Көшет отырғызу технологиялары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімКөшет отырғызудың мезгілдері реттеу тәсілдері. Көшеттерді отырғызудың ережелеріКөшет отырғызу технологиясы.
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе

КӨШЕТ - ашық не қалқаланған жерге көшіріп отырғызу үшін өсірілетін жас өсімдік. К. жылыжайда, парникте өсіріледі. К-терді күзде немесе көктемде алу қажет. Егер екпе К-тер күзде дайындалып, көктемде отырғызу көзделсе, оларды қыс бойы тереңд. 50 - 60 см, ені 40 - 50 см шұңқырға оңт-ке қарай еңкейте көміп тастаған жөн. Сонан соң тамырын дымқыл топырақпен 0, 5 м-ге жауып, жақсылап су себеді. Алма ағашы мен алмұртты күзде де (жапырақтар түскеннен кейін), сондай-ақ көктемде де (бүршіктемес бұрын) отырғыза береді. Шие мен қара өрікті көктемде отырғызған дұрыс. Отырғызуға арналған екі жылдық жеміс К-інің кемінде 3 бұтағы болуы және мынадай талаптар ескерілуі керек: тамырының ұзындығы 35 - 40 см; жақсы өскен екпе алма ағашының діңінің биікт. 50 - 60 см; жуанд. 2, 0 - 2, 5 см, бұтақтарының ұзындығы 50 - 60 см; шие мен қара өрік К-інің биікт. 40 - 60 см, жуанд. 2, 0 - 2, 5 см, бұтақтарының ұзындығы 40 - 60 см болуы керек. К. тамырларының сабағынан тарамданған жері шұңқырдың түбінен 5 - 6 см биікте болатындай етіп орналастырған жөн. Шымтезек қарашірікті топырақта өсірген К-тің сапасы жақсы болады. К-тен өсірілген көкөністер (капуста, қияр, бұрыш, т. б. ) тұқымынан өсіргенге қарағанда 1 - 1, 5 ай ерте піседі және өнімі мол болады. К. өсіру көкөніс, бақ, жеміс, темекі ш-тарында, тех., дәрілік және эфир майлы дақылдар өсіруде кеңінен қолданылады. ‎ Қорғаулы жерлерде көшеттердi өсiру жəне дайындау оны өсiру тəртiптерiне байланысты болып келедi, ал егер осы тəртiптер сақталмаған жағдайда көшеттердiң сапасының нашарлауына, нəтижесінде ашық жəне қорғаулы жерлерде өсiмдiктiң өнiмдiлiгiнiң төмендеуiне жəне түсiм шығынына əкеледi. Топырақты дайындау 25-27 см тереңдікте сүдігер жүргізеді. Бұдан соң - 10-12 см тереңдікте, тырмалаумен қатар қобысыту. Көктемде тек егіс тырмалауын ғана жасайды, негізінде екі рет. Қажеттілік болған кезде сонымен қатар алаңды түзету жүргізіледі. Көшетті өсіру.
Саттық өнімнің айтарлықтай жоғары өнімін алу үшін, будандарды көшет арқылы кассеталарда немесе текшелерде өсіру керек. Көшет 21-25 күндік болу керек. Субстратты дән егер алдында бірнеше күн бұрын дайындау керек. Дәндер 15°С топырақ температурасы кезінде көгеріп шыға бастайды. Олардың өсуіне оңтайлы температура 25-30°С болып табылады. Бірінші суаруды жүйелік фунгицид ерітіндісімен жүргізу керек.
Препараттар бойынша толық мәлімет алу үшін өсімдіктерді қорғау құралдары бойынша мамандарға хабарласыңыз.

Өсімдікті отырғызу және күтім Қауын көшетін мамыр аяғында гектарға 6-9 мың өсімдікті отырғызу (буданға байланысты) қалыңдығымен отырғызу керек. Бұл ретте егудің кез келген сызбасын пайдалануға болады, мысалы: 240+40×100 см (отырғызудың ленталық әдісі) немесе 140×100 см (кеңқатарлы отырғызу әдісі) . Көшетті дайындалған жерге қолдан немесе көшетотырғызушы машинаны пайдалану арқылы егеді.

2. 1. Көшет отырғызудың мезгілдері реттеу тәсілдері.

Тəулiктерге, мезгiлдерге жəне жағрафиялық аймақтарға байланысты табиғи өзгерiстердiң салдарынан көшетханаларда жарықты реттеу қиынға соқтырады. Көп жағдайда көшет өсiретiн жерлерде жарықтың дəрежесi төмен келедi. Көбiнесе тиiмдi жарық мезгiлi пленкалы жылыжайларда болады. Өсiмдiктiң жарыққа қатынасы көбiнесе өсу мен даму кезеңіне байланысты. Өскiндер пайда болғанға дейiн өсiмдiктер жарықты қажет етпейдi. Өскiндердiң пайда болуы қиын-қыстау кезеңi болып табылады, яғни көрiнбейтiн күн сəулесiн тарату жас өсiмдiктердiң күюiне əкелiп соқтырады. Өскiндер пайда болғаннан кейiн 2-3 күн өткен соң өсiмдiктердi электржарықтандыру қолданылады. Жарықтың жетiспеуiнен жас өскiндер солып, тiптi өлуi мүмкiн. Өсiмдiктiң жапырақтарының пайда болуы жарықтың жетiспеушiлiгiн жақсы қабылдайды, алайда өсуi кемидi. Күннiң жарығы қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгiлдiр, көк жəне күлгiн түстi жетi сəуледен құралады. Жарықтың спектрлi құрамы өсiмдiктiң дамуы мен өсуiне əсер етедi. Қызыл (720-620 нм) жəне қызғылт сары (620-595 нм) сəулелер-фотосинтез үшiн қуаттың негiзгi түрi болып саналады; олар гүлденуге өтуiн баяулатады; көк жəне күлгiн сəулелер (490-380 нм) фотосинтезге қатысады, ақуыздың, морфогенездiң жəне өсiмдiктiң гүлдене бастауының қалыптасуын үдетедi. Ұзын ультракүлгiн сəулелер (315-380 нм) өсiмдiк сабақтарының солуын болдырмайды, кейбiр витаминдердiң құрамын жоғарылатады, ал орташа ультракүлгiн сəулелер (280-315 нм) өсiмдiктiң суыққа төзiмдiлiгiн жоғарылатады, сары (595-566 нм) жəне жасыл (565-490 нм) белсендiлiгi жеткiлiксiз келедi. Физиологиялық белсендi радиация (ФБР) -толқындарының ұзындығы 280-770 нм болатын оптикалық сəуле шығару орны, бұл өсiмдiктiң фотосинтезiн қамтамасыз етедi. ФБР-да (300-800 нм) ұзын ультракүлгiн жəне қысқа инфрақызыл сəулелерi бар. Олар өсiмдiктiң дамуы мен өсу үрдiсiнiң: фотосинтездiң, өсiмдiктегi зат алмасуға, фотосинтездiк реакцияның, қозғалыстың жəне т. б. жүруiне мүмкiндiк жасайды. Қызанақ, баклажан, бұрыш, қияр жарықтандыруды көп, ал қырыққабат, ақ сүттiген жəне т. б. жапырақты дақылдар жарықтандыруды аз талап етедi. Көшеттердiң өсуiне арналған физиологиялық белсендi радиация қарқындылығы көптеген дақылдар үшiн, орташа 10, 84 дж/см 2, минутына (15000 люксты құрайды) сəйкес келу керек. алқа тұқымдастары үшiн - 8-10 мыңнан, ал қияр үшiн - 5-6 мың люкстен кем болмауы керек. Ұзақкүндiк өсiмдiктерге арналған жарықтандыру ұзақтығы 10-12 сағатқа дейiнi қысқаруы егiстiктегi көшеттердiң дамуын жылдамдатады жəне өнiмнiң ерте қалыптасуына мүмкiндiк бередi. Жарықтың ықпалы көшеттердi шынықтыру үшiн аса қажет. Жақсы жарықтандыру барысында температуралық шынықтыру тез жүредi. Бұған пленкалы орындарға жақсы өтетін, əсiресе құбылмалы пленкалар жабылған ультракүлгiн сəулелер себепшi болады. Көшеттердi отырғызудың алдында 7-10 күн iшiнде өсiмдiктің жарықпен шынықтыру жүргiзедi, бұл үшiн бiртiндеп көшетханалық рамаларды алады, əйнектерiн жуады, пленкасын ауыстырады. Егер көшеттер жарықтан шынықпаса, онда ашық жерлерге отырғызу кезiнде күйгендiгi байқалады. Жылу жағдайы жоғары сапалы көшеттердi өсiрудiң анықтаушы факторы болып табылады. Ашық жерлер үшiн өсiрiлген көшеттердiң тиiмдi температурасы 2-50 С-тан төмен болмау керек. Профессор В. А. Брызгалов көшеттiк мерзiмінiң ұзақтығы мен жылуға талап етуiне қарай көкөнiс өсiмдiктерi көшеттерін үштопқа бөледi:

1) төменгi температураны (тиiмдi 12+4ƏС) талап ететiн өсiмдiктер: ақ қауданды, қызыл қауданды, савой, брюсселдiк, пекиндiк, гүлді, жапырақты қырыққабаттар, тарна жатады; көшеттiкмерзiмi 40-60 күн;

2) орташа температураны (16+4ƏС) талап ететiн өсiмдiктер;

3) А, топшасы-көшеттiк мерзiмi 25-35 күн, оларға: қияр, қауын, қарбыз, асқабақ, паттисон, жүгерi, үрмебұршақ, Б. топшасы-көшеттiк мерзiмi 45-60 күн: қызанақ, баклажан, бұрыш, физалис дақылдары жатады.

Өсiмдiктiң жылуға талабы мен көшеттiк мерзiмінiң ұзақтығы қопсытқыш орындардың типiн таңдаудың негiзгi жағдайы, көшеттердi отырғызу кезiндегi себу мерзiмiн орнықтыру болып табылады. Температураға əртүрлi мерзiмде көшеттердi өсiрудiң талаптары бiрдей болмайды. Осыған сəйкес, тұқымды себуден өскiндерi пайда болғанға дейiнгi жəне көшеттердi отырғызудан кейiн екпе көшеттердi тездету кезеңдерiнде жоғарғы жағдайда ұстау қажет. Өскiндер пайда болғаннан кейiн 4 күн бойы температураны төмендетедi.

2. 1. Көшеттерді отырғызудың ережелері

Көшеттер отырғызылатын топырақтарды 14-15 см тереңдікке топырақ өңдегіштерді жіберіп жақсылап қиыршықтап тегістету керек. Көкөніс дақылдарының көшеттерін көшет отырғызғыштармен отырғызу қол еңбегін əлдеқайда жеңілдетеді, еңбек өнімділігі мен жұмыстардың сапасын арттырады, отырғызу мерзімдерін көп қысқартады. Аққауданды капустаның ерте, орташа сорттарын, гүлді капустаның, қызанақтың, ерте, кеш пісетін сорттарын, тəтті бұрышты, баялды жəне қиярдың көшеттерін көшет отырғызғышпен отырғызуға болады. Көшеттер отырғызғыштармен отырғызылатын көшеттерге қойылатын негізігі талаптар:

1. Көшеттер отырғызылатын топырақ жақсылап өңделуі, бетінің жақсы тегістелуі жəне мүмкіндігінше 8-10-15 см-ге дейін нығыздалып тапталуы керек.

2. Көшеттері əрбір дақылдың белгіленген мерзімдерінде отырғызу керек.

3. Көшеттердің жастары, биіктігі бірдей жəне сабақтары тік болуы қажет. Көшеттер биіктігін тамыр мойнынан бірінші жапыраққа дейін өлшейді.

4. Көшеттерді отырғызғанда жапырақтары, сабақтары жəне тамырлары зақымданбауы керек.

5. Көшеттерді белгіленген үлгіге сəйкес қатардағы аралықтарын бірдей етіп бір қатарға отырғызады.

6. Көшеттер өсірілген құмыралар, машиналармен отырғызғанда сынбайтындай болуы керек.

7. Құмырада өсірілген көшеттер 10-12 см, құмырасыз өсірілген көшеттер 8-10 см тереңдікке отырғызылады.

8. Құмырасыз өсірілген көшеттердің тамырларын жəне құмыраны топырақпен нығыз тығыздап отырғызу қажет. Құмыра үстіндегі топырақтың қалыңдығы 2-4 см болуы керек.

9. Көшеттерді отырғызу кезінде оның түптеріне (топырақтың ылғалдығына қарай) 0, 3-0, 6 литр су құйылуы қажет.

10. Көшеттер отырғызылмаған топырақ көлемі 1 пайыздан аспауы керек. 11. Көшет отырғызғышпен отырғызғанда құмырадағы көшеттер 100 %, ал құрамасыздар 95-97 % өсіп-өнуі керек. Көшеттерді отырғызуды ұйымдастыру мен жалғастыру үзілісі болмаған дұрыс.

Көшеттерді отырғызуды ұйымдастыру Көшеттер отырғызатын машиналар тоқтамай жұмыс істеу үшін су мен көшеттерді егістікке, уақытында жеткізу жұмысын ұйымдастыру керек. Көшеттер мен судың қажетті мөлшері көшет отырғыштардың күнделікті жұмыс өнімділігі мен əр көшеттердің түбіне құйылатын судың мөлшеріне байланысты. Осыған байланысты көшеттерді машинамен отырғызу алдында егістікте төмендегідей бір қатар дайындық жұмыстарын жүргізу керек:

1. Көшетортырғызғыштың бірінші жүріп өтетін жолын қазықғып белгілеу.

2. Бір айналым егістіктің шетінен айналыс алаңын өлшеп белгілеу жəне бақылау, арықшаларын тарту. Осы бақылау арықшалары шетіне жеткенде көшеттер отырғызушы агрегат тоқтатылып жəне жұмысқа қосылып тұрады.

3. Көшет отырғызғышқа құйылатын жəне көшеттер тиелетін жерді белгілеу қажет.

4. Егістікте көшетотырғызығыштың екі бөшкесінде су толтырылып жəне көшеттер тиелуі керек.

5. Көшет отырғызғыштың сағаттық жұмыс кестесін жасау жəне оны жұмыскерлерге тапсыру, оны орындаудың ережелері мен тəртібі жөнінде нұсқаулар беріледі.

2. 3. Көшет отырғызу технологиясы.

Көшет отырғызу технологиясы өте күрделі процесске жатады. Себебі отырғызатын көшеттердің сан алуан түрлерімен қоса оларды ыдыста немесе ыдыссыз өсіреді. Осыларқа байланысты ондай көшеттермен жұмыс атқару технологиясыда өзгешеленеді. Осындай технологиялық жұмыстарды іске асыратын машиналар ыдыспен немесе ыдыссыз өсірілген көшеттерді егістік жерге отырғызуға арналған. Олармен көшетті катарлап немесе шаршы-ұялап отырғызуға болады. Қатарлап отырғызғанда қатар аралық 50, 60, 70, 80 см, ал бір қатардағы өсімдік аралығы 35, 50, 60, 70, 80 және 100 см болады. Шаршы-ұялап отырғызу аралығы 50x50, 60x60, 70X70 см болады. Бұл кезде өлшегіш сымды пайдаланады. Көшет отырғызатын машиналар топырақта арықша қазады да оған көшетті орналастырады, оны сұйық тыңайтқышпен немесе сумен суарады, бұдан кейін арықшаны көмеді де көшеттің айналасын тығыздайды. Осы жұмыстарды атқаратын машина бөлшектерін екіге бөлуге болады: біріншісі - трактордың аспалы механизміне бекітілген көшет отырғызатын бөлік, екіншісі - трактор үстіне бекітілген қосымша бөліктер. Отырғызатын бөлікке рама, огырғызғыш аппарат, қопсытқыш, тірек дөңгелектері, беріліс механизмі, түзеткіш механизм және із көрсеткіштер жатады. Ал трактор рамасына бекітілген қосымша бөліктер су құйған ыдыстан, көшет салынған жәшіктер қойылатын текшелерден және шаршылап отырғызуға керекті қондырғыдан тұрады. Отырғызғыш аппарат (3. 10. -сурет) машина рамасына топсалы жалғасады. Оның негізгі бөліктері рама, көшет ұстағыштар 7 бекітілген отырғызғыш диск 5, сошник 10, суарғыш ыдыс 4, көмгіш дөңгелек 8, қопсытқыш 2 және көшет жәшігін доятын стол 6 мен орындық 3. Машина жұмыс істеген кезде бір отырғызғыш аппаратты бір адам басқарады. Ол үшін адам отыратын орындық 3 бар. Аппарат жұмысты мынадай ретпен атқарады. Машина қозғалып жұмысқа кірісу алдында су келетін шүмекті ақытады. Көшет салынған жәшікті столға орналастырады. Басқарушы адам орындыққа отырады. Осындай дайындық жұмыстарынан кейін агрегат өте баяу қозғалады. 2. 10-сурет. Көшет отырғызатын аппарат: а-бүйірінен көрініс; б-алдынан көрініс; 1-рама; 2-қопсытқыш; 3-орындық; 4-суарғыш ыдыс; 5-отырғызғыш диск; 6-көшет ыдысы; 7-көшет ұстағыш; 8-көмгіш дөңгелектер; 9-тазартқыш; 10-сошник. Агрегат қозғалған кезде отырғызғыш дискілер айнала бастайды. Оған айналыс екі түрлі әдіспен беріледі. Егер көшетті қатарлап отырғызатын болса, онда айналысты тірек дөңгелектерінен алады, ал шаршы ұялап отырғызатын жағдайда, отырғызғыш дискіні өлшегіш сым қозғалысқа келтіреді. Соңғы жағдайда диск үздік-үздік айналады, яғни сымның түйінді шайбалары әсер еткенде ғана айналады, ал басқа кезде тоқтап тұрады. Отырғызғыш аппарат машинаның тірек дөңгелектері мен қозғалысқа келтірілгенде диск үнемі айналып тұрады. Мұндағы беріліс санын диск шеңбері арқылы жердегі салыстырмалы жылдамдық болмайтындай етіп жасаған. Сондықтан диск көшетті жерге отырғызған кезде оны өзімен бірге ілестіріп сүйреп кетпейді. Сонымен отырғызудың екі тәсілін қолданқан кезде де дисканың айналу жылдамдығы жүрген жол шамасымен тікелей байланысты, яғни ол агрегаттың жылдамдығына тәуелді болады. Сондықтан агрегатты жылжытқанда басқарушы көшетті отырғызғыш дискіге үлгеріп тұратындай жылдамдықпен қозғайды. Айналып тұрған дисканың көшет ұстағыш алақандағы басқарушыға кезекпен келіп отырады. Оларға көшетті адам қолмен береді. Ол үшін көшет жақындаған кезде алақан ашылады. Оның ашылуын, картоп отырғыштары сияқты, лекало атқарады. Ашылған көшет ұстағышқа басқарушы өсімдік тамырын өзіне қаратып орналастырады. Өсімдік салынғаннан кейін көшет ұстағыштағы екінші басы лекалодан шығады да серіппенің көмегімен жабылады. Ол кезде көшет сабақынан қысылып ұсталып қалады. Отырғызғыш диск әрі қарай айналады да көшетті төмен қаратып, сошник жасаған арықшаға жеткізеді. Көшет тамыры жерге жеткеннен кейін арнаулы суарқыш механизм көмегімен суару ыдысындағы су немесе сұйық тыңайтқыш өсімдік түбіне төгіледі. Енді сошник артында келе жатқан жасырғыш дәнгелектер арықшаға екі жанынан итеріп топырақ түсіреді. Көшет түбі топырақпен ептеп көмілгеннен кейін көшет ұстағыш ашылады. Ол үшін де лекало қойылған. Көшет ұстағыш әрі қарай бос айналады, өсімдік жерге бекіп орналасады. Оны жасырғыш дөңгелектер топырақпен жасырып түбін тығыздайды. Аппарат осы ретпен әрі карай жұмыс істей береді. Көшет отырғызатын машиналардың басқа отырғызғыш машиналардан айырмашылығы - олар түзеткіш механизммен жабдықгалған. Ол механизм өзара біріктірілген, екі тісті муфтадан тұрады. Бұл муфта отырғыш аппараттарқа козғалыс беретін негізгі білікке орналасқан. Түзеткіш механизм көмегімен көшетті егіске көлденең бағытта бір түзудің бойында орналастыруға болады. Ол үшін машинист алғашқы жүрісте отырғызылған көшеттердің көлденең қатарларына қарайды. Егер қатарлар дұрыс орналаспаса, онда ол түзегіш механизмнің тұтқасын тартып муфтаны ажыратады. Бұл кезде отырғызғыш аппарат тоқтайды. Енді дисканың төменгі жақындары көшет бұрынғы отырғызылған көшет қатарына дәл келген кезде түзеткіш механизм тұтқасын босатады. Одан әрі аппарат жұмысын істей береді. Жүріс дөңгелегі тұғырына отырғызғыш аппараттарқа қозғалыс беретін мынадай екі түрлі жұлдызша бекітуге болады: тіс саны 40 немесе 36. Оларды отырғызу қадамына сәйкес пайдаланады . Отырғызу жұмысын ұйымдастыру. Отырғызу бағытын жер жағдайына қарай анықтайды. Жер беті көлбеу болса, отырғызу бағытын оған көлденең етіп алады, ал жер беті тегіс болса, отырғызу бағыты оның ұзындығы бойымен сәйкес келеді. Отырғызылатын көшеттердің тамыры шоғырланған жинақы және сабақтары болуы керек. Бір гектарға егілетін көшет санын мына формула бойынша есептеп табуға болады: К = 1/bl1, мұндағы: К - көшет саны (бір гектардағы) ; b - қатар аралығы, м; l
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ашық және қорғаулы жерлерде өсімдіктер ауруларымен күресуге қарсы, антибиотиктер мен микроорганизмдерді қолдану мүмкіндігі
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жеміс бағын отырғызу жобасын құру
Орман питомнигі
Бақ шаруашылығының қазіргі даму жағдайы. Алматы облысы, Шелек ауданының климаттық жағдайына, топырағына, өсірілетін жеміс – жидектерге сипаттама
Қызанақ көшеттеріне күтім жасау
Көшеттерді отырғызудың агротехникасы
Питомник. Питомниктер түрлері, отырғызу материалдарының түрлері. Орман питомнигі аумағын ұйымдастыру
Көшет отырғызу технологиясы
Мектеп жанындағы оқу тәжірибе алаңының маңызы
Көкөніс дақылдарының көшетін өсіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz