер салық салу мен су пайдалану үшін төлемді айқындау, су ресурстарын беру кестесі, сондай - ақ су алу құқығынан айыру немесе беру сияқты, олардың тұрмыс хәлі мен өміріне тікелей әсер ететін мәсеселер бойынша шешім қабылдау процесіне үлкен ықпалы болады.
Фермерлер арасында және фермерлер суландыруды жүзеге асыратын ұйым арасында орын алатын сумен байланысты жанжалдарды тез шешу . Су ресурстарын ассиметриялық қамтамасыз ету жанжал туғызады, өйткені су пайдаланушылардың тізбегін аяқтайтындар жүйе басындағы су арналарына жақындардан гөрі суды аз алады. Фермерлер өздеріне қатысты негізгі шешімдерді қабылдауға қатысқан кезде сумен байланысты көптеген даулар шұғыл және достық рәсімде шешілуі мүмкін.
Су пайдаланушылар қауымдыстығы ирригациялық жүйелерді басқаруға қатысу нақты жүйе алдына қойылған міндеттерді шешу қандай деңгейде шешілетінімен байланысты болады. Ұсынылып отырған шолуда әдетте арнайы әдебиеттерде қолданылатын жүйелер жұмысының көрсеткіштерінің төрт жалпы санаты негізге алынады:
- техникалық әсер;
- шығындылықтың өсімі әсері;
- қаржылық әсер;
- экологиялық әсер.
Су ресурстарының қол жетімділігі, оларды әділ бөлу, суландыру алаңдарын ұлғайту, тиімді су беру және жүйенің жақсы ұстау мен қызмет көрсету - мұның бәрі техникалық көрсеткіштер. Шығындылық көрсеткіштері шығындылықтың артуы, дақылдарды өсірудің қарқынды бола түсуі және фермалар кірістерінің өсімі түріндегі айтарлықтай тиімділікті қамтиды. Қаржылық көрсеткіштер су сапасының, батпақтану мен тұздану деңгейінің, су сорғы көкжиектерінің өзгерістері және фермерлер қатысуының басқа да сырты әсерлері негізінде бағаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz