Педагогика – ғылым. Абайдың педагогикалық көзқарастары


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін. Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға берді. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» - дейді Президент Н. Ә. Назарбаев.
Абай Құнанбаев мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Егер Абай мен Шәкәрім қазақ халқының өткен заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы болса, бұл құдіретті бейнені романист қаламымен қайта тіріліткен Мұхтар Әуезовтің өзі жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан ұлттың аса көрнекті үш алып тұлғасының, былайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп кетуі - бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше құбылыс.
Зерттеу жұмысының мақсаты: А. Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, олардың сабақтастығын жүйелеп, педагогиканың үрдісіне ендіру.
Зерттеудің міндеттері:
-А. Құнанбаев рухани-адамгершілік құндылықтарын айқындау;
-А. Құнанбаев шығармаларындағы философиялық, педагогтық-ағарту-шылық, діни және гуманистік ой-жүйелеріне талдау беріп, қазіргі жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау;
-А. Құнанбаев шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақ-тастығын жүйелеу және мазмұнын құру;
-Абай туралы зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, оның өскен ортасы, педагогикалық көзқарасы туралы сипаттап жазу.
Зерттеу кезеңдері:
- курстық жұмыстың тақырыбына байланысты әдебиеттер жинақтау;
- әдебиеттерді негізге ала отырып, тақырыптық жоспар жасау;
- құрылған жоспар бойынша теориялық бөлімді жазу;
- курстық жұмыстың өзекті мәселелерін эксперименттік деректермен анықтау.
Курстық жұмыстың құрлымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу пәні - Педагогика.
І. Педагогика - ғылым
1. 1 Педагогика туралы жалпы ұғым
Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды. Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.
Тарихы
Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф. Бэконның, Я. Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Джон Локк, Жан Жак Руссо, И. Песталоцци, И. Гербард, А. Дистерверг еңбектері жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді.
Педагогика пәні, салалары
19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар:
• жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді),
• сәбилер мен мектепалды педагогикасы,
• мектеп педагогикасы,
• сурдотифло педагогика және олигофрено педагогика (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді),
• жеке пән әдістері,
• Педагогика тарихы.
Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да бар:
• мектептану,
• отбасы тәрбиесінің педагогикасы,
• басқару педагогикасы,
• ішкі істер педагогикасы.
Дербес педагогикалық пән ретінде:
• әскери педагогика,
• жоғары мектеп педагогикасы,
• кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы.
Мақсаты
Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады.
Педагогикалық такт
Педагогикалық такт - оқушылармен қарым-қатынаста педагогтың өнеге құралдарын тиімді пайдалана білуі. Педагогикалық такт адамгершілік қағидасына негізделеді. Оның мәні баланың рухани дүниесіне педагогтың әсер ете білуінде. Педагогикалық тактіні жақсы меңгерген педагог қолданылған тәрбие құралының күтпеген нәтиже беретінін де ескереді. Мысалы, ұжымның ықпалы тиімді пайдаланылмаса баланың белсенділігін, бастамашылдығын дамыту құралы болудың орнына, олардың дербестігін шектеуге, достық көңілдегі әңгіме іш пыстыратын уағызға, мадақтау күдік пен сенімсіздіктің дамуына себеп болады. Педагог тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста туындайтын қиыншылықтарды алдын-ала болжап, оны болдырмаудың жолын таба білуге тиіс.
Вальдорфтік педагогика
Вальдорфтік педагогика - антропософия, адам туралы, оның Әлемнің рухани негізімен бірлігі туралы мистикалық оқу негізінде Р. Штейнер әзірлеген (1861-1925) оқудағы және тәрбиелеудегі ғылыми-практикалық бағыт. Вальдорфтік педагогканың мақсаты - тәрбиелеу арқылы медитацияны, музыканы, эвритмияны (Р. Штейнермен және оның сөйлеу және музыкаға қатысты дене қозғалысы өнерінің ізбасарларымен өнделген) және т. б. балаға өзіндік өмір жолын таңдауға, өзіндік қабілет, қасиеттерін ашуға көмектеседі. Қазіргі кезде элемде 500-ге жуық вальдорфстік мектептер (олар біздің елде де ашылды) және 1000-ға жақын бала бақша бар.
Гуманистік педагогика
Гуманистік педагогика - XX ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында 60-шы жылдардың басында АҚШ-та пайда болған гуманистікпсихология идеясының педагогикалық қайта жаңғыртуы сиякты қазіргі кездегі тәрбие теориясы мен тәжірибиесіндегі бағыт. Батыстагы ең бір көзге түсер өкілдері - К. Роджерс, Р. Барт, Ч. Ратбоун мен т. б. Аталған педагогикалық бағыттың негізгі тенденциясы - білімге тұлғалық- болжаулық қасиет беру, оқуда және тәрбиеде авторитаризмді игеру, оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, және дағдылардың эмоционапды реңктерте іске асыру.
1. 2 Педагогика ғылымына үлесін қосқан ғалымдар
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты.
XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменский-дің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.
XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Коменский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері мен әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін - оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше - ''Балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде (тек латын тілінде емес) жүргізуді ұсынды.
Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті - деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог ''Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады'', ''Адам болу үшін ол білім алуы тиіс'', ''Білімділер нағыз адам'' - деді. "Iлім -нравтылықтың спутнигі'' - деді педагог. Оның жүйесінің негізі - ақыл-ой, нравтық, діни тәрбиені жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуы, үйренуі қажет - деді.
Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айнал-дырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті. Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын алды. Оны ғылыми, теория-лық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ жүйесі - педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қалды.
Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі. Коменский дәуірінде мектепте білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Мысалы, ер балалар ғана білім алуға құқықты болды. Алайда кедей отбасының балалары мектепке қабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен балалардың басын қатырды. Орта ғасырда көптеген мектептер Католиктік шіркеудің бақы-лауында болды. Шіркеудің қызметі латын тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде оқытып дін иелерінің орнын толтыру еді. Педагогтар оқыту мақсаты мен міндетін ешбір ойламады. Жайдан күрделіге көшу ешкім-нің есіне келмеді. Тәртіп қатаң болды. Мектептердегі нравтық климат - ұрып, соғу мақсатын көздеді.
Бұл дәуірдегі мектепті Шотландия ағартушысы Саймон Лори - ''Ешбір ойластырылмаған'', ''Ешбір қызықтырмайтын" деп атады. Ал, Коменский оданда ауыр етіп ''Ақыл соғысы'' - деп атады. Англияда Фрэнсис Бэкон латын оқуын айыптады, қайтадан жаратылыс пәнін үйретуді ұсынды. Вольфганг Ратке, Иоганн Валентин Андреэ - Германияда т. б. оқу жүйесін өзгергуге өз беттерінше жұмыс істей бастады. Демек, XVII ғасыр азабы - оқуды өзгерту туралы олардың ешқайсы-ның оқу туралы ойларын, ұсыныстарын қабылдамады.
Коменскийдің педагогика туралы алғашқы еңбегі 1630 жылы отбасында тәрбиелейтін аналар мен бала күтетін адамдарға арналды. 1631 жылы ''Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі'' атты еңбегі жарық көрді. Бұл латын тіліндегі оқуға революциялық дәстүрде соққы берген еңбек болды. Кітапта екі колоннаға бөлінген - Чех тілі мен латын тілін салыстыра оқытудың мән-жайы түсіндірілді. Еңбекте латынша оқытудың кемшіліктерін баса көрсетті. Бұл кітаптың құндылығы сонда, ол 16 елдің тіліне аударылды.
Коменскийдің көпке, оқушылар қауымына таныс жұмыстарының бірі - ''Картинада бейнеленген әлем заттарының көрінісі'' атты еңбегі. Бұл жасөспірімдерге арналған еді. ХХ ғасырда педагогика профессоры Элвуд Кабберли былай деді. ''Бұл кітап Еуропада бастауыш оқуда 150 жыл орнына 200 жыл пайдаланылды, бұған теңдес кітаптың болмағанының куәсі'' -деп, жазды. Қазіргі кітаптар мен оқулықтар Коменский еңбектері негізінде иллюстрация-ланып жарық көруде. 1657 жылы Коменский латын тілінде ''Ұлы дидактика'' атты еңбегін жариялады. Бұл кітап, оны дүние жүзіне танытты. Кітап Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды.
Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер: В. Г. Белинский (1811-1848), А. И. Герцен (1812-1870), Н. Г. Чернышевский (1828-1889), Н. А. Добролюбов (1836-1561) . Бүкіл əлемдеЛ. Н. Толстойдың (1828-1910), Н. И. Пироговтың педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып, халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады.
Константин Дмитриевич Ушинскийдің есімі шын мәнінде XIX екінші жартысындағы орыстың оқу-ағарту қайраткерлерінің ең алдыңғы тобында саналады. Ол-Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектаебінің негізін қалаушы. Оның «Балалар әлемі», «Ана тілі», «Педагогикалық антропология» атты тамаша еңбектері, балалар мн мұғалімдерге арналған басқа да кітаптары орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, бұл еңбектер педагогика ғылымына алтын қор ретінде қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды.
Ұлы педагог өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне және балалар тәрбиесіне арнады.
«Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру -менің өмірімнің бірден-бір мақсаты», -деп жазды К. Д. Ушинский. Оның өмір жолының бүкіл мәнісі осы сөздерінде еді.
К. Д Ушинскийдің педагогикалық пікірінің ең негізгі мәні -әрбір елде халықтың мақсат мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтық идеясында еді.
Дүние жүзінің басты елдеріндегі мектептердің білім жүйесін зер сала зерттей отыра, Ушинский өзінің білім беру жүйелерінде кейбір жалпы ұқсастық жақтарының болғанымен әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері болатынын байқады, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихи өмірімен тұрмысын, талаптары мен мұң-мұқтажына байланыстылығын көрсетті. Ушинский орыс халқына тән тарихи қалыптасқан мынадай ерекшеліктерді көрсетті . Ғасырлар бойы сыйынып өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік, оның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында әрдайым күреске өзір болу, жоғары азаматтылығы мен гуманизм, мол творчестволық сезімділік .
К. Д. Ушинскиийдің бүкіл өмірі мен қызметі өз еліне және өз халқына жан-тәнімен шын беріле қызмет етудің тамаша үлгісі болды.
Орыс мұғалімдерінің ұстазы К. Д. Ушинский өзінің педагогикалық жүйесін өз кезіндегі ең озық ғылым дәрежесіне көтерді. Ушинский өз шығармаларында педагогиканың әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екендігін, тәрби мақсатымен тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі де түбірлі мәселелерін ғылым негізінде шешті, өзінің прогресшіл педагогикалық жүйесін құрды.
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы адам тəрбиесі идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. Жаңа педагогикаға байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен қатысқан белгілі педагог ғалымдар: С. Т. Шацкий (1878-1934), П. П. Блонский (1884-1941), А. П. Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дəуір педагогикасын танымал еткен Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский еңбектері. Надежда Константиновна Крупскаяның (1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде шоғырланды. Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне балаларды отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап, оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі оларды тəжірибе тексеруінен өткізді. Василий Александрович Сухомлинский(1918-1970) өз зерттеулерін жастарды тəрбиелеудің моральдық проблемаларымен байланыстырды. Оның дидактикалық кеңестері мен нақты да дəл бақылаулары қазіргі педагогикалық ой дамуы жəне қоғамды қайта түзу дəуіріндегі мектеп тағдыры жөніндегі ұсыныстары өз маңызын əлі де сақтауда, сонымен бірге білім сапасын жаңаша түсінуде үлкен жəрдемін тигізіп отыр.
В. А. Сухомлинский ''Жастарды адамгершілікке'' тәрбиелеудің проблемаларын'' зерттеді. Сухомлинский еңбектері басты да күрделі міндеттерді шешу - барлық жастарға орта білім беруге арналған. Педагогиканың мұндай күрделі де маңызды міндеттері - комплексті түрде, мектеп практикасы арқылы, мектептің қазіргі жағдайына байланысты шешіліп, нәтижесі тез арада тарап кетті. Ол халықтық педагогиканың үлгісіне сүйенеді. Ол халықты нағыз тірі құрал ретінде педагогикалық даналықтың көзіне айналдыра отырып зерттеді.
Білім беру мен оқыту органикалық талдаудың көзі, дамыған сезім мен ақылдың бірлігі, халық пен адамның үзіліссіз білім алуының қалыптасқан сұранысы. Сухомлин-ский өзінің көптеген еңбектерінде ең маңызды ой-пікірі - педагогтың мынадай екі мәселені шешуіне арналады. Біріншіден, оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру. Екіншіден, оқушыларды ұдайы, барлық өмір бойы өз білімін толықтырып отыруға әсіресе, адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға үйрету. Оның айтуынша, білім беру творчестволық процесс - адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағынды, тасқынды процесс. Оқыту, білім беру, тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып, кезекпе-кезек жалғасып отыратын тарихи процесс. Сухомлинский: ''Адам білім арқылы жұмыс істеуге үйренуі - адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты'' - деп тұжырымдады.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) . Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді, 9 жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткен белгілі Шығыс зерттеушісі Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып кітапханасынан кітаптар оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары арасында өз атасы Балғожа бидің песірі (қағаз көшіруші) болады, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап оның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың 8 жұлдызында жұрттың күткен мектебі ашылады.
Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо, Каменский, Толстой, т. б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz