Педагогикалық процесс


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-8

І . Біртұтас педагогикалық процесс жайлы ұғым

1. 1. Біртұтас педагогикалық процесс . . . 9-15

1. 2. Педагогикалық процестің заңдылықтары . . . 16-21

ІІ. Біртұтас педагогикалық процесс және мұғалім іс-әрекетінің объектісі

2. 1. Педагогикалық процестің тұтастығы . . . …22-24

2. 2. Оқушылардын танымдық іс-әрекетін белсендендірудің қазіргі тәсілдері . . . 25-31

Қорытынды . . . 32-34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 35

Кіріспе

Елімізде қайта құрумен байланысты оқыту, білім беру, тәрбие мәселесінде айтарлықтай өзгерістер пайда болуда. Оның өзіндік әлеуметтік - экономикалық негізі де бар. Бір орталықта топтастырылған, сол арқылы бүкіл оқу тәрбиенің процестерінің орталық арқылы реттеп отыратын, салаларға бөлінген, басқару жүйесі күйреді. Еліміз өз алдына мемлекет болып, енді өз алдына барлық шаруашылық - экономикалық, ағарту - педагогикалық, саяси - әлеуметтік ахуалды өз қолына алып, өзі басқару дәрежесіне жетті. Сондықтан, еркін елдің болашақ азаматтарына жаңа жағдайларға байланысты, жаңаша тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне қойылған кезек күттірмейтін мәселе болып отырғаны белгілі. Олай болатын себебі қоғамдық - өндірістің дамуы, қоғамдық- экономикалық қатынасуы күрделі өзгерістерге түсуде . Меншік түрлері өзгеріп, енді жекеменшік иелері, шаруашылықтың түрлі саласында оның ішінде білім беру саласында да жаңа терминдер, жаңа ұғымдар, жаңа құрылымдар пайда болуда. Бұрын орта, жоғары оқу орындарымен мектептен тыс мекемелерде бір мақсатта, біртұтас ынтымақты жұмыс жүргізілмей келсе, бүгінгі күннің өзгерісі ендігі жерде біртұтас педагогикалық процестің мәні зор болып табылады . Бастауыш мектепте білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процеске айналдыру немесе біртұтас оқу - тәрбие процесі деп атау, оқу-тәрбие процесін ұштастырып жүргізуге, олардың мақсатын бір жерге ұштастыруға зор педагогикалық мүмкіншілік береді. Демек, білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу бүгінгі таңда оқу - тәрбие процестің басты шарты болып табылады. Педагогика ғылымында бүгінгі таңда ұсынып отырған біртұтас педагогикалық процестің компоненттері деп мыналарды атауға болады: оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны формалары мен әдістері, сонымен қатар олардың шығатын, нәтижелер. Бұл компоненттер бір - бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады. Демек педагогикалық процесс сонда ғана нәтижесін береді. Тәрбие мен оқыту процестерін бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процесіне(ауысды) ұласады. Сондықтан, тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырлады.

Қазақстан Республикасы тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар -ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру -қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады. Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған. Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы - оқушылардың тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның ынтымақтастық жұмысын дамытудың және оның тиімді әдістемесін жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруі, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе, соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу обьектілеріне айналуымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде бастауыш мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың қасиеттерін жан-жақты дамыту басты нысанаға алынған. Дамыған елдің қатарында беделді де білімді ұрпақ өсіру үшін мектеп табалдырығынан бастап педагогика ілімінің оқытылу процессіне көңіл бөлуіміз керек.

Білім -бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.

Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық процесс - бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс болып табылады. Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-əлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты- қоғамның əлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске əлеуметтік тəжірибе ұсынылады, əрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат бағдарлы ұйымдастырылған іс-əрекеттер жəрдемімен, тəрбиелеуші жəне тəрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шəкірттер санасына, еркі мен көңіл-күйіне жүйелі əсер етумен орындалып жатады. Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері- бұл оқу жəне тəрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі, тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады. Өз кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-əрекет процестерінен құралады: оқу-оқыту жəне бұдан туындайтын өзіндік тəрбие.

Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:

- ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру) ;

- тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі) ;

- дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі) ;

- аксиологиялық (тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру) ;

- əлеуметті икемдестіру (тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу) .

Педагогикалық процестің құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады: 1) педагогикалық процеске қатысушылардың субъективті құрамы, 2) іс-əрекеттік құрамы.

Педагогикалық процестің субъекттері - тəрбиеленуші жəне тəрбиелеушілер. Бұлардың құрамы сан қилы. Мысалы, тəрбиеленушілер қатарында алты жастан алпыс жасқа дейінгі сəбилер мен қариялар; ал тəрбиелеушілер сапында ата-аналарды, кəсіби педагогтарды тікелей тəрбиеші субъекттер деп білсек, бұқаралық ақпарат құралдарын, салт-дəстүр, дін, тіл, табиғат жəне с. с балаға ықпал жасайтын барша əлеуметтік -қоғамдық құбылыстардың бəрін жанама да, тікелей де тəрбиеші деп танығанымыз жөн. Педагогикалық процесс субъекттерінің өзара байланысты іс-əрекеттерінің соңғы нəтижесі - тəрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тəжірибені игеруі. Педагогикалық процестің іс-əрекеттік (процессуалды) құрылымында төмендегідей бірліктер ажыралады: Педагогикалық процесс қозғалысы (динамика) педагогикалық процестегі кейінгі өзгерістердің мөлшері алдағы кезеңдердің өзгерістер өлшеміне тəуелді. Қолға түскен жетістіктер неғұрлым жоғары болса, нəтиже де соғұрлым салмақты келеді. Бұдан шығатын қорытынды - педагогикалық процесс педагог пен тəрбиеленуші арасындағы дамып барушы ықпалдастық ретінде бірізді «сатылық» сипатқа ие. Осы заңдылық салдары: аралық нəтижесі жақсы болған оқушы жалпы жетістіктерінде де жоғарылау көрсеткіштерге ие болады;

- педагогикалық процесте тұлғаның дамуы педагогикалық процесс, тұлға дамуының арқауы. Тұлғаның даму қарқыны мен жетілген деңгейі нəсілділікке, тəрбие жəне оқу ортасына, оқу-тəрбиелік іс-əрекеттерге жегілуіне, қолданымдағы педагогикалық ықпал жабдықтары мен тəсілдеріне тəуелді;

- оқу-тəрбие процесін басқару педагогикалық процестің тиімділігі тəрбиеленушілер мен тəрбиешілердің арасындағы кері байланыстың жеделдігіне, сондай-ақ тəрбиеленушілерге жасалған реттеуші ықпал əсердің шамасы, сипаты жəне негізділігіне орайлас келеді;

- ынталандыру: Педагогикалық процестің өнімді болуы оқу-тəрбие қызметтерінің ішкі ықпалдарына (стимулдарына) жəне сыртқы (қоғамдық, педагогикалық, моральдық, материалдық) жəне т. б. ықпалдардың əсеріне байланысты болады;

- педагогикалық процестегі сезімдік, логикалық жəне іс-тəжірибелік элементердің бірлігі. Оқу-тəрбие процесінің тиімділігі сезімдік қабылдау, қабылдағанды қисынды тоқу, тоқығанды іс-тəжірибеде қолдана білу шарттарына тəуелді;

- сыртқы (педагогикалық) жəне ішкі (танымдық) іс-əрекеттің бірлігі. Педагогикалық ықпал нəтижелілігі педагог қызметінің сапасына қалай байланысты болса, тəрбиеленушінің өзіндік оқу танымдық іс-əрекеттерінің сапасына да соншалықты тəуелді келеді;

- педагогикалық процестің себептілік негізінің болуы. Оқу тəрбие процесінің жүрісі мен нəтижесін алдын ала анықтап отыратын жағдаят- қажеттілік, сондай-ақ тұлға мен қоғам мүмкіндіктері (материалды-техикалық, экономикалық жəне т. б. ), процестің оқыту, орындалу (моральдық-психологиялық, санитар-гигиеналық жəне т. б. ) шарттары. Жоғарыда аталған жəне басқа да заңдылықтар негізінде педагогикалық процесс принциптері- (яғни, кейбір ереже, ұсыныстарға орай) нақтыланып баратын оқу мен тəрбиеге бастау, жетекші талаптар анықталады (оқу мен тəрбие принциптері кітаптың келесі бөлімінде қарастырылады) .

Қай педагогикалық процесс болмасын, -өз дамуының белгілі бір ізділігіне сəйкес кезеңдерге бөлінеді. Олар :

- дайындық кезеңі,

- орындау (негізгі) кезеңі;

- нəтижелер талдауы(қорытынды) кезеңі.

І . Біртұтас педагогикалық процесс жайлы ұғым

1. 1. Біртұтас педагогикалық процесс

«Педагогикалық процесс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П. Ф. Каптерев ендірді. «Педагогикалық процесс» деген термин ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды. Процесс («processus» - «ілгерілеу» латын сөзі) - күйдің реттілікпен ауысуы, қандай да бір нәрсенің даму жүрісі; қандай да бір нәтижеге жетудің реттелген әрекеттер жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық процесс - білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады, яғни педагогикалық процесс - бұл арнайы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс болып есептеледі.

«Педагогикалық процесс - үлкендердің мақсатты, мазмұнды, ұйымдасқан педагогикалық іс-әрекеттерінің өзара әсері және тәрбиешінің басым рөліне бағытталған белсенді өмірлік іс-әрекет нәтижесінде баланың өзін-өзі өзгертуі. Педагогикалық жүйе бала өмірін түрлендіретін мақсат, мазмұн, шарт, форма, әдіс, бағыттардың тұтас ұйымдасқан жиынтығы» Б. Т. Лихачев.

«Педагогикалық процесс - көптеген процестердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні - әлеуметтік тәжірибе қалыптасқан адами санамен байланыстылығы. Тұтастық, жалпылық, бірлік - бірдей мақсатқа бағытталған педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы. Педагогикалық процесс - қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы.

Педагогикалық процесс - негізгі, біріктіруші жүйе. Онда қалыптасу, даму, тәрбие және оқыту процестері өздерінің барлық шарттарымен, формаларымен, әдістерімен өзара бірігеді» И. П. Подласый.

«Педагогикалық процесс - тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсінкі, дене мен күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы) »Ж. Ә. Әбиев, С. Б. Бабаев, А. М. Құдиярова.

«Педагогикалық процесс - оқушылардың бірлескен ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, дамуға және өзін еңбекте және қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын» Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің авторлар ұжымы.

Педагогикалық процесс - тәрбие процесінің негізгі құрылымдық бірлігі, оның ерекшелігі сол - ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекетінің педагогикалық жүйесін анықтай түседі: егер тәрбие процесі ұғымы тұлғаны қалыптастыратын барлық мақсатты бағытталған әсерлердің жиынтығын өзіне біріктірсе, ал педагогикалық процесс ұғымы алдын ала ұйымдасқан тәрбиелік өзара іс-әрекеттерді бейнелейді. Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс алға басу, жағдай, белгілі бір нәтижеге жетудегі бірізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Мұнда «процесс» деген ұғымның мағынасы «мұғалім мен оқушы» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бірізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты. Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс - əлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты - қоғамның əлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске əлеуметтік тəжірибе ұсынылады, əрі ол белсенді игеріліп отырылады, бұл мақсат бағдарлы ұйымдастырылған іс-əрекеттер жəрдемімен, тəрбиелеуші жəне тəрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шəкірттер санасына, еркі мен көңіл-күйіне жүйелі əсер етумен орындалып жатады.

Еліміздегі білім беру реформасы «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел ену мақсатына сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыруға ерекше мән береді.

Тұлғаның «қалыптасуы» деген ұғым педагогика және психология ғылымында, жеке тұлға дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Демек, қалыптасу дегеніміз - бір нәрсеге форма мен тұрақтылық беру; нақты бір түр беру яғни баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұлғаның қалыптасуы өте күрделі және ұзақ процесс. Ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі. Егер, педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық ситуация яғни педагогикалық жағдаят) болуы қажет.

Педагогикалық процестің қарапайым «бөлшегі» ретінде қолданылатын «педагогикалық жағдаят» туралы Н. Д. Хмель « . . . педагогикалық жағдаяттар болмысқа тән алуан түрлілікті білдіреді. Бір қарағанда, жағдаяттарды бірін екіншісінен ажырататын уақыты, орыны, себебі, түрткісі, пайда болу шарттары, қатысушылардың әлеуметтік жас және психофизиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекет мазмұны мен амалдары қарым-қатынас сипаты»-деген болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық процестің негізгі міндеттері
Педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Тұтас педагогикалық процесс
Педагогикалық процестің принциптері
Педагогиканың негiзгi мiндеттерi
Тұтас педагогика ұғымы
Тәрбие процесі
Тұтас педагогикалық процес
Педагогикалық процесс компоненттері
Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның объектісі болатындығын көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz