Лепсі кентіндегі мұнай қоймасының негізгі технологиялық және қосалқы нысандарын жобалау бойынша оңтайлы техника-технологиялық шешімдері


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

АҢДАТПА

Осы дипломдық жобада Лепсі кентіндегі мұнай қоймасының негізгі технологиялық және қосалқы нысандарын жобалау бойынша оңтайлы техника-технологиялық шешімдер қарастырылады. Резервуарлық паркке мұнай қоймасының негізгі бөлігі ретінде ерекше назар аударылған. Негізгі технологиялық жабдықтар мен резервуарлардың жинағы келтірілген. Мұнай қоймасындағы нысандардың негізгі параметрлеріне қажетті есептеулер жүргізілген.

Мұнай қоймасының құрылысының экономикалық мақсатқа сай екендігін дәлелдейтін техника-экономикалық есептер жасалған.

Әуе және су орталарын қорғауды қамтитын еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар қарастырылған. Жобада қарастырылған ұйымдастырушылық және техеникалық шешімдер осы нысанды жобалау барысында және әрі қарай пайдалану барысында қолданыла алады.


АННОТАЦИЯ

В данном дипломном проекте рассматриваются оптимальные технико-технологические решения по проектированию основных технологических и вспомогательных объектов нефтебазы в городе Лепси. Особое внимание уделено резервуарному парку как ключевой части нефтебазы. Приводится подбор основного технологического оборудования и резервуаров. Проводятся необходимые расчеты основных параметров объектов нефтебазы.

Производится технико-экономический расчет с доказательством экономической целесообразности строительства нефтебазы.

Рассматриваются мероприятия по охране труда и окружающей среды, включающей в себя охрану воздушной и водной сред. Рассматриваемые в проекте организационные и технические решения могут быть применены в процессе проектирования и дальнейшей эксплуатации данного объекта.

ANNOTATION

In this diploma project optimal technik and technological decisions are examined on planning of basic technological and auxiliary objects of oil base in city Lepsi. The special attention is spared to the reservoir park as key part of oil base. A selection over of basic technological equipment and reservoirs is brought. The necessary calculations of basic parameters of objects of oil bases are conducted.
a technik and economic calculation is produced with proof of financial viability of building of oil bazas.

Measures are Examined on a labour and environment protection plugging in itself a guard air and water environments. Examined in a project organizational and technical decisions can be applied in the process of planning and further exploitation of given.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . 6

1 ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ7

1. 2БАС ЖОБА. . 8

1. 2. 1Құрылыс алаңының және ауданының қысқаша сипаттамасы . . . 8

1. 2. 2 Бас жобаның шешімдері мен көрсеткіштері8

1. 2. 3Алаң ішіндегі автожолдар. . 8

1. 2. 4Рельефті ұйымдастыру . . . 9

1. 2. 5Аумақты жақсарту шаралары . . . 9

1. 3Технико - экономикалық көрсеткіштер . . . 10

1. 3. 1 Мұнай өнімдерінің жеткізілуінің технологиялық шешімдері . . . 10

1. 4Жүк айналымы және резервуарлық сиымдылықтар . . . 10

1. 5Ашық түсті мұнай өнімдерінің резервуарлық паркі . . . 12

1. 6 Резервуарлық майлар паркі . . . 12

1. 7 Ашық түсті мұнай өнімдері мен майлардың теміржол эстакадалары . . . 12

1. 8 Ашык түсті мұнай өнімдерінің және майлардың сораптық станциясы . . . 13

1. 9 Пайдаланған мұнай өнімдерін жинау, мазут пен нигролды қабылдау және сақтау пункті14

1. 10 Ашық түсті мұнай өнімдерін мен майларды жартылай автоматты құю станциясы . . . 14

1. 11 Технологиялық құбырөткізгіштер . . . 15

1. 12 Көлемдік-жоспарлық шешімдер . . . 16

1. 13 Жарықтандыру, шу мен тербелістерді азайту бойынша шешімдер… . . . 19

1. 14 Резервуарлардың түрлері және олардың техникалық сипаттамалары…. . 19

1. 15 Резервуарларды тоттанудан қорғау жүйесі . . . 22

1. 16 Резервуарларды пайдалану режимі . . . 26

1. 17 Жөндеу жұмыстарын жүргізу . . . 28

1. 18 Есептеу . . . 32

1. 18. 1 Автоқұю құрылғыларының санын есептеу . . . 32

1. 18. 2 Тәулік газ айналымы. . 32

1. 18. 3 Теміржол эстакадасын есептеу33

1. 18. 4 Сорапты таңдау үшін гидравликалык есептеу . . . 34

1. 18. 5 Сақтандыру кақпақшаларының есебі. . 39

2 ҚҰРЫЛЫС - ЖИНАҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ . . . 44

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . 52

3. 1Капиталдық салымдардың технологиялық структурасы . . . 52

3. 2 Эксплуатациялык шығындар . . . 53

3. 3 Мұнай базасын қайта құрудың экономикалық пайдалылығы . . . 55

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ . . . 57

4. 1 Қауіпсіздік техникасы . . . 57

4. 2 Өндірістік санитария . . . 58

4. 3 Жылыту және ayа алмастыру . . . 60

4. 4 Шуды азайту . . . 61

4. 5 Сумен жабдықтау және канализация . . . 61

4. 5. 1 Канализацияның сыртқы желілері . . . 61

4. 6 Жарылыс, өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар . . . 63

4. 6. 1 Өртке қарсы су қүбыры . . . 65

4. 6. 2 Электр энергиясын және энергетикалық жүктемені тұтынушылардын сипаттамасы . . . 66

4. 6. 3 Найзағайдан қорғау, қорғаушы жерсіндіру және статикалық электрден қорғау . . . 66

4. 6. 4 Әлсіз токты желілер Әлсіз токты желілер . . . 67

5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ . . . 68

5. 1 Атмосфераны, гидросфераны және литосфераны ластайтын

көздер ретінде технологиялық үрдістерді талдау . . . 68

5. 1. 1 Атмосфераны ластау көздері . . . 69

5. 1. 2 Литосфераны ластау көздері . . . 69

5. 2 Атмосфераны ауаны қорғау . . . 70

5. 2. 1 Атмосфераны қорғау . . . 71

5. 2. 2 Гидросфераны қорғау . . . 73

5. 2. 3 Литосфераны қорғау . . . 75

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ. . . 77

КІРІСПЕ

Қазақстанда мұнай өндірудің үздіксіз өсуі, мұнай өнеркәсібінің әрі қарай дамуы, оның барлық салаларының сәйкес дамуын талап етеді.

Мұнайдың және мұнай өнімдерінің қалыпты және үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ету үшін жаңа мұнай қоймаларын салу және қазіргі кезде бар мұнайбазаларын дамыту қажет болады.

Мұнай қоймалары мұнайды және мұнай өнімдерін сақтауға және таратуға арналған. Олардың негізгі міндеті болып, көптеген тұтынушыларды, олардың географиялық орналасуына және климаттық жағдайына қарамастан, сандық және сапалық шығындарсыз мұнай өнімдерімен уақытылы қамтамасыз ету болып табылады. Бұл үлкен міндет мұнай қоймаларының техникалық деңгейін үздіксіз жоғарлату және еңбек ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерін енгізу жағдайында ғана шешіле алады.

Қазіргі заманғы мұнай қоймасы - бұл күрделі және көп түрлі шаруашылық. Оның құрамына резервуарлы парктер, тармақталған құбырлық коммуникациялар, қуатты сорғылық-күштік жабдықтар, әртүрлі құю-төгу құрылғылары және т. б. кіреді.

Мұнай қоймаларындағы мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және жіберудің өндірістік процестерін жетілдіру тұтынушыларды мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз етуге, олардың шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді, жабдықтарды пайдаланудың сенімділігі мен үнемділігін жоғарлатады.

Мұнай қоймаларының жұмысындағы маңызды міндеті - жаңа техниканы енгізу, өндірістік процестерді кешенді механикалау және автоматтау жылдамдығын шұғыл жоғарылату және осының негізінде - еңбек өнімділігін жоғарылату және өзіндік құнды төмендету болып табылады.

Осы жұмыста қазіргі заманғы жабдықтармен және алдыңғы қатарлы технологиямен жабдықталған теміржолдық тарату мұнай қоймасының жобасы ұсынылған.

1 Техника-технологиялық бөлімі

1. 1 Техникалық қайта құру жобасының негіздемесі

Техникалық қайта жарақтарандыру Лепсі мұнай базасының бұрынғы өндірістік алаңында өзгертілмей жасалынады.

Техникалық қайта жарақтарандыруға мұнай базасының жүк айналымының өсуі және ескіріп, жарамсыз болған жабдықтарды ауыстыру қажеттігі себеп болып отыр.

Техникалық қайта жарақтарандыру жобасы бойынша жартылай автоматтандырылған ашық мұнай өнімдері мен майды автоцистерналарға құю станциясының құрылысын салу, ашық түсті резервуарлық парктерде «ЭСОН - Э» жүйесіндегі қондырғыны және E-I/9 екі қазандығы бар пешін орналастыру қарастырылған.

1. 1- кесте

Мұнай базасының техникалық қайта жарақтандыру тізіміне кіретін ғимараттар мен құрылыстардың тізімі

№:

Объектінің аты: Объектінің аты
Саны:

Саны

№:

1

Объектінің аты:

Ашық түсті мұнай өнімдерін сақтауға арналған РВС - 1000 м 3 (понтонмен) паркі

РВС - 400 м3 (с понтоном)

Саны:

1

6

№:

2

Объектінің аты: РГС-100 м3 резервуарлық май паркі
Саны:

13

№:

3

Объектінің аты: Ашық түсті мұнай өнімдері мен майды теміржолдық құю эстакадасы
Саны:

1

№:

4

Объектінің аты: Ашық түсті мұнай өнімдерінің сораптық ғимараты
Саны: Бұрынғы ғимараттың жанына салынады
№:

5

Объектінің аты: Ашық түсті мұнай өнімдерін 7 автомашинаға жартылай автоматы түрде құю станциясы
Саны:

1

№:

6

Объектінің аты: Жартылай автоматты түрде құю станция- сының операторлық бөлімі
Саны:

1

№:

7

Объектінің аты: Қолданылған мұнай өнімдерін жинау және мазут пен нигролды сақтау пункті
Саны:

1

№:

8

Объектінің аты: 2 қазандықтары бар E-I/9-2M пеші
Саны:

1

№:

9

Объектінің аты: Түтін мұржасы
Саны:

1

№:

10

Объектінің аты: Сиымдылығы 500 м 3 суға арналған резервуарлар
Саны:

2

11:

11

Трансформаторлық подстанция: Трансформаторлық подстанция
1:

1

  1. - кестенің жалғасы
12:

12

Прожекторлық: Прожекторлық
2:

2

12:

13

Прожекторлық: Сиымдылығы 120 м3 жинағыш
2:

1

1. 2 Бас жоба

1. 2. 1 Құрылыс алаңының және ауданының қысқаша сипаттамасы.

Лепсі мұнай базасын қайта жарақтандыру құрылысы алаңы қазіргі мұнай қоймасының шекарасында (аймағында) орналасқан. Алаң рельефі - тыныш. Алаң бас жоспар бойынша көрсеткіштермен және шешіммен құрылған (түрғызылған) . Бас жоспар СНиП П106-79, СНиП П89-80, СНиП 2. 05. 02. 85 жобалау нормаларына сәйкес әзірленген.

1. 2. 2 Бас жобаның шешімдері мен көрсеткіштері

Технологиялық есептеулерге сәйкес ашық түсті мұнай өнімдерінің және майлардың резервуарлық парктеріне бақылау жүйесін қондыру қарастырылуда. Қазіргі кездегі мұнай базасының ғимараттары және құрылымдары құрамына қосымша, жобамен ашық түсті мұнай өнімдерінің және майлардың сораптарын, майлардың теміржол эстакадаларын қайта жаңарту карастырылған. Ашық түсті мұнай өнімдерін және - майларын автоцистерналарға жартылай автоматты станциясы мұнай базасы территориясына негізгі кірісінде жобаланған. Қазіргі кеңсе ғимаратына аккумуляторлы диспетчерлік пункті қосымша құрылады. Мұнай базасының территориясы өзінің қоршаулары мен шекараларын (аймақтарын) сақтайды. Ғимараттар мен құрылыстарға кіруге және өтуге арналған алаң ішілік автожолдар мұнай базасына кірер жолдағы асфальтбетонды жабындысы бар авто жол жүрістерде, және негізгі ғимараттар мен құрылыстарға, қүю станцияларының айналасына жобаланған. Қалған кіріс жолдары топырақты жақсартылған жабындымен қарастырылған.

1. 2. 3 Алаң ішіндегі автожолдар

Мұнай базасының территориясынадағы ғимараттар құрылыстарға автотранспортпен кіру үшін асвальтбетон төселген автожолдар қарастырылады. Қалған жолдар мен алаңшаларға грунттық жақсартылған жабындар қарастырылған. Мұнай базасына жету жолдары магистральдық автожолдар арқылы жүзеге асырылады.

1. 2. 4 Рельефті ұйымдастыру

Рельефті ұйымдастыру. Рельефті ұйымдастыру жобасын мұнай базасын таңдамалы түрде тік жоспарлау қарастырылады, яғни жоспарлау тек қана жобаланатын ғимараттар мен құрылыстарға жүргізіледі. Тік жоспарлаумен, жобаланудағы мұнай базасының алаңынан рельеф бойымен жасыл аймаққа, мұнай өнімдерімен ластанбаған жуын суларды әкету үшін су құбырлар қарастырылады. Инженерлік желілер және коммуникациялар. Инженерлік желілердің құрама жоспары аралас бөлімдер тапсырмалардың тапсырмалары негізінде орындалған. Инженерлік желілерді төсеу жер астында - лотоктарда, траншеяларда; жер үстінде - аласа тіректерде жобаланған.

1. 2. 5 Аумақты жақсарту шаралары

Резервуар паркі үйінділер шегінде орналасқан резервуарлардың бір немесе бірнеше тобынан, қорғаныс жүйесінен, технологиялық құбырлардан, өндірістік-жаңбырлық кәрізден құралады.

Резервуар паркінің жобаламасы, резервуарлардың қабырғалары арасындағы қашықтық, резервуарлар тобының сыйымдылығы және топтар арасындағы қашықтық ҚНмЕ 2. 11. 03-ке [5] сәйкес келуге тиіс.

Резервуар паркі үйінділерінің ішінде резервуардың қабылдау-тарату келтеқұбырларында орнатылатын түптік ысырмалардан, сондай-ақ өрт сөндіру жүйесінің ысырмаларынан басқа ысырмаларды орнатуға жол берілмейді.

Резервуарлар тобының әрбір тобы жоғарыдағы ені кем дегенде 0, 5 м түйықталған топырак үйіндісімен немесе төгілген сұйықтықтың гидростатикалық қысымына есептелген жанбайтын материалдардан дайындалған қоршағыш қабырғамен қоршалуға тиіс.

Үйінділенген аумақтың үйінділердің ішкі құламалары немесе қоршағыш қабырғалар арасында түзілетін құрылыс салынбаған бөлігін төгілген сұйықтықтың топтағы немесе жеке тұрған ең үлкен резервуардың ең үлкен номинал көлеміне тең есептік көлемі бойынша анықтау керек. Резервуарлардың үйінділері ішінде транзиттік құбырлар төсеуге жол берілмейді.

Үйінділер ішінде төселетін құбырлардың қосылыстары, ережеге сай, пісіру арқылы орындалуы керек. Арматураны пісіріп қосу үшін жанбайтын төсемелері бар ернемектік қосылыстар пайдаланылуы керек.

Резервуарлардың үйінділері үнемі толық түзу күйде ұсталуға тиіс.

Үйінділер жөндеуге немесе қайта құруға байланысты бұзылған жағдайда, олар жұмыс аяқталғаннан кейін қалпына келтірілуге тиіс.

Резервуар паркінен өндірістік-жаңбырлық кәрізге:

- өндірістік сарқынды (резервуарлардан тауарасты суды төккенде) ;

- атмосфералық (жаңбырлы және қар еритін кезеңдс) ;

- өрт шыққан кезде резервуарларды суытатын сулар шығарылуға тиіс.

Кәрізге резервуарларды тазарту кезінде түптік шөгінділерді төгуге жол берілмейді.

1. 3 Технико - экономикалық көрсеткіштер

: Участок ауданы
: 44800 м 2
: 100 %
: Құрылыс ауданы
: 19910
: 44
: Жабынды ауданы
: 7980
: 18
: Көгалдандыру ауданы
: 8550
: 19
: Табиғи грунт ауданы
: 8360
: 19
: Территорияны пайдалану коэффициенті
: 0, 62
:

1. 3. 1 Мұнай өнімдерінің жеткізілуінің технологиялық шешімдері

Мұнай базасы Лепсі қаласының және жақын аудандардағы тұтынушыларды мұнай өнімдерімен үзіліссіз қамтамасыз ету үшін арналған. Мұнай өнімдерінің мұнай базасына келіп түсуі теміржол арқылы қарастырылған.

Темір жолмен келесі мұнай өнімдері жеткізіледі:

Автобензиндер А-76; А-80; АИ-93;

Дизельдік Д т «жаз» и Д т «қыс» жанармайлары;

Жарықтандырғыш және тракторлық керосиндері;

Пештің жанар майы;

Майлар мен қара мұнай өнімдері.

Темір жол арқылы қолданылған МИО, ММО, СНО типті майлар жіберіледі.

1. 4 Жүк айналымы және резервуарлық сиымдылықтар

Тапсырмаға сәйкес 2008 ж мұнай базасының жүк айналымы 80 мың. т/жыл; соның ішінде:

- Автобензиндер - 34000 т;

- Дизельдік жанармайлар - 37000 т;

- Пештік жанармайлар - 2000 т;

- Автжолдар - 2500 т;

- Дизельдік майлар - 4500 т.

Ашық түсті мұнай өнімдері мен майлардың резервурлық сиымдылықтарының есебі 2 кестеде жинақлған

1. 2- кесте

Резервуарлық сиымдылықтардың есебі

Мұнай өнімінің аты: Мұнай өнімінің аты
Жүкайналымы: Жүкайналымы
Сиымдылық есебі, м3: Сиымдылық есебі, м 3
Қабыл-н сиымд. м3: Қабыл-н сиымд. м 3
Қайтарым коэф.: Қайтарым коэф.
ескертпе: ескертпе
Мұнай өнімінің аты: т/жыл
Жүкайналымы: м 3 /жыл
Мұнай өнімінің аты: Автобензиндер:
Жүкайналымы:
Сиымдылық есебі, м3:
Қабыл-н сиымд. м3:
Қайтарым коэф.:
ескертпе:
Мұнай өнімінің аты: А-76 АИ-93
Жүкайналымы: 6000
Сиымдылық есебі, м3: 9800
Қабыл-н сиымд. м3: 800
Қайтарым коэф.: 2x400
ескертпе: 8. 0
Жаңа жоба
Мұнай өнімінің аты: А-80
Жүкайналымы: 17500
Сиымдылық есебі, м3: 28000
Қабыл-н сиымд. м3: 2400
Қайтарым коэф.:

1х2000

1х400

ескертпе: 12. 0
Бұрынғы жоба
Мұнай өнімінің аты: АИ-93
Жүкайналымы: 10500
Сиымдылық есебі, м3: 17000
Қабыл-н сиымд. м3: 1400
Қайтарым коэф.:

1x1000 1x400

ескертпе: 8. 0
Жаңа жоба барлығы
Мұнай өнімінің аты:

Дизельдік жанармайлар: Д т «жаз»

Д т «зим»

Жүкайналымы:
Сиымдылық есебі, м3:
Қабыл-н сиымд. м3:
Қайтарым коэф.:
ескертпе:
Мұнай өнімінің аты: Д т «жаз»
Жүкайналымы: 31000
Сиымдылық есебі, м3: 47700
Қабыл-н сиымд. м3: -
Қайтарым коэф.:

-

ескертпе:

15. 0

Бұрын.
Мұнай өнімінің аты: Д т «зим»
Жүкайналымы: 6000
Сиымдылық есебі, м3: 9200
Қабыл-н сиымд. м3: 700
Қайтарым коэф.: 2x400
ескертпе: 9. 0
Жаңа жоба.
Мұнай өнімінің аты:

Пеш жанар-майы

Жүкайналымы: 2000
Сиымдылық есебі, м3: 2500
Қабыл-н сиымд. м3: 233
Қайтарым коэф.:

1x200

ескертпе:

11

Бұрын.
Мұнай өнімінің аты:

Автолы: М8Н

М6А

Жүкайналымы:
Сиымдылық есебі, м3:
Қабыл-н сиымд. м3:
Қайтарым коэф.:
ескертпе:
Мұнай өнімінің аты: М8Н
Жүкайналымы:

1700

Сиымдылық есебі, м3: 2000
Қабыл-н сиымд. м3:

200

Қайтарым коэф.: 2x100
ескертпе:

12

Жаңа жоба.
Мұнай өнімінің аты: М6А
Жүкайналымы:

800

Сиымдылық есебі, м3:

1000

Қабыл-н сиымд. м3: 92
Қайтарым коэф.:

1x100

ескертпе:

12

Жаңа жоба.
Мұнай өнімінің аты:

Дизмасла: М8В 2

М8Г 2 М10Г 2

Жүкайналымы:
Сиымдылық есебі, м3:
Қабыл-н сиымд. м3:
Қайтарым коэф.:
ескертпе:
Мұнай өнімінің аты: М8В 2
Жүкайналымы:

2200

Сиымдылық есебі, м3:

2400

Қабыл-н сиымд. м3:

200

Қайтарым коэф.: 2x100
ескертпе:

13

Жаңа жоба.
Мұнай өнімінің аты: М8Г 2
Жүкайналымы:

1150

Сиымдылық есебі, м3:

1250

Қабыл-н сиымд. м3:

100

Қайтарым коэф.:

1x100

ескертпе:

13

Жаңа жоба.
Мұнай өнімінің аты: М10Г 2
Жүкайналымы:

1150

Сиымдылық есебі, м3:

1250

Қабыл-н сиымд. м3:

100

Қайтарым коэф.:

1x100

ескертпе:

13

Жаңа жоба.

Жоба бойынша жаңадан салынатын сиымдылықтар қарастырылады:

  1. қолданылған майлар үшін РГС-100 - 3 дана. ;
  2. нигрол үшін РГС-100 - 1 дана. ;
  3. пеш мазуттары үшін РГС-100 - 1 дана.

1. 5 Ашық түсті мұнай өнімдерінің резервуарлық паркі

Бұрынғы ашық түсті мұнай өнімдерін сақтайтын паркте техникалық бақылау актілері бойынша вертикальды және жалпы көлемі 600м 3 №2, 3, 5, 7 резервуарлары жойылуына байланысты және перспетивалық жүк айналымынң ұлғаюна байланысты қайта жарақтану жобасы бойынша келесі жаңа резервуарларды салу қарастырылады:

1. 1 - РВС -1000 ( понтонмен) - 1 дана;

1. 2 - РВС -400 ( понтонмен) - 6 дана;

Жалпы сиымдылығы 3400м 3 . Сонымен, мұнай өнімдерінің резервуарлық сиымдылығы 91200 м 3 болады.

Резервуарлар қажетті қондырғылармен (қабылдау-тарату құралдары, хлопушкалар, демалу және сақтандыру құралдар, сифондық крептер т. б), қажетті резервуардағы деңгейді өлшеу аппараттары және де өнімдердің төгілуінен сақтайтын «ЭСОН-2» жүйесімен жабдықталады.

1. 6 Резервуарлық майлар паркі

Көлемі 75 м 3 болып келетін 12 горизонталь резервуарлардың тозуына байланысты жоба бойынша көлемі 75 м 3 13 резервуарлық сиымдылықтарды орнату қарастырылған. Олар майлар мен қара мұнайөнімдерін сақтауға арналады. Бұл резервуарлар қолданылған қалдық майларды жинау резервуарларымен бірге бір парк болып жер үстінде орналасады.

СНО сақтауға арналған -2. 13 резервуардан басқа барлық резервуарлар секциялық жылытқыштармен жабдықталған. Істен шығарылған резервуарлар демонтаждалып, олардың орнындағы шұңқырлар топырақпен толтырылып жабылады.

1. 7 Ашық түсті мұнай өнімдері мен майлардың теміржол эстакадалары

Теміржолдың вагон-цистерналарынан май құю операцияларын орындау үшін қолданыстағы 5 вагон-цистерна эстакадасы 7 вагон-цистернаға дейін ұлғайтылады (5 вагон-орын ашық түсті мұнай өнімдеріне және 2 вагон-орын майлар мен қара мұнай өнімдеріне) .

Жобаға сәйкес барлық тозығына жеткен және қазіргі талаптарға сай емес технологиялық құрал жабдықтар (құю стояктары, төменгі құю құралдары, лебедкалар, крандар және коллекторлар) ауыстырылады.

Темір жол эстакадаларының 5 вагон-орынға арналған бөлігі вагон-цистерналарды тазалауға арналған вакумдық жүйелермен жабдықталады.

Майар мен қара мұнай өнімдерін қабылдауға және қолданыста болған майларды құюға арналған темір жол эстакадасының 2 вагон-орыны келесі құралдармен жабдықталады:

A) бес төменгі ағызу құралдары (автолды, дизмайларды, ТЭ-15, мазутын және нигролды ағызу үшін) ;

Ә) жоғарғы қолданыста болған майларды құю стояктары;

Б) жылжымалы жылтқыштарды көтеруге арналған косиналар.

1. 8 Ашык түсті мұнай өнімдерінің және майлардың сораптық станциясы.

Теміржол вагон-цистерналарынан ашық түсті мұнай
өнімдерін және майларды құйып алу операцияларын және
паркішілік операцияларды орындау үшін жобамен 2 машина
залынан құралатын ашық түсті мұнай өнімдерінің және
майлардың сораптық станциясы қарастырылған. Ашық түсті
мұнай өнімдерінің машина залында келесі жабдықтар
қондырылады: автобензиндерді, керосинді және дизельдік отынды теміржол вагон-цистерналарынан резервуарлық парктерге айдауға арналған

- екі ортадан тепкіш ЦН 6НДВ-Б сорабы (өнімділігі Q=216 м 3 /сағ; арыны Н=48 м, электрқозғалтқыш қуаты N=55 кВт (ВАО-82-4), айналу жиілігі n=1450 айн/мин) ; біреуі (Н-1) А-80, АИ-93 автобензиндеін айдауға, ал екіншісі дизельдік «қыс» «жаз» жанармайларын және керосиндерді айдауға арналған.

- бір ВВН-ЗН вакумдық сорабы (Н-6, 70% вакуум, электрқозғалтқыш қуаты - 7, 5 кВт) . Бұл сорап вагон-цистерналар мен құбырөткізгіштерді вакумдық тазалауға мүмкіндік береді.

Жоба бойынша басқада ашық түсті мұнай өнімдері мен майларды айдау үшін сораптар орналасқан қолданыстағы ғимаратқа қосымша өлшемі 6x6 м ғимарат салынады. Қосымша ғимаратта екі ортадан тепкіш 5 НКЭ - 9x1 сораптары (өнімділігі - 120 м 3 /сағ; арыны - 59 м; электрқозғағыш қуаты - 30кВт) олардың біреуі (Н-4) А-76 бензині мен керосинді, ал екіншісі (Н-5) пеш жанармайын айдау үшін қолданылады. Оған қоса екі сорапта тазалау кезіндегі мұнай өнімдерінің қалдықтарын айдау үшін жіне апаттық жағдайда мұнай өнімдерін бір резервуардан екінші резервуарға айдау үшін қолданылады.

Үш шестеренді сораптар Ш 80-6-36/6-1 (өнімділігі 36 м3 /сағ, арыны - 60 м; электрқозғалтқыш қуаты 13 кВт) товарлық майлрды теміржолдағы вагон-цистерналардан резервуарларға айдау үшін қолданылады.

Технологиялық схема бойынша

  • Н-7 сорабымен автолды;
  • Н-8 сорабымен -ТЭ-15;
  • Н-9 - сорабымен дизельдік майларды

айдау қарастырылады.

Қолданыстағы поршендік сорап теміржол вагон цистернаны, құю құбырларын тазалау үшін қоланылады. Вагон-цистерналар мен құбырларды вакумдық тазалаған кезде қолданыстағы вакумдық ВВН-12 сорабын немесе жоба бойынша қосымша қарастырылған ВВН-ЗН сорабын қолданады.

1. 9 Пайдаланған мұнай өнімдерін жинау, мазут пен нигролды қабылдау және сақтау пункті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі
Тіректік геодезиялық желілерді құрастыру
Кәсіпорындағы логистикалық процестерді жетілдіру ( БП Жамбыл бөлімшесінің мысалында)
Мұнай базасының топтастырылуы
Металл бұйымдары зауыты
Азиядағы судағы тұрғын үйлер
Туристік кластердің дамуын қолдау
Қоймаларды көкөністерді сақтауға дайындау
Мұнай газды өндіру көлемі
ҚР туризм түрлерінің бағдарламалық түрде ұйымдасуы мен жүргізілуін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz