Алматы облысы Қарасай ауданындағы қырыққабаттың зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Агробиология және фитосанитария кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Алматы облысы Қарасай ауданындағы қырыққабаттың зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары

Орындаған:

Қабылдаған: Ағыбаев. А. Ж

Алматы-2016ж

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негігі бөлім

  1. Алматы обл, Қарасай ауданының табиғи-климаттық жағдайы.

2. Қырыққабаттың жалпы биологиялық, морфологиялық сипаттамасы. Халық шаруашылығында қырыққабаттың атқаратын маңызы.

3. Қырыққабат аурулары

3. 1 Қырыққабатты залалдайтын негізгі зиянкестер

3. 2 Қырыққабатқа зиян келтіретін арамшөптер

4 . Өсімдікті қорғау тәсілдері. Химиялық тәсілдің ерекшелігі

5. Ауыл шаруашылық дақылдарын интенсивті технология негізінде өндірудегі, зиянды организмдерден қорғау жүйесі

6. Пестицидпен жұмыс істегенде жеке басты қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері.

7. Пестицидтерді қолданғанда табиғи ортаны қорғау талаптары.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты-еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т. б. ) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан-үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден-сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т. б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты-республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті “Өсімдіктер карантині туралы” заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңы қоғамдық байланыстарды реттейтін, өсімдік қорғау саласында көрінетін және Қазақстан Республикасы аумағында фитосанитариялық жағдайды жақсартуға септігін тигізетін, «Өсімдіктер карантині туралы», құқықтық негізді білдіретін және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік шаралар принціпін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ереженi бекiту туралы» қаулысы, «Аса қауіпті зиянды организмдермен және карантиндік объектілердің тізімі», ««Карантиндік объектілермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді (жүктерді) алу және жою жөніндегі ережені бекіту туралы» т. б. 2009 жылы 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» сәйкес келтірілді. Карантиндік объектілердің ошақтарын анықтау жөніндегі функцияны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесіне беру арқылы «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорны орындап отырған карантиндік объектілердің ошақтарын анықтау, оларды оқшаулау және жою жөніндегі функцияларды бөлу көзделіп отыр.

Карантиндік объектілерді анықтауға зерттеулер жүргізу функциясын

зиянкестердің, аурулардың, арамшөптердің дамуының және карантиндік объектілердің тарау ошақтарының мониторингі мен зерттеу функцияларын тұрақты жүйелі негізде бір ұйымда шоғырландыру.

Фитосанитарлық мониторинг-зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң дамуы мен таралуын байқау және бақылау жүйесi. Қызметi мемлекеттiк фитосанитарлық бақылаудың объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар мыналарға мiндеттi:

1) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң жаппай таралуының алдын алу мақсатында өз аумағында фитосанитарлық мониторинг және фитосанитарлық іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;

2) егiндердi, өзге ауыл шаруашылығы алаптарын, өсiмдiк тектi өнiмдердi сақтау мен қайта өңдеу үшiн үй-жайды зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң жұғуынан қорғауды жүргiзу;

3) қоршаған ортаның және ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң пестицидтердiң улы қалдықтарымен бекiтiлген санитарлық-гигиеналық нормалардан асыра ластануына жол бермеуге;

4) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өсiмдiктердi қорғау және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келмейтiн, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауiп төндiретiн, тыйым салынған әрi жарамсыздыққа келген пестицидтердi зарарсыздандыру жөнiндегi ұйғарымдарын орындауға;

5) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына көмек көрсетуге.

Негізгі бөлім

Алматы облысы, Қарасай ауданының табиғи климаттық жағдайы

http://static-maps.yandex.ru/1.x/?&ll=76.633435338736,43.196042799909&size=400,300&l=map&z=11&pt=76.633435338736,43.196042799909,pmgnm

Қарасай ауданы-Алматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік аумақтық бөлік. 1928жылы құрылған. Алғашында Ленин, кейіннен (1935жылға дейін) Калинин 1935жылдан Қаскелең деп, 1998 жылдың қыркүйек айынан бері қазіргі атауымен аталып келеді. Жерінің аймағы 2, 1мың км² жерді алып жатыр. Тұрғын халқының саны 159, 1 мың адам (2003) . Аудан аумағындағы 67 елді мекен 1 қалалық әкімшілікке және 12 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Оңтүстік, оңтүстік батыс бөлігі таулы (Іле Алатауының биік шыңды сілемдері), орталық бөлігі сай жыраларымен тілімденген жазық. Ауданның ең биік жері-Іле Алатауы баурайынан Ақсай өзені бастау алатын Айдатау шыңы (4029м) . Шыңды мәңгі мұз бен қар басқан. Таулы шың қырғыз елі шекарасы тұсыңда орналаскан. Іле Алатауының осы батыс бөлігінде биіктігі 3000 м-ден асатын бірнеше таулар мен асулар (Тікқия, Үшқоңыр, Кебеже, Айғайтас, Көкөзек, Көктөбе, Емеген, құмбел, Қаскелең, да 1000 мм-ге дейін жетеді. Аудан жерімен Қаскелең, Шамалған (Қасқасу), ұзынқарғалы, Ақсай, Үлкен Алматы өзенідері ағып өтеді. Мұнда таудың қара топырағынан бастап, қуаң даланың бозғылт қоңыр, сұр топырағына дейінгі барлық табиғи белдемге тән топырақ түрлері одан басқа орыс (27%), түріктер (6%), әзірбайжандар (3, 2%), ұйғырлар (2, 6%), немістер (1, 7%), татарлар (1, 3%), күрдтер (1, 3%), украиндер (1, 2%), т. б. ұлт өкілдері тұрады.

Халық негізінен ауданның жазық бөлігінде қоныстанған. Оның орташа тығызд. 1 км²-қа шаққанда бар. Негізінен халық тығыз қоныстанған әрі шаруашылық тұрғыдан жақсы игерілген өңірі теңіз деңтейінен 800-1100 м биіктікті қамтыған.

Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ьгстық. Қаңтардың жылдық орташа жұмсақсы -6-9°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірде 300-500 мм, таукездеседі.

Биік таулы белдеуде алмүрт, шие, алма, өрік, додана, арша, шырша, альпілік, субальпілік шалғын, жазық өңірде бетеге, жусан, ебелек, т. б. астық тұқымдас шөптесін өседі. Жануарлардан: арқар, таутеке, қасқыр, түлкі, қоян, борсық; құстардан: ұлар, кептер, бүркіт, сұңқар, т. б. мекендейді.

Ауданда 1997 ж. етті-сүтті мал, құс, кекеніс, картоп, жеміс - жидек өсіруге мамандандырылған 20 шаруашылык, 4 ҒЗИ, ауыл шаруашылығы машиналарын сынау, құс есіру, тәжірибе станциясылары болған. Олардың негізінде 1997 жылдан 14 өндірістік корператив, 2 ЖШС, 3088 шаруа қожалығы құрылды. Сондай-ақ, 1 асыл тұқымды, 2 тәжірибе шаруашылығы, 1 акционерлік қоғамға біріктірілді. Олар жекеменшік, шетел инвестициясына өндіріс орындарын ашу бағытында жұмыс істеуде. 2002 ж. 1 қаңтарындағы есеп бойынша, аудан аумағында 3019 шаруа қожалығы құрылған. 2001 ж. Жаңа Шамалған темір жол стансасында (Шамалған стансасы) 15, 2 мың т жүгері, картоп өнімдерін қайта өндейтін зауыт салынды. Жандосов ауылында асыл тұқымды бәйге аттарын күтіп-баптау, ат спортын жан-дандыру бағытындағы ипподром іске қосылды. Қарасай ауылының ауылышаруашылығына жарамды жер 512, 3 мың га, оның ішінде 49, 3 мың га егістік, 22, 1 мың га жайылым, 1, 4 мың га шабындық бар.

Қырыққабаттың жалпы биологиялық, морфологиялық сипаттамасы. Халық шаруашылығында қырыққабаттың атқаратын маңызы.

http://www.alimentazionesana.info/wp-content/uploads/2015/10/antitumorali.jpg

Қырыққабат, қатпаршақкөк (Brassіca) -орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. Қырыққабат туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады. Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі. Қырыққабатның дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру және сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Қырыққабаттың бірнеше сорттары бар. Олардың ішінде түсті және Пекин қырыққабаттарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер. Қырыққабат бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп, тұқым береді. Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы әр түрлі. Қырыққабаттың: қауданды қырыққабат, савойя қырыққабаты, брюссельдік қырыққабат, кольраби қырыққабаты, жапырақты қырыққабаты, Қытай қырыққабаты, Пекин қырыққабаты, түсті қырыққабат, т. б. түрлері бар. Барлығына ортақ сипат - қырыққабаттар жарық сүйгіш және суыққа төзімді.

Өсуіне қолайлы температура 15-18°С. Температураның төмендеуіне (-10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары-жапырақты және брюссельдік қырыққабаттар, ыстыққа төзімділері-жапырақты қырыққабат және кольраби қырыққабатсы. Қырыққабаттың құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол.

Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы бойынша қырыққабат сорттары: өте ерте пісетін (65-100 күнде, «Куузику вараяне»), ерте пісетін (100-115 күнде, «Грибовский 147»), ертелеу пісетін (115 - 130 күнде, «Алтын гектар»), орташа мерзімде пісетін (130 - 145 күнде, «Даңқ 1305», «Надежда»), кештеу пісетін (145 - 160 күнде, «Сыйлық») және кеш пісетін (160 күннен артық, «Амагер 611», «Завадская») болып бөлінеді.

Қауданды қырыққабат Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі. Оның диам. 10-45 см, салм. 16 кг-ға дейін жетеді. Ақ қауданды қырыққабатты жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға болады. Қауданын ашытады, бұқтырады немесе бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ, пияз және сарымсақ қосып тұздайды. Сонымен қатар диеталық тағам ретінде, ас қорыту бұзылғанға, т. б. ауруларды емдеуге қолданылады. Қырыққабат-құнарлы мал азығы. Оның түсімі мол, әр гектарынан 200-900 ц. өнім түседі.

Қырыққабат аурулары

Қырыққабат аурулары формоз, түкті және шырышты бактериоз. Көбінесе сұр және ақ шірікпен, тамырлы бактериозбен, нүктелі некрозбен зақымданады, сонымен қатар өсу кезінде құртпен зақымданады. Сұр және ақ шірік саңыраукұлақ әсерінен туындайды, нәтижесінде жапырақтар шырыштанып, бетінен сұр немесе ақ мамық пайда болады. Тамырлы бактериоз кезінде жапырақтарда қара дақ пайда болады, ауру асқынған сайын дақтар ұлғаяды, ал жапырақтар сарғайып кебе бастайды. Нүктелі некроз кезінде жапырақ бетінде сұр немесе қара майда дақтар пайда болады.

http://atmagro.ru/wp-content/uploads/2014/07/bolezni-kapusty3.jpg

Қырыққабатты залалдайтын негізгі зиянкестер

Көкеніс дақылдарының ішінде насекомдармен ең қатты зақымданатыны-қырыққабат. Қырыққабат зиянкестері: қырыққабат шыбыны, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат бітесі, т. б. жиі кездеседі. Қазақстанның тек оңтүстік шығысында ғана оны насекомдардың 50-ден астам түрлері зақымдайтыны белгілі. Төменде солардың ең қауіптілеріне ғана сипаттама беріледі.

Қырыққабат бітесі-Brevicoryne brassica L . Тек қанаттылар отрядының (Homoptera) бітелер тұқымдасына (Aphididae) жататын насеком. Қазақстанда тегіс таралған. Әсіресе оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандарында қатты зиян келтіреді.

http://bugguide.net/images/cache/BQ3/0NQ/BQ30NQJ0PQVKSK2KSKPKHK9KQK9KGQ10NQY0MK30AQBKHKT0PQO00KDKXKVKGKCKIKJ08Q6KKKWKSKWK8QY0UQB06Q.jpg

Қырыққабат бітесі Қазақстанда бір жазда 8-15 генерация беріп көбейеді. Оның келтіретін зияны өте көп. Әсіресе жаздың екінші жартысында пісетін капустаны қатты зақымдайды. Капуста жапырақтарының бітелер сорған жерлерінде алғашында ақшыл дақтар пайда болады. Одан соң жапырақ шетінен бастап жыртыла бастайды және бітелердің денесінен бөлініп шығатын сұйық заттар жапырақ тақтасын ластайды. Ал тұқымдық егістікте өсімдіктердің жас өркендері бұралып қисайып, деформацияланады, өсуі кешеуілдекйді және тұқымның түсімі кемиді. Ақ қауданды капруста зақымданса оның қауданы өте борпылдақ және жеңіл болады. Кеш пісетін капуста қатты зақымданғанда өнімнің түсімі 36-48 процентке дейін азаяды.

Бітелердің көптеген табиғи жаулары бар. Жыртқыш және паразиттік тіршілік ететін насекомдар олардың сан мөлшерін едәуір азайтады. Солардың ішінде ең тиімділерінің бірі кокцинеллид тұқымдасына жататын жеті нүктелі кокцинеллид (Coccinella septempunctata L. ) . Әсіресе ол мамырдың аяғы мен маусымда жаппай шығады да бітелерді көп мөлшерде жеп, құртып жібереді. Сол сияқты ызыңдақ шыбындардың және алтын көзділердің лечинкалары (кейбіреулерінің еркектері де) бітелермен қоректенеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қырыққабаттың дақылының қорғау шаралары
Tүpкіcтaн oблыcы жaғдaйындa қыpыққaбaт aқ көбeлeгінің тapaлуы жәнe oлapмeн күpeсу шapaлapы
Алматы облысы, Қарасай ауданы бойынша көлемі 7 га қырыққабат егісінде кездесетін негізгі зиянкестер мен ауруларын болжау және күрес шаралардың мерзімін хабарлау
Капустаға сипаттама
Алматы облысы, Қарасай ауданы бойынша көлемі 50 га алма бақта кездесетін негізгі зиянкестер мен ауруларын болжау және күрес шаралардың мерзімін хабарлау
Қырыққабат дақылына қолданылған тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктері
Негізгі химиялық топтар
Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі
Қырыққабат дақылының зиянкестері және олармен күресу шаралары
Қырыққабат - құнарлы мал азығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz