Жерлеуге байланысты жүргізілетін қызметтер мен ерекшеліктерді, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің жерлеу рәсімдерінің айырмашылықтарын анықтау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
I Бөлім. Жерлеу қызметінің теориялық аспектілері
1.Жерлеу қызметінің түсінігі және түрлері,ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.Ақылы жерлеу қызметін көрсету туралы шарт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
А тұжырымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
II Бөлім. Жерлеу қызметінің құқықтық мәселелері
1.Өзге халықтардағы жерлеу рәсімдерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.Жерлеу қызметінің проблемалық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
Б тұжырымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының және басқа да этностардың дәстүрлі ерекшеліктерінің бірі – жерлеу рәсімі болып табылады. Жерлеу рәсімінің эволюциясы, ерекшелігі қазақтарда ислам дәуіріне дейінгі тәңірлік кезеңнен, Ресейлік самодержавие (отарлау) дәуірінен және Кеңестік тоталитарлық кезеңнен өтіп, бізге келіп жеткен көп дәстүрдің бірі болып табылады. Тоталитарлық мемлекеттік жүйенің қарсылығына қарамастан қазақтардың өз жерлеу дәстүрін сақтап қалуының басты ерекшеліктерінің бірі – олардың исламды әдет-ғұрыптарды негізі етуі жатса керек. Ислам діні арқасында қазақтар «интернационализация» саясатына қарамастан өзінің біртектілігін сақтап қалды. Бұл үлкен «мәдени» қарсы тұрушылық арқасында ғана мүмкін болды.
Кеңестік билікке ашықтан-ашық қарсы шығу мүмкін емес жағдайларда, дәстүрлі жерлеу рәсімі көшпенді және отырықшы халықтарды, олардың әлеуметтік жағдайына қарамастан жақындастыратын, қиындықты бірге бөлісетін, кей жағдайда дұшпан болып кеткен тараптарды да татуластыратын құрал болғандығын атап өту керек. Қазақ қоғамында бұл үрдіс өз – өздігіне тиесілі құбылыс ретінде жүріп жатты. Тоталитарлық билік оған еш араласа алмады.
Жергілікті қазақтардың жерлеу рәсімдері, басқа халықтардың мынадай құрамдас бөліктерден тұрады: марқұмның қайтыс болуы мен өз үйінде қондырылуы; мәйітті жерлеу мен басын қарайтуы; садақалары .
Қазақ халқында жерлеу рәсімі шариғат заңдарымен орын алатыны туралы айтылғанмен, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан және Қызылорда облысының Жаңақорған өңірлеріндегі марқұмды жөнелтуге байланысты : қазаны естірту, жоқтау, сүйекке түсу, кебіндеу, жаназа, жерлеу және марқұмда еске түсіру жосын – жоралғыларының өзіндік атқарылуы қалай болғандығы этнографиялық деректер негізінде айтылады.
Адамзат өміріндегі тіршілік жүйесі ажалмен аяқталады. Адам қашанда болмасын ажалмен өледі. Ажал келсе оған ешнәрсе де бөгет бола алмайды. Ол туралы құран аятында «Ажал келсе, бір сағат кейін де қалмас, ілгері де болмас» (8-паре, Сүре Ағраф) . Сондықтан да өлім әрбір адам баласының басында болатын, ал ол өлім оның туған-туыстары мен жақындарына қайғылы әсер ететін жәйт.

А) Оқулықтар:
-Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы. - Алматы: Қайнар, 1996. -288 б.
-Витрянский В.В. Гражданский кодекс о договоре // Вестник Высшего Арбитражного Суда Российской Федерации. 1995. N 10. С. 100.
-Даль В. Толковый словарь живого великорусского языка. Т. I. М., 1955.С. 450, (жүгіну күні 08.11.2015ж.), http://www.gumer.info;
-Ибадуллаева.З.Ө. «Жаңақорған және Түркістан өңірінің жерлеу рәсідері»;
-Иоффе О.С. Обязательственное право. М.: Госюриздат, 1975. С. 26. (жүгіну күні 12.11.2015ж.);
-«Комсомольская правда» газеті, 03.08.2012 жылғы басылым.www.nsk.kp.ru интернет желісі (жүгіну күні 08.11.2016ж.);
-Қазақ энциклопедиясы, 3 том;
-Қалыш А.Б. «Ақтөбе облысы қазақтарындағы жерлеу және еске алу әдет– ғұрыптары»;
-Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты Алматы: Қазақстан, Мерей, Ақиық, 1993. -80б. -24б.;
-М.И.Брагинский, В.В.Витрянский Книга первая. Договорное право, Статут Москва 2006г;
-Плешаков А.А. Культуры древнего и средневекового Казахстана. Петропавловск, 2004-207б.;
-Токарев С.А. Ранние формы религии. Москва: издательство политической литературы, 1990-662б. 622 бет, (жүгіну күні 03.11.2015ж.)
-Усманова Э.Р. Могильник Лисаковский 1: Факты и параллели. Караганда-Лисаковск, 2005-231б.;
-Халфина Р.О. Значение и сущность договора в советском социалистическом гражданском праве. М.: Изд-во АН СССР, 1952. С. 50. (жүгіну күні 12.11.2015ж.);
Б) Нормативтік құқықтық актілер:
-Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 1994 жыл 27 желтоқсан №269-XIII, «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерінің анықтамалық-құқықтық жүйесі, http://adilet.zan.kz;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім) 1999 жыл 1 шілде №409-I, «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерінің анықтамалық-құқықтық жүйесі, http://adilet.zan.kz;
-Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Жер кодексі, «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерінің анықтамалық-құқықтық жүйесі, http://adilet.zan.kz;
-2015 жылғы 26 ақпандағы №138 бұйрығымен бекітілген «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы обьектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерінің анықтамалық-құқықтық жүйесі, http://adilet.zan.kz;
-Гражданский Кодекс РФ принятый Государственной Думой от 1994 года 30 ноября № 51-ФЗ, http://www.consultant.ru, (жүгіну күні 08.11.2016ж.);
-Закон РФ о погребении и похоронном деле, №371-ФЗ, с изменениями 2015 года 14 декабря, http://docs.cntd.ru, (жүгіну күні 04.03.2016ж.);
-Закон Украины о погребении и похоронном деле, №1102-IV 10 июля 2003 года, http://www.14888.md, (жүгіну күні 04.03.2016ж.);
В) Интернет желісі:
-www.ktk.kz.archive.glavred.интернет желісі (жүгіну күні 03.11.2016ж).;
-www.kyzdar-alippesy.kz интернет желісі (жүгіну күні 03.11.2016ж.);
-www.vikideya.uz.cm. интернет желісі (жүгіну күні 03.11.2016ж.);
-www.wikipedia.org интернет желісі (жүгіну күні 03.11.2016ж.);
-www.gerodot. ru интернет желісі (жүгіну күні 03.11.2016ж.);
-www.ktk.kz.archive.glavred. интернет желісі (жүгіну күні 04.11.2016ж.);
-www.inform.kz интернет желісі (жүгіну күні 04.11.2016ж.);
-www.bnews.kz интернет желісі (жүгіну күні 04.11.2016ж.);
-http:// cremation-nsk.ru/ plany-naposlednij-den интернет желісі (жүгіну күні08.11.2016ж.);
-www.epochtimes.com. Тара МакАйзек-Великая Эпоха (жүгіну күні 08.11.2016ж.);
-www.Stela.ws интернет желісі (жүгіну күні 12.11.2016ж.);
-www.parventa.lv интернет желісі (жүгіну күні 12.11.2016ж.);
-www.youtube.com. Видео, интернет желісі (жүгіну күні 15.11.2016ж.);
-www.euritual.ru интернет желісі (жүгіну күні 15.11.2016ж.);
-www.interest-planet.ru интернет желісі (жүгіну күні 23.11.2016ж.);
-Ritorg интернет желісі (жүгіну күні 23.11.2016ж.);
-www.goodchina.ru интернет желісі (жүгіну күні 27.11.2016ж.);
-www.youtube.com Похороны самому себе интернет желісі (жүгіну күні 27.11.2016ж.);
-www.youtube.com Традиционные Японские похороны, интернет желісі (жүгіну күні 30.11.2016ж.);
-www.yandex.ru, интернет желісі (жүгіну күні 30.11.2016ж.);
-www.funeralportal.ru интернет желісі (жүгіну күні 30.11.2016ж.);
-www.the-village.ru интернет желісі (жүгіну күні 02.12.2016ж.);
-www.otvet.mail.ru интернет желісі (жүгіну күні 02.12.2016ж.);

-www.funeralassociation.ru интернет желісі (жүгіну күні 04.12.2016ж.);
-befree.org.il интернет желісі (жүгіну күні 04.12.2016ж.);
-www.simvol-veri.ru интернет желісі (жүгіну күні 13.01.2016ж.);
-www.nur.kz интернет желісі (жүгіну күні 13.01.2016ж.);
-www.epitafii.ru интернет желісі (жүгіну күні 13.01.2016ж.);
-www.interfax.ru интернет желісі (жүгіну күні 15.02.2016ж.);
www.voxpopuli.kz интернет желісі (жүгіну күні 15.02.2016ж.)
-ritual-kremaciya.ru интернет желісі (жүгіну күні 04.03.2016ж.);
-docs.cntd.ru интернет желісі (жүгіну күні 16.03.2016ж.);
-www.14888.md интернет желісі (жүгіну күні 16.03.2016ж.).

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
I Бөлім. Жерлеу қызметінің теориялық аспектілері
1.Жерлеу қызметінің түсінігі және түрлері,ерекшеліктері ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.Ақылы жерлеу қызметін көрсету туралы шарт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
А тұжырымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
II Бөлім. Жерлеу қызметінің құқықтық мәселелері
1.Өзге халықтардағы жерлеу рәсімдерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.Жерлеу қызметінің проблемалық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
Б тұжырымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 59
.
Қысқартылған сөздер тізімі
НАСА - Әуеде ұшу ұлттық басқармасы және космостық кеңістікті зерттеу (Национальное управление по воздухоплаванию и исследованию космического пространства)
ВМС - Әскери - теңіз күштері (Военно-морские силы)
МКМ - Мемлекеттік коммуналдық мекеме (Государственное коммунальное предприятие)
ҚР - Қазақстан Республикасы
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
РФ - Ресей Федерациясы
ВТЭК - Дәрігерлік-еңбек сараптама комиссиясы (Врачебно-трудовая экспертная комиссия)
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының және басқа да этностардың дәстүрлі ерекшеліктерінің бірі - жерлеу рәсімі болып табылады. Жерлеу рәсімінің эволюциясы, ерекшелігі қазақтарда ислам дәуіріне дейінгі тәңірлік кезеңнен, Ресейлік самодержавие (отарлау) дәуірінен және Кеңестік тоталитарлық кезеңнен өтіп, бізге келіп жеткен көп дәстүрдің бірі болып табылады. Тоталитарлық мемлекеттік жүйенің қарсылығына қарамастан қазақтардың өз жерлеу дәстүрін сақтап қалуының басты ерекшеліктерінің бірі - олардың исламды әдет-ғұрыптарды негізі етуі жатса керек. Ислам діні арқасында қазақтар интернационализация саясатына қарамастан өзінің біртектілігін сақтап қалды. Бұл үлкен мәдени қарсы тұрушылық арқасында ғана мүмкін болды.
Кеңестік билікке ашықтан-ашық қарсы шығу мүмкін емес жағдайларда, дәстүрлі жерлеу рәсімі көшпенді және отырықшы халықтарды, олардың әлеуметтік жағдайына қарамастан жақындастыратын, қиындықты бірге бөлісетін, кей жағдайда дұшпан болып кеткен тараптарды да татуластыратын құрал болғандығын атап өту керек. Қазақ қоғамында бұл үрдіс өз - өздігіне тиесілі құбылыс ретінде жүріп жатты. Тоталитарлық билік оған еш араласа алмады.
Жергілікті қазақтардың жерлеу рәсімдері, басқа халықтардың мынадай құрамдас бөліктерден тұрады: марқұмның қайтыс болуы мен өз үйінде қондырылуы; мәйітті жерлеу мен басын қарайтуы; садақалары.
Қазақ халқында жерлеу рәсімі шариғат заңдарымен орын алатыны туралы айтылғанмен, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан және Қызылорда облысының Жаңақорған өңірлеріндегі марқұмды жөнелтуге байланысты : қазаны естірту, жоқтау, сүйекке түсу, кебіндеу, жаназа, жерлеу және марқұмда еске түсіру жосын - жоралғыларының өзіндік атқарылуы қалай болғандығы этнографиялық деректер негізінде айтылады.
Адамзат өміріндегі тіршілік жүйесі ажалмен аяқталады. Адам қашанда болмасын ажалмен өледі. Ажал келсе оған ешнәрсе де бөгет бола алмайды. Ол туралы құран аятында Ажал келсе, бір сағат кейін де қалмас, ілгері де болмас (8-паре, Сүре Ағраф). Сондықтан да өлім әрбір адам баласының басында болатын, ал ол өлім оның туған-туыстары мен жақындарына қайғылы әсер ететін жәйт.
Еліміздің басым аймақтарында, соның ішінде Ақтөбе облысында марқұмды әдетте тек үшінші күні жерлейді. Қалыптасқан бұл жағдайды бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, жерлеуге алыстағы туыстарының келіп үлгеруіне, отбасының жерлеуге қатысты қаржылық және басқа да жағдайларды дайындауына байланысты. Екіншіден, халықтың ұғымы бойынша қайтқан кісі бірінші күні өз үйінде қонақ, екінші күні - тұтқын, тек үшінші күні жерленеді. Ал Оңтүстік Алтай қазақтары, Сібір татарлары, алтайлықтар, сондай - ақ Орталық Азияның басқа да халықтары - өзбектер, тәжіктер, түркімендер, қырғыздар шариғатта көрсетілгендей жерлеуді сол күні немесе адам сол күні кешке қайтыс болса келесі күні жерлейді. Осы бағыт Қызылорда облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында және ислам дінінің салафит масхабын ұстаушылар да жиі кездеседі.
Ескі әдет бойынша өлік шыққан үйде үш күн бойы қазан асылып, тамақ жасалынбайды. Бұл міндетті атқарушылар туыстары мен көршілері. Бұл бойынша Түркия, Ауғанстандағы қазақтардың, сондай - ақ көшпелі қазақ халқының салттық дәстүрінде қайтыс болған адамның көршілері мен ағайын туыстары сауабы тисін деп үш күнге дейін мал сойып, табақ жасап алып келген. Бұл өлім болған үйде түтін шықпау ұғымымен ескертіледі. Алайда кейбір жергілікті жерлерде өлік үйде жатқанда, ол үйден шығарылмайынша, яғни қабір басына жерлеп құран оқығаннан кейін ас берген. Бұл көрініс соңғы 1-1.5 жылдың ішінде басқаша сипат алып үш күнге дейін немесе ең алғашқы бейсенілігіне дейін ас асылмай, түтін шықпау көріністері Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында, Жалаңаш ауданының Мақпалкөл ауылында, Түркістан өңірлерінде және тағы басқа өңірлерде ауылдық имамның, жергілікті молдалардың насихатталуымен орын алып отыр.
Өзбекстан Республикасында, атап айтқанда Бұқара, Хиуа өңірлерінде марқұмның 3 күндігі аталып өтіледі. Бұл бойынша, о дүниеге барғандар үшін сұрақ-жауап алынатын болған. Сондықтан да марқұмға жеңіл болсын деген ниетпен құран оқытылып, тие берсін айтылған.
Қазіргі таңға келер болсақ, біздің еліміз дамыған елдердің қатарына кірсе де өлім туралы ашық айтылмайды, тіпті қауіпті де. Сондықтан жерлеу бизнесі бізде жабық және көп қозғалмайды. Алайда, біздің көрші мемлекеттерімізде және шет мемлекеттерде жерлеу бизнесі жөнінде ашық әңгіме қозғала береді және қатты үрей туғызбайды. Олар тіпті көрме ұйымдастырып сонда тәжірибе алмасады, түрлі-түсті табыттар жасайды, қоңыр түстен бастап қызыл, көк, жасыл, алқызыл түсті табыттарға дейін бар. Сонымен қатар, жерлеу қызметімен айналысып қана қоймай жерлеу кезінде киілетін сәнді киімдер үлгісін жасап, қойылым ұйымдастырады. Себебі, мұңлы жағдайда да әйел адам әдемі көрінуі тиіс деп есептейді.
Дипломдық жобаның мақсаты: Жерлеуге байланысты жүргізілетін қызметтер мен ерекшеліктерді, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің жерлеу рәсімдерінің айырмашылықтарын анықтау. Сонымен қатар жерлеу қызметіне байланысты жасалатын ақылы шарт мәселесін қозғау.
Дипломдық жобаның жаңалығы: Жерлеу қызметін көрсету үшін ақылы шарттың сөз жүзінде болғанымен, тәжірибеде, әсіресе біздің елімізде жетілмеуі. Қазақстан Республикасының кейбір ірі қалаларында мазарлардағы орындардың жетіспеуіне байланысты жерлеу қызметіне жаңа әдістерді пайдалану арқылы, жаңа дем беру.
Дипломдық жобаның құрылымы: Жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, мазмұны және құрылымы жобаның тақырыбына, мақсатына сәйкес келеді.

1.Жерлеу қызметінің түсінігі және түрлері,ерекшеліктері
Жерлеу - қайтыс болған адамды жер қойнауына тапсыруға арналған ережелер жиынтығы. Жалпы, қазақ халқының қайтыс болған адамды жерлеу туралы ғасырлар бойы қалыптасып, күнделікті тұрмыста бекем орын алған ережелер жиынтығы шариат зағдарымен тығыз байланысты. Қазіргі таңда жерлеу рәсімін өткізуде ұлттық дәстүр ерекшеліктері сақталғанымен, негізінен, шариат заңдылықтары басшылыққа алынады. Жерлеу рәсімін болдырмайтын түрлі апат жағдайларынан, өзге дінді қабылдаған жағдайлардан басқа кезектерде жерлеу рәсімдері қазақ халқында бірыңғай, жалпыға бірдей түрде орындалады.
Жерлеу рәсімінің орындалу тәртібі - өлім жақындағанда әдет бойынша туыстары мен жақындары кетер кезі жақындаған адамға кіріп шығып, басында отырып, көңілін аулауға тырысады. Өлім халінде жатқан адамға көзі тірісінде араз болған, не келіспей қалған адамдардың кіріп алдынан өтіп, кешірім сұрауына болады. Кетер адам сондай-ақ жақындары мен балаларына мұра қалдыру, өсиет айту, өзінің қарыздары мен тағы басқа жайттарды айта алады.
Адам қайтыс болған соң аяқтарын созып иегін таңады, көзі мен аузы, беті жабылуы тиіс.Өлікті сумен, су жоқ жағдайда құммен жуады. Мәйіттті жерлеу алдында үш рет тазаланып жуылып, маңдайы, иығы, алақаны, қол-аяқтары майланып, иіс су себіліп, басы құбылаға қаралып жатқызылады. Сонан соң мәйітті кебіндеп, беті киіз кілеммен жабылған соң, қазаға жиналған мұсылмандар жаназа намазын оқиды. Мәйітті жуудың, кебіндеудің және жаназа оқудың өз шарттары мен ережелері бар. Мәйітті алып жүргенде ең кем дегенде төрт адам көтеру - сүннет. Шариат заңдары бойынша мәйітті көп созбай жер қойнауына беру қажет. Қабір басы батысқа қарай қазылады. Өлік иістенген, дене мүшелері бөлшектенген жағдайда табытқа салып көміледі, басқа жағдайларда табытпен жерленбейді. Қабірге белгі ретінде күмбез тұрғызу міндетті емес. Одан да марқұмға бағыштап жиі құран оқып тұрған жөн. Фәни өмірге келтіру де, кетіру де Алланың ісі, сондықтан да кісі өлгенде қатты жылап-сықтау, шаш жайып, бет жыртып, Алланың ісіне қарсылық еткендей болу дұрыстыққа жатпайды.
Жерлеу рәсімі бір-біріне байланысты келесі кезеңдерден тұрады:
Естірту - жақын туыстарына қайғылы хабарды тұспалдап отырып жеткізетін түрі. Адам қайтыс болған соң, бұл хабар бірден туыстары мне жақындарына жеткізіледі, ауылға хабарланады.Сол күні жерлейтін күнді белгілейді. Жерлеу күнін көп дегенде үш күннен асырмайды. Заман өзгергелі естірту ғұрпы да естен шыға бастағандай. Алыс жерлерге жеделхат жіберуді жеңіл көре бастадық, ал сол жақынының өлімін қағаздан оқып - білген адамның жанын ұққан адам бар ма? Мұндай сәтте жүрегі нашар жандардың да о дүниеге аттанып кетуі ғажап емес. Естірту көпті көрген, жөн - жосық пен сөзді білетін адамдарға тапсырылады.
Дауыс шығару - үйге тақап қалғанда туыстары, көбінесе ер адамдар орындайды.
Дауыс көтеру - есік алдында көңіл айтушыларды күтіп тұрған қайтқан адамның туғандары, ер адамдар, күйеүі, ағалары, ұлдары қағып әкеліп, оны естіген үйде отырған әйелдер одан сайын даустарын көтере түседі.
Жоқтау - дәстүр бойынша қара жамылып отырған анасы, әйелі, қарындастары, апалары, келіндері орындайды.
Жұбату - қарт әжелер қайғырып, жоқтап отырған адамдарды жұбату үшін терең мағыналы ойы бар қанатты сөздер айтып отырған.
Көңіл айту - о дүниеге аттанған адамның туыстарына келіп, тоқтам айтуы.
Дауыс айту - қайтыс болған адамға қатысты, оның жанының жұмаққа баруын тілеу. Жоқтаудын айырмашылығы - ұзағырақ айтылады, туыстар ішіндегі ақындық өнері, дауысы бар адам орындайды.
Мәйітті жуындыру - кісі саны тақ саннан құралған адамдар жуады. Мәйітті жатқан бөлмесіндегі күндізгі сағат 10 шамасынан бастайды. Мәйітті жуындырудағы ережелер жоғарыда айтылып өткендіктен қысқаша тоқталғанды жөн көрдік.
Ақ матаны дайындау - алдын - ала еденге марқұмның денесін алып шығатын ақ киіз төселеді. Орамас бұрын кебінді әтірмен себезгілеп өтеді,кей жағдайда жұмақтың хош иісін шығару үшін қалампыр гүлін пайдаланады.
Жерлеу рәсіміне дайындықтың келесі бір маңызды шараларының бірі ол - молда келгенге дейін марқұм денесін тазартып қою. Бұл рәсім - мейірім су рәсімі деп аталады.
Жерлеу рәсімдерінің түрлеріне байланысты жоғарыда айтып өткеніміздей марқұмды жер қойнауына тапсыру рәсімі бар және отқа өртеу рәсімі де бар, сонымен қатар ежелде мәйітті ауаға іліп қою түсіні болып, ауа арқылы жерлеу түсінігі де болған. Қазіргі таңда жерлеу рәсімінің жаңа түрі ретінде тәжірибеде ресомацияны қолдануда. Ол дегеніміз - калий гидроксидінде мәйіт денесін еріту.
Ал, жерлеу қызметі деп - қайтыс болған адамдарды жерлеуге, оның ішінде табыт дайындауға, бальзамдауға, мәйітті косметикалық және санитарлық жөнге келтіруге бағытталған қызметтерді атқаруға, жерлеу және қайта жерлеуге арналған қызметті айтамыз. Қазіргі уақытта жоғарыда айтылып өткен жерлеу қызметтерін арнайы мамандар мен агенттіктер атқарады. Белгілі бір ақыға арнайы мамандар немесе агенттіктер жерлеу рәсімін лайықты деңгейде өткізеді. Кейде өмірден жақын адамың өткенде жерлеу қызметін жүргізуді ойлаудың өзі қиын. Ендігі кезекте жерлеу қызметінің кең дамыған түрлерін қарастырсақ:
1.Моланы дайындау. Ертеден табыттарды дайындау шеберханаларда жүзеге асырылған. Уақыт өте келе шеберханалардың көбі іріленіп кеткенімен, шағын шеберханаларда табыттарды дайындау қазірге дейін сақталған. Дайындау барысында табытты бояп кейіннен кептірілген. Бұл процесс ұзақ жұзеге асырылғандықтан, уақыт өте келе бояулар арнайы қаптармен ауыстырылды. Табыт дайындауға ағаштың әртүрлі түрлері қолданылады: шырша, қарағай, балқарағай, көктерек, қайың. Қазіргі таңда табыттардың пішініне қарай, түсіне, көлеміне, дайындайтын материалына қарай әртүрлі түрлері бар. Бағасы қазіргі кезде табыттың бағасы орташа зейнетақының бағасына тең.
2.Бальзамдау. Соңғы кездері мәйіт денесін бальзамдау көп сұранысқа ие болуда. Әрине, аталмыш процедура мәйіттің денесінің қалыпты дене түсін сақтауға, иістердің алдын алуына және өзге де теріс өзгерістерді болдырмауға көмектеседі. Ежелге Египетте бұл процедураны жүргізу үшін әртүрлі бальзамдар қолданылған, қазіргі таңда бальзамдауға формалин кеңінен қолданылады.
3.Реставрация, яғни косметикалық және санитарлық қалпына келтіру. Қазіргі заманғы реставрациялық техникалар марқұмның жерлеу алдындағы әртүрлі апат негізінде бұзылған денесін, бет - бейнесін лайықты қылып жасауға мүмкіндік береді. Бұл қызметке шаш қию, жуындыру, косметикалық қызмет және киіндіру кіреді.
4.Жерлеуді ұйымдастыру. Бұл да оңай емес қызметтердің бірі. Ол марқұмның туыстарын, ағайындарын хабардар етуден басталады, жерлеу туралы немесе кремация туралы шешім қабылдайды. Жерлеу рәсімі болса жерлейтін зиратты, орынды табу, жерлеу күнін, уақытын белгілеу, табыт алу қызметтері атқарылады. Бұл қызметті жүзеге асыруда катафалк қызметіне және марқұмды соңғы сапарына шығарып салушыларға арналған автобустарға тапсырыс беріледі.
Жерлеуді ұйымдастыруға жерлеуді ұйымдастырудағы түскі асты ұйымдастыруда кіреді: келушілер саны, ас мәзіріне тапсырыс.
5.Жерлеу және қайта жерлеу. Марқұмды лайықты жерлеуде бұл қызмет өте маңызды. Қайта жерлеуде қаралы катафалк қызметін ұйымдастыру өте маңызды. Кей жағдайларды жерлеу сәтінде қоштасу әуенін ойнайтын оркестрге тапсырыс беріледі.
6.Крематорий қызметтері. Кремация - ежелден бері көпшілік халық арасында қалыптасқан жерлеудің түрі. Мұнда мәйіт денесін өртеп одан пайда болған күлге байланысты өз салт - жораларын жасау. Жерлеу рәсімінің бұл түрі кейбір ежелгі ұйымдар мен елдерде сақталған. Мысалы: Үндістан, Жапония және оңтүстік - шығыс Азияның кейбір елдері. Қазіргі кезде батыс елдерінде кремация күлді жерлеуден бұрын жасалатын салт - жоралғы ретінде қалыптасқан. Бұл рәсім жерлеу орындарының жанында арнайы орналасқан крематорилерде орындалады. Беларусияда кремацияны индуизм, буддизм жақтаушылары қолданады.
Ингумация - мәйітті жер қойнауына тапсыруға бағытталған, ғылыми термин. Жерлеудің бұл түрі кремация мен мәйіт денесін жер бетінде немесе ауада қалдыруға қарағанда өзгеше.
Қайта жерлеу - жерленген мәйіт денесін басқа жерге немесе басқа молаға ауыстыру.
Қазіргі заманғы еуропалық ережелерге сәйкес кремациядан кейінгі мәйіттен қалған күлді арнайы жерлеу сауытына салып, кейіннен әртүрлі жолмен жерленеді. Күлді сауытқа салып, мәйіт денесі ретінде - табытқа жерлеуге болады немесе күл салынған сауыттарды арнайы қоймаларға жерлеуге болады. Ондай қоймаларды - колумбарийлер дейді. Колумбарийлерге арналған арнайы қабырғалар болады. Сонымен қатар, күл салынған сауыттар арнайы шурфтарға да жерленеді.
Бұдан басқа күлді жерлеудің өзге де амал - тәсілдері бар: молаға себу, мазардың арнайы орындарына себу, сонымен қатар жел арқылы су немесе жер үстіне себу, космостық аппараттардан себу және суға себу әдістері де қолданылады.
Әуе арқылы жерлеу - мәйітті жерлеудің ежелгі, діни рәсімдерінің бірі. Мұнда мәйіт денесін ауаға ілу арқылы ауаға, суға, ағашқа және рухтарға ұсынған. Жерлеудің бұл тәсілі әр халықта әртүрлі болған.
Кейбір халықта жерлеудің бұл түрі барлық мәйіттерге қатысты қолданылса, ал кейбіреулері - белгілі бір себептерге байланысты таңдаулыларға қолданылған. Варварлық заңдарда былай делінген:
Ер адамдардың денелерін өртеуге немесе жерлеуге болмайтыны, олардың денелерін балғын теріге орап ағаштарға іліп қойған, ал әйел адамдардың денелерін жерге тапсырған.
Абхаз халықтарының әуе арқылы жерлеуі туралы 1427 жылы саяхатшы Иоганн Шилтьбергер былай деген:
Найзағайдан өлген мәйіттердің денелерін табытқа салып, биік ағашқа ілген. Одан кейін көршілері өз тамақтарымен және сусындарымен келіп, сол жерде көңіл - көтеруді бастайды, бұқа мен қошқар бауыздап, еттің көп бөлігін кедейлерге таратады. Бұл дәстүрді олар мәйіт шіріп кетпейінше 3 күн қатарынан жалғастырады және жыл сайын қайталайды.
Француз этнографы Жорж Монтандон жерлеу тәсілдерін төмендегідей сегіз топқа бөліп көрсеткен болатын. (Қосымша 1).
Мумиялау - Өлген адам денесін мумиялап жасау процесі. Белгілі бір жағдайларда бұл процесс кенеттен және адамдардың қатысуынсыз орын алуы мүмкін.
Қолдан жасалынған мумиялау. Мумиялаудың бірнеше тәсілі бар. Оның ең кең таралған түрі бұл өсімдік майынан жасалған химиялық заттар қолдану. Осы әдіс Ежелгі Египетте кеңінен тараған, онда о дүниелік болған фараондарды жерлеу алдында қосымша мумиялайтын болған. Қазіргі таңда мумиялау әдісін Орталық Азия және Оңтүстік Америка елдері тәжірибе жүзінде қолдануда. Ал Ресейде мумиялау әдісін 1924 жылы Октябрь революциясының басшысы В. И. Ленинді бальзамдау көмегімен жүзеге асырылғанының арқасында белгілі.
Табиғи жолмен мумиялау - қайтыс болған адамның денесі сыртқы табиғи жағдайларға байланысты, яғни қатты ыстық немесе керісінше болса және төмен температура болса бұзылуға ұшырамас үшін жасалынады.
Каннибализмге қатысты қазіргі уақытта салмақты, маңызды жұмыстар жоқтың қасы. Көптеген ақпараттар соңына дейін зерттелмей жатыр.
Антропологияның бұл бағытын қарастырған орыс тіліндегі ең алғашқы кітап 1997 жылы жарық көрген болатын. Кітап авторы осы туындысында Америка, Африка, Индиядағы, Индонезиядағы өмір сүрген халықтардың каннибалдық мейірімсіз салттарын атап өткен.
Л.Каневский каннибализмнің бес түрін атап көрсеткен болатын:
- Халықтың аштық себебінен болған каннибализм;
- Символикалық немесе ритуалды каннибализм. Мұның түп-тамырын тереңнен іздеген дұрыс болар. Кісі етін жеушілік ол кездегі діннің бір бөлігі ретінде қарастырылған, оның ішіне:
- жерлеу кезіндегі каннибализм немесе мәіттің етін жеу:
- мәйіт қайтыс болғаннан кейін, оның жан - тәні о дүниеде рухтардан қысым көрмесін деген түсінікпен мәйітті жеу;
- мәйіт денесінің жекелеген бөліктерін жеу;
- каннибалимзге деген аса қатты сенушілік, яғни осылай жасау арқылы күшке, ақылға ие беоламыз деп ойлаған және т.б.
Символикалық рәсім түріндегі каннибализм, яғни адамдар осылай жасау арқылы құдайға жақын боламыз деп ойлаған;
- бірнеше адамдардың каннибализмге баруы. Олар басқа адамдарды өлтіріп, олардың еттерін жеп, бір - бірімен бөліседі.
- каннибализмнің ең ежелгі түрі - адамдардың еті жануарлардың еттерімен тең деңгейде қолданылған.
Соңғы рет каннибализм әдісін қолданушылар болып Африка, Индонезия және Жаңа Гвинея болып табылады.
1971 жылы Жаңа Гвинеяда каннибализм бойынша айып тағылып ұсталған жеті гвинеялық азаматты Папуа Жоғары сотымен ақталып шыққан болатын. Ол елдің заңы бойынша мәйітті жеу қылмыс ретінде көрсетілмеген.
2014 жылдың қазан айының 20 күнгі ктк телеарнасында Клиент всегда мертв атты арнайы репортажда жерлеуге қызметіне қатысты бірқатар мәселелер қозғалған болатын. Алматы қаласында орналасқан Осирис жерлеу қызметін көрсететін бюросының диреткоры Илья Ненащев ктк телеарнасының арнайы бағдарламасына берген сұхбатында табыттардың, көрсетілетін қызметтің ең төмен бағасын айтқан болатын. Табыттар 13000 теңгеден басталып 200 000 теңгеге дейін барады, ал ең төменгі қызмет көрсету бағасы 35 000 теңгені құрайды, оның ішіне: табыт, жастықша, тақтайша және 5 адамдық катафалк кіреді.
Ислам дінінде мұсұлмандық жиынтық неғұрлым арзанырақ, өйткені барлық істі басынан аяғына дейін мәйіттің туыстары атқарады, мұндай кезде табыт және кілем қолданылады. Шет мемлекеттерінде зиялы қауым өкілдеріне және қаражат жағы жеткілікті тұлғаларға былғарыдан жасалған және ішкі жағы ішікпен тігілген табыттар қолданылады.
Ганалық шеберлер о дүниеге қарапайым тәсілмен емес ерекше түрде кету керек деп есептейді. Мысалға алар болсақ, ферма қожайынына арнап бұрыш нысанындағы табыттар немесе мәйіт көзі тірісінде ұшқыш болған болса ұшақ түріндегі табыттар, сонымен қатар жануарлар нысанында, мысалы арыстан түрінде көптеп және ұялы телефон нысанындағы табыттар сұранысқа ие болуда. Мұндай ерекше табыттардың бағасы 600 доллардан бастау алады. Жоғарыда аталып өткен әр түрлі тәсілмен көркемделген табыттарға көбінесе еуропалық азаматтар тапсырыс беретіндіктен табыт дайындап шығару Ганада соңғы жылдары ең көп пайда түсіретін табыс көздерінің бірі болуда. Өзіміздің елімізге қайта оралсақ, біздің еліміздің шеберлері қазақстандықтардың көбінесе классикалық нысандағы табыттарға тапсырыстар түсетінін, өйткені біздің мемлекет жоғарыда айтылып өткен өзгерістерге әлі дайын еместігін айтқан болатын. Астана қаласы шеберлерінің айтуынша қарапайым түрдегі табыттарға 3 сағат уақыт, ал таңдаулы табыттарға 1 ай шамасында уақыт кетеді, стандартты табыттың ені 50 см, ұзындығы 38 см болады. Ең ауыр жерлеудің бірі, ол ананың өз ішінен шыққан сәбиін жерлеуі. Осирис жерлеу қызметімен айналысатын бюро диреторы Илья Ненащевтың айтуынша балар табытының бағасы 5000 теңгеден басталады. Амон жерлеу агенттігінің директоры Сергей Лепешкиннің айтуынша ең қымбат табыттар 300 000 теңгені құрайды. Ол Итальяндық өндірістегі табыттар. 1 жылдың ішінде осы табыттың 5-6 сатылған.
Жерлеу қызметін көрсетуде ең маңызды рәсімдердің бірі ол - гүлдер. Алматы қаласының тұрғыны және де гүлдер дайындаудың шебері Валентина Лебедевамен сұхбатта гүлдер композициясының бағалары 2500 теңгеден бастап 25 000 теңгеге дейін баратынын және гүлдер тірі және жасанды болатынын айтқан болатын. Әр адамға байланысты тапсырыс түсетін гүлдердің түсіне де көп көңіл бөлінеді. Мысалы, қарт адамдарға көбіне қара және қоңыр түстер, ал жастарға - ашық түсті гүлдер, ер адамдарға - сұр, күлгін түстер, әйел адам болса - қызыл, алқызыл түсті гүлдерге тапсырыс түседі.
Соңғы жылдары жерлеу рәсіміне оркестр жалдау сирек кездеседі - дейді, Виктор Мякотин Алматы қаласы оркестрінің ойыншысы. Көбіне оркестрді жерлеу рәсіміне корейлер мен православтықтар жалдайды. Әр халықта өз туысын соңғы сапарға шығарып салу әр түрлі болғандықтан әр түрлі аспаптар қолданылады. Мысалы, еврей халқы - скрипка, сығандар көңілді әуендер ойналғанын қалайды, әсерленгіш адамдар болса ана туралы әуендерді сұрайтын көрінеді. Қазіргі таңда оркестр жалдау 25 000 теңгені құрайды, оның құрамы 5 адамнан басталып керней (труба), саксофон, тромбон және соқпалы аспаптардан тұрады.
Қазіргі уақытта жерлеу қызметін көрсететін бюролар біртіндеп дамуда. Қайтыс болған тұлғаны соңғы сапарға аттандырарда шығарып салатын тұлғаларда жаңа киімдерін кию керек деген пікір пайда болып, жерлеу қызметімен айналысатын бюролар тіпті өз клиенттеріне әйел адамға және ер адамға арналған киімдер ұсынуда.
Республикамызда жағдайы жоқ, онымен қоса өмір сүру дәрежесі тым төмен және жалғыз қалған адамдар да жоқ емес. Ол адамдарға қатысты жерлеу қызметінің ақысын толығымен мемлекет өз қолына алады.Көп жағдайларда орташа немесе ең төмен бағадағы табыттар мен гүлдер қолданылады.
2014 жылдың алғашқы 7 айының ішіндегі Республикамызда 78000 адам қайтыс болған, ал бұл дегеніміз 1000 нан көп табыттыр және одан да көп гүлдер. Жерлеу қызметінің ең төменгі бағасымен есептегенде 7 ай ішінде бюролар, табыт сататын дүкендер 2 млрд.тан көп табыс тапқан.
Қазақстанда жерлеу қызметімен айналысатын агенттіктер - бұл қарапайым шағын бизнес деп есептеледі. Соңғы уақыттарда осы агенттіктердің қызметіне жерлеу мазарларының жетіспеуіне байланысты кремацияны қосуды ұсынуда. Мамандардың айтуынша бұл қызмет түрі өте керек, өйткені, біріншіден: көптеген діндерде бұл қызмет түрі бар, екіншіден: жерді де үнемдеу қажет. Амон жерлеу қызметімен айналысатын агенттік директоры Сергей Лепешкиннің айтуынша қазір адамды кремациялау үшін жарты млн.дай ақша қаражаты қажет. Өйткені Қазақстанда бұл қызмет түрімен айналыспайтындықтан тікелей мәйіт Новосибирскке жіберіледі. Оның құны 500 000 теңгені құрайды, 300 000 теңге жол ақысы, 100 000 табытқа кетсе, 200 000 құжат дайындау, сақтандыруға жұмсалады. Ресейдің өзінде бұл қызмет түрі 100 000 теңгені құрайды. Мәйіттің туыстарының қалауы бойынша арнайы бөлмеде кремациялау барысын көруге болады. Мұның ақысы 7000 рубль. Кремациялау процесі мәйіттің денесіне, яғни арықтығына немесе толықтығына, белгілі бір ауруы болуына байланысты белгілі бір уақыт аралығын қамтыйды, алайда бұл процесстің негізгі уақыты 2 сағат. Кейін мәйіттің күлі арнайы ыдыстарға салынып қайта Қазақстанға жіберіледі. Күл салынған ыдысты үйінде сақтайтын адамдар да кездесіп жатады.
Біздің еліміз дамыған елдердің қатарына кірсе де өлім туралы ашық айтылмайды, тіпті қауіпті де. Сондықтан жерлеу бизнесі бізде жабық және көп қозғалмайды. Алайда, біздің көрші мемлекеттерімізде және шет мемлекеттерде жерлеу бизнесі жөнінде ашық әңгіме қозғала береді және қатты үрей туғызбайды. Олар тіпті көрме ұйымдастырып сонда тәжірибе алмасады, түрлі-түсті табыттар жасайды, қоңыр түстен бастап қызыл, көк, жасыл, алқызыл түсті табыттарға дейін бар. Сонымен қатар, жерлеу қызметімен айналысып қана қоймай жерлеу кезінде киілетін сәнді киімдер үлгісін жасап, қойылым ұйымдастырады. Себебі, мұңлы жағдайда да әйел адам әдемі көрінуі тиіс деп есептейді.
Шет мемлекеттердегі жерлеу қызметінің дамығаны сонша, тіпті испандық кәсіпкерлер онлайн жерлеу қызметін ұсынуда, яғни қайтыс болған тұлғаның жақын туыстары жерлеу барысын онлайн видеотрансляция арқылы көре алады.
Бұл ұсынысты білдіру себебі, Испанияның заңы бойынша қайтыс болған адамның денесін 48 сағаттан артық ұстауға тыйым салынған. Жақын туыстарының тұратын жерлеріне қарай рәсімге қатыса алмай қалып жатқандары өте көп. Сондықтан арнайы бағдарлама арқылы рәсімді тікелей көре алады. Ол үшін бұл қызметке тапсырыс берген марқұмның туысқандарына арнайы құпия сөздер таратылады, сол құпия сөздер арқылы желіге кіре алады.
АҚШ-та шағын жер серіктерін пайдаланатын ғарышқа жерлеу бизнесі қарқынды дамуда. Ғарышқа жерлеу процесінде мәйіт денесі өртеліп, зымыран тасығыш арқылы ғарышқа жеткізілу арқылы жүзеге асырылады. Соған сәйкес Американың венчурлік компаниялары Жапонияға жарнама беріп, сонымен қоса жерлеу бюроларынан әріптестер іздеген.
Осыған сәйкес Жапонияда мәйіттің күлін ғарышқа жіберуге ынталы адамдардың тізімі жасалған, себебі спутникке тек қана 100 адамның күлі салынған құмыра сияды. Бұл шағын жер серігі жерге жақын орбитада 1 жыл шамасында айналып жүріп, төменгі атмосфера қабатына енгенде құйрықты жұлдыз секілді жанып кетеді. Спутниктің қозғалысын смартфонға енгізілгген қосымша арқылы бақылап отыруға болады.
НАСА - ның бұрынғы қызметкері Space Elysium компаниясының директоры Тома Сивенің айтуына қарағанда, қызметті пайдалану үшін интернет сайты арқылы тапсырыс беру қажет. Кейін сол компания шағын алюминий капсула жібереді, оған мәйіттің күллін салып кері жіберу қажет. Бұл жерлеу қызметінің түрі 1990 доллар шамасында. АҚШ та жер серігі 2014 жылдың жаз мезгілінде ғарышқа сапар шеккен.
Біздің елімізде жоғарыда айтылған жерлеу түрлерін әзірге ұсынудың өзі орынсыз. Өйткені бізде жерлеу қарапайым түрде өтеді және әзірге ешқандай ақылы жерлеу қызметін көрсету туралы шарт жасалмайды.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы жерлеу қызметімен айналысатын агенттіктердің қызметін зерттеген болатынмын. Светоч - Актау жерлеу агенттігінің қызметкері Наталья Анатольевнаның айтуы бойынша азаматтар тек қана табыт, гүлдер мен тақтайшаларға тапсырыс беріп ақшасын қолма-қол төлеп кете береді. Біздің халқымыз мұсылмандыққа салынып жерлеу рәсімін тек қана жақын туыстары атқарады. Сондықтан олардың ішінен бұл процессті толығымен агенттіктерге немесе бюроларға тапсыратындар саны саусақпен санарлық дейді.
Ақтау қаласында орналасқан басқа да жерлеу агенттіктерінің берген ақапараты дәл осындай. Олар тек қана тапсырыспен табыттар, гүлдер, тақтайшалар жасап сатады. Мүмкін шет мемлекеттердегідей жағдайға жету үшін бізге әлі бірнеше жыл қажет болар. Өйткені халық санына, ондағы тұратын адамдардың дініне қатысты, халықтың өмір сүру деңгейіне қатысты жерлеу қызметі дамыйды деп есептейміз.
2015 жылғы статистика бойынша 20 - 40 пайыз шамасында адамдар Свеча - Актау агенттігіне жерлеу бойынша жүгінген.
Өмірден лайықты кету - әр адамның қасиетті парызы, бұны қорғап қалудың ең тиімді әдісі - өзіңнің жерлеу әдісіңді өзің басқару.
Өмір мәнді болу үшін - өлім жәйында ұмытпа - бұл бүкіл әлемге әйгілі қанатты сөз. Өмір сүріп жүрген әрбір адам өз уақыты келгенде о дүниеге аттанатынын біледі. Өмірдің соншалықты қысқа болуы жер шарындағы барлық құрлықтың тұрғындарын өздерінің өлімге деген дайындықтарын күшейте түскен. Дәл осылай Ресейде де жасаған. О дүниеге жандары аттанған соң тәндері қасиетті жерлерде тыныштық тапсын деген ниетпен атақты адамдар, дворяндар мен көпестер шіркеулер тұрғызған, кіші шіркеулер, сонымен қатар өздерінің жеке жерлерін ғибадатхана салу үшін арнаған жерлерінен бөлек ұстаған. Жоғарыда аталған дворяндар мен көпестер шіркеу мен ғибадатханалар салып, сол жерлерде қызмет атқаратын барлық адамдардың олар о дүниеге аттанғанда жерлеуге қажетті барлық іс - әрекеттерді жасап, дұға оқып, сиынатынын біле тұра, шіркеулер мен ғибадатханалардың одан әрі дамып - жетілуі үшін ақша салып отырған. Шаруалар болса өз өлімдерінің жақындап қалғанын сезсе, өз қолдарымен үйшік жасайтын болған, ертеде мұны табытты осылай деп атаған, ал әйелдер жағы болса, о дүниеге аттанғанда аспанда құдай алдында таза болуы үшін және түгелдей ақ түсті киімде болуы үшін өз қолдарымен әжесінің түйіншегі деп аталатын құралдар дайындап қоятын болған. Ата-аналары өз балаларына уақыты келгенде жерлеу рәсімін қалай және қай жерде өткізу керектігін айтып қатал міндеттеген. Әрине, ешкім жан тапсыруға асыққан жоқ, алайда, өз жерлеу рәсімін алдын-ала дайындап қою арқылы олар жан тыныштығын тауып, қанағаттанған, және де тапсырылып кеткен міндеттемені өзгертуге балаларының құқықтары жоқ болған.
Өз өлімдерін жоспарламайтын және ойламайтын тұлғалармен пікірталасқа түспеу үшін, мен ең алдымен осы тақырыптың тарихына назар аударып отырмын. Өлімнен қорқудың ешқандай әбестігі жоқ. Бақытымызға орай, өздерінің өлімдерін мойындамайтын адамдар соншалықты көп емес. Ғалымдардың сендіруі бойынша, олардың саны - 10-15% ғана. Бұл сөзім бүртүрлі естілседе өлімді мадақтайтын, құрметтейтін, бағалайтын халықтар да жоқ емес. Революция, репрессия, соғыстың көп болуы орыс халқының өлімге деген көзқарастарын түбегейлі өзгертті. Ұзақ уақыт бойы мемлекет халықты үрейлендіріп басқарып отырған, яғни, миллиондап өлтіріп, индустриалды түрде жерлеген - экскаваторлармен және бульдозерлармен, қарапайым кедей әрбір отбасыда өлім өмір сүргендей.
Қазір XXI ғасыр. 15 жыл бұрын қолдаушыларымның басын қосып, Сібір жәрмеңкесінің демеушілік қолдауымен, әлеуметтік қолдау қызметін құрып Новосибирсктегі дәрігерлер бас тартқан ең алғашқы ауыр жағдайдағы және күдер үзген ауру адамдарды қабылдайтын хоспис аштым. Бұл ешқандайда өнертабыс немесе жаңалық болған жоқ. Біз бар болғаны орыс халқының бұрынғы дәстүріне дем бердік десек те болады.
Өлімді мойындамайтын тұлғалардың ой - пікіріндегі қайшылық, бұл өмірлерінің алаңсыз және бейқам, мәңгі деп ойлауында, көп жағдайда өмірге келген сәбиге салтанатты мереке ұйымдастырып, бірақ, қарапайым және арзан сценариймен жақын адамдарын жерлеу немесе өзінің өмірден озу қамын мойындамау.
Сонымен, көзі тірісіндегі шарт дегеніміз не? Егер де қысқаша және сәл әсірелеп айтар болсақ, бұл біздің өмір сүруге арналған шарт. Бұл қайтыс болған адаммен қоштасудың және жерлеудің жан-жақты қырын қамтыйтын, сонымен қатар, әрбір бөлшектері айқындалған құжат. Шарттың нұсқалары өте көп. Жерлеудің сценариі тапсырыс берушінің өз қолымен өмірге көзқарасына, өмірлік құндылықтарына, өнерге махаббатына, діни сеніміне байланысты жазылады. Көзі тірісіндегі шартты адамдар өзіне, сонымен қоса жақын туыстарымен таныстарына қатысты жасай алады. Новосибирктегі әлеуметтік қорғау қызметінің мұрағатында көрші тұратын адамдардың, ұжымдағы бірге қызмет атқаратын тұлғалардың, сонымен қатар ауру адамдарға қатысты жасалған шарттар бар.
Шартқа қол қою барысында о дүниеге аттанған мәйіттің денесіне лайықты қарап, жерлеу рәсімдерінің дұрыс және оның қалағаны бойынша өткізілуге құжаттар рәсімделеді. Сонымен қатар, Новосибирсктегі фрунзе 671 мекенжайы бойынша орналасқан бұл жерге келе алмайтын тұлғаларға да жеңілдіктер қарастырылған, яғни мұнда үйге шақырып щартқа отыруға да мүмкіншілік бар. Телефон арқылы тәулік бойы кәсіби кеңестер алуға да бар жағдай жасалған, оғын қоса шартпен толық алдын-ала танысуға болады.
Әлеуметтік қызметтің бұл түрі қолайлы, тиімді мүмкіндерді аз ұсынып отырған жоқ. Өмірді сақтандырумен қазіргі таңда көптеген банктер, сақтандыру компаниялары айналысып жатады, алайда, ол жерлердегі осы қызмет түріне қатысты шектеулер өте көп кездесіп жатады. Ми қан айналысының бұзылуы, яғни инсульт, инфаркт, онкологиялық аурулар, Альцгеймер ауруына шалдыққандар және басқа да асқынған ауруларға щалдығып, емдеуге келмейтін, бас тартылған жағдайда қайтыс болған адамдарға қатысты сақтандыру қызметі бас тартылады. Банктерде және сақтандыру компанияларында шартқа отыру үшін белгілі бір жас шамасы белгіленген. Әлеуметтік қорғау қызметі шарты өз кезегінде ешқандай шектеу қоймайды, тіпті өмірі үшін аса қауіпті мамандық иелеріне де.
Бұл қызметтің бағасы тікелей тапсырыс берушінің өзіне байланысты, шындығына келер болсақ, мұнда белгіленген бір нақты сома жоқ. Шарттың бағасы көрсетілетін жерлеу қызметінің түрі мен тапсырыс берілген тауарлардың қосындысы арқылы шығарылады. Мысалы, егер тапсырыс беруші шартта денесін кремдеуді көрсеткен болса, онда Нововсибирсктегі алғашқы муниципалды крематоридің бағасы бекітілген, ол 6680 рубльді құрайды. Көзі тірісіндегі шарттың толықтай бағасын шығару үшін жоғарыда көрсетілген бағаға тағы табыттың бағасын, күлге арналған сауыт, катафалк, мәйіт денесімен қоштасуға дайындық, рәсімдер, еске алу тамақтарын, сонымен қатар, күлге арналған сауытты колумбарииге орналастыру немесе мазарға апарып қою бағасын есептеу кіреді.Тәжірибеге сүйенер болсақ, бұл қызметтер үшін шарттың бағасы әлі күнге дейін ешкімді қаражат жағынан қысылтып көрген емес. Оның негізгі бағасы 35 тен 50 мың аралығында. Бұл соманы біржыл ішінде бөліп төлеуге де мүмкіндіктер қарастырылған.
Ең маңыздысы тапсырыс берушімен жасалған шарттағы баға қандай жағдай болмасын өзгерістерге ұшырамайды, яғни инфляция немесе өзге де экономикалық құлдырауларға қатысты емес. Бұл дегеніміз қол қойылғаннан кейін қанша жыл өтседе шартқа отырған адамның туыстарына шартта көрсетілген қызметке қатысты ешқандай да үстеме ақы төлеуіне міндеттемейді. Бұған дәлел ретінде 8-10 жыл бұрын жасалған шарттардың ішінен 40% - ы ешқандай қиындықсыз және дәл әрі дұрыс орындалғанын айтқымыз келіп отыр.
Шартқа қол қою үшін қиындықтар, шектеулер, қауіптер кездеспейді. Тапсырыс берушінің өкілі немесе сенімді тұлғасы болып оның туысы немесе кез-келген жақын адамы болуы мүмкін. Ең бастысы сеніп тапсырылған орындаушысы тапсырыс берушінің қайтыс болғаны жөнінде әлеуметтік қорғау қызметіне уақытылы хабарлап, шартта көрсетілген қызметтің барлық түрінің дұрыс орындалып жатқанын бақылап, өзіне сеніп тапсырылған қызметті толық атқаруы қажет. Әрбір адам өзіне қатысты жерлеу қызметінің түрлерін еркін таңдауға құқылы, қаланың кез-келген мазарын немесе крематорииді, соған байланысты арнайы орынды таңдап, қалауы бойынша адам о дүниеге аттанып, жерленгеннен соң ұзақ жылдар бойы бейітіне күтім жұмыстарының жүргізілуін талап етіп, ақысын төлей алады.
Көзі тірісіндегі келісім - шарт бұл стандартты қызмет көрсетуге арналған формальді құжат қана емес, үйреншікті салт-жоралғылармен дәстүрлі ырымдарды қоса алғанда тапсырыс беруші өзінің жерлеу рәсіміне қатысты кез - келген ойын ашық білдіре алады, яғни жерлеу рәсімінің сценариін жасау, қоштасуға шақырылатын туыстары мен дос-жарандарының тізімін ұсына алады, көзі тірісінде қоштасуға келген жақындарына арнап аудио немесе видео үндеу жазу, алдын-ала қоштасу кезінде ойналатын өзінің сүйікті әуендерін, фильмге немесе өзі жәйында кітапқа да тапсырыс бере алады.
Ал енді өзіме келер болсақ, осыдан біраз уақыт бұрын менде жоғарыда аталған шартты жасасып қойғанмын, дәл осылай менің әпкем де жасаған болатын. Араға ұзақ уақыт салмай анамыз қайтыс болды, оның шартта көрсеткен барлық тілектері егжей-тегжейлі жасалды: табыттың бас жағында тұрғызылған қуыршаққа оның ордендері мен медальдары тағылған салтанатты көйлегі кигізілді, Офицерские жены деп аталатын оның сүйікті әні шырқалып тұрды.
Әрбір адамның өмір сүруге деген құқығы және өмірден лайықты түрде кетуге құқығы бар.
Көзі тірісіндегі шарт - тапсырыс берушінің жерлеу рәсіміне қатысты барлық ұсыныс, тілектерінің толық көлемде орындалуына кепіл болатын шарт. Менің алып қосарым, о дүниеге аттанардағы өзіне қамқорлық көрсетудің бұл түрі, ұзақ өмір сүргісі келетін тұлғаларға арналған. Көзі тірісіндегі шарт, бұл өлімді жақындату деген сөз емес. Осыдан біраз уақыт бұрын Австралия мен АҚШ ғалымдары бір-бірінен тәуелсіз түрде өз елдерінде өткізген кеңауқымды сауалнама негізінде және зерттеу нәтижесінде келесідей заңдылықты анықтаған болатын - көзі тірісіндегі жерлеу туралы шарт тапсырыс берушілердің шартты қандай жас шамасында жасағанына қарамастан олардың өмір сүру ұзақтығын 9-13 жылға ұзартады екен. Достық орденінің иегері, Тілектестік пен Жәрдем көрсету орденінің иегері, Тарихи, азаматтық және әскери естеліктер Қоғамының төрағасы, Новосибирсктегі әлеуметтік қорғау қызметінің төрағасы - Сергей Якушиннің Московский комсомолец газетіне 2014 жылдың желтоқсан айында берген сұхбаты бойынша дайындалған.
Новосибирсктегі әлеуметтік қорғау қызметі қазіргі уақытта тәжірибеде үлкен маңызға ие болғандай және тапсырыс берушілердің біршамасы бұл қызмет түріне бөтен елдің әдет-ғұрпы деп қарамайды.
Ресейдің алдын-ала жерлеу қызметі үшін келісім-шарт арқылы жасалатын қызметі Европа, Жапония, Америка елдеріне қарағанда тәжірибе жүзінде өте жас, бар болғаны - 9 жыл болды. Ең алғаш Ресейде жерлеу бизнесін бір жолға қойып, дамытқан, сұранысқа ие болғызған қалалардың бірі ол - Новосибирск болатын. Жерлеу қызметін көрсету үшін алдын-ала шарт жасасу мұнда 2003 жылы пайда болған.
Көзі тірісіндегі шартты жасасудың ерекшелігі, ол кәдімгі тапсырыс түрі, алайда мұнда қайтыс болғаны жөніндегі анықтаманың қажеті болмайды. Тағы бір ерекшелігі жерлеу рәсімінің өткізілуін дәл адам қайтыс болғанда емес, алдын-ала барлық нюанстарын ақылдасу. Өйткені, жақын туысы қайтыс болған адамның өзі қатты күйзеліс жағдайында болып, қоштасу рәсімінің толық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz