Оңтүстік Қазақстанда жеміс өсіру
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Оңтүстік Қазақстан Түлкібас ауданының табиғи климатының маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
2.2 Негізігі жеміс отырғызу жобасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.15
2.3 Өсірілетін дақылға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.29
ІІІ. Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Жеміс-жидек өсіру — жеміс ағаштарының морфологиялық құрылысы, өсуі, дамуы, өнуі, жемістенуі және агротехникасы туралы ғылым. Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами бастады. Аймақтық тәжірибе станциясы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының қарамағына берілді. 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді . Орта Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000-нан астам сортының коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы , таулы және жазық жерлердегі бақтарда жеміс өсірудің қарқынды технологиясы ,ағаш өсімдіктерін түзуші тіндері арқылы өсіру, жидек дақылдарын өсіру технологиясы жасалды. Топырақ құнарлығын сақтау және бақ агроценозын құру, өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау ,егістіктерді суару , ауқымды процестерді механикаландыру мәселелері зерттелді. Құрамы реттелетін ауада жемістерді ұзақ сақтау және жеміс шикізаттарын өңдеу технологиялары жасалып, өндіріске енгізілді. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстанның әр түрлі аумақтарында аудандастырылған. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2007 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен - 2 млрд. 441 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға өскен. (2006 жылдың алты айында - 2 млрд. 350 млн. теңге.
Жеміс өсіру шаруашылығында сорттың ерекше маңызы бар. В. И. Мичурин өзінің еңбектерінде «Әрбір ағаштың жылма-жыл жоғары өнім беру қабілеті — бағалы сорт сапаларының бірі» деп әлденеше рет атап көрсетті. Егер овощ шаруашылығында аз өнімді немесе төзімсіз сорттарды тез арада жақсы сорттармен алмастыруға мүмкіндік болса, ал бау шаруашылығында сортты іріктеп алған кездегі жіберілген қатені кейін тузеу қиынға соғады. Сондықтан бау ағаштарын еккенде сорттарды дұрыстап іріктеп алу мәселесіне ерекше назар аудару қажет.
Жеміс-жидек ағаштарының сорттары өте көп. Әдебиеттерде мыңға жуық сорттарға сипаттама берілген, ал бұталардың ішінде шаруашылық жағынан өте қолайлы және биологиялық сапасы жақсы мыңнан астам сорттары өсіріледі. Мұнда аса маңызды сапалы қасиеттеріне: қысқа төзімділігі, жеміс беру кезеңі қолайлы, өнімділігі мен жемістері сапасының (ірілі-ұсақтығы, түсі, дәмі, тасуға жарамдылығы, сақталғыштығы) жақсылығы жатады.

1. «Жеміс- көкөніс шаруашылығы» - Н.Г. Шепетков, М.Ә. Ысқақов
2. Жеміс шаруашылығы - Аяпов К.Ж., Кампитова Г.А., Мажитова Р.С., Алматы «Сөздік-Словарь» 2005ж
3. Методикалық әдістеме
4. «Жеміс шаруашылығы» -Г. А. Кампитова, Р.С. Мажитова
5. «Жеміс шаруашылығы»- Аяпов К.Ж., Кампитова Г.А., Мажитова Р.С. – Алматы «Сөздік словарь»- 2005 ж

Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Оңтүстік Қазақстан Түлкібас ауданының табиғи климатының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
2.2 Негізігі жеміс отырғызу жобасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-15
2.3 Өсірілетін дақылға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16-29
ІІІ. Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Жеміс-жидек өсіру -- жеміс ағаштарының морфологиялық құрылысы, өсуі, дамуы, өнуі, жемістенуі және агротехникасы туралы ғылым. Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами бастады. Аймақтық тәжірибе станциясы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының қарамағына берілді. 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді . Орта Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000-нан астам сортының коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы , таулы және жазық жерлердегі бақтарда жеміс өсірудің қарқынды технологиясы ,ағаш өсімдіктерін түзуші тіндері арқылы өсіру, жидек дақылдарын өсіру технологиясы жасалды. Топырақ құнарлығын сақтау және бақ агроценозын құру, өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау ,егістіктерді суару , ауқымды процестерді механикаландыру мәселелері зерттелді. Құрамы реттелетін ауада жемістерді ұзақ сақтау және жеміс шикізаттарын өңдеу технологиялары жасалып, өндіріске енгізілді. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстанның әр түрлі аумақтарында аудандастырылған. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2007 жылдың I-жартыжылдық қорытындысымен - 2 млрд. 441 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға өскен. (2006 жылдың алты айында - 2 млрд. 350 млн. теңге.
Жеміс өсіру шаруашылығында сорттың ерекше маңызы бар. В. И. Мичурин өзінің еңбектерінде Әрбір ағаштың жылма-жыл жоғары өнім беру қабілеті -- бағалы сорт сапаларының бірі деп әлденеше рет атап көрсетті. Егер овощ шаруашылығында аз өнімді немесе төзімсіз сорттарды тез арада жақсы сорттармен алмастыруға мүмкіндік болса, ал бау шаруашылығында сортты іріктеп алған кездегі жіберілген қатені кейін тузеу қиынға соғады. Сондықтан бау ағаштарын еккенде сорттарды дұрыстап іріктеп алу мәселесіне ерекше назар аудару қажет.
Жеміс-жидек ағаштарының сорттары өте көп. Әдебиеттерде мыңға жуық сорттарға сипаттама берілген, ал бұталардың ішінде шаруашылық жағынан өте қолайлы және биологиялық сапасы жақсы мыңнан астам сорттары өсіріледі. Мұнда аса маңызды сапалы қасиеттеріне: қысқа төзімділігі, жеміс беру кезеңі қолайлы, өнімділігі мен жемістері сапасының (ірілі-ұсақтығы, түсі, дәмі, тасуға жарамдылығы, сақталғыштығы) жақсылығы жатады.
2.1 Оңтүстік Қазақстан Түлкібас ауданының табиғи климатының маңызы.
Түлкібас ауданы 2,3 мың шаршы км - ге тең аумақты немесе облыс территориясының 2 пайызын қамтиды. Халқының саны -88,2 мың адамды құрайды, ал тығыздығы 1 шаршы км- ге 38,3 адамнан келеді. Ауданның әкімшілік орталығы Тұрар Рысқұлов ауылы. Облыс орталығынан 98 шақырым қашықтықта орналасқан. Түлкібас ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының Оңтүстік батысынан 1928 жылы құрылады. 2338 шаршы шақырымды алып жатқан ауданға екі поселкелік, 12 селолық окург қарайды. Мұнда 20-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері өмір сүріп жатыр. Ертеректе аудан территориясынан Ұлы Жібек жолы өткен. Орналасу жағдайы Қаратау мен Талас Алатауының етегі. Осы таулардың бауранынан Арыс және Ақсу өзендері бастау алады. Аудан аумағын Трансазиялық бағыттағы темір жол тас жол басып өтеді.
Түлкібас ауданының ең көрікті мекендерінің бірі Ақсу Жабағылы қорығы. Ол 1927 жылы құрылған. Қорық өзіне тән флора және фауналарымен ерекшеленеді. Ақсу Жабағылыда 60-қа тарта аң-құс және 200-ден аса өсімдік түрлері өседі. Олардың ішінде арнайы қорғауға алынып, Қызыл кітапқа енген жан-жануарлар да бар. Мұнан бөлек, Ақбиік аулындағы Қарсат үңгірі, Машат шатқалдары, Тянь-Шань тауларының сілемдері секілді табиғат көріністері келушілерді еріксіз баурап алады. Ауданның жер бедері ерекше орналасқан. Агроклиматтық жағынан аудан территориясы өте құрғақ, жылы және суармалы егіншілікпен айналысушы таулы аймаққа жатады. Аудан территориясына Талас Алатауындағы Жабағалы беткейінде, әлемдегі маңызды табиғи ресурстарын қоса Ақсу- Жабағылы қорығы орналасқан. Түлкібас ауданы географиялық орнына (яғни фтмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континентті климат қалыптасқан. Бұл температураның тез өгеруіне әкеп соғады. Ауаның жылдық орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай -8° С- ден 9°С, 14°С- ге дейін жоғарылып отырады. Қантар ең суық ай, орташа температурасы -1°С- 10°С-ге дейін өзгереді. Ал жаз айларында оңтүстіктен келелтін ауа массаларының әсерінен ыстық және құрғақ ауа райы орнайды. Ең ыстық ай- шілде. Жауын- ашын: климаты құрғақшылық болып келеді. Жауын- шашын мөлшері 250- 400 мм. Ең көп жауын- шашын наурыз және сәуір айларында түседі. Жазда төмен 5- 7 % . Күздің бірінші -бөлігі құрғақ болады. Қысқы- көктемгі жауын- шашын жылына 70-80% -ті құрайды. Қар қалыңдығы жұқа және бірқалыпты емес. Қардың орташа қалыңдығы 20-40 см, және ол екі айдан бес айға дейін жатады. Желдің орташа жылдамдығы-1,9-3,9 м сек. Ауыл шаруашылығының жер көлемі - 173,7 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер көлемі -64,5 мың гектар, суармалы жер -12,9 мың гектар, жайылымдық жер - 97,9 мың гектар. Негізгі өсімдіктің товарлы салалсы - дән, көкөніс, жеміс - жидек, жүзім және картоп, мал шаруашылығында қылшық жүнді қой шаруашылығы дамыған. Ауданның өнімдері көп бағыттық салаларда қолданады. Негізгі салалары бидай, бидай дақылдары, техникалық және азық дақылдарын өсіреді. Түлкібас ауданың өнеркәсіптік өнім өндірісінің (тауар, қызмет) көлемі 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 9 885 721 мың тенге, ал 2012 жылы 12 343 348 мың теңгеге жетті, 2011 жылмен салыстырғанда 103,0%.
Түлкібас ауданының флорасы мен жасыл жамылғысы өткен уақыттарға, дәуірлерге тәне флоралардың өкілдері құрайды. Ежелден келе жатқан әр түрлі эволюциялық , табиғи қатпарлардың осы өкілдері- Түлкібас жерінің флорасы мен өсімдіктер дүниесінің негізін қалаушылар. Одан бергі уақыттағы тарихи даму, түр құрылу өсімдік түрлерінің таралуы осы негізде жүрген. Тек осы өңірге ғана тән даму үрдісінің белгісі болып табылатын эндемик түрлер. Осы Түлкібас ауданы еліміздегі ең маңызды эндемизим орталығы болып табылады. Түлкібастың табиғи байлығы ежелгі уақыттан бері осы өңірді мекендеген ел-жұрттың тұтыну қоры, тіршілік көзі болып келеді. Оның себебі- - өсімдіктер дүниесі шаруашылыққа пайдалы өсімдіктердің 100-ге жуық түрін осы өңірдегі ел- жұрт тұтынады. Сонымен қатар Түлкібас ауданында долананың, итмұрынның, шайгүлдің, жұпаргүлдің, солмасгүлдің, шөпшайдың, мыңжапырақтың, қызыл мияның, темірткеннің, киікотының т.б пайдалы өсімдіктердің жеткілікті қоры бар. Мәдени өсімдіктердің жабайы түрлерінің өкілдерінің массивтері де осы Түлкібас жерінде. Олардың ішінде бағалық қасиеттері барлары- жабайы алма, жабайы алмұрт, жабайы жүзім,алш, шырғанақ, жиде, бүлдірген, жаңғақ тау, пісте. Сонымен қатар Түлкібас ауданы декоративті өсімдіктерге де бай. Олардың ішіндегілері бадон парсы шетені, Грейг жауқазыны, кауфманн жауқазыны, Альберт жауқазыны, қаратау пиязы, Северцов пиязы, Іле пиязы т.б.
2.2 Негізігі жеміс отырғызу жобасын құру
Бақ алқабын құру. Бақ алқабын құруды дұрыс ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Өйткені, бұл шараларды дұрыс дұрыс жүргізудің арқасында механикалық құралдарды, эрозияға қарсы шараларды тиімді қолдануға болады. Бақ алқабын құруды ұйымдастыру олардың жобасын жасаудан басталады. Онда кварталдарды , бақ қорғайтын жолақтарды, жол жүйелерін шаруашылық құрылыстарын, суару жүйелерін, тұқымдастарың және сорттардың пісу мерзіміне қарай орналастыру, олардың топыраққа және жергілікті жер жағдайларына қоятын талаптары ескеріліп қамтылады.
Бақ отырғызу жобасын құру тек жеміс өсімдіктері отырғызылған бақтың пайдалы көлемін анықтаудан басталады. Жалпы баққа арналған алқаптың ауданы 100 пайызға теңестіріліп алынады. Бақтардың жалпы көлемін 100- га аспаса, шаруашылық құрылыстарына , бақ қорғайтын жолақтарға, жолдарға олардың 15%-і бөлінеді, бақтың көлемі 100 га асса, онда 12 % -і бөлінеді. Шаруашылық құрылыстары үлкен жолға жақын кварталдардың біреуіне орналастырылады.
Алқаптың пайдалы көлемі мына формула бойынша есесптелінеді: П-Ж-А; Мұнда: П- пайдалы көлемі, га
Ж- жалпы көлемі, га
А- бақты қорғайтын жолақтарға, салынған жолдарға, шаруашылық құрылыстарына бөлінген алқап көлемі, га.
1- кесте
Бақтың пайдалы ауданы
Көрсеткіштер
%
гектар
Баққа арналған алқаптың жалпы ауданы
100
38
Бақты қорғайтын жолақтар, жолдар және шаруашылық құрылыстар
15
6
Бақтың пайдалы көлемі
85
32
Бақты қорғайтын жолдар мен жолақтарға кететін ауданды есептеу:
100%- 38
15% - X
X= 15*38100%=6
38 - 6=32
Бақты қорғайтын жолдар мен жолақтарға кететін аудан 6га.
Бақтың пайдалы көлемі: 32 га.
2- кесте
Жеміс өсімдіктерінің ауданы
Жеміс дақылдары
Тұқымдық - сорттық аудандастыру бойынша
% (100)
Гектар (32 га)
Алма
57,5
19
Алмұрт
8,5
3
Шие
4,5
1,5
Қызғылт шие
3,5
1
Алхоры
3,5
1
Өрік
3,5
1
Шабдалы
4,5
1,5
Бүлдірген
3,5
1
Таңқурай
3
1
Смородина
3
1
Тұшала
3
1
Бақтың пайдалы көлемі 100% -ке теңеңстіріліп алынады. Жеке тұқымдастардың көлемін есептеуде төмендегідей теңдестік қолданданамыз:
П-100%
Х-М
Мұнда, П- пайдалы аудан
М- тұқымдық- сорттық аудандастырылуына қарай, тұқымдастарың пайыздық қатынасы.
Х- жекелеген тұқымдастардың анықталатын ауданы, га.
Бақ алқабын ұйымдастыруда оны кварталдарға бөлу яғни бақтық жолдармен және бақ қорғайтын орман жолақтарымен шектелген шаршыларға дұрыс бөлудің өте маңызды мәні бар. Жайлы рельефті, қолайлы климат жағдайларындағы ірі бақтарда жеміс дақылдары үшін ең ыңғайлы кварталдар көлемі 10-15 және 20- ға дейін; қатаң климатты , желі күшті 5-8 га; жидек тұқымдары кварталдарын 0,1-2 га жұмыс шаршыларына бөлген тиімді. Кварталдардың нақты саны отырғызылатын бақтың пайдалы ауданын қабылданған квартал ауданына бөлу арқылы табамыз. Егер бүтін сан шықпаса , онда жекелеген тұқымдастар ауданын соған сәйкес ептеп азайтамыз, немесе көбейтеміз.
Қазақстанның жекелеген табиғи- климаттық облыстары және аймақтары бойынша жеміс - жидек өсімдіктерінің тұқымдастарының қатынастары бойынша (7- қосымшанын көмегімен) 2 - кесте толтырылды, яғни соңғы жүзімді алдыңғы 11 дақылға бөліп, қосып, пайызбен көрсеткішін шығарамыз:
1) Алма 55 (7 қосымша бойынша) +2,5 ( жүзімді 11 дақылға бөлгендегі) = 57.5; 57.5*32100=19
2) Алмұрт 6+2,5=8,5; 8,5*32100=3
3) Шие 2+2,5=4,5; 4.5*32100=1.5
4)Қызыл шие 1+2,5=3,5; 3,5*32100=1
5) Алхоры 1+2,5=3,5*32100= 1; 3.5*32100=1
6)Өрік 1+2,5=3,5*32100=1; 3.5*32100=1
7)Шабдалы 2+2,5= 4,5; 4.5*32100=1.5
8) Бүлдірген 1+2,5= 3,5; 3.5*32100=1
9) Таңқурай 0,4+2,6= 3; 3*32100=1
10) Смородина 0,5+2,5= 3; 3*32100=1
11)Тұшала 0,5+ 2,5= 3; 3*32100=1
Барлығының қосындысы 32- ге тең болды.
3-кесте
Кварталдардың ауданы және саны
Жеміс дақылдары
Есепталген ауданы, га
Квартал ауданы, га
Кварталдардың ұзындығы мен ені, м
Кврталдар саны, дана
Алма
19
190000
200:238
4
Алмұрт
3
30000
200:150
1
Шие
1
15000
200:50
1
Қызыл шие
1
10000
200:50
1
Алхоры
1
10000
200:50
1
Өрік
1
10000
200:50
1
Шабдалы
1,5
15000
200:75
1
Бүлдірген
1
10000
200:50
1
Таңқурай
1
10000
200:50
1
Смородина
1
10000
200:50
1
Тұшала
1
10000
200:50
1
Квартал ауданын еептеп табу үшін есептелген ауданды 10 мың м2 көбейтеміз, (яғни 1 га=10000м2): 19*10000=190000
Кварталдардың ұзындығын есептеу үшін, алма егілетін ауданды кварталға бөлеміз:
Алма- 19*10000=190000; 1900004=47500; 47500200=238
Алмұрт- 30000200=150;
Шие- 15000200=50;
Қызыл шие- 10000200=50;
Алхоры- 10000200=50;
Өрік- 10000200=50;
Шабдалы-15000200=75;
Бүлдірген- 10000200=50;
Таңқурай- 10000200=50;
Смородина- 10000200=50;
Тұшала- 10000200=50;
Осы үлгімен барлық дақылдардың кварталдарын анықтаймыз.
Жеміс егістіктері желдің зиянды әсерлерінен қорғауды қажет етеді, өйткені күшті, тұрақты желдерден қорғалмаған ашық алаңдағы жеміс ағаштары дұрыс өнбейді, ақырын өседі, бір жақты кроналар қалыптасады.
Желдің әсерінен көбіне бұтақтары сынып, қабықтары жарылып кетеді, кейде ағаштар түбімен қопарылып қалады. Сондықтан да, бақты айналдыра жеміс ағаштарын жел әсерінен қорғайтын, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жоғарылататын, бал араларының жұмысын жақсартатын және қар тоқтатуға мүмкіндік туғызатын бақты қорғайтын орман ағаштарын отырғызып тастаймыз.
Бақты қорғайтын жолақтың екі түрі болады: а) шеткі жолақ- әдетте көп қатарлы (3-4 және жел күшті соғатын солтүстік және орталық облыстарда алты- сегіз қатарлы) орман ағаштары егістері бақ алқабының шекараларында орналасады; б) жел қаққыш қатар- бір немесе екі қатарлы орман ағаштары егіс квартал шекараларында орналасады. Табиғи жағдайларына сәйкес биік,жылдам өсетін, ұзақ тіршілік ететін, жинақы бөрікбасты, жеміс ағаштарымен ортақ зиянкестері және аурулары жоқ ағаштарды қолданамыз.
Бақ қорғайтын егістер үшін, орман ағаштарын сол аймаққа орналған ұсыныстарға сүйене отырып таңдайды. Құрылымы жағынан бақ қорғайты жолақ, орман ағаштары жел өткізгіш, жел өткізбейтін және селдік болып келуі мүмкін. Бақ қорғайтын орман жолағының қатар аралықтары 2,5-3 м болады, бұл қатар аралықтарын күту жұмыстарын механикаландыруға мүмкіндік туғызады. Қатар ішіндегі ағаштар арақашықтығы ағаш тұқымдастарында 1-1,5 м, ал бұталарда 0,6-0,8 м болады. Кварталдың пайдалы аудан шекараларынан жел қаққыш жолақтарға дейін, ені 8-10 м болатын бос орын қалдырады. Бақ қорғайтын орман егістерін бақты отырғызудан 2-3 жыл бұрын , екі және үш жылдық бірінші сортты көшеттермен отырғызады. Орман ағаштарының нақты жоба үшін қажетті көшеттерінің саны жалпы орман жолақтарының ұзындығын ағаштардың арасындағы қашықтыққа бөлу арқылы анықтаймыз.
4- кесте
Бақты қорғайтын орман ағаштары жолағының құрылымы және отырғызуға қажетті көшеттердің саны
Тұқымдастардың атаулары
Жолақтардың ұзындығы, м
Қашықтығы, м
Қатар саны, дана
Отырғызуға қажетті көшеттер саны, дана
Шеткі жолақ
Желқаққыштар қатар
Қатар арасында
Қатар ішінде
Барлық алқапта
Сақтық қоры
Жалпы саны
Мырзатрек
2671
6
3
1
445
18
463
Сары қарақат
2661
6
3
1
443
17
460
Мырзатерек - тез өсетін ағаш, биіктігі 45 метрге дейін барады. Көбінесе 60-80 жыл, тек кейбір түрлері 120-150 жыл өмір сүреді. Табиғатта 110-ға жуық түрі бар. Будандастыру арқылы теректің тез өсетін көп түрлері алынған. Тез өсетін қасиетіне байланысты көгалдандыруда кеңінен қолданылады. Аналық терек мамыр-маусым айларында мамық шығарып, жер-көкті ластайды, әрі терек мамығына аллергиясы бар адамдарға қиындық туғызады. Сондықтан көгалдандыруда мамық шығармайтын аталық теректерді пайдаланған жөн. Ерте көктемде жапырағы шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы - жұмыртқа пішіндес, жиектері аратісті.
Сары қарақат- тасжарғандар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстаноблыстарында өсірілетін 11 түрі бар. Биіктігі 60 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Бұтағы тікенекті, жапырағы жалпақ, 3 - 5 қалақшасы болады.
Отырғызуға қажетті көшеттердің жалпы санын анықтағанда 3-5 % көлеміндегі сақтық қоры ескерілуі тиіс. Бақтағы жүктерді тасымалдау үшін, магистральды, айналма, квартал аралық және шарщы аралық жолдар салынады. Орталық жол- әдетте біреу болады, ол барлық бақ арқылы өтеді және жемістерді жайластыру пунктерін шаруашылық орталығымен, темір жолмен байланыстырады. Олардың ені 7-9 м, ал жағалаулары 2-3 метрден болады.
Айналма жолдар, бақтың сыртқы шекараларымен бақ қорғайтын алқаптың ішкі немесе сыртқы жағынан жүргізіледі. Ені 4 м жолдың жағалаулары 1-1,5 м- ден қалдырылады. Орталық және айналма жолдардың екі жағында міндетті түрде жағалаулық ор болуы керек. Квартал аралыық жолдар, квартал шекараларында орналасады, ені 3 м, жол жағалаулары 1м- ден болады.
Шеткі жолақ = Оңтүстік1+Солтүстік1+ Батыс1+Шығыс1
Желқаққыш қатар=Оңтүстік+ Солтүстік+ Батыс+ Шығыс
Оңтүстік1= 2,5+3+10+238+10+238+10+50+10+50+10+ 75+10+50+10+50+10+3+2,5= 917
Солтүстік1=2,5+3+10+238+10+238+10+5 0+10+50+10+150+10+50+10+50+10+3+2,5 = 842
Батыс1=2,5+3+10+200+10+5+10+200+10+ 3+2,5=456
Шығыс1=2,5+3+10+200+10+5+10+200+10+ 3+2,5=456
Оңтүстік= 3+10+238+10+238+10+50+10+50+10+75+1 0+50+10+50+10+3= 912
Солтүстік=3+10+238+10+238+10+50+10+50+10+75+1 0+50+10+50+10+3= 837
Батыс=3+10+200+10+5+10+200+10+3=456
Шығыс=3+10+200+10+5+10+200+10+3=456
Шеткі жолақ=917+842+456+456=2671
Желқаққыш қатар=912+837+456+456=2661
Қатар арасы, қатар іші және қатар санын Қазақстандағы жеміс шаруашылықтары аймақтары бойынша бақтарда ағаш отырғызу сұлбаларына (9- қосымшадағы кестеге) қарап белгілейміз.
Барлық алқап=шеткі жолақ немесе желқаққыш қатар қатар арасы
Барлық алқап (шеткі жолақ)=26716=445;
Сақтық қоры (4%)= 445- 100%
X- 4% X=445*4%100%=18;
Барлық алқап( желқаққыш қатар) 26616=443;
Сақтық қоры (4%) 443-100%
X- 4% X= 443*4%100% =17;
Жалпы саны анықталады барлық алқаппен сақтық қорының қосындысымен
Жалпы саны (шеткі жолақ) = 445+18 =463
(желқаққыш қатар) 443+17= 460
Отырғызылуға қажетті көшеттердің жалпы санын анықтағанда 3-5 % көлеміндегі сақтық қоры есептелінеді. Бақтағы жүктерді тасымалдау үшін магистральды, айналма, квартал аралық және шаршы аралық жолдар саламыз.
Орталық жол әдетте біреу болады, ол барлық бақ арқылы өтеді, және жемістерді жайластыру үшін пунктерін шаруашылық орталығымен, темір жолмен байланыстырады. Олардың ені 7-9 м, ал жол жағалаулары 2-3 м ден болады. Айналма жоладар, бақтың сыртқы шекараларымен бақ қорғайтын алқаптың ішкі немесе сыртқы жағынан жүргізіледі. Ені 4 м жолдың жағалаулары 1-1,5 м-ден қалдырылады. Орталық және айналмалы жолдардың екі жағында міндетті түрде жағалаулық ор болуы керек.
5- кесте
Жеміс- жидек дақылдарының отырғызуға қажетті мөлшері
Тұқымдар
Ауданы, га
Отырғызу үлгісі,м
1 га ішіндегі өсімдік саны
Отырғызылатын көшеттердің қажетті саны, дана
Жобаланған бақ ауданы
Сақтық қоры 3-5% (4%)
барлығы
Алма
19
3*5
668
12692
507
13199
Алмұрт
3
4*7
357
1071
43
1114
Шие
1,5
3*6
555
832,5
33,3
866
Қызыл
шие
1
4*6
416
416
16,7
433
Алхоры
1
3*6
555
555
22,2
577
Өрік
1
4*6
416
416
17
433
Шабдалы
1,5
3*5
666
1000
40
1040
Бүлдірген
1
1*0,5
20000
20000
800
20800
Таңқурай
1
1*0,5
20000
20000
800
20800
Смородина
1
1*0,5
20000
20000
800
20800
Тұшала
1
1*0,5
20000
20000
800
20800
Отырғызу үлгісін Қазақстандағы жеміс шаруашылығы аймақтары бойынша бақтарда ағаш отырғызу сұлбары бойынша (9- қосымша көмегімен) жазамыз.
1га ішіндегі өсімдік саны(1 га=10000)= 1 гаотырғызу үлгісі
Алма 100003*5= 668
Алмұрт=100004*7=357
Шие=100003*6=555
Қызыл шие=100004*6=416
Алхоры=100003*6=555
Өрік=100004*6=416
Шабдалы=100003*5=666
Бүлдірген=100001*0,5=20000
Таңқурай=100001*0,5=20000
Смородина=100001*0,5=20000
Тұшала=100001*0,5=20000
Жобаланған бақ ауданы= (ауданы мен 1 га ішіндегі өсімдік санының көбейтіндісіне тең)
Алма=19*668=12692
Алмұрт=3*357=1071
Шие=1.5*555=832.5
Қызыл шие=1*416=416
Алхоры=1*555=555
Өрік=1*416=416
Шабдалы=1.5*666.6=1000
Бүлдірген=1*20000=20000
Таңқурай=1*20000=20000
Смородина=1*20000=20000
Тұшала=1*20000=20000
Сақтық қоры
Алма - 12692-100%
X-4% X=12692*4%100%= 507;
Алмұрт - Х = 1071*4%100%=43
Шие- Х = 832,5*4%100%=33.3
Қызыл шие - Х= 416*4%100%=16,7
Алхоры - Х =555*4%100%=22.2
Өрік - Х =416*4%100%=17
Шабдалы- Х =1000*4%100%=40
Бүлдірген- Х =20000*4%100%=800
Таңқурай- Х=20000*4%100%=800
Смородина- Х=20000*4%100%=800
Тұшала- Х=20000*4%100%=800
2.3 Өсірілетін дақылдарға сипаттама
Алма- Malus Mill. Алма (лат. malus) -- раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі.Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10 -- 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы,Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20 -- 100 жыл, биіктігі 4 -- 10 м болады. 3 -- 12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100 -- 300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.
Алманың және алмұрттың сорттары -- ерте пісетін, пісуі орташа және кеш пісетін болып бөлінеді. Сонымен бірге жемісінің пісуі мезгіліне қарай олардың күздік және қыстық сорттары болады.
Жаздық сорттар еккеннен кейін 3 -- 4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Мұндай сорттың толық жеміс беру мезгілі 15 -- 20 жылдан кейін болады. Ал, 30 -- 35 жыл өткен соң мұндай сорттардың жеміс ағаштары құри бастайды.
Сорттары: Пеструшка - жергілікті сорт. Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өте биік өседі, жас ағашының бөрікбасы дөңгелектеніп келеді, өнім бергеннен кейін селеуленіп кетеді. Суыққа жəне қуаңшылыққа төзімді. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 6-8 жылда жеміс бере бастайды, өнімді жыл сайын салмайды, əрбір жеміс ағашы орта есеппен 180 кг өнім береді. Жемісінің өлшемі орташа (100-110г) қабығы сары, жалпақ қызғылт жолақтары мен жеке-жеке орналасқан теңбілдер бар, сырты тегіс. Жұмсағының түсі ақ, тығыздығы орташа, шырынды, жемісі тасымалдауға шыдамды.
Суйслеппер - Балтық жағалауына тəн сорт. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының бөрікбасы өте өскелең, үлкен, теріс пирамидалы, кейде дөңгелек болып келетін, өте тығыз. Суыққа аса төзімді. Бұтақшалары қызыл қоңыр түсті. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 7-9 жылда өнім береді, Жемісті жыл сайын салмайды. Əрбір жеміс ағашы орта есепен 80-120 кг өнім береді. Жемісінің өлшемі орташа (60-70 г), жұмсағы ақ, ұсақ түйірлі, өте шырынды, қышқылтым тəтті, қабығы тегіс, жылтыр, түсі ақ, қызыл жəне қызғылт жолақтары, жайылған қызғылт теңбілдері бар. Жемісі көп уақыт сақтауға шыдамайды.
Мельба - Канадалық сорт. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, бөрікбасы ағаштың жас шағында сопақша, ал жеміс берген уақытта аумақты, кең болады. Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен əрбір жеміс ағашынан 75-100 кг. Жемісінің өлшемі орташа 130 г, түсі көкшіл сары, қызыл, қызыл жайылған шырайлы жұмсағы ақ, шырынды, қышқылтым тəтті, өзіне тəн жақсы исі бар.
Күздік сорттары: Ренет бурхардта - Никиталық ботаника бағында шығарылған сорт. Қазақстанның оңтүстік жəне оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының өсуі орташа, бөрікбасы қалың, жас шағында сопақша, ал өнім бере бастағанда шар тəрізденіп кетеді, суыққа төзімді. Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен əрбір жеміс ағашынан 140-160 кг. Жемісінің өлшемі орташа (100г), домалақтау, түсі - сары, тасымалдауға қолайлы, жұмсағы ақ, сарғыштау, тығыз, шырынды, хош иісті, қышқылтым тəтті
Ренет Казахстанский - Қазақ жеміс жəне жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында, Ренет Бурхардта сортын Суйслеппер сортымен будандастыру жолымен шығарылған. Алматы, Жамбыл облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары орташа өседі, бөрікбасы қомақты, дөңгелек, тығыздығы орташа. Суыққа өте төзімді. Жемісті 5-6 жылда салады. Өнімділігі орта есеппен əрбір жеміс ағашынан 100-120 кг. Жемісі ірі (140-160г), түсі сары, сəл қызғылт реңді. Жұмсағы тығыз, аздап түйіршікті, дəмі қышқылтым тəтті, жемісі көп уақыт сақталады.
Слава победителям - Млеевтік бақ тəжірибе стансасында Папировка сортын Мекинтош сортымен будандасытру жолымен шығарылған. Қазақстанда Талдықорған өңірінде (Алматы облысы) пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өте биік, бөрікбасы кең пирамидалы, суыққа төзімді. Жемісті 4-6 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен əрбір жеміс ағашынан 100 кг құрайды. Жемісінің өлшемі орташа (120г), көкшіл сары, шырынды, аздап түйіршікті, дəмі қышқылтым тəтті.
Милтон - Американдық сорт. Қазақстанда Алматы, Жамбыл облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өскелең, бөрікбасы қомақты, дөңгелек, өте қалың. Суыққа төзімді, бұтақшалары қызғылт қоңыр түсті. Жемісті отырғызғаннан кейін 7-8 жылда салады. Өнімді мол, жыл сайын береді, өнімділігі орта есеппен əрбір жеміс ағашынан 110-240 кг құрайды. Жемісінің өлшемі орташа (140г), сопақша, түсі бүтіндей дерлік қызыл қоңыр. Жұмсағы аппақ, нəзік, шырынды, ұсақ түйіршікті, қышқылтым тəтті, хош иісті.
Қыстық сорттары: Апорт - ескі, тегі белгісіз сорт. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығыс облыстарында жəне Шығыс-Қазақстан облысында пайдалануға рұқсат етілген. Бұл таулы, суармалы аудандар үшін ең бағалы сорттардың бірі. Бөрікбасы сирек, дөңгелек, аумақты. Өнімді көбінесе шет жағына орналасқан ұзын бұтақшалары береді. Жазық аймақта жəне тау етегінде суыққа шыдамсыз, ал тау белдеуінде, таулы аймақта суыққа төзімділігі жақсы. Жемісті отырғызылғаннан кейін 7-8 жылда береді, өнімділігі орта есеппен əрбір жеміс ағашынан 100-150 кг. Алмасы өте ірі (250 г), түсі əдемі болады. Жұмсағы ақшыл жасылдау, орташа түйіршікті, нəзік, шырынды, қышқылтым тəтті, өзіне тəн хош иісі бар. Қазақстанның бақ шаруашылықтарында екі түрі өсіріледі: Апорт Александр жəне Апорт кроваво-красный.
Заря Алатау - сорт Қазақтың жеміс жəне жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында Ренет орлеанский сортының екпе көшеттерінен шығарылған. Алматы, Жамбыл облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының бөрікбасы кең пирамидалды онша тығыз емес. Суыққа төзімділігі орташа. Ағашы отырғызғаннан кейін 5-6 жылда жеміс бере бастайды. Жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен бір ағашта 50-100 кг келеді. Жемісінің өлшемі орташа (130 г), дөңгелек, конус формалы, сарғылт жасыл түсті, қызыл қоңыр реңді. Жұмсағы тығыз, хош иісті, қышқылтым тəтті, шырынды.
Румянка Алма-Атинская. Сорт Қазақ жеміс жəне жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында Зеленка вуда сортының екпе көшеттерінен алынған. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Шығыс- Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өскелең, бөрікбасы сопақ, дөңгелек, қою, суыққа өте төзімді. Жемісті отырғызғаннан кейін 4-5 жылдары салады. Өнімділігі ағаштан 60-80 кг жетеді. Алмасы ірі (190г), домалақ, ашық жасыл түсті, қызыл қоңыр шырайлы. Жұмсағы шырынды, хош иісті, қышқылтым тəтті.
Заилийское. Сорт Қазақтың жеміс жəне жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында белгісіз сорттардың екпе көшеттерінен шығарылған. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары аласа, бөрікбасы жинақы, суыққа шыдамды. Жемісті ерте, отырғызылғаннан кейін 3-4 жылы салады. Өнімді жыл сайын береді. Əрбір жеміс ағашынан орта есеппен 160-190 кг өнім алынады. Алмасының өлшемі орташа жəне ортадан жоғары (110-180г), сарғыштау жасыл, қызыл қоңыр түсті, күңгірт сызықтары бар. Жұмсағы жасылдау, нəзік, шырынды, қышқылтым тəтті.
Ренет ландсбергский. Батыс Европалық сорт. Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының өсу күші орташа, бөрікбасы кең, дөңгелек, шар тəрізді, суыққа төзімділігі нашар. Жемісті отырғызылғаннан кейін 6-7 жылда салады. Өнімді жыл сайын береді, ағаштан орта есеппен 118-350 кг жеміс алынады. Алмасы ірі (250г), түсі жасылдау сары, тығыз, нəзік, қышқылтым тəтті.
Голден делишес. Американдық сорт. Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының өсу күші орташа, бөрікбасы сопақша, онша тығыз емес, суыққа төзімділігі орташа. Жемісті отырғызылғаннан кейін 5-6 жылда салады, өнімді жыл сайын береді, орташа өнімділігі ағаштан 40-150 кг құрайды. Алмасының өлшемі орташа (110-140г), сопақша келген, дұрыс формалы, түсі ашық сары. Жұмсағы ақ сары, шырынды, ұсақ түйіршікті, дəмі тəтті.
Джонатан. Американдық сорт. Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өскелең, бөрікбасы кең, дөңгелек, өте қалың. Суыққа төзімді. Жемісті ерте 4-5 жылда салады, өнімді жыл сайын береді. Əрбір ағаштан орта есеппен 70-88 кг жеміс алынады. Алмасының өлшемі орташа (135г), бір жағы шошақтай келген дөңгелек, ақшыл сары түсті, қызыл қоңыр шырайлы. Жұмсағы ақшыл сарғыш, нəзік, шырынды, қышқылтым тəтті.
Алмұрт (лат. Pyrus) -- Алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір туысы. Мұның 18 түрі бар. Алмұрт көбінесе үлкен ағаш, кейде ұзын бұта болып өседі. Атың 5 000-нан астам сұрпы бар, олардың бұрынғы КСРО-да 130 сұрпы өседі. Бұлардың ішіндегі 15 сұрпын өсіріп шығарған И. Мичурин, олардың негізгілері: қыстық бере (груша бере зимняя) -- И. Мичуриннің жабайы уссурий алмұртын бірінші рет гүлденген жылы Бере Рояль алмұртының тозаңымен будандастырғаннан кейінгі алған жаңа сұрпы. Қысқа өте төзімді. 20 жылдан астам өмірінің ішінде бұған аяздың тигізген әсері байқалған емес. Мұның ағашы құрт-құмырсқаға да, паразит саңырауқұлақтарға да бой бермейтін төзімді келеді. Жемісінің өздігінен зақымданған жері тез жазылып кетеді. Сорттары: Жаздық сорттары: Любимица Клаппа - Американдық сорт. Қазақстанда негізінен Оңтүстік-Қазақстан, Алматы, Қызылорда облыстарының бақ өсіруге қолайлы алқаптарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары орташа өседі, бөрікбасы кең пирамидалы, ал жас уақытында тік пирамидалды, суыққа едəуір төзімді. Жемісті отырғызғаннан кейін 6-8 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Əрбір жеміс ағашынан орта есеппен 65-70 кг өнім алынады. Алмұрты ірі (140-220 г), тұрқы қысқа, алмұртқа тəн немесе жұмыртқа тəрізді, түсі ашық сары. Жұмсағы ақ, нəзік, уылжыған өте шырынды, дəмі тəтті немесе азғана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz