Математика сабақтарында оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оларды өздік жұмыс жасауға баулу және қабілеттерін дамыту
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.6
І тарау. Өзіндік жұмыс . оқу іс.әрекетінің жоғарғы формасы
1.1 Өзіндік жұмыстың анықтамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.9
1.2 Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.12
1.3 Өзіндік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыстың салыстырмалы сипаттамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12.15
ІІ тарау. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тәжірибелік іс.әрекеті
2.1 Озат мұғалімдердің іс.тәжірибелерінен оқушыларды өзіндік жұмыс
жасауға үйрету жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.23
2.2 Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы
мұғалімнің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.27
Қорытынды 28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 29

Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алуы-үлкен әлеуметтік және саяси мәні бар мәселе. Осыған байланысты егеменді еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да, абыройлы міндеттер қойылып отыр. Солардың бірі – оқушыға өз бетімен жұмыс істете отырып білім алудың - қарапайым дағдыларын менгерту, алған білімді біліктілік дәрежесіне көтеру.
Оқушыға өзбетімен жұмыс істетіп, дағдыны жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптастыру. Атап айтқанда, бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, түрлі жағдайда өздігінен ойлау процестерінен өтеді.
Өздігінен білім алудың негізгі жолы - оқушыны таным процесіне үйрету. Ол үшін бүкіл сыныптағы оқушыларға өздігінен жұмыс істеуге жағдай жасау қажет. Бірсыпыра әдіскер - ұстаздардың пікірінше, оқушыда тұрақты білім негізін қалыптастыру үшін сол үйренетін пәніне ықыласы, зейіні артуы керек, бұл үшін белгілі бір педагогикалық мақсат қоюдың рөлі мен мәні зор. Өйткені практикада оқушы еңбек етіп, өздігінен алған білімін жоғары бағалайды, оған өзі риза болады. Сондықтанда оқушының танымдық қабілетінің дамуы мұғалімнің шеберлігіне бірден-бір тікелей байланысты.
Педагогикада өздігінен орындайтын жұмыстар деп берілген тапсырманы, мұғалімнің басшылығымен оның тікелей қатысуынсыз, оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарды айтады. Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар жөнінде сөз қозғағанда, оның өзара тығыз байланысты екі міндетін ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі-оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту және одан әрі өрістету оларды білімді өздігінен игеруге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі – оқушылардың алған білімін өздігінен іс жүзінде қолдана білуге баулу. Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары ой еңбегін жандандыруға бағытталған және мұғалімнің берген тапсырмаларын орындаудың ең тиімді тәсілдерін өздеріне іздеттіру кезделген.

1. «Өзіндік жұмыс түрлерінің оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудаға рөлі» //Бастауыш білім № 5.- 2005.- 22бет.
2. «Математикадан оқушылардың білімін бақылау»-Г.Жолтаева, Г.Алмабекова //Математика және Физика № 4.- 2005.- 8-10бет
3. «Оқушыларды өзіндік жұмыс жасауға үйрету жолдары» - З.Мінайдарова //Математика және Физика.- № 4. 2005.-43-44бет.
4. «Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету жолдары» - А.Р.Тайжанова //Математика және Физика. – № 3.- 2002.- 53-56бет.
5. «Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі» - Ә.Мүслімов //Ұлт тағылымы.- № 2.- 2002.- 37-39бет.
6. «Өзіндік жұмыс–оқу іс-әрекетінің негізгі формасы»-И.А.Зимняя.-«Педагогикалық психология» - Москва «Логос», Алматы- «TST- company». - 2005.- 276-290бет.
7. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» //Математика және Физика. - № 1.- 2002.- 10бет.
8. «Жекелеп оқытуда оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы мен әдістемесі» //Ұлт тағылымы – № 3.- 2005.- 75бет.
9. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» //Бастауыш мектеп.- № 5.- 2001.- 14-15бет.
10. «Өзіндік жұмыстардың маңызы зор» //Қазақстан мектебі. - № 3.- 2004.- 18бет.
11. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» //Математика және Физика. - № 1.- 2002. - 10-11бет.
12. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» //Бастауыш мектеп. - № 8-9.- 1999. - 17-20бет.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-6
І тарау. Өзіндік жұмыс – оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы
1.1 Өзіндік жұмыстың
анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..7-9
1.2 Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-12
1.3 Өзіндік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыстың салыстырмалы
сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-15
ІІ тарау. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда өзіндік жұмысты
ұйымдастырудың тәжірибелік іс-әрекеті
2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды өзіндік жұмыс
жасауға үйрету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 16-23
2.2 Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы
мұғалімнің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .24-27
Қорытынды 28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 29
Кіріспе
Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік білім кеңістігінен өз орнын
алуы-үлкен әлеуметтік және саяси мәні бар мәселе. Осыған байланысты
егеменді еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да,
абыройлы міндеттер қойылып отыр. Солардың бірі – оқушыға өз бетімен жұмыс
істете отырып білім алудың - қарапайым дағдыларын менгерту, алған білімді
біліктілік дәрежесіне көтеру.
Оқушыға өзбетімен жұмыс істетіп, дағдыны жүйелі жүргізілетін
жұмыстардың нәтижесінде қалыптастыру. Атап айтқанда, бастапқыда жеңіл,
кейін біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру,
қорытынды жасау, түрлі жағдайда өздігінен ойлау процестерінен өтеді.
Өздігінен білім алудың негізгі жолы - оқушыны таным процесіне үйрету.
Ол үшін бүкіл сыныптағы оқушыларға өздігінен жұмыс істеуге жағдай жасау
қажет. Бірсыпыра әдіскер - ұстаздардың пікірінше, оқушыда тұрақты білім
негізін қалыптастыру үшін сол үйренетін пәніне ықыласы, зейіні артуы керек,
бұл үшін белгілі бір педагогикалық мақсат қоюдың рөлі мен мәні зор. Өйткені
практикада оқушы еңбек етіп, өздігінен алған білімін жоғары бағалайды, оған
өзі риза болады. Сондықтанда оқушының танымдық қабілетінің дамуы мұғалімнің
шеберлігіне бірден-бір тікелей байланысты.
Педагогикада өздігінен орындайтын жұмыстар деп берілген тапсырманы,
мұғалімнің басшылығымен оның тікелей қатысуынсыз, оқушылардың өздері
атқаратын жұмыстарды айтады. Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар жөнінде
сөз қозғағанда, оның өзара тығыз байланысты екі міндетін ескерген дұрыс.
Бұл міндеттердің біріншісі-оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті
дамыту және одан әрі өрістету оларды білімді өздігінен игеруге, дүниеге
көзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі – оқушылардың алған білімін
өздігінен іс жүзінде қолдана білуге баулу. Оқушылардың өздігінен атқаратын
жұмыстары ой еңбегін жандандыруға бағытталған және мұғалімнің берген
тапсырмаларын орындаудың ең тиімді тәсілдерін өздеріне іздеттіру кезделген.
Математика сабақтарында оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарды
былай жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралдарымен және басқа анықтама
әдебиеттермен жұмыс істеудің, есеп шығаруға арналған жұмыстардың әр алуан
түрі; үлестірмелі материалмен жұмыс істеу, сабақта өздерінің жолдастары
берген жауапты толықтыру; математикалық конференцяларда жасаған
баяндамаларға немесе хабарламаларға пікір айту; жеке немесе топтық
тапсырмаларды орындау; рефераттар жазу; кейбір көрнекі құралдарды
(плакаттар, схемелер, альбомдар) жасау; экскурсия кезінде өлшеуге немесе
есептеуге байланысты практикалық жұмыстар орындау. Негізгі дидактикалық
мақсатқа сай өздігінен орындайтын жұмыстар: 1) білім алу және оны одан әрі
тереңдету, 2) іскерлік пен машықтарды қолдануға бағытталған.
Зерттеу мақсаты: Математика сабақтарында оқушылардың өздік жұмыстарын
ұйымдастыру арқылы оларды өздік жұмыс жасауға баулу және қабілеттерін
дамыту.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларына математика сабақтарын
үйретуде жүргізілетін өздік жұмыстар және онымен жүргізілетін жұмыс
кезеңдері.
Зерттеу әдістері: Бастауыш сыныптарда зерттеу әдістерін таңдап алу
көптеген факторлармен анықталады. Қазіргі жағдайда мектеп алдына қойылатын
оқытудың жалпы міндеттерімен, оқып үйренген математиканың мазмұнымен
балалардың тиісті материалды игеруге дайындық деңгейлерімен анықталады.
Зерттеу объектісі: Оқушылардың математика пәнінің ерекшеліктеріне
және математика пәнінің бастауыш сыныпқа өздік жұмыс түрлеріне негізделген
әрекеттерінің жүйесі.
Зерттеу болжамы: Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту арқылы
мұғалім оқушыларға өздік жұмыстарының түрлерін беру. Оқушылардың
математикадан өздік жұмыстарды меңгеру және алған білімін практикада
қолдану іскерліктерін шыңдау әдістерімен құралдарын тағайындайды.
Зерттеу көздері: Тақырып бойынша әдістемелік ғылыми еңбектер,
мектепке арналған оқулықтар, оқу бағдарламалары, математиканы оқыту
әдістемесі пәндерін оқыту тәжірибесі.
Математика сабақтарында оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың
ауызша және жазба, кластағы немесе үйдегі, жалпы кластық, топтық, жаппай
және жеке түрлері пайдалынылады.
Оқу материалының мазмұнына, оның оқулықта баяндалу ерекшеліктеріне,
қолда бар оқу жабдықтарына және басқа факторларға сәйкес дидактикалық
принциптерді басшылыққа ала отырып, мұғалім оқу процесінде өздігінен
орындайтын жұмыстардың әр түрін немесе олардың үйлесімділерін қолдануды
жоспарлауы тиіс. Оқушылар өздігінен орындауға берілетін тапсырмалар айқын
мақсатты көздеуі және олардың ынтасын арттыруы шарт. Сондықтан оқушылардың
ынтасын арттыру үшін берілетін тапсырмалардың тың материалдан тұруы,
практикалық қолданыстары анық, зерттеу сипатында болғаны орынды.
Сонымен бірге, оқушыларға тапсырма бергенде материалды бірте-бірте
күрделендіру, олардың творчестволық белсенділігі, жеке бас ерекшеліктері,
жалпы математикалық мідениеті тәрізді факторларға назар аударған дұрыс.
Оқу іс-әрекеті туралы айтқанда, зерттеушілер дәстүрлі түрде оқушының
сыныптағы жұмысын еске алады. Алайда, мектеп оқушысының оқу іс-әрекетін
ұйымдастыруы-сыныптық жұмысымен қатар, оқу пәні бойынша, оның сыныптан тыс
және өзіндік жұмысында қамтиды. Аз зерттелген және оқушының өзіндік жұмысы
оқу іс-әрекетін психологиялық талдау тұрғысынан неғұрлым қызықты, өзіндік
жұмысы болып табылады. Дәл осы өзіндік жұмыстан оның мотивациясы,
мақсаттылығы және де өзіндік ұйымдасуы, өзіндік беті, өзін-өзі бақылауы
және т.б. психологилық сапалары байқалады. Үйренушінің өз бетінше жұмысы
оның оқу процесіндегі позициясын қайта құрудың негізі ретінде қызмет етеді.
Өздік жұмыс, бұрынан белгілі болғандай, мектепте оқытудың маңызды
және кеңінен талқыланатын проблемаларының бірі болып табылады. Мектепте
оқытудың қазіргі күнгі әдістемелерінде ол міндетті түрде оқытушының
ұйымдастырушы рөлімен теңестіріледі. Дидактикада өзіндік жұмыс деп
оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс немесе мұғалімнің қатысуынсыз,
бірақ оның тапсырмалары бойынша, даралық және ұжымдық іс-әрекетінің алуан
түрлерін түсінеді.
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстың жалпы педагогикалық
анықтамасы, ол бойынша, бұл оқушылардың іс-әрекетінің алуан түрлері
(мектепте сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын және өткізілетін, тәрбиелік
және білім беру сипатындағы), көптеген зерттеушілердің оқушылардың өз
бетінше іс-әрекетін қарастыруларының негізіне қойылған. Осы тақырыпты
мектепте факультативті курстарды ұйымдастырудың жалпы контексін дамытуда
өзіндік жұмыстың бірнеше түрі туралы айтылған, оларға бір ғана "оқудан тыс"
деген түсінікпен біріктірілген сабақтан тыс, сыныптан тыс, мектептен тыс
жұмыстар жатады. Оқудан тыс жұмыстың негізгі үш айырмашылығы тұжырымдалады:
оқушылардың оған өз еркімен қатысуы, сабақтан тыс өткізу, өз бетіншіліктің
басымдылығы. Оған қойылатын талаптар сабақтағы және сабақтан тыс
жұмыстардың байланысын, өз еркімен алынған сыныптан тыс тапсырмаларды
орындаудағы міндеттілікті, сыныптан тыс сабақтардың мақсаттылығы мен
үнемділігін, оқушыларды толықтай қамту және т.б. қамтиды.
І тарау. Өзіндік жұмыс-оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы
1. Өзіндік жұмыстың анықтамасы
Осы проблеманың жалпы педагогикалық және әдістемелік сұрақтарын
жеткілікті жан-жақты түсіндіруде оның психологиялық жағы оқу іс-әрекеті
позициясынан ең азырақ көрсетілген болып қалады. Осы проблеманы қарастыру
үшін бастапқы жағдайларды анықтайық.
Біріншіден, мектеп оқушысының өзіндік жұмысы оның сабақ үстінде оқу іс-
әрекетін дұрыс ұйымдасуының салдары болады, оның өзі оны өз бетінше
кеңейтуді, тереңдетуді және бос уақытта жалғастыруды мотивтендіреді. Осыған
сәйкес, мұғалім ұйымдастыратын және басқаратын оқушының оқу жұмысы
(мұғалімнің тапсырмасы бойынша сыныптық және сыныптан тыс) оқу пәнін игеру
бойынша өзіне берілген, өз бетінше іс-әрекетінің бағдарламасы ретінде болуы
керек. Бұл мұғалім үшін өзінің оқу әрекеттерінің жоспарын айқын саналау
ғана емес, сондай-ақ оқушыларда оқу пәнін, жаңа оқу тапсырмаларын орындау
барысында игерудің кейбір схемасы ретінде қалыптасуын саналы түрде ұғынуды
білдіреді.
Екіншіден, берілген түсініктемеде өзіндік жұмыс-үй жұмысына қарағанда
неғұрлым кең түсінік, яғни, мұғалімнің келесі сабаққа дайындауы: сыныпта,
үйге берген тепсырмаларын орындауы. Өзіндік жұмыс оқушының мұғалім қандай
да бір формада берген, сабақтан тыс жұмысын қамти алады. Бірақ тұтастай,
бұл оқушының қандай да бір материалды меңгерудің дайын немесе өзі өндірген
бағдарламасынан таңдап алып, қатарласа шұғылдануы.
Үшіншіден, өзіндік жұмыс үйренушінің оқу іс-әрекетінің өзгеше түрі
ретінде қарастырылуы тиіс, ол оның жоғарыда аталған барлық ерекшеліктерімен
сипатталады. Бұл оның оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы, оның сыныптағы
жұмысы мен байланысты өз-өзіне білім беру формасы. Үйренушінің өзі үшін
өзіндік оқу жұмысы психалогиялық тұрғыдан нені білдіреді? Ең алдымен, ол
таңдау бойынша еркін, іштей мотивтендірілген іс-әрекет ретінде саналы
түсінілуі тиіс. Ол үйренуші тарапынан оған енетін бір қатар әрекеттердің
орындалуын ұйғарады: өз іс-әрекетінің мақсатын саналы түсіну, оқу міндетін
қабылдау, оған тұлғалық мағына беру осы міндеттерді орындауға өзінің басқа
қызығушылықтары мен шұғылдану формаларын бағындыру, оқу әрекеттерін уақыт
бойынша бөлуді өз бетінше ұйымдастыру, оларды орындауды өз бетінше бақылау.
Өз бетінше жұмыстың түрлерін қолдана отырып, сабақтың барлық
жүйесінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту керек. Оқулықпен жұмыс
істеуде, есептерді шығару, мазмұндама, лабораториялық жұмыстарда және еңбек
тапсырмаларын орындау кезінде өз бетінше жұмыс түрлерін жан-жақты
қарастырады.
Дидактикалық мақсатта өз бетінше жұмыс жаңа сабақты меңгеруге
дайындық, жаттығулық, қайталап пысықтау және бақылау болып
бөлінеді.
Дайындық өз бетінше жұмысы жаңа сабақты сапалы түрде меңгеру, жаңа
дағдыны қалыптастыру, өткен материалдарды қайталау мақсатында қолданылады.
Бұған есептерді шешу, жаттығуларды орындау, оқу құралдарын таңдап алу
жатады.
Жаңа білімді меңгеру үшін жоғарғы сыныптарда өзбетінше жұмыс кең
көлемде қолданылады. Өз бетінше жұмысты қолдану, білім, дағды, іскерлікті
бекіту және қалыптастыруда орын алады.
Қайтадан пысықтап қайталау өзбетінше жұмыстың тақырыпты оқудың немесе
бағдарлама бөлімін пысықтауды қажет етеді. Ол жазбаша жұмыс түрлерімен және
бақылау жұмысымен ерекшеленеді.
Өз бетінше жұмыста тапсырма жалпы және жеке түрде беріледі. Жеке
тапсырмаларды барлық оқушы өз бетінше жұмыс орындайды. Көбінесе шағын
комплектілі мектепте өзбетінше жұмыстың жеке түрлері қолданылады, сонымен
бірге өз бетімен жұмысты ұйымдастырудың коллективтік түрі де болады.
Мысалы: лабораториялық жұмыстың кейбір түрлері, жергілікті жерде өлшеу
жұмыстары және т.б.
Оқушылардың өз бетінше жұмысының педагогикалық, тиімділігі мұғалімнің
басшылығының сапасына байланысты. Ол өзбетінше жұмыстың мақсатын анықтап
оқушыларды ой-еңбегін қабылдауға үйретіп, сыныптың өзбетінше жұмысының
барысын бақылап, оқушылардың қате жібермеуіне көмектеседі. Сөйтіп,
қорытынды жасап, әрбір жұмыстың нәтижесін бағалайды. Математика сабағында
өзбетінше жұмыс орындауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінуі
тиіс .
Бастауыш сыныптарға арналған математика бағдарламасының Түсінік
хатында математиканы оқыту өзара байланысты төрт түрлі мақсатты
көздейтіндігі айтылған, яғни:
1. Білімділік - бағдарламаға сәйкес математикалық білім, икемділік және
машықтандырудың белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;
2. Тәрбиелік - шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, ізгі игіліктерді,
еңбекке бейімділік және т.б. қасиеттерді қалыптастыру;
3. Дамытушылық — логикалық құрылымдар мен
ойлаудың математикалық стилін дамыта түсу;
4. Практикалық меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларды
практикалық есептерді шешуде қолдана білуімен байланысты икемділікті
қалыптастыру.
Осы мақсаттардың табысты шешілуін білім мазмұнын тиімді жолмен сұрыптап
алуға, оны оқытып үйретудің жан-жақты үйлестірілген, ойластырылған жүйесін
құруға, оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын ұйымдастыру формаларын
іріктеп алуы, өзбетінше жұмыс түрлерін пәндердің ерекшелігіне қарай құруға
байланысты.
1.2 Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар.
Өзіндік жұмыстың өзгешелігін (бұл сөздің нақты, іс-әрекеттік
мағынасында) сыныптан тыс жұмыспен салыстыра отырып қарастырайық (мектептен
тыс, сабақтан тыс жұмыс). Оның анықтамасын оқытудағы сабақтан тыс жұмысты
ұйымдастырудың негізгі талаптармен салыстырайық. Бірінші талап оқушының
сабақ үстінде алған білімдерін іскерліктерін және дағдыларын тереңдетіп,
кенейтіп және жетілдіру тиіс екені белгілі, бірақ жаңа білімдерді,
іскерліктерді және дағдыларды жеткізудің негізгі мақсаты емес. Екінші талап
жұмыс материалының өзінің формаларының, процестерінің және материалының
әуестігі болып табылады.Тағыда оқушылардың осы процесте өз еркімен және
белсенді араласуы, бұқаралық ұйымдастырудың формасы ретінде маңызды болып
табылады.
Егерде өзіндік жұмысты оқушының оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы өзгешелік
түрі ретінде анықтаса, онда осы талаптардың әр қайсысымен салыстыра отырып,
оның маңызды ерекшеліктерін айқындауға болады. Мысалы, нағыз өзіндік жұмыс
өзбетінше оқу іс-әрекеті сияқты ақпараттық вакуум негізінде пайда болуы
мүмкін. Ол оқушыда бір жаңа, белгісіз, өзі үшін маңызды, керек нәрсені
білуге, игеруге деген қажеттілік қалыптасқан кезде пайда болады, ал оқу
үрдісінде осындай қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі жоқ. Бұл, өз
кезегінде, мұғалімнің жұмысының оларда осындай қажеттілік пайда болуына
алғы шарт қалыптастыруға бағытталуын болжайды (мысалы, шет тілінің мұғалімі
былай деп хабарлайды: кімде кім бағдарламадан тыс қазіргі күнгі жастар
ағылшын тілін үйренемін десе, менің кеңесімді және қолда бар әдебиеттерді
пайдалана алады).
Басқаша айтқанда, осылайша түсінілген өзіндік жұмыс бейнесінің сыныптан
тыс, үй жұмысынан ажырататын ерекшелігі: оның негізінде әрқашан да оқушы
үшін жаңа материал, жаңа танымдық міндеттер жатады. Жоғарыда аталған
сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың екіншісі, сондай-ақ өзіндік
жұмыстың іс-әрекеттің өзгеше түрі ретіндегі ерекшелігімен сәйкес келеді.
Бұл жерде тек ұйымдастыру формасы ғана емес, жаңа материалды игерудің өзі,
яғни, еңбек қауыртты, мақсатты бағытталған, оқушыны баурап алатын тартымды
болуы керек. Мысал ретінде шахмат ойнауды жаңадан бастаған шахматшының өз
бетінше шахмат партиясын талдауы бола алады. Әрине, мұндай өзіндік жұмыспен
бәрі айналысады деп үміттенуге болмайды, бірақ онымен әуестенген оқушылар
үшін жағдай мен алғышарт тудыру сөздің тура мағынасында, дамыта оқытудың
көрінісі блоып табылады.
Оқушылардың өз еркімен, белсенді қатысуын талап ету, пән аралық
байланысты енгізудің орындылығы сияқты, оқу іс-әрекетінің түрі ретінде
өзіндік жұмысқа да қатысты. Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын бұқаралық
талабы, яғни, оқушылардың мысалы, үйірмелерге, театр-студияларға қатысу
сипаты өзіндік жұмыс үшін өзгеретіні көрсеткішті. Ол басым жағдайда
оқушының даралық жұмысын ұсынумен алмастырылады. Бірнеше балалардың өзара
ауыз бірлігі бойынша, іштей келісім, тілегі бойынша, мұндай жұмыс ұжымдық
та бола алады, мұның өзі оның пәндік, тұлғалық жақтарынан нәтижелілігін
арттырады. Осылайша түсінілген өзіндік жұмыс- оқушының сыныпта және
сыныптан тыс сабаққа дайындалу кезіндегі алған білімдерін толықтыратын,
содан кейін кеңітетін және тереңдететін даралық жоспар бойынша жұмыс
формасы деп ұйғаруға болады.
Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке түлғаны қалыптастыру,
өсіп келе жатқан үрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу
қажеттілігіне байланысты дидиктиканың басты мәселесі - оқыту үрдісінде
мұғалім мен оқушының өзара эпекеттесуі болып отыр. Оқушы танымдық әрекет
субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен
оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекерке көшу үшін
жағжайлар жасау міндеті тұрады.
Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге
асырылмақ. Егер оқушы сабақта белсенді ой-әрекетіне қосылса, күші жететін
қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау
жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігшен табуға үмтылса, танымдық
белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады. Оқушылар
белсенділігін осындай сипатын көрсететін қажетті шарт - дербестік таным
әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын
орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әртүрлі өзіндік жұмыстарды
өткізудің мазмұнын кэне әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі
кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді
талап етті.
Бірақ оқушылар оқуын белсендірудің негізгі құралдары өзіндік жұмыстан
басқа эвристикалық әңгімелесу, бақылау, проблемалық жағдаяттар, танымдық
және қисындық міндеттер қою болғасын, өзіндік жұмыс оқушылар сабақта
орындайтын, өздігінен ойлауды талап ететін алуан түрлі әрекеттерді
қамтымайды. Екінші жағынан, кез-келген өзіндік жұмыс оқушылардан танымдық
пекет пен дербестіктің жоғары деңгейін талап етпейтіні анықталуда. Өзіндік
шығармашылық жұмыстармен бірге оқушалар меңгерген білімді, білікті
бекітетін және дағдыны қалыптасьыруға бағытталған өзіндік жұмыстар
орындауға тиіс. Осындай жұмыстар формасы бойынша дербес болып табылып,
мәнділігі бойынша дербес емес болып табылмайды. Себебі олар оқушылардың
дербес әрекетін ұйымдастырмайды.
Көрсетілген фактілерге байланысты өзіндік жұмыс деген ұғыммен қатар
оқушылардың дербестік әрекеті деген ұғымды пайдалану, өзіндік жұмыстың және
дербес әрекеттің ерекшелігі оларды, арасындағы байланыстылықты айқындау
белгілеу қажеттілігі туады. Сонымен қатар өзіндік жұмыстары екіжақты
мәнділік және ұйымдастыру жағынан қарауға қажеттілік байқалады.
1.3 Өзіндік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыс түрлерінің салыстырмалы
сипаттамалары.
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге қабілеттерін қалыптастыру міндетін
орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс
мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын
оқытуда болып табылады. Оқытылушылардың өзіндік жұмыстарының
ерекшеліктерімен олардың үй жұмыстары, сыныптық, сыныптан тыс жұмыстары,
яғни, олардың барлық сабақтан тыс жұмыстарының барлық түрлері салыстырылуы
мүмкін. Олардың барлығы қандайда бір континум құрайтыны айқын (қандайда
бірізділік), оның полюстері бір жағынан оқушының сыныптық жұмысы, ал келесі
жағынан- оқу іс-әрекетінің өзіндік ұйымдастырылу жоғарғы формасы ретінде
оның өзіндік жұмысы сияқты берілуі мүмкін (кесте1).
Оқу жұмысының түрлерінің талдауы келесіні көрсетеді: өзіндік жұмыс іс-
әрекет тәрізді оқушының өзінің танымдық қажеттілігімен, өзін-өзі
бақылауымен, өз жұмыс тәртібімен, оны орындау орны мен уақытын таңдаудағы
еркіндікпен сипатталады. Атап өтететін жайт, осылайша түсінілетін өзіндік
жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістемелері әлі де толықтай
жетілдірілмегенімен де, осы аймақтағы зерттеу материалдары әлден осы
проблемаға деген келістің негізін анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылып
отырған өзіндік жұмысты оқу іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде қарастыру
келісі дамыта оқыту принциптеріне сүйенеді. Бұл оқушылардың өзіндік жұмысы-
олардың пәндік құрамдастығын арттырумен қатар олардың осы іс-әрекет
субъектісі ретінде тұлғалық дамуына ықпал етуі керек деп ұйғарады.
Математиканы оқытуда алға қойған негізгі бағыттардың бірі- оқушылардың
таным белсенділігін арттыру. Оқушылардың ой-өрісінің, белсенділігінің,
ізденімпаздығының арта түсуі, олардың өздігінен ізденуін, ойлауын, өз
бетімен қорытындылар жасай білу қасиеттерін дамытады.
Оқушылардың оқудағы танымдық ізденімпазды мен белсенділігін
қалыптастыру проблемаларын іс-жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар:
- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты
ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу;
- танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру;
- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдер
енгізу;
- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту;
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай, оқытудың интенсивтендіру
процесін жүзеге асыру мүмкін емес екені іс-жүзінде белгілі. Танымдық
қызығушылық белгілі компоненттерді қамтитын динамикалық жүйе. Оқушылардың
пәнге деген қызығушылықтарын анықтаудың негізі, мұғалімнің белсенділігі мен
пәнге деген қызығушылығы және педагогика мен психологияның проблемаларына
дұрыс бағдар беру болып табылады. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттің
формаларының бірі - өзіндік жұмыс. Қазіргі кезде негізгі талап- оқушылардың
белсенді іс-әрекетін сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың
өз бетінше іздену арқылы білімін көтеруі, біліктіліке талпынуы, ептілікке
дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі
ертеден белгілі.
Өзіндік жұмыс – оқушылардың ойлау қабілетін, ақыл ой және іс-
тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті. Өзіндік жұмыстың әртүрлі
жіктеулерін келтіруге болады:
1.Дидактикалық мақсаттары бойынша: оқып үйренетін, тексеретін, алынған
білімді баянды ететін және т.б.
2.Даралау дәрежесі бойынша мазмұны әртүрлі бірақ бірдей тәсілмен
орындалатын; мазмұны әртүрлі және әртүрлі тәсілдермен орындалатын.
3.Білім материалдары бойынша: оқулықпен және оқу әдебиеттерімен жұмыс,
есептерді шешу және салыстыру, лабараториялық және графикалық жұмыстар.
4.Оқушылардың ізденімпаздық дәрежесіне байланысты жұмыстар және т.с.с.
Осы жіктеулерге сәйкес оқу процесінде өзіндік жұмыстардың 4 түрі
қарастырылады. Олар мыналар:
1) үлгі бойынша орындалатын;
2) реконструктивті- вариативтік;
3) жаңалық ашатын;
4) шығармашылық.
Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы көрсеткен үлгі бойынша, белгілі
бір іс-әрекеттің жолын ұғынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі
формулалар, теоремалар арқылы орындайды. Реконструктивті- вариативтік өздік
жұмыстар оқушылардың алған білімін қолдануға ынталандырады, сонымен қатар
білімі тереңдей түседі. Тапсырмалар тек шешімнің жалпы принциптерін ғана
көрсетеді. Мысалы: 1кг мақта ауыр ма, 1кг темір ауыр ма?, Әтеш бір
аяқпен тұрса 2.5 кг, егер екі аяқпен тұрса неше кг болады?
Шығармашылық өзіндік жұмыстар оқушылардың математика пәніне деген
ынтасын қалыптастырады, оқушыға деген көзқарасын өзгертеді, математикалық
ой-өрісін дамытады. Өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімдер мынандай
шарттарды қолдануы жөн:
1. өзіндік жұмысы барысында орындалатын есептердің мазмұнын оқушы
түсінуі керек.
2. оның орындалуы жайлы оқушыларға нұсқау беру керек.
3. жұмыстың орындалуын қадағалау керек
4. өзіне - өзі талдау жасау, байқау
5. оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін анықтау.
Оқушылардың оқу- танымдық іс- әрекеттің нәтижесі – олардың білімді
өзбетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын тапсырмаларды орындауы
болып табылады.
ІІ тарау. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда өздік жұмысты
ұйымдастырудың тәжірибелік іс-әрекеті
2.1 Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды өздік жұмыс
жасауға үйрету жолдары.
Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының
артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі
қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап
алынып, құрастырылуына байланысты болады. Өздік жұмыс кезінде оқушылар
оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен,
газет-журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен білім алуға
талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Өздік жұмыстар ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалуы қажет:
1.Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі
керек.
2.Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті.
3.Өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz